Access ортасындағы деректер базасы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министірлігі. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университі.
Р е ф е р а т.
Тақырыбы : Access ортасындағы деректер базасы.
Кесте. Форма. Конструктор режимі.
Тексерген: Абилханонова Ж. Н.
Орындаған: Жакупова Гүлім.
«Экономика» -101 группа.
Алматы 2007ж.
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. 1 Access 97, 2000
Access мәліметтер қоры деп - ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылымды айтамыз.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп- жаңа мәліметке қорын құруға оны мәліметпен толтыруға, оларды реттеуге безендіруге және баспа құрылғысына шығаруға арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер өріс - бағаннан және жазба жолдан тұрады.
Мәліметтер құру үшін - өрістердің мынадай қасиеттері болуы керек.
- Өріс атауы - кесте бағандарының тақырыптарын жазуға болады.
- Өріс типі - бұл өрістегі мәліметтер типін анықтайды.
- Өріс өлшемі - бұл өрісте енгізілетін символ ұзындығы кішкентай символ.
- Кілттік өріс - бұл мәлімет қорын автоматты түрде нөмірлеу
- Индекстелген өріс - бұл жазбаларды сұрыптауға арналған.
Деректер қоры. Реляциялық деректер қорын басқару жүйелері
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т. б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өндеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы: жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі /фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, т. б. /;
- факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, т. б.
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі - компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Деректер қоры - құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл кейде берілгендер қоры. Д. Қ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни дисклік файл - деректер қоры, оғын енгізілген кесте -ДҚ құрамында сақталушы обьект. Деректердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды.
Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түррлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық.
Иерархиялық ДҚ-ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: N orton Comander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т. б.
Реляциялық ДҚ- кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым . Деректер қорында жазба үшін кесте жолы түсініледі, кестеде қайталанытын бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық не символдық. Бұл - реляциялық деректер қорының Excel -ден негізгі айырмашылығы / Excel -де бір өріс элементттері түрлі типті бола береді және ол тек бір пайдаланушыға ғана арналған, ал реляциялық ДҚ-мен көптеген адамдар жұмыс істей береді. / Мұндай ДҚ-да естелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға да болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды.
ДҚ кестесінде деректер адресі , Excel -дегі сияқты, жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өріс (поле) деп, жолды жазу және жазба (запись) деп атайтыны жоғарыда ескерілген. Кестенің өріс құрлымы жөнінде ескеретін жайттар :
- Өріс атаулары бірегей (қайталанбайтын) болуы тиіс. Атау үшін (нүкте), !(леп белгісі), [, ] (ашу, жабу квадрат жақшалары) символдарынан басқа саны 64-ке дейін символдар тізбегін алуға болады.
- Әр өрісте бір типті ғана берілгендерді енгізу мүмкін. Типтермәтіндік (текстік), сандық, дата/ уақыт логикалық, ақшалықболып бірнеше түрге бөлінеді. Мәтіндік өріс ұяшығына 256-ға дейін символдар тізбегін енгізуге болады. Қалған типті берілгендерді енгізу тәсілі олардың тип атауларынан белгілі.
- Түрлі өріс түрлі қасиетті (қасиет- өріс типі, өріс ұзындығы, т. б. )
- Кейбір жағдайларда Access-те ДҚ кестесінің бірінші өрісі етіліпавтоматты түрдеКод тақырыбы меншіктелген өріс қосылып қойылады. ОныЕсептегіш (Счетчик) типті өрісдеп атайды. Егер кестеде мұндай өріс бар болса, әр жазу енгізілген сайын оның реттік нөмері осы өріске кірістіріліп қойылады.
1. 2 Access-ті іске қосу. Деректер қорын құру. ДҚ терезесі
Access- ті іске қосу үшін Windows жұмыс үстелі арқылы Іске қосу -Программалар Microsoft Access командасын беру жеткілікті. ДҚ құруға өту не оны ашуға арналған сұқбаттық терезе көрінеді. Оның астыңғы қабатында Access-тің көмескі түрде (белсендірілмеген) өз терезесі байқалады.
Жаңа ДҚ құру үшін бейнеленген терезенің «Жаңа ДҚ» ауыстырып, қосқышын орнатып, ОК түймесін шерту. Қор терезесінді БҚ құрамындағы алты қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Макростар, Модульдер. Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.
Деректер қоры терезесінің оң жағында үш командалық түйме орналасқан: Ашу, Контруктор, Құру.
Ашу түймесі қондырмадан таңдалған обьктіні ашады.
Конструктор түймесі қондырмадан таңдалған обьект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаанылады.
Құру түймесінің іс-әрекеті:жаңа обьект құру үшін пайдаланылатын сұхбаттық терезені ашу.
Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері.
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:
-өріс атауын өзгерту; өріс типін өзгерту;
-өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
-жаңа өріс қосу; өрісті кілттік ету,
-жаңа кесте құру; өрісті индекстік ету және т. б.
Конструктор терезесін ашу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, Конструктор түймесін шерту керек.
Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезесінің « Деректер типі » бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның он жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдасы болғаны. Конструктор режимі терезесінде Нөмір, Математ, Физика, Информатика өрістерін Access мәтіндік тип түрінде сипаттауы мүмкін. Оларды сандық типке алмастыруға болады.
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкелеіп, тышқанның оң түймесін шерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілттік өріс қатарын шерту жеткілікті. Кілтттік етілген өріс атауының сол жағында (шетттік бағанға) кілт белгісі орнатылып қойылады.
Дата/уақыт және Ақшалық типті өріс қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты.
Ескерту. 1. Конструктор терезенің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес.
2. Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек.
3. Кестеге жаңа өріс қосу қажет болса да, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті.
4. Жаңа кесте құру үшін Кестелер-Конструктор командасының берілуі тиіс.
Кесте шебері
Кесте құрудың келесі әдісі - Кесте шебері ішкі программасы арқылы автоматты түрде құру. Құру жолы:
- Жаңа кестетерезесін ашып, «Кесте шебері» қатарын екі рет шерту (оны және ОК түймесін шертуге де болады) . Программа іске қосылып, оның төрт қадамдық терезесінің бірінші қадам сұхбаттық терезесі көрінеді.
- Терезеде :
- «Жеке» не «Жұмыста қолдану» ауыстырып қосқыштарының қажеттісін орнату (әдетте соңғысы орнатылады) .
- «Кесте үлгілері» панелінен кесте типін таңдау. Оның өріс атаулары «Өріс үлгілері» панеліне кірістіріліп қойылады.
- «Өріс үлгілері» панелінен қажетті өріс атауларын «Жаңа кесте өрістері» панеліне көшіру (ол үшін атауды екі рет шертуге, не оны таңдап, көшіру түймесін шертуге болады. )
Мұндағы ескеретін жайт: құрылатын кестенің өріс атаулары «Өріс үлгілері» тізімінде бола бермейді. Ол кезте «Жаңа кесте өрістері» панеліне кез келген атауды көшіріп және оны таңдап, терезенің «Өріс аты» өрісіне қажетті атауды енгізіп, ОК түймесін шертсе болғаны, т. с. с.
- 2-ші қадам терезесіндекілті пайдаланушының анықтауынекілтті автоматы түрде анықтауауыстырып қосқыштарынның бірін орнату.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. 1 Кестелер арасында байланыс орнату. Деректер схемасы.
Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер. Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру- Microsoft Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс.
КЕСТЕНІ ИМПОРТТАУ.
Access сыртта құрылған түрлі файлдық деректерді импортай алады. Оларды dBASE, FoxBase, FoxPro, т. с. с деректер қорынан импорттау жеңіл. Excel-де егер әр бағанда бір типті дерктер сақталған болса, электрондық кестені импорттау қиын емес. Мысалы Excel-де құрылған Сессия кестесін импорттау жолы:
ДҚ терезесінде Кесте-Құру командасын беріп, Жаңа кесте терезесін ашу.
Терезеден И мпортау қатарын таңдап, ОК түймесін шерту. «Импорт» терезесі көрінеді.
КЕСТЕНІ СОРТТАУ. ПАРОЛЬ ОРНАТУ.
Кестені деректердің өсуі бойынша сорттау үшін кестені ашу режимінде ашып алып, таңдау және аспаптар панелінің Өсу бойынша сорттау шерту жеткілікті.
Пароль орнату үшін - Сервис - Қорғау- Пароль орнату командасын беріп, көрінген терезе өрісіне пароль орнату жеткілікті.
2. 2 СҰРАНЫС.
Access- те сұраныс құруға арналған құрал да сұраныс деп аталады. Сұранысты өрістерін сортталған түрде дайындау және оның сандық өріс мәндерін қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін. Сұрынытың және оны өндеудың негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.
Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар: филтрлеу, «Қарапайым сұраныс шебері» программасын не сұраныстар конструкторын пайдалану.
ФИЛЬТРЛЕУ
Excel-де гі сияқты, кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап, жаңа кесте құру оны фильтрлеу делінеді. Фильтрлеудің үш түрі бар:
-Таңдама бойынша фильтр;
-Әдеттегідей фильтр;
-Кеңейтілген фильтр.
СҰРАНЫСТАР КОНСТРУКТОРЫ
Конструктор-күделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал.
- «Жаңа сұраныс» терезесін ашып Конструтор қатарын екі рет шерту не қатарды таңдап, ОК түймесін шерту. Сұраныстар конструкторытерезесі және оғана қосымша «Кестені қосу» сұхбаттық терезсі көрінеді. Конструктор режимі терезесі Фильтр терезсіне ұқсас, бірақ одан күрелі, оны әдеттеІріктеу бойынша сұранысдеп атайды.
- «Кестені қосу» терезесінің «Кестелер» қондырмасын ашу.
- Тізімнен кестені не кестелерді таңдап, «Қосу » түймесін шерту. Таңдалған кестніңӨрістер тізімітерезесі сұраныс бланкісінің жоғарғы бөліміне орнатылып қойылады.
ӨРНЕК ҚҰРАСТЫРУШЫ Сұраныс бланкісі терезесінің Іріктеу шарттары жолына күрделі логикалық шарттарды енгізу де мүмкін. Өрнек литерал, оператор, функция, т. б. бола алады. Ол экранда сол күйінде көрінеді.
Литерал - тырнақша ішінде жазылған мәтін, мысалы «Ахметов».
Оператор - төмендегі операцияларды пайдаланып жазылатын, мәні теек Иә (true) не Жоқ(false) болатын логикалық өрнек:
Арифметикалық: +, -, *, /, ^ (дәрежелеу) ;
Салыстыру: <, <=, >, >=, =, <>, Between (>=) ;
Логикалық: And (және), Or (немесе), Not (емес) ; т. б.
Access- тің құрамында көптеген стандартты функциялар бар. Мысалы:
Sin, cos, log, sqr, tan
Max ( ) - сандық мәтіндер максимумын табу;
Sum ( ) - мәндер қосындысын табу;
Avg ( ) - арифметкалық орта мәнді есептеу;
Count () - жазулар санын анықтау;
Аспаптар панелінің Құрастыру түймесін шерту керек.
2. 3 . ФОРМАЛАР
Кейде кестені жасырын түрде ұстап, бір ғана жазуымен таныстырады. Осы себепті көп жағдаларда кесте форма түрінде дайындалады.
Форма - белгілегендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Үш тәсілі бар:
... жалғасыАвтоформа - кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі Автоформа жазуларын түзетуге және оған жаңа жазулар қосуға болады. Автоформа құрудың 3 тәсілі бар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz