Наполеон Бонапарт және XIX ғ. I жартысындағы Европа елдері
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 НАПОЛЕОН САЯСИ БИЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА
1.1 Наполеон Бонапарт . өмір жолы. . . . . . . . . 8
1.2 Наполеонның консулдық қызметі. . . . . . . . 14
1.3 Наполеон Бонапарт . император. . . . . . . . 18
2 НАПОЛЕОН СОҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ЕВРОПАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
2.1 Австрия Пруссия және Германия территориялары үшін шайқастар. . . . . . . .
24
2.2 Испания Португалия және Италия территориялары үшін шайқастар. . . . . . . .
33
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . 56
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР. . . . . . . . . . . . . . . . . 58

ХХ ғасырдың аяғында қазақ халқы дүниежүзілік тарих сахнасында әлем қауымдастығына өзін егемен ел ретінде мойындатып, байрағын көтеріп, атының шартарапқа таралғанына да міне, биыл он жыл болыпты. Осындай ғасырлар тоғысында қазақ халқы үшін болып отырған оң өзгерістер заманында халқымызбен бірге дамып, қоғамның әртүрлі формацияларына сай суығы мен күйігін бірге көтеріп келе жатқан еліміздің тарихына деген көзқарастар егемендік алғаннан бері жаңаша сипатқа ие болуда. Сол көзқарастардың бірі – бұрынғы одақта шет елдер жөнінде көп жазылатын. Бірақ бұл негізінен мәскеулік ғалымдардың еншісіне тиіп келген еді. Бұрынғы одақтас республикалардың егемендік алуына байланысты жағдай өзгерді. Дүние есігі бізге де ашылды. Сол дүниенің бірі – Франциядағы Наполеон Бонапарт билігі кезіндегі Европадағы жағдайды ашып көрсетуге талпыныс туып отыр.
Соның ішінде Наполеон Бонапарттың ақылды қолбасшы, мемлекет қайраткері, кезінде Батыс Европа елдеріне өзінің айбынды әскерінің арқасында үстемдік жүргізген қызметінің өзіндік ерекшелігі бар болғандығы ешкімге шүбә тудырмасы анық.
Наполеондық тарихнама өзінің бастауын Наполеон қайтыс болғаннан кейінгі онжылдықтан алады. Яғни, бұл онжылдық ішінде Наполеонды біреулері жақтаса, екіншілері даттаған еді.
Наполеондық билік туралы бурбондардың қайта қалпына келгенінен кейін, роялистер даттап жазған еді. Осыған қарама-қарсы көптееген естеліктер, көптомдық шығармалар, Шапталдың естеліктері және Лас-Каздың кітабы т.б. өз ыңғайын тауып, жарық көре бастады. Бұның бәрі көзбен көріп, Наполеонның өзімен сөйлескенде жазылған нағыз құнды дерек болып табылады. Атап айтқанда, 16 томдық Луи Мадленнің еңбегі, Вальтер Скотт, Стендлай, Эмил Людвиг және Бертран Рассел,Адольф Тьер, Томас Карлей, Жорж Лефевр, Андре Моруа тағы да басқа француз тарихшыларының зерттеулерін жатқызуға болады. Осылардың негізінде көптеген кеңес тарихшылары да өз қызығушылықтарын туғызып, Наполеонға арнап, арнайы монографиялар да жазған еді.
Соның ішінде, Е.В. Тарленнің Наполеон деген еңбегі /1/ орыс тіліндегі алғашқы аудармашылық еңбек болып табылады. Автор бұл шығармасында Наполеонның өмір жолынан бастап, көптеген мәселелерге тоқтала отырып, жан-жақты мәлімет берген. Наполеон туралы бұл зерттеу – ресейлік басқа еңбектердің бастауы болып отыр. Себебі онда сол кездегі Франциядағы және Батыс Европадағы жағдай, Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметі көптеген дерек-дәлелдермен қамтылған. Автор аталған еңбегінде өзінің қарсыласын талқандап, күшін нығайту үшін Наполеонға қанды шайқастар, қатал соғыстар, ірі жорықтар және де ұзақ шапқыншылықтар өте қажет болды /2/ деп көрсетеді. Саяси тиімділіктен бұрын Наполеон ішкі-сыртқы саясатында өз империясын деспоттық режиммен ұстауға тырысты /3/ деп көрсетеді.

1. Тарле Е.В. Наполеон. М.: Ритм 1992. 416 с.
2. Тарле Е.В. Наполеон… - С. 4.
3. Тарле Е.В. Наполеон… - С. 6.
4. Съюард Д. Семья Наполеона. Смоленск: 1995-416 с
5. Съюард Д. Семья Наполеона…- С.4.
6. Мережковский Д.С. Наполеон. М.: 1993.
7. Мережковский Д.С. Наполеон… - С.11.
8. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт. М.: 1987.
9. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт… - С.694.
10. Мусский И.А. 100 великих диктаторов. М.: Вече 2000
11. 100 великих битв. М.:Вече 2000
12. Тарле Е.В. Наполоен. М.: Ритм 1992. 416 с.
13. Манфред А.З. Наполеон Бонапарт. М.: 1987.
14. Горбовский А. Наполеон здесь и не ночевал: Самая страшная тайна Святой Елены // Эврика – 23 февраля 2001 г – С.17
15. Туган Д.М. Происхождение режима Наполеона І // Вопросы истории. М.: 1988. № 3- С.154
16. Съюард Д. Наполеон и Гитлер. Смоленск: 1995
17. Шедивы, Ярослав. Меттерних против Наполеона. М.: 1991
18. Хрестоматия по новой истории 1640-1870. М.: 1990

НАПОЛЕОН БОНАПАРТ ЖӘНЕ ХІХ Ғ. І ЖАРТЫСЫНДАҒЫ
ЕВРОПА ЕЛДЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3
_ _ _ _
1 Наполеон саЯси билікке жету жолында
1.1 Наполеон Бонапарт - өмір жолы_ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
1.2 Наполеонның консулдық қызметі_ _ _ _ _ _ _ _ 14
1.3 Наполеон Бонапарт – император_ _ _ _ _ _ _ _ 18
2 Наполеон соҒыстары жӘне ЕвропадаҒы Өзгерістер
2.1 Австрия Пруссия және Германия территориялары үшін
шайқастар_ _ _ _ _ _ _ _ 24
2.2 Испания Португалия және Италия территориялары үшін
шайқастар_ _ _ _ _ _ _ _ 33
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _54
ПайдаланылҒан деректер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 56
Қосымша материалдар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 58
Кіріспе
ХХ ғасырдың аяғында қазақ халқы дүниежүзілік тарих сахнасында әлем
қауымдастығына өзін егемен ел ретінде мойындатып, байрағын көтеріп, атының
шартарапқа таралғанына да міне, биыл он жыл болыпты. Осындай ғасырлар
тоғысында қазақ халқы үшін болып отырған оң өзгерістер заманында
халқымызбен бірге дамып, қоғамның әртүрлі формацияларына сай суығы мен
күйігін бірге көтеріп келе жатқан еліміздің тарихына деген көзқарастар
егемендік алғаннан бері жаңаша сипатқа ие болуда. Сол көзқарастардың бірі –
бұрынғы одақта шет елдер жөнінде көп жазылатын. Бірақ бұл негізінен
мәскеулік ғалымдардың еншісіне тиіп келген еді. Бұрынғы одақтас
республикалардың егемендік алуына байланысты жағдай өзгерді. Дүние есігі
бізге де ашылды. Сол дүниенің бірі – Франциядағы Наполеон Бонапарт билігі
кезіндегі Европадағы жағдайды ашып көрсетуге талпыныс туып отыр.
Соның ішінде Наполеон Бонапарттың ақылды қолбасшы, мемлекет қайраткері,
кезінде Батыс Европа елдеріне өзінің айбынды әскерінің арқасында үстемдік
жүргізген қызметінің өзіндік ерекшелігі бар болғандығы ешкімге шүбә
тудырмасы анық.
Наполеондық тарихнама өзінің бастауын Наполеон қайтыс болғаннан кейінгі
онжылдықтан алады. Яғни, бұл онжылдық ішінде Наполеонды біреулері жақтаса,
екіншілері даттаған еді.
Наполеондық билік туралы бурбондардың қайта қалпына келгенінен кейін,
роялистер даттап жазған еді. Осыған қарама-қарсы көптееген естеліктер,
көптомдық шығармалар, Шапталдың естеліктері және Лас-Каздың кітабы т.б. өз
ыңғайын тауып, жарық көре бастады. Бұның бәрі көзбен көріп, Наполеонның
өзімен сөйлескенде жазылған нағыз құнды дерек болып табылады. Атап
айтқанда, 16 томдық Луи Мадленнің еңбегі, Вальтер Скотт, Стендлай, Эмил
Людвиг және Бертран Рассел,Адольф Тьер, Томас Карлей, Жорж Лефевр, Андре
Моруа тағы да басқа француз тарихшыларының зерттеулерін жатқызуға болады.
Осылардың негізінде көптеген кеңес тарихшылары да өз қызығушылықтарын
туғызып, Наполеонға арнап, арнайы монографиялар да жазған еді.
Соның ішінде, Е.В. Тарленнің Наполеон деген еңбегі 1 орыс тіліндегі
алғашқы аудармашылық еңбек болып табылады. Автор бұл шығармасында
Наполеонның өмір жолынан бастап, көптеген мәселелерге тоқтала отырып, жан-
жақты мәлімет берген. Наполеон туралы бұл зерттеу – ресейлік басқа
еңбектердің бастауы болып отыр. Себебі онда сол кездегі Франциядағы және
Батыс Европадағы жағдай, Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметі көптеген
дерек-дәлелдермен қамтылған. Автор аталған еңбегінде өзінің қарсыласын
талқандап, күшін нығайту үшін Наполеонға қанды шайқастар, қатал соғыстар,
ірі жорықтар және де ұзақ шапқыншылықтар өте қажет болды 2 деп көрсетеді.
Саяси тиімділіктен бұрын Наполеон ішкі-сыртқы саясатында өз империясын
деспоттық режиммен ұстауға тырысты 3 деп көрсетеді.
Сонымен бірге, Наполеон турасында оның жанұясы жөнінде жазылған
еңбектердің бірі – Десмонд Сьюардтың АҚШ-та жарық көрген Наполеонның
отбасың деген шығармасын 4 атауға болады. Ғалым бұл еңбегінде Наполеонның
отбасылық қатынасын, әр отбасының мүшесіне жеке-жеке талдау беріп, оларды
мейлінше суреттеуге тырысқан. Оның пікірлерінің орыс тарихшыларымен қарама-
қайшы жақтары да бар. Еңбектің негізгі аумағы – Наполеон фигурасын
айқындау. Автор үшін Наполеон тек қана қолбасшы емес, ол қатал жаулаушы,
кейінгі ұрпағы үшін өз мақсатын белгілеп, соны жасап кеткен ұлы адам 5.
Д.С. Мережковский өзінің Наполеон деген еңбегінде 6 Наполеон соғысты
француз революциясынан мұраға алды. Европамен соғысты. Біз енді тәжірибе
арқылы азамат соғысын, халықаралық соғыстардың әлдеқайда қорқынышты екенін
білеміз. Ал, Наполеон соғысы - үлкен халықаралық соғыстармен және орыс
азамат соғысымен (15 млн. адам өлді) салыстырғанда ойыншық еді 7 деп
көрсетеді.
Келесі бір орыс тарихшысы Альберт Захарович Манфред өзінің Наполеон
Бонапарт атты монографиясында 8 Наполеон Бонапарт алыс қашықтықтан өзінің
2 жақты қайшылықтарымен көрінеді 9 деп жазды.
Яғни, өз кезеңінің адамы, алғашқы жас буржуазия өкілі, көрнекті
мемлекет қайраткері – Наполеон Бонапарттың көтерілуі және түсуі бәрі де
заңды құбылыс екенін, өз заманының ұлы, сол кездің қасиетін бойына сіңірген
ұлы қолбасшы екенін барлық авторлар ашып көрсетеді.
1994 жылы дүниежүзілік қауымдастық ұлы корсикандықтың 220 жылдығын
тойлаған болатын. Жүздеген кітаптар мен мақалалар, конгресс, арнайы
конференциялар, көптеген телебағдарламалар бой көтеріп, қайтадан талас
пікірлер туған болатын. Қолбасшыға, мемлекет қайраткеріне деген қоғамдық
қызығушылықтар әлі күнге дейін ұлы да қастерлі еді. Біреулері Наполеонды
даттаса, келесілері оны жақтайды, ал үшіншілері одан бүгінгі күнде ұқсас
адам іздегісі келеді. Наполеон – ол тарихты жасаушы, және де оның тұлғасы
ешқашан, еш жерде қайталанбайды, себебі, XVІІІ ғ. аяғы мен XІX ғ. басындағы
Европа мен Франциядағыдай жағдай әлемдік тарихта болмайды және болуы мүмкін
де емес еді.
Жұмысытың мақсаты мен міндеттері.
Зертеу жұмысының басты мақсаты – Наполеон Бонапарттың билік ету барысын
Батыс Европадағы іс-әрекеттері арқылы ашып көрсету болып табылады. Осы
бағытта автор алдына мынадай міндеттер қояды:
- Наполеон Бонапарттың өмір жолына толық түрде сипаттама беру;
- Европадағы қанды соғыстарына жеке-жеке тоқталып, олардың мәнін ашу;
- Наполеон билігі кезіндегі Батыс Европа елдерінің ішінде ең көп әсер
еткен Англияның ерекшелігін, рөлін анықтау;
- Соғыс соңында Вена конгресіндегі елдердің ара-қатынасына талдау беру.
1. НАПОЛЕОН САЯСИ БИЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА
1. Наполеон Бонапарт - өмір жолы
1804-1815 жылдары және 1815жылғы наурыз – маусым айларындағы Француз
императоры. 1799 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірінші консул болды.
1804 жылы император титулын иеленді. Билігі кезінде диктаторлық режим
орнатып, өзінің айбынды әскерінің арқасында империяның аумағын кеңейтті.
Орталық және Батыс Европаның көп бөлігін Францияға тәуелді қылды. 1814 жылы
тақтан аластатылды. Бірақ, 1815 жылы тағы да император тағын иеленді, кейін
Ватерлоо түбіндегі ұрыстағы жеңілістен кейін қайтадан тақтан айырылды.
Өмірінің соңғы жылдарын Қасиетті Елена аралында өткізді.
Карло Мария Буонапарте- Наполеон Бонапарттың әкесі, 1746 жылы туған,
Корсика аралының ұсақ шаруашылық иесі, Аяччо қаласының тұрғыны. Оның
адамдарға деген жанашырлығы сондай – оны корсикалықтар тамаша Карло
атаған. 1764жылы Карло Мария генуя жанұясынан шыққан 14 жасар Литиция
Рамолиноға үйленеді.
Наполеон Бонапарт – 1769 жылы 15 тамызда Аяччо қаласында Карло
Бонапарттың отбасында дүниеге келген. Наполеон – жанұяда екінші бала.
Әкесінің 12 баласынан қалған сегізі, соның ішінде 2 үлкен ұлы Жозеф пен
Наполеонды Француз үкіметінің 1779 жылғы жарлығы бойынша стипендия
берілетіндей жағдайға қол жеткізген соң, Францияға колледжге оқуға
жібереді. Бұл кезде Наполеон 9 жасар бала еді. Наполеонның тарихи өмір жолы
осы 9 жасында үйінен кеткен кезден басталады. Наполеон Отен колледжінде аз
уақыт болған соң, Бриендегі әскери училищеге ауысты. Сабаққа нашар
үлгеретін, французша әрең түсіндіретін бала, жолдастарының күлкісіне
айналған еді. Бірақ, ол өзінің талабымен, талантымен көзге түсе білді. Сол
кезден бастап, оның еліктеушісі, үлгі тұтатыны- Юлий Цезарь болатын.
Наполеон барлық пәндер ішінде – математикаға көп көңіл бөлді. Сонымен бірге
– тарих және география пәндеріне деген қызғушылығы ерекше еді. Тек латын
және неміс тілдерінен нашарлау болды. 1784 жылы мемлекеттік емтиханды жақсы
тапсырып кадет шенін алады, және ол Париждегі әскери мектепке көшеді. Париж
әскери мектебі – елдегі ең керемет оқу орындарының бірі болды. Ол тек әсем
ғимарат қана емес, сонымен бірге білімді де тәжірибелі мұғалімдер ордасы
болды. Осындай ордада жас тәрбиеленуші бозбала –
Наполеон Бонапарт өзінің ғылымға деген ұмтылысымен барлық
мұғалімдердің шапағатына бөленіп, 1786 жылы училищені кіші лейтенантң
деген атақпен бітіріп шықты. Оқудан кейін үлгілі Ла-Фер полкіне артиллерия
лейтенанты болып жіберілді. Кейбір деректерде Лион қаласының маңындағы
Валанс полкіне жұмысқа жіберілді 19 делінеді. Міне, осы гарнизонда
артиллерия бөліміндегі кіші лейтенант – Наполеон Бонапарттың әскери қызметі
басталды. Оның күнделікті жағдайы, гарнизондық қызметі – жас жігітті
қанағаттандырмады. Ол өзінің білімін әскери іс туралы кітаптарды оқу арқылы
жетілдіре түсті. Атап айтқанда: Маркиз де Фекъердің Мемуарларң, Гибердің
Тактика туралы жалпы елестетуң, дю Тайленің Артиллерияны қолдану туралы
хатң және де ұлы артиллерист Грибовалдың Өсиетң атты еңбектерін оқыды.
Сонымен қатар, Юстинианның кодексімен танысып, көрнекті ағартушылардың
еңбектерін оқып жүрді. Соның ішінде оның өміріне көп ерекше ықпал еткен
Рейналь мен Руссоның еңбектері болды. Бриенде, Парижде, Валанста жүрген
кезінде өз жерін, ата-бабасын аңсап, Корсиканың ұлылығына таң қалып, көп
ойланатын. Наполеон Бонапарт әскери мектепте оқып жүрген кезінде, өмірдегі
қиын кезеңге тап болады. 1785 жылы 40 жасқа жетпей әкесі дүниеден қайтты.
Осы кезде жас бозбаланың мойнына шешесінің, қалған кішкентай бауырларының
ауыртпалығын көтеру міндеті тұрды. Содан Наполеон Бонапарт Аяччодағы жеті
жылдан астам уақыт болмаған үйінің табалдырығын қайта аттады. Наполеонның
бұл келісі – деп жазады үлкен ағасы Жозеф,- шешемнің ұлы да бақытты кезеңі
болып саналады 20.
Наполеон Бонапарт өз жұмысын тиянақты істеуімен көзге түсті. Ол өз
жұмысын және артиллерия өнерінің құпияларын білетін ынталы офицер болды.
Артиллерия бөліміндегі кіші лейтенанттың өмірінде қуанып, еске аларлықтай
ештеңе болған жоқ. Өмір жолы қарапайым, жұпыны өтті. Ол өзін барлық
жағдайларда тежеп отырды. Осылайша, кедейлік оның соңынан еріп отырған
еді. Наполеон өзі корсикалық болғанымен оған тағдырдың бұйрығымен
француздар арасында өмір сүруге тура келді. Өйткені, Корсика 1769 жылы
Француздардың жаулауына түскен еді. Оның аты сол кезде корсикалық
транскрипция үлгісінде – Наполионе ди Буонапарте деп жазылатын, кейін
Францияға келгесін Наполеон Бонапарт болып өзгертілді. Сол кезде Корсика
көсемі – батыр Паоли еді. Наполеонның өз бойындағы ерекшеліктерінің бірі –
есте сақтау қабілетінің өте жақсы болуы еді. Сол қасиетінің арқасында ол өз
отрядындағы бүкіл солдат, офицерлердің аты-жөнін жатқа білген. Сонымен
бірге, ол қолы бос уақытында шахмат ойынын және картада 21 ойынын
ойнағанды ұнатқан. Наполеонның тағы бір ерекшелігі- музыканы ттыңдай және
түсіне білді. Наполеонның ең басты кәсібінің бірі- көркем әдебиеттер оқу
болды. Бриенн училищесінде оқып жүрген кезде-ақ ол қолы бос уақытында тек
кітапханаға баратын. Әсіресе, Полибий және Плутархты, тарихи әңгімелерді
оқығанды ұнатқан. Валанста оқып жүрген кезінде өзінің қалған ақшасына
Женева тағы да басқа қалалардан кітаптар алдырып жүрді. 1786 жылы Корсикаға
өз еліне келген кезде ағасы Жозефтың айтуынша, оның кішкентай сандығы
кітапқа толы еді. Француз тіліне аударылған Плутарх, Платон, Цицерон,
Корнелий, Непот, Тит Ливий, Тацит шығармалары және де Монтен, Монтескье,
Рейнал еңбектері болған. Наполеонның тарихқа жақындығы сондай- антика
заманындағы Эллада, Рим тарихын, ежелгі замандағы Египет, Ассирия, Вавилон,
Персия тарихын оқып, өзіне керек жерлерін дәптеріне жазып алып жүрген. Оның
дәптерлерінде Англияның Юлий Цезарь басқарғаннан бастап, 17ғ. Соңына
дейінгі кезеңі жазылған. Наполеон өзінің жолдастарын сол кездегі
классикалық Француз әдебиетін, соның ішінде теңдесі жоқ терең де тұңғиық
Корнел, Расин, Лафонтен, Боссюэ, Фенелон, Вольтер, Руссо шығармаларын
меңгеруімен қызықтырып жүрді. Осылардың бәрін жинақтай келгенде Наполеон
Бонапарт прозада, поэзияда және т.б. әдебиет жанрларында жеңіл әрі тез,
бірқалыпты еркін меңгере алғанын көреміз. Оның шығармалары жарыққа тез
шықты. Романдары Маттео Буттафуокаға хатң, Бокердегі кешкі асң, Глиссон
және Эжениң, және де 1788 жылы жарыққа шыққан Граф Эссексң шығармасы
болды.
Наполеонның мінезі ерте балалық шағынан бастап шыдамсыз әрі тынымсыз
болды. Мен кішкентайымнан айқай мен төбелеске бейім тұрдым. Еш уақытта
ешкімнен қорыққан емеспін, бірін тістедім, бірін ұрдым, бәрі меннен
қорқатын болды, менің осы қылығым үшін ағам Жозеф жауап беретін болды, оны
да ұрдым. Ол үшін оны соққыға да жығып жүрді. Ол маған келгенше, мен шешеме
арызданып та болатын едім. Бірақ, менің қыңырлығым өзіме пайда әкелді.
Шешем Литиция, менің төбелесім үшін сөксе де менің қарсыласуымды жек
көрдің21.
Наполеон кішкентайынан қырсық әрі қыңыр болып өсті. Анасы оны жақсы
көрді, бірақ тәрбиелегенде Наполеонға да, басқаларына да суық қарады. Әкесі
мейірімді, бірақ ауыр мінезді адам болды. Отбасында негізгі ролді шешесі
Литиция басқарды. Ол қатал әрі еңбек сүйгіш және баланы жақсы тәрбиеледі.
Наполеонның еңбек сүйгіштігі, қатаң тәртіпке икемділігі – шешесінің
тәрбиесі еді.
Шалғайдағы арал табиғаты, жабайы таулы ормандар, шатқалдар және әулет
аралық қақтығыстар қанға- қан деген кек алу заңдылықтары жас Наполеонға
қатты әсер етті. Ой еңбегіне бейімділігі жас кезінен қалыптасты. Егер мен
бір нәрсеге дайындалатын болсам, алдын-ала ойланып, күні бұрын қам
жасаймын. Менің бұл ойым басқаларға күтпеген жерден сарт ете қалатын еді,
бұл менің ойлауымды дамытады. Мен әрдайым жұмыс жасаймын, түскі үзілісте
де, театрда да, кейде түнде тұрып та жұмысқа кірісемін 22. деп жазды.
Өзінің тапқырлығы туралы ол кейде салмақты түрде, кейде келеке түрде айтып
жүрді.
Наполеон өзінің еңбекке бейімділігімен мақтана алатын еді. Оксонда
оқып жүргенде өзі қалам алып шағын трактат жазуға бел байлады. Бомба
лақтыру туралы деген трактатының негізгі мазмұны – баллистикалық қаруға
арналды. Артиллерияның жұмысы оның ең сүйікті әскери мамандығы болды. Оның
соңғы кездегі жазбаларында беллеристика туралы ойлары, философиялық саяси
этюдтары қалды. Бұл жазбаларда ол либералды бағыт ұстады. 20 жасар
артиллерия жұмысшысына 1789жылғы революция әсер етті.Өзінің әлеуметтік шығу
тегі бойынша, Наполеон революциядан яғни, буржуазияның абсолюттік
феодализмді құлатуы өте тиімді болды. Корсикада дворяндар, әсіресе кіші
поместье иелері Францияның өзіндегі дворяндар тәрізді жеңілдіктерге ие
болмады. Жоғарғы және тез карьераны алыс жердегі дворяндар қорғай алмайтын
еді. Егер Франция жабайы Италия аралдарын басып алмаса және 1789 жылы
көзге көрінбесе, әлеуметтік баспалдаққа көтерілмес те еді. Осылайша,
Наполеонның революцияны пайдалануы тиімді болды.
Бастилияны алғаннан кейін, 2 ай өткесін демалысқа сұранып Корсикаға
келді. Өзінің Корсикаға деген патриоттық сезімін одан әрі шыңдады. Көптеген
әдеби шығармалар ішінде 1789 жылы Корсика тарихының очрекін Рэйнал оқып
шықты. Үйіне келгеннен кейін шешесіне көп жылдан бері Франция тарапынан
қуғында жүрген Паолидің жақтасы екендігін айтады. Паоли болса жас
лейтенантқа салқын қарады, ал кейін екеуінің жолы бір емес екендігі
айқындалды. Паоли Корсиканы Франциядан азат еткісі келді, ал Наполеон
болса, Француз революциясы Корсиканың дамуына жаңа жол ашады деп ойлайды.
Мүмкін бұл өзінің негізгі карьерасының бастауы болатын шығар Яғни,
Наполеон Ұлы Француз революциясына ат салысты.
Тулон якобиншілерге қарсы көтеріліс жасағанда, Наполеон ешкімге
белгісіз капитан еді. Конвент әскері қаланы алды. 1793 жылы қыркүйекте
Наполеонға конвенттің комиссиясы бойынша артиллерияны басқару берілді.
Тулонға шабуыл кезінде Наполеон бір отрядты басқарды, осында өзінің
өжеттілігін көрсетіп, көзге түскен еді. Осыдан кейін Конвент комиссиясы
Наполеонды бригада шеніне көтерді1794ж. Ол кезде Наполеон 24 жаста еді.
Робеспьер диктатурасының құлауы, тулондық батырдың карьерасына қауіп
төндірді. Бір мезгілде якобиншілерден тұтқындалып, кейін босатылды. Жаңа
тағайындауларды, көтерулерді іздеген Наполеон депутат Барраспен танысады.
Оның тапсырмасымен роялистер бүлігін 13-ші вандамьерде талқандайды. Сыйлық
пен көтерілу көп күттірмеді. Баррас енді 5 директордың бірі болса,
Наполеон-Париж гарнизонын басқарды. Осы кезде ол көркем де сұлу әйел –
Жозефина Богарнэге кездесіп, артынан үйленеді. Жозефина өзінен 6 жас үлкен
еді. Генералдың жесірі, әлі де болса әдемі және сезімтал ақылды әйел, жас
Бонапарттың жүрегін жаулап алды.
Роже Дюфрес, Наполеонның қысқаша өмір баянын шеберлікпен жазған
автордың айтуынша, Наполеон Жозефинаның адал, пәк еместігіне қарамастан
сүйді, бірақ 13 жылдан кейін, мемлекеттік шешім бойынша олар қайта ажырасты
23 -дейді. Жозефинаның өмірінде романтикалық кезеңдер көп болғандықтан,
ол алғаш кездескен Наполеонға онша мән бере қоймады. Жозефинаның негізгі
ойы – жоғарғы шенге ие болған жас Бонапартпен бас қосып, материалдық
жағдайын жақсарту болды. Бірақ, Жозефинаның бала көтермеуі негізінде 13
кейін, мемлекеттік шешім бойынша олар айырылып тынды. Негізінен,
Наполеонның әйелдерге деген қарым-қатынасы тек бір жақты ғана болды. Оның
ойынша, Наполеонды - әйелдер мәселесі қызықтырмады, және де сезім туралы
ойланатындай, жан-жүрегін елжірететіндей, онда уақыт та болмады. Сондықтан
ол жеке өміріне қатысты дәл осындай мәселелерге көп көңіл бөле қоймады.
Наполеон Европадағы үлкен соғыстарымен дүние жүзілік үстемдікті иелену
арқылы әлемді дүр сілкіндірді. Әсіресе, Наполеон Англия үшін күндіз
күлкісін, түнде ұйқысын бөлді. Англия айласын тауып, одақтастар құрып, бір
соғыста жеңіп, Наполеон қашып, ағылшындардың кемесіне отырды. Енді бағыт-
Қасиетті Елена аралы болды.
Бұл аралды португалдық саяхатшы – Васко де Гама 16ғасырда оңтүстік
Атлант мұхитының жағалауынан 15-12-лік оңтүстік бойлықтан ашқан еді.
1501жылы 21мамырда католик шіркеуінің қасиетті күнімен қатар келгендіктен,
арал - Қасиетті Елена деп аталды.17ғасырдың бірінші ширегінде арал
голландықтардың, 1673жылы ағылшындардың құзырында болды, және бұл аралды
Үндістанға қатынайтын жол торабына айналдырды. Ағылшын үкіметі Наполеонды
осы аралға жер аударуға шешім қабылдады. Қасиетті Елена аралына ең жақын
жағалау Африкадан 2000шақырым жерде болды. Сол кездегі желкенді
қайықпен2:5-3айлық жол болатын. Бұл аралда Наполеон енді Европаға қайта
алмайтындай етіп кепілдік жасады. Наполеонға оның ендігі өмір сүретін жерін
айтқанда ол Маған әскери тұтқын ретінде қарауға хұқтарың жоқ24,деп
наразылық білдірді.
1815жылы 15 қазан күні Нортумберлэнд кемесі Наполеонды өмірінің соңғы
күнінің панасы-Қасиетті Елена аралына әкеліп түсірді. Онымен бірге маршал
Бертран әйелімен, генерал-граф Монтолон әйелімен, және генерал Гурго,Лас-
Каз ұлымен жер аударылды. Жалшысы-Маршан және т.б. адамдар да еріп келді.
Мария-Луизамен бірге атасы-Францтың қолында
болды. 1819 жылдан бастап Наполеонның науқасы өрши түсті.1821жылы ағылшын
дәрігері-Арнотт, Наполеонның жағдайын ауыр екендігін анықтады. Бірақ,
Наполеон бұл кезде серуендеуге шығуға жағдайы келді. 1820жылдан бастап,
Наполеон сөздің басын бастап, аяқтамай, терең ойға кететін болды. Ол одан
әрі үнсіз қалатын. 1820 жылдың аяғында Наполеон коляскаға мініп жүретін
болды. 1821жылы қорқынышты аурулар қайталана бастады. Император бұл ауру-
рак екенін сезді.Бұл тұқым қуалаушы, 40 жасында әкесі де осы аурудан кеткен
еді.
Соңғы кезде 15-20 жылдықта медициналық журналдарда Наполеонның ауруының
рак емес, тропикалық ауру, оны жас кезінде Египет пен Сирияға барған
кезінде жұқтырғаны туралы болжамдар айтылуда25.
Наполеон Рак- бұл ішке енген Ватерлоо 26, деп көрсетті. Наполеон
13 сәуір күні граф Монтолонға өсиетін айтып жаздырып, 15 сәуірде оған қол
қойды. Оның осында жаздырған сөздері 1840 жылы Париж мүгедектер үйіндегі
мрамор тақтада тұрды. Онда былай делінген Менің сүйегімді өзім жақсы
көрген Француз халқының арасына яғни, Сена жағалауына қоюларыңды сұраймын
27.
Ағылшындық Гудсон Лоуға арналған арнайы бөлімінде Наполеонның Мен
ағылшын олигархиясы мен жаулаушыларының негізінде күнімнен бұрын өліп
барамын. Ағылшын халқынан көп ұзамай мен үшін өшін алады 28, деген
сөздері бар.
Баласына ол Францияға ешқашан қарсы шықпауын және бір ғана Бәрі де
француз халқы үшін деген девизді ойына алып жүруді тапсырды.
1821 жылы 5 мамыр күні кешкі сағат 6-да Наполеон Бонапарт ауруы меңдеп
көз жұмды. Басқа бір деректер бойынша, оны уланған 29 дейді.
1.2 НАПОЛЕОН БОНАПАРТ- КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Енді генерал Наполеон үкімет басына нақты адамдарды әкеліп,
революцияның табыстарын қорғауға және жаңа үкіметте ықпалды орын алуға
тырысты. Бонапарттың Сьейес және Талейранмен кездесуінде өз қолына бүлік
тізгінін ұстап, өзінің белгілі қимыл бағдарламасын іске асырды. Бүлік 18
брюмерге 9қараша 1799ж белгіленді. Бүлікті іске асыру орнын, қаладан
алшақтау жердегі Сен-Клу монастырі деп белгіледі.
Люсьен Бонапарт 500-дің отырысын осында көшірді, бұл көшуді Париждегі
тәртіпсіздікке байланысты деп сылтау айтты. Екі палата да ерікті түрде
конституцияға түзету енгізуге міндетті болды да, ал, Наполеон әскері
парламентті қолдауға тиіс болды. Нақты дайындыққа қарамастан, төңкеріс
құрдымға кетуге шамалы қалды. Депутаттар өздерінің отырыстарын Сен-Клуге
көшіруге қарсылық білдірмеді.Бірақ 19 брюмерде конституцияға өзгеріс
енгізу деген сұрақта қарсылық туды. Төңкерістен кейін ол нақты шешіммен
іске кірісті. Билікті бөлісу барысында ол өзіне арыстанның үлесін алуға
тырысты. Наполеон мұның барлығын заңдылық тұрпатта екенін көрсетуге тырысып
бақты. Сьейес, Роже-Дюко және Наполеон өздерін ақсақалдар кеңесі-консул
қылып тағайындауларына қол жеткізді. Сьейестің жаңа конституцияны
пайдаланып, Бонапартқа Құрметті сайлаушы титулын беріп, биліктен
аластатуға ұмтылысы- Бонапарт тарапынан қарсылыққа әкелді. Осылайша,
мемлекет басында үш консул тұрды. Бірінші консул – Наполеон Бонапарт қолына
диктаторлық билікті алды. Екі консул сияқты, ол да 10жылға сенатпен
сайланатын болды. Заңды бекіту – бірінші консулдың билігінде болды.
Министрлер мен генералдарды тағайындау – бірінші консулға жүктелді.
Наполеон өзінің іс-әрекетіне соншалықты мықты болып, 1800жылы қаңтарда
конституцияны бүкіл халықтық талқылауға берді. Оның болжамы дәл келді.
Халық 3 млн. дауыспен Наполеонды жақтап шықты. Бірінші консул билігі өте
қарама-қарсылықта болды.Оған қарсы оңшылдар және солшылдар, монархистер
мен якобиншілер шықты. Наполеон өзінің жағдайын былай деп түсіндіруге
тырысты. Бірінші консул –мемлекетті мұраға алатын патшамен тең емес, оған
кезекті жағдайларда соғыс керек 30- дейді.
Бірінші консул Францияның ішкі жағдайында да бейбітшілік орнатуға қол
жеткізді. 1799жылы желтоқсанда ол Ванда мен Британдағы көше
тәртіпсіздерімен анархистердің тәртібіне қадам жасады, және де роялистік
және католиктік көтерілістерді күшпен басты. Эмигранттар тізімінен
52000елу екі мың адам есімі сызылды. Осыдан кейін көптеген діни адамдар
мен дворяндар Францияға қайтып келді, бұл шаралар ескі якобиншілер
тарапынан қарсылық тапты. Осы кезде Наполеонға қарсы роялистік заговор
ұйымдастырушылар негізінде жарылыстан 26 адам өлді. Қастандық жасаушылар
роялистер екенін біле тұрып, кінәні якобиншілерден көріп, Наполеон, ықпалды
якобиншілер жауларынан құтылуды ойлады, көбін өлім жазасына кесті. Ішкі
жағдайды реттеуде католик шіркеуіне де тәртіп орнатты. Маренгодан кейін
папа Пий7-ші мен келіссөздер басталды. 1801жылы 15шілдеде конкордатқа қол
қойды. Бірінші консул епископтарды тағайындау құқығын алды. Папа тек оның
діни шенін бекітетін болды. Жұмысқа немесе қызметке кірісер алдында, діни
адамдар конституция алдында ант берді. Шіркеулік жиын-жиылыстар билікпен
келісіп жүргізілетін болды. Осылайша, Наполеон шіркеуді өзінің мемлекетіне
қызмет етуге мәжбүр етті. 1802 жылы бірінші консул өзінің толық қанды ішкі
және сыртқы саясатында Францияға бейбіт және тұрақтылық әкелгенін мүдірмей
жария ете алды. Жұмыссыздық пен әлеуметтік қиыншылықтар артта қалды, осы
проблемаларды шешуде Наполеон іске кірісті.
Парламенттік оппозицияны ол бейтарапта ұстау негізінде сенаттың
құрамын үлкейтті. Шындық керек, кейбір генералдардың көре алмаушылық пен
қызғаныштарынан, 1802жылдың сәуір-маусым айларында 4 рет заговор
ұйымдастырылды. Олардың мақсаты-бірінші консулды өлтіру немесе биліктен
аластату еді. Бұған Бернадотт, Ожеро, Макдональд, Массен, Лекурб, Брюн
қатысты болды, соның ішінде Наполеонға жақын Ланн да бар еді. Бұл
заговорлар дер кезінде ашылып, оған Наполеон өте жеңіл жаза беріп,
дипломатиялық айламен жер аудартты, немесе биліктен босатты. Соның
негізінде, Макдональд тек, 1809жылы ғана қызметке қосылды. Оның көбісі
императордың маршалдары болды. Ол жылдан-жылға дара билей берді. Оған
1802жылғы 18мамыр айындағы Құрметті Легион орденіндегі оқиғаны айтуға
болады. 1802жылы 2тамызда Сенат бүкіл халықтық референдумде Наполеон өмір
бақи бірінші консул болуға міндетті ме -деген сұраққа жауап алды.
3.508.895 дауыс қолдап, 8394 дауыс қарсылық білдірді. 4тамыздағы сенаттың
резолюциясында 8-ші жылғы конституциямен бейімделіп, оны бекітті. Бұл
резолюцияны Х-жылғы конституция деп атады. Бірінші консул өзінің мұрагерін
тағайындауға, 2консулды да өзі сайлауға құқық алды. Ол ұлттық жиналыспен
келіспей-ақ, келісімге монарх сияқты қол қоя берді, кешірім жасауға рұқсат
алды. 1799-1804 жылдар уақыт аралығы –Наполеонның жетістіктерге қол
жеткізген уақыты еді. Әкімшілік құрылыста қайта құру және азаматтық
кодекстің жасалуы болды. Осы екі актілер ең бірінші ішкі саяси жағдайға
әсер етті. Сонымен бірге Францияның көршілес мемлекеттеріне де ықпал етті,
соның ішінде Францияға жаңа, кеш қосылған аудандарда жүзеге асты. Екі актің
де мақсаты бір еді, революциялық жаулап алынған жерлерді әлеуметтік қарым-
қатынасты тұрақтандыру және біріншіден, әкімшілік қайта қалыптастыруда –
мемлекеттік аралықты күшейту ісі алға қойылды. Азаматтық кодекс- жеке бас
бостандығына, меншік, еркін еңбек етуге кепілдік берді, цехтік жүйе
шектеулері бұзылды, ар бостандығы және азаматтардың заң алдындағы теңдігі
күшейтілді. Бұл бүкіл феодалдық жеңілдікті шектеді. Мемлекетті зайырлы деп
тауып, жеке мүлікке қол сұқпаушылыққа кепілдік берілді. Бүкіл шіркеу және
дворяндардың революция кезінде ұлттандырылған мүліктері мемлекет тарапына
өтті. Наполеонның жүргізген реформалары жетістік әкелді. Әскери жорық
шығынын жеңілген жаққа төлетті. Сонымен бірге, 1800 жылы 13 ақпанда ашылған
Француз банкі де тұрақтандыру факторына айналды, себебі,ол мемлекет
қаржысын әлемдік финанспен байланыстырды. 1803 жылы 22наурызда Наполеон
жаңа ақша бірлігін шығарды- франк, өзінің сол кездегі алтынды эквивалентін
1914 жылға дейін ұстады. 1803 жылы 18 сәуірде шыққан заң - француз банкіне
қағаз ақша шығаруға рұқсат берді. Фридрих Гентц 1801жылы жазды Ақиқаттың
негізі-Францияның қазіргі жағдайы ешқандай шектеуді мойындамайды, оның
жерімен көрші жерлер Франция иелігі болып есептелді, немесе солардың
меншігіне айналды 31.
Бонапарт Пизальпийский республикасының астанасы – Миланда өзінің
конституциясын тақты, оның атын өзгертіп Италия республикасы деп атады
және өзін президент қылды. 1802 жылы 15 желтоқсанда Бонапарт Пьемонтты
жаулап, ол жер француздар территориясында қалды. Герцог Пармның өлімінен
кейін, оның мемлекетін алды, оны Француз комиссариатына тапсырды. Швейцария
1803 жылы ақпанда жаңа конституцияны алды, жаңадан құрылған конфедерацияға
19 тең хұқылы кантондар кірді.
Голландиядан француз әскері шығарылмады. Керісінше, бірінші консул
қорғану және шабуыл жасауға келісіп, жаңа конституцияны таңды. 1805 жылы
Нидерландияда конституцияны өзгертіп, бұл ел толығымен вассалды мемлекетке
айналды. Сонымен бірге, Наполеон отарлық саясатта Вест-Индия, Таяу Шығыс,
Ост-Индияда және бір мезгілдерде Луизиана жерлерін иеленді. Соңғысын 1803
жылы АҚШ-қа сатып жіберген. Англия болса, бұл саясатты қауіпті деп санауға
болмайтынын түсінді. 1803 жылы 23 мамырда Франция мен Англия арасындағы өрт
қайта лаулады. Басында бұл соғыс – кит пен арыстанның қимылындай көрініс
алған еді. Ағылшындар теңізде үстемдік етті. Бірақ,Франция Европадағы
порттарды ағылшын товарлары үшін жауып тастады, 1803 жылы шілдеде
ағылшындық Ганновер, Блисинген, голландық- Брабантаның бір бөлігі және
Италияда- Оранто, Бриндизи, Португалия, Испания, Голландия Наполеонның
қысымымен ағылшын товарларына байкот жариялауға міндеттеме алды. Наполеон
жағалауға әскерін жинады, 1804 жылы Буонидегі армиясы шабуылға
дайындалды.Англия өз тарапынан одақтас іздеуге тырысты. Роялистер лидері-
Георг Кадудалдың көмегімен тамыз айында Нормандияға түсіп, олар бірінші
консулды алып тастап, орнына Бурбондарды қайта қалпына келтіру мақсатымен
іске кіріскен еді. Олардың ұйымдастырған заговоры ашылып қалып, тұтқынға
алынды. Кадудаль өлім жазасына кесілді.
1.3 НАПОЛЕОН БОНАПАРТ – ИМПЕРАТОР
1804 жылы 30 наурызда сенатор Кюро ұсыныс жасап, бірінші консул
Республиканың императоры және оның құрметіне бүкіл әулеті иелене алатыны
туралы хабарланды. 1804 жылы 18 мамырдағы Сенат резолюциясы яғни, ХІІ жылғы
Конституциясы, Наполеон Бонапартты – Франция императоры деп жариялады.
Мұрагерлік билік сұрағы нақтыланып, алты жоғарғы мемлекеттік шенеуліктен
жаңа ақсүйектер пайда болды. Оның ішінде шенін Наполеон көтерген маршалдар
да болды. Бүкіл халықтық референдумды халық қарсылықсыз қолдады. 2
желтоқсанда Наполеоның айтуымен, Париж әйел-ана шіркеуінде тақ иемдену
рәсімі өтті.
Франция императоры, Италия республикасының президенті - құлаққа
жағымсыз естілді, сондықтан да Италияны – патшалық деп өзгертті. Эжен
Богарнэ – вице патша және Италияда регент болды. Наполеон өзінің жоғарғы
сановниктеріне княздық титулдар беріп, ақшаға байытты, жаңа графтар мен
барондар пайда болды.
1806 жылы өзінің отбасының мүшелеріне принц титулын алуға рұқсат берді.
Сонымен қатар,ол Италияда 30 үлкен лендік поместьеге өзінің сановниктерін
қойды. 1807 жылдан бастап, соғыста көзге түскен маршалдар герцог немесе
князь атағын иеленді.1808 жылы 1 наурызда мемлекеттік кеңес шешімімен,
шен көтеру, дәреже жоғарылату – император қолына көшті.
1804 жылға дейін ағылшын фронтында қорғаныс байқалды, 1805жылы оқиға
жаңа екпін алды, себебі, Англия өзіне күшті одақтастар Австрия мен Ресейді
қосып, Европада тұрақтандыру жолына көшті. 1804 жылы Англия Булондағы
әскерді кері қайтарды. Англияға кіру жоспары бұзылды, ол үшін ағылшын
флотын бұзу керек еді. 1805 жылғы жорығы өте сәтті болды, 4апта жүріп, 50
шақырым жерді күніне алып отырып, 200мың әскермен Дунайға түскен еді. Оның
әскерін австриялық генерал-Мак қоршады, капитуляцияны талап етті. Ақыр
аяғы, соғыста 49.000 австриялықтар саптан кетті. Осылайша, Венада император
қаласын алды.1805жылы 2желтоқсанда француздардың атақты майданы- Аустерлиц
маңында Австрия Ресеймен одақ болды. Пратценс қырынан түсіп, жаудың
орталығын бөлді, содан кейін жауының әуелі бір қанатын, кейін, екінші
қанатын талқандады, жеңіске жетті. Орыстар 20.000 адамнан австриялықтар
45.000 адамынан айырылды. Бұл соғыс майданның барысын шешті. Орыстар
жеңілістің кінәлісі- австриялықтар деп шығысқа кетті. Император Франц
Наполеоннан бітім сұрады. Бонапарт Австрияны кемітушілікпен бітім жасады.
Келісім бойынша, Пресбург жерінде, Австрия өзінің Далмация мен Италиядағы
иеліктерінен айырылды. Тироль және Ферарльберг Баварияға қосылды. Өзінің
территорияларын берумен қатар, ешқандай компенсация алмады.
1806жылы Европадағы Наполеондық тәртіп негізінде Бурбондарды
Италиядан қуып, Италияға ағасы – Жозефты отырғызды. Тек, Сицилияда
ағылшындар күзеті тұрғандықтан, оны ала алмады. Луи Бонапарт –
Голландияның жаңа патшасы болды. Өзінің ағайындарын таққа отырғыза тұрып,
ол Европа монархтарымен қыз алысып, қыз берісіп, тең тұрғысы келді.
Наполеоның - Германия картасын ұсақ мемлекеттерге бөлу ойы – 1806 жылы
20 қаңтарда Рейн одағында белгілі болды . 16 неміс княздықтары соғыс
болған жағдайда, Наполеонға көмекке 63.000 солдат беруге міндеттенді.
Наполеон Немістік тәуелсіздікке кепілдеме беріп, өзінің 200 мың әскерінің
көп бөлігін сонда ұстайтын болды. Оңтүстік Германияда өзін қожайын деп
сезінді. Ол туралы кітап сатушы Палмом Наполеонға қарсы Глубачайшее
унижение Германии атты кітап сатқаны үшін ұсталып, 1806жылы 26тамызда
француз әскери соты, император бұйрығымен Палмомды ату жазасына бұйырды.
Пресбург бейбіт бітімі, тек тынығып алу үшін керек болды. Англиямен
келіссөзде Наполеон Пруссия қарамағындағы Ганноверді беруін талап етті. Бұл
жағдай прусс патшасы- Фридрих- Вильгельм ІІІ үшін ең сорақылық еді, ол
Наполеонның қылығын көтермей, 1806жылы 9қазанда Пруссия Францияға соғыс
ашады. Бірақ соғыс пруссиялықтар үшін сәтсіз аяқталып, патша шығыс Пруссия
жеріне қарай қашты. 1806жылы 21қарашада Наполеон Берлинде Англияға
континенталды блокада жариялады. Пруссияның порттарының бәрі, ағылшын
кемелері үшін жабылды, ағылшын товарлары тәлкіленді. Наполеонның ойынша,
осындай жағдай бүкіл Европада болу керек деп есептеді.
Енді күшпен Испанияға да міндеттеме тақты, бұның соңы 1808жылы испан
авантюрасына әкелді. Иберий жарты аралы - әскери қимылдың ошағына айналды.
Франция- Испанияны өзінің жүйесіне қосқысы келді, бірақ қарсы көтерілістер
күшті болды. Испан проблемасы үлкен күшті қажет етті. Осыған қоса,
Австрияда Наполеонның мүлт кетуін күтіп отыр еді.
Тильзит келіссөзі, Пресбург келіссөзіне немістер қарсы болды. Соның
негізінде Германиядан өз әскерлерін әкетуге міндеттеді. Пруссия Наполеонның
әскери шығынын өтеуге және әскерлерін 42.000 адамға дейін қысқартуды
міндеттеді. Наполеонның Германиядан әскерін шығаруының басты себебі-
Испаниядағы сұрақты шешіп алу еді. 1808 жылы 180. 000 солдатпен
жақсы оқылған, үйретілген Германиядағы офицерлерімен Испанияға бет
алды. Желтоқсан айының басында Бонапарт Мадридте болды. Осы айда
сэр Мур бастаған ағылшын әскерін де талқандады. Сэр Мур қайтыс
болып, жарты әскер кемемен қашып кетті. 1809 жылы Бонапарт
Испания сұрағын шешпестен Австрияға кетті. 1809 жылы Австрия үлкен
жорық бастайды, алайда эрцгерцог Карл әскері жеңілді. 5-6 шілдеде
Наполеон австриялықтарды Ваграмнан әрі асырды. Осыдан, Шенбрундік
бейбіт келісімі 1809 жылы 14 қазанда Наполеонның диктаторлығын
орнатты. Австрия көлемі қысқарып, екінші орындағы империяға ауысты.
3, 5 млн. тұрғыны мен 2150 кв.миль. жерінен айырылды. Осыда кейін
де көптеген көтерілістер болды,лды барлығы аямай жаншылды.
Енд Наполеонға ұлттық көтерілістерді басуға тура келді. Италия,
Германия, Оңтүстік Швейцарияда үлкен бүліктер болды. Сонымен қатар,
францияның өзінде де пайда бола бастады. Бір сөзбен айтқанда,
дағдарыс көріністері экономикалық салада да көріне бастады. Осы
кезде Англия- Оңтүстік Африкада жаңа рынок тапты. Сонымен бірге
Испания мен Португалияның ашық қалуы және балтық теңізіндегі
сауданы өндіріп жүргізді. 1809 жылы бастап, Наполеон француз
товарларына лицензия беру арқылы Англияға, Англиядан Францияға
товарлы саудада тәртіпті жұмсартты. Бұл жеңілдік тек-француздарға
ғана берілді, соның негізінде басқа мемлекеттердің наразылығын
туғызды.
1810 жылы Наполеонның ағасы Луи Бонапарт-Францияның
Голландияға қатысты саясатын құптамай, Голланд тағынан бас тартты.
Оған жауап ретінде, Наполеон өзі Нидерландияны империя құрамына қосып
алды.
Наполеон өзінің әулетін бекіту, күшейту үшін, мұрагер керек екенін
түсінді. Жозефина құрсақ көтермеген соң, 1812 жылы 16 желтоқсандағы
сенаттың шешімімен, ол әйелінен заңды түрде ажырасты. Әдемі де сәнді
Мальмезан қамалын сайға алған Жозефина онша қиналмады. Наполеон өзінің 2-
ші әйелдікке Австрия императорының қызы-Мария Луизаны таңдады. Әкесі Франц
болса, 18 жасар қызын беруде саясатпен келіскен еді, орыс-францус одағын
осылайша бұзғысы келді. 1811 жылы наурыздың 20-да көптен күткен мұрагер
дуниеге келді. Оған Рим патшасы деген титул берді. Енді Наполеон нақты
түрде Ресеймен қайшылық іздеді, одан жеңіп шықса, Европаны билеуші болар
еді. Бірақ, іште революциялық толқулар кедергі жасады. Осы кезде полиция
министрі Фушье 1810 жылы шілдеде жұмыстан қуылды. Консулдық және
императорлық жылдарында, ауыл шаруашылығының капиталистік дамуы , өнеркәсіп
пен сауда Францияда айтарлықтай алға жылжылды. Елде өдірістік революция
басталды. Үй шаруашылық бұйымдары, мануфактура және фабрикалар саны көбейе
түсті. Металлургия саласында көптеген жетістіктер әкелді. Атап айтқанда,
қару-жарақ және т.б. темір бұйымдарын жасуда, сонымен бірге жібек және
тоқыма өнеркәсібінде, фарфор және әйнек ыдыстар жасау біршама дамыды. Сонда
да Франция экономикасы Англиямен салыстырғанда, біршама төмен сатыда тұрды.
Француз товарлары тек ағылшындармен ғана емес, сонымен бірге Чех,
Швецариялық және итальяндық товарлармен де бақталаста тұрды. Француз
буржуазиясы өз позициясын европалық саудада нығайту үшін, жаулаушылық
арқылы дамытқысы келді. Бұл Француз ірі өнеркәсіп буржуазиясының
экономикалық негізде қатал түрін көрсетті.
Ағылшын товарларының арзандығы мен сапалалығы-шектеулерге
қарамастан, контрабандалық жолмен немесе бейтарап елдерден алған сыңаймен
тасылып жатты.
Ауыл шаруашылығында көптеген жетісіктерге жетті. Егіс алаңы мен
жүзім егу алаңы біршама кеңіді. Ұсақ шаруа буржуазиясы өсті. Атап айтқанда,
саудагерлер, сатушылар, ірі жер иелері көбейді. Сонымен бірге, жанама
салықтар өсті, бұл шарашуалық үшін ауыр болды.
1807 жылы Азаматтық кодекс күшіне еніп, 1808 жылы сауда және
қылмыстық кодекстер шықты. Сонымен бірге 1803 жылы Жұмыс кітапшасы
еңгізілді.
Онда негізінен, қожа жұмысқа кіргені туралы және қандай жолмен
шыққаны жөнінде жазылып отырды.
Жұмысшылар жағдайы ауыр болды. Жұмыс күнін 14 сағаттан
түсірмеді. 1806-07 ж.ж. Парижде құрылысшы, тас қалаушы, көпестер т.б.
жалақыларын көтеру тіралы ереуілдері болды. 1808 жылы жұмысшылар арасында
көпшілігі қамауға алынды. Жұмыссыздықтың өсуінен қорыққан үкімет ірі
қоғамдық орындағы субсидия беріп отырды. Билік жүргізіп отырған импрерия
ірі буржуазиямен және армиямен тығыз байланыста болды.
Коронациядан кейін, 1806 жылы 1 қандарда Наполеон революциялық
күнтізбені алып, орнына – Григориан күнтізбесін енгізді. Республикаң сөзі
біртіндеп қолданудан шыға бастады. Монеталарда (тиын) Французң империясы
деген жазу пайда болды. Бүкіл істер императорлық декрет және сенат
шешімімен қаралып отырды. Францияға тәуелді республикалар, енді
патшалықтарға айнала бастады.
1810 жылы қылмыстық кодексті күшейтіп, тәртіпті қадағалады.
Әділдік сот-тек император органдарына ғана тәууелді болды. Сөз, баспасөз
бостандығына тиым салынды. 1810 жылы әрбір департаментте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz