Араб тілінің қазақ тіліне әсері



Негізгі бөлім
І. Араб тілінің қазақ тіліне әсері туралы.
ІІ. Араб.парсы сөздерінің қазақ тіліне лексикалық тұрғыдан сіңісіп қалыптасуы.

Қорытынды.
Адам қоғамының ең негізгі қатына құралы болып табылатын тілдің талай-талай тарихи кезеңдерді басынан кешірген мәлім. Өйткені адамның санасы секілді тілдің өзі көне, әрі мейлінше көп саналы құбылыс халықтың белгілі бір тарихи дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмір тіршілігі, өзге елдерден қарым-қатынасы, әдет-ғұрпы ең алдымен оның тілінен, сөз мағынасынан айқынырақ сезіліп тұрады. Халықтың тарихындағы сан қилы факторлардың тілге тигізер әсері де әр түрлі болып келді.
Қоғам өміріндегі оқиғалартілдің морфологиялық синтаксистік, фонетикалық салаларында жанамалап барып ықпал етсе тілдің лексикалық саласына халықтардың тілдеріндегі секілді, өзге тілдердің қазақ тіліне тигізген ықпалы да аз болған емес. Халқымыздың сан ғасырлық өмір жолы, тар жол тайғақ кешулері әсіресе ана тіліміздің сөз қазынасы – лексика саласына айқын сезіліп тұрады. Өйткені басқа тілдер сияқты қазақ тілі де халқымыздың көне тарихымен бірге жасасып келді.
Қазақ тіліне басқа тілдердің тигізген әсерін ауызға сиғанда ең алдымен тарихи факторларға көбірек анзар аудару қажет.
Қазіргі қазақ тілнің сөдік қорында түбірлес (түркі) тілдердегі ортақ сөздер араб-парсы, монғол тілдерінен келіп қосылған сөздерде орыс-грек, латын тағы басқа тілдерден ауысқан элементтер де көптеп кездеседі. Осы тұрғыдан қарағанда орыс халқы тілінің қазақ тіліне игілікті әсері айрықша күшті болды. Орыс халқымен арадағы достық әсері Ұлы Октябрьден кейінгі туысқандық қарым-қатынастар біздің сөздік қорымызды, лексикамызды, соны сөздермен, атаулармен, фразалық тіркестермен, терминдермен толықтыра түсті, мазмұны бой, түрі мейлінше көркем орыс әдеби тілі арқылы тілімізге жаңадан енген сөздердің әлеуметтік мәні зор болып отыр. Қазіргі кезеңде қазақ тіліндегі қоғамдық қызметі мен қолдану өрісі барынша кеңейіп ұлғая түсті. Қазақ тілі осылайша кемелденіп оның қолдану өрісі барынша ұлғайып, сөздігі байып отырған шақта ана тіліміздің басқа тілдермен ежелден енген сөздердің қазақ тілінен алатын орнын мұндай элементтердің «мағыналық, фонетикалық өзгерістерге ұшырау жолдарын, сондай-ақ кірле сөздердің лексикалық, синтетикалық, грамматикалық және этинологиялық, мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, анықтаудың маңызы айрықша зор болып отыр. Өйткені тілдік құбылыстардың бүгінгі жайын білу үшін, ең алдымен оның өткендігі күйін білу қажет; себебі мұндай көне мәліметтер жаңадан өмірге ене бастаған тілдік құбылыстарды элементтерді анықтауды қажет етеді. Бұл ретте әсіресе қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы сөзлерін бүгінгі тіл білімі тұрғысынан зерттеп шығу мәселесі айрықша назар аударады. Өйткені қазақ тілінің сөздік құрамында ерте кезден-ақ әбден сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері көп. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөдерінің лексикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған келесі ғылыми еңбек бүгін-соңды жоралаған емес.
1. Рустенов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері.
2. Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік.
3. Абай Құнанбаев Өлеңдермен аудармалар. Поэмалар қара сөздер 1-2 том.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Араб тілінің қазақ тіліне әсері

Кіріспе

Негізгі бөлім
І. Араб тілінің қазақ тіліне әсері туралы.
ІІ. Араб-парсы сөздерінің қазақ тіліне лексикалық тұрғыдан
сіңісіп қалыптасуы.

Қорытынды.

Жалпы сипаттама

Адам қоғамының ең негізгі қатына құралы болып табылатын тілдің
талай-талай тарихи кезеңдерді басынан кешірген мәлім. Өйткені
адамның санасы секілді тілдің өзі көне, әрі мейлінше көп саналы
құбылыс халықтың белгілі бір тарихи дәуірдегі экономикалық,
әлеуметтік, саяси, мәдени өмір тіршілігі, өзге елдерден қарым-
қатынасы, әдет-ғұрпы ең алдымен оның тілінен, сөз мағынасынан
айқынырақ сезіліп тұрады. Халықтың тарихындағы сан қилы
факторлардың тілге тигізер әсері де әр түрлі болып келді.
Қоғам өміріндегі оқиғалартілдің морфологиялық синтаксистік,
фонетикалық салаларында жанамалап барып ықпал етсе тілдің
лексикалық саласына халықтардың тілдеріндегі секілді, өзге тілдердің
қазақ тіліне тигізген ықпалы да аз болған емес. Халқымыздың сан
ғасырлық өмір жолы, тар жол тайғақ кешулері әсіресе ана тіліміздің
сөз қазынасы – лексика саласына айқын сезіліп тұрады. Өйткені басқа
тілдер сияқты қазақ тілі де халқымыздың көне тарихымен бірге
жасасып келді.
Қазақ тіліне басқа тілдердің тигізген әсерін ауызға сиғанда ең
алдымен тарихи факторларға көбірек анзар аудару қажет.
Қазіргі қазақ тілнің сөдік қорында түбірлес (түркі) тілдердегі
ортақ сөздер араб-парсы, монғол тілдерінен келіп қосылған сөздерде
орыс-грек, латын тағы басқа тілдерден ауысқан элементтер де
көптеп кездеседі. Осы тұрғыдан қарағанда орыс халқы тілінің қазақ
тіліне игілікті әсері айрықша күшті болды. Орыс халқымен арадағы
достық әсері Ұлы Октябрьден кейінгі туысқандық қарым-қатынастар
біздің сөздік қорымызды, лексикамызды, соны сөздермен, атаулармен,
фразалық тіркестермен, терминдермен толықтыра түсті, мазмұны бой,
түрі мейлінше көркем орыс әдеби тілі арқылы тілімізге жаңадан
енген сөздердің әлеуметтік мәні зор болып отыр. Қазіргі кезеңде
қазақ тіліндегі қоғамдық қызметі мен қолдану өрісі барынша кеңейіп
ұлғая түсті. Қазақ тілі осылайша кемелденіп оның қолдану өрісі
барынша ұлғайып, сөздігі байып отырған шақта ана тіліміздің
басқа тілдермен ежелден енген сөздердің қазақ тілінен алатын
орнын мұндай элементтердің мағыналық, фонетикалық өзгерістерге
ұшырау жолдарын, сондай-ақ кірле сөздердің лексикалық, синтетикалық,
грамматикалық және этинологиялық, мәселелерін ғылыми тұрғыдан
зерттеп, анықтаудың маңызы айрықша зор болып отыр. Өйткені тілдік
құбылыстардың бүгінгі жайын білу үшін, ең алдымен оның өткендігі
күйін білу қажет; себебі мұндай көне мәліметтер жаңадан өмірге ене
бастаған тілдік құбылыстарды элементтерді анықтауды қажет етеді.
Бұл ретте әсіресе қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы сөзлерін
бүгінгі тіл білімі тұрғысынан зерттеп шығу мәселесі айрықша
назар аударады. Өйткені қазақ тілінің сөздік құрамында ерте
кезден-ақ әбден сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері көп. Қазақ
тіліндегі араб-парсы сөдерінің лексикалық, фонетикалық және
грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған келесі ғылыми еңбек
бүгін-соңды жоралаған емес. Араб-парсы тілдері әсіресе түркі
тілдерінің даму тарихында айтарлықтай қызмет атқарғанын кезінде
бірқатар көрнекті шығыстанушы ғалымдар ашып көрсеткен болатын.
Орта және Таяу Шығыс халықтарының тіл жағынан дамуында
классикалық араб тілі едәуір роль атқарды. Әсіресе Арабтардың
жаулап алуымен ислас дінін таратуға байанысты бұл тілдің
қызметін атқарды. Басқаша айтқанда Батыс Европа халықтарыны үшін
латын тілі қандай роль атқарса, араб тілі де Орта және Таяу
Шығыс халықтары (тіл жағынан дамуында классикалық араб тлі едәуір
роль атқарды) үшін сондай қызмет етті деуге болады. Бұл
халықтардың тіліне әсіресе лексика саласында араб тілі орасан зор
ықпал етті. Тап осы күнге дейінгі түрік, парсы, ауған тағы басқа
кйбір тілдердің сөздік құрамында араб сөздері көп қолданылып
келеді.
Нақ осындай пікірді Н.К.Дмитривте айтқан еді: араб тілінің түркі
тілдермен арақатынасы бұл сөздің мағынасында тілдердің әдеттегі
өзара ықпал етуі шеңберінен шығып кетеді. Мұнда біз түркі
тілдерініі байырғы сөздігіне сырттай ғана қат-қабат қосылып жатқан
араб лексикасын емес, қайта одан да гөрі терең, әрі мейлінше
табиғи процесті көріп отырамыз. Араб элементтері тұтас бірқатар
түркі тілдері үшін нәр алатын томырлардың бірі болып табылады.
Ұлы Абай туындыларында да араб парсы элементтері жиі ұырайтыны
бараға мәлім. Бұл жөнінде белгілі тіл маманы Қазақ ССР Ғылым
академиясының коррреспондент – мүшесі А.Ысқақов былай деп жазады.
Абай шығармаларында ақын өмір сүрген кездердегі, одан бұрынғы
және кейінгі замандарда, қазақ тіліне еніп, етене болып, әбде
сіңісіп кеткен қарапайым сөздер мен кітаби сөздерден басқа,
негізгі сөздік қордан, орын тебе алмаған, тек арабша, парсыша оқып
түсіне алатын адамдардың лексикаларында ғана ұшырасатын араб және
парсы сөздері кездеседі. Араб тілінің кезінде Шығыс халықтары
тіліне тигізген әсері мол болғаны рас. Алайда бұл тілдік құбылысты
сыңар жақты процесс ретінде түсінуге болмайды. Түркі тілдес
халықтардың тілі де өз кезіндегі араб және парсы әдеби тілдеріне
едәуір ықпал еткені тарихи деректерден жақсы мәлім. Рас Орта Азия
мен Қазақстан жерінен шыққан орта ғасырдың ұлы ғалымдары Әбу Насыр
әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сино, Әбу Райхан әл-Беруни, сондай-ақ әл-
Жухари, әл-Түркістани, әл-Отрари тағы басқалар белгілі тарихи
себептерге байланысты өз еңбектерін негізінен араб тілінд жазады.
Бұл араб ғылымы мен мәдениетінің ғана емес араб әдеби тілінің де
дами түсуіне, ғылыми терминологиясының қалыптасуы зор әсер етті.
Әйтсе де әртүрлі тілдес халықтардан шыққан орта ғасыр ғалымдары өз
шығармаларында ретіне қарай түркі тілдерінің лексикалық элементтерін
де ұтымды түрде пайдаланып отырды. Сөйтіп түркі тілдерінің, соның
ішінде қазақ тілінің де бірқатар лексикалық элементтері араб тіліне
бірте-бірте сіңісіп кетті. Бұған бір ғана мысал келтірсек
жеткілікті. Отырарда туған энциклопедист ғалым әл-Фараби музыка
теориясы мен практикасынан Китаб әл-мусиқа әл-кабир (музыканң ұлы
кітабы деген аса құнды ғылыми еңбек жазғаны белгілі міне
осы кітапта музыка терминдерінің бірқатары түркі, қазақ сөздері
болып келеді. Мысалы: асқи (скрипичный ключ) – кілт, ашик
(асық – ағаштан не сүйектен жасалған тиек) пәстлик (музыкалық,
пәстлик яғни төмен дыбыс сияқты. Көптеген терминдерді де түркі
тілдерінен араб тіліне еніп бірте-бірте сіңісіп, араб сөзі
ретінде қаыптасып кеткен. Сондай-ақ астрономия, география, геология,
минерология салалары бойынша араб тіліне ауысып кеткен түркі
тілдерінің элементтері аз емес. Мәселен Бирунидің Әл-асару л-
бақия он әл-қуран әл-һашг.
Бұрынғылардан қалған іздер, Бізге жеткен сөздер деген араб
тілінде жазылған еңбегінде түркі сөздері көптеп кездеседі. Бұл
айтылғандардың бәрі түркі тектес тілдер, араб әдеби тіліне өз
ықпалын тигізгенін көрсетеді.

І. Араб-парсы сөздерінің қазақ тіліне лексикалық тұрғыдан сіңісіп
қалыптасуы.

Кез келген тілдің сөздік құралы осы тілдің ежелгі, төл
сөздерінен және шет тілдерден алынған кірме сөздерден тұратын
күрделі құбылыс екені мәлім. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінің
лексикасы да қазақ тілінің байырғы, төл сөздері және шет тілдерден
алынған кірме сөздер болып екіге бөлінеді.
Біріншісі, негізгі – қазақтың төл сөздері, екіншісі - өзге
тілдерден еніп, сіңісіп кеткен лексикалық элементтер. Міне енді
осы екінші топқа – шеттен ауысқан сөздер тарихына шолу жасап
көрейік. Оның ішінде әсіресе арабтар өте-мөте қатал келді. Олар
жергілікті халықтарды, ақ біліктің күшімен, ақ найзаның ұшымен
бағындырды. Арабтар түркі тілдес ру-тайпалардың мәдениетін, жазу-
сызуын кітаптарын жайды. Олар өз дінін – исламды таратып, өзінің
әкімшілік тәртібін холифатты орнатты. Жалпы VII-VIII ғасырларда
арабтарға қарсы кескілескен күресте деп жазады, шығыстың зерттеуші
ғалымдары. Араб сөздері: адмирал, икс, алгебра, азимут, атлас,
изафет, калий, карта, магазин, логорифи, кофе тағы басқалар.
Басқа түркі тілдерінен өзінің бейнелігінен оқшауланып айтарлықтай
монолитті әрі біртұтас болып келетін. Қазақ тіліне шеттен енген
сөздердің ішінлде ең көрнекті орын алатын араб-парсы элементтері
болса керек. Рас, бірқатар түркі тілдерімен салыстырғанда қазақ
тілінің құрамында араб-парсы элементтері онша көп емес. Қазақ
тілінде араб және парсы тілдерінен ауысқан сөздердің сан жағынан
аздығын аса көрнекті тюрколог ғалымдар атап көрсеткен. Өзбек және
қазақ тілдерінің тілдік құрамын сипаттайтын бұл мәліметтерге қарап,
мынадай қорытынды жасауға болады. Біріншіден қазақ тілінен
салыстырғанда өзбек тілінің лексикасында араб сөздері көбірек болып
келеді. Екіншіден, бұл екі тілдің де сөздік құрамын байытуға мол
қазыналы орыс тілінің игілікті әсері ерекше болды. Араб және Иран
елдері де өзгелер тәрізді ғасыр бойы алыс-жақын көрші
мемлекеттермен экономикалық саяси, мәдени қарым-қатынас жасап келді.
Тіпті бұл екі тілдің өздері де бір-бірімен араласып-құраласып кеткен
деуге болады. Мәселен парсы тілінің сөздік құрамының жартысынан
көбі араб сөздері.

ІІ. Араб кірме сөздерінің қолданылатын саласары
Араб элементтері қазақ тілінің сөздік қорынан белгілі бір орын
алатынын жоғарыда әңгімелеп өттік. Араб тілінен ауысқан сөздер
адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың сан қырлы жақтарын
қамтиды. Тәрбие және білім беру саласында мына мысалдарды келтіруге
болады.
(кәмәләт) кәмілет - өсіп жетілген кез, толыққан шақ,
(тәрбииә) тәрбие, (муәлләи) мұғалім
(қоләи) қалам, (китәб) кітап.
Қазіргі қазақ тілінде наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде,
тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қақтар, ақпан секілді
ай аттары қолданылады. әйтсе де фольклорлық шығармаларда, бұрынғы
әдебиетте, қисса-хикаяттарда қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерде жиі
ұшырайды. Бұлардың бірқатары өзінің о бастағы тұлғасын өзгеріп
жібергені мәлім. Мәселен: арабша (хәрадж), біртін келе
қараша болып кеткен. Наурыз айы жөнінде халықта: Жақсылығына
алса құт, жамандығына алса жұт деген мақал бар. Қазақ тілінде
белгілі бір уақыт өлшемін білдіретін кейбір сөздерде араб тілінен
ауысқан (саәт) сағат, (уәқт) уақыт, мерзім,
(дәур) дәуір, (әср) ғасыр деген кірме сөздер
де бар. Сондай-ақ мемлекет саласында -Отан,
(мәлумат) мәлімет, дерек (мәлләкәт) мемлекет,
(хәбәр) хабар, мәлімдеме, (әхбар) ақпар мәлімет есеп,
осы сияқты сөздердің де түп-төркіні араб тілінің сөздік қоры
болып келеді. Мына төмендегі сөздер де араб тілінен кірген кірме
сөздер (мүлік), (айып), (өсиет), (хәзинә)
қазына (кәфил) кепіл, (хукм) үкім,
(хәққ) – ақы, (хуқуқ) хұқық, (хәқиқәт) ақиқат,
шындық т.б.
Маусым сөзі қазақ тілінде негізінен екі мағынаны білдіреді: 1.
Ескіше ай санау дәстүрі бойынша (жыл басы март айы) мамырдан кейін
келетін төртінші ай (яғни июнь) аты. 2. Жұмыстың белгілі бір
саласына қолайлы келетін кезең, жыл мерзімі. Мысалы: 1. сәуір бұл
айдың арабша аты, қазақша – мамыр. Одан соң маусым ...Абай қазақша ай
атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды (М.Әуезов).
2.Құлақтардың жұмысы егін себу, шөп шабу, егін соғу сияқты маусымды
кезде көбейеді (С.Мұқанов).
Маусымның түп-төркіні арабтың моусем деген сөзі.
Араб тілінде бұл сөз қазақшасынан гөрі кеңірек мән-мағына береді:
1) жыл мерзімі, кезең, орақ кезі, астық жинау кезі т.б.; 2)
мереке, мерекелеу; 3) жәрмеңке.
Араб тіліне енген ұсақ-түйек бұйымдардың атауы:
(сабун), (хәлқә) – алқа, (әтр) - әтір, иіс су,
(никаһ) неке, (әсл) - әси-бол, (шәрәб) –
шарап, (шәрбәт) – шербет, (хисаб) – есеп-қисаб.
Қазіргі қазақ тілінде ең көп ұшйрайтын араб-парсы элементтері
абстракт ұғымды білдіретін сөздер бар. Ол мәселен:
(абруй) – абырой, (һәлал) – холол адал,
(адәмзад) – адамзат, (афәт) – апат, (армон) –
арман, (һәзл) - әзи, (алом) - әлем,
(бәхт) – бвқыт, (буқара) – бұқара, (ашәқ) – ғашық,
(надан) – надан, (думмән) – дұшпан, (дуст) – дос,
(жәмаәт) – жамағап, (дәсәфа) – жапа, (джиһан) –
жаһан, (золәм) – золии, (қабимәт) – қабілет,
(әйрәт) – қайрот, (хәйол) – қиял, (ххрәт) – қасірет
деген сөздер.

ІІІ. Араб сөздерінің қазақ тіліне ауысу жолдары.

Қазіргі қазақ тіліндегі араб және парсы төркіндес сөздерді екі
топқа бөліп қарауға болады. Бірі – қазақ тіліне ерте кезден-ақ әбден
сіңісіп, қалыптасып кеткен, әрі мейлінше жиі қолданылатын
сөздер. Бұл топтағы сөздер өзінің фонетикалық тұлғасын мүлдем
өзгертіп жіберген болып келеді. Ең бастысы мұндай сөздер қазақтың
бұрынғы төл сөзіндей қолданылады. Бұлардың шет тілдерден ауысып
келгендігі негізінен ұмытылып та кеткен деуге болады. Бұған мысалы:
адам, ажал, әлем, даулет, құдірет, мезіл, сабын, уақыт, халық
секілді сөздерді жеткілікті.
Араб сөздерінің екінші бір тобы – халық тіліне терең сіңісіп
кетпеген, көбінесе дерлік кітаби лексикада қолданылатын діни
түсініктер мен абстракт ұғымдарды білдіретін сөздер. Сирек
қолданылатын мұндай сөздер өздерінің алғашқы фонетикалық тұлғасын
едәуір өзгертіп жіберген. Қазақ әдеби тіліне де тіпті ауыз екі
сөйлеу тілінде де сіңісіп кете алады. Мұндай араб-парсы элементтері
оқшауланып тұрады. Мәселен. Амал, өмір, қадір, апта, бақ, есеп,
сияқтылар. Ал тіліміздегі мехнат, ғибрат, ғайбат, махрум тәрізді
сөздер қазақ тіліне етене сіңісіп кете қойған жоқ. Ислам діні
идеясының халық арасына азды-көпті тарауымен бірге осы идеяло
бастады. Араб сөздерінің түркі халықтарының тіліне ерте заманнан-ақ
ене бастағанын мына адамдардың аттарынан (Махмұт, Ахмед, Қасым т.б.)
аңғаруға болады. Араб тілінің лексикалық элементтерінің қазақ
тіліне ауысуына ықпал жасаған тағы бір нәрсе – бұл елдердің
арасындағы сауда экономикалық қарым-қатынастар болды. Араб-парсы
элементтерінің қазақ тіліне енуіне зор ықпал еткен қайнар көздің
бірі өзбек тілі. Қазақ және өзбек тілдерінің өзара ықпалының
терең тарихи тамырлары бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы
қазақтар мен өзбектер территориясының көршілестігі, бұл екі халықтың
сан ғасырлық саяси мәдени және экономикалық қатынастары өзбектердің
де, қазақтардың да тіліне едәуір әсер етті. Ең бастысы – араб-
парсы сөздерінің қазақ тіліне ауысуына ықпал жасаған тарихи,
әлеуметтік, саяси және экономикалық факторлар болды. Өйткені тілдің
дамуы, қоғамның даму тарихына тікелей байланысты болып келді. Егер
араб және парсы тілдерінде (әйд) сөзі, мереке, салтанат
деген сияқты жалпы кең ұғымды аңғартса, қазақ тіліндегі айт -
діни мереке дегенді ғана білдіреді. Сөйтіп бұл сөз қазақ
топырағында өзінің алғашқы кең мағынасынан айырылып, жалғыз
ғана түсінікті білдіруге маманданған мысал келтірейік.
Арсыздық айты алты күн (мақал). Ұзамай құрбан айт келіп
қалды. Қазақ тілінің қорына араб және парсы тілдерінен ауысқан,
әбден тілімізге сіңісіп кеткен тілде өздерінің алғашқы
помессиялық мағынасынан айырылып қалған сөздер аз емес. Оған:
әзір, ғұлама, баб, дәрет, мойын. Қ.мақаш, майолық, лизом, молда,
мұғалім, обал, мұқият, парық, реніш, әлем, құбыл, ресім тағдыр
тәслім, дүние бесін сияқты а раб және парсы тілдерінен енген толып
жатқан сөздерді дәлел етіп келтіруге болады. Араб-парсы
тілдеріндже жалғыз ғана ұғымды білдіріп келген сөздер қазақ
тілінің сөздік қорында құлпырып жан-жақты жарқырап полисемиялық
сөзге ойланып кетеді.
Қазақстан территориясын мекендейтін түркілердің тіліне араб тілі
элементтерінің енуіне ислам дінінің тарауы да едәуір әсер етті.
Арабтар жаулап алған жерлерде қоғамлық өмірдегі аса маңызды
өзгерістердің бірі жаңа мемлекеттік діннің – исламның, араб тілінің
және жазуының тарауы болды. Ежелгі түрік жазуы ығыстырылды, ал
түрік лексикасына араб сөздері енді. Ислам діні Оңтүстік
Қазақстанға VIII ғасырда ене бастады десек те, оның кеңірек тарай
бастаған кезі – Х ғасырдың екінші жартысы, яғни Қашқария мен
Жетісуда, мауараннахрда караханидтер үстемдігінің күшейе түскен
кезі болды. Қазақстанның түркі тілдерінде сөйлейтін халықтарының
арасында ислам діні тез тарай қойған жоқ. Мұнда арабтарға қарсы
және мұсылмандыққа қарсы сипаттағы неғұрлым күшті халық
көтерілісі көп болды.
Ислам діні идеясының халық арасына азды-көпті тарауымен бірге
осы идеялогияға байланысты лексикалық элементтер де тарай бастады.
Араб сөздерінің түркі халықтарының тіліне ерте заманнан-ақ ене
бастағанын тарихи адамдардың аттары (Махмуд, Ахмед, Қасым т.б.) мен
тарихи ескерткіштердің аттарынан аңғару қиын емес. А.К.Боровков
мынадай жәйтке айрықша назар аударады: юсуф баласұған 1069 жылы
жазған Құтадғу білігі (Бақытты болу жөнінде ғылым) кітабында жиі
ұшырайтын қос сөздердің бір компоненті арабша, екіншісі – түркі сөзі
болып келеді. Мәселен: бәлгә-алим – ғалым, давлет-құт – бақыт, вәқт-от
–уақыт т.б.
Араб және парсы тілдеріндегі лексикалық элементтерінің қазақ
тіліне ауысуына ықпал жасаған тағы бір нәрсе – бұл елдердің
арасындағы сауда-экономиклық қарым-қатынастар болды.
Араб-парсы лексикалық элементтерінің қазақ тіліне енуіне зор
ықпал еткен қайнар көздің бірі өзбек тілі болды. Қазақ және өзбек
тілдерінің өзара ықпалының терең тарихи тамырлары бар. Қазақстанның
оңтүстік облыстарындағы қазақтар мен өзбектер территориясының
өршілестігі, бұл екі халықтың сан ғасырлық саяси, мәдени және
экономикалық қатынастары өзбектердің де, қазақтардың да тіліне едәуір
әсер етті.
Парсы тілінің лексикалық элементтерінің араб тілінен гөрі
бұрынырақ ене бастағанын дәлелдейтін тарихи, экономикалық, мәдени
деректер аз емес. Мәселен, кезінде зеваршан, қашқадария ойпаттарын
мекен еткен соңғы тайпалары мен түркі тайпалары өзара тығыз қарым-
қатынас жасап отырғанытарихтан жақсы мәлім. Проф.А.Ю.Якубоский былай
деп жазады: Мұнда (Зеравшан, Қашқадария ойпаттарында – Л.Р. халықытың
негізгі көпшілігі соғдылар болды, түркілердің ықпалына ұшыраса да,
мұндағылар соғдыша сөйлесетін-ді. Түркі ықпалының болуына екі
арадағы бейбіт қарым-қатынас та, сондай-ақ түркілердің әскери
жорықтары да әсер етпей қоймады. Шығыс түркілері VII ғасырдың ақыры
мен VIIІ ғасырдың бас кезінде Соғдыға екі рет басып кіргені
мәлім. Бірінші жолы олар тіпті Термезге апаратын Шахрисябз жолында
жатқан бузғай (темір қақпа) тау шатқалына дейін жетті. Махмұд
Қашқари Шығыс Түркістанның оңтүстігі мен Шу және Талас
айпаттарындағы соғды отаршылары таза түркі тілінде және екі тілде
сөйлейтінін атап көрсеткен. Махмұд Қашқаридің айтуы бойынша, тараз
бен Аққаланың (Исфиджаб, Сайрам) тұрғындары секілді Балсұған
қаласының тұрғындары да соғдыша және түркіше сөйлейтін болған. VI-
X ғасырларда қазіргі Оңтүстік Қазақстан қалаларының халқы Соғдыдан
қашып келген шаруалармен және қолөнершілермен толыға түсті.
Араб және парсы тілдерінен ауысқан лексикалық элементтердің қазақ
тіліне ену уақытын біз шартты түрде екі кезеңге бөліп қараймыз:
бірінші кезең – XV ғасырға дейінгі мерзімді қамтиды, екіншісі – XV
ғасырдан, Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі кезең.
Арабтың ғәриб деген сөзі осы тілді: жат, бөгде кісі,
шетелдік адам жалғыз басты, бейшара деген мағына береді. Осыдан
қазақша: ғарып – ғаріп - кәріп - қарып сөздері туындаған. Ғарып-
мүсәпір, бишара, сорлы, жарымжан деген мағыналарда қолданылады.
ғаріп, қарып, кәріп сөздері ғарып сөзінің фонетикалық
варианттары болып табылады. Мәселентөмендегідей сөйлемдерді бір-бірімен
салыстырып олардағы (ғарып ғоріп, және қаріп, кәріп сөздеріне
назар аударып көрейік.
Өнері оның жұрт асқан,
Ғалымға көңілі зеректі
Аялаған ғаріптен
Қолдан келген көмекті
(Абай)
Жаңа мазмұнға ие болу жолымен бұрынғы мағынасын жойған араб-
парсы сөздері. Кейбір араб-парсы сөздерінің қазақ тіліне
ауысқаннан кейінгі өзгеріске ұшырағаны сондай олар алғашқы
тұлғасынан едәуір қашықтап, өздерінің мағыналық байланыстарын жойып
жіберген. Мұндай сөздерде шамалы фонетикалық ұқсастықтар ғана
сақталып қалады. Араб және парсы тілдерінен ауысқан бұл секілді
сөздердің этнологиясын анықтап білудің лингвистикалық сипаттағы
бірқатар себептерді зерттеу негізінде анықтауға болады. Кейбір
араб көздері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінен енген сөздер
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары
Араб-парсы сөздерінің қазақ тіліне ауысу жолдары
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
Түркі тілінен енген кірме сөздер
Абай тілінің зерттелуі
Арабша - қазақша құқық терминдері
Қазақ және түрік тілдерінде қолданылатын ортақ кірме сөздердің мән-мағынасы, атқаратын қызметі және түп-төркіні
Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріне араб тілінің ықпалы
Пәндер