Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. Азаматтық құқық ұғымы

1. 1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі

1. 2. Азаматтық құқық қағидалары. Азаматтық құқық қайнар көзі.

2. Азаматтық - құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері

2. 1. Азаматтық құқықтық қатынастарының жалпы сипаттамасы, мазмұны

2. 2. Азаматтық құқық қатынастарының жіктелуі

2. 3. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі замандағы нарықтық қатынастардың күн өткен сайын арта түсуі және олардың қарыштап дами түсуі азаматтық-құқықтық қатынастардың барынша ұлғаюына алып келуде. Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады.

Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейтіні бізге мәлім. Сонымен, азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастар деп аталады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өмірдегі өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі қатынастарға түсіп отырады. Адамдар арасында қалыптасатын қатынастар сан алуан. Осы қатынастар құқық тұрғысынан реттеле бастаған кезде олар құқықтық қатынас сипатына ие болады.

Осы курстық жұмыста азаматтық құқық жалпы бөлімінің негізгі институттарының қатарына жататын азаматтық құқық қатынастарының жалпы сипаттамасы мен ұғымын, олардың пайда болу және тоқтатылу, өзгеру негіздерін және бүгінгі күні кездесіп жатқан сан алуан түрлері туралы мәселелер көтерілмек. Кез келген қатынастың өзіне сай мазмұны болатындай, азаматтық-құқықтық қатынастардың да өздеріне сай мазмұндары бар. Осы мәселе де бұл курстық жұмыстың зерттеу аясынан шет қалмайтындығын айта кеткен жөн.

Осы курстық жұмыста азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы ғылыми еңбектер, атап айтқанда қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылмақ.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аза маңызды белгісі ондағы тараптар теңдігі болып табылады.

Азаматтық және азаматтық заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқық ғылымы деп таниды.

Азаматтық құқық ғылымының міндеті-азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы-нақ азаматтық құқықтың өзі болып табылады.

Әлбетте бұл пән азаматтық құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін

де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдіру мүмкіндіктерін де қамтиды.

Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген құқықтық жүйелерді, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін, даму бағыты мен оған ықпал ететін факторлады бағалай келе, азаматтық құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі.

Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас - құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық - құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып, азаматтық - құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас - бұл азаматтық - құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.

Азаматтық - құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса, онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе - тең ие. Азаматтық - құқықтық қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады . ( Мысалы, зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды тараптар, құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады ) .

1. Азаматтық құқық ұғымы

1. 1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі мен жүйесі

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына түседі. Мәселен, қайсыбір затты сатып аларда азаматтардың арасында, яғни сатушы мен сатып алушының арасында осындай қатынастар туындайды. Азаматтық заңнамада көрсетілген сатып алу сату шартынан туындайтын өте күрделі қатынастар туындайды. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сома көлемінде сатушыға сыйақыны тауар үшін береді, ал сатушы өз кезегінде сол ақшаға құны теңдес тауар беруге міндетттенеді. Осындай қатыснастарға адамдар мен заңды тұлғалар сан қилы түрде күнде түсіп жатады.

Заңды тұлғаларға қатысты алар болсақ та, жоғарыда аталғандай, азаматтық құқық қатынастарының шегінен шығып кете алмайды. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың бір ерекшелігі - олардың ерікті түрде пайда болатындығында. Әдетте, мұндай қатыснастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.

Құқық қатынастары туралы сөз қозғағанда және оны зерттеу барысында біз алдымен олардың құрамдас бөліктерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сонымен қатар мемлекет болып табылады, яғни бұдан байқайтынымыз, азаматтық құқық субъектілері азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынастарда құқықтар мен міндеттер нені реттеуге бағытталған болса, мәселен, мүліктік және мүліктік емес игіліктер, сол нәрселер оның объектісі болып табылады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер (қатысушылары), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .

Азаматтық құқық қатынастарына қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық құқық қатынастар субъектілерінің ауқымы Азаматтық кодекстің 2-тарауында белгіленіп берілген. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте “тұлғалар” деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады.

Жеке индивидтерді жеке адамдар деп атайды. Жеке адамдар ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады. Ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды. Бұл норма Азаматтық кодекстің 43-бабында өз бекімін тапқан.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, олардың жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қызметтің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі Азаматтық кодексте белгіленген.

Бұл атап отырғандарымыз, азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуші субъектілердің бір бөлігі болып табылады, бұлардың азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуі сол қатынастардың өмір сүруін білдіреді.

Жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т. б. ) болуы мүмкін, бұлар азаматтық-құқықтық қатынастарда осы қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет етеді. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады.

Осыған орай, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың сипаты мен ерекшелігін анағұрлым айқын көрсету үшін ол қатынастардың объектілерін атап өтпей кету дұрыс емес.

Құқықтық қатынастардың объектілері жөнінде заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар. Бір авторлардың пікірінше, оның субъектілерінің мінез-құлқы ғана құқықтық қатынастардың объектісі бола алады. Ал оның субъектілерінің материалдық немесе материалдық емес игілігіне бағытталған мінез-құлқы, тиісінше, азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады1. Азаматтық құқық ғалымдарының көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша, құқықтық қатынастардың объектісі азаматтық-құқықтық қатынастардың да объектісі болады.

Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері Азаматтық кодекстің 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілген қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелер, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзі де жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне деген құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.

Азаматтық құқықтың даму тарихын зерттеуде ғылымның өзінің, оның жасаушылары мен зерттеушілерінің тарихы, ғылыми тұжырымдамалары мен көзқарастардың тарихы едәуір орын алады. Азаматтық құқық ғылымы дүние жүзі құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді, мұндай ерекшеліктердіңпайда болу себептерін анықтайды, оларды салыстырды және бағалайды. Азаматтық құқықтық ғылымның бұл саласы салыстырмалы құқықтану ғылымының едәуір бөлігін құрайды.

Азаматтық құқық ғылымы қолданыстағы азаматтық заңдарға және оның практикалық тиімділігіне сыни баға беруге зор көңіл бөледі, заң актілерін дайындау барысында жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді, құқықты қолданудың нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына заңдардың сәйкестігін анықтайды, заңдардағы олқылықтарды көрсетеді. және оларды жою жолдарын ұсынады, құқықтық нормаларды жетілдіруге жәрдемдеседі, осы мақсатпен дүние жүзілік тәжірибе байыппен зерттеледі.

Азаматтық құқық ғылымы қашан да ғылыми көзқарастардың, мектептер мен бағыттардың күрес жүргізуі жағдайында дамыды. Мұндай күрес ғылыми ұстанымдар

мен идеялардың әлсіздігін анықтауға, ғылыми ақиқатты дәлелдеуге мүмкіндік береді. Ол әдетте ғылыми пікірталастар, айтыстар түрінде, арнаулы ғылыми жарияланымдар мен мерзімдер баспасөз бетінде, ғылыми конференцияларда, семинарларда, талқылауда, басқа

да ғылыми кездесулерде, аудиторияға, ғылыми қарсыластар мен оппонентерге жауап беруге, өзінің ұстанымдары мен тұжырымдамаларын қорғауға мүмкіндік беретін өзге де түрлерде жүргізіледі.

Кеңестік цивилист-ғалымдардың атап өтерлік жақсы қасиеті-олар тіпті қатаң цензура және практикалық мемлекттік идеологияға сай келмейтін пікірлер мен көзқарастарын ашық қорғау білді. Сол кездегі ғылыми пікірталастарға айтылған көзқарастарын

көпшілігін азаматтық құқық ғылымы жаңа, қазіргі даму жағдайларында да түсінікпен қабылдады. Мысалы, цивилист ғалымдардың «шаруашылық құқығы» тұжырымдамасына қарсы ондаған жылдарға созылған ғылыми күресін, азаматтық құқық пәні және қоғамдық қатынастарды реттеудің азаматтық құқықтық әдісі туралы, заңды тұлғаның әсіресе, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің мәні және басқалары туралы қызу пікірталастарын атап көрсетуге болады. Сол пікірталастарүстінде ұсынылған көптеген қағидалар қазір де Қазақстанның азаматтық құқықтық ғылымының қаруы болып келеді.

Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар-заңды тұлғалар 2) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әртүрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатыстармен қатар, әлде бір жаңа қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз-бұл нақты қатынастардың нысаны ғана.

Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары

реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді.

Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері бола алады. Азаматтық құқық нормалары ретеген қоғамдық қатынастар сапасына ие болады. Азаматық -құқықтық қатынастар дегеніміз-азаматық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері, азаматтық құқықтық реттеудің объектісі мен әдісіне байланысты. Азаматтық құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатыстысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен

ғана байланысты болады. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілетігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді.

Азаматтық құқықытыққатынастар субъектілерінің теңдігін олардың

мүліктік дербестігіне сүйенеді. Азаматтық құқықтық қатынастар ерікті болады.

Әдетте мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекетімен жүзеге асады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады:

1) мүліктік қатынастар

2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар

3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар

Азаматтық құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен мүліктік

қатынастар болғандықтан, азаматтық құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады.

Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне

(сатып алу-сату, айырбас, займ және т. с. с) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құығы және т. с. с) алайда оларды басқа тұлғаладың пайдалануы арқылы негіде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құықтар менигіліктер-ар-намыс, қадір қасиет, іскерлік бедел және т. с. с мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.

Сонымен қатар Абсолюттік және салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастармен құық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндетті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтар құқық берілген тараптың да міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен зиян келтірген адам жәбірлеушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез-келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқыты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда-тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.

Азаматтық құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әректетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады. Заттық құқықтық субъектісі өзінің заттқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегімен жүгінбестен, затқа иікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесіне өзіне

тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер-қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндетемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамның белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы («бөгде әрекет» құқығы) . Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап

ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.

Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынсастардың объектісі-зат болмауы мүмкін. Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі-әдеби шығарма болады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенімхатты құқықты рәсімдеу тәртібі
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Азаматтық құқықтықта сенімхат
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
Лизинг шартының ерекшеліктрі
Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz