ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. ХХ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 «Күншығыстағы мәдени революция» немесе алфавитті өзгерту саясатының мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1. 2 «Жаңа әліппешілер қоғамы» мен Жаңа қазақ әліпбиі комитетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 3 Латыншылардың әліпби жобалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
II. А. БАЙТҰРСЫНОВ БАСТАҒАН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСІ
2.1 А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .142.2 Арабшылардың араб графикасының артықшылықтары туралы пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Баку съезі және латын әліпбиінің ендірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Диплом жұмысының өзектілігі. Кез-келген халықтың ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында жазу мен емленің айрықша орын алатыны белгілі. Ұзақ мерзімді тарихи үрдістер нәтижесінде қалыптасып, материалдық және рухани құндылықтарды бейнелеуші және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретіндегі жазу таңбаларының өзгеру тарихы назар аударатын өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерден рухани сала да шет қалмады. Руханияттың көзі – ағарту ісі үлкен маңызға ие болғандықтан кеңес өкіметі халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесіне реформалар жасады. Қазақ алфавитін ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейінгі он екі жыл ішінде алфавит екі рет өзгертілді. 1928-30 жж. Латын алфавиті араб графикасының негізінде жасалған дәстүрлі қазақ алфавитін ауыстырса, 1940 ж. жазу кириллицаға көшірілді.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. қызу айтысқа айналып, аз ғана уақыт ішінде өзгертуге ықпал еткен кеңес үкіметінің өктемдік саяясатының мақсаты мен себептері, және осы саясатқа қарсы күрескен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларының пікірлері мен дәлелдерін, төл әліпбиді сақтап қалу барысында жүзеге асырған іс-шаралары туралы әлі күнге дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ. Тақырып аясындағы ХХғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының екі түрлі позиция ұстануы, латын әрпін ендіру саясатының бастау алуы, алаш зиялыларының араб әліпбиінің артықшылықтарын дәлелдеу себептері, А. Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен латын алфавитінің қажеттілігі дәрежесін айқындау т.б. мәселелер толық зерттелмеген және объективті баға берілмеген ақтаңдақтар қатарында қалып отыр. Осы мәселенің көлеңке тұстарын анықтау және сол арқылы ХХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ қоғамының саяси-мәдени ахуалы мен Алаш зиялыларының ұлттық көзқарасы, идеологиялық ұстанымдарын жан-жақты зерттеу, тану қажеттілігі туып отыр. ХХІ ғасырдағы тәуелсіз қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен рухани, елдік идеясын дәріптеуде Алаш қайраткерлерінің өнегесі мен мұрасының маңызы зор болып табылады.
Диплом жұмысының деректік қоры. Зерттеу жұмысында ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатындағы 81, 83, 141, 740, 929, 1692 қорларындағы 1, 2, 231, 244, 307, 309 істер/1/ қаралды. Және осы мәселеге қатысты ҚР Президенті мұрағатының 141 қорындағы 336, 915, 1560,/2/ негізгі дерек көздері болып табылады. Бұл құжаттарда 1924ж. Орынбор съезіндегі А. Байтұрсыновтың, Н. Төреқұловтың баяндамалары, 1926ж. Баку съезінің құжаттары, латыншылар мен арабшылардың пікірталасы, Жаңа Алфавит Қоғамының Қаулысы т.б. маңызды деректер мен мақалалар бар. Және тақырыпты зерттеуде А. Байтұрсынов еңбектері /3/ де қарастырылды.
1. ҚР МОМ құжаттары, 81-қор, № 1,2-істер.
2. ҚР Президенті мұрағаты, 141-қор,№1 тізімдеме, № 336- іс.
3. Байтұрсынов А. Жазу мәселесі: Қазақ тілінің мәселелері //Қазақ. – 1913. 16 октяб. ( № 4)
4. Байтұрсынов А. Ең жақсы әліпби біздікі //Алдаспан. – 2007. № 1-2, 6-8 бб.
5. Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы – 1994.
6. Ижанов З. Әліпби туралы архив не дейді? //Қазақ әдебиеті. № 7, 7.7.2000. 2-3 бб.
7. Қамзабекұлы Д. Қазақ зиялыларының әліпби айтысы //Қазақ әдебиеті. 12. 2001. 11-б.
8. Салқынбай А. Б. А. Байтұрсынов тағлымы
9. Нұрманова Ш. Б. Қазақ әліпбиінің өзгертілу тархы туралы //А. Ясауи университетінің хабаршысы, № 2, 2007, 323-326 бб.
10. Арықбаева Ж. А. Байтұрсынұлы әліпбиінің танымдық тағлымы// Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми хабаршысы. Қоғамдық гуманитарлық ғылымдар сериясы .– 2000. № 1. - 54-57 б.
11. Әбілқасымов Б. Алфавитті өзгертудің тарихын зерделесек... //«Қайнар» университетінің хабаршысы. - 2001. № 1. 15-21-бб.
12. Мусаев К. М. Языки и письменности народов Евразии. Алма-Ата, 1993.
13. Әсембай Е. Қазақ хаткерлігінің рухани-мәдени негіздері //Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы және ұлттық білім жүйесі, А., 2004 І.
14. Гарипова З. Языковая политика в Республике Татарстан: Документы и материалы 80-90-е гаф Казань, 1992.
15. Новый Восток 1924, № 25.
16. Байтұрсынұлы А. Араб әліппесін жақтаған баяндамасы //Ақжол А., 1991.
17. Мырза Фатима Ахундов и новый тюркский алфавит //Культура и письменность Востока кн. 2, Баку. 1928.
18. Байдильдин А. О новом алфавите. Кзыл-Орда, 1928.
19. Бакинский рабочий 1923 31-октябрь.
20. Тойшыбекова Ж. Қ. ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясының қалыптасуы //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, № 1 (136). 2005
21. Голощекин Ф. И. Отчет Краевого комитета VI Всеказахской партконференции. Кзыл-Орда, 1928.
22. Байдильдин А. Введение нового алфавита в Казахстане //За партию. 1929 №1-2
23. ҚР ОММ құжаттары, 81-қор, № 3-іс.
24. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1 т. 1998. -720 бет
25. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2 т. 1993. -720 бет
26. Поливанов Е. Д. Основные формы графической революции в турецких письменностях СССР //Новый Восток, КН 23-24
27. Систематическое собрание законов КАССР действующих на основе 1-ое января 1930 г. А. 1930.
28. Нұрымбетова Г. Р. Әріп пен тіл мәселесі жөніндегі саясат// ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, № 8.
29. Нұртазина Н. Д. Исламға қарсы шабуыл. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізген дінге қарсы саясаты (ХХ ғасырдың 20-40-шы жылдары). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 36 бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

I. ХХ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Күншығыстағы мәдени революция немесе алфавитті өзгерту саясатының
мақсаттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .6
1. 2 Жаңа әліппешілер қоғамы мен Жаңа қазақ әліпбиі комитетінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 3 Латыншылардың әліпби жобалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
II. А. БАЙТҰРСЫНОВ БАСТАҒАН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫ
КҮРЕСІ
2.1 А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..142.2 Арабшылардың
араб графикасының артықшылықтары туралы пікірлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Баку съезі және латын әліпбиінің ендірілуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Кез-келген халықтың ұлттық рухани
мәдениеті мен тарихында жазу мен емленің айрықша орын алатыны белгілі. Ұзақ
мерзімді тарихи үрдістер нәтижесінде қалыптасып, материалдық және рухани
құндылықтарды бейнелеуші және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы
ретіндегі жазу таңбаларының өзгеру тарихы назар аударатын өзекті
тақырыптардың бірі болып отыр. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-
саяси өзгерістерден рухани сала да шет қалмады. Руханияттың көзі – ағарту
ісі үлкен маңызға ие болғандықтан кеңес өкіметі халықты жаппай сауаттандыру
және білім беру жүйесіне реформалар жасады. Қазақ алфавитін ауыстыру
мәселесі күн тәртібіне қойылып, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейінгі он
екі жыл ішінде алфавит екі рет өзгертілді. 1928-30 жж. Латын алфавиті араб
графикасының негізінде жасалған дәстүрлі қазақ алфавитін ауыстырса, 1940 ж.
жазу кириллицаға көшірілді.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. қызу айтысқа айналып, аз ғана уақыт ішінде
өзгертуге ықпал еткен кеңес үкіметінің өктемдік саяясатының мақсаты мен
себептері, және осы саясатқа қарсы күрескен А. Байтұрсынов бастаған бір топ
қазақ зиялыларының пікірлері мен дәлелдерін, төл әліпбиді сақтап қалу
барысында жүзеге асырған іс-шаралары туралы әлі күнге дейін ғылыми
зерттеулер жүргізілген жоқ. Тақырып аясындағы ХХғ. 20-30 жж. қазақ
зиялыларының екі түрлі позиция ұстануы, латын әрпін ендіру саясатының
бастау алуы, алаш зиялыларының араб әліпбиінің артықшылықтарын дәлелдеу
себептері, А. Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен латын алфавитінің
қажеттілігі дәрежесін айқындау т.б. мәселелер толық зерттелмеген және
объективті баға берілмеген ақтаңдақтар қатарында қалып отыр. Осы мәселенің
көлеңке тұстарын анықтау және сол арқылы ХХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ
қоғамының саяси-мәдени ахуалы мен Алаш зиялыларының ұлттық көзқарасы,
идеологиялық ұстанымдарын жан-жақты зерттеу, тану қажеттілігі туып отыр.
ХХІ ғасырдағы тәуелсіз қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен рухани,
елдік идеясын дәріптеуде Алаш қайраткерлерінің өнегесі мен мұрасының маңызы
зор болып табылады.
Диплом жұмысының деректік қоры. Зерттеу жұмысында ҚР Орталық
мемлекеттік мұрағатындағы 81, 83, 141, 740, 929, 1692 қорларындағы 1, 2,
231, 244, 307, 309 істер1 қаралды. Және осы мәселеге қатысты ҚР
Президенті мұрағатының 141 қорындағы 336, 915, 1560,2 негізгі дерек
көздері болып табылады. Бұл құжаттарда 1924ж. Орынбор съезіндегі А.
Байтұрсыновтың, Н. Төреқұловтың баяндамалары, 1926ж. Баку съезінің
құжаттары, латыншылар мен арабшылардың пікірталасы, Жаңа Алфавит Қоғамының
Қаулысы т.б. маңызды деректер мен мақалалар бар. Және тақырыпты зерттеуде
А. Байтұрсынов еңбектері 3 де қарастырылды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Бұл мәселеге қатысты толыққанды
жүргізілген ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. А. Байтұрсыновтың қазақ емлесі
мен тіл ғылымына қосқан үлесі туралы бірқатар филологиялық зерттеулер мен
мақалалар жарық көрді4. Әліпби тарихына байланысты М. Мырзахметұлының
Қазақ қалай орыстандырылды5 еңбегінде отаршылдық саясаттың кейбір
тұстары анық көрсетілді. Тақырыпқа қатысты жазба жұмыстарының көпшілігі
мақала түрінде кездеседі. Әсіресе, 2000ж. латын алфавитіне көшу идеясының
көтерілуімен байланысты ғылыми жариялымдар мен баспасөз беттерінде бірнеше
мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда З. Ижанов6, Д. Қамзабекұлының7
мақалаларында ХХ ғ. 20-30 жж. әліпби айтысы мәселесі мұрағат деректері
негізінде зерттелді. А. Байтұрсынов пен алаш зиялыларының күресі туралы А.
Б. Салқынбай8, Ш. Б. Нұрманова9, Ж. А. Арықбаева10, Б.
Әбілқасымов11 т.б. авторлардың мақалалары жарық көрді. Дегенмен А.
Байтұрсынов және оның жақтастарының араб әліпбиін сақтап қалуға тырысқан
іс-шаралары тарихи тұрғыдан толық түбегейлі зерттелген жоқ.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты
– ХХ ғ. басындағы зиялылардың әліпби айтысы мен А. Байтұрсынов бастаған
қазақ зиялыларының алфавитті өзгертуге қарсы іс-шараларын зерттеу. Ол үшін
төмендегідей міндеттер қойылды:
- латын әліпбиіне көшу идеясының көтерілу себептері мен барысын айқындау;
- А. Байтұрсыновтың араб алфавитіне жасаған реформасы мен араб әліпбиінің
ерекшеліктерін қарастыру;
- А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесін айқындау;
- Орынбор съезінде араб емлесінің қабылдануы мен оған алаштықтардың қосқан
үлесін ашып көрсету;
- Баку съезінде алаш зиялыларының араб әліпбиін жақтау себептері мен
дәйектерін айқындау;
- 1924-28 жж. арабшылар мен латыншылардың баспасөз бетіндегі айтысында
келтірілген дәлелдерге талдау жасау;
- ЖАҚ бөлімшелері мен Жалпыодақтық түркі жаңа әліпбиінің Орталық
комитетінің қызметін қарастыру т.б.
Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Тақырыпқа қатысты
барлық мақалалар мен еңбектерді қарастыра отырып, сыни тұрғыдан талдау
жасау. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет
саласындағы қарсылығына Тәуелсіз Қазақстан тарих ғылымы мен ұлттық көзқарас
тұрғысынан, ретроспективті әдіс пен объективтілік принциптерін ұштастыра
отырып, қорытынды жасау. Мұрағат деректеріне жан-жақты талдау жасау.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. А. Байтұрсынов
бастаған қазақ зиялыларының алфавитті өзгертуге қарсы іс-шараларын
қарастыра отырып, тақырыпқа қатысты мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға
енгізу. Алфавитті өзгерту – әкімшіл-әміршіл жүйенің отарлық сипаттағы
науқандарының бірі екенін дәлелдеу. Алаш зиялыларының елдік идеяларын
насихаттау.
Диплом жұмысының хронологиялық-территориялық шеңбері. Зерттеу
жұмысында ХІХ ғ. соңы - ХХғ. Басындағы және 20-30 жж. саяси, мәдени жағдай
қарастырылады. Түркі халықтарының латын әрпін қабылдауы мен негізінен
Қазақстандағы Алаш зиялылары мен латыншылардың әліпби күресі зерттелді.
Диплом жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан
тұратын негізгі, қорытынды бөлімдер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін
қамтиды.

1 ХХ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУ
ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Күншығыстағы мәдени революция немесе алфавитті өзгерту саясатының
мақсаттары

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерден рухани
сала да шет қалмады. Руханияттың көзі – ағарту ісі үлкен маңызға ие
болғандықтан кеңес өкіметі халықты жаппай сауаттандыру және білім беру
жүйесіне реформалар жасады. Қазақ алфавитін ауыстыру мәселесі күн тәртібіне
қойылып, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейінгі он екі жыл ішінде алфавит
екі рет өзгертілді. 1928-30 жж. Латын алфавиті араб графикасының негізінде
жасалған дәстүрлі қазақ алфавитін ауыстырса, 1940 ж. жазу кириллицаға
көшірілді.
20 жылдардың басында социализмнің лениндік жоспарында белгіленген
мәдени революцияны іске асыру үшін бірнеше күрделі міндеттерді шешу
қажеттіліктері, соның ішінде, ең алдымен қоғам дамуына бөгет болып тұрған
сауатсыздықты жою мәселесі көтерілгенде КСРО-да зиялылар арасында жазуға
қатысты екі тенденция байқалды: біріншіден, дәстүрлі араб алфавитін
реформалау; екіншіден, бірден жаңа түрік алфавитіне көшу. Алғашқа кезден-ақ
латын негізіндегі алфавитті қалыптастыру идеясы дамыды. Латын
грамматикасының негізгі алынуы оның араб алфавитімен бір кезеңде қатар
қалыптасуына және халықаралық маңыздылығына байланысты болды деп
түсіндірілді12. 12. Яғни араб жазуы түркі тілдес халықтарға ислам діні
және мәдениетімен бірге кіріп, көп уақыт бойы түркі соғды жазуымен қатар
қолданылып келсе, латын жазуы Батыста римдік-католиктік шіркеудің ықпалымен
таралды. Орта ғасырларда Батыс Европа елдерінде діни, мәдени, ғылыми
зерттеу салаларында ортақ жазба тіл ретінде қолданылғандықтан, латын тілі
қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ортақ тілі болып қалыптасып
қалған13. 338.
Аталмыш идея алғашқы кезде түркі зиялылары арасында уақыт талабына сай
жаңарған қоғамдық қатынастар туралы мәселелерді көтерген, оқу орындарында
реформалардың жүргізілуін және Батыс Европа елдерімен мәдени байланыс
орнатуды қолдаған жәдидшілдіктің бір бағыты ретінде пайда болды14. 317.
ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталған латын алфавитіне көшу туралы идея ХХғ. 20-
30 жж. аса кең ауқымда көтерілді. Ол тек Кеңестекр Одағы Құрамындағы ұлт
өкілдерінің арасында ғана емес, Одақ сыртындағы түріктер мен мұсылман
елдерінің арасында да дамыды. Мысалы, ХІХ ғ. ортасында Түркия журналисі
Сүлеймен Тевфикбей латын негізіндегі албан ұлттық алфавитінің авторы –
Шамседдин Сами Фрашерибейдің тәжірибесін қолданып, латын әріптері арқылы
түрік тілінің грамматикасын қалыптастырды15. 249.
Латын негізіндегі жаңа алфавитке көшу туралы мәселені алғаш көтерген
Әзірбайжан Республикасы болды. Ол жөнінде А. Байтұрсынов: Араб әрпін
тастап, латын әрпін алу керек. Араб әрпі – қолайсыз, әлдеқашан аты шыққан,
онымен жақсылап емле түзеуге болмайды... деп әріп мәселесін алдымен
қозғаған әзірбайжандықтар ойлаған еді...16. 326 дейді. ХІХ ғ. 50 жылдары
бұл елде мұсылман халықтарының дәстүрлі жазуына өзгеріс енгізу туралы жаңа
жобалар ұсыныла бастады. Алғашқылардың бірі болып Ф. Ахундов жаңа түрік
алфавитінің жобасын 1857 жылы және 1863 жылы екі рет жасады. Көпшілік
тарапынан қолдау тапппағанымен араб алфавитінің кемшіліктерін көрсетіп,
оның түркі елдерінің жазуына қолайсыздығын жария еткені үшін патша үкіметі
әзірбайжандық Ф. Ахундовты жаңа түрік алфавитінің атасы, негізін салушы
деп атады17. 58-59. Жүзеге асырылған іс-шараларға қарамастан, түркі
тілдес елдердегі ислам дінінің ықпалына байланысты араб алфавиті
қолданыстан бірден алына қоймады. Академик Бартольд араб алфавиті түркі
тілінің дыбыстарын дұрыс бере алмайтындығына орыс зерттеушілерінің көзі
жеткендігін айтакеле, Араб әліппесін дін ғана сақтап келеді. Дін болмаса
бұл әріп әлдеқашан тозғындар еді деп көрсетеді18. 42. Латын алфавитін
жақтаушылардың түсінігі бойынша Ресей, Түркия, Иран әкімшілігінің
құрамындағы шенеуніктер мен дінбасылар халықтың білімді, өнерлі болуын
қаламады. Бұндай деңгейге жеткен жағдайда патша өзінің тағынан, молда
сәлдесінен айрылып қалады деген қауіп төніп тұрды18. 42. Осылайша ХІХ ғ.
ІІ-жартысында жаңа алфавит мәселесі біраз талқыланып басылса да, ел
назарынан мүлде тыс қалып қоймады. 1905 ж. бірінші орыс буржуазиялық
революциясы қарсаңында бұл мәселе тағы да қозғалды. Әзірбайжандар мен татар
зиялылары латын әрпі туралы баспасөз бетінде, жиылыстарда сөз қылғанымен,
мәселе біржақты шешілмеді. 1908-1913 жж. Түрік елінде ұзақ талқыға салынып,
төрт-бес жылдай түрлі мәдени орталарда, Стамбулда шығатын баспасөз
беттерінде осыған орай көптеген айтыстар туындады. Латын графикаына көшу
туралы қозғалыстың татарлар арасында белең алғандығын ақын Сағит Рамиевтың
1911-1912 жж. Идеал газеті бетінде жарияланған мақалаларына байқауға
болады. Қазан төңкерісінен кейін түркі халықтарының орфографиясы туралы
мәселе көптеген конференциялар мен съездерде қарастырылды. 1918-1919 жж.
түркі еліндегі соғыс және өз ішінде болған түрлі қозғалыстар мәселенің
шешілуінде уақытша қиындық туғызғанымен, елде тұрақтылық орнағаннан кейін
алфавит жайлы пікір-талас 1921 жылдардың соңғы айларында қайтадан жалғасты.
1922 жылы наурыз айында Бакуде өткен түркі зиялыларының жиылысы жаңа
алфавитке көшу жөніндегі істің басы саналды. Себебі бұған дейінгі алфавит
мәселесі тек баспасөз бетінде талқыланып, аяқсыз қалып отырса, ендігі
кезекте істі жүзеге асыратын жаңа түркі алфавитінің комитеті құрылды.
Ағамалы Оғлы басшылығымен бұл комитет 1922-1925 жж. түркі халықтары
арасында латын графикасының шеңберінде жаңа түрік алфавитінің жобасын
жасауға шақырды12. 11.
1922 жылы 11-тамызда Әзірбайжан Орталық Атқару Комитетіні төрағасы,
жаңа түрік алфавиті қозғалысының көшбасшысы С. А. Ағамалы Оғлы В. И.
Лениннің қабылдауында болады. Төраға сөзін мұқият тыңдаған Ленин: Латын
графикасына өтуге бұқара қалай қарайды?,- дейді. Ағамалы Оғлы: Түгел
қолдайды,- деп жауап береді. Сонда Ленин: Бұл – Күншығыстағы мәдени
революция, - депті. (Бакуде өткен түрік Білімпаздары съезіндегі Ғ. Шараф
сөзінен)7. 11.
1922 жылдан бастап латын алфавиттерінде Жаңа жол атты апталық газет
шығып тұрды. 1923 жылы қазан айының 20-да Әзірбайжан Орталық Атқару
Комитеті мен Халық Комиссарлар кеңесі Жаңа түрік алфавитінің мемлекеттігі
туралы декрет қабылдап, латын алфавиті араб алфавитімен қатар барлық
мекемелер мен ұйымдарда тең дәрежеде қолданылуы тиіс болды19. 3. Осылайша
бірқатар елдер Әзірбайжанда жүргізілген шараларға байланысты жаңа алфавитті
қабылдауға әрекет жасай бастады. Өзбек, түрікмен, қырғыз, башқұрт халықтары
арасында қаулы шығару мәселесі қарастырылып жатса, ингуш, қарашай,
кабардин, шешендерде жаңа алфавит қабылданды. Ресей құрамындағы
республикалардағы латынға бетбұрыс жасау Қазақстанда да осы мәселенің
көтерілуіне түрткі болды. Кеңестік жылдарда мәдениет жағынан артта қалған
елдердің көпшілігі қазан төңкерісінің нәтижесінде еркіндікке қолы жетіп,
өнер-білімге талпынысын, мәдениеттік тілектерін орындау жолындағы елеулі
құралдарының бірі болған әріп, әліп-билерінде үлкен кемшілік болғандықтан
алфавит мәселесі көтерілгендігі және алфавит ауыстыру саясаты өркениетке
жетудің бір жолы екендігі айтылып, бұл жолда ұшырасқан қиындықтар қатарына
еңбекшілердің саяси жағынан сауатсыз болуы, тілдік мәдениеттің кемшілігі
жатқызылды. Дамушы қоғам талаптарына сәйкес жүргізілген шаралар жаңа
алфавиттің пайда болуына негіз болды деген пікір қалыптастырып, латын
графикасының халықаралық маңыздылығы, яғни интернационалды сөздерді
бірыңғай жазуға, халықтар мен олардың тілдерінің жақындасуына көмектеседі
және Батыс Европалық шет тілдерді үйренуде жеңілдік туғызады деп
дәріптелді. Шын мәнінде, Кеңес өкіметі дәстүрлі араб алфавитін ауыстыру
арқылы ұлттың этно-мәдени ерекшелігін жоюды көздеді, мұсылман халықтарының,
соның ішінде қазақ халқының рухани құндылықтарының тамырына балта шауып,
орыстандыру саясатын жүргізді20. 196.
Не себепті И. Сталин түркі тілді халықтардың араб алфавитін жедел
өзгерту туралы қатерлі нұсқауында, алдымен латын жазуына көшуді, ал бұл
саладағы көздеген мақсат орындалған соң, латыншадан орыс жазуының таңбасына
көшуді мақұл көрген? Мұның астарлы сыры неде жатыр? Бұл сұрақтардың жауабын
филолог, абайтанушы көрнекті ғалым М. Мырзахметұлы Кеңес өкіметінің
орыстандыру саясатымен тікелей байланыстырады.
Ұлт саясатында шебер бүркемеленіп интернационалистік идеяның шапанымен
тасаланған қатерлі саясаттың жүзеге асырылуында сұмдық зымияндық мақсаттар
жатқаны анық. Профессор Қ. Жұбанов айтқандай аса қауіпті де зардабы зор
сұмдық заңдарды жүзеге асыруда: ... ескі замандағы тағыларынан ХІХ
ғасырдағы көргенді елдердің адамшылығы өзге болған емес,бүгінгілер
бүркеншікті сүйеді, - деуінде көп нәрсенің сырын біліп барып, қатерлі
жолдың қайталануы мүмкін екендігін ишарамен ескерткен көрегендік жатыр.
Шындығында, орыстандыру, араб жазуын орыс жазуына алмастыру идеясын патша
үкіметі басында өте құпия ұстап, келе-келе шет аймақты түгел отарлап,
жергілікті жердегі билікті толық қолына алған соң, құпия саясатының сырын
ашып, бүркемесін алғанда да, тым ашық кетпей кульлтрегерлік бүлкілге басқан
еді. Ал И. Сталин болса, патшалы Ресейдің армандап жүзеге асыра алмай
кеткен мақсат-мұраттарын, яғни: 1. Орыстандыру, 2. Араб жазуын орыс жазуына
алмастыру, 3. Келімсектерді басқа ұлт жеріне мейлінше мол орналастыру, 4.
Қырым жерін қырым татарларынан тазарту, 5. Кавказ өлкесін мұсылмандардан
тазарту, 6. Орта Азия мен Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру, 7. Аралас
мектептерді көбейту, 8. Орыс тілін ресми түрде айтылмаса да, мемлекеттік
тілге айналдыру, 9.Ұсақ ұлттарды ассимиляциялап жұтып жіберу, 10. Бүкіл
ұлттарды бір халыққа, яғни орыстанған кеңес халқына айналдыру т.б. осы
сияқты өте нәзік те күрделі ұлттық мәселелерді халықтар достығы ұранымен
бүркемелеп жүзеге асырып кетуінің тікелей куәгері болып отырмыз5. 107 деп
жазады.
И. Сталиннің, алдымен араб жазуын латын жазу таңбасымен ауыстыруға
нұсқау беруінің сыры әлі де ашылмаған кінараты бар саясат екендігін
сезінеміз. Алдымен, латын жазуына жармасудың сыры шет аймақтағы қолданылып
келе жатқан араб жазуын кириллицаға алмастыруды көздеген патша үкіметінің
миссионерлік саясатының тарихымен хабардар ұлт республикалардағы зиялылар
тобының мол болуынан сескеніп, алдын-ала дайындықсыз бірден орыс жазуына
көшіріп жіберу орысшылдық пиғылға қатты қарсылық тудыратыны сезініп,
белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып жіберу үшін
істелген айла-амал ғана. Бұл саясаттың мүлде із-түзін білдірмей жіберу
үшін, әлдеқашан шоқынып, орыстанып кириллицаға түсіп кеткен Сібірдің якут
тәрізді майда ұлттарын күштеп отырып латынша жазуды қабылдауға алып келді.
Әрине, бұл басқа ұлттарды алаңдатпау үшін істелген уақытша тактикалық
ұғымдағы айла-тәсілдің бірі ғана болатын-ды. Болмаса бүкіл дүниежүзіндегі
түркі тілді халықтарды бір ғана жазу таңбасына әкелуді патша үкіметі де,
кеңес үкіметі де ешқашан ойлаған емес, оған бару олар үшін аса қауіпті
саясат болмақ. Себебі кеңес еліндегі түркі тілді туысқан халықтары мен
Түркияны бір жазу негізінде сауат ашып, бірін-бірі оқып түсінісуі орталық
үшін аса қатерлі жол болып саналатын-ды. Өйткені И. Сталин бастаған саяси
бюро түркі тілді халықтардың бір емле негізінде оқып түсінісуінен өлердей
қорқатын. Оларды бір-бірінен аулақ ұстап ажыратпаса, бір тұтастыққа ешқашан
жібермейтін5. 108.
Д. Қамзабекұлы да өз мақаласында осы пікірді білдіреді. 20- жылдарда
Ахметтер араб харпін (төте жазуды) неге қызғыштай қорғады деген сұраққа
жауап беру үшін сол кезеңнің шындығын білу керек. Жаппай таралатын мерзімді
басылымдардың, оқулықтардың шыққанына он-ақ жылдай уақыт болғанда араб
харпінен латынға көшу – елді басқа континентке көшіркмен пара-пар еді.
Қазақ газеті ары барғанда 8 мың, Еңбекші қазақ одан сәл-ақ көп тираж
жинағанда, ұңғыл-шұңғылы белгісіз латынға ауысу қауіпті еді. Сондай-ақ
Мұрат ақынның Мен қауіп еткеннен айтамын дегеніндей, Ахметтер латынның –
кирилге бара жолдағы аялдама екенін сезген тәрізді.
Ал, сол кезде бірден кирилл харпіне көшеміз десе не болар еді? Онда
Мәскеу колониялық, миссионерлік саясатты ашық жалғастырушы болып көрінер
еді де, қарсылыққа тап болар еді7. 11 деп түсіндіреді.
ҚР құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат
орталығының қызметкері З. Ижанов әліпбиді өзгерту саясатының мақсатын
төмендегідей баяндайды. Араб графикасынан латынға, латыннан асығыс түрде
орыс графикасына көшірудің астарында құйтырқы саяси мүддежатқан-ды. Араб
графикасынан латынға көшіру ең алдымен мұсылман өркениетінен халықты бөлу
үшін керек болды. Ол мақсат орындалды. Халық Қазан төңкерісіне дейінгі
дінінен, мәдениетінен айрылды. Жүздеген жылдар бойы түйнектеп жиналған
тарихты, әдебиетті оқудың жолы кесілді. Бұл мақсатқа жету үшін зиялы
қауымды өзара айтыстырып, отарлаушылар халықты алдады6. 3.
Қорыта айтқанда, латын алфавитін ендіру кеңес өкіметінің орыстандыру
мақсатында күштеп жүргізілген науқандарының бірі болды. Ол үшін батыс
Европада қалыптаса бастаған осы идея пайдаланылып, Күншығыстағы мәдени
революция ретінде дәріптелді. Қазақ зиялыларын екіге бөлген саясаттың
жүргізілу барысы мен латын әрпін жақтаушылардың пікірлері мен дәйектері
келесі тараушада баяндалады.

1. 2 Жаңа әліппешілер қоғамы мен Жаңа қазақ әліпбиі комитетінің құрылуы

Патша заманында бастау алған ұсақ ұлттарды тілінен айыру, дінінен
бездіру саясаты Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында саябырсып, өзгеше бір
арнаға түскендей сыңай таныта қалады. Сібір халықтарының кебін кимеудің
қамын іздеп, шарқ ұрған ұсақ ұлттар уақытша шегініске сеніп, жайбарақат
күйге түседі. Әрі осы тұста үкімет тарапынан қабылданған ұлттардың тең
құқылығы, ұлт мектептерінде ана тілінде оқыту туралы қаулықарарлар өзге
ұлттардың сеніміне ие болуына негіз салып берді.
Әргібергі төңкеріс басылып, билікке мығым орныққан большевиктер
өкіметі алғашқы мәселелердің бірі ретінде әліпби ауыстыруды қолға лағанын
Ресей ғалымдары растап отыр. Әрине, Кеңес үкіметі патша өкіметіндей тізесін
батырмай, алдымен тілші ғалымдардың пікірімен есептесе отырып, шешім
қабылдайды. 1920 ж. басында үкімет тарапынан көтерілген ұсақ ұлттарды
кирилл әліпбиіне көшіру мәселесі ғалымдар тарапынан қолдау таппайды.
Орыстың белгілі ғалымы Е. Д. Поливанов сияқты ғалымдардың Орыс отаршылдығы
түрік халықтарының сағын сындырып, жүрегін жаралады. Сондықтан, түрік
халықтарының орыстандыруға, оның құралы – миссионерлік орыс
транскрипциясына өштікпен қарап отырған тұсында орыс қарпі жайында сөз
қозғаудың өзі ауыр - деген кесімді пікірі биліктің уақытша болса да
райынан қайтуына әсер еткені сөзсіз.
Кеңес үкіметі әр уақытта қолданған уақытша шегініс тактикасын әліпби
ісінде де пайдаланып, әліпбиді латынға ауыстыру жөнінде өкімет тарапынан
шешім қабылдайды. Бұл тұста белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметовтың: И.
Сталиннің алдымен араб жазуын латын жазу таңбасымен ауыстыруға нұсқау
беруінің сыры әлі де ашылмаған кінәраты бар саясат екендігін сезінеміз.
Алдымен, латын жазуына жармасудың сыры, меніңше, араб жазуын алмастыруды
көздеген патша үкіметінің миссионерлік саясатының тарихымен хабардар
республикадағы ұлт зиялылыраы тобының мол болуынан сескеніп, алдымен,
латыншаны алуы саяси мәнері болса керек. Өйткені, бұл топ тұрғанда бірден
орыс жазуына көшіріп жіберу орысшылдық пиғылға қатты қарсылық тудыратынын
сезініп, белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып
жіберу үшін істелген айла ғана - деген көңілге қонымды пікірі шындықтың
бет пердесін ашып беруге көмектесетіні рас.
Сонымен, 1920 ж. басында латын әліпбиін насихаттау белең алып, оған
өтуге дайындық жасалына бастайды. Егер төңкеріске дейін латын қарпінің
негізінде якут әліпбиін жасаған С. А. Новгородов еңбегін есепке алмасақ,
бұл жолға түсуді Әзірбайжан республикасы бастағанын жоғарыда айтып өткен
болатынбыз. Лениннің арқасынан қағып, қолпаштағанына қанағаттанған С. А.
Ағамалы-оғлы сияқты ғалымдар жаңа әліпбиге өту жөніндегі комитет құрып, әрі
ЖАК жұмысынан хабардар ету үшін Яни-Юл газетін шығаруды қолға алады.
Сонымен, Баку жаңа әліпбидің орталығына айналады.
Латыншылар Кеңестер одағындағы латын әліпбиіне өту ісі әзербайжан
драматургы, ғалымы Ахундов Мырза Фатали бастамасымен дүниеге келген деген
пікірді ұстанған. Латыншылар бұл істің көлеңкесінен гөрі, күнгейін
басыңқырап айтып, Ахундов Мырза Фатали латынғы өту идеясын төңкеріске дейін
көтергенімен, патша өкіметінің құлақ аспай, тек Ұлы Қазан төңкерісінің
нәтижесінде ғана латын әліпбиіне өту жүзеге асқан деген пікірде болған.
Яғни, латын қарпі – еуропалық мәдениетке жетудің төте жолы, латын қарпі –
Күншығыстағы мәдени революция, латын қарпі негізіндегі әліпби – социализм
әліпбиі деген ұғым санаға сіңіріледі.
Билік өз дегенін істетпей қояды ма? Орыс қарпін алуға қарсы шыққан
демократияшыл бағыттағы Е. Д. Поливановтың өзі алғашқы пікірінен айнып,
латын қарпіне ауысу ісін қуаттай жөнеледі. Латын әліпбиі Одақ көлеміндегі
ұлттар мәдениетінің өзара жақындасуын көздейді, сонымен қатар, халықаралық
ауқымдағы жазумен жақындасуға мүмкіндік әкеледі - деп құбыла пікір айтуы
біраз жайтты аңғартса керек.
Әзербайжан республикасында бастау алған латын әліпбиіне өту ісі
Қазақстанды да шарпыды. Латын әліпбиіне өту барысында Қазақстанда үлкен
тартыс туып, зиялы қауым арасындағы әліпбиі айтысы бірнеше жылға ұласты.
Әліпби мәселесі тұңғыш рет 1924 ж. 12-18 маусым аралығында Орынборда өткен
қазақ білімпаздарының бірінші съезінде көтеріледі. Бұл съезде әліпби
жөніндегі баяндаманы А. Байтұрсынұлы жасап, өзі түрлеген қазақ әліпбиінің
тиімділігін жанжақты дәлелдеген.
Түрік халықтарына арналған әліпби жобалары 1924 жылдан бастап Ресейдің
антропология және этнография музейі жанындағы Радлов үйірмесінде және
Ленинград Мемлекеттік университеті жанындағы лингвистикалық секцияда
талқыға түседі. Латын әліпбиіне байланысты ғылыми пікірлерді бір жүйеге
келтіру мақсатында Л. В. Щербаның басқаруындағы арнайы комитет құрылады.
1925 жылы Солтүстік Кавказдық тау халықтары арасындағы ағарту жұмыстары
жөнінде өткізілген екінші конференцияда ингуш, кабардин, қарашай, адыгей,
шешендер жазуын латынға ауыстыру жөнінде шешім қабылданады. Ал 1926 жылы
Бакуде Бүкілодақтық түркітанушылар съезі өтпекші болып, онда түркітатар
халықтарының жазуын латынға ауыстыру мәселесін көтеру мақсат етіліп, әрбір
республикада дайындық жұмыстары жүргізіле бастайды.
1926 ж. Бакуде Бүкілодақтық түркітаншылардың бірінші съезі өтті. Бұл
съезде Жаңа Түрік Әліпбиінің Орталық Комитеті құрылып, оның құрамына С. А.
Ағамалы-оғлы (төраға), В. А. Артемов, Б. М. Гранде, Л. И. Жирков, В. И.
Лыткин, Н. Марр, Е. Д. Поливанов, А. А. Реформаторский, А. Н. Самойлович,
А. М. Сухотин, Б. В Чобан-заде, Г. Шараф, Р. О. Шор, К. К. Юдахин, Н. Ф.
Яковлевтер енді. Кейіннен бұл комитет Бүкілодақтық Жаңа Әліпби Орталық
комитеті (БЖӘОК) болып өзгертіледі. Бұл комитеттің мақсаты – түріктатар
халықтарының латын әліпбиіне өтуін қамтамасыз ету, жазуы болмаған
халықтарға осы әліппені енгізу еді. Бүкілодақтық Жаңа Әліпби Орталық
комитетінің еңбегінің арқасында КСРО-дағы 20 ұлт жаңа әліпбиге өтіп,
бұрын-соңды әліппесі болмаған 50 ұлт латын әліпбиімен табысты.
Бүкілодақтық түркітанушылардың бірінші съезіне Қазақстаннан Ахмет
Байтұрсынұлы, Елдес Омаров, Телжан Шонанов, Нәзір Төреқұлұлы қатысады.
Кейбір деректерде Байсейітұлы Әзиз бен Сүлейқлы Біләлдың қатысқаны
көрсетілген. Бұл съезден кейін көп ұзамай, Қазақстанның сол тұстағы
астанасы Қызылордада Жаңа әліппешілер қоғамы құрылады. Жаңа әліпбиді
насихаттауға, таратуға бағытталған еріктілерден тұратын Жаңа әліппешілер
қоғамының (ЖӘҚ) орталық, аймақтық, аудандық комитеттері, бастауыш
ұйымдары, үйірмелері жұмыс істеген.
1 Кесте
Жаңа әліппешілер қоғамының бастауыш ұйымдары мен мүшелер саны

Округтер ЖӘҚ бастауыш ұйымдары Мүшелері
Қызылорда 29 1482
Сырдария 29 1577
Алматы 25 3670
Семей 50 5240
Павлодар 20 2120
Қарқаралы 8 1240
Петропавл 23 5670
Ақмола 13 874
Қостанай 30 2635
Орал 77 6290
Барлығы 334 32548

Кестеде Қазақстанның барлық округтерінде құрылған Жаңа әліппешілер
қоғамының жергілікті ұйымдары мен мүшелер саны туралы мәлімет беріледі. ҚР
Президентінің мұрағатындағы № 141 қор, № 1 тізімдемедегі № 1560 істе Жаңа
әліппешілер қоғамының (Жаңа латын алфавитінің Қазақ Қоғамы) 1927 жылғы
қабылданған Жарғысы жазылған. Жарғыда ЖӘҚ-ның төмендегідей мақсаттары
көрсетіледі:
а) жаңа латын алфавитін қазақ халқына тарату және ендіру идеясын
қолдаушыларды біріктіру мен жұмыстарды реттеу, сонымен қатар, жаңа түрік
алфавиті қоғамының Орталық Комитеті мен жекеленген ұлттық республикалардың
комитеттерімен алфавит, фонетика мәселесі бойынша тұрақты байланыс орнату;
ә) полиграфиялық өндірістің еңбек өнімділігін арттыру, сауаттылық пен ана
тілін меңгеру ісін қамтамасыз ету, қазақ халқын әлемдік мәдениетке
жақындату мақсатында жаңа латын алфавитін ендірудің дайындық және насихат
жұмыстарын жүзеге асыру;
б) жаңа латын алфавитін қазақ қоғамына ендірудің алғышарттарын
қалыптастыру.
Қоғамның құқықтары мен міндеттері туралы төмендегідей баяндалады.
Жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін қоғам:
а) араб әліпбиінің оқу-педагогикалық, полиграфиялық, мәдени-тарихи
тұрғыдан ғылыми дәрменсіздігін ауызша және жазбаша дәлелдеді;
ә) қазақ халқының араб әліпбиінен жаңа латын әліпбиіне өтудің тиімділігі
жөнінде үгіт-насихат жұмыстарының барлық әдістерін қолданады;
б) қазақ еңбеккерлеріне жаңа латын алфавитін ендірудің мақсат-міндеттері
мен мәнін түсіндіру;
в) Бірінші Жалпыодақтық Түркология съезінің жаңа алфавит жөніндегі қаулысын
жүзеге асыруға ұмтылады;
г) жаңа латын алфавитін ендіру туралы қоғамдық пікірталастар мен ғылыми
кампанияларды ұйымдастыру;
ғ) алфавит пен фонетика мәселесі жөнінде мемлекеттік мекемелер, партиялық,
қоғамдық ұйымдармен және жекеленген тұлғалармен байланыс орнатады;
д) өкілдері арқылы барлық отырыстар, жиналыстар, конференциялар мен
съездерге қатысады;
е) сәйкесінше ғылыми, танымдық, оқу-ағарту әдебиеттері мен шығармаларды,
плакаттарды басып шығарады;
ж) латын әліпбиін тиімді ендірудің әдістерін жасайды;
з) жаңа әліпбиді насихаттауда клубтар, кітапханалар мен қызмет көрсету
бұрыштарын және де фонетика, графика мәселесі бойынша дәрістер,
баяндамалар, т. б. ұйымдастырады;
и) латын алфавитін үйрететін уақытша курстар мен үйірмелерді ұйымдастырады;
й) латын қарпін ендіруде мерзімді және мерзімді емес органдарды
жұмылдырады;
к) мүшелік ұйымдарды құрып, мүше жарналарын жинайды;
қ) мөр, штамп, мүшелік кітапша, белгісі бар.
Мұрағат материалдарында сонымен қатар, Жаңа әліпби қоғамының құрамы,
мүшелерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Қоғамға мүшелікке барлық
мемлекеттік, қоғамдық, және кәсіби ұйымдар мен мекемелердің өкілдері
қабылдана алады. Және де, заң бойынша азаматтық құқықтарынан айырылмаған,
жынысы мен ұлтына тәуелсіз, жеті жастан жоғары оқушылар мен азаматтар мүше
болуға құқы бар. Алайда, он алты жасқа толмаған тұлғалар Комитет пен
Президиумға мүше бола алмайды. Қоғамның әр мүшесі жалпы жиналыстарда дауыс
беру құқына ие болады. Қоғам мүшелері басылымдарды сатып алуда
жеңілдіктерді қолданады. Кітапханана қызметін тегін қолдана алады. Қоғам
мүшелері үгіт-насихат жұмыстарына белсенді араласуға міндетті. Жаңа әліппе
қоғамына мүше болушылар 20 тиын көлемінде, қызметкерлер – 1 сом, шаруалар,
жұмысшылар мен оқушылар – 50 тиын мөлшерінде жарна төлейді.
Әліппешілер қоғамына мүшелерді қабылдауды орталық және жергілікті
комитеттер, үйірмелер жалпы жиналыста немесе арыз-тілектер арқылы жүзеге
асыра алады. Қоғам ұйымының мүшесі жұмыс барысында басқа ауданға қоныс
аударса, сол аудандық ұйымның қатарына қосылады. Мүшелерді қоғам құрамынан
шағаруды орталық және жергілікті комитеттер, үйірмелер жалпы жиналыста
төмендегідей жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
а) ЖӘҚ жарғысын бұзу;
б) белгіленген мүшелік жарнаны төлемеу;
в) заң бойынша өзінің азаматтық құқықтарынан айырылу;
г) өз еркімен арыз білдіру.
Жаңа әліппе қоғамының орталық органдары:
а) ЖӘҚ-ның Жалпықазақтық сьезі;
ә) Орталық комитет;
б) Орталық комитет Президиумы;
в) Ревизиялық комиссия.
ЖӘҚ-ның Жалпықазақтық сьезін орталық комитет жылына бір рет шаырады.
Кей жағдайда Төтенше сьезд шақырылуы мүмкін. Сьезд Орталық комитет пен
ревизиялық комиссияның есептері мен құжаттарын қарастырады және бекітеді,
жарғыға өзгертулер мен қосымшалар енгізеді, орталық комитет пен ревизиялық
комиссияға сайлау жүргізеді. Жалпықазақтық бірінші сьезд шақырылғаннан
кейін он бір мүше мен төрт кандидаттан тұратын уақытша орталық комитет
жұмыс істеді. Жоғарға басшылық орган болып саналатын Орталық комитет
сьездердің шақырылуы аралығында қаулыларды жүзеге асырып, қоғамның
жергілікті органдарының қызметін бақылайды, сьезд алдында есеп береді,
Президиум мен жергілікті органдардың жұмыс жоспарларын, баяндамаларын
бекітеді. Орталық комитет отырысы айына бір рет өткізіледі, отырыста
мәселелерге дауыс беру арқылы шешім қабылданады. Орталық комитет пленумы өз
ортасынан Президиумға бес мүше және екі кандидаттан тұратын құрамды
тағайындайды. Оның құрамында басшы, оның орынбасары және хатшы бар.
Президиум пленумдар арасында плеум аралық жұмыстарды жүзеге асырады.
Ревизиялық комиссияны сьезд бір жылға тағайындайды, комиссия бес мүше
мен екі кандидаттан тұрады. Жаңа әліппешілір қоғамының бірінші сьезі
шақырылғаннан кейін Уақытша ревизиялық комиссия жұмыс істейді. Ревизиялық
комиссия Орталық Комитеттің жалпы қызметіне зерттеу жүргізеді, есептерді
тексереді, өз жұмыстарының нәтижелері жөнінде ОК мен сьезге есеп береді.
Ревизиялық комиссия үш айда бір рет шақырылады. Комиссияның жұмысы
қанағаттанарлық болмаған жағдайда, сьезге дейін құрамын өзгертуге құқылы.
Жергілікті Жаңа әліппешілер қоғамының жергілікті органдары Қазақстан
территориясында жаңа латын әліпбиінің қолдаушылар саны бестен асқанда ғана
құрылады. ҚКСР-нан тыс орналасқан КСРО-ның ірі қалаларында ашылатын қоғам
ұйымдарына уездік немесе губерниялық орган құқықтары тиесілі болады. ЖӘҚ-
ның жергілікті органдары қызмет саласына байланысты губерниялық және
уездік болып бөлінеді. Губерниялық органдарға: губерниялық сьезд,
губерниялық комитет, губерниялық комитет президиумы және ревизиялық
комиссия жатады.
Төменгі сатыдағы органдарға: мүшелердің жалпы жиналысы, үйірмелер,
үйірме бюросы, ревизиялық комиссия кіреді. ЖӘҚ-ның жергілікті ұйымдары
Орталық Комитет пленумы мүшелерінің үштен екісінің қатысуымен ғана қызметі
тоқтатылады.

(ҚД)Жаңа әліппешілер қоғамының құрылғанына тура бір ай болғанда ҚССР
Халкомкеңесінің қаулысымен (19 мамыр, 1927 жыл) Жаңа қазақ әліпбиі комитеті
құрылады. 1927 жылдың тамыз айының соңында Бүкілодақтық Жаңа Әліпби Орталық
комитетінің төрағасы С. А. Ағамалы-оғлы Қызылордаға келіп кеткеннен кейін,
Жаңа әліппешілер қоғамы мен Жаңа қазақ әліпбиі комитеті біріктіріледі.
Сонымен, ХКК – нің 1927 жылғы 19 қарашадағы қаулысы бойынша Жаңа Қазақ
Әліпбиінің Орталық Комитеті жұмыс істей бастайды. Комитет төрағалығына
Нұрмақов Нығмет (Қазақ АКСР ХКК-нің төрағасы), мүшелікке – Тоқтабаев
Абдулкәрім (ҚКСР Ағарту халкомы), Жандосов Ораз (БКП (б) Өлкелік
комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі), Байдилдин Әбдірахман
(Ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы), Ермеков Әлімхан (ҚКСР ОАК
мүшесі әрі Қазақ Педагогикалық Жоғарғы оқу орнының оқытушысы), Тоғжанов
Аббас (Еңбекші қазақ газетінің жауапты редакторы), Шонанов Телжан (ҚКСР
Ағарту халкомының жауапты қызметкері) сайланады. Ал мүшелікке кандидаттар
ретінде Орманбаев Жұмабай (Лениншіл жас комсомол журналыны редакторы),
Малдыбаев Біләл (педагог) тіркеледі. Кейіннен комитет мүшелерінің қатарын
Беков Орынбек, Нұрпейісов, Мурзин Мұқтар, Мұқанов Есқали, Құлжанова Нәзипа,
Бегімаева Мәдина толықтырады. Комитет штатында жауапты хатшы болып Омаров
Әшім, уақытша инструтор болып Сейдалин Қырымгерей, іс жүргізуші болып Т. В.
Шапкина қызмет істеген. Бұл құрамдағы Жаңа Қазақ Әліпбиінің Орталық
Комитеті өз жұмысын екпіндете бастап, Еңбекші қазақ газетінің бетінде
латыншылар бұрышын ұйымдастырып, жаңа әліпбиді өңдеуден өткізіп, жаңа қоғам
жарғысын дайындап, жаңа әліпбиді насихаттайтын әдебиет шығаруды қолға алды.
Әліпби насихаты жолында алғашқы басылып шыққан еңбектер мынадай: Жаңа
әліппе неге керек? - Н. Төреқұлов (1924 жыл); Әліппе айтысы (жаңа әліппе
жөніндегі пікірталас), көлемі – 4 баспа табақ, тиражы – 5000 мың дана (1927
жыл). 1928 жылдан бастап жаңа әліпбимен ЖӘҚ қоғамының жарғысы (көлемі – 1
баспа табақ, тиражы – 10 000 дана), мүшелік билеттер – 20 000 дана,
қабырғаға ілетін әріптер – 10 000 дана, Ә. Байдилдиннің Жаңа әліпби
туралы еңбегі 6, 25 баспа табақ көлемде, 5000 мың дана таралыммен жартылай
ескі, жартылай жаңа әліпбимен шығады. Ал латын әрпін үйренушілерге
дайындалған Курстарға жолбасшы жинағы 2, 5 баспа табақ көлемінде 5000 мың
данамен шығарылды. Бұдан кейін ЖӘҚ қоғамы балаларға арналған кітапшаларды,
әліппелерді, әдеби шығармаларды шығаруды қолға алады. Мәселен, І.
Жансүгіровтың балаларға арналған Шаутеннің шәркейі (1 баспа табақ, тиражы
– 5000 мың дана), Т. Шонанұлының Балаларға арналған әліппесі (5 баспа
табақ, тиражы – 20 000 дана), Т. Шонанұлы мен Жолдыбаевтың бірінші оқу
жылына арналған кітаптары (көлемі – 6 баспа табақ, 25 000 мың дана),
Малдыбаевтың Ересектерге арналған әліппесі (көлемі – 6 баспа табақ,
50 000 дана), І. Жансүгіровтың Құрақ, Б. Майлиннің Жаман атты кітаптары
жарық көреді. Жаңа әліпби идеясын кеңінен тарату үшін көпшілік кітаптар
тегін таратылған.
Осы тұста түрік-татар халықтарын латын әліпбиіне көшіру ісінде ерекше
қарсылық танытқан Татарстан болғандығын айта кеткен жөн. Араб әрпімен
сауаттылар қатарының көптігін, арабша еңбектердің молдығын алға тартқан
татар халқының зиялы қауымы әліпби ауыстыру ісінде біразға дейін қарсылық
көрсетіп, табандап отырып алады. Тіпті, Бакуде өткен Бүкілодақтық бірінші
түркітанушылар съезіне татар ғалымдары жеңілдетілген араб қарпінің жобасын
дайындап апарады. Бірақ латын қарпін алуға дайындалып барған қауым бұл
жобаға көз қиығын да салмайды.

1.3 Латыншылардың әліпби жобалары

1920 жылдан бастау алған жаңа қазақ алфавитінің қозғалысына байланысты
қазақ зиялылары екі көзқараста болды: бірі – латын әрпін негізге алып, жаңа
алфавит жасауды көздейтіндер, екіншісі – дәстүрлі қазақ алфавитін
жақтаушылар. Латыншылар мұндай шараға өмір қажеттілігі итермелеп
отырғандығын және араб әрпі мұндай қажеттілікті толық қанағаттандыра
алмайтындығын дәлел ретінде келтірді. 1927 жылы қарашада өткен ІУ
Бүкілқазақтық партконференцияда Ф. Голощекин қазақ халқының 97% сауатсыз
екендігін, яғни оның 3% ғана арабша хат танитындығын айта келе, осы
сауатсыздарды латын әрпі бойынша жеңілірек жазуға үйретуге болар еді, ал
мына араб жазуын білетін 3% бұқараның мәдени дамуын тежеп отырған да
осылар деген еді21. 103.
Латын графикасы негізіндегі қазақ алфавиті жобасын жасау 1923 ж. Н.
Төреқұловқа тапсырылды. Осылайша Қазақстанда комсомол ұйымдарынан басқа
кәсіподақтар, оқу мекемелеріндегі әр түрлі үйірмелер мен қоғамдар жаңа
алфавит мәселесі бойынша, үгіт-насихат жүргізе бастады. Мерзімді басылымдар
әліпбиді ауыстыру идеясын насихаттауда басты құралға айналды. 1924-1925 жж.
Қазақстанда да жаңа алфавитті жақтаушылар қатары көбейе түсті. Жаңа қазақ
алфавитінің Орталық комитетінің жылдық есебі бойынша латын әрпін жақтайтын
ұйым саны 75 болса, мүшелері – 4547 жан. Латын әрпін үйренгендер саны –
630022. 81.
Латын әрпіне көшу мәселесін 1923 жылдың аяғында Мәскеу, Орынбор,
Ташкендегі зиялы азаматтар мен сол қалалардағы оқу орындарында оқып жүрген
қазақ жастары тарапынан көтерілді. Олар өз ойларын баспасөзде жариялап,
Байтұрсыновтың араб әліпбиін өзгерту жөнінде Білімпаздардың алдағы болатын
съезінде талқылауды талап етті6. 2 деп жазады З. Ижанов. Бұл жастарға
латын әрпін жақтаушы өкімет адамдарының ықпалы болғаны сөзсіз.
Бұл съезд 1924 жылдың 12-18 маусым аралығында Орынборда өтті. Съезд
араб әліпбиі жөнінде А. Байтұрсыновтың, латын әліпбиі жөнінде Н.
Төреқұловтың баяндамаларын талқылады. Латын әліпбиі жөнінде үш жоба – Н.
Төреқұловтың (Мәскеу), Мурзиннің (Орынбор), Х. Досмұхамедовтың (Ташкент)
талқыға түсті. Талқылау барысында Н. Төреқұловтың жобасы мақұлданды.
Жобасын өткізе алмаған Х. Досмұхамедов: Айналадағы желігудің салдары тиіп,
мен латынша әліптің жобасын жазып едім. Құдайға шүкір, енді ақыл кіріп өз
жобамнан қайттым - деп жазды.
Латыншылар тобында Н. Төреқұлов, Т. Шонанов, Ә. Ермеков, Ғ. Тоғжанов,
Н. Нұрмақов, Қ. Тоқтабаев, О. Жандосов, Б. Малдыбаев, т.б. болды.
Арабшыларға қарсы олардың пікірлері:
- Араб әрпінің біреуі төрт түрлі (сөз басында, ортасында, аяғында,
жеке тұрғанда) жазылады;
- Араб әріптері бір-бірімен ұқсас, шым-шытырық ирек сызық, асты-үсті
толған ноқат, жазуда иректің не ноқаттың бірі жазылмай не қойылмаса
сөздің мағынасы өзгеріп кетеді;
- Сөз басындағы дауысты дыбыс алдынан әліп жазып қою дұрыс
емес;
Дыбыс басына бір-бір әріп қойылуы керек. Араб әліпбиінде бір
дыбысқа 4 таңбадан келетіні 14 үйір, 2 таңбадан келетіні 8 үйір,
3 таңбадан келетіні 2 үйір, сонда бәрі жиылып 80 таңба болады.
Біздің тілімізде 24 дыбыс бар. 80 таңбаны үйретуден 24 таңбаны
үйрету әлдеқайда жеңіл;
- Араб әріптері оңнан солға қарай жазылады. Оқуға қолайсыз, баспа
орындарына зияны мол. Әсіресе цифрларды орналастыру қиындық
туғызады. Себебі бұрынғы оңнан солға қарай жазылған мәтінге
цифрды солдан оңға қарай орналастыру керек;
- Араб әрпі біркелкі емес, оны теңестіру үшін араларына сыналар
тықпаланады. Сонан әріптер мыж-мыж болып сынады, тез тозады және
жазу мәшинелеріне үйлестіруге келмейді;
- Музыка ноталарында сан белгілері солдан оңға қарай жазылады,
мәтін оңнан солға қарай оқылады. Сонда сан мен мәтінді қарама-
қарсы оқу, музыка аспатары мен баспахана құралдарына араб әрпін
орналастыру қиындық туғызады;
- Алгебра, геометрия, физика, денсаулық сақтау кітаптарындағы
барлық формулалар, рецептер әлемдегі мемлекеттерде тек латын
әріптерімен жазылады;
- Бір нөмір қазақ газетін баспадан шығару үшін 15-20 пұт араб әрпі
керек. Ал латын әрпінен 2-2,5 пұт әріп кетеді. Баспаханалардың
әрқайсысында араб әрпі үшін 174-200 әріп ұясы болса, латын әрпі
үшін әрі кеткенде 44 ұядан аспайды. Араб әрпін теру жұмысы -
өнімсіз, бейнетті, норма бойынша әріп теруші орыс тілінде 7500
әріп терсе, француз, поляк, неміс, татар тілдерінде 5500 әріп
терсе, араб әрпімен 3000 ғана әріп тереді. Бұл олардың еңбек
ақысына тиімсіз;
- Араб әрпін аздаған елдер қолданады, әрі олардың мәдениеті төмен.
Ал латын әрпін неміс, ағылшын, француз, т.б. өнерлі, мәдениеті
жоғары елдер қолданып отыр. Оның үстіне сол елдермен жуықтасып,
олардың жақсылығынан үлгі алып, мәдени табыстарын пайдалануға,
олардың жаманынан сақтануға жол ашылады. Соңғы кезде түрік, иран,
ауған, т.б. елдер араб әрпін тастап латынға көшуде. КСРО
құрамындағы түркі тілдес республикалар мен облыстар да латын
әрпін қолданып отыр;
- Ең бастысы араб әрпіне қарағанда латын әрпі дауыс, дыбыс
ерекшеліктерімізге сәйкес қолдануға, жазуға ыңғайлы. Солдан оңға
қарай дұрыс жазылады, емлесі оңай, әріптері аз, еліміздің
сауаттануына ең төте, қолайлы жол6. 3 деген уәждер келтірді.
А. Байтұрсыновқа қарсы пікір айтушылардың бірі – Құдайберген
Жұбанов болды. Ол өзінің Қосар ма, дара ма? деген мақаласында былай деп
жазды:
... Араб әрпінің өзін қазақ тілі дыбыстарына үйлестіру шарасы қалам
ұстағандардың арасында көптен қозғалған, практикада ертеде қолға алынған іс
болатын. Осы күнгі ы, і дыбыстарын таңбалау үшін бұлардың өзін әріппен
белгілемей, алдындағы дауыссыз дыбыс әрпінің үстіне үтір қою жиі кездеседі.
Сондықтан араб әліппесіне Байтұрсынұлы енгізген өзгерісті араб әрпін
жасаудың басы деп есептеу – тарихта қате. Оны бұл жөнінде болып келген
өзгерістердің сірге жияры, соңы, тұйықталып, тынған жері деп түсіну керек.
Ильминский, Мелиоранский, Радлов сияқты оқымыстылар, Ронгинский, Алекторов
сияқты миссионерлер орыс әрпімен таңбалап қазақ әліппесін шығарғанда осы
Байтұрсынұлы тапты деп жүрген дыбыстардың бәрі де ашылған болатын-ды.
Ахметтен көп бұрын қазақ тілі мен оқу құралдарын шығарғандар а мен ә,
о мен ө-лер барын, немесе з мен т-лардың жуан, жіңішкесіне әріп
алудың керексіздігін Ыбырай Алтынсариндер Ахметтен үйренбеген-ді. Егер де
осы күншығысшылар мен миссионерлер шығарған әліппе болмаған болса,
Байтұрсынұлы әліппесі де болмайтын еді.
Байтұрсынұлының араб әрпіне кіргізген өзгерісі бірқатар әріптердің
үстіне үтір, мәт қою, арабтың әмзесін дәйекшілікке алу, қосар әріп енгізу.
Міне осы үшеуінің ішінен шынымен Байтұрсынұлы шығарды деуге жаралығы – қоса
әріптер. Өйткені үтір қоюды алдымен Түркияда Шамсиддин Сами шығарған. Онан
кейін Татарстанда Қоюм Насири, мұның артынан Надимахсудов шығарған. Мәт пен
әмзе таңбаларын да, жуан а мен жіңішке ә-ні алу да солардан қалған-ды.
Сүйеу таяқ болса да бұл бұрыннан бар болатын... Сонымен Байтұрсынұлының
сыбағасына тиетіні - жалғыз-ақ қосар әріптер23. 73-74 деп сын пікір
айтады.
Орынбор съезінде Н. Төреқұлұлы: Біз латын харпін қазаққа күшпен
алдырғалы отырғанымыз жоқ, әріптің сыртқы пішініне, ажарына қызығып, сән
үшін алғалы да отырғанымыз жоқ, латын харпін үйрену, жазу қазаққа тым
пайдалы, жеңіл. Мысалы, бір газетке түрік (араб) харпімен жазып шығаруға 15
пұт әріп, латын харпімен 2,5 пұт керек. Түрік харпі үшін 174 ұя, латын
харпіне 44 ғана ұя керек, түрік әрпінің біреуі 4 түрлі, латындікі бір ғана
түрлі. Мәдениеттің жаңалығы халықтың пікіріне қарап ілгері кетпей тұра
алмайды. Латын әрпін қазір аламын, үйренемін деушілерге бөгет болмасқа
тиіс. Қашан латын харпін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының әліпби айтысы
Араб жазуын орыс жазуына алмастыру
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
ЛАТЫН ТІЛІНЕ КӨШУДІҢ САЛДАРЛАРЫ
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Қазақ жазуының бастаулары
Латын әліпбиінің жаңа замандағы тиімділігі
Мәңгілік ел ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУ РЕФОРМАЛАРЫ
Пәндер