Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны



МАЗМҰНЫ.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ТАРАУ ОҚУШЫЛАРДЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН ТӘРБИЕЛЕУ.ДЕГІ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Халықтың рухани мұрасы ― халық педагогикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Халықтық педагогиканың бала сана.сезімін қалыптастырудағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Кіріспе.


Егеменді пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды.
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 » бағдарламасында көрсетілгендей ... « Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын жетіліп көркеюіне баса назар аудару » т.б. болмақ. Ұлттық тәрбие беруде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс. Президент өзінің Қазақстан халқына арналған үндеуінде «Мемлекетке қажетті барлық басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән беріледі. Себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады » — дейді. Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған « Білім туралы » заңның « білім жүйесі » аталатын екінші бөлімінде « Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын, адал патриот азамат даярлау ... олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде. Тәрбиеленген халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген ... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек » — делінген. Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеу.
Ал оқушы жастарға халықтың қыры мен сырын, ғылыми
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. Айдар С. « Халықтық педагогика негізінде еңбек тәрбиесін ұйымдастыру » // Қазақстан мектебі.- 1999.-№7/8. Б.72
2. Ахметжанова А.С « Халық педагогикасы — ғасырлардың асыл пернесі ».// Қайнар университетінің хабаршысы.- 2005.-№1/2 Б.54-57
3. Ғаббасов С. « Халық педагогикасының негіздері».-Алматы 1995.
4. Ембергенов Ж. « Халықтық педагогика және салауатты өмір салты».// Ұлт тағылымы.-1999.-№2. Б56-59
5. Жартыбаева Б.Н « Сабақта және сабақтан тыс уақытта басқа ұлт оқушыларына қазақтың халықтық педагогикасы элементтерін қолдана отырып, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ».//Білім берудегі менеджмент.-2002.-№2.-Б
6. Жарықбаев Қ., Қалиев С. « Қазақ тәлім тәрбиесі».-Алматы 1995.
7. Ибраимова Л. « Қазақ отбасылық тәрбиесінің зерттелу жайы [Мәтін]//» Ибраимова Л. // Ұлт тағылымы.-2005.-№2. Б.22-26
8. Қабышева К. « Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі [Мәтін]//»
Қабышева Р. // Ұлт тағылымы.-2005.-№4. Б.5-9
9. Қаженбаева А., Жанұзақова Ш.«Халық даналығы — ұлттық психологияда »// Ұлт тағылымы.-2002.-№2. Б.34-36
10. Қайырғалиев Т. « Ұлттық өнерді қастерлейік: [Жастарды тәрбиелеудегі халық педагогикасының негіздері]»// Сарыарқа.-1998.-№5
11. Нұғманова Х. « Халықтық педагогика құралдарын оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде пайдалану»// Ұлт тағылымы.-2002.№2.-Б4-9
12. Садуақасов Ә. « Халық педагогикасы дәстүрлерін қазақ мектептерінің оқу — тәрбие процесінде пайдаланудың шарттары»//Ұлт тағылымы.-2002.-№2.-Б9-12
13. Ұзақбаева С. « Тамыры терең тәрбие».-Алматы 1995.
14. Қалиұлы С. « Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» .- Алматы. Рауан 1998.
15. Табылдиев Ә. « Қазақ этнопедагогикасы».- Алматы 2001.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны

МАЗМҰНЫ.
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ ОҚУШЫЛАРДЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН ТӘРБИЕЛЕУ-ДЕГІ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Халықтың рухани мұрасы ― халық педагогикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Халықтық педагогиканың бала сана-сезімін қалыптастырудағы
орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..27
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .29
Кіріспе.

Егеменді пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі
жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да,
көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды.
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның
басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан — 2030 бағдарламасында көрсетілгендей ... Қазақстандық
патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық
мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін
қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын жетіліп
көркеюіне баса назар аудару т.б. болмақ. Ұлттық тәрбие беруде көзделетін
мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға
қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық
қатынас жағдайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек
етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң
қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс. Президент
өзінің Қазақстан халқына арналған үндеуінде Мемлекетке қажетті барлық
басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән беріледі. Себебі білім беру
ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады — дейді. Ал Қазақстан үкіметі
қабылдаған Білім туралы заңның білім жүйесі аталатын екінші
бөлімінде Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына
шын, адал патриот азамат даярлау ... олар мемлекеттік белгілердің мәні мен
маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар
достығының негізінде. Тәрбиеленген халық, отан, отбасы алдындағы жеке
бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген ... Қазақстанда тіршілік етуші
қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-
ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек — делінген.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеу.
Ал оқушы жастарға халықтың қыры мен сырын, ғылыми негіздері мен
тәлімдік мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыда игерудің теориясы мен әдіс-
тәсілдерін меңгерту мәселесімен арнайы ғылым саласы айналысады.
Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне
негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы болып
табылады.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі
тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың
әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір
саласы.
Зерттеудің тақырыбы — Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың
алатын орны .
Зерттеу жұмысының мақсаты — халықтық салт-дәстүрді, өнерді
дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін,
жан-жақты жетілген саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеуде қолданылатын
халықтық педагогиканың сипатын ашу.
Зерттеудің міндеттері — халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың
бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту және дене еңбегі мен ой
еңбегіне қабілетін жетілдіру нышандарын айқындау.
Зерттеудің объектісі — оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын ұлттық
мұралар.
Зерттеудің болжамы — халықтың тәрбие үлгілері арқылы оқушы
жастардың бойында ізгілік қасиеттері шыңдалып, нарық жағдайына, өмір сүруге
икемді, жан-жақты жетілген азамат тұлғасы қалыптасар еді.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес төмендегідей мідеттер
қойылады:
— Халықтық педагогиканың мәнін ашу;

— Халықтық педагогиканы сипаттайтын ұлттық құндылық үлгілерінің
негіздерін ашу;
— Халықтық педагогикада бала сана-сезімін қалыптастырудағы ықпалын
көрсету;
— Жалпы бала тәрбиелеуде халықтық педагогиканың үлгілерінің
маңыздылығы.

І ТАРАУ

1. Халықтың рухани мұрасы — халық педагогикасы.

Тәуелсіз мемлекетіміздегі болашақ ұрпағымызды жан-жақты жетілген,
бойында ұлттық санасы мен психологиясы бар етіп қалыптастыру ― отбасының,
балабақшаның, орта және жоғары білім беру орындарының, бүкіл халқымыздың
міндеті.
Ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге
дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі — халық педагогикасы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені жас ұрпақ бойына сіңіріп
отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер бар. Мәселен мақал-мәтелдер адамды
имандылыққа, адамгершілік тәрбиесіне насихаттаса, жұмбақтар мен айтыстарда
— ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр- дастандарда — әсемдік, эстетикалық тәрбие,
ал ертегілер халықтық тәрбиенің әралуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік
материалретінде пайдаланылған. Сонымен халық педагогикасы — тәлім-тәрбиенің
қайнар көзі, халықтың рухани мұрасы. Осындай халықтық мұралар заманымыздың
талап-тілегіне байланысты пайдаланылып, ұшталып жаңара береді.
Халық педагогикасы — халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін,
тұрмыс күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, ұрпаққа тәрбие берудің
барлық жақтарын қамтитын, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім. Жалпы
халық педагогикасының даму жолдарын сараласақ, ол әртүрлі тағдырға ұшырап,
бірқалыпты даму жолына түсе алмағандығын байқаймыз. Оның көптеген себептері
бар. Көп уақытқа дейін халық педагогикасын ғылыми тұрғыдан алшақтатып, оны
ғылым емес деп келді. Қазіргі кездің өзінде де халық тағылымының ғылыми
жүйеленбегендігінің әсерінен халқымыз рухани азғындауға жиі ұшырағандығын
байқаймыз. Халық педагогикасының ғылыми дамымауы тікелей империялық
саясаттың салдарынан екені анықталып отыр ( мысалы, Рим империясы, Орыс
империясы ). Империялық саясат өзінің езгісіндегі халықтың ұлттық санасын,
тарихын таптап, олардың дамуын қаламайды. Өйткені, осы екеуінен қай
халықтың болмасын ұлттық санасы оянады.
Халық педагогикасы — ұлт тәжірибелері мен тағылымынан туған бай
қазына. Оның келер ұрпаққа берер үлгісі, тәлім-тәрбиесі көп. Халық
педагогикасында маңызды сала ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер болып
табылады. Олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Ұтытқалған салт-
дәстүрлерді, халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміздің барлығын да
жүйелеп, өмір тәжірибесінде қолдануда, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде
ғылыми тұрғыдағы зерттеулердің көбірек болғандығы үздіксіз үрдіске айналуы
керек.
Халық педагогикасы көптеген ғасырлар бойы тіпті жазу-сызу пайда
болғанға дейін қалыптасып, дамып отырды. Оған оның тамаша идеялары мен
дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі
шығармашылығы мен қолданбалы өнері айрықша рөл атқарады. Олар халық
педагогикасында адам тәрбиесінің таптырмайтын құралы, әдіс-амалы, тәсілі,
белгілі ережелері мен әдет дағдыларына айналды.
Халық педагогикасы мәселелері тек 50-жылдардың екінші жартысынан
бастап арнаулы зерттеу нысанасына айналды. Бүгінге дейін жарық көрген
ғылыми зерттеулер халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастырды.
Халқымыздың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жұмысына пайдалану,
мектеп тәжірибелеріне еңгізуге керектігі заман талабы екенін сезінген жөн.
Себебі заман талабына орай бүгінгі жас ата-ана ата-баба дәстүрін толық
қамти алмағандықтан, өткеннен өнеге боларлық салт-дәстүрлерді, нақыл
сөздерді сабақ ретінде мектеп бағдарламасына еңгізген абзал. Жеті атасын
біліп, олардың ерлігін, өрлігін жанына сақтап өскен ұрпақтан зұлымдық,
жауыздық шықпаған болар еді. Бүгінгі таңда мұндай негізді тек мектепте
қалаған дұрыс. Халықтық педагогика — көп арналы, қыр-сыры мол, күрделі
ғылым. Ол жастардың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген,
тарихын, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, имандылық сияқты
қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азаматтар болып өсуін қамтамасыз
етеді.
Енді Халақ педагогикасы деген не? сұраққа жауап іздесек, Халықтық
педагогика — тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің,
іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы. Солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа
халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер)
беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық
педагогиканың мақсаты — жас ұрпақты ата-бабалар тәрбиесінің ең жақсы
мұраттарына тәрбиелеу.
Этнопедагогиканың зерттеу объектісі ретінде халық педагогиканы алған.
Халық педагогикасы — халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу
тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмпирикалық
жиынтығы. Ал этнопедагогика — халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі
тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың
әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір
саласы. Сонымен қатар халық педагогикасын қағидаларға бөліп, ғылыми
педагогикамен байланысын зерттей отырып — халық педагогикасы ғылыми
педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ
болған. Халық педагогикасы ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана емес,
сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің
дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып
табылады.
Халықтық педагогика — тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы,
халықтың рухани мұрасы. Халықтық педагогикамен қатар Этно-педагогика
дейтін атау жиі қолданылады. Этнопедагогика — халықтық тәлім-тәрбиені,
оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Ол — халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын
өткел іспеттес ғылым .
Жоғарыда айтылған ой-пікір, анықтамаларды қарасақ, олар мазмұны
жағынан жақын, бір-бірін өзара толықтыра түседі және этнопедагогика, ғылыми
педагогика, т.б. халық педагогикасынан бастау алатыны көрсетілген. Әрбір
автор анықтама бере отырып, өзінің басты назарының нысанасы болған саланы
көрсетуге тырысады. Ал осы халық педагогикасын ең алғаш ғылым деп таныған
халқымыздың белгілі жазушысы, педагогика ғылымдарының докторы Совет-хан
Ғаббасовтың Халық педагогикасының негіздері атты монографиясында халық
педагогикасының алғаш рет 2 сатылы методологиясын, одан шығатын жүрек
тәрбиесі және ақыл тәрбиесі атты жүйелерін және 7 түрлі негіздерін
бөліп қарастырады. Шын мәнінде қарасақ, Халық педагогикасы дегеніміз көп
қырлы, мағынасы өте терең және тұрақты негіздері бар ғылым екенін көреміз.
Автор: Халық педагогикасын адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін және
зерттейтін ілім десе, ал этнопедагогиканы Адамның тән-құрылысының
дұрыс жетілуіне әсер етуді зерттейтін ілім деп бөліп даралап көрсеткен.
Халық педагогикасы бұған дейін ғылым ретінде танылған емес. Оның негіздері
мен методологиясы анықталмаған. Ендеше кез келген пәннің негіздері
анықталмаса, онда оның териясы да жоқ деген сөз. Ал осы теориясы
қалыптаспаса пән дами алмайды. Осы уақытқа дейін айтылып жүрген тәрбие,
оқыту, білім беру педагогика пәнінің негізі бола алмайды, бұл тек
категориялық ұғымдар. Себебі кез келген пәннің өз ішінен тек тұрақты
бірліктің сипатын аңғартса, ал тәрбиенің, оқытудың, білімнің түрлері
көп... деп С.Ғаббасов ашып айтты. Автор өз еңбегінде адам тәрбиесін
физиологиялық кезеңдерге бөліп, халық педагогикасының (жеті) негіздерін
ұсынды. Бірінші негізде адам тәрбиесін ең әуелі отбасы құруға дайындық және
ұрық тазалығынан басталатындығына ерекше мән береді. Өйткені, адамның жан-
дүниесі мен тән құрылысы әуел баста сол тарыдай ғана бір жасушаның ішінде
орналасқан ғой. Ол сәл уланып дертке шалдықса, бүкіл жан-дүниесіне қатысты
ішкі бес сезім ( ұят, жігер, зерде, мінез, қабілет) мен сыртқы бес сезім (
көру, есту, иіс сезу, ойлау, сөйлеу) әлсіреп, ауруға шалдығады. Не себепті
қазір ауру балалар, зерделері төмен балалар көбейіп кетті? Осының бәрі —
жастардың арақ ішіп, темекі тартып, нашақорлыққа ұрынуының салдары. Осыдан
барып ұрпағымыз уланады. Сондықтан ұрық тазалығы — адам тәрбиесінің
алғашқы баспалдағы. Сол ұрық тазалығын сақтай отырып, ана құрсағындағы
тоғыз ай тоғыз күнге созылған жан иесіне жүрек тәрбиесін берумен жалғаса
береді.
Атақты педагог И.Г.Песталоцци, А.С.Макаренко ... баланы дүниеге
келген сәтінен бастап тәрбиелеу керек ... десе, біз ұсынып отырған жаңа
іліміміз: ... тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана
құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан
сәттерінен басталуын ... талап етеді. Баланы дүниеге келген бастап
тәрбиелеу өте кеш. Бала пайда болмас бұрын болашақ ата-аналар ұрық
тазалығын сақтауы керек, себебі барлық тіршілік иелері ең алдымен ұрықтан
бастау алады емес пе? Сондықтан жаңа өмір басталғалы отырған екі жас
отбасын құруына алдын ала дайындалып, келер ұрпағының дені сау, ақылды,
өнегелі болып өсуіне үлкен ден қоюы керек. Осыған байланысты екі жас
мынадай үш түрлі мәселеге ерекше мән беруі қажет:
1. Ғасырлар бойы халқымыздың тәлімімен жетілген ата-баба дәстүрлерін
қадағалау арқылы ұлттық генофонымызды көздің қарашығындай сақтау.
2. Отбасы құруға саналы түрде дайындалу арқылы ұрық тазалығын
сақтаудың мәнін түсіну.
3. Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық.
Халық педагогикасының 1-негізін қалыыптастырмақ физиологиялық
кезеңнің сипатын шартты түрде Отбасы құруға дайындық және Ұрық тазалығы
деп ерекшелеуге тура келеді.
Адам тәрбиесінің екі жүйесі бар. Ол — жоғарыда айтылып өткен жүрек
тәрбиесі және ақыл тәрбиесі. Олардың өзара үндестіктері бар. Ақыл тәрбиесі
жүрек тәрбиесінен кештеу басталып, бірте-бірте күрделене береді. Сонымен
бірге тән құрылысының дұрыс сақталуын өзін-өзі сақтау түйсігі арқылы,
физиология заңдылықтарына бағындырса, ал бұрынғыдай емес өзгеше қалыпқа
ауысқан жан дүниесін жетілдіруді ... өзі шыққан тіршілік әлеміндегі —
түйсіктік тәрбиеден — қазіргі айтып отырған халық педагогикасы бастау
алады екен. Бұл екеуін де ұстап тұрған тек түйсіктік ақыл. Тән қуатынсыз
жан дүние жетіле алмайды. Сондықтан халық педагогикасының ғылыми негіздерін
іздесек, тек ғылыми физиологиялық заңдылықтардан табамыз. Өйткені, адам
тәрбиесі тікелей физиологиялық кезеңдермен ұштасып жатыр. Сондықтан
физиологияның әрбір кезеңінің тәрбиесі халық педагогикасының негіздері
болып қаланады.
Халық педагогикасының жеті түрлі негіздерін екі жүйемен жетілдіре
алатын, әуелі биологиялық индивид ретінде қарастырып, содан кейін қоғамдық
тұлғаға ауысатын методологиясы бар екен.
Бұл жаңалық — бұрын-соңды айтылмаған пікір, теориялық
методологиялық, логикалық қана жұмыстардың жиынтығы емес. Жаңадан ұсынылып
отырған екі жүйе де, жеті түрлі негіздің кезеңдері де арнайы тәжірибеден
өткен. Әрине бұның бәрі адам тәрбиесіне тікелей байланысты, сондықтан әйел
баласы да, ер адам да өмірге ұрпақ әкелер алдында ең әуелі ұрық тазалығын
сақтау керек. Халқымыздың жеті атаға дейін қыз алыспау керек деген салт-
дәстүрін қадағалап сақтауымыз тиіс. Ата-бабамыз ұрпақ қамын о бастан ойлап,
қағида ретінде сақтап келеді. Жеті атасын білудің маңыздылығы жоқ деп
ойлайтындар өте қатты қателеседі. Өйткені, адам бойында жеті атаға дейін
туыстық қандары болады. Әрбір жас тұрмыс құрар алдында осы қағиданы
ұстанып, келер ұрпақтың саналы, дені сау ұрпақ әкелуіне мән беруі керек.
Жеті атасын біліп, олардың ерлігін, өрлігін жанына сақтап өскен ұрпақтан
зұлымдық, жауыздық шықпайды.
Әрине, халық педагогикасының асыл қазынасын тере берсек, айтатын
нәрсе жеткілікті. Оның ұшан-теңіз мұралары бар. Қағидалары тілге орамды,
құлаққа жатық болса да, белгілі бір жүйеге түсе қоймаған, ғылыми тұрғыдан
жүйелеп, зерттеуді әлі де қажет етеді.
Халқымыз көптеген жылдар бойы аңсаған азаттығына қол жеткізді. Енді
осы аңсаумен алған азаттығымызды көздің қарашығындай сақтаумен қоса,
ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені біліммен байытып, ғылыммен
жетілдіруіміз керек. Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидың: Адамға ең бірінші
білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың
қас жауы деп аманатында айтқандай, ең бастысы — тәрбие екенін
ұмытпайық. Әрине, ұрпақ тәрбиесі ең әуелі ата-анаға байланысты. Халқымыздың
белгілі халық тағылымын өз өнерімен ұштастырып жүрген қаламгер Жанат
Ахмадидің: Ата қайратты болса, бала ғибратты болады деген сөзі осы
жерде ойға оралады.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістердің
балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдістеріне, оның
ішінде ұлттық тәлім-тәрбие беру саласына өзіндік ықпал жасауы — заңды
құбылыс. Сол ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ тәрбиесіне
игілікті үлес қосып келеді.
Өткен тарихымыздың өткелдеріне ой жіберсек, ұрпақ тәрбиесі үшін
маңызы зор бүгінгі этнопедагогика, этнопсихология ғылымдарына рухани азық
болаған мұралардың молдығына көзіміз жете түседі. Әр халықтың бала тәрбиесі
жөніндегі атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі. Ғасырлардан
қалған асыл қазыналары бар. Ол қазыналарды филологтар, тарихшылар,
этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар жан-жақты
зерттеп, өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми зерделеу
сүзгісімен өткізуде.

2. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі ұзақ және күрделі процесс. Қазақтар келешек ұрпақтың
жақсы денсаулықта дүниеге келу үшін тәрбиелік жұмысты бала анасының
құрсағында жатқан кезден-ақ баланың биологиялық, психологиялық оқу процесін
оның анасының көңіл-күйін тәрбиелеу арқылы жеткізіп отырған. Бала жарық
дүниеге келгеннен кейін тәрбие жолы күрделене түседі. Жас нәрестені қырық
күндік тәрбие процесіне алу, ат қою, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау
кесу, тіл дамыту процесі, атқа міңгізу, т.б. рәсімдері халық әрқайсысынан
өз дәрежесінде дәстүрлі жолмен атқарып отырған. Бұл дәстүрлердің барлық
кезеңдерінде кәсіби еңбек түрлері белсенді қызмет көрсетіп отырған. Мысалы:
тұсау кесуде ала жіппен баланың тұсауын кесіп, одан кейін үлкеннен бата
алған. Бесікке салу кезеңінде, бесікті толық дайындап алған соң, бесікті
отпен аластап баланы бөлеп, ауылдың салиқалы зерделі үлкеніне ат қойдыртып
бесік тойын жасайды.
Біздің ежелгі замандагы ата-бабаларымыз ұрпағына білім беру
негізін бесікте жаткан кезінен бастап қалаған. Баласын өлең-жыр мен әңгіме,
ертегі, тақпақ, санамақ аркылы ұлттық тәлім-тәрбиенің негізімен
сусындаткан. Оларға да сол кездерге сай табиғатқа табыну, ата-бабалардьң
әруағына сыйыну тән еді, табиғат күштерін киелі рух деп ұғып. оларға кұрбан
шалатын. сондай-ақ күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынатын. Аспан
шырақтары жыл қайырудың негізі саналды. Мал баққан көшпенділер көшіп-қону
кезінде аспан денелерінің қозғалысын бақылай жүріп, ондағы белгілі
заңдылықтарды өмірде пайдалана біліп, соларға қарап жолдарды, егін салу
мерзімін белгіледі, эдет-ғұрыптарды реттеп отырды. Сол кезде негізі
қаланған салт-дәстүрлердің канша ғасырлар өтсе де. өзгеріске түспей бізге
де жеткенінің куәсіміз.
Алайда олар бір-бірімен үйлесіп, жаңа сипат алып, халкымыздың игі
ісіне арналганын байкаймыз. Профессор С. Қалиев өз еңбегінде: "Алғашкы
адамдар Қазакстан территориясын Арпаөзен, Қаратау, Тәңірқазған, Шарбақты,
Ұлытау өңірлерінде мекен еткен", — деп жазса, ғалым Қ.Аманжолов: "Түрік
халқының тарихы" еңбегінде: Б.з.д. 1800-1600 жылдары шыгыс Азияға келіп
қоныстанып, Қазакстанмен Оңтүстік Сібірде орналасқан Андроновтар мәдениетін
зерттеуші археологтардың айтуынша, білетініміз: бейіттерден табылған
түрлі қарулар, әшекей бұйымдар (мыс: алтын жалаткан күміс білезіктер,
жүзіктер), Андроновтардың қол өнері әскери қарумен шектеліп қалған жок,
сонымен бірге маңызды мәдени заттармен де толықтырылып отырған. Тұрғын
үйлерден арбаның темірмен немесе қоламен көмкерілген дөңгелектері табылған.
Темірден жасалған арба деңгелекгерінің атқа жегілген бөлігін тек Тянь-Шань
жартастарының арасынан ғана емес, балшық ыдыстардың бетіндегі суреттерден
де кереміз. Тұрғын үйлерге карап, біз Андронов тайпаларындағы
адамдардың отбасы мүшелері көп болғанын, карапайым және бай болып
бөлінетінін байкаймыз, — деп ерекше атап өтеді. Бұл қазақ халқының
отбасындағы мүшелерінің көп болуы — сол заманнан қалыптасқан салт
болғанының көрінісі. Андронов мәдениетінен қалыптасқан мұра қолөнердің сан
ғасырлар өтсе де негізі отбасының дамуы аркылы өңделіп, жетіліп біздің де
заманымызға жеткенін аңгарамыз. Ал Қазақстанның тарихы кітабында "қола
дәуірдегі ежелгі қазақстандық тайпаның экономикалық басты-басты екі бағыты
болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ең алдымен
еркектердің еңбегін қажет етті: мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне
және түптеп келгенде, аналық рудың орнына аталық рудың (патриархат) болуына
жеткізді", — деп қорытынды жасайды. Бұл таптық коғамның шапағаты негізінде
патриархалды отбасы бірте-бірте тәжірибеге ене бастағанын, отбасында ер
азаматтардың үстемдік еткенін көрсетеді.
Қазіргі түркі халқындағы қандастық туыстықты еркектер тарапынан ғана
қарастыру сол заманнан қалған болса керек. Әке мұрасына балалары ие болды.
Отағасы? отбасының иесі балалары мен әйеліне өзінің билігін жүргізді. Ерте
кездегі патриархаттық отбасының қауымдары әке жағынан туыс адамдардың төрт-
бес ұрпағынан кұралды және аумағы екі жүз шаршы метрдей немесе одан да кең
үдкен үйлерде бірге тұрды. Отбасылық қауым, отбасылық өндірістік ұжым
болды. Кейін келе-келе, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір күшейген
патриархалдық отбасылық қауымдар барған сайын оқшаулануға тырысты, мұның
өзі алғашкы қауымдық құрылыстың ыдырауына отбасылық меншіктің шығуына
әкедіп соқты. Отбасы тарихындағы мұндай кезеңдер дүние жүзіндегі
халықтардың арғы тектерінің бәріне тән еді. Бұл туралы Х.А.Арғьшбаев,
Д.Т.Черкасовалардың ғылыми енбектерінде тереңірек қозғалып, сөз болады.
Баланың тәрбиесімен анасы айналысады. Әлі күнге дейін отбасының иесі
бала тәрбиесіндегі басты тұлға әке болып саналады. Балалар үлкендердің
айтқан ақылымен, берген тәрбиесімен, көрсеткен үлгісімен өскен. Осының
негізінде түркі халқына тән бұлжымайтын заңдылық салт-дәстүр қалыптасқан.
Отбасындағы білім берудің кем-кетігін толтыратын ежелгі шығыстағыдай білім
ордасы туралы мәліметтер болмағанымен, тарихымызға терең үңілсек. Шығыс
Қазақстандағы Қалба тауы, Сарыарқа сілемі, Шұбартаудың Арсалан қойнауы,
Тарбағатай, т.б. жерлердегі тасқа қашалған алғашқы жазу түрлерінің
(пиктограмма, идеограмма) аса маңызды мәлімет беретіні сөзсіз.
Халықтық педагогиканың үздіксіздігін, айқындай түсу үшін, халық
өміріндегі күнделікті кездесіп жүрген құбылысты, затты кәсіби еңбек
туындыларын және кәсіби еңбектің балалар үшін басталу кезеңін, жас баланың
тілін дамыту және сан есебін үйрену, ойлау қабілетін дамыту процесінде
жұмбақ тақпақты пайдаланған.
Бала тәрбиесін, оның жас кезінде бастаудың дұрыстығын табиғатпен қоян-
қолтық өмір сүрген аталарымыздың баланы жастан тәрбиеле — деп
қалдырған ұлағатты нақылы бар. Бұл атаның келешек ұрпағы, әрбір отбасы үшін
тәрбиесіндегі тіректі белгі болып саналған мұңын, мәнін толық сезіну үшін
табиғаттың биологиялық өсу заңдылығына зер салайық.
Мысалы: талдың бір бұтағында екі жас шыбық өсіп тұр. Біріншісі, біраз
уақыт өскенде — ол толықтау, ал екіншісі — жаңа бой көтеріп өсіп келе
жатқан жас шыбық. Бірінші шыбық шебердің қиялынан шығатын дүниені жасауға
көмбей, иілген кезде морт сынып немесе жарылып кетеді.
Екінші шыбық ол жас, буыны қатпаған, шебердің қиялына толық көніп,
ойлаған затын жасап алуға мүмкіндік жасайды. Бұл процестің бала тәрбиесіне
жасаған ықпалы өте зор болғаны сондай, оны баланы тәрбиелеу жүйесіне
салғанда, адам да табиғаттың физиологиялық қасиеттерін толықтыра
түсетіндігін анықтаған аталарымыз, ұрпақты жас кезінде тәрбиелеу керектігін
бала тәрбиесінің негізгі заңы етіп қалтыруына ықпал жасаған.
Қазақ баланың бас ұстазы ата-анаң , балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі дегендей, отбасында әдемі таным, түйсік қалай
қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет.
Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін
сандалып деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, ескіріп, тіл шыға басталысымен-ақ
баланы шектен тыс шошақтатпай, байсалды, ұғымтал, тіл алғыш етіп баулыған
дұрыс .
Халқымыз әкеге қарап ұл өсер , әке көрген оқ жанар,шеше көрген тон
пішер — дегендей, жалпы от басындағы ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала
тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі қасиеті — қыз
баланы сыйлап , қастерлеуі . Қыз бала отырған ортада әдеп , ізет сақтаған ,
үлкен болсын , кіші болсын оқыс мінез көрсетіп , өрескел бейбастық сөзге
әсте бармаған .
Ата бабаға сыншыл , Адам болар ұлының арқа-басы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
«Жетілген тұлға» халық педагогикасының мақсаты
Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жолдары
Халық педагогикасы дәстүрлері - халық тәрбиесі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (отбасы тәрбиесі)
Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері
Пәндер