Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану-география факультеті

Экология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо - анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері

Орындаған: Сарқытбаева А. К.

050608-«Экология» мамандығын

бітіруші

Ғылыми жетекшісі: б. ғ. к., доцент. м. а. Қапасова М. С.

Норма бақылаушы: б. ғ. к., аға оқытушы Кіршібаев Е. А

Бітіру жұмысы кафедра мәжілісінде

талқыланып, қорғауға жіберілді:

Хаттама № 10 «10» 06 2008 ж.

Экология кафедрасының

меңгерушісі: п. ғ. к. Мухамединова Н. А.

Алматы - 2009

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысы:

___62___ беттен, кестеден, 10___ фотосуреттен, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кілттік сөздер: Жалдап егу, Мексика технологиясы, эпидерма, склеренхима, паренхима, хлоренхима, үлкен және кіші өткізгіш шоқтар, ксилема, флоэма.

Жұмыстың орындалуы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, экология кафедрасы.

Зерттеу аймақтары: Зерттеуге Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында өсірілген күздік бидайдың Алмалы, Егемен сорттары алынды.

Әдістері: Зерттеу нысандарын фиксациялау спирт, су, глицерин (1:1:1) қатынасында жүргізілді, анатомиялық құрылысы жалпыға бірдей қолданылатын әдіс (Страсбургер әдісі) арқылы зерттелді, сабақтың және жапырақтың көлденең кесіндісінен уақытша препараттар жасалды. Фото суреттер сандық фотоаппаратпен түсірілді.

Жұмыстың мақсаты: Жаңа мексика технологиясы бойынша өсірілген күздік бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық құрылысын өнімділік мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.

Жұмыстың міндеті: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге егілген күздік бидай сорттарының морфологиялық-анатомиялық құрылысын айқындау; 2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау; 3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен салыстырмалы түрде зерттеу. Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен байланыстырылып Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 6

I. КҮЗДІК бидай өнімділігіне және морфо-

анатомиялық құрылысына

экологиялық факторлардың әсері. . . . 6

1. 1 Күздік бидайға жалпы сипаттама . . . 6

1. 2 Күздік бидайдың морфологиялық құрылысы . . . 10

1. 3 Күздік бидайдың анатомиялық құрылысы . . . 13

1. 4 Күздік бидай өнімділігіне экологиялық

факторлардың әсері . . . 15

II. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . 39

2. 1 Зерттеу объектілері . . . 39

2. 2 Зерттеу әдістері . . . 40

III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 42

3. 1 Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге

егілген күздік бидай сорттарының

морфологиялық-анатомиялық құрылысы . . . 43

3. 2 Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған

жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық

құрылысы ерекшеліктері . . . 48

3. 3 Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін

бақылау вариантымен салыстырмалы

түрде зерттеу нәтижесі . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі : Ғасырлар бойы дақылдардың ауыспалы егісін қолдану арқылы, көң немесе компост ендіру және жабындық дақылдар өсіру жолдарын қолдану арқылы топырақтың органикалық заттарының жоғары құрамы сақталып отырған. Кейіннен бұл практика жарамайтын болып, оның орнына тез әсер ететін химиялық тыңайтқыш қолданыла бастады, бірақ ол топырақ гумусының бұзылуына әкеліп соқты. Топырақ құрылымы да бұзылып, өсімдіктер әлсізденіп және химиялық тыңайтқышқа толық тәуелді болды. Жаңа жүйе адам және ауылшаруашылығы жануарларының еңбек шығынын азайтуды компенсациялау үшін топырақтың құнарлық резервін аямай пайдалануда.

Бүгін химиялық әдісті ұзақ уақыт қолданудың қауіптілігін көпшіліктің қабылдауына орай, егіншіліктің альтернативті әдістеріне қайтадан қызығушылық тууда. Химиялық тыңайтқышты қолдану және жерді үнемі жырту салдарынан топырақтың құнарлығы жойылып барады. Химиялық тыңайтқыштар- өсімдік және жер үшін өте зиян. Олар өсімдікті ауруға шалдықтырады және топырақтағы барлық микроорганизмдерді жояды. Үздіксіз жыртылған жердің құнарлығының төмендеуінің бірінші себебі жоғарғы гумус қабатының ұсақ бөлшектері жыртылған уақытта шаң болып ауаға көтерілуінде, зерттеулер барысында жыртылған аудандардың үстінде жиналған қалың қара қабат бақыланған. Сондықтан, топырақты бастапқы қалпына келтіру үшін, қазіргі уақытта жыртылмаған жерге егін егудің тиімділігі қайтадан қарастырылуда. Бір жағынан жер жырту үшін кететін шығын үнемделсе, екіншіден, топырақ құнарлығын қалпына келтіруге ықпалын тигізеді және қоршаған ортаның ауасындағы шаң тозаңның азаюына мүмкіндік туады.

Жоғары өнім алу үшін егістікті жасыл тыңайтқышпен тыңайту керек. Жоңышқаны жинап алған соң, тамырын жерде қалдыру керек, ол топырақты азотпен байыта отырып, шіріген соң микроорганизмдер үшін өте жақсы азық болады. Келесі жылы жерді жыртпай күздік бидай егіледі. Бидайды еккенде арнайы агрегатпен грунтты 10см тереңдікке дейін дискілейді. Топырақтың жоғарғы қабатындағы аэробты бактерияларға оттегі қажет, төменгі қабаттағы анаэробты бактерияларды ауа өлтіреді, сондықтан жыртқан кезде грунт қабаты аударылып, барлық микроорганизмдер жойылады. Синтетикалық тыңайтқыштан бас тартып, орнына биопрепарат қолдану экологиялық таза продукт алуға мүмкіндік туғызады [1] .

Бірнеше жыл жерді жыртпай өңдеу нәтижесінде топырақтың жоғарғы бетінде арамшөптер тұқымы мүлдем жойылған. Егінді жинап алғанннан кейін, дискатормен өңдеу жүргізіледі, ол арамшөптерді құртады және жерді дән егу тереңдігінде қопсытады, мұнда топырақтың табиғи дренажы сақталады және топырақтың жоғарғы қабатына түскен аз мөлшердегі судың өзі топырақты ылғалдайды. Топырақ бетіндегі үгітілген, шашылған өсімдік қалдықтары топырақты құрғап кетуден, жарылып кетуден сақтайды, ал шіріген масса топырақ құнарлығын арттырады. Он жыл ішінде гумус мөлшері 3, 5 тен 4, 9 бірлікке жеткен[2] .

Жүгері және бидайды жақсартудың Халықаралық орталығының (СИММИТ) мүшесі, бүкіл әлемге танымал Мексикалық ғалым Кен Сайре жетекшілігімен Қазақстанда 2000- жылдан бері «жалға себу» (гребневой метод) әдісі қолданылып келеді. Бүгінде көптеген аудандарда бидайды осы әдіспен өсіру шаруашылықтарға ендірілуде. Бұл технологияның ерекшелігі бидай өнімділігін айтарлықтай арттырады. Мексикада 25 жылдан бері бидай жалға себу әдісімен өсіріледі, жерді жыртқанда арық және жал қалыптасады. Себу тек жалға жүргізіледі, суғару арық арқылы жүзеге асады. Климаттық жағдайына байланысты, Мексиканың бидай плантациясының 95%-ы осы әдісті қолдану нәтижесінде гектарына 120 центнер алуда. Егіншілікте жоғары өнім басты болса да, жоғары өнімділікпен ғана шектеліп қоймай, бұл технология тұқымды және тыңайтқышты үнемдейді, гербицидті қажет етпейді. Себебі культивация көмегімен бидай өзі арамшөпті жойып жібереді. Сондай-ақ, су арықпен жүргізілетін болғандықтан 30 пайызға дейін үнемделеді.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына зиян келтірмей, топырақтың құнарлығын сақтап, суды үнемдеп, экологиялық таза, сапасы және өнімділігі жоғары бидай өсіру егін шаруашылығының алдына қойған мақсаты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстың мақсаты -жаңа мексика технологиясы бойынша өсірілген күздік бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық құрылысын өнімділік мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.

Міндеттер: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге егілген күздік бидайдың сортының морфологиялық-анатомиялық құрылысын айқындау;

2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау;

3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен салыстырмалы түрде зерттеу.

Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен байланыстырылып Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ЖӘНЕ МОРФО-АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

  1. Күздік бидайға жалпы сипаттама

Бидай (Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл \1\.

Бидай - бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдардың 60% мөлшері бидайдан алынады \3\.

Жер жүзінде бидай 235 млн гектар жерге себіледі. Бидай егісінің көлемі жөнінін біздің еліміз әлемде бірінші орын алады, қазір біздің республикамыз астық өндіруде еліміздің ірі орталығына айналып отыр.

Ал, бидайды көп себетін елдер қатарына Қытай Халық Республикасы, АҚШ, Үндістан, Канада, Франция, Аргентина жатады. Европа елдерінде және АҚШ-та күздік бидай көбірек себіледі. Аса бағалы бидайға, қатты және күшті бидай түрлері жатады \4\.

Өткен жылы Қазақстанда рекордтық астық жиналды. Экспорттық көрсеткіш те жоғары. Әрине, оның ішінде Қостанай облысының үлесі қомақты \9\.

Қазір біздің республикамыз астық өндіруде еліміздің ірі орталығына айналып отыр. Соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі-ірі шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі жылма-жыл артуда. Астық өндірісі интенсивті жүргізіліп, астықтың жалпы түсімі әр гектардан алынатын өнім молая түсуде \12\.

Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің кезек күттірмес міндетінің біріне айналды. Бұл әлемдік азық-түлік рыногында қалыптасқан жағдайдан туындап отыр. Соңғы уақытта дүние жүзінде бұл мәселе өте ушығып, азық-түлік тапшылығы қатты сезілуде. Өткен жылы әлемдік ірі астық экспортаушы елдерде болған қуаңшылық пен табиғи апаттардың салдары күрделі проблемаларға ұрындырар түрі бар. Астықтың бағасы күн сайын шарықтап өсуде. Халықаралық негізгі астық биржасында бір тонна бидайдың бағасы 400 доллар [8] .

Қазақстанда 20-дан астам жаздық, 12 күздік бидай сорттары аудандастырылған. Олар республиканың жер және ауа райының ыңғайына қарай әртүрлі таралған [7] .

Адам организміне қажетті белоктар мен көмірсулар (углеводтар), витаминдер А, В, В 2 , В 6 , РР, С, Д, Е, минералды тұздар және басқа да заттар

бидай дәні құрамында бар. Бидай белогындағы аимнқышқылдары құрамы үйлесімді және организмге сіңімді 2.

Бидайдың жиырмадан астам түрі бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны - жұмсақ бидай (Triticum aestivum) . Бұл дақылдың алуан түрлі сорттары бар және олар жер шарының барлық аймақтарында егіледі \3\.

Бидайдың Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидайы, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі\1\.

Бидай дәнді дақылдар (Jramineal) тұқымдасына Triticum тегіне жатады, кейде қоңырбас (Poаceae) тұқымдас деп те атайды.

Дәнді дақылдар тұқымдастығы 500-ге жақын тектерді біріктіреді. Олар үшін кіші тұқымдастыққа бөлінеді: Бамбук (Bambusoi) тұқымдастар, қоңырбас (Pooicleae) тұқымдастар-бидай, сұлы, қара бидай, күріш, арпа және басқалар, тары тұқымдастар (Papicoideae) - тары, қонақ жүгері, жүгері тағы басқалар. Бидай қоңырбас тұқымдастардың ішінде арпа трибасына жатады, кейде бидай трибасы деп те атайды. (Tribus triticeae) деп халықаралық ботаникалық номенклатурада аталған. Бұл триба екі кіші туысқа бөлінеді. Бидай бірінші кіші туысқа жатады.

Бидай туысына 27 түр кіреді. Оның ішінде ең көп тараған жұмсақ бидай (Triticum aestivum) екі түрге бөлінеді: жаздық және күздік бидай. Жаздық бидайды көктемде, күздік бидайды күзде егеді. Күздік бидай қысы жылы оңтүстік аймақтарға ғана егіледі. Ол аймақтарға Украина, Молдова, солтүстік Кавказ, орталық қаратопырақты аудандар, ал Қазақстанда - Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстары жатады. Кейінгі кезде солтүстік облыстар үшін қысқа төзімді сорттар шығарылып тарай бастады. Күздік бидай барлық бидай егісі көлемінің 20-25 процентін ғана алады. Күздік бидай жаздық бидайдан гөрі өнімді көбірек береді және ерте орылып, күзде себіліп, ауылшаруашылық қызеткерлеріне бірқатар жеңілдік жасайды.

Күздік бидай өзінің өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы арқылы ерекшеленеді және олардың өсіп-өнуіне керекті сапалық кезеңдері де әртүрлі. Күздік бидай өзінің яровизациялық сатысының өтуіне төмен темпетатура (0-(-) 20 0 С) керек етеді және ол саты көп уақыт ( 60-90 күн) ішінде өтеді. Егер күздік бидай көктемде себіле қалса, ол дән байламайды, қысқа дейін өсіп қыстап шығады да, екінші жылы ғана өнім береді \7\.

Күздік бидай егісі көлемі жөнінен жаздық бидай мен арпадан кейін үшінші орын алады. Ол ТМД елдерінде 19 млн-га жерге егіліп отыр. Бұл дақыл егісінің шоғырланған жері (70%) Солтүстік Кавказ аймағы мен Украина елі. Әжептәуір егіс көлемі Азербайжан, Малдавия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның оңтүстік аудандарында (94, 9 мың гектар) кездеседі.

Күздік бидай - топырақ құнарлылығын ұнататын, бірақ минералды тыңайтқыштар бергенде өнімін мол және тез көтеретін дақыл.

Қазақстанда Алматы, Жамбыл, Талдықорған және Шымкент облыстарында егіледі, суармалы жерлерді дұрыс баптаса тұрақты және мол өнім алуға болады.

Күздік бидай тұқымы 3-4 0 С жылылықта өне бастайды, ал 12-15 0 С жылылықта жаппай өнім шығарады. Күздік вегетациялық кезеңі 45-50 күнге, ал көктемгі, жазғы кезеңі 75-85 күнге созылады.

Алғы дақылдары. Күздік бидайдан тұрақты және мол өнім алуда топырақ ылғалдылығы мен қоректік заттарын жақсы сақтап, мол қалдыратын, арамшөптері аз алғы дақылдар болғаны жөн. Алғы дақыл ерте жиналып, топырақ күздік бидайды егуге ерте әзірленетін болса, жоғарыдағы алғы дақылға қойылған талаптар орындалады.

Күздік бидайдың суармалы жерлеріндегі тиімді алғы дақылдарына-жоңышқа, бұршақты дақылдар, сүрлемдік жүгері, қант қызылшасы жатады. Ондай дақылдардан кейін егілгенде органикалық заттардың, қажетті азоттық топырақта көп жиналуына байланысты, күздік бидайдан мол өнім алуды қамтамасыз етуге болады.

Топырақты ерте әзірлеп, мезгілінде себуге дайын болуына байланысты сүрлемге шабылып алынған жүгері күздік бидай үшін әсері ұзаққа созылатын алғы дақыл қатарына жатады.

Ауа райының аса құрғақшылығына байланысты суарылмайтын егістіктегі күздік бидай өз өнімін 2-3 есе азайтады, сондықтан алғы дақыл ретінде қара және ерте айдалған парлар немесе көп жылдық шөптер пайдаланылады.

Топырақты өңдеу. Уақытында және сапалы өңделген топырақта ғана күздік бидайдан мол өнім алуға болады. Топырақты өңдеу тәсілі алғы дақылға, топырақтың тығыздығына және арамшөптердің аз-көп болуына байланысты.

Көп жылдық шөптерді жинап алған соң, негізгі мақсат олардың қалдықтарын топыраққа 8-10 см тереңдікте сыдыра жыртқышпен өңдейді де, фосфор, калий тыңайтқыштары берілісімен 27-30 см тереңдікке жыртады.

Отамалы дақылдардан кейінгі күздік бидай үшін әзірленген топырақ 8-10 см тереңдікке жүргізілген дискілі сыдырғышпен өңделіп, тырмасы бар плугпен 20-25 см жыртылып, артынан нығыздалады.

Күздік бидайдың алғы дақылы ретінде суарылмайтын егістікте таза немесе ерте айдалған пар пайдаланылса, олар жаз бойына 3-5 рет 10-12 см тереңдікке жыртылып, бидайды себер алдында ғана 5-6 см тереңдікке қопсытылуы қажет.

Жыртуды күздік бидайды себуден 1 ай бұрын бітіре алмаған жағдайда, топырақты сыдыра жыртқышы бар бір агрегатпен тырмалау мен нығыздау процестерін бірден жүргізіп өңдеген жөн.

Тыңайтқышты қолдану. Дәнді дақылдар ішінде топырақтың құнарлығын аса қажет ететін дақылдардың бірі - күздік бидай. Мәселен, әр гектардан 25-30 ц өнім алған жағдайда, дәнмен және сабанмен бірге 80, 9 кг азот, 23, 5 кг фосфор, Суармалы егістікке берілген тыңайтқыштар өнімнің сапасы жақсарып, дәнегі белок мөлшерін 30-70% көтереді. Сондықтан күздік бидай бір жерге 3-4 жыл егілсе, шалғынды сұр және ашық қоңыр топырақты жерлерде ( қант қызылшасынан немесе жүгеріден кейін) N 150 P 60 K 40 мөлшерінде минералды тыңайтқыштар қолданады. Азотты тыңайтқыштарды үшке тең бөліп, тұқым себер алдында, ерте көктемде, масақтану немесе дәннің толысуы кезеңдерінде берген жөн. Ал фосфор және калий тыңайтқыштары топырақты негізгі өңдеу кезінде сіңіріледі. Күздік бидайды көп жылдық бұршақты дақылдардан кейін еккенде азотты тыңайтқыштар мөлшері 30-40% кемітіледі.

Тұқым себу. Егілетін дәннің өсу қабілетін, өнімділігін көтеру мақсатында оны жылы ауамен үрлеп, қара және шаңды күйеге қарсы күресу әдістерін қолданады. Қара күйеге қарсы 1 ц дәнге 100гр гранозан, 200гр гексатиурам, 200гр ТМТД, меркурбензол қосылса, шаңды күйеге қарсы ыссы ауа пайдаланылады.

Болашақ егіннің, әсіресе суармалы егістіктегі күздік бидайдың жатып қалмауы үшін тур-хлорхолинхлорий препараты пайдаланылады.

Тұқымды дәрілеуге тур дәрісінің жартылай құрғақ түрін пайдаланады 1 тонна дәнге 5 л тур дәрісін 20 л су қосып, 10% қоспа ретінде, себуге 3-5 күн қалғанда қолданады. Кей жағдайда тур дәрісін өсімдіктің түптену-сабақтану кезенінде де пайдалануға болады. Қалай болғанда да тур препаратын қолдану аудандастырылған күздік бидай сорттарының, әсіресе суармалы жерлердегі өнімді көтеру жолдарының бірі болып отыр.

Ерте себілген күздік бидай егістігі түрлі ауруларға шалдығып, топырақ ылғалдылығын дұрыс пайдалана алмайды, көктемдегі және жаздағы аңызаққа шыдамсыз келеді.

Кеш себілген жағдайда, өсімдіктің күзде жай өсіп-дамуына байланысты, түптеніп үлгірмейді де, сабақ сандары кеміп, негізгі тамырларын өсіріп үлгере алмайды. Қыстың қолайсыз жағдайларында шыдай алмай, кейде ішінара, кейде толығымен құрып кетеді.

Күздегі вегетацияның аяқталуында (тәуліктік температура 5 0 С болғанда) 2-4 сабағы бар күздік бидайдың мол өнім береді. Сондықтан күздегі тәуліктік әсерлі температура қосындысы 50-58 0 кем немесе аспағаны дұрыс. Сондықтан күздік бидайдың себілуінен бастап қысқы жақсы әзірленуіне 45-60 күн уақыт қажет.

Қазақстанда күздік бидайдан мол өнім, көптеген аудандарда (Ақсу, Сарқант, Андрев, Алакөл) сентябрьдің екінші онкүндігінде себілгенде ғана алынып жүр.

Себілетін күздік бидай тұқымының мөлшері топырақтың құнарлылығына, алғы дақылға, ауа райына, себу уақытына тікелей байланысты.

Тұқымның сіңірілу тереңдігіне жас өркеннің жер бетіне шығу жылдамдығы мен түптену тереңдігі тікелей байланысты. Орташа сазды топырақта тұқым 5-6 см, жеңіл құмайтты топырақта 6-7 см, сазды топырақта 6-7 см, ал беткі қабаты тез кебетін топырақта себу мерзімі кешіккен жағдайларда, 7-9 см тереңдікке себіледі.

Топырақтың жоғары қабатынан әрбір см төмендеген сайын температура 3 0 С жылы болады. Сондықтан күздік бидайдың қарсыз қыста 25 0 С суыққа төзуі үшін, түптену тереңдігі 3, 5-4 см тереңде орналасуы қажет. Дәнді тереңірек сіңірген сайын сиреуі азайып, апаттан аман қалуына жағдай туатының ескеру қажет.

Тұқым себу әдістерінің ішінде ең көп тарағаны-тар қатарлап, тоғыспалы және диагональды тоғыспалы себу әдісі. Себудің қай әдісін пайдалансақ та басты мақсат-өсімдіктің кеңістікке тең орналасуына, тамырының, сабағының өсуіне, қысқа төзімділігіне жағдай жасай отырып, мол өнім алуды қамтамасыз ету. Тар қатарлап сепкенде еңбек пен қаржы аз жұмсалады, әрі бидай сабағының жақсы дамуына әсер ететін жарық мол түседі.

Себу әдістерінің түрлері алғы дақылдарға тікелей байланысты, тамыр қалдықтары көп болған жағдайда тар қатарлап себуді пайдаланады.

Оңтүстік аудандарда бір айналымда: жер қопсытатын, тұқым себетін, тыңайтқыш өндіретін, топырақты нығыздайтын-төрт операцияны бірден атқаратын СЭС-2, 1 тұқым себу машинасын пайдалану қолайлы.

Көп жылдық деректер бойынша Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күздік себілгеннен кейін, көктеп шығу кезінде, жауын-шашын тапшы болады, сондықтан топыраққа жер жыртар алдында немесе жерді жыртқан соң, механикалық құрамы орташа және ауыр топырақты жерлерде әр гектарына 1600-1800 текше мерт, ыза суы жақын жатқан жеңіл топырақты жерлерде 600-700 текше мерт мөлшерінде су беруге тиіс.

Республиканың оңтүстік облыстарының тау бөктеріндегі егістеріне жылына 400 мм жауын-шашын түсетін болса, бұл жерге егілген күздік бидайдан суарусыз-ақ жақсы өнім жинауға болады.

Күздік бидай егістігінде тұқым сепкеннен кейін топырақты нығыздау, минералды тыңайтқыштармен қоректендіру, қар мол түсетін жерлерде қар тоқтату және арамшөптермен күресу сияқты баптау жұмыстарын жүргізеді.

Топырақты нығыздау ауыр шығыршықты катокпен тұқымды себер алдында немесе сеуіп болғаннан кейін жүргізіледі. Нығыздау жүргізілген егістік жерлерде топырақтың жақсы жанасуы қамтамасыз етіледі де, төменгі қабаттан тұқымға ылғал тез әкеледі, тұқым уақытында бөртіп, шапшаң өнеді.

Басқа да дәнді дақылдар сияқты күздік бидайды да бөлектеп немесе тікелей орып жинайды.

Бөлектеп жинау әдістері арамшөптері көп, сабағы биік, жатып қалған, бір шаршы мертде 260-300 түп сабағы бар егістіктерде, 15-20 см биіктікте кесу арқылы, себу бағытына көлденең жүргізіледі.

Тікелей ору- дән ылғалдылығы 14-16% төмендеген кезінде құбылмалы ауа райы жағдайында, сирек, қысқа сабақты болып, пісу кезеңі өтіп кеткен егістіктерде 10-20 см биіктікте жүргізіледі \4\.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері
Бидайдың сапасын зерттеу
Күздік бидайға жалпы сипаттама
Жаздық бидай дақылы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы
Топырақтың тұздану деңгейі
Тұздың өсімдікке әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz