Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарының негiзiнде әзiрлендi және Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыруға бағытталған.
Таяу кезеңге арналған бiрiншi кезектегi мiндеттер мен басымдықтар Президенттiң Қазақстан халқына "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" Жолдауында Үкіметке Мемлекет басшысы берген тапсырмалардан туындайды.
Экономикалық өсу қарқыны, макроэкономикалық көрсеткiштердiң теңдестiгi, қаржы ресурстарының берiк қоры болуы, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы бөлiгiндегi экономиканың жай-күйi Үкіметке ағымдағы кезеңдегi проблемаларды шешудi ескере отырып, мақсаттар мен мiндеттер қоюды ғана емес, сонымен бiрге ұзақ мерзiмдi міндеттерді орындау жөнiндегi жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Бағдарлама аясында Үкімет таяудағы үш жылда Мемлекет басшысы қабылдаған стратегиялық бағдарламалық құжаттарды iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Сонымен бiр мезгілде, олардан таяу уақытта экономикалық және әлеуметтiк нәтиже алынатын мiндеттер шешiледi.
Осыған байланысты Үкімет өз алдына өз қызметiнiң барлық бағытындағы жұмысты сапалы түрде жақсартуды қамтамасыз ету мiндетiн қояды.
Ел экономикасының даму серпiнi мен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективадағы халықтың әл-ауқатының деңгейi, көбiнесе орталық және жергiлiктi басқару органдары жұмысының қалай ұйымдастырылғанына, Қазақстанның экономикалық әлеуетiне осы Үкімет құрамы қандай сапалық өзгерiстер енгiзетiнiне байланысты болады.
Дүниежүзiлiк қоғамдастықта Қазақстан экономикалық даму үшiн жақсы әлеуетi бар мемлекет ретiнде орнықты. Осы әлеуеттi неғұрлым тиiмдi түрде iске қосып әрi экономиканың дамуының жоғары қарқыны негiзiнде халықтың неғұрлым қалың тобының әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мiндетi алда тұр.
Қазақстанның экономикасы көбiнесе бағасы едәуiр ауытқымалы шикiзат экспортына тәуелдi. Бұл жағдаят елдiң ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бiрқатар мiндеттердi шешудi талап етедi.
Осыған байланысты Үкімет Бағдарламаны дайындау кезiнде экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн сыртқы факторлардың өзгеруіне және iшкi өндiрiстiк әлеуеттi пайдалану деңгейiн арттыруға барабар ден қою шараларына ерекше назар аударды.
Үкімет елдiң егемендiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және ұлттық қауiпсiздiгін нығайту жөнiндегi жұмысты жалғастырады.
Бiздiң мемлекеттiң ықпалдастық бастамалары экономикалық өсудiң жеделдеуiне ықпал етедi.
Үкімет Қазақстанның халықаралық беделiн нығайтуға, әлемдегi жетекшi елдермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара тиiмдi ынтымақтастықты тереңдетуге әрi кеңейтуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Сыртқы саяси мақсаттарды одан әрi алға бастыруға, республиканың геосаяси және экономикалық мүдделерiн қорғауға ерекше назар аударылады.
Орталық Азияда терроризмнiң, дiни экстремизмнiң, есiрткi құралдары заңсыз айналымының, заңсыз көшi-қонның таралуына қарсы тұру мақсатында Үкімет Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), "Орталық Азиядағы ынтымақтастық" ұйымы (ОАЫ) аясындағы белсендi жұмысты жалғастырады.
Үкімет Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңестiң (АӨІСШК) процесiн одан әрi дамыту және оның институттарын қалыптастыру жөнiндегi белсендi жұмысты жалғастырады.
ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығының және штаб-пәтерi Бішкек қаласында құрылатын ШЫҰ-ның Терроризмге қарсы құрылымының (РАТС) қызметiне ұдайы назар аударылады.
Ішкi даму басымдықтарымен байланыстыру әрi ықпалдастық процестерiнiң тиiмділiгiн арттыру көзқарасы тұрғысынан аталған ұйымдардың қызметiне Қазақстанның қатысуы жандандырылады.

1. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық
дамуын талдау
1999 жылдан бастан Қазақстанның экономикасы салыстырмалы түрде макроэкономикалық тұрақтандыруға және өсудiң жоғары қарқынына қол жеткiзумен сипатталатын даму сатысында тұр.
1999-2002 жылдары республикада жалпы iшкi өнiмнiң жиынтық өсуi - 40, 1%, өнеркәсiп өндiрiсi - 48, 2%, ауыл шаруашылығы өнiмi 47, 7%, құрылыс - 87, 1% құрады. 1993-2002 жылдары республикадағы тікелей шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемi 21 млрд. АҚШ долларынан асты.
Соңғы жылдары инфляция деңгейі: 1999 жылы 17, 8 %-дан, 2002 жылы 6, 6%-ға дейiн едәуiр азайды. Қайта қаржыландыру ставкасы ТМД елдерi iшiндегi ең төменгiлердiң бiрi (7 %) .
Экономиканы монетарландыру деңгейi 1999 жылдың аяғындағы 13, 6%-дан 2002 жылдың аяғында 20, 4 %-ға дейiн ұлғайды. Бұл ретте 2000 жылдың басынан бастап халықтың депозиттерi (резидент еместердi ескере отырып) 286, 9 млрд. теңгеге дейiн 5, 2 есе ұлғайды, ал банктердiң, экономикаға кредиттерiнiң көлемi 770, 2 млрд. теңгеге дейiн 5 есе өстi.
Ұлттық Банктiң халықаралық резервтерi және елдiң Ұлттық қорының қаражаты 2003 жылдың маусымына қарай 7 млрд. АҚШ долларына дейiн өстi.
Еуропалық экономикалық Одақ пен АҚШ конгресі Қазақстанды нарықтық экономикадағы ел деп таныды. 2002 жылдың қыркүйегiнде "Moody's Iпvestors Service" жетекшi халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрi Қазақстанға инвестициялық санатқа жататын Ваа3 кредиттiк рейтингiн белгiледi. 2003 жылғы мамырда "Standard & Poor's Rating Services" агенттiгi Қазақстан Республикасының шетелдiк валютадағы мiндеттемелерi бойынша ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингтерiн "ВВ"-дан "ВВ+"-ға дейiн көтердi және ұлттық валютадағы мiндеттемелер бойынша кредиттiк рейтингтерiн "ВВ+/0ң/В"-дан "ВВВ-/Тұрақты/А-3"-ке дейiн көтердi, мұның өзi Қазақстан экономикасының әлеуеттiк мүмкiндiктерi орнықты түрде бекуде екенiн көрсетедi.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды орташа ақшалай табысы 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 13, 7%-ға артты және 100 мың теңгенi құрады. Осы кезең iшiнде нақты ақшалай табыс 7, 4%-ға өстi. 2002 жылы нақты орташа айлық жалақы 2001 жылмен салыстырғанда 10, 1 %-ға өстi. Орташа айлық зейнетақының нақты өсуi - 11, 4 %-ды, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың өсуi - 6%-ды құрады.
1999-2002 жылдары экономикалық белсендiлiктiң артуына оң әсер еткен негiзгi факторлар: республикадағы тұрақты саяси жағдай; жекелеген тауар рыноктарындағы қолайлы конъюнктура; кәсiпкерлiктiң дамуы; халықтың тұрмыс деңгейiнің жақсаруы нәтижесінде iшкi сұраныстың артуы; қолайлы инвестициялық ахуал; экспортқа бағдарланған өндiрiстердi қалыптастырумен бiр мезгiлде жүргiзiлген импорт алмастыру саясаты; ТМД елдерiндегi дамудың жоғары қарқыны.
Қазiргi уақытта елдегi макроэкономикалық ахуал тұрақты. 2003 жылғы бiрiншi жарты жылдықта жалпы iшкi өнiмнiң өндiрiлуi өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғандағы бағалау бойынша 10, 4%-ға өседi. Өнеркәсiптегi өндiрiс көлемi ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 9, 6%-ға, ауыл шаруашылығы 5, 2%-ға, негiзгi капиталға инвестициялар - 12, 9 %-ғa, көлiктiң барлық түрiмен жүк тасымалдау - 9, 6%-ға, байланыс қызметiн көрсету - 23, 6 %-ға ұлғайды.
2003 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102, 3 % құрады.
2003 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерi бойынша экспорт 4954, 2 млн. АҚШ долларын (2002 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 46 %-ға өсу), импорт - 3071, 1 млн. АҚШ долларын (23 %-ға ұлғаю) құрады.
2003 жылғы бiрiншi жарты жылдықта номиналды жалақының өсуi 113, 7%-ды құрады, нақты жалақы 6, 4%-ға ұлғайды. Жылдың басынан бастап халықтың нақты ақшалай табысы 5, 4 %-ға өстi.
Республика экономикасында ағымдағы жылғы маусымда 6, 9 млн. адам жұмыспен қамтылған, жұмыссыздық деңгейi 8, 5%-ды құрады.

2. Үкiмет бағдарламасының мақсаты мен басым бағыттары
Үкімет сабақтастықты қуаттай отырып, 2003-2006 жылдарда басты мақсат ретiнде қоғамдық-саяси тұрақтылық, орнықты әлеуметтiк-экономикалық даму, экономикалық және экологиялық қауiпсiздiктi нығайту, жүйелi қатерлердi азайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту негiзiнде барлық өңiрдегi халықтың тұрмыс деңгейiн арттыру деп айқындайды.
Үкімет қоғамды одан әрi демократияландыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақталуы мәселелерiне баса назар аударатын болады.
2003-2006 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттары:
eл өңiрлерiнің әлеуметтiк-экономикалық дамуы деңгейiндегi әркелкiлiктi, кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту;
Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын қамтамасыз ету және ауылдағы (селодағы) тұрмыс жағдайларын сапалы түрде жақсарту;
елдiң Индустриялық-инновациялық дамуы стратегиясын іске асыру;
қоршаған орта сапасын тұрақтандыру;
ғылымды, бiлiм беру мен халықтың кәсiби бiлiктiлiгiн арттырудың қазiргi заманғы әрi тиiмдi жүйесiн құру;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту;
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
халықты зейнетақымен және әлеуметтiк қамтамасыз етудi одан әрi жетiлдiру;
мемлекеттiк қызметшiлермен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң жалақысын көтеру;
Астананы одан әрi дамыту.
Мақсаттарға және орташа мерзiмдегi басымдықтарға қол жеткiзу Үкіметтен мыналарды:
елдiң қаржы және бюджет жүйесiнiң макроэкономикалық теңдестiгi мен тұрақтылығын;
валюта және сауда режимдерiн ырықтандыруды;
халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру, кедейшiлiкпен және жұмыссыздықпен күрес есебiнен iшкі сұранысты арттыруды;
инвестициялық ахуалды жетілдiрудi;
шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн азайту мен оны қорғауды оңтайландыруды;
тұтас алғанда, өңдеушi өнеркәсiпте, сондай-ақ ғылыми жетiстiктер мен инновациялық әзiрлемелердi енгiзу есебiнен еңбек өнiмділiгiн арттыруды;
ауыл шаруашылығы өнiмдiлiгiн арттыруды және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi дамытуды;
қазiргi заманғы құрылыс кешенi мен құрылыс материалдары өнеркәсiбiн дамыту есебiнен тұрғын үй салуды және өндiрiстiк құрылысты жандандыру үшiн ынталандыруды жасауды;
салық салынатын базаны кеңейту есебiнен салық жүктемесiнің азаюы кезiнде мемлекеттiк кiрiстердi ұлғайтуды;
бiлiм берудi, ғылым мен инновациялық қызметті басым дамытуды;
экономиканың барлық деңгейi үшiн сапалы жаңа ғылыми, басқару, инженерлiк-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлауды;
экономикаға тiкелей инвестициялар ағынын ынталандыруды;
экономиканың инфрақұрылымын дамытуға және оның өндiрiстiк құрылымын жетілдiруге жұмсалатын мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалануды;
өндiрiстiк күштердi ұтымды орналастыру үшiн жағдай жасауды;
ТМД, ЕурАзЭҚ, OAЫ, ШЫҰ аясында экономикалық ықпалдастықты тереңдету әрi кеңейту және Өңiрлiк ықпалдастық ұйымының мақсаттарын практикалық iске асыру болып белгiлендi.
Үкімет 2003-2006 жылдары:
жалпы iшкi өнiмнiң нақты орташа жылдық өсуiн 7-7, 5% мөлшерде;
жалпы iшкi өнiмнiң халықтың жан басына шаққандағы деңгейiн 2006 жылы 2600 АҚШ долларына баламалы сомаға дейiн көтерудi;
инфляцияның орташа жылдық деңгейiн 4, 5 - 5, 5%-дан асырмауды;
өнеркәсiптiк өндiрiстiң орташа жылдық өсуiн 9-9, 5% деңгейiнде ұстауды;
табысы ең төменгі күнкөрiс деңгейінен аз халықтың үлесiн 20%-ға дейiн азайтуды қамтамасыз етудi жоспарлауда.
3ейнетақының, мемлекеттiк жәрдемақылардың, бюджеттiк саладағы қызметкерлер жалақысының мөлшерiн нақты ұлғайту жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Мұның өзi елдегi iшкi тұтынушылық сұранысты ұлғайтуға әрі елдiң шағын және орта кәсіпорындарындағы тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсету өндiрiсiн дамытуды көтермелеуге мүмкiндiк бередi.

3. Өңiрлiк саясат

3. 1. Өңiрлiк даму
Қазақстан Республикасы өңiрлiк саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Өңiрлер экономикасының тиiмділiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар iске асырылуда.
Сонымен бiрге, тұтас алғанда ел экономикасының өсуiне қарамастан, республикада өңiрлердiң, соның iшiнде шағын қалалардың, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде едәуiр алшақтық байқалады. Жан басына шаққанда халықтың орташа ақшалай табыс деңгейi бойынша өңiрлер арасындағы алшақтық үш ретке жетедi.
Өңірлер арасында ғана емес, сонымен қатар олардың өз ішінде де ақшалай табыстардың едәуiр айырмашылығы сақталуда. Көптеген шағын қалалардағы жан басына шаққанда халықтың орташа ақшалай табысы тиiстi облыстардың орташа деңгейiнiң 30-80%-ын ғана құрайды. Ауыл тұрғындарының номиналды ақшалай табысы қала тұрғындарымен салыстырғанда екi есе төмен.
Мақсаттары
Инфрақұрылымның нығаюына, проблемалық аумақтарды атаулы қолдау саясатымен ұштастырып, халықты әлеуметтiк қамтамасыз етудiң кепілдiк берілген көлемiне қол жеткiзуге жәрдемдесетiн басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен өңірлердiң әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейлерi арасындағы алшақтықты азайту.
Шешу жолдары
Алдағы кезеңде өңiрлердің қарқынды әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенi iске асырылады.
2004 жылдан бастап ресурстарды экономикалық перспективалы жерлерде шоғырландыруға мүмкіндiк беретiн әрi ауыл халқының жеткiлiктi табыс деңгейiн қамтамасыз ететiн ауылдық аумақтарды тиiмдi дамыту мен қоныстандырудың оңтайлы схемаларын қалыптастыру жөнiндегі шараларды көздейтiн, Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру басталады.
2004 жылы ел өңірлерінің әрқайсысының әлеуетiн ұтымды пайдалану ескерілетiн, тиiмдi әрi теңдестіре дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының Аумақты дамытудың 2015 жылға дейiнгi бағдарламасы қабылданады. Ол адамдарды қоныстандыру және өндiрістiк, энергетикалық, көлiк, коммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды орналастыру кезінде ұтымды iс-қимыл жүйесiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқару органдарының өзара iс-қимылына негіз болады.
2003 жылы шағын қалалардың функционалдық типологиясына сәйкес дамытудың негізгі бағыттарын олардың нарық негіздерінде өзiн-өзi дамытуына көшуге ықпал ететін әкiмшiлiк-құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларын айқындайтын Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданады.
Мынадай мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жалғастырылады:
әкімшiлiк және iскерлiк функцияларды жүзеге асырумен қатар, өңiраралық ықпалдастық байланыстарын нығайту арқылы елдiң барлық өңiрлерiн дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндiк беретiн, Астанада елорда ортасын үйлесiмдi дамытуды қалыптастыруға бағытталған "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2005 жылға дейiнгi бағдарламасы";
Алматының республиканың қаржы, ғылым, бiлiм, мәдени және туристік орталығы ретiнде қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған "Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы".
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттіктердi ажырату жөнiндегi жұмыс шеңберiнде республикалық және жергiлiктi басқару деңгейлерi арасындағы қазіргі қатынастар жүйесi жетiлдiріледi, мұның өзi өңiрлер мүдделерiнің ерекшелiгін ескеруге және олардың экономикалық өсуi мен халықтың тұрмыс деңгейiн әрi сапасын арттыруға ресурстық әлеуетiн тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Осы мақсатпен 2004 жылдан бастап:
басқарудың ауылдық, кенттік және қалалық (аудандық маңызы бap) деңгейлерiне бекiтiлетiн функциялардың тiзбесiн кеңейту;
оларға заңды тұлға мәртебесiн берiп, ауылдар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкiмдерiнің аппараттарын қалыптастыру көзделедi.
Сонымен бiр мезгiлде, әкiмдердiң өз шығыстарын жоспарлау мен атқарудағы дербестігін кеңейту үшін басқарудың осы деңгейін қаржыландыру тетiгi жетілдiредi.

3. 2. Тұрғын үй-коммуналдық сала
Тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалау барысында тұрғын үй секторы нарықтық қатынастарға көштi, тұрғын үй қорының 96 пайыздан астамы жеке меншiкте.
Коммуналдық қызметтер көрсету рыногында бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасалды. Есептеу жолымен белгiленетiн коммуналдық қызметтер көрсетудi тұтынудың орташа нормаларынан iс жүзiнде пайдаланылған қызметтер көрсету көлемiне ақы төлеуге көшу жүредi.
Сонымен бiрге, тұрғын үй қорын пайдалану және күтіп-ұстау мәселелерi проблема болып қалуда. Тозған және авариялық тұрғын үйлер көлемi ұлғаюда.
Мақсаттары
Азаматтардың тұрғын үйлерде сапалы әрi қауiпсiз тұруы үшiн жағдайлар жасау және көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi жақсарту.
Шешу жолдары
Тұрғын-үй-коммуналдық саланы реформалау жалғасатын болады.
Тозған және авариялық тұрғын үйлердi бұзу жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудi және бекiтудi жеделдету қажет. Тұрғын үйлердi күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру тетіктерi әзiрленуi және осы қаражатты жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етiлуi тиiс.

4. Индустриялық-инновациялық саясат
Шикiзат ресурстарының өндiрiсi мен экспортын үдемелi дамыту ұлттық экономиканың дағдарысты еңсеруіне және соңғы үш жылда экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Өнеркәсiп салаларын теңдестiре дамыту мақсатында Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы мен Каспий теңiзiнің қазақстандық секторын игерудің 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрлендi.
Өнеркәсіп көлемiнің өсуiне қарамастан, мынадай проблемалар: шикiзатқа бағытталушылық, өңдеушi өнеркәсiп өнімділігiнің төмендiгi, әлемдiк экономикамен ықпалдасудың мардымсыздығы, ел iшіндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың нашарлығы, iшкі рыноктағы тауарларға және қызметтер көрсетуге тұтынушы сұранысының (шағын экономика) төмендiгi, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы, ғылымның өндiрiспен пәрмендi байланысының болмауы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстардың аз болуы, менеджменттің экономиканың жаhандану процестерiне бейімделу және сервистiк-технологиялық экономикаға көшу мiндеттерiне сай келмеуі шешілмей қалып отыр.
Мақсаттары
Шикiзатқа бағытталудан арылуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, сервистiк-технологиялық экономикаға ұзақ мерзiмдi жоспарлы түрде көшуге жағдай жасау.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызметтер көрсету саласында бәсекеге қабiлеттi әрi экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi өндiру, сондай-ақ өндiрiлетiн өнiмге халықаралық сапа стандарттарын енгiзу.
Шешу жолдары
Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы мен Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын тиiмдi iске асыру.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары қабылданады.
Осы жоспардың аясында қолданыстағы және әзірленетін бағдарламалардың Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттерiне сәйкес келуi мәнiнде оларды талдау жүргiзiледi, сондай-ақ инвестициялық әрi инновациялық әлеуетi көзқарасы тұрғысынан экономиканың басым салаларын iрiктеу жөнiнде зерттеулер жүргiзiледi.
Экономиканың шикiзат секторын дамыту Үкіметтің тиiстi салалық және секторалдық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Yкіметтiң iс-қимыл кәсiпкерлік ахуалды орнатуға, жеке секторды ынталандыратын және бәсекелi басымдықты жетілдiретін, неғұрлым қосылған құнға қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегіндегi элементтердi игеретiн қоғамдық институттарды қамту мен олардың құрылымын құруға, сондай-ақ елдегi ғылым мен инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясатты жүзеге асыруға бағдарланатын болады.
2003-2006 жылдар iшiнде нарықтық экономика қағидаттарына негiзделетiн және халықаралық практикаға сай келетiн техникалық реттеу жүйесiн құрудың нормативтiк құқықтық базасы әзiрленетiн болады.
Республика кәсiпорындарында 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарының талаптарына сай келетiн сапа мен экологиялық менеджмент жүйелерiн әзiрлеу мен енгiзу жалғасатын болады.
Өңдеушi өнеркәсіпке тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегi жұмысты жандандыру, қосылған құны жоғары өндiрiстi дамыту, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған жаңа өндiрістердi құру мақсатында ағымдағы жылы құрылған мынадай даму институттары iске қосылатын болады:
капиталға үлестiк бақылаусыз қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарларды өндiретiн қазақстандық компанияларды құруға жәрдемдесетiн Қазақстанның Инвестициялық қоры;
негiзгi мақсаттары - инновациялық инфрақұрылымды құру, венчурлік қаржыландыруды дамытуды көтермелеу, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды қаржыландыру болатын Ұлттық инновациялық қор;
саяси және жүйелі тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен қазақстандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызметтер көрсетуi экспортына жәрдемдесу үшiн Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы.
Алдағы кезеңде осы даму институттарын қалыптастырудың дайындық сатысы, олардың пилоттық жобаларды жүзеге асыруына қолдау көрсетілетін жұмыс істеу тетіктерін және өлшемдерін әзірлеу, жүргiзiлетiн болады. Олардың қалыптасуына қарай экономиканың барлық саласында Стратегияның iс-шараларын белсендi түрде iске асыру басталады.
Шикiзаттық емес секторда жұмыс iстейтiн отандық кәсiпорындарды кредиттеу көлемiн ұлғайту, өңдеушi өнеркәсiптi және өндiрiстiк инфрақұрылымды одан әрi дамыту мақсатында Даму банкiнiң жарғылық капиталы ұлғайтылды, ал экономикаға кредит беру құнын төмендету мақсатында оған бюджет ресурстары берiледi.
Шағын бизнестегi инновациялық және ғылымды қажет ететiн өндiрiстердi, оның iшінде лизинг бойынша жабдықтар мен технологиялар сатып алу және франчайзингтiк қатынастарды кеңiнен тарату есебiнен дамыту үшiн жағдайлар жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүліктер рыногының қалыптасуы мен дамуы
Инвестициялық саясаттың модельдері
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz