Авторлық құқық жайлы


Тақырып: « Авторлық құқықтарды халықаралық құқықтық қорғау »
МАЗМҰНЫ
Кіріспе. . 3
1. Авторлық құқықтың түсінігі 4
2. Авторлық құқықтың объектілері мен субъектілері11
3. Авторлық құқықтарды халықаралық құқықтық қорғау. . 17
Қортынды. 28
Пайдаланылған әдебиеттер. 29
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негізгі мәселе - ол авторлық құқықтарды халықаралық қорғаудың негіздері теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге, яғни, авторлық құқықтарды халықаралық қорғау жалпы авторлық құқыққа қарасты тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік денгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар еді. Авторлық құқықтарды халықаралық қорғаудың өзектілігін, сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XXІ ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстің өте қарқынды ілгерілеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектілері мен субъектілерін өмірге алып келуде, соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әліде өз шешімін таппаған қыруар мәселелердің барына көз жеткізу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.
Бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіріу қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.
Авторлық құқықтарды халықаралық қорғау жағдайын теориялық тұрғыдан талдау жасауға және авторлық құқықтың түсінігін, объектілері мен субъектілері қарастыра келіп авторлық құқықтарды халықаралық қорғау реттейтін халықаралық құжаттарға және сонымен бірге шетелдердегі авторлық құқықтарды қорғау мәселелеріне талдау жасап кеткі келеді.
1. Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық болып туындыға қатысты авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады1. Қазақстандық заңнамаға сәйкес авторлық құқықтар қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді. Әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты - туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т. б. туындайды.
Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автор - туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тұлға ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 4-бабы) .
Сөздіктерде "автор" түсінігінің талқылауына келесідей түсіндірмелер беріледі.
"Автор - тудырушы, құрастырушы, жазушы… Авторлық - жағдай, міндет немесе жазушының іс-әрекеті"2.
"Автор (латын тілінен - au (c) tor) - кез келген туындының, ғылыми зерттеудің, өнер табыстың және т. б. тудырушысы"3.
"Автор - туындыны тудырушы тұлға"4.
Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 9-бабы) .
Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамасы бар: "Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді"5.
Сонымен қатар, алғашқы субъект ретінде "автор - шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы" танылады6.
Мәні бойынша субъектілерді "алғашқы және туынды" деп бөлу дұрыс деп саналады. Заңда кездесетін "туынды шығармалар" терминінің бар болуына байланысты кейбір терминологиялық келіспеушіліктер болуы да мүмкін. ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 12-бабында) .
Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын тапқан. Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге С. А. Муромцевтің7, В. В. Спасовичтің8, И. Г. Табашниковтың9, К. П. Победоносцевтің10 және басқаларының еңбектері арналған.
И. Г. Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады.
Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып "одан мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп" табылады.
Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады.
К. П. Победоносцевтің "Азаматтық құқық курсында", "Құқық иеленуші" рубрикасында ("иеленуші" мағынада "осы құқыққа иеленуші" табылады) келесідей түсіндірме беріледі: "Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі, яғни сол тұлғамен байланысты: бұл туынды авторы, тудырушы. Бірақ кей кезде бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін, және осындай жағдайда тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін"11. Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз байланысқа бөлу қажет.
Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша "өндіруші - сабақтас құқықтардың ғана субъектісі". ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 38-бабы "Фонограмма жасаушының құқықтары") 12.
Г. Ф. Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің мәселелерін құқыққа сәйкес: әдеби туындыларға; мерзімді басылымдарға, көркем әдебиеттерге; музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады.
Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып "әдеби туындыны тудырған автор мен оның мұрагерлері, құқықмирасқорлары және өзінің құқығын басқаға берген тұлғалар да" табылады13.
Көркем туындыларға құқықтың субъектісі - "туынды өзінің бар болуына міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі, мүсіншісі, сәулетшісі немесе гравері". Біздің заң бұл жағдайда да заңды тұлғалар үшін көркемдік құқықтың субъектілері болып табылу мүмкіндігін таниды14.
Сонымен, музыкалық туындының субъектісі - "музыкалық ой мен оның сыртқы нысанын айқындаған сазгер"15. Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: бұл музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма? Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма, яғни импровизация туралы сөз болып отыр.
А. А. Пиленконың пікірінше, авторлық құқықтың субъектісі болып тек қана жеке тұлға табылады, ал заңды тұлғалардың авторлық құқығы, яғни әртүрлі қоғамдар шарт немесе қызметтік жағдай бойынша заңды тұлғаларға автордың құқықтары өтуіне негізделеді. Осындай тұжырымды мемлекеттік ұйымдарға қатысты айуға да болады. Олар қызметшілерге жалақы төлей отырып, олардың әртүрлі ережелер, жарғылар, нұсқаулықтар құрастыруы бойынша еңбектерімен өздерінің меншікке қатысты авторлық құқықтарын жоғалтпай-ақ пайдалануға құқылы16.
Г. Ф. Шершеневич пікірі бойынша, "авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады. Бұндай тұлға ретінде, тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады"17. Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы, Г. Ф. Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктерімен түсіндіріледі. Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды, яғни "шығармашылықтың рухани байланысымен құрастыруда тікелей әрекет етпейтін"18. Олар - тудырушы, продюсерлер, әдеби агенттер және т. б.
Сондай-ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады (авторлар) .
Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына, денсаулық жағдайына, мүліктік жағдайына, туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т. б. байланысты емес.
Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін, егер оның туындысы алғаш рет мемлекеттің аумағында жарыққа шығарылса немесе шығарылмаса, бірақ оның аумағында белгілі бір объективтік нысанда болып табылса. Шетел авторының туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса, онда ол ҚР-ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады.
Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің нәтижесінде пайда болады. Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп тану қабылданған19.
Авторлық құқық нақты сол алғашқы субъекті мүдделері жөнінде ерекше қорғалуды көздеп отыр, яғни туындыны жасаушының, автордың өзінің авторлық құқығы оның өмірінің барлық сәтіне дейін танылады. Мұрагер - мирасқорға қатысты заңмен көзделетін авторлық-құқықтық қорғау уақытына байланысты шектеулі сипатқа ие (автордың қайтыс болғанынан кейін 50 жыл) 20.
Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар (азаматтар мен ұйымдар) танылады. Оларды құқықмирасқорлар дейді. Құқықмирасқорларға автордың туындысын пайдалану бойынша авторлық құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді. Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер, мемлекет, автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды орнатқан ұйымдар (баспалар, театрлар және т. б. ) саналады.
Көрсетілген тұлғалардың құқықтарының шегі авторға қарағанда, сипаты бойынша туынды болып келеді, өйткені олар автордан өтеді.
Авторлық құқықтың субъектілері ретінде мұрагерлер заң күшіне немесе өсиеттік нұсқауларға сай құқықты иеленеді. Заң мен өсиет бойынша мұрагерге туындыны жариялау, қайта жаңғырту және тарату құқығы, сыйақы алу құқығы тиесілі. Мұрагер шығарылған туындыларды пайдалану жөнінде мәселені шешуге, сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған туындыларға да қатысты құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Мұрагер мен шын мәніндегі автордың құқықтарының айырмашылықтары олардың көлемінде ғана емес, сондай-ақ әрекет ету мерзімінде де айқындалады. Мұрагерлердің авторлық құқықтары автор қайтыс болғаннан кейін 25 жыл мерзім ішінде әрекет етеді.
ҚР АК-нің 497-бабына сай, туындыны шығару, көпшілік алдында орындау және өзге пайдалануға авторлық құқық мемлекетпен сатып алынуы мүмкін. Әр жағдайда туындының пайдалану тәртібі мен талаптарын анықтайтын Үкіметтің қаулысы қабылдануы тиіс. Мемлекет авторлық құқықтардың барлығын иеленуші болып табылмайды, ал тек қана жеке құқықтарға ие болады.
Авторлық құқықтың субъектісі ретінде мемлекетті танудың өзге негізі болып туындыны мемлекет игілігі ретінде жариялау табылады. Бұл жерде заң авторлық құқықтың мерзімі өтіп кеткен туындыларға қатысты келтіріп отыр. (АК-тің 496-бабы) . Бұл жағдайда да мемлекет игілігі деп танылған туындыларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын Үкімет қаулысы қабылданады.
Әрекет етуші заңнама авторлық құқықты заңды тұлғаларда арнайы бекітілген заңнама шегінде және жағдайында таниды.
Азаматтық Кодекс энциклопедия, газеттер, журналдар, ғылыми еңбектердің жинақтары мен өзге де мерзімді басылымдарды шығарушы баспалар үшін туындыны (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер) пайдалануға құқығын (479-бап) ; кино-телестудиялар үшін - тұтасымен фильмді пайдалану құқығын (480-бап) ; эфирлік хабар тарату ұйымдары үшін - олардың бағдарламаларын басқа ұйымдарға тарату, жазу және қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын, сондай-ақ телебағдарламаларды көпшілік алдында қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын (480-бап) танып отыр. Бірақ, бұл құқықтар заңмен авторлық деп аталмайды.
Осындай ұстаным заңда авторлық құқықтарды шығармашылық ұжымның мүшелеріне - сценарий авторын біріктіретін, сазгер, суретші, режиссер-қоюшы, оператор және өзге шығармашылық қызметкерлеріне бекітуге негіз бола алады. Өйткені, қатаң түрде алып қарайтын болсақ, кез келген жағдайда туынды нақты азаматтардың шығармашылық еңбегімен туындайды, ал заңды тұлғалар авторлар (тудырушылар) ретінде емес, олардың туындыларды пайдалану барысында тек авторлық құқықтық қатынастардың субъектілері ғана болуы мүмкін.
"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңы авторлық құқықтың субъектілерінің келесідей түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді:
- автор (4-бап) ;
- аудиовизуалдық туындылардың авторлары (13-бап) ;
- жұмысберуші (14-бап) ;
- мұрагерлер (29-бап) ;
- авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (43-бап) ;
- өзге тұлғалар.
Жекелеген авторлық құқықтардың субъектілері болып сабақтас құқықтардың субъектілері табылуы мүмкін - орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 36-бабының 1-бөлігі) .
Сонымен, авторлық құқық субъектісі пайда бола алмайтын фактілік құрамға үш элемент кіреді:
- туындыны тудыру барысындағы автордың шығармашылық еңбегі;
2) туындыны тудыратын нақты автордың немесе бірнеше тең авторлардың, немесе авторлық құқықта шартты түрде "заңды тұлға" түсінігіне біріктірілетін авторлардың тобының бар болуы;
3) бекітілген талаптарға жауап беретін субъектіде авторлық құқықтарды заңмен танудың бар болуы.
Осы үш жағдайлардың барлығының сәйкес келуі ғана авторлық құқықтың субъектісінің пайда болуына әкеліп соғады.
Авторлық заңнама мен азаматтық кодекстің ережелерінен шыға отырып, "авторлық құқықтың субъектісі" түсінігі "автор" түсінігінен кең екенін көруге болады. Өйткені, авторлық құқықтарды (туындыны пайдалану үшін айрықша құқықтар) автордан басқа өзге тұлғалар да иелене алады (мысалы, еңбек шарты бойынша автордың өз міндеттерін орындау тәртібінде туындыны тудыру жағдайында жұмысберуші нақты құқықтық қатынастарға байланысты қатысушысы болып табылатын автор) 21.
2. Авторлық құқықтың объектілері мен субъектілері
Кез-келген субъективті құқықтар сияқты авторлық құқықтың объектісі болып оның қатысушылырының құқықтары мен міндеттері неге байланысты пайда болып қайда бағытталса сол авторлық құқықтың объектіс болып табылады.
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері азаматгық құқықтар объектілерінің дербес түрі, мүліктің ерекше түрі болып табылады, ол объективті өмір сүретін болса да, заттардан өзгеше, материалдық емес, асқақ сипатта болады. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады (АК-ның 125-бабының 1-тармағы) .
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне, атап айтқанда, мыналар жатады: ғылым мен өнер шығармалары, дыбыс және бейне шығармалары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекция жетістіктері, интегралдық сызбалар топологиясы және шығармашылық интеллектуалдық қызметтің кейбір басқа нәтижелері жатады. Оларға ерекше құқық объектілері ретінде фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және т. б. теңестірілген.
Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің осынау объективтендірілген нәтижелерінің барлығын және оларға теңестірілген дараландыру құралдарын заң интеллектуалдық меншік ұғымына біріктіреді (125-бап) . Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншіктің) объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілері мен осы объектілердің материалдық иелерін айыра білу қажет. Интеллектуалдық меншік объектілері мен осы құқықтың материалдық иелеріне құқық дербес объектілер ретінде бір-біріне тәуелсіз өмір сүреді. Мысалы, кітаптың немесе музыкалық шығарма жазылған кассетаның меншік иесі болып саналатын адам кітапқа немесе кассетаға өз қалауынша билік ете алады - сатады, сыйға тартады және т. с. с. Алайда кітапта жарияланған әдеби шығармаға құқық шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижесі ретіңде немесе кассетаға жазылған музыкалық шығармаға құқық кітапқа немесе кассетаға емес, әдеби немесе музыкалық шығарманың меншік иесіне тиесілі болады. Сондықтан кітаптың немесе кассетаның меншік иесі әдеби немесе музыкалық шығарманың меншік иесінің келісімінсіз кітапта жарияланған немесе кассетаға жазылған шығармаларды көбейтуге және таратуға құқысыз болады22.
Сонымен, авторлық құқықтың объектісіне түсініктеме Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекісінің 971 бабында берілген, яғни осыға сәйкес Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралың Заңның 6-бабының 1 тармағына сәйкес, авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Осы жоғарыда аталған баптың 2 тармағында көрсетілген, авторлық құқық белгілі бір объективті түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқт) ;
2) ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және сол сияқты) ;
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттік, оптикалық және сол сияқты) ;
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркесурет, жоспар, сызба, кино, телебейне -немесе фотокадрлар және сол сияқты) ;
5) көлемді -кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат, және сол сияқты) түріндегі жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады.
Сонымен қатар, авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптерін, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды.
Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектіні меншіктену құқығымен байланысты емес. Материалдық объектіні меншіктену құқығының немесе материалдық объектінің иелену құқығының өзгеге берілуі, осы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралың Заңның 18-бабында көзделген реттерді қоспағанда, сол объектіде көрсетілген туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеп соға алмайды.
Сонымен қатар, авторлық құқық объектілері болып табылатын туындыларды, атап айтқан жөн.
Мыналар авторлық құқық объектілері болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореаграфия және пантомима туындылары;
5) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс -бейнежазу туындылары (кино-, теле - және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино - және телетуындылар) ;
7) мүсіндеме, кескіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау -саябақ өнері туындылары;
10) суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ -ге арналған бағдармалар;
13) өзге де туындылар.
ЭЕМ -ге арналған бағдармаларды қорғау ЭЕМ -ге арналған бағдармалардың (соның шінде операциялық жүйелердің) бастапқы мәтін мен объектілік кодты алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда жасалуы мүмкін барлық түріне қолданылады.
Сонымен, авторлық құқық объектілеріне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шағармаларын өңдеулер) :
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрамы туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерінің негіізгі алынған немесе өздеріне енген туындылардың авторлық құқық объектілері болу - болмауына, авторлық құқықпен қорғалады.
Осы орайда айта кету керек, дәл осындай анықтама бұрынғы ҚазКССР Азаматтық кодекісінің 471 бабында да дәл осы мазмұнда берілген болатын.
Авторлық құқықтың объектілері туралы заң әдебеттерінде әр түрлі ой пікірлер айтылып жүргені белгілі, мәселен В. И. Серебровскийдің пікірінше авторлық құқықтың объектіс болып туынды авторының творчествалық әрекеті нәтижесінде пайда болған және оны қандай да бір тәсілдер арқылы қабылдауға мүмкін нысандағы автордың идеялары, ойлары немесе бенелеуі табылады23.
Осы және өзгеде берілген анықтамаларда авторлық құқықтың объектісі болып табылатын игіліктердің яғни туындылардың материалдық емес сипатта екендігін мойындалады. Осыған сәйкес авторлық құқықтың объектісі болып табылатын игілікті екі құрамдас бөлікке жіктеп қарастыруға болады деп болжам айтуға негіз туындайды. Олар ең алдымен осы материалдық емес сипаттағы туынды, ал екіншіден туындыны заттық яғни материалдық сипатқа айналдыруға мүмкіндік беретін нысан деп қарастыруға болады. Мысалы, қолжазба, сурет, нота түріндегі жазба тағы сол сияқты. Бұл арада біздер авторлық құқықтың объектісі болып табылатын игіліктің материалдық және материалдық емес құрамдар мен тұтасып ажыратылмайтын сипатта болатындығын аңғаруымызға болады24.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz