Монополиялық бәсеке


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 2
I - бөлім. Монополиялық бәсеке
§1. 1 Бәсеке - нарықтық механизмнің басты элементі . . . 3
§1. 2 Нарық құрылымдары және бәсеке түрлері . . . 5
§1. 3 Монополиялық билік және монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері . . . 6
§1. 4 Монополистік өнім көлемін белгілеуі . . . 8
II - бөлім. Тауарға баға белгілеу
§2. 1 Монополиялық бәсеке нарығындағы баға кұру саясаты . . . 12
§2. 2 Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзімдік кезеңіндегі жұмысын талдау . . . 14
§2. 3 Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі . . . 15
§2. 4 Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары . . . 17
§2. 5 Бағаны инициативті өзгерту . . . 18
§2. 6 Мемлекет тарапынан монополияны реттеу . . . 21
III - бөлім. Монополиялық бәсекелестің жарнама элементі, монополиядан тазарту
3 . 1 Монополиялық бәсекенің ең басты қаруы жарнама . . . 24
3 . 2 Жарнама және мемлекеттік саясат . . . 26
3. 3 Қазақстанның монополияға қарсы саясаты . . . 29
Қорытынды . . . 32
Қолданылған материалдар . . . 33
КІРІСПЕ
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі - мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық процестерге араласуы - объективті қажеттілік екендігін түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңа жүйесін өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе - теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және микро/макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен түсіндіріледі. Бұл орайда сөзсіз рынок жағдайындағы бәсеке, соның ішіндегі монополиялық бәсекені танып білу маңызды рөл атқаратындығын атап айтқым келеді.
Сондықтан, менің осы тақырыпта курстық жұмыс жазып шығуыма түрткі болған микроэкономиканың бір бөлімі болып табылатын нарықтың монополиялық бәсеке моделіне қызығушылығым. Монополиялық бәсеке нарығы - көптеген ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Өнімдерді бір - бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады және де нарықтың осы құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі. Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс әрекеті.
Бәсекені оның тәсіліне қарай былай білеміз: бағалық және бағалылық емес өнімнің сапалық негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің рыноктың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық бәсекелестіктің мән - жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өнідіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы - жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.
Бұл курстық жұмысымда нарық құрылымының моделі монополиялық бәсекені қарастырғанда фирмалардың қысқа және ұзақ кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай белгілейтіні, жарнаманың атқаратын рөлі мен қазіргі таңда Қазақстанның монополияға қарсы саясаты баянадалған.
1. 1 Бәсеке - нарықтық механизмнің басты элементі
Нарықтық қатынастардың мән - мағынасы байқататын ұғымдардың бірі - бәсеке (латын сөзі конкурро - түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір - бірімен рыноктағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал тұтынушылар арасындағы бәсекені - нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Рынок жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсеке нарық субьектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді. Немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын рынокта өктем жүргізеді. Рынок субьектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке, монополия бір - бірімен кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша, бір тауар түрін тутынушылар 4 - 5-тен аз болмағаны жөн, ал 8 - 15-тен болса тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда - саттықты бақыласа, онда нарық монополияланған болып табылады.
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А. Смит бәсекенің еркін теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарық экономикасы бар елдерде XVIII-ші ғасырда XIX-ғасырдың соңға ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің тууына дейін барған.
Классикалық бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық емес монополялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополялық бәсеке теориясында айқын көрінді. Оның негізін қалаушы американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс болды.
Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: "өнімді дифференциялау" үшін ол былай деп жазған: Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды" барлығында, қайда болсада белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. Әрбір сатушы өз меншігіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз - өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге ұмтылады.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауар өткізу нарығына өзара бөлісуін көрсетті. "Көптеген ірі корпорациялар олигополиялық нарқы құрылымында әрекет етеді, " - деп 1975 жылы американ экономистері Роберт Хейлбронер мен Лестер Туроу жазды.
Олар рынокты бөледі және бір - бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды ұсыну т. б арқылы бәсекелестікке түседі. Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: "Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілерді іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасына әсер етуі болмауын қадағалайды". Жетілмеген бәсеке бағаға қайдағы бір бәсекелес әсер еткенде пайда болады. Шындығына келгенде барлық иегерлер "еркін емес бәсекеге тартылған".
Бәсекені оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалық және бағалық емес өнімнің сапалық негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің рыноктың өзінде әртүрлі бағаларды көрсету бағалық бәсекелестіктің мән - жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде рынокта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы - жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазіргі рыноктар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, моноплиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке рыногы, таза монополия рыногы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық.
1. Жетілген бәсеке рыногы - кез - келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, рынокқа тауардың түсуін немесе бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды рыноктық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын - бидай, көкеніс, жеміс - жидек, ж. т. б.
2. Монополиялық бәсеке нарығы - көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Өнімдері бір - бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы өрлеуі бойынша ажыратуға болады, сондай - ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы, аяқ киім, тағам өнімдері, жағармай және бөлшек сауда жасау өте жақын.
3. Олигополия - бірнеше деген сатып алушылар рыногын көрсетеді, байқалатыны тіпті осылардың кейбіреулері рыноктың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті және әртекті болуы мүмкін олигополиялық бәсекенің бірдей бір белгісі сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп құра алмайды.
Себебі бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған немесе жіктелген.
4. Таза монополия рыноктың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100% - ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы, электр жүйесін және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелері.
Бәсеке құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез - құлықтық ұғым. Жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез - құлық рынокта байқалып қалады. Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің рыногын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Монополизмге мынадай экономикалық типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің мүдделерін контрагенттеріне, жалпы қоғамға жіктеуі мүмкін және олардың өзіне керекті тұтынысын жоққа шығарады.
Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсекеге жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндегі ерекше роль атқарады.
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс - әрекеті.
Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінін түсіндіреміз.
1. 2 Нарық құрылымдары және бәсеке түрлері
Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі рынокты зерттеуге көшу қиын емес. Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекті үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чемберлин, Дж Робинсон, Дж Хинс және басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.
Нақты жағдайда тек қана таза немесе жетілмеген бәсекелі таза монополия болмайды. Монополияны талдауда "монополия" ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы зор. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өзэтимологиясынан шығару дұрыс емес. Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма - тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес. 1 - суретте ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болсада сатып алушы бәрібір Q 1 санындағы тауарды сатып алады. Бірақ бұл не тауар? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі және фирма ОР тектігі арқылы шексіз жоғары қозғала алмайды.
Сондықтан "таза" монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек.
Жетілген бәсеке және таза абсолютті монополия екі логикалық шекті, қарама - қарсы рыноктық жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Таза монополияның абстрактілі жағдайлары мынадай маңызды сипаттармен ерекшеленеді:
- Монополист деген жақны субституттарда жоқ тауарды жалғыз сатушы.
- Монополист - сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Монополист фирманың рыноктағы хал - ахуалын түсіну үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.
Жетліген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы аөбейте алады.
Жетілмеген бәсекелік жағдайында монополистің бағаға белгілі бір билігі бар. Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формалаларына байланысты әртүрлі. Бірақ бастысы - монополист саналы түрде пайда ең жоғары болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұндайда сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайды деп болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ, мынадай заңдылық бар: баға өссе, онда сұраныс төмендейді және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі. Егер "таза" монополист барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны төмендету керек екенін біледі.
Олигополия рыногы мынадай типке бөлінеді:бірінші түрдегі олигополия үлкен мөлшердегі кәсіпорындары мен біртекті өнімді салалары жатады. Екінші түрдегі олигополияға дараланған тауарлар сататын бірнеше сатушылар жатады.
1. 3 Монополиялық билік және монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына өсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп жөне өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында түтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 1 - суретте бейнеленген.
1 - сурет. Монополияның ерекшеліктері
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ депұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополияланған , ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бесекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы зандар қабылданып, іске асырылуда. Бүл заңдарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық түрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) ірі өндірістің басымдылығы;
2) легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше ерекше қүқықтар) ;
3) бәскелесуді әділетсіз жүргізу.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жүмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық қүқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса - кұқығың бар, ал патент жоқ болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі -демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар - олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. ұсақ фирма шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен занды шектеулер көмегімен қорғалған.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанысы жоқ болатын жағдай.
1. 4 Монополистің өнім көлемін белгілеуі
Монополистің өнім шығарушы ретіңде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты - пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:
Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:
Енді Пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз:
Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (МС) шекті түсімге (МК) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз.
Өндірушінің жалпы түсімі формуласы бойынша анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:
Сұраныстың бағалық икемділігі былай анықталатыны белгілі:
немесе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz