Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . …. ………. . … . . . 3

I НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ . . . 5

  1. Ақшаның қоғамдық өндiрiсте ерекше тауар ретiнде пайда болуы 5
  2. Aқшаның қызметтері . . . 8

II АҚШАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАРЫ . . . ……. 12

2. 1 Ақшаның металдық теориясы. 13

2. 2 Ақшаның номиалистiк теориясы . . . 15

2. 3 Ақшаның сандық теориясы . . . 18

2. 4 Ақшаның монетаристік теориясы. . 20

2. 5 Кейнстік теория . . . 23

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚША ЖҮЙЕСI25

3. 1 Қазақстан Республикасы ақша жүйесінің қалыптасуы мен дамуы … . . . …. . 25

3. 2 Қазақстан Республикасы ақша жүйесін реттеудегі монетарлық саясат және оның бүгінгі таңдағы іске асу барысы . . . 30

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …… . . . 38

Кіріспе

Нарықтық экономикада ақша және ақша қатынастары маңызды элемент болып табылады. Себебі, ақша арқылы нарықта тауарлардың бағалары белгіленеді және осы бағаның төңірегінде нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, бәсекелік орта қалыптасады. Осыған байланысты нарықтық экономикада ақша экономиканы ынталандырушы, барлық экономикалық қатынастар мен қызметтердің бастапқы әрі соңғы нәтижесі болып табылады. Ақшаның экономикадағы мәнін оның атқаратын негізгі қызметтерінен де көруге болады.

“Ақша” - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”

Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ақша теориясының дамуы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ақша экономикада ең маңызды категорияның бiрi және экономиканың әр кезенiнде ақшаны реформалап отырудың қажеттiлiгiнiң маңызы ерекше. Оны мына теңдестiрулерден көруге болады: “ Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент ”, “ Ақша - ерекше тауар ”, “ Ақша зат емес, ол қоғамдық қатынас ”, “ Ақша - еңбек өлшемi ”, “ Ақша бастапқы капитал ” деп аталуы тегiннен - тегiн болмаса керек. Тақырыптың өзектілігі сондай-ақ ақшаның экономикадағы маңыздылығын, оның бүкіл шаруашылықты ынталандыру қасиетін, өзіндік ерекшеліктерін және басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.

Ақша - қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.

Осылайша менiң осы курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:

  • Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
  • Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау;
  • Ақша айналысының iске асу механизмiн және оны реттеу шараларын қаарстыру;
  • Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi болып табылатын ақша базасы және ақша агрегаттарын қарастыру және олардың елiмiздегi дамуын және оларды реттеудiң маңыздылығын атап өту;
  • Бүгінгі еліміздегі ақша масасы мен қолма-қол ақшалардың арасалмағы туралы талдау жасау;
  • Ұлттық банктің жүргізіп отырған жаңадан бағыт алған ақша-несие саясатының ақша айналысын реттеудегі мәні атап өту болып табылады.

Осыған байланысты, ақшаның нарықтық экономикадағы орны мен рөлін, ақша қызметтерін талдауды курстық жұмысымның тақырыбы ретінде ала отырып жұмыс барысында келесі міндеттерімді орындамақшымын: ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау; ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау және ақшаның нарықтық экономикадағы негізгі қызметтерін талдай отыра, олардың маңыздылығын ашу болып табылады.

Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

Курстық жұмысымды орындау барысында келесі авторлардың ғылыми еңбектерін қолдандым: О. И Лаврушина, С. Б. Мақыш, Баян Көшенова, Ғ. С. Сейiтқасымов және т. б. авторлар еңбектері. Сондай-ақ еліміздің соңғы жылдардағы экономикалық журналдары: «Банки Казахстана» мен «РЦБК» журналдарын пайдаландым.

I НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ .

1. 1 Ақшаның қоғамдық өндiрiсте ерекше тауар ретiнде пайда болуы

Қоғамдық өндiрiс дамыған сайын, айырбас операциялардың жүргiзуге көмектесетiн жалғыз тауардың бөлiнiп щығуының қажеттiгi пайда болды. Ақшаның қарапайым, тұңғыш формалары осылайша дүниеге келдi. Әр халықта, әр географиялық аймақта ақшаның шығу тарихы, олырдың түрлерi және құндары әр түрлi болды. Алайда осындай әр түрлi көптеген заттардың айырбаста жүруi олар барша территорияларда қызмет ете алмады. Ақыры тауар қатынастарының дамуы ақшаның ролiн асыл металдарға: ақшаға және күмiске бекiттi. Бiрте-бiрте осы ақшаларға таңба басылып олар монеталарға айналды. Яғни, ақшаның бүгiнгi таңдағыдай көп түрлi, әр түрлi формада және күрделi сипат алғанға дейiнгi кезеңде ақша теориялары ылғи да даму үстiнде болды. Оны келесi ақшаның пайда болу ерекшелiктерiнен де көре аламыз.

Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр - бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ бұл тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Жалпыға бiрдей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа тауарлардың құндылығын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берiлгген”.

Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. “Тауар” - бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi, оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. “Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын, әр түрлi тауарлар қабылдады. Әрбiр тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалнтiн алға тартады. Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе, ал тундрада - бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай) .

Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты кездейсоқ айырбас жиiленедi. Жалпы тауар массасының iшiнен барынша жиi айырбасталатын тауардың бөлiнiп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бiрақ оның ролi бiр тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiр тауарлар көптен атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.

Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды. Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ “кари” көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейiн өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ.

Әлемде әр түрлi “экзотикалық” ақшалар болған. Королин аралдары тобына кiретiн ява аралдарында осы күнге дейiн “феи” акша айналысыда қызмет етедi. Олардың формасы дөңгелекше тас түрiнде келе отырып диiрменнiң тасын еске түсiредi. Мұндай монеталардың диаметiрi бiрнеше метрге жетедi. Сауда мәмiлесi орындалғаннан кейiн сатушыға феяға бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп, өзiнiң белгiсiн соғады.

Өнер мен жер игертушiлердiң бөлiнуiмен эквиваленттiң жетiлуi жалғасты. Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi - зәйтүн майы, күрiш, кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т. б.

Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады. Ежелгi Спартта, Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын, мыс, күмiс алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды. Рим императоры Диониссий сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын карольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгi Римде мыс ақша ретiнде пайдаланылды. XYII ғасырда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн қолданылады .

Металл ақшаларының артықшылығы олар - бiркелкi, төзiмдi, ұсақталынады. Металл ақшалардың кен таралуымен ақша есебiнiң салмақтық жүйесi нақтылана түстi. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте басталды, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие . Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi .

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:

Биметализм - жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.

Монометализм - жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т. б. ) қолданылатын ақша жүйесi. /3/

Осылай, б. э. дейiн III - II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж. ж. аралығында - күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.

Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.

Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:

  1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
  2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
  3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы;
  4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.

1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның сандық теориясы өзiнiң күшiн жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.

“Монета” сөзiнiң шығуын римдiктердiң жүрегi саналатын шiркеу құдайы Юнона-Монета есiмiмен байланыстырады, яғни сол шiркеуден берiлген ақшалай қаражаттардың көмегiмен Римнiң эпир ханы пиррмен соғыста жеңiске жеткендiгi туралы аңыз бар.

Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б Ертедегi Қытайда және ертедегi Лидия мемлекетiнде пайда болды. Бастапқы кезде айналысты алтын монеталармен қатар күмiс монеталар да қоса жүрдi. Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.

Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте - бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.

Монета - ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi. Монета бет жағы - аверс, келесi жағы - реверс, кесiндiсi - гурт болып ажыратылады. Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң пайда болуының мынадай объективтi қажеттiлiктерi болған:

  • алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады;
  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын ынталандырмады.

1. 2 Aқшаның қызметтері

Ақша экономикадағы мәнiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi экономикада атқаратын бес түрлi қызметi бар:

  1. Құн өлшемi және баға масштабы;
  2. Айналыс (айырбас) құралы;
  3. Төлем құралы;
  4. Қорлану және қор жинау құралы;
  5. Дүниежүзiлiк ақша.

1) Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.

Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.

Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға құл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады.

Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.

Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келдi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.

Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi - мемлкетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.

Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол кез келген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі.

2) Ақшаның айналыс құралы қызметі . Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады. Ақшаның айналыс құралын негiзiнен әйгiлi экономис А. Смит құптаған болатын.

Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз айналыста болады.

Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.

Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.

Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:

  • Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
  • Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • Ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгiлерi орындайды.

Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.

Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.

3) Ақша төлем құралы қызметі . Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.

Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы - несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем құралы
Акшаның дамуы және нарықтағы маңыздылығы
«Қоғамдық ұдайы өндірістегі ақшаның мәні, функциялары және рөлі»
Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның пайда болуы
Қаржы және инфляция туралы
Ақшаның айналысының заңы ақша массасы
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері жайлы
Ақша реформасын жүргізу қажеттілігі мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz