Corel Draw графикалық редактор


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
Согеl Dгаw 8 графикалық қосымшалары пакетінде . . . 4
1 Согеl Dгаw 8 - мен жұмыс сеансы
1. 1 Согеl Dгаw -мен жұмыстың басталуы . . . 5
1. 2 Жаңа суреттерді жасау . . . 5
1. 3 Қолда бар суреттерді ашу . . . 5
1. 4 Сақтау жабу және шығу . . . 5-6
2 Согеl Dгаw -мен жұмыс
2. 1 Құралдар жинағын қолдану . . . 6
2. 2 Түсті политраны қолдану . . . 6
2. 3 Маштабты ұлғайту және кішірейту . . . 6
2. 4 Өзгерістерді алып тастау және қайтару . . . , . . . ?
2. 5 Бөліп көрсету және объектілерді бөліп көрсетуді алып тастау . . . 7
3 Объектілерді салу және олардың формаларын өзгерту
3. 1 Объект анатомиясы . . . 8
3. 2 Қарапайым фигураларды салу . . . 8-9
3. 3 Сызықтар, қисықтар және еркін фигураларды салу . . . 9
3. 4 Элипстер және тікбұрыштардың формаларын өзгерту . . . 10
З. З Көпбұрыштар мен жұлдызшылар формаларын өзгерту . . . 10-11
4 Согеl Dгаw -дағы түспен жұмыс
4. 1 Түсті қондырғыны калибрлеу . . . 11
4. 2 Түсті палитрлар және түс таңдау жүйелері . . . 12
5 Объектілермен жұмыс
5. 1 Объектілерді басқару . . . 12- 13
5. 2 Объектілерді көшіру және алып тастау . . . 13
5. 3 Кесіп алу көшіру және қондыру . . . 13
5. 6 Алып тастау . . . 14
5. 7 Объектілерді топтау және тарату . . . 14
5. 8 Объектілерді бірдейлеу . . . 14
6 Арнайы әсерлерді жасау эффектілігі
6. 1 Фигуралы мәтін үшін графикалық әсерлерді жасау . . . 15
6. 2 Графика ретінде белгілерді қосу . . . 15
б. З Объектілер үшін көшу әсерін жасау . . . 16
6. 4 Объектілерді сығу . . . 16
6. 5 Линзаларды қолдану . . . 16
6. 6 Power Clip-пен жұмыс . . . 16-17
6. 7 Фильтрлер қалай жұмыс істейді . . . 17
6. 8 Графика ретінде белгілерді қосу . . . 17
7 Басып шығару
7. 1 Басып шығару әдісін таңдау . . . 18
7. 1. 1. Принтермен басып шығару . . . 18
7. 1. 2 Фотоға түcipyгe дайын суреттерді лазерлік принтермен шығару және оларды баспаға жіберу. . 18
7. 2 Басып шығару тапсырмаларын дайындау . . . 18-19
7. 3 Қағаз көлемі . . . 19
7. 4 Баспа бетінде суреттерді орналастыру . . . 19
- Макет стильдері . . . 19-20
8 Corel PHOTO-PAINT-қа қыскаша шолу . . . 20-28
Қорытынды.
Қосымша суреттер.
КІРІСПЕ
Ертерек, 6 версиялы Согеl Dгаw -тың өзінде-ақ Windows 95 және Windows NT күшті жүйелік құралдарын белсенді қолданатын жаңа пайдаланушылық интерфейс пайда болады. 8 версиясында интерфейсты жеңілдету және икемділігін арттыру тенденциясы сақталып қалған және қазіргі уақытта даму үстінде. Бірақ, сізді басқару элементтерінің ақылға сыймайтын саны абыржытпас. Олардың артында DRAW версияларының ішіндегі пайдаланудағы ең жылдам, күшті және қарапайымы жасырынып тұр.
DRAW базасының жұмысы векторлық графиканы қолдануға негізделген. Растрлық (нүктелік) суреттерге қарағанда, векторлық суреттердің көлемін және формасын сурет сапасын жоғалтпай-ақ өзгертуге болады. Dгаw бағдарламасы басқа OLE-бірге қосылатын бағдарламалардың файлдарын және мәліметтер үзінділерін фильтрмен өзгертушілерді қолданбай-ақ DRAW-қа еркін жүктеуге мүмкіндік беретін OLE (обьектілерді байланыстыру және енгізу) технологиясын қолдайды.
Редакциялаудың интерактивті мүмкіндіктерін жақсарту үшін DRAW-та динамикалық байланыстыру қолданылады. Динамикалық байланыстыру концепциясы бақылау обьектілерін арнайы әсері үлгісінде толық түсінікті болады, мысалы, көшу (перетекание-blend) әсері. Бақылау обьектілеріне өзгерістер енгізген жағдайда әсердің басқа элементтері осы өзгерістерді есепке алу үшін автоматты түрде жаңарады.
DRAW-та жаңа интерфейсы жөнге оңай салынады. Сіз өзіңізге қажетті еңбек ортасын құра отырып, кез келген құралдар панелін, меню және шиыршықтарды (стивки) жасай немесе өзгерте аламыз.
COREL DRAW 8 ГРАФИКАЛЫҚ ҚОСЫМШАЛАР ПАКЕТІНДЕ
Corel Draw 8 графикалық қосымшалары пакетіне жұмыс нәтижелілігін арттыратын және қосымша баспа мүмкіндіктерін беретін мына қосымшалар және қызмет бағдарламалары енеді.
Corel OCR-TRACE растрлық суреттерді векторлық графикаға, алрастрлық суреттерге енгізілген мәтінді редакциялайтын белгілерге айналдырады.
Corel DEPTH-ке толық түсті, үш өлшемді мәтін және графиканы жасауға және оларды Corel DRAW, Corel VENTURA және басқа көптеген графикалық қосымшалар верстқа бағдарламалармен бірге қосылатын форматтарда шығаруға қажетті барлық құралдар енеді. Кәсіби өңделген шаблон мастерлері үш өлшемді мәтін мен графиканы жасау кезеңдері арқылы өтуге көмектеседі.
Corel TEXTURE диаграммалар, суреттер. Логотиптер және фотоколлаждар сияқты графикалық суреттердің кәсібилігін арттыруда қолданылуы мүмкін, реалистік текстураны жасауға мүмкіндік береді.
Corel MULTIMEDIA MANAGER мультимедиа файлдарын, оларды баскаруға көмектеседі.
Corel CAPTURE компютер экранында пайда болған кез келген суретті түсіріп алуға және оны техникалық құжаттамалар, немесе презентациялар үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Corel SCAN сканерленген суреттерді кәсіби деңгейде жасауға көмектеседі. Суретті кез келген қолайлы мәліметтер көзін пайдалана отырып сканерлеуге болады және фотосуреттерді редакциялаудың ешқандай арнайы бағдарламасын жібермей-ақ ақауларды жоюға болады.
Corel MEMO жұмыс уақытында қажетті белгілерді жасауға мүмкіндік береді.
Corel SCRIPT және Corel SCRIPT DIALOG EDITOR Corel DRAW-тың көптеген құралдарына арнап макростарды жоюға мүмкіндік береді, осылай өз қосымша утилиттерін құруға болады.
Corel Color Manager Wisard сканерлер, мониторлар және принтерлерге арналған қондырғылар үйлесімін тандау немесе жасау кезеңдерін өтуге көмектеседі. Color Manager Wisard бұл кескін үйлесімдерін жүйенің кескін үйлесімдерін жасау үшін қолданады.
Corel Print Wisard әуесқойлық және көсіби жарияламаларды жасау үшін қажетті параметрлерді таңдауға көмектеседі.
1 COREL DRAW-ПЕН ЖҰМЫС СЕАНСЫ
- Corel Draw-пен жұмыстың басталуы
Corel Draw-ты жіберген соң, жаңа суреттерді жасаумен қатар, қолда бар суреттерді редакциялауға және аяқтауға болады.
Corel Draw-пен жүмыс істей отырып, Corel Draw 8 Graphics Suite жинағының басқа бағдарламаларын қосымшаларды жіберу бағдарламасының тікелей көмегімен шақырып, пайдалануға болады. Қосымшаларды жіберу бағдарламаларын қолдана отырып, Corel бағдарламаларының бірінен екіншісіне ауысып отыруға болады. Және бір бағдарламаға жұмыс жүктеу үшін екінші бағдарламаны жабудың қажеті жоқ.
- Жаңа суреттерді жасау
Қосымшаны жіберген соң, Файл менюіне басып және Жасау бұйрығын тандап алып немесе құралдардың стандартты панельдегі Жасау түймесін баса отырып, жаңа сурет жасауға болады. Шаблон Corel Draw-та немесе Paper Direct-те таңдалады.
1. 3 Қолда бар суреттерді ашу
Corel DRAW-ты жіберген соң, Ашу бұйрығын қолдана отырып алдында жасалған суретті экранға шығаруға және олармен жүмысты жалғастыруға болады. Ашу бұйрығы алдында сақталған суретті ашады. Қолда бар суретті ашу үшін Файл менюіне басып, Ашу бұйрығын тандап алыңыз немесе құралдардың стандартты панеліндегі Құжатты ашу түймесін басыңыз.
1. 4 Сақтау, жабу және шығу
Суретті жабар алдында Corel DRAW енгізілген өзгерістерді, мысалы, әлі сақталынбаған, суретке енгізілген толықтырулар немесе қасиеттердегі өзгерістерді сақтау қажет екендігін сұрайды. Corel DRAW үш мүмкіндік береді:
• Соңғы өзгерістерді сақтау үшін-"Иө"
• Өзгерістерді сақтамау және суретті жабу үшін "Жоқ"
• Қандай да бір есеппен суретпен жұмысты жалғастыру
қажет болса, "Бас тарту"
Аты жоқ суретті жабар алдында Corel DRAW сізден оны жаңа атпен сақтау қажет деп сұрайды. "Иә" деген жауап болса, атын өзгертуге болатын диалогтық бөлім пайда болады. Corel DRAW суретке осы атты меншіктейді, суретті және оның параметрлерін сақтайды да, жабады.
- COREL DRAW-ПЕН ЖҰМЫС
Бұл тарауда Құралдар жинағын және Corel DRAW-пен жұмыс істеуге қажетті кейбір негізгі дағдыларды сипаттауға кіріспе берілген.
2. 1 Құралдар жинағын пайдалану
Corel DRAW құралдар жинағының құрамына негізгі фигураларды жасауға бағытталған, сурет салуға және формаларды өзгертуге арналған құралдармен қатар объектілердің қасиеттерін анықтауға, бояу және абристерді жасауға арналған құралдар да енеді. Сурет негіздерін құру үшін сурет салу құралдарын және негізгі фигураларды өзгерту үшін Фигура құралын пайдалаңыз. Осы кезеңде, интерактивті құралдардың бірін пайдалана отырып, бояу қосуға, абристі өзгертуге немесе әсерлерді қолдануға болады.
2. 2 Түстік политраны қолдану
Экранға көрсетілетін Түстік палитра түсті абрис және бояу үшін интерактивті қолдануға мүмкіндік береді. Ағымдағы түстік моделдегі түсті қолдану үшін түсті объектке апарып тоқтатыңыз. Түстік модельді, Түр менюіндегі басқа палитраны таңдап алып, өзгертуге болады. Белгіленген түстік палитра экранның бір жақ бойында орналасқан. Түстік палитраның басындағы және аяғындағы айналдыру стрелкаларын баса отырып, оның барлық құрамын қарап шығуға болады. Таңдап алынған түстік модельдің барлық түстерін көрсету үшін Түстерді көрсету түймесін басу қажет.
2. 3 Масштабты ұлғайту және кішірейту
Маштаб құралы суретті қарап шығуға және онымен қолайлы арақашықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Масштабтау дәлдікті қажет ететін тапсырмаларды орындау кезінде пайдалы. Масштабты кішірейту суретті алыстатылған арақашықтықтан көруге мүмкіндік береді. Бетіне көтеріліп шығатын Масштаб құралдар панелінде Көрініс (Панорама) құралы бар, оның көмегімен жұмыс алаңында кез келген бағытта қозғауға болады.
2. 4 Өзгерістерді алып тастау және қайтару
Corel DRAW пайдаланушыға тәжірибе жасау бостандығын береді. Егер құжатта қандай да бір әрекеттің нәтижесінде қажетсіз өзгерістер пайда болса, оған себепкер болған әрекеттерді алып тастауға болады.
Онда басқа, Corel DRAW-та қандай да бір кезінен бастап әрекеттер бірізділігін алып тастаумен қатар, оларды қайта қайтаруға да мүмкіндік бар.
2. 5 Объектілерді бөліп көрсету және бөліп көрсетуді алып тастау
Әрекеттің орындалуы жоспарланған сурет объектісі бөлініп көрсетілуі тиіс. Объект бөліп көрсетілген жағдайда объектіні жиектейтін, бөліп көрсететін рамка деп аталатын, көзге көрінбейтін тікбүрыш жақтарының жоғарғы және орта тұстарында көлемнің 8 маркері пайда болады. Бірден артық объектіні бөліп көрсетуге оларға бірдей бұйрықтарды бір уақытта қолдануға мүмкіндік береді. Бірден бірнеше объектілерді бөліп көрсеткен кезде олар бір бөліп көрсетілетін рамкаға енгізіледі.
Қабаттар диспетчері шиыршығындағы жабылмаған қабаттарды Түзету параметрі қосылған болса, кез келген жабылмаған қабатта объектілерді бөліп көрсетуге болады. Егер бұл параметрлер қосылмаған болса, объектілерді тек белсенді қабатта бөліп көрсетуге болады.
3 ОБЪЕКТІЛЕРДІ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФОРМАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ
Corel DRAW-тың әр суреті объектіні жасап шығаратын шеңбер, тікбұрыш және кесінділер сияқты қарапайым фигуралардан тұрады. Барлық объектілер басқа объектілерге байланыссыз түрде позицияланатын дискретті элементтер болып табылады. Объектілердің өз бояулары және абристері болады. Объектілердің басқа типтері де болады, мысалы, мәтін және растрлық суреттер.
Сурет жайлы базалық түсінікті алған соң, суреттің негізі болатын қарапайым фигураларды анықтап, суретті жасауды бастай беруге болады. Мысалы, егер үй салу қажет болса, бірнеше тікбүрыштар, эллипс және үшбұрыштан бастауға болады. Салынған суреттер сондай жақсы болмай-ақ қойсын бұл аса маңызды емес.
Суретте базалық элементтерді орналастырып болған соң оларды "аяғына жеткізуді" бастауға болады. Қосымша (приложение) әр объектпен байланыссыз түрде жұмыс істеуге және кез келген қателерді алып тастауға мүмкіндік береді, сондықтан тәжірибе жасауға қорықпаңыз. Соның өзінде, объект формаларын өзгертуді бастамас бұрын, оның құрлымы жайлы аздап болса да білу қажет.
3. 1 Объект анатомиясы
Барлық фигуралар және сызықтар базалық элементтерден, қисықтардан тұрады. Қисық объект формасын анықтайтын негіз болап табылады. Оның қалыңдығы және түсі болмайды, бірақ бұл атрибуттарды абристі қоса отырып меншіктеуге болады. Белгіленген қисықтар жіңішке қара абриспен салынады, осының арқасында қисықтар жасалған соң-ақ көзге көрінетін болды. Corel DRAW кез келген абристі меншіктеп немесе оны мүлдем алып тастап, белгіленген қисықтар стилін өзгертуге мүмкіндік береді, алайда абриссіз қисықтар экранда тек сым каркас түрінде ғана көрінетін болады. Тұйық қисықта (бастапқы және соңғы нүктелері сәйкес келетін) бояу болады. Бояу-қисықпен шектелген, тұйық жерде салынатын өрнек немесе түс.
Қисық түйіндерден және сегменттерден тұрады. Түйін-қисық бойындағы нүкте, қисық сол нүктеде бағыт өзгерте алады, ал сегмент-қисықтың екі түйін арасындағы бөлігі. Барлық қисықтар түйінмен басталуы және аяқталуы тиіс. Объект формасын өзгерту үшін, оның түйіндері және сегменттерімен манипуляция жасау болды. Тікбүрыштар сияқты кейбір объектілердің формасын тек берілген түрде ғана өзгертуге болады. Соның өзінде, қисықты ешқандай шектеусіз модификациялауға болады, өйткені кез келген объектті мәтінде объект-қисыққа айналдыруға болады. Осыдан кейін Corel DRAW объект формасын еркін өзгертуге береді.
3. 2 Қарапайым фигураларды салу
Corel DRAW қарапайым фигураларды салуға және оларды суретті құруда қолдануда мүмкіндік беретін құралдардың толық жинағын ұсынады. Олардың бәрі үйлесімді жұмыс істейді. Фигураны салу үшін "мышь" түймесін басу және объект қажетті көлемге жеткенше көрсеткішті ұстап тұру қажет. Тікбұрыш құралы тікбүрыштарды және квадраттарды салуға мүмкіндік береді. Жағыдай жайлы хабарлайтын жолда бейнеленген тікбұрыш көлемдері көрсетіледі. Тікбұрыш құралының көмегімен сызылатын объектілер үшін ағымдағы бояу түсі, абрис қауырсыны және абрис түсінің атрибуттары қолданылады.
Эллипс құралы эллипстерді және шеңберлерді салуға арналған. Жағдай жайлы хабарлайтын жол бейнеленген эллипс көлемдерін көрсетеді. Эллипс құралының көмегімен сызылған объектілер үшін ағымдағы бояу түсі, абрис қауырсыны және абрис түсінің атрибуттары қолданылады.
Көпбұрыш құралы көпбұрыштарды және жұлдызшаларды салуда қолданылады.
Спираль құралы спиральды фигураларды салуға мүмкіндік береді.
Қағазды жолақтау құралы сызықты қағазды еске түсіретін торды сызуға мүмкіндік береді.
З. З Сызықтарды, қисықтарды және еркін фигураларды салу
Сызықтарды, қисықтарды және еркін фигураларды салу үшін Corel DRAW-та үш құрал қарастырылған: Қисық, Безье қисығы және Натурал қауырсын.
Қисық құралы сурет салудың қарапайым әдісін үсынады. Ол мышь көрсеткішін басудың көмегімен, қарандашпен қағазда сурет салғандай, сызық жүргізуге мүмкіндік береді. Берілген әдіс дәстүрлі сурет салуға сәйкес келеді, алайда, өте жиі қызғылықсыз, өрескел нәтиже береді. Алынып отырған нәтижелерді суретті түзету немесе салынған қисықты редакциялау көмегімен жақсартуға болады.
Безье қисығы құралы түйіндер бойына қисықтарды салуға мүмкіндік береді, Безье қисығы құралымен жұмыс істеу кезінде "мышьті" әр басу түйін пайда болуына әкеледі, ал түйіндер бір-бірімен сегменттер арқылы қосылады. Одан басқа түйінді қосу кезінде бейнеленіп отырған сигмент қисықтығын жүйеге салуға басқарушы нүктелер мүмкіндік береді (түйіннің екі жағынан пунктир жүргізіледі) . Осы басқарушы нүктелерді қолдана отырып және әр түйіннің орналасу орнын таңдай отырып, қажетті сызық және қисық алуға болады.
Натурал қауырсын құралы жуан қисықтар мен ауыспалы қалындықты қисықтар сияқты фигураларды алуға мүмкіндік береді. Әдетте, Натурал қауырсын құралы Қисық құралына үйлес жұмыс істейді. Алайда, олардың арасында негізгі айырмашылықтар бар. Натуралды қауырсын құралымен жасалатын обьектілер тұйық қисықтардан тұрады, сондықтан оларға бояуды қолдануға болады.
Натуралды қауырсын құралы Corel DRAW-тағы Power Line құралының орнына жүреді. Натурал қауырсын құралының көмегімен жасалынған обьектілер Power Line қисықтарына ұқсас болады, алайда, оларды кез келген обьект-қисықтар сияқты редакциялауға болады.
3. 4 Эллипстер және тікбұрыштар формаларын өзгерту
Фигура құралы эллипстер мен тікбұрыштар формасын былай өзгертуге мүмкіндік береді:
• Эллипс доғаға немесе эллипстік секторға айналады.
• Тікбұрыштың барлық бұрыштары бір уақытта дөңгеленеді.
Эллипстер мен тікбұрыштар формаларын өзгерту кезінде шектеулер болғанымен, берілген обьектілер өзгерту қарпайымдылығы уақытты үнемдейді және жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді. Одан басқа модификациялау кезінде тікбұрыштар жөне эллипстер өздерінің шығу формаларын сақтай алады. Мысалы, тікбұрыш бұрыштарын дөңгелеткен соң, оларды қайтадан тік қылу қиын емес.
Егер эллипс немесе тікбұрыш формасын ешқандай шектеусіз өзгерту қажет болса, берілген фигураны обьектілі қисыққа айналдыру керек. Тікбұрышты немесе эллипсті обьект-қисыққа айналдырған соңның формасын еркін өзгерте беруге болады. Бірақ, эллипс немесе тікбұрышты обьект-қисыққа айналдыру кезімен бір уақытта "мышьтің" бір операциясымен эллипсті эллипстік секторға айналдыру немесе тікбұрыштың барлық бұрыштарын дөңгелету мүмкін емес.
3. 5 Көпбұрыштар мен жұлдызшалардың формаларын өзгерту
Фигура құралы бейнелі редакциялау деп аталатын процестің көмегімен көпбұрыштың формасын өзгертуге мүмкіндік береді. Бейнелі редакциялау көпбұрыштың немесе жұлдызшаның формасын обьект-қисық формасын модификациялауға ұқсас өзгертеді. Бейнелі редакциялау жөне түйіндердің басқалай өзгеруі арасындағы айырмашылық бейнелі редакциялау көпбұрыш түйіндерімен манипуляция жасағанда оның симметриясын сақтап қалуға мүмкіндік беретіндігінде. Көпбұрыштағы симметрия оның әр түйіні барлық басқа да түйіндермен байланысты болғанының арқасында сақталады. Осылай түйіннің өзгеруі тікбұрыштың барлық түйіндеріне өсер етеді.
Мысалы, бесбұрышта он түйіннен - әр бұрышына және жағына бір-бірден болады. Барлық бұрыштық түйіндер бір-бірімен байланысқан. Жақтардың түйіндері де солай. Көпбұрыш жағының түйінін ортаға қарай тартқанда оның барлық басқа жақтар түйіндері де ортаға қарай жылжиды. Осыған ұқсас, кез келген сегменттің орнын аустырғанда онымен бірге топтастырылған барлық сегменттер де жылжиды. Одан басқа, бесбұрышқа түйін қосқан кезде бес түйін қосылады (әр жағынан бір түйінен) .
Көпбұрыш түйіндері және сегменттері объект-қисық түйіндерімен манипуляция жасауға ұқсастырып редакциялағанмен, бейнелі редакциялау бүл операцияларды мына әрекеттермен шектейді:
• сегменттер мен түйіндердің орнын ауыстыру
• түйіндерді қосу және алып тастау
• сегменттерді қисықтарға немесе тік сызықтарға айналдыру
• түйінді тегістелген, үшкір немесе симметриялық етіп өзгерту.
Егер бір түйінді өзгерту қалған онымен байланысқан түйіндерге әсер еткені қажет болмаса немесе бейнелі редакциялаумен жіберілмейтін әрекеттерді орындау қажет болса, көпбұрышты объект-қисыққа айналдыру қажет. Осыдан соң объектіні бейнелі редакциялау мүмкін болмайды, бірақ олармен манипуляция жасағанда шектеулер аз болады.
4 COREL DRAW-ТАҒЫ ТҮСПЕН ЖҰМЫС
Corel DRAW түстерді толық бақылауға алуды қамтамассыз ететін құралдардың кең спектірін, сондай-ақ жаңа түстерді таңдау және редакциялауға арналған құралдарды ұсынады. Кез келген уақытта пайдаланушы миллиондаған түстерді ала алады.
Осының нәтижесінде түс таңдап алу күрделі болады. Зор мүмкіндіктерден варианттар және ойда болмаған мөселелердің көп саны шығады; түстер әлемінің барлық қиындықтарын жеңуге көмектесуге қабілетті құралдарға қажеттілік өседі.
4. 1 Түстік қондырғыны калибрлеу
Суретті жасау және редакциялау алдында жүйенің Corel Color Manager көмегімен жөнге салынғанына көз жеткізіңіз. Corel Color Manager басып шығару кезінде ұнамсыз, күтпеген жағыдайлардың пайда болу мүмкіндіктерін азайта отырып, жүйедегі түстерді жасау, өзгерту және таңдау үшін жауап береді. Corel Color Manager ақпараттық қамтамасыздандыру, сканерлер, мониторлар және принтерлер Corel бағдарламалық қамтамасыздандыруымен үйлесіп жұмыс істейтіндігіне және қажетті түстерді беретіндігіне кепілдік береді. Пайдаланушы жүйесін онда жоғарыда аталған компоненттердің барлығы болмағанның өзінде де жөнге салу маңызды.
4. 2 Түстік палитралар және түстерді таңдау жүйелері
Түстік палитра - математикалық берілген түстердің жинағы. Сурет үшін түс тандаудың бірнеше тәсілдері бар - Түс шиыршығының, біркелкі бояу диалогтың бөлігі, экран рамкасындағы Түстік палитра, т. б. -ның көмегімен.
Corel DRAW-палитралардың көпшілігі түстерді таңдау жүйелердің көмегімен алынған. Түстерді тандау жүйелері түсті қайта өндіруде мамандырылған фирмалар жасайтан жөне қолдайтын түстер жинағы болып табылады. Олар халықаралық стандарт көмегімен түсті анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы принтерге қандай да бір көк түс еркін шығару қажет болса, PANTONE Process Colors (нақтырақ PANTONE SI84-6) сияқты көпшілік мойындаған түстерді таңдау жүйесінің каталогын қолдана отырып, түсті дәл таңдауға болады.
- ОБЪЕКТІЛЕРМЕН ЖҰМЫС
5. 1 Объектілерді басқару
Corel DRAW пайдаланушыға толық құжатты ұйымдастыру бойынша объектілерді көшіру, топтау және біріктірудің қарапайым операцияларынан Объекттер диспетчерлерінің кеңейтілген атқарымдарын орындауға дейінгі объектілерді басқарудың кез келген міндетін шешуге қамтамассыз ететін, сурет объектілерін орналастыруға және ұйымдастыруға арналған күшті инструментерді береді. Бұл құралдар берілген сурет объектілерін вертикальді тәртіпте басқаруды, сондай-ақ қажетті орналасу тәртібін алу үшін объектілерді бірдейлеп немесе тегістеп жоюды қамтамассыз етеді. Объектілерді орналастыруға арналған Corel DRAW құралдарын зерттеу сіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңіздің диапозонын кеңейтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz