Қызмет көрсету нарығы


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қызмет көрсету нарығының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалық базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нәтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақты қанағаттандырудың алғы шарты. Қызмет нарығының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы тұлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен байқалады. Қызметтер нарығы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының қалыптасуына әсер етеді.
Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер нарығының әлеуметттік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер нарығы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді.
Өндірістік емес үй шаруашылығын жүргізуге уақыт шығынын қысқарта отырып, адамдарды тартымсыз және қиын жұмыстарды орындаудан босата отырып, қызмет нарығы адамдардың рухани және физикалық дамуы үшін олардың бос уақыт шеңберін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.
Бос уақыт әсерін бір жағынан, экономикалық өсу факторы ретінде, екінші жағынан - бос және жұмыс уақытының өзара тығыз байланысы ретінде көрінетін уақытты үнемдеу заңының жұмыс жасау механизмінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Саяси экономикалық аспектіде бұл өзара байланыс жұмыс уақытының азаюы бос уақыттың көбеюіне негіз жасайтындығынан ғана көрінбейді. Бос уақыт көбейген сайын біріншіден, жұмысшылардың біліктілігін жоғарылатуға жақсы жағдай туғызады, екіншіден, олардың біліктілігі жоғарылағаны есебінен еңбек ауысуының экономикалық заңының толық жүзеге асуы үшін жағдай жасалады және соның негізінде барлық қоғамдық уақыттың бүкіл құрамдас бөліктерінің тиімді пайдалануы жүргізіледі.
Сонымен қатар, қызмет нарығының кейінгі дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі адамдарға бос уақытты мәдени түрде, белсенді және жоғары тиімділікпен пайдалануды үйрету болып табылады.
Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де, қызмет көрсетумен байланысты. Себебі, қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, байланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және т. б. жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да, фирма пайдасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады.
Мұндағы байланыс тура, әрі айқын: өмірді жеңілдетуге арналған сапалы қызметтер назар аудартады, оларды қолдануға ықыласын тудырады.
Бос уақытты пайдалану тиімділігі қызметтер нарығы салаларының жұмысын жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен қанығып, басқа қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет, жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының ұлғаюына септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді түрлері оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді және белсенді демалыс жаұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік-жанұя қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос уақытын мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі.
Сол себептен де, қызмет көрсету саласының қазіргі жағдайын қарастыру кезінде, біз, халық шаруашылығының жеке салалық сегменттеріндегі, соның ішінде туристік қызметтер нарығының жағдайы мен болашағына назар аудару қажет деп ойлаймыз.
Туристік қызметтер нарығы қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуында маңызды орын алады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастыру мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Елбасымыз Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басымды сала деп анықтады.
Қазіргі уақытта Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр. Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, көмірсутегінің қаржысына ғана суйенумен алысқа бара алмасымыз мәлім.
Ел табысының негізгі бөлігін шикізаттық емес саладан табуды мақсат еткен Қазақ елінің алдында алынбаған талай асу бар. Қазақстан ендігі он жылдықта өндіру саясатын түбегейлі өңдеуші бағытқа бұрғалы отыр. Бұл ретте туризмнің алар орны ерекше.
Сол себепті, бүгінгі таңда туризм - әлемдік экономиканың ең құлдырауға барынша кетпейтін саласы. Дүниежүзілік туризм ұйымдарының деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен. Дүниежүзінде туризм тез қарқынмен дамуда және жуық арада қызмет көрсету саласында 1-ші орынға шығады. Туризмге салынған капиталдар басқа салаға қарағанда қайтарымдылығы аз уақытты қажет етеді. Дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттерде туризм әлемдік ірі сауда аймағы - мұнайды қуып жететіні белгілі. Ең бастысы табысы таусылмайтын ресурстар береді. Жалпы, қызмет көрсету саласындағы туризмді дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу жалпы елдегі экономикаға оң әсерін тигізеді.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы: диплом жұмысы экономикалық факультет студенттері үшін негізгі, әрі қосымша материал ретінде пайдаланыла алады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты - Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды фактор ретіндегі қызмет көрсету нарығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеу. Қойылған мақсат келесі мәселелерді шешуге келіп тірелетін дипломдық жұмыстың міндетін анықтады:
- қызмет көрсету нарығының теориялық түсінігі мен болмысын қарастыру;
- Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына, оның маңызды салаларының бірі ретінде туристік қызмет көрсету нарығына талдау жасау;
- туристік қызмет көрсету саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қарастыру;
- қызмет көрсету нарығындағы және туристік қызмет көрсету орындарындағы мәселелерді анықтау және олардың шешу жолдарын әзірлеу.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде монографиялар, заңдар, мемлекеттік бағдарламалар, оқу құралдары, мерзімдік баспасөз басылымдары, әкімдіктердің, кәсіпорындардың тоқсандық, жылдық қаржылық есептері пайдаланылды.
Зерттеу пәні - Қазақстандағы қызмет көрсету нарығы.
Зерттеу объектісі - Алматы облысындағы туристік қызмет көрсету орындары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен (2 тарау мен 5 тараушадан тұратын), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлім Қазақстанның қызмет көрсету нарығының, оның негізгі салаларының бірі - туризмнің жалпы сипаттамасына арналған. Екінші бөлімде Алматы облысындағы туристік қызмет көрсету орындарының қазіргі кездегі даму деңгейі қамтылған
1 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері, оны қалыптастыру жағдайлары
Әлемдік нарықтық экономикада тауар, капитал, жұмыс күші нарығымен қатар қызмет көрсету нарығы да әрекет етеді. Қызмет көрсету нарығы негізгі мақсаты халықтың қызметтерге деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылатын күрделі жүйені құрайды. Қызмет көрсету нарығы әлемдік шаруашылықтың ауқымды бөлігін алады. Сондықтан қызмет көрсету саласы экономиканың жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашағы зор салалардың бірі. Алдыңғы қатарлы, дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне көңіл аударсақ, өндіріс күрделеніп нарық тауарлармен толыққан сайын қызметтерге деген сұраныс артуда [28] .
Қызмет көрсету нарығы экономиканың барлық салалары жұмысшыларының сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш-жігерін мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі функцияларын орындап қана қоймай, сондай-ақ материалдық өндіріске де өз әсерін тигізеді. Ол өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының өндірісін дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушыларының бірі болып табылады, ал материалдық өндіріс өндірістік емес сала жасайтын көптеген қызметтерге сұранысты тудырады. Өндірістік емес сфера материалдық өндірісте өз базасын таба отырып, өзінің салаларын дамытуды жеделдетуге ынталы болып келеді. Екі саланың дамуының өзара байланысты үрдісінің жұмыс жасауы халықтың материалды және рухани игіліктерді үзіліссіз тұтынуымен негізделеді.
Қызмет көрсету нарығының және оның салаларының жұмысшылары материалды игіліктердің тек тұтынушылары ғана болып табылмайды. Өз еңбегімен олар халыққа қызмет ете отырып, материалды емес рухани құндылықтарды құрады. Олардың ортақ мақсаты - адамдардың түрлі қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және өмір сүру деңгейін жоғарылату болғанымен де, екі сферада бұл мәселені түрліше шешеді. Қызмет сферасы әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық функцияларды да орындайды. Мысалы, білім беру адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшін ұдайы өндіру факторы болып келеді.
Қазіргі қоғамда қызметтер тұтынудың маңызды элементі және адамдардың өмір сүру қалпын жетілдіру шарты болып табылады. Қызмет көрсету сферасының салаларын дамыту қоғам мүшелерінің тіршілік іс-әрекетінің көптеген критерийлерін өзгертуге әсер етеді және бұл өзгерістер қоғамдық өндіріс құрылымындағы өзгерістерге, оның тиімділігін жоғарылатуға әсер етеді.
Ғылыми зерттеулерде жалпы қызметтер, біріншіден, орындалатын қызметтер жиынтығы, екіншіден, тұтыным құнына ие еңбек өнімі ретінде анықталады. Бұл дегеніміз қызметтер құндық көрсеткіштерге ие және барлық халықпен тұтынылады. Жалпы қызметтің келесі ерекшелігін атап кетуге болады:
- сезілетін және сезілмейтін қасиетке ие (сезілмейтін - аудитордың кеңесі, оқытушының дәрісі) ;
- қызметтің өндіру мен сату уақытының сәйкес келуі (мысалы, шаштараз) ;
- қызметтер тауарға қарағанда стандарттау мен бірыңғайлылықтың аз деңгейіне ие;
- қызметті тұтынушы қызмет нәтижесінің анықсыздығына жоғарғы тәуекелділік аумағында болады;
- қызметтерді сақтауға және тауарлар ретінде көрсетуге болмайды;
- қызметтер өндіру мен тұтынуда жеке;
- қызметтердің материалдық еместігі;
- қызметтер түрінің сан алуандығы;
- тұтынуда қызметтер соңғы болып табылады.
Көптеген мемлекеттік, коммерциялық емес қызметтердің сыртқы әсерлері бар, соның арқасында оларды жеке игіліктер ретінде қарастыруға мүмкіндік бермейді. Қоғамдық игіліктер ретінде қызметтер келесідей сипатталады:
- бөлінбеушілік, яғни оларды жеке тұлғаларға бере ала алмаушылығында;
- қызметтерді қолдану үрдісінен тұлғаны бөліп шығарудың мүмкін еместігі;
- белгілі қызмет түрін тұтынуды нормалау күрделілігі [8, 5-9 б] .
Сондай-ақ, қызметтер материалды және материалды емес болуы мүмкін. Материалды қызмет көрсету кезінде қызмет еңбек затында материализацияланады. Мысалы, материалды қызметтер - бұл машиналарды жөндеу бойынша, аяқ киім тігу бойынша қызметтер және т. б. болып табылады. Еңбек заты заттандырылған тұтыну құны болып табылады, ол қызметті өндіруші тұлғаның (немесе ұжымның) ықпалына тиеді. Материалдық қызмет тауар сияқты өзінің объектісіне жылжу жолында барлық сатыдан өтеді: өндіру- айырбас- бөлу- тұтыну. Қызметтің объектісі қызметті өндірушімен байланысқа баратын, яғни қызметті алатын адам болып табылады.
Материалдық қызмет жеке талғамдар мен сұраныстарға сәйкес материалды тұтыну құндарын өндіруге және тұтынуға байланысты қалыптасатын белгілі экономикалық қатынас. Оларды қоғамның барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру дайындығына дейін жеткізудің ұйымдастырушылық сипаты бар.
Материалдық қызметтердің өндірістік функциялары заттай формадағы жаңа материалды игіліктерді құруда көрінеді (қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы тамақ жасау, киімді жеке тапсырыс бойынша тігу және т. б. ), түрлі энергия және өнімдер формасындағы материалды тұтыну құны ретінде (жылу, газ, жасылдандыру және т. б. ), бұрын құрылған материалды игіліктерді ұдайы өндіру үрдісін жалғастыру түрінде (сұрыптау бойынша, орау, тасымалдау бойынша операциялар), материалды игіліктердің тұтыну құнын қайта қалыптастыруда көрінеді (тұрғын үй-шаруашылығын жөндеу, тұрмыс техникасын жөндеу және т. б. ) . Қызмет көрсету аясында өндіруші еңбекпен құрылатын тұтыну құндары (заттай түрінде) және оларды құны бойынша жалпы ұлттық өнім және ұлттық табыс құрамына жатқызу осы маңызды халық шаруашылық көрсеткіштерінің шамасы туралы толық және нақты көрініс береді.
Материалдық емес қызмет көрсету барысында оның өндірушісі қажеттілікті қанағаттандыру үшін адамға іс-әрекет түрінде әсер етеді (мысалы, дәрігердің, шаштараздың, оқытушының, инфрақұрылым рыногының жұмысшыларының қызметі және т. б. ) . Егер материалдық қызмет көрсету кезінде еңбек үрдісінің үш кезеңі болса: еңбектің өзі, еңбектің заты және еңбек құралдары, онда таза (материалды емес) қызмет көрсетуде тек еңбек құралы мен еңбектің өзі қатысады (еңбек заты бұл жерде адамның өзі болып отыр), яғни таза қызмет көрсеткенде қызметтің заты мен объектісі бір тұлға - адам болып келеді. Таза қызмет жылжудың тек үш сатысынан өтеді: өндіріс - айырбас (жартылай) - тұтыну. Таза қызметтің орындайтын функциясы жоғары текті-рухани, санаткерлік, мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады [8, 8-10 б] .
Қызметтер тек материалды, сауда, тасымалдау және басқа да қажеттілктерді ғана емес, сондай-ақ адамдардың мәдени-тұрмыстық сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың көп қырлы қоғамдық пайдалылықтары болатынын айта кету қажет. Бірқатар қызмет кәсіби білікті жұмысшы күшінің қалыптасуына әрекет етеді (мысалы, жоғары және басқа оқу орындарының, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің қызметі және т. б. ) . Қызметтер, адамды тұлға ретінде қалыптастыратын басқа да қоғамдық функцияларды орындайды.
Қызмет өндірісі мен саланың дамуы, ең алдымен, жалпы ұлттық өнімнің, жұмыс күшінің және сәйкес экономикалық қатынастың ұдайы өндіріске қатысуына қарай қарастырылады. Осының салдарынан жұмыс күшін ұдайы өндіру үшін қажет өмірлік игіліктерді қазір қызметтің белгілі бір бөлігіне жатқызбау мүмкін болмай отыр.
Халыққа материалдық сипаттағы қызмет көрсету салаларының жоғары өсу қарқыны көптеген маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудің қажетті алғы шарты болып отыр. Халықты әлеуметтік-мәдени бағыттағы игіліктермен қамтамсыз ету адамдар арасындағы өзара қатынасты жетілдіруге, тұлғаның қалыптасуына, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы, республиканың түрлі аймақтары арасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық айырмашылықтарды жоюға маңызды әсер етеді.
Қазіргі жағдайда қызмет нарығының салалары және оның жұмысшылары адам дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындайды:
- материалдық өндіріс аясында және қызмет сферасында өндірілген материалдық және рухани игіліктер тұтынушылардың жеке талғамдары мен сұраныстарына сәйкес жеткізіледі және тұтынушылар арасындағы осы игіліктердің болуын анықтайды;
- заттардың тұтыну құнын қайта құра отырып, халықтың тұтынуына дайындайды, яғни қызмет аясының салалары тауар-заттардың өндірісін толықтырады;
- өмірлік игіліктер тұтыну үрдісінің өзіне қызмет етеді (қоғамдық тамақтану, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету) ;
- жұмысшы күшінің ұдайы өсуіне және қызмет ету дәрежесіне белсенді әсер етеді;
- саналы демалу үшін, халықтың бос уақытын үнемдеу үшін жақсы жағдай жасайды;
- үй шаруашылығындағы еңбектің қысқаруына және жеңілдеуіне әрекет етеді, сондай-ақ халықтың тұрмысын жақсартады және қала мен ауыл тұрғындарының өмірлік деңгейлерінің жақындасуына алып келеді.
Сонымен, қызмет көрсету нарығы - жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне, тұтынушылардың материалдық және рухани қажеттілктерін қанағаттандыруға бағытталған, еңбек өнімі материалдық және материалдық емес сипаттағы және адам дамуындағы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы қызметтер болып келетін экономикалық салаларының жиынтығы.
Қызмет көрсету нарығының еңбек өнімі ретіндегі қызмет қызметтің барлық түрін қамтиды, яғни жеке, әлеуметтік және өндірістік мақсаттағы қызметтер. Қызмет көрсету сферасы оның шектелу критерийіне сәйкес объективті түрде келесі сфераларға бөлінеді: өндіріске, халыққа, қоғамға қызмет көрсету. Халыққа қызмет көрсету сферасының салалары өндіріс функцияларын орындайды - еңбек өнімдерін дайындап, оны тұтынушыға жеткізу және тұтынушылардың материалды игіліктерге және қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсету. Қызметтерді топтастыру белгілері сатып алу себебі мен тәжірибесі, рыноктық сегменттеу, қызметтерді жабдықтаушының мақсаттары, меншік сипаты, реттеулілігі және т. б. болуы мүмкін [8, 11-12 б] .
Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы өндірістік емес саланың белгілі бір бөлімі бола отырып, мына салаларды қамтиды:
1) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық (тұрғын үй қызмет көрсетуі) - барлық жағдайлары жасалған (электр, су, газ, жылу, телефон, қоқыстан тазарту жүйесі) тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2) халықты әлеуметтік қамтамасыз ету қызметтері - қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер, балалар үйі мен интернаттар, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру;
3) бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру;
4) тұрмыстық қызмет көрсету - бұл кең сала. Мұнда ең алдымен, бір мезгілде қызмет көрсету саласына да, материалдық өндіріске де жататын өндірістік салалар ерекшеленеді (киім, аяқ киім, бас киімдерді жеке тігу ательесі, жиһаздарды жасау және т. б., тұрмыстық техника, киім, аяқ киім, пәтерлерді жөндеу және т. б. Екінші, бұдан да ауқымды топқа жеке гигиенамен байланысты қызметтер (монша, киім жуу, химиялық тазалау, шаштараз, косметика салондары және т. б. ), үйді күту жұмыстары (еденді сүрту, үйді жинастыру, терезелерді жуу және т. б. ) және жеке көлік, жалға беру пункттері, суретке түсіру пункттері және т. б. жатады, ерекше орынды Жинақбанк қызметтері алады;
1) мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету - пошта, телеграф, телефон-автоматтар, қалааралық сөйлесу пункттері, анықтамалық бюро, спорттық жүйе (дене шынықтыру және спортпен жеке шұғылданудың базасы ретінде) .
2) туристік-экскурсиялық қызмет көрсету;
3) халықтың кейбір ерекше топтарының өмірін жүйелі қамтамасыз ету (балалар үйі мен қарттар үйінің тұрғындары, мүгедектер мен жазылмайтын науқас адамдар және түзету мекемелеріндегі адамдар) ;
4) кәделік қызмет көрсету - мазар, колумбария күтімі және оны ұйымдастыру, крематорийлер қызметі;
5) заң қызметтері (наториат, адвакатура, азаматтардың жеке құқықтарын бұзушылық істері және басқа да азаматтық істер жөніндегі соттар;
6) мәдени-ағартушылық қызмет көрсету - әртүрлі тамаша шаралардың әралуан жүйесі: театрлар, кинотеатрлар, концерттік және көрмелік залдар, цирктер, мұражайлар, стадиондар мен бассейндер, клубтар мен мәдениет үйлері, кітапханалар; сондай-ақ бұл салаға мыналарды да жатқызуға болады: газет, журнал және кітап баспалары, радио мен телевидения, кітап саудасы;
7) білім беру - балалар балабақшасы, жалпы білім беретін мектептердің жүйесі: кәсіптік-техникалық оқыту, орта арнайы, жоғары оқу мекемелері; кадрларды қайта даярлау, кадрлардың біліктіліктерін көтеру;
8) медициналық қызмет көрсету (денсаулық сақтау) - амбулаториялар емханалар, ауруханалар, өндіріс орындарындағы медпункттер мен ауылдық жерлердегі фельдшер-акушерлік бөлімшелер, әртүрлі саладағы диспансерлер, жедел жәрдем бекеттері, ана мен баланы қорғау жүйесі, әйелдерге кеңес беру, санатория-курортттық желі мен профилакториялар, санитарлық қызмет, санэпидстанция, дезинфекциялық бөлімшелер, санитарлық ағарту үйлері және т. б. ;
9) халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың мүліктерін қорғау, жергілікті жерлердегі милиция және сот органдарының сәйкес жұмыстары, өрттен қорғау қызметтері;
10) жолаушыларды тасымалдау көлігі - тек уақыт үнемдеу құралы емес, сонымен бірге, халықтың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру (поштаны жеткізу, медициналық қызмет көрсету, үйлердегі техникаларды, автолавкаларды, автоклубтарды және т. б. жөндеу) [9, 10-12 б] .
Көптеген қызметтер түрлерін бірнеше топтарға біріктіріп қарастыруға болады. Мысалы, қызмет көрсету типтері бойынша өндірістік (құрылыс, инжиниринг, лизинг, құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу), үлестіруші (сауда, көлік, байланыс), кәсіптік (банктер, сақтандыру, қаржылық, несие беру, кеңес беру, жарнама), тұтынушылық (үй шаруашылығына қатысты қызметтер, демалыс, уақыт өткізуге қажетті қызметтер), қоғамдық (теледидар, радио, білім, мәдениет, денсаулық сақтау) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz