Экономикалық дағдарыс



Кіріспе
Экономикалық дағдарыс
Қаржылық дағдарысты ауыздықтаудың қазақстандық моделі экономика дағдарыс
Әлемде азық.түлік дағдарысы
Қорытынды
Бүкіл дүниежүзі қаржы сарапшыларының аузынан алуан түрлі пікір шығарған Дүниежүзілік валюта қорының 2008 жылға болжамы жарияланды. Онда былай делінген: АҚШ және Еуроаймақ елдерінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 2 пайыздан аспайды. Дүниежүзіндегі экономикалық өсім негізінен Қытай, Үндістан, Ресей және Орталық, Шығыс Азиядағы дамушы елдердің өсімі есебінен қамтамасыз етіледі. Ол 3,4 пайыздың көлемінде болуы мүмкін. Доллар құнсыздануын жалғастырады. Мұнай бағасы қымбаттай береді. АҚШ және Еуроаймақ елдерінде инфляция ішкі жалпы өнімнің өсімінен көп болады. Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің өсімі 8,7 пайыз емес, 7,8 пайыз көлемінен айналады.
Жасыратыны жоқ, әлемдік астық бағасының өсуі бір жағынан Қазақстанға тиімді де.Өйткені астық, мұнай, металл, газ секілді ең негізгі тауар түріне қосылды. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның болашағы бақуатты. Атап айтқанда биыл еліміз 22 млн.тонна астық жинап, әлемдегі астық экспорттаушы негізгі елдердің ондығына кіреді. Демек, астық өзімізге молынан жетеді.Мысалы, биыл « Азық-түлік келісім шарт» корпорациясы 6 мыңдай шаруашылықтан астықтың сапасына қарай тоннасына 225-240 доллардан жаңарту үшін мемлекеттік қорға 16 қарашаға дейін 345 мың тонна, коммерциялық есепте 542 мың тонна сатып алыныпты. Сондай-ақ еліміз биыл алыс-жақын 44 шет елге 1,2 млн тоннаның астығын шығарыпты. Алдағы уақытта бізге астыққа сұраныс беретін елдер қатары бұдан да көбейе түсері анық. Оның үстіне халықаралық сарапшылардың болжауынша, алдағы 3 жылда биожанармайға деген сұраныс 170 пайызға өседі екен. Бұл да Қазақстанның әлеуетін арттыра түседі.Себебі қазір Қазақстан биоэтанол өндіруді мықтап қолға алып жатыр. Тіпті 2010 жылдары еліміз 1 млрд литрге дейін биоотын өндіруді жоспарлап отыр. Демек, Қазақстанның ендігі уақытта астық өндіру арқылы бақуатты елдер қатарынан жайғасып тұрып орын алуы әбден мүмкін.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
К і р і с п е

Бүкіл дүниежүзі қаржы сарапшыларының аузынан алуан түрлі пікір
шығарған Дүниежүзілік валюта қорының 2008 жылға болжамы жарияланды. Онда
былай делінген: АҚШ және Еуроаймақ елдерінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 2
пайыздан аспайды. Дүниежүзіндегі экономикалық өсім негізінен Қытай,
Үндістан, Ресей және Орталық, Шығыс Азиядағы дамушы елдердің өсімі есебінен
қамтамасыз етіледі. Ол 3,4 пайыздың көлемінде болуы мүмкін. Доллар
құнсыздануын жалғастырады. Мұнай бағасы қымбаттай береді. АҚШ және
Еуроаймақ елдерінде инфляция ішкі жалпы өнімнің өсімінен көп болады.
Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің өсімі 8,7 пайыз емес, 7,8 пайыз көлемінен
айналады.
Жасыратыны жоқ, әлемдік астық бағасының өсуі бір жағынан Қазақстанға
тиімді де.Өйткені астық, мұнай, металл, газ секілді ең негізгі тауар
түріне қосылды. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның болашағы бақуатты. Атап
айтқанда биыл еліміз 22 млн.тонна астық жинап, әлемдегі астық экспорттаушы
негізгі елдердің ондығына кіреді. Демек, астық өзімізге молынан
жетеді.Мысалы, биыл Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 6 мыңдай
шаруашылықтан астықтың сапасына қарай тоннасына 225-240 доллардан жаңарту
үшін мемлекеттік қорға 16 қарашаға дейін 345 мың тонна, коммерциялық
есепте 542 мың тонна сатып алыныпты. Сондай-ақ еліміз биыл алыс-жақын 44
шет елге 1,2 млн тоннаның астығын шығарыпты. Алдағы уақытта бізге астыққа
сұраныс беретін елдер қатары бұдан да көбейе түсері анық. Оның үстіне
халықаралық сарапшылардың болжауынша, алдағы 3 жылда биожанармайға деген
сұраныс 170 пайызға өседі екен. Бұл да Қазақстанның әлеуетін арттыра
түседі.Себебі қазір Қазақстан биоэтанол өндіруді мықтап қолға алып жатыр.
Тіпті 2010 жылдары еліміз 1 млрд литрге дейін биоотын өндіруді жоспарлап
отыр. Демек, Қазақстанның ендігі уақытта астық өндіру арқылы бақуатты
елдер қатарынан жайғасып тұрып орын алуы әбден мүмкін.

Экономикалық дағдарыс
Қаржылық дағдарысты ауыздықтаудың қазақстандық моделі экономика дағдарыс
Қаржы дағдарысы әлемді әбігерге салып қойды. Кәрі құрылық пен АҚШ одан
шығудың жолдарын іздеп жанталасып жатыр. Жаһандық экономикада жетекші рөл
ойнайтын АҚШ тәрізді алпауыт елдің экономикасы соңғы 50 жылдағы “ұлы
құлдырауды” бастан кешуде. 2008 жылдың ІV тоқсанының қорытындылары бойынша
ІЖӨ-нің төмендеуі 1,2 пайызды құрады деп хабарлады 56 ірі тәуелсіз
экономистердің сауалнамасына негізделген болжамында АҚШ-тың қаржылық
топтарындағы ең ықпалды басылымдардың бірі “Wall Stret Journal”. Ресейдің
“РИА Новости” агенттігінің хабарлауынша, жыл басынан бері АҚШ-тың 13 банкі
құрдымға кеткен. Бұл жағымсыз үдеріс жалғасуда. Елдің қаржы рыногы екі
аяғынан жүре алмай қалған мүгедек адамның кейпінде. Несиелік дағдарысқа
ұласқан соңғы жарты ғасырдағы америкалықтардың экономикасындағы “ұлы апат”
өнеркәсіптік секторды оңдырмай тұралатты дейді сарапшылар. Ал елдегі
жұмыссыздықтың 6,8 пайызға дейін өсуі соңғы 12 айда әр ай сайын 72 мың
адамның жұмыс орнын жоғалтуына алып бармақ.
Қаржылық дағдарысты қалт жібермей бақылап отырған орыс сарапшыларының
айтуынша, АҚШ та, Еуропа да апатты жағдаймен күресудің жалғыз жолын таңдады
ол мемлекет тарапынан көмек көрсету және тұралаған қаржы компанияларын
мемлекет меншігіне алу. Онда да үрейге бой алдырған елдер өз қалауымен
қимылдап, қаржылық жүйелерін қолдауға қыруар ақша бөліп жатыр. Мысалы,
Ұлыбритания үкіметі әлсіреген банктерін мемлекет бақылауына алуға 50 млрд.
фунт стерлинг, Ресей отандық банк жүйесін қолдауға мемлекет бюджетінен 1
триллион рубль бөлді. Онымен қоса, ресейлік ірі-ірі банктер мен компаниялар
5 жылға тағы да 950 млрд. рубль алмақшы.
Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың ипотекалық рыногындағы дағдарыстан басталған
жаһандық дағдарыстың бір ерекшелігі – ол көптеген елдердің банк
секторындағы сенімсіздікті ұлғайтты. Тіпті, ипотекалық дағдарысқа ұрынбаған
америкалық банктердің өзі “сақтықта қорлық жоқ” деген саясат ұстанып,
өздерінің экономикасын несиелендіруге ниеттенер емес.
Мұндай ахуалды байқаған еуропалық банктер де ресейлік компанияларды
қаржыландырудан бас тартуда. Онымен қоса, несиелік сенімнің дағдарысы
әлемдік қор рыноктарындағы құлдырауды одан әрі ушықтырып отыр. Өйткені,
банкротқа ұшырағандардың көбісі бағалы қағазды кепілге қою арқылы несие
алғандар. Ал шығынға бөккен банктерде қалған олардың бағалы қағаздары
бірнеше есеге құнсызданып кетті.
Мұндай жағдайда ірі-ірі экономикалық державалардың өз банк жүйелеріне көп
миллиондап (Ресейде тіпті — триллиондап) қаржы құюы әзірше күткендей нәтиже
бермей отыр. Қаржылық сенімсіздік дағдарысының белең алғаны соншалық, ірі-
ірі қаржы институттары ұсақ банктерге несие беруге асықпаса, ұсақ банктер
де өз кезегінде бизнесті қайта қаржыландыруға құлықсыз. Бұл құбылыс
жекелеген адамдарға да зардабын тигізуде. Мәселен, ірі ресейлік банктердің
өзі не пайыздық мөлшерлемелерін көтеруде, не ипотекалық несие беруді
шектеуде.
Адамзат баласы үшін бір анық нәрсе – бұл ХХІ ғасырдың ең үлкен, ең күрделі
дағдарысы. Жаһандық қаржылық дағдарыстан кейін, экономикалық орта өзгереді.
Ең бастысы, қаржы дағдарысы халықаралық экономикалық жүйені өзгертеді.
Өйткені, әлемге әйгілі Уолл-Стриттегі айтып келмеген апаттан млрд. түгілі
трлн.-даған долларлар “күйіп” кетті. 7 қазанда Халықаралық валюта қоры
қаржы дағдарысынан жаһандық экономиканың 1,4 трлн. доллар шығын шеккенін,
бұл көрсеткіштің одан әрі өсе түсетінін хабарлады. Халықаралық ұйымның
әлемдік рыноктар жөніндегі тоқсандық есебінде дамыған елдер мен дамушы
елдердің экономикасындағы өсімнің тежелуі көрсетілген. Түптеп келгенде,
әлемдік экономика бірнеше триллиондап шығынға бөкті. Бірақ, мәселе шығында
ғана емес. Бұл дағдарыс саяси сахнаға да айтарлықтай “салқынын” тигізері
сөзсіз. Дүниені қайтадан бөлісу басталады. Себебі, жаһандық экономикалық
дағдарыс басқа бірнеше дағдарыстарды туғызуда: қаржы дағдарысы,
энергетикалық дағдарыс, азық-түлік дағдарысы. Мұндай дағдарыстардың
нәтижесі тек Қап тауындағы жанжал ғана емес, бұл екі әлем: Батыс пен
Шығыстың “қырғиқабақ соғысына” алып баруы да мүмкін.

Мысалы, саясаттанушылардың пікірінше, дүниені дүрліктіріп тұрған дағдарысты
Иран ұтымды пайдаланып, олар тәліптерді тағы Ауғанстанға айдап салуы
мүмкін. Биылғы жазда Иранның президенті Ахмадинежад Батыс елдерін ғаламдық
азық-түлік дағдарысын әдейі ұйымдастырып отыр деп кінәлады. Екінші жарты
шардағы мұндай “сілкіністер” жаһандық экономикалық дамудың жаңа діңгегі –
Қытайдың ерекше күш алуына жол ашады. Алайда, аспанасты елінің қаржылық
дағдарысқа қарамастан алапат жылдамдықпен өркендеп бара жатқаны айдан анық.
Бұл дағдарыс Мәскеу мен Вашингтонның жайшылықта “тісі бата бермейтін”
Еуропаның беделі мен ықпалының өсуіне жағдай туғызуы мүмкін дейді кейбір
сарапшылар.
Ұлы дағдарыстан кәрі құрлықтың қор рыноктары да орасан зор зиян шегуде.
Мұнай мен металл бағасының арзандап кетуінен шикізаттық компаниялардың
акциялары да құнсызданып жатыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 10
қазанда несие рыногындағы дағдарыстың және экономикалық тоқыраудың әсерінен
әлемдегі беделді деген қор индекстерінің барлығы құлдырады. Мәселен,
ағылшынның FTSE 100 8,85 пайызға, немістің DAX Xetra 30 7,01 пайызға,
француздың САС 40 7,73 пайызға, ал кәрі құрлыққа ортақ Dow Jones Stoxx 600
7,51 пайызға құнсызданды. Ал бізде ше? 9 қазандағы мәлімет бойынша,
Темірбанктің (22,4 пайызға), Центркредитбанктің (20,2 пайызға),
Қазкоммерцбанктің (17,4 пайызға), Kazakhmys Pls (15 пайызға), “Қазмұнайгаз”
өндіру барлау” АҚ-тың (13 пайызға), БТА банктің (8,8 пайызға), Халық
банкінің (4,6 пайызға), сондай-ақ “Қазақтелеком” АҚ-тың жай акцияларының
бағасы төмендеді. KASE қазақстандық қор биржасының индексі өткен аптада
12,1 пайызға құлдырады. KASE-нің вице-президенті Андрей Цалюктің айтуынша,
қор рыногындағы құлдырауға батыс елдері рыногындағы жағымсыз ахуал әсер
етуде.
Қаржы дағдарысының соққысын Қазақстан бірінші болып қабылдады. Ал бүгінгі
таңда АҚШ, Ресей, Украина сияқты елдер жасап жатқан әрекеттер біздің
дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарымыздың дұрыстығын дәлелдеуде.
Мысалы, әлемдегі дамыған елдер тобына кіретін Ресей тура Қазақстанның
жолымен тұралаған құрылысты қолдап, үй салған инвесторлардың пәтерлерін
сатып алып, оны әлеуметтік бағдарламаларға пайдалануға шешім
(“РИА Новости”) қабылдағанын Мәскеудің қаржы департаменті жетекшісінің
көмекшісі Дмитрий Филюшкин мәлімдеді. Украина қазақ әріптестерінің
үлгісімен тұрақтандыру қорларын құруды қарастырып жатыр. Жоғарғы Раданың
банкілік және қаржылық қызмет жөніндегі комитетінің төрағасы, халық
депутаты Николай Азаровтың пікірінше, мемлекеттік деңгейдегі мұндай
кепілдік банк салымшыларының пессимистік көңіл-күйін сейілтеді.
Сонымен қатар, “Азаттық радиосы” хабарлағандай, Қазақстанның экономикалық
дамуына қатысты болжам айтқан Халықаралық валюта қоры Орталық Азиядағы ең
ірі экономика болып есептелетін Қазақстанның болашағы тартымды дегенді
жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Олардың бағалауынша, әлемдік қаржы
рыноктарындағы жағдай Қазақстан экономикасына да әсер етіп отыр және мұнай
мен шикізат бағасының төмендеп кетуінен елдегі ІЖӨ көрсеткіші бәсеңдеуі
мүмкін. Әйтсе де мемлекет құрған тұрақтандыру қорлары банктердің
капиталдануын күшейтіп, оларға қолдау көрсетеді. “Тұтастай алғанда, біз
алдағы жыл Қазақстанға оңай соқпайтынын түсініп отырмыз, бірақ орта
мерзімдік көрсеткіште жағдай айтарлықтай өзгермейді” деп мәлімдеді ХВҚ-ның
Қазақстандағы миссиясының басшысы Тим Таллен “Рейтер” агенттігіне берген
сұхбатында.
Медицинада әртүрлі аурудың деңгейіне қатысты айтылатын “жұқпалы” деген
термин бар. Медицина тілімен айтқанда, қазіргі кезде жаһандық рынокты
дағдарыс эпидемиясы жайлады. Ал дүние жүзін шырмаған осы эпидемияға қарсы
Қазақстанның экономикасы дер уақытында “егілді”. Елбасының стратегиясы мен
Үкіметтің нақты іс-әрекеттерінің нәтижесінде “егілген” экономикамыз
“жұқпалы дағдарысты” бастан өткеруде мықтылық танытты. Парламентте
депутаттардың алдында сөз сөйлеген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: “Қазақстан
ғаламдық қаржы дағдарысының бірінші кезеңінен сәтті шықты. Біз дер кезінде
әрекет жасадық”, деп мәлімдеді.

Яғни, Премьер атап айтқандай, ғаламдық дағдарыс ел экономикасына
айтарлықтай қауіп төндірмейді. Себебі, біздің билік қол қусырып отырған
жоқ. Ең бастысы, әлемдегі жалпы ахуалдың шиеленісуі жағдайында қандай іс-
әрекеттер жасау қажеттігін біледі.
Иә, жаһандық дағдарыс Қазақстанның ұлттық экономикасына әсер етті. Оның
әсері бізге келген жоқ дей алмаймыз. Алайда, Мемлекет басшысынан нақтылы
тапсырмалар алған кәсіби Үкімет бұл дағдарысқа дайын екенін дәлелдеді.
Сөзіміз жалаң болмас үшін айта кетелік, Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық дамуындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған бірінші
кезектегі іс-шаралар жоспары жасалды. Ең алдымен қаржы дағдарысынан барынша
зардап шеккен үш салаға – шағын бизнес, үлескерлер және ауыл шаруашылығына
қомақты қаржылай қолдау көрсетілді. Үкіметтің индустриалды-инновациялық
бөлімінен алынған мәліметтер бойынша, 2008 жылы республикалық бюджеттен
шағын және орта бизнесті қолдауға 78 млрд. теңге, соның ішінде Астана мен
Алматы қалаларындағы үлестік құрылыс нысандарын аяқтауға 114,46 млрд. теңге
бөлінді. Соның ішінде Астана әкімдігіне бөлінген 41 млрд. және 17,2 млрд.
теңгенің 14,5 млрд., яғни, 35,3 пайызы игерілген. “Жаңа құрылыс” ЖШС бас
қаладағы тұралап қалған 24 нысанның 19-ының құрылысын аяқтамақ. Шағын және
орта бизнес жобаларын одан әрі тұрақты несиелеуді жүзеге асыру мақсатымен
“Қазына” ОДҚ” АҚ екінші деңгейдегі 7 банктің несие қоржынына 48,8 млрд.
теңге салды. Ал ол банктер бұл қаржыны толық игеріп, шағын бизнес
субъектілеріне қатысты 2 238 жобаны қаржыландырды. Ең бастысы, Үкімет
әкімшілік кедергілерді азайту, шектен тыс және қажетсіз бюрократиялық
рәсімдерді жою бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Онымен қоса, “Даму”
бағдарламасы арқылы шағын бизнесті қолдауға жалпы көлемі 23 230 млрд.
теңге, 2008 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға (АӨК) – 74,8 млрд. теңге
бөлінді. “Қазына” ОДҚ” АҚ биылғы мамыр айында АӨК-тің басым салаларын
қаржыландыруға 24,4 млрд. теңге бөлді. Бұл қаржы қазіргі кезде ақ қант,
сұйық майдың түрлерін, сүт және етті өндіруге және қайта өңдеуге жұмсалуда.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 2008
жылы Үкімет резервінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне 33,6 млрд.-тан астам
теңге бөлініпті. Онымен қоса, биылғы бюджетті нақтылауда “ҚазАгро” ұлттық
холдингіне 12,8 млрд. теңге қаржы қарастырылған.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Үкіметінің негізгі
саясатының бірі болып отыр. Соңғы кездері АӨК-ті дамытуға бағытталған
бірнеше іс-шаралар іске асты. Жаһандық рынокта азық-түліктің күрт
қымбаттауына байланысты Қазақстанда жетіспейтін өнімдер шығаруды қолға
алдық. Атап айтқанда, негізгі азық-түлік түрлерінің (бидай, сұйық май,
қант, ет, құрғақ сүт) тұрақтандыру қорлары құрылды, елден астық, күріш,
сұйық май, құрғақ сүт, сары май, рапс және күнбағыс майы дақылдарын
шығаруға тыйым салынды, ақ қантты импорттауға квота енгізілді, әлеуметтік
маңызы зор азық-түлік тауарларына (шұжық өнімдері, балық, сүт пен қаймақ,
сары май, ірімшік, картоп, жеміс-жидектер, бақша дақылдары, маргарин майы)
импорттық бажды төмендеттік немесе толық алып тастадық, ішкі рынокқа тамақ
өнімдерін (бидай, ұн, сұйық май, қант) тұрақты жеткізіп тұру үшін негізгі
өнім өндірушілермен меморандум жасалды. Ал, нәтиже қандай? Нәтиже мынадай:
2008 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі ақпар бойынша, мемлекеттік ресурстар
қорына 288,6 мың тонна астық сатып алынды, биылғы орылған астықтан
мемлекеттік тұрақтандыру қорына 600 мың тонна, мемрезервке 400 мың тонна
бидай жинаймыз. 2 481,0 мың тонна сиыр еті сатып алынған, жыл аяғына дейін
1000 тоннаға дейін ет сатып алу көзделіп отыр. Бүгінге дейін 2045 тонна
құрғақ сүт қорын жасақтадық, жыл соңына дейін 579 тоннаға жуық құрғақ сүт
сатып алынып, оның 500 тоннасын қараша-желтоқсанда ішкі рынокқа жұмсау
жоспарланған.
Біздің экономикамыздың “денсаулығының” бір белгісі – профицитті бюджет.
Қаржы министрлігінен алынған деректер бойынша, 2008 жылдың 9 айында
мемлекеттік бюджетке түскен табыстар 2 523 825,1 теңгені құраған, яғни,
100,3 пайызға орындалған. Ғаламдық дағдарыстың бірінші кезеңінен өткен
Қазақстан қазір стратегиялық реформаларын одан әрі жалғастыруда. Бюджеттік
реформа, салық реформасы талқыға салынып, қабылдану кезеңіне жетті. Түптеп
келгенде, мұның барлығы ертеңгі күннің қамы, өзгелерден қалмай дамудың
қамы.

Қазақстандағы экономиканың Президенттік моделі – қазіргі заманғы
талаптарға жауап бере алатын модель екенін дәлелдеді. Мұндай модель
ғаламдық дағдарыстың шырмауығына шырмалған әлемнің көп елдеріне тұрақтылық
моделі ретінде үлгі болғаны рас.
Жаһандық экономиканы дағдарыс елесі кезіп жүр. Барлық ұлттық мемлекеттер
үлкен қиындықтарды бастан кешуде. Олар бұл қиындықтардан тек “бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығару” арқылы ғана шығуға болатынын түсінді. Бүгінде
дағдарысқа қарсы күллі ғалам бірігуде. Ресейдің “РИА Новости” агенттігі
хабарлағандай, 10 қазанда Вашингтонда “Үлкен жетілік” (Жапония, Германия,
Франция, Италия, Канада, Ұлыбритания және АҚШ) мемлекеттерінің қаржы
министрлері ғаламдық дағдарысқа қарсы бірлескен шаралар жоспарын қабылдады.
Олардың мәлімдеуінше, әр мемлекеттің өмір сүруіне ауадай қажет қаржы
институттарын дағдарыстан құтқару үшін кез келген қолда бар құралдарды
қолдану қажет.
Иә, қазір әлемдегі ахуал шиеленісіп барады. Оған дәлел: қазандағы қор
рыноктарындағы құлдырау, “Үлкен жетілік” елдерінің бірлескен жоспары. Қаржы
әлеміндегі дағдарыстың екінші кезеңі жаңа қауіп түрлерін туғызуда. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Қаржылық дағдарыстың жағдайы және экономикаға оның әсері
Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
Экономикалық дағдарыс себептері
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Экономикадағы дағдарыс жағдайы және экономикаға оның әсері
Пәндер