Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі



Ж О С П А Р:

Кіріспе

1. Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата.ананың біліктілігі

2. Еңбекке баланы жасынан баулиық.

3.Шығармашылық еңбектің ұйымдастырудың жолдары

4. Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары

Қорытынды:
Кiрiспе
Қазiргi мектептерде оқу шеберханаларында оқушыларды еңбекке бауылуды ұйымдастырудағы негiзгi форма-сабақ Сабақтың түрлерiне сәйкес құрылымдары әр түрлi болады Еңбекке баулу сабақтарының көбiне көбiне жалпы құрылымдық элементтерi төмендегiдей болып келедi:
-ұйымдастыру бөлiмi оқушылардың оқу шеберханаларына уақытымен келуi; оқушылардың сабаққа қатысуын және сарамандық жұмыстарды орындауға қажеттi арнайы киiмдерiнiң бар болуын тексеру;
-сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
-оқушылар алда тұрған тапсырмаларды орындауы үшiн мұғалiмнiң кiрiспе нұсқауы сарамандық iс-әрекетi дұрыс орындау тәсiлдерiн көрсетуi және iс- әрекетi неге көрсету бойынша орындау керектiгi туралы қысқаша ғылыми негiздеуi;
-қауыпсiз еңбек ету т„ртiбi бойынша нұсқау;
-оқушылардың жұмыс жасауы үшiн дайындамалар мен құрал-жабдықтарды үлестiру;
-оқушылардың тапсырманы орындауы барысында мұғалiмнiң ағымдық нұсқау беруi ж„не олардың жұмыстарына бақылау жүргiзуi;
-сабақтың қорытындысыяғни оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерiн талдау; бiлiмдердi талдап қорыту; оқушылардың iс-әрекетiн бағалау және белгiлеп қою;
-оқу шеберханаларын жинастыру
Әрбiр сабақтың жалпы бiлiм беретiн және политехникалық мiндеттерiн жалпылай келе еңбекке баулу сабағының мiндеттерiн төмендегiдей жинақтап көрсетуге болады:
-техникалық объектiлердiң құрылысы жұмыс iстеу қағидасы және қолданылуы туралы мағлұмат беру;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ақатаев С. Күн мен көлеңке. Алматы, 1994ж.
2. Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері.Алматы. ТОО. Дайк-Пресс, 1996ж.
3. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.алматы,1993ж.
4. Қазбеков М. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы,1992
5. Қоңыратбай Тана. Халық педагогикасының идеяларын оқу-тәрбие ісіне ендіру жолдары. К.д. Алматы,1994ж.
6. Қоңыратбай Тана. Ұлттық сана бастауы қай тұста? Отбасы және балабақша.1998ж. №1-2
7. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар.Алматы,1985ж
8. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ.алматы.қазақстан, 1977ж.
9.Шашақова А. Халық тәлімі-тәрбие бастауы. Алматы: Рауан,1994ж.
10. Сейдімбек А. Күңгір-күңгір күмбездер. Алматы, 1981ж.
11. Сейдімбек А. Қазақ әлемі .Алматы, 1997ж.
12. Төленбаев С. Өмірбекова М. Қазақтың ою-өрнектері. Алматы. қазақстан.,1993ж.
13.Қалиев С., Оразбаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.-Алматы:1994
14. Ұлағат №3,2003.
15. Бастауыш мектеп. №2., 2002ж.
16. Қазақстан мектебі. №5., 2003ж.
17. Тәрбие құралы. № 6,7.2003ж
18. Ұлт тағылымы №4,2003ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р:

Кіріспе

1. Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі

2. Еңбекке баланы жасынан баулиық.

3.Шығармашылық еңбектің ұйымдастырудың жолдары

4. Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары

Қорытынды:

Кiрiспе
Қазiргi мектептерде( оқу шеберханаларында оқушыларды еңбекке бауылуды
ұйымдастырудағы негiзгi форма-сабақ( Сабақтың түрлерiне сәйкес құрылымдары
әр түрлi болады( Еңбекке баулу сабақтарының көбiне көбiне жалпы
құрылымдық элементтерi төмендегiдей болып келедi:
-ұйымдастыру бөлiмi (оқушылардың оқу шеберханаларына уақытымен келуi;
оқушылардың сабаққа қатысуын және сарамандық жұмыстарды орындауға қажеттi
арнайы киiмдерiнiң бар болуын тексеру(;
-сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
-оқушылар алда тұрған тапсырмаларды орындауы үшiн( мұғалiмнiң кiрiспе
нұсқауы( сарамандық iс-әрекетi дұрыс орындау тәсiлдерiн көрсетуi және iс-
әрекетi неге көрсету бойынша орындау керектiгi туралы қысқаша ғылыми
негiздеуi;
-қауыпсiз еңбек ету т„ртiбi бойынша нұсқау;
-оқушылардың жұмыс жасауы үшiн дайындамалар мен құрал-жабдықтарды
үлестiру;
-оқушылардың тапсырманы орындауы барысында мұғалiмнiң ағымдық нұсқау беруi
ж„не олардың жұмыстарына бақылау жүргiзуi;
-сабақтың қорытындысы(яғни оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы
қателерiн талдау; бiлiмдердi талдап қорыту; оқушылардың iс-әрекетiн бағалау
және белгiлеп қою;
-оқу шеберханаларын жинастыру(
Әрбiр сабақтың жалпы бiлiм беретiн және политехникалық мiндеттерiн
жалпылай келе( еңбекке баулу сабағының мiндеттерiн төмендегiдей жинақтап
көрсетуге болады:
-техникалық объектiлердiң құрылысы( жұмыс iстеу қағидасы және қолданылуы
туралы мағлұмат беру;
-техникалық объектiлермен жұмыс жасаудағы практикалық ептiлiктер мен
дағдыларды қалыптастыру( технологиялық операцияларды орындау( жұмыс орны
мен еңбектi ұйымдастыру( алда тұрған iс-әрекеттi жоспарлау және өзiндiк iс-
әрекетке бақылау жасауға үйрету;
-оқушыларды пайдалы өнiмдi еңбекке қатыстыру;
-оқушылардың еңбектен дайындық деңгейiн және сапасын тексеру мен бағалау(
Еңбекке баулу сабақтарында көрсетiлген мiндеттер( әрбiр сабақтың
немесе бiрнеше сабақтар барысында қарастырылуы мүмкiн( Осыған сәйкес бiз
еңбекке баулу сабағы мазмұнының төмендегiдей бөлiктерiн ұсынуды жөн көрдiк(
1(Сабақтың тақырыбы( 2(Сабақтың мақсаты( 3(Сабаққа керектi құрал
жабдықтар( 4(Сабақтағы көрнекiлiктер( 5(Сабақтың турi( 6(Тiрек ұғымдар(
7(Техника-технологиялық мағлұматтар(8(Политехникалық бағыты( 9(Халық
қолөнерiндегi ұқсастықтар( 10(Кәсiби бағдар( 11(Пәнаралық байланыс(
12(Пайдаланатын әдебиеттер(
Ғалым Т. Тәжібаевтің психология саласынан жазған ғылыми
еңбектері мен бағдары сан қырлы. Ғұламаның Жалпы психология
еңбегінде психология ғылымының теориялық негіздері баяндалып,
психологиялық ұстанымдары мен ғылыми тұжырымдары сол кездегі әлемдік
психология ғылымының даму деңгейімен үндеседі. Автор жеке адам, оның
іс әрекеттерінің түрлеріне, олардың өзіндік психологиялық астарларына
ғылыми түрде талдау жасайды.
Психолог ғалымының пікірінше, психикалық әрекеттердің дамуы
біріңғай үрдіс болғанмен, оның төменгі сатылар олардың пайда болуына
дайындық жасап отырады. Мәселен, балалардың жасын түрлі кезеңдерге
бөлуде олардың іс әрекеттердің түрлі сатылардан өтуімен
байланыстырады. Аталған кітаптың көптеген тауарларында мектеп жасына
дейігі балалардың психикалық дамуы мен ерекшеліктеріне тоқталады.
Соның бірі Бала психикасының дамуы тарауында бала өзінің айналасындағы
дүниемен ойын, оқу, еңбек арқылы байланысатындығын нақты мысалдармен,
тәжірибелермен тәптіштеп түсіндіреді.
Адам-қоғамның жемісі. Қоғам дамып, алға басып, еңбек үрдісі
күрделенген сайын адамның психикалық әрекеттерінің мазмұны да байи түседі.
Сөйтіп еңбек ету нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтеріледі деген
тұжырымға тоқтайды және адамның еңбек ету арқылы жоғары сатыға көтерілуі
үшін мынадай жағдайларды ескеруді ұсынады.
1.Адам қоғамсыз, еңбексіз күн көре алмайды.
2.Әр уақытта адамдармен қатынасып, бірлесіп еңбек ету керек.
3.Адам көңілдегідей әрекет етіп тіршілік жасауы үшін бостандық, еркіндік
қажет.
Біз ғалымның жасаған қорытындыларынан қазақ психологиялық тарихында
тұңғыш рет еркін еңбек идеясын ұсынғанын байқаймыз.
Еңбек әрекеті мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды және ол бала
психологиясының дамуы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуына түбірлі әсер
етеді. Балалардың еңбекке араласуын о басты ықпал ететін түрткілердің
түрін де ғалым атап көрсеткен. Алғашқысы балалардың үлкендер әрекетіне
қызығуымен, олардың үлкендерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты
пайда болады. Егер үлкенддер балалардың осы қызығуын қолдаса, онда балада
еңбекке деген ынта күшейеді. Психолог-ғалым бала өзінің істейтін жұмысынан
бір нәтиже шығарып, табысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл-күйі де, рухы
да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады.
Ол үшін оларға онша қиын жұмыс бермей, қолдарынан келетін тірлікті
тапсырған жөн деп, ескерткен. Т.Тәжібаевтің бұл көзқарасы ғалым
В.Г.Нечаевтің еңбек әрекетінің мазмұны баланың жас ерекшелігіне қарай,
қажеттілігіне сай және балаға күнделікті дене күші жағынан сәйкес келсе,
балаларға еңбек қызықты болады деген пікірмен үрдістердің түйсік,
қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял және психикалық қасиет ерік, қабілеттің
мектеп жасына дейінгі балалардағы даму ерекшеліктерін де ғылыми түрде
түсіндіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау үрдісі мен қабілеті
туралы айтқан ой-пікірлерін балаларды еңбекке баулу барысында жетекшілікке
алуға болады. Мәселен, қабілетті дамытудағы ең негізгі фактор-еңбек. Адам
неғұрлым еңбексүйгіштігімен ерекшеленіп, ойланған ісін ешбір ерінбей,
жалықпай орындайтын болса, оның қабілеті соғұрлым жақсы дамитын болады.
Профессор Т.Тәжібаевтің психологиялық ой-пікірлерінің жас ұрпақты
тәрбиелеу ісінде басшылыққа алатын тағылымды тұстары мол.

1.Баланы еңбекке баулудағы ата – ананың біліктілігі.

Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі
кезең болғандықтан, бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен
жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Мектеп
жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың міндеті – сәби шақтан
бастап еңбекке қажеттіліктің алғы шарттарын қалыптастыру.

Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау
алып, ондағы ата –аналардың педагогикалық білімдерінің заман талабына
сай жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата –аналардың еңбек
тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі
ұйытқы болатын балабақша. Қазіргі нарықтық қатынас тұсындағы
әлеуметтік жағдайдың төмендігі, психологиялық ахуалдың қолайсыздығы
ата –аналардың педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы
мүмкіндіктерінің төмендігі бала тәрбиесіне біршама қиындықтар
туғызуда.
Бұл тұста ата –аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт
беріп, ынтымақтастыққа әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне түсіп отыр.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі – отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ
–бала үшін өмір мектебі. Қазақстан Республикасы Ата заңының (-тарауы
Отбасы деп аталып, оның ((- бабында – Ата – аналардың және олардың
орнындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және
оқыту-деп нақты көрсетілген. Ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және
тәрбиешісі. Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен
еншісінің үлес салмағы ата – ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-
тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан әрбір ата – ана өзінің
баласын еңбекқор, елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті.
Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан басталып,
белгілі бағдарлама негізіне сүйене жүзеге асыра отырып, мектеп
жасына дейінгі балаларды оқыту – тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде
шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ата – ананың
педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында
өз балаларының тәлім – тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы көзқарасын және
педагогикалық білім деңгейлерін анықтау мақсатында № (((, (((
балабақшасы мектеп алды топ балаларының ата- аналарынан сауалнама
сұрақтарына жауап алдық. Жиналған мәліметтерден анықталғандай
отбасында балаларды еңбекке баулуға жете көңіл бөлінбейтіндігі және
олардың еңбектерін тәлім – тәрбие мақсатында пайдалана
алмайтындықтары белгілі болды .
Бала тәрбиесіне әсіресе жастар жағы тамағы тоқ, киімі бүтін болуы
деп түсінетіні байқалады . Күнделікті күйбең тірліктен, балаға
қарауға уақыттың жетпейтінін сылтау ететіндер де аз емес. Кейбір
ата – аналар жас, буыны қатқан жоқ, өскен соң өзі – ақ үйреніп
алады деген керенау ойларын да білдірді. Баланы еңбекке баулудағы
негізгі кемшіліктің туу тамырын, төркінін анықтау ата – аналарымен
үздіксіз педагогикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін туғызды. Осы
байқаған кемшіліктерден ата – аналарға баланы мектептегі еңбекке
даярлаудағы педагогикалық маңызын түсіндіру мақсатында А.К.
Меңжанованың Баланы көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке
және еңбекке тәрбиелеу атты еңбегін және Отбасы және балабақша,
Бастауыш мектеп, Дошкольное воспитание журналдарынан бірқатар
ғылыми мақалалар ұсынылды .
Зерттеуші ғалым Т. А. Маркованың Воспитание трудолюбия у
дошкольников деген еңбегіне балаларды еңбекке баулу тәжірибесіне
байланысты отбасы типтерін анықтау тұжырымын басшылыққа алып,
отбасын төрт типке бөлдік .
Бірінші типтегі отбасының еңбек тәрбиесіндегі тәжірибесін
насихаттауға болады, дегенмен, тәрбиешінің көмегі қажет.( (( отбасы(.
Екінші типтегі отбасы баланы еңбекке педагогикалық және
психологиялық жағынан даярлауы төмен. Ата – аналар білімді болса да
отбасында баланы еңбекке баулу көзқарасы екі түрлі .((отбасы(
Үшінші типтегі отбасында баланы еңбекке баулуда ата – анасының
екеуінің де көзқарасы төмен. Отбасында тұрақты еңбек дәстүрі жоқ.
Төртінші тип қолайсыз отбасы. Балаларын қорқыту, тыйым салу
әдістерін пайдаланып еңбекке үйретеді.((отбасы(.
Дегенмен, ата – аналардың балаларды еңбекке баулудағы
бенсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында педагогикалық
жағдайларды талдау, кеңес беру әдістері қолданылады.
Тәрбиешілері ата – аналарға ертеңгі және кешкі мезгілде сұрақ
қою, нұсқау беру арқылы өз балаларын еңбекке баулу туралы ақыл –
кеңес айтып, ойлануына мүмкіндік туғызады. Ата – аналардың ұсынысы
бойынша мектеп алды топта қол еңбегі үйірмесі аптасына екі рет
ұйымдастырып, ондағы бес – жеті жастағы балаларды тігіс тігуге
үйретудің күнтізбелік жоспары жасалып жүргізіледі. Балаларға тігуге
қажетті құралдармен (ине, жіп, оймақ, қайшы, мата( таныстырып, оларды
қарапайым тігістен бастап, өз қуыршақтарына көйлек тігу және
аналарының мейрамына сыйлық ретінде ине түйрейтін жастық тігіп
сыйлауға үйретті. Мұндай еңбек тәрбиесінің нәтижесі балалардың ата -
аналарын таң қалдырды, сөйтіп отбасында да баланың қолы жеткен
дағдысын одан әрі жалғастыруды қолдап отыру пайдалы болмақ.
Сайыс тақырыбы( Еңбек түбі – береке.
Сайыс мақсаты: Ата - аналардың баланы еңбекке баулудағы білімдерін
жетілдіріп, қызығушылығын арттыру, балалардың еңбекке деген ынта
– ықыласын дамыту.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн балалар, ата – аналар, ұстаздар!
Бүгін міне, Еңбек түбі – береке атты сайысты бастағалы отырмыз, -
деп сайыстың мақсатымен таныстырып, қазылар алқасына Г.Ахметова мен
С.Жиенбаеваны сайлады.
Жүргізуші:Сайыстың бірінші бөлімі бойынша әрбір бала өзін
көпшілікке жақыннан таныстырады.Қазылар алқасы балалардың сөйлеу
өнерін, тілінің үйірімділігіне, ойының ұшқырлығына мән беріп, епті
де еңбекқор баланы анықтау керек.
Ендігі кезек балаларға берілгенде:
1. Әрін Мағжан:
Шыққан тегім Орта жүз-найман елі
Мағжан Қуанышұлымын содан бері
Мекенім балабақша саясында,
Еңбекқор бала болып шығмын да.
2.Мәлік Назерке:
Кіші жүзден боламын,
12 атаға толмын,
Байбақтыдан Жауқашты
Мәлікқызы Назерке мен боламын.
Мен шебермін,шебермін.
Тігін тігу білемін
Түйме де қадап беремін.
3.Төленова Жансая:
Алты жаста сөйле тілім жаңылмай,
Аталарым әруағы қолдасын-ай.
Көпшілік сенім артып үмітпенен
Еңбексүйгіш Жансаяны бәйгеге қосып отыр.
4. Қасенова Гауһар:
Еңбекті мен сүйемін
6 жастамын биыл мен
Көпшілікке көрермен
Үлкен сәлем бермін.(Қазылар алқасы ұпайларын берді)
Сайыстың келесі кезеңінде ата-аналар балалардың отбасындағы
еңбектерін баяндай отырып, баланың шамасына, мүмкіндігіне және
жалықтырмайтын еңбек түрін беру керек деген пікірлері көңілге қонымдылығын
аңғартты. Кезек балалардың еңбек туралы мақал-мәтелдер жарысына ауысты. Ең
көп мақал-мәтел білетіндерп Мағжан мен Назерке жоғары бағаланды. Мағжанның
Салақ қыздың үйінен бір сабақ жіп табылмас, Ұшын түймегеннің үш шаншымы
бос кетер деген мәтелдердің тәрбиелік мәні қаншалықты әсерлі десеңізші!
Сайыстың келесі бөлімінде ата-аналарға педагогикалық жағдаяттарды
талдау ұсынылды. Мысалы ретінде бір педагогикалық жағдаятқа тоқталайық.
Анасы ұлынан еденде жатқан қағазды жинап алуын сұрады. Ол менің қағазым
емес,-деп баласы қағазды көтермеді. Мұндай жағдайда не істеу керек?
1) Өзім көтере саламын.
2) Қалай да балама жинатқызамын.
3) Кімнің тастаған қағазы екенін анықтап, соған жинатқызамын.
4) Өзіңіздің вариантыңыз (кітап оқып беремін, мысал айтамын)
Назерке мен Мағжанның анасы үшінші жауапты, Жансая мен Гауһардың анасы
екінші жауапты қалап дәлелдеді. Жүргізуші ата-аналар балаларымен бірге
еңбек тақырыбына байланысты ребустарды шешудің жолын түсіндірді. Ребус
шешілгенше қыздар би биледі. Қазылар алқасы жауабын тез табуға кеткен
уақытына қарай ұпайларын берді. Сайыстың соңғы бөлімінде балалар ата-
аналармен бірге отырып, еңбектің бір түрін бастауы керек. Күй әуенімен
орындалған еңбек нәтижелерінде:
1. Мағжан әкесімен бірге ағаштан орындық жасады.
2. Назерке анасымен шәркей тікті.
3. Жансая анасымен қуыршаққа көйлек тігіп, түйме қадады. Гауһар
анасымен тон асты салатын даярлады.
Сайытың соңында қазыларға сөз берілді. Ата –аналарға балаларының өз
қолдарымен тіккен ине қадайтын жастықтар сыйлыққа тартылды.
Сонымен, отбасы мен балабақша арасындағы байланысты тудырудың әдістемелік
жолдарын қарастыра келіп, мынадай тұжырым жасадық.
-еңбек тәрбиесінде жоғары сапаға жету үшін балабақшаның отбасымен
байланысын үнемі үйлестіріп отыру;
-ата-аналардың педагогикалық білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға
қолайлы жағдай тудыру;
-олардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білу, өз ойларын ортаға
салу, пікір алысу, тәжірибе алмасу дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың жыныстық, жас, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес еңбек
әрекетіне басшылық жасап отырудың тиімді әдістерін меңгеру.

2( Еңбекке баланы жасынан баулиық(
Оқушыларды еңбекке баулып( мамандыққа бағдарлау мәселесі қоғамдық
өндіріс пен техникалық прогрестің өскелең талаптарына сай болуға
тиіс(
Алайда республикамыздың көптеген селолық мектептерінде бұл
жұмыс тиісті деңгейде жолға қойылып отырған жоқ(
Ол мектептердің біразында балалардың жастайынан енбекке араласу
мүмкіндігін, еңбек құрал ( жабдықтарымен таныстығын, еңбек адамдарымен
қарым ( қатынасын оларды еңбекке тәрбиелеу және ауыл шаруашылығы
мамандығына бағдарлау үшін жеткілікті деп санайды. Мұның дұрыс
еместігін өмірдің өзі көрсетуде. Сонымен қатар ауылдық жерлердің
басшылары да мектеп оқушыларын ертең шаруашылықтарына қажет кадр
ретінде қарап, пәрменді көмек көрсете бермейді. Бұл іске ауылдық
жерлердегі көптеген мектептердің материалдық базалары нашарлығы,
мектеп шеберханалары мен еңбек сабақтарын жабдықтауға кемшіліктер
кедергілік жасауда. Соның салдарынан еңбек сабақтарының сапалық
деңгейі көбіне төмен. Оның үстіне балаларды жастайынан еңбекке
қатыстыру мен мектептегі еңбек сабақтарығана барлық оқыту тәрбиелеу
міндеттерін шеше алады деуге болмайды. Өйткені оқушылар мектептің
өзімен тұйықталған жағдайда қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы жайында
терең түсінік ала алмайды, әрі еңбек ұжымдары туралы түсініктері
үстірт күйінде қалады. Тұрғылықты жерлерінде еңбек коллективтерінің
табысына, жетістіктері мен кемшіліктеріне немкетті қарайды. Біздің
қоғамымыз мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігіне жоғары талап қойып
отырған қазіргі жағдайда, село жұртшылығы мен мектептің өзара
байланысын түбегейлі қайта құруға зәру екенін көрсетеді. Өйткені
жалпы тәрбие, соның ішінде еңбекке баулып, кәсіпке бағдарлау да
мектептің, жанұяның, жұртшылықтың бір ( бірімен ынтымақтаса жұмыс
істеп, оқушыларға бірдей талап қоя білуіне бйланысты.
Аға ұрпақтар дәстүрі жас жеткіншектерге олардың өнегелі
істермен, өзара қарым ( қатынасымен беріліп отырады. Сонда ғана
мектепте оқушылар ұжымның идеялық және рухани әсерін сезінеді.
Күнделікті ортадағы оңды жағдайлар оқушылардың халық байлығына,
табиғатқа иелік сезімінің арта түсуіне көмектеседі.
Қазіргі кезеңде ауылдағы әлеуметтік ортаның тәрбиелік мәнін артып,
оның әлеуметтік құрылымы өзгеріп, ауылдық интеллигенциялың қатары
өсе түсуде. Сонымен қатар ауылдық жерде әр адамның өмірі село
тұрғындарының көз алдында өтіп жатады. Сондықтан да қоғамдық пікір
мен халықтық дәстүрдің үлкенге де, кішіге де ықпалы күшті. Ондағы
қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде мектептің де оқушылардың семьядағы
жағдайын және олардың сабақтан тыс кездеріндегі тәртіптерін зерттеп,
қадағалауға мүмкіндіктері мол. Әрі ауылдық мектептердің тағы бір
ерекшелігі ( мектеп оқушыларының ата – аналары - сол мектепті
қамқорлыққа алып отырған еңбек ұжым мүшелері. Бұл мүмкіндіктерді
пайдалануда мектеп , жанұя және еңбек ұжысдары өкілдерінен құралған
мектеп басқару комиссиясы үлкен роль атқара алады. Біз әдетте жас
жеткіншектерді кәсіптік мамандыққа даярлаудың экономикалық
тиімділігіне барлық уақытта бірдей жете мән бермейміз. Оны мынадан
да көруге болады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, оқушылар
мамандықты дұрыс таңдамағандықтан, мемлекет қайта оқыту ісіне ((,(
миллиард теңге жұмсайды екен. Сондықтан кәсіптік бағдарлау ( немесе
(( кластың соңында емес, ( кластан бастап жоспарлы турде
жүргізіліп отырылуы тиіс.
Елімізде жүргізілген көп жылғы зерттеулерге қарағанда, балаға
оның икемі мен денсаулығына, қызығушылығына қарап кәсіптік бағдар
беретін ата - аналар өте сирек кездеседі .
Ал мамандық таңдауға қатысты анкетаға ата - аналардың қалай жауап
бергенін алып қарайық(
Сұрақ( - Балаңыздың кім болғанын қалар едіңіз (
Жауап( - Білмеймін, өскеннен кейін көрерміз, әйтеуір бізді тыңдаса
болды.
Сұрақ( - Сіздің балаңыз қалай оқиды (
Жауап( - Оны оқыту мұғалімнің ісі ғой, мен бәрібір оған ешбір
жәрдем бере алмаймын... Бұдан ата- аналардың, оқушылардың арасында
мамандық таңдауға немкетті қарайтындығы байқалады. Сондықтан кәсіптік
мамандыққа бағдарлау ісіне ата – аналар да араласуы тиіс.
Осы бағыттағы отбасы мен мектептің бір – біріне нақты көмегіне
тоқталайық.
Мұғалім ( - сыныптан ата – аналардың көмегімен картотека жасайды.
Оған сол кластағы оқушылар ата – аналарының кәсіптік мамандығы
туралы мәліметтер жинақталады
( Мектепте ата – аналардың кәсіптік мамандығы туралы картотекада
ешбір мәлімет жоқ (. Осы картотекада кәсіптік бағдар беруге жәрдем
ете алатын ата – аналар туралы да мәлімет көрсетіледі. Содан кейін
ата – аналардың алғашқы жиналысында оқушылардың кәсіптік бағдары
жөніндегі ата – аналар міндеті түсіндірілуі керек. Содан кейін
мамандықты таңдау жөнінен балаларымызға қалай көмектесеміз( Қандай
жәрдем бере аламыз( Сыныпта мамандыққа бағдарлауға байланысты не
істеуге болады( деген сұрақтар қойылған анкета ата – аналарға
таратылуы керек.
Алынған жауаптар мен кеңестердің негізінде ата – аналар комитеті
мен мұғалім бірлесе мамандыққа бағдарлау жоспарын жасайды. Ол –
мұғалімнің ( сынып жетекшісінің ( жалпы жұмыс жоспарының
бір саласы болып саналады. Балалардың жас ерекшеліктеріне
сай жасаған мұндай жоспар жүйелі жұмыс істеуге көп көмекші.
Бірінші сыныпта кәсіптік бағдар жұмысы баланың жеке
ерекшелігін, денсаулығын, мінезін, ұстамдылығын, темпераментін
зерттеуден, ата – аналарымен танысудан, олардан сұрақ – анкета алудан,
жоспар жасаудан басталуы керек. Мұғалімн оқу жылының ( жарты
жылдығында кәсіптік мамандық туралы әңгіме өткізеді, ата – аналарының
мамандықтары туралы, балаларға өскенде кім болғылары келетіндіктері
туралы сұрақтар қояды, олармен сол мазмұнда әңгімелеседі.

Екінші сыныпта балалар ата – аналарының көмегімен газет,
журналдардан олардың мамандықтары туралы суреттер, фотографиялар
іріктеп, ол суреттердің астына әке - шешелерінің мамандықтарының
атын жазады . Мұғалім (Сен кім болғың келеді(( деген сұрақ –
конкурсын өткізеді. Мынадай мазмұнда экскурсия өткізуге де болады ,
яғни балаларды өздері тұратын ауылдың орталығында паркте орнатылған
Құрмет тақтасымен таныстырып, халқымыздың еңбекті, еңбек адамдарын
қалай ардақтайтындығы туралы әңгіме өткізеді .
Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне экскурсияға
Барарда мұғалім онда жұмыс істейтін адамдарымен күні бұрын
сөйлесіп, балаларға өз мамандықтары туралы қысқа әңгімелеп беруді
сұрайды. Экскурсия қорытындысында балалар осы мамандықтарды бейнелеп,
суреттер салады. Бұған ата - аналар, сыныпты қамқорлыққа алған
жас өркендер көмектеседі. Соңынан бәрін қорытып, (Сен кім болғың
келеді(( деген тақырыпқа шығарма жаздыртуға болады . Бұл жұмыс жақсы
және алуан турлі мамандықтар көп деген тақырыпта жиын өткізу
мен қорытындыланады.
Үшінші сыныпта алғашқы ата - аналар жиналысынан кейін балалар
ата – аналарымен бірге отырып еңбек туралы мақал - мәтелдер,
жұмбақтар, тақпақтар айтады. Кейін сыныпты қамқорлыққа алған
өркендер, ата – аналар көмегімен осы тақырыпқа викторина
ұйымдастырады. Мысалы, қамқорлыққа алған өркендер әріптерді алфавит
тәртібімен көрсетіп ретімен айтады. Ал үшінші сынп оқушылары сол әріптен
басталатын мамандықты атайды да, сол мамандық туралы қысқаша баяндап
береді. Сондай-ақ сыныпқа белгілі мамандықты бейнелейтін түрлі-түсіт
суреттер ілінеді. Оқушылар осылардың әрқайсысына сәйкес мамандықты атайды
немесе оқушыларға белгілі кәсіпке тән бір құрал көрсетіліп оны мамандықта
қолданылатыны сұралады. Сонымен қатар әр түрлі мамандықтар туралы жұмбақтар
шешіледі, тақпақтар айтылып, диафильмдер көрсетіледі. Тәрбие сағаттарын,
кітапхана қызметкерлерінің мамндық туралы әңгімелеріне арнауға болады.
Төртінші сыныптан бастап жеке оқушылардың ерекшелігін байқау үшін
анкета жүргізіледі . Мұнда оқушының өз ортасына қарым – қатынасы ,
еңбекке және қоғамдық тапсырмаға қатысы тексеріледі. Сондықтан бұл
сыныптардан бастап анкета сұрақтары оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың еңбек тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Оқушыларды тәрбиелеу барысында еңбек дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
Отбасын негізгі тәрбие мектебі ретінде қарастыру
Ата - аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі
Пәндер