Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.Мектеп жасына дейінгі балаларды потриоттық тәрбиелеу ... ... ...

ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.Мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2Міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3. Мектеп жасына дейінгі баланың рухани.адамгершілік,потриоттық сезімін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

IV. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен таныстыру оңай міндет емес, өйткені кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі, ең жақын орналасқаннан, таныстан (отбасы, балабақша, микроаудан), ең қиынына – қала, мемлекет.
Балалардың әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудың, жақын адамдарға деген бауыр басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының салттарымен таныстыру жұмысы болып табылады. Осы «ата-аналардың үйі» Отанға деген махаббатқа негіз болады.
Патриотизм – тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties – Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте – бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.
Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан – жақты тәрбиелеу мақсатында «Балбөбек», «Тәй-тәй» халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағдарламаларды қолдану арқылы балалардың ерік - жігерінің қалыптасуына, өздігінен ізденуіне, жеке тұлға ретінде дамуына назар аударылады. Балабақша меңгерушісі Алтын Көкішқызы Кәрімжанова осы мекемеде 26 жыл еңбек етуде. Еңбек өтілін тәрбиеші мамандығынан бастаған, балабақша әдіскері болып мол тәжірибе жинақтаған ол - ұрпақ тәрбиесін алдыңғы қатарға қоятын, үлгі болатын жігерлі, іскер маман. Іскер басшының іс-тәжірибесінен тәлім алған тәрбиешілер: Г.Д.Сержанова, С.А. Андреева, Н.Б.Галимзянова, С.К.Асаинова, Ш.Б.Маканова, А.З.Худжанова - бала жанының бағбаны.
Тәрбиешілер бала тәрбиесінде өз топтарында «Елім- ай» «Туған қалам - мақтанышым» атты үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірмеде балалармен бірге ата – аналар да өздерінің көп үлестерін қосады. Тәрбиешілер балаларды қаланың мәдениет орталықтарымен, әйгілі батырлары, ақын – жазушыларымен таныстырып, мәңгілік алауға, ескерткіштерге барып гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырды.
Мектепке дейінгі мекемелерде кіші жастағы балалармен тәрбиешілер тақырыптық сабақтар өткізді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата –аналар өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Салауатты өмір салтының бөлімімен бірлесіп «Джунгли шақырады» атты спорттық сайыс өткізілді. Қала педагогтарына ПК БАИ әрдайым ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері көрсетіледі.
Сонымен қатар отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, көрмелер, ойын - сауықтар өте қызықты да тартымды өтуі, ата –аналардың белсене қатысып,
қызығушылық таныту жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз.
Балабақша педагогтарының мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған әдістемелік құралдарына (2010 жыл «Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру жолдары» Г.Д.Сержанова; 2011жыл «Мектепке дейінгі балалардың тілдерін халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы дамыту» А.З.Худжанова; «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ жаттығулары арқылы дамыту» С.К.Асаинова ; «Балалардың тілдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту» Ш.Б.Маканова) психология ғылымының кандидаты, доцент ПМПИ психология кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Аплашованың рецензиялары берілді. Осы рецензияланған құралдар - қала аумағындағы, балабақшаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын білім бөлімінің өткізетін қалалық «Рауан», «Балбұлақ» фестивалдарына қатысып жүлделі орындарға ие боламыз.
1. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
2. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж
3. Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж
4. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.
5. Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992
6. Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж
7. Виноградова А.М. Воспитание нравственных чувств у старших дошкольников. М., 1991;
8. Комратова Н.Г., Грибова Л.Ф., Патриотическое воспитание детей 4-6 лет: Методическое пособие, М., 2007;
9. Буре Р.С., Островская Л.Ф. Тәрбиеші – балалар. М., 1985;
10. Жуковская Р.И., Виноградова Н.Ф., Козлова С.А. Родной край, М., 1990
11. Струмилин С. Г. Нетрадиционные формы работы с родителями ДОУ // Новый мир. 1960. N 7.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу

Орындаған:Балтабаева П
Тобы:
Қабылдаған:

Петропавл 2015ж.
Мазмұны

І. Кіріспе____________________________ _________________________

1.Мектеп жасына дейінгі балаларды потриоттық тәрбиелеу.__________

ІІ.Негізгі бөлім._____________________________ ___________________

1.Мақсаты__________________________ __________________________

2Міндеті___________________________ ___________________________

3. Мектеп жасына дейінгі баланың рухани-адамгершілік,потриоттық сезімін қалыптастыру.______________________ ___________________________

III.Қорытынды._____________________ __________________________

IV. Қолданылған әдебиеттер.________________________ ____________

Мектеп жасына дейінгі балаларды потриоттық тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен таныстыру оңай міндет емес, өйткені кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі, ең жақын орналасқаннан, таныстан (отбасы, балабақша, микроаудан), ең қиынына - қала, мемлекет.
Балалардың әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудың, жақын адамдарға деген бауыр басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының салттарымен таныстыру жұмысы болып табылады. Осы ата-аналардың үйі Отанға деген махаббатқа негіз болады.
Патриотизм - тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties - Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте - бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.
Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережелерінің жаңа стандартының бес білім саласының талаптарына сай, ата-бабамыздың асыл мұрасын, өнер мен өнегедегі үлгілерін бала бойына сіңіре отырып, жан - жақты тәрбиелеу мақсатында Балбөбек, Тәй-тәй халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде жұмыс жүргізілуде. Осы бағдарламаларды қолдану арқылы балалардың ерік - жігерінің қалыптасуына, өздігінен ізденуіне, жеке тұлға ретінде дамуына назар аударылады. Балабақша меңгерушісі Алтын Көкішқызы Кәрімжанова осы мекемеде 26 жыл еңбек етуде. Еңбек өтілін тәрбиеші мамандығынан бастаған, балабақша әдіскері болып мол тәжірибе жинақтаған ол - ұрпақ тәрбиесін алдыңғы қатарға қоятын, үлгі болатын жігерлі, іскер маман. Іскер басшының іс-тәжірибесінен тәлім алған тәрбиешілер: Г.Д.Сержанова, С.А. Андреева, Н.Б.Галимзянова, С.К.Асаинова, Ш.Б.Маканова, А.З.Худжанова - бала жанының бағбаны.
Тәрбиешілер бала тәрбиесінде өз топтарында Елім- ай Туған қалам - мақтанышым атты үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірмеде балалармен бірге ата - аналар да өздерінің көп үлестерін қосады. Тәрбиешілер балаларды қаланың мәдениет орталықтарымен, әйгілі батырлары, ақын - жазушыларымен таныстырып, мәңгілік алауға, ескерткіштерге барып гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырды.
Мектепке дейінгі мекемелерде кіші жастағы балалармен тәрбиешілер тақырыптық сабақтар өткізді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата - аналар өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, мұражайлардың, кітапханалар мен сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Салауатты өмір салтының бөлімімен бірлесіп Джунгли шақырады атты спорттық сайыс өткізілді. Қала педагогтарына ПК БАИ әрдайым ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері көрсетіледі.
Сонымен қатар отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, көрмелер, ойын - сауықтар өте қызықты да тартымды өтуі, ата - аналардың белсене қатысып,
қызығушылық таныту жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз.
Балабақша педагогтарының мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған әдістемелік құралдарына (2010 жыл Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру жолдары Г.Д.Сержанова; 2011жыл Мектепке дейінгі балалардың тілдерін халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы дамыту А.З.Худжанова; Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ жаттығулары арқылы дамыту С.К.Асаинова ; Балалардың тілдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту Ш.Б.Маканова) психология ғылымының кандидаты, доцент ПМПИ психология кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Аплашованың рецензиялары берілді. Осы рецензияланған құралдар - қала аумағындағы, балабақшаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын білім бөлімінің өткізетін қалалық Рауан, Балбұлақ фестивалдарына қатысып жүлделі орындарға ие боламыз.
Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз. Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Адами-патриоттық тәрбиеде ересектердің үлгісі үлкен маңызы бар, әсіресе жақын адамдардың. Отбасыдағы үлкен адамдардың адамдардың(аталардың және апалардың, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, олардың майдандағы және еңбек ерліктері) айқын дәлелдеріне сүйеніп балаларға осындай маңызды ұғымдарды дағдыландыру, олар Отан алдыңдағы парыз, Отанға деген сүйіспеншілік, жауға деген өшпеңділік, еңбек ерлігі және т.б. Балаға біздің жеңісіміз, Отанға деген махаббатымыздан, біздің Отанымызды сүйетінімізді, адам бақыты үшін өзінің өмірлерін бергендерін, Отанның өзінің батырларын құрметтейтініне деген түсінікке келтіру.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады.

Мақсаты.Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды патриоттық сезімде тәрбиелеу, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттату, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады. Сондай-ақ, тәрбиешілер балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді. Еліміздің төл мерекелерін балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді өткізуге тәрбиешілер, ата - аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, кітапханалар мен мұражайлардың сабақтастығы дұрыс жолға қойылған. Сонымен қатар, отбасымен ынтымақтастық жұмыстарын нығайту мақсатында ашық есік күндері, сауалнамалар, ертеңгіліктер, ата-аналар жиналыстары жүргізілген жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз. Соның ішінде атап айтсақ:Менің елім - Қазақстан!, Отан - отбасынан басталады, Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік т.б.
Патриотизм - тарихи, әлеуметтік ұғым, гректің parties - Отан, ел деген сөзінен шыққан. Бұл термин Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіреді. Патриоттық, отаншылдық сезім бірте - бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси - әлеуметтік құбылыс.
Бір жағынан, ол жеке тұлғалық, қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім.
Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі - халықтың береке- бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігі мен ерлігінде және мемлекетіміздің күш-қуатының беріктігі мен ұлан - байтақ жерінің біртұтастығында.
Патриотизм ұғымы өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғышарттар қажет:
- төл тарихымызды білу;
- ана тілді ардақтап, құрметтеу;
- ұлттық салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыптарды қадірлеу.
Адамзат отансүйгіш және қайырымды бала тәрбиелеуді мақсат тұтады. Қазақ халқы өз баласының ізгі ниетті, адал жүректі, өр әрі намысшыл болғанын қалайды. Қазақтың атына кір келтірмей, елін, жерін қастерлеп, туған халқының мәртебесін жеке пиғылынан жоғары қоятын жан болғанын тілейді. Ал, бұл қасиеттер бала бойына тек тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, баянды ғұмыр кешуі үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Оның басты құралы- патриоттық тәрбие. Патриоттық сезім- ұлттық рух деңгейінің өлшемі. Сол себептен Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Дей тұрғанмен, әттеген-ай дейтін тұстарымыз да жетерлік. Қоғамдық жерлерде қазақтың қара көз балалары өзара орысша сөйлеп, Еуропа мәдениетіне еліктейді. Мұның себебі неде? Жастардың арасында патриоттық сезімді қалай дәріптеуімізге болады? Ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жан толқынтарлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам болатындығы деген қағидасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру - баршамыздың алдымызда тұрған міндетіміз.

Міндеттері: Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері:
1. баланың өзінің отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу;
2. табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру;
3. еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу;
4. халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру;
5. адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру;
6. Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту;
7. балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);
8. мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту;
9. өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру.
Осы міндеттер балалық жұмыстың бүкіл түрлеріңде шешіледі: сабақтарда, ойындарда, еңбекте, үйде - баланың тек қана патриоттық сезімін ғана емес, сонымен қатар оның ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастарын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен таныстыру оңай міндет емес, өйткені кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті түрде жүргізіледі, ең жақын орналасқаннан, таныстан (отбасы, балабақша, микроаудан), ең қиынына - қала, мемлекет.
Балалардың әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудың, жақын адамдарға деген бауыр басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының салттарымен таныстыру жұмысы болып табылады. Осы ата-аналардың үйі Отанға деген махаббатқа негіз болады.
Осы тақырып бойынша тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының басқа да түрлерін қолдануға болады: ата-аналардың жақсы көретін сабақтары мен отбасының қызықтары, салттары, бірге өткізетін мерекелер, отбасылық бас қосулар туралы әсемделген фотоальбом мен фотогазеттер көрмесі және т.б.
Ауламен, балалар тұратын көшемен, микроауданмен танысу балаларға туған қаласы, оның құрылысы, тарихы, дем алатын орындары туралы түсініктерін қалыптастыруына әкеледі. Ата-аналармен бірге серуендеулері қызықты оқиға болары анық, балалар тек қана сол микроаудан орналасқан төңірекпен танысып қана қоймай, сонымен қатар ата-аналарымен бірге өзінің кіші Отанының әдемі орындарын тамашалайды. Мәліметті таңдағанда, міндетті түрде осы көшенің, микроауданның тіпті облыстың қандай қайталанбас жер бар екеніне. Мазмұнына сай мәліметті таңдау, мектепке дейінгі жастағы балалардың, өзінің қаласы несімен атақты екеніне хабар береді: тарихымен, салттарымен, көрнекті орындарымен, ескерткіштерімен, жақсы адамдарымен.
Балаларға ұсынылатын мәліметтер әр жаста ұқсас болмайды. Төрт жастағы бала өзінің тұрғылықты және балабақшаның орналасқан көшесін білуі керек. Жастары үлкен балалардың көңілдерін жақын орналасқан нысандарға бөлу керек: мектеп, кинотеатр, пошта, дәріханаға және т.б., олардың қызметтері жайлы, және осының барлығы адамдардың ыңғайлы өмір сүрулері үшін салынғандарын айта өту.
Дүкенге, мектепке, кітапханаға, поштаға, стадионға бағытталған мақсатты түрдегі экскурсиялар, микроауданның мекемелерінің құрылысымен және жұмысымен таныстыруға көмектеседі, адамдардың әр түрлі қажеттіліктері, кім және қалай қала тұрғындарының қамын ойлайтындары туралы мектепке дейінгі жастағы балалардың түсініктерін қалыптастырады .Кіші отанның тарихымен таныстырғанда, ең бастысы ізденушілік қызметі қалыптасу керек: балалар өздері тұратын микроаудан атауларының тарихын ата-аналарынан, аталарынан, апаларынан сұрастыра алады. Осы жұмыс барысында микроаудан тарихына танымдық қызығушылық өседі, танымал жерлестеріне деген сыйластық туады.

Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім жүйесінде айқын өзгерістер орын алды: балаларды тәрбиелеу мен білім мазмұны жаңартылып жатыр, көптеген инновациялық бағдарламалар пайда болды,сонымен анық болғаны ол вакуумның пайда болғаны, ол көз алдыңда ғайып болғанның нәтижесінде бөлімнен түсіп қалған адами тәрбие болып шықты. Сонымен қатар мәселенің өзектілігі, қоғамның қазіргі заманғы деңгейінде адами тәрбиесімен байланысты болып, ол төтенше маңыздылыққа ие болып жатыр.
Адами тәрбиенің маңызды бөлігі ол баланың өзінің мәдениетіне бет алуы болып табылады, өйткені баланың тұлғалықтай толық ашылуы тек оның өз халқының мәдениетіне қосылу арқылы мүмкін болады. Балалардың Отандық мұраға бойсұнуы, сыйластықты, өзі тұратын жері үшін мақтанышты тәрбиелейді. Кішкентай бала үшін Отан туған үйінен, өзі және отбасысы тұрып жатқан көшеден басталады, отбасыда болашақ өз елінің азаматы өсіп келе жатыр. Осы сұрақ бойынша ата-аналармен әрекеттесуі, өз халқының мәдениеті мен дәстүріне эмоционалды, ұқыпты қатынасын туғызады, сонымен қатар тік отбасылық қатынастарды сақтауына әкеледі.
Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі - мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеті болып келеді, ал оның негізгі шарты болып ата-аналармен, отбасымен тығыз байланысы болып табылатын, қоғамның ұяшығы мен ұлттық дәстүрлердің қорғаушысы іспеттес.
Сондықтан да, зерттеудің мақсаты - ата-аналармен әрекеттесу арқылы өзгешіліктерін айқындау, мектепке дейінгі балалардың адами-патриоттық сезімдерін өзінің туған қаласының мәдениеті мен тарихы арқылы тәрбиелеу.
К.Д.Ушинский өз педагогикасында балалардың адами құндылықтарының қалыптасуына көп көңіл бөлген. Оның ойынша, адами тәрбие, балалардың ойлау және еңбек ету тәрбиесімен тыңыз байланыста болу керек.
Адами тәрбие - санаға, адамның сезімі мен тәртібіне бағытталған жүйелік ықпал, моральдық қасиеттерін, адами нормалардың маңыздылығына сенімді қалыптастыру.
Адами тәрбие - нақтылы қоғамның құндылықтарына балаларды ұйытуға бағытталған үдеріс.
Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеттері болып табылады. Патриоттық сезімді қалыптастыру үшін балаларға Отан жайлы бастапқы білім беру керек, біздің еліміз, халқымыз, әдет, тарих, мәдениет туралы тіректі хабар беру керек.
Ата-аналар мен балаларға қызық болатын микроауданның үлгісі құрылуы мүмкін, әр бала ересектердің көмегімен үйінен балабақшаға апаратын жолды салады, үлгіде көше атаулары, жолдағы өтпе жол, көркем орындар белгілейді.
Сонымен қатар, адами-патриоттық тәрбиенің осы кезеңінде өз туған қаласының тарихы, көркем жерлері, ескерткіштері, сонымен қатар көшелер мен алаңдар жайлы білімдерін тексеру арқылы отбасылық өткізулер мен конкурстар өткізілуі мүмкін.
Олардың аттары қала, көше, алаң атауларыңда, мәңгілікке қалады, олардың құрметіне ескерткіштер тұрғызылды. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа керек.
Халқымызда баланы жастан деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата - бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ патриот тәрбиелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ.

Мектеп жасына дейінгі баланың рухани-адамгершілік,потриоттық сезімін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский; Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие -- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа... Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Патриоттық тәрбиенің мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Пәндер