Қилы заман


ҚИЛЫ ЗАМАН
(АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА)
Салт атпен сапар шегіп келе жатқан қарияға бейтаныс бозбала жолықты делік. Өз көзіне өзі сенбесе де, әлде бір соншалық жақын танысын шырамытқан қалыппен, жас жігіттің бетіне қадала қарап, кенет дауысы дірілдеп: «Япыр-ау, атам заманғы жоғалтқан жүйрігімнің көзіндей жылы ұшырап кеттің ғой, қайдан жүрсін, балам?» десе, есіне бәрі бірден түсері хақ: өзінің жас шағы, мынау ұлы айнымай тартқан баяғыда кеткен досы, сол жол, сол ат тұяғының дүбірі мен айдарынан ескен жел, сол дауыстар, сол пішіндер . . .
Бүгін, «Қилы заман» повесін қайталап оқығанда, менің де солай дер шағым екен-ау, өйткені қазір мен, жас жағынан болса да, сонда-ақ, жиырмасыншы жылдардың аяқ шеніндегі, жас жазушы Мұхтар Әуезовтің әкесінің болмаса да ағасының жасында екенмін.
Таңғаларлық бір жағдай - бұл повесть жазылғаннан қырық бес жылдан соң, авторы қайтыс болғаннан көп жыл кейін оқырмандарына алғаш рет ұсынылып отыр.
Шығарма оқырман қауымның құзырына жазушының көзі тірісінде ұсынылуы бір басқа да, ал өлгесін, өзі жоқта ұсынылуы екінші басқа. Және бұл өзі ертерек жазылған, тіпті ен алғашқы шығармалардың бірі дерлік дүние. Және әдебиет табалдырығын ешкім де бірден ұлы жазушы болып аттамайтындығын түсіне тұрсаң да, тәуекелмен айтсақ: Әуезов есімін әрқашан дүние жүзі классиктерінің қатарында, мәнгі өлмес «Абай жолы» эпопеясының шыңында көру оқырман қауымның санасына әбден сіңген.
Алайда «Қилы заманды» оқып шыққан соң Әуезов творчествосына табынушылар журнал редакциясына ризашылық рахметін айтар деп сенемін. «Су анасы - бұлақ» дегендей, онсыз ұлы өзен бола ма? Демек, «Абай жолына» дейін де Әуезов айтулы шебер болатын. «Қилы заман» Әуезовтің «Абай жолынан» көп бұрын, сол кездің өзінде-ақ, кең тынысты эпикалық баяндау формасын игергендігін дәлелдейді. Осы тұрғыдан алғанда «Қилы заман» -кейін Әуезовтің телегей-теніз эпопеясын тудырған ең алғашқы қуатты арналардың бірі.
Дегенмен де әр шығарманың өз орны бар ғой. Сонау өткен жылдарда жас Әуезов жазған осы бір қиян-қилы қайғылы повесть - жазушы талантының революциялық қалыптасуының айқын мысалы. Міне оқырмандар назарын повестің дәл осы революциялық мазмұнына аударсам деп едім. Царизмге, оның зорлықшыл аппаратына деген өшпенділікті жас Әуезовтен соншалық суреткерлік нанымдылықпен көрсеткен, патшаның отаршылық саясатының безбүйрек қаталдығы мен айуандығын соншалықты ашына әшкерелеген, көшпенді халықтың өзіне жат патшалық әкімшілік жүйесін қабылдамауының табиғатын мол мысалымен ала отырып соншалық тереңдікпен ашып берген, сорына қарай көтеріліске шығып, сонысы үшін қан жоса қырғынға ұшырап, туып-өскен жерінен қуылған қарапайым халықтың қасірет-қайғысын ет жүрегі езіле отырып айғып бергеп мұндай шығарманы мен шығыс әдебиеттерінен сирек кездестірдім.
«Қилы заманды» оқи отырып, егер Октябрь революциясы болмаса көшпенді қазақтар мен қырғыздардың одан арғы тағдыры не боларын мезгіл өткен соң ойлаудың өзі қорқынышты. Айтуға аузым бармайды - мүмкін тіпті біз болмас та едік. Ал мәңгілік өмір сүргісі келмейтін халық бар ма? Тек жалғыз осы үшін - Октябрь революцинсының Россияда туып, империялық отаршылдықты талқандап, сол арқылы менің халықтарымды бір жола жойып жіберуден құтқарып қалғандығы үшін ғана мен өле-өлгенше революцияны мадақтап өтуге әзірмін және балаларымның балаларына: күніміздің туғанын Октябрьден санаңдар!-деп өсиет қалдырамын.
Әуезов повесін оқи отырып, куәгерлердің әнгімелерін еске алдым . . . Жазалаушылардан қашып құтылу үшін бүкіл халық боп қар кешіп, асулардан асқанда, аналар ең алдымен сәбилерін аялап, сақтаған. Пулемет оқтары баудай түсіргенде, аналар сәбилерін кеудесімен қорғап құлаған. Сол қырғында сау қалған сабилер қазір елу жастан әлдеқшан асып кетті. Көбінің есімдері сол қилы кезеңнің естелігіне Тенті (кезбе), Қашқын, Үркін деп аталады.
Сан алуан шапқыншылардың салдарынан босып, туып-өскен жерлерін тастап қоныс аударғанда көшпенділер үйір-үйір малын, дүние-мүлкін емес, үміт артқан болашақ ұрпағын - балаларын құтқарған.
Әуезов жазып отырған сол қанды 1916 жылы да қазақтар мен қырғыздардың ежелгі руларының алдында тағы да (қанша рет десеңізші) не өмір сүру, не өлу, не туған жер топырағында қалу, не жат жерге жылысып қоныс аудару мәселесі тұрды.
Әуезов өзінің повесімен бізге, әсіресе жас ұрпаққа, Россияда советтердің, жеңуінің біз үшін маңызы қандай зор екенін дүиие жүзінің алдында артықшылығын қазір тарих өзі дәлелдеп беріп отырған СССР-дің құрылуының маңызы қандай зор екенін еске түсіреді. Өткендегі шексіз тұңғиық халық қасіреті мен біздің, бүгінгі шындығымыздың арасы жер мен көктей, тіпті салыстыруға келмейін категориялар. Бірақ сол өткеннің ішіндегі жақсылық жағы, жұрт еңсе көтеріп патшаның отаршылдық қанауына қарсы халықтың стихиялық толқуы, өз істерінің дұрыстығына көздері жетіп, еркіндікке ұмтылып, адам рухының соншалықты мол қуатын танытып, зорлық-зомбылық-қарсы тұруы - таңқалуға болатын дүние және біз Әуезовпен бірге сол он алтыншы жылғы оқиғаның даңқын мадақтаймыз һәм қайғырамыз.
Меніңше, Мұхтар Әуезов бәрінен бұрын өздерінің адамдық қасиеттері үшін бостандық, әділеттік үшін байырғы күрес сезіміне ерген халықтың стихиялық толқындарының пісіп, жетіп, қалыптануын сәтті бейнелеген. Сол кездегі жас Әуезов мұны аса зор суреткерлікпен және тарих таразысы тұрғысынан, өз көзінің алдыңғы қатарлы, революциялық, таптық позициясы тұрғысынан жасаған.
Сондықтан да қырғынға ұшырауы алдын ала, айтпай-ақ мәлім болғандардың күштері тең емес күресін баяндайтын осы бір қайғы-қасіретке толы тарих біздің әрі жанашырлық, әрі сол адамдарға деген мақтаныш сезімімізді қозғайды.
Жоқ, адамзат тарихында күшпен басылып тұншықтырылса да, бостандық үшін құрбандыққа барып, бас тіккен батырлықтың, трагедиялық әсемдіктің символы ретінде сан ұрпақтың есінде өшпес өз қалдырған көп-көп көтерілістер, ереуілдер, бүліншіліктер сияқты, самодержавиеге қарсы халық кегінің бұл буырқанысы да текке кеткен жоқ. Мұның бәрі де адамзат қоғамына әлеуметтік және тарихи сабақ болды.
Әуезовтің «Қилы заманы»- патшалық Россия халықтардың түрмесі болғандығының Россия империясының барлық жерінде әлеуметтік революция қажет болғандығының, біздің заманымыздың шындығы -халықтар арасындағы қарым-қатынасты дамытудың бірден-бір дұрыс жолы социалистік интернационализы екендігінің тағы бір айғағы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz