Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы


ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы

Орындаған:

Ғылыми жетекші: АЗА қылмыстық іс

жүргізу және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

Мухамадиева Г. Н.

Алматы, 2008ж

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар . . .

Кіріспе . . .

1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы . . .

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі, мәні және маңызы . . .

2. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы . . .

2. 1 Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде . . .

2. 2 Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде . . .

2. 3Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау . . .

2. 4 Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау . . .

3. Анықтау мен алдын ала тергеудің айырмашылықтары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . .

3

4

15

15

26

45

ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР
-
Қазақстан Республикасы
ҚР: РФ
-: -
Қазақстан Республикасы: Ресей Федерациясы
ҚР: К
-: -
Қазақстан Республикасы: Конституция
ҚР: ҚІЖК
-: -
Қазақстан Республикасы: Қылмыстық істер жүргізу кодексі
ҚР: ҚК
-: -
Қазақстан Республикасы: Қылмыстық кодекс
ҚР: АК
-: -
Қазақстан Республикасы: Азаматтық кодекс
ҚР: ІІО
-: -
Қазақстан Республикасы: Ішкі істер органдары
ҚР: ІІМ
-: -
Қазақстан Республикасы: Ішкі істер министрлігі
ҚР: БҰҰ
-: -
Қазақстан Республикасы: Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҚР: ТМД
-: -
Қазақстан Республикасы: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҚР: ҰҚК
-: -
Қазақстан Республикасы: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР: ЖІШ
-: -
Қазақстан Республикасы: жедел іздестіру шаралары
ҚР: ЖІҚ
-: -
Қазақстан Республикасы: жедел іздестіру қызметі
ҚР: УҰИ
-: -
Қазақстан Республикасы: уақытша ұстау изоляторы
ҚР: Т. б.
-: -
Қазақстан Республикасы: тағы басқа
ҚР: Т. с. с.
-: -
Қазақстан Республикасы: тағы сол сияқты

К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Заң шығарушы қоғамдық қатынастарды реттейтін жүріс-тұрыс ережесін бекітуде ең алдымен жоғарыда аталған қағиданы еске алуы қажет. Аталған Конституциялық қағиданың қылмыстық іс жүргізу барысында және қылмыстық процесс міндеттемелерін жүзеге асыруға орай ережелерді бекітуде аса қажеттілікті талап етеді. Сонымен қатар, заң актілерінде Конституцияға сәйкес ережелерді бекітумен қатар, оларды іс жүзінде қолданатын қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі міндеттерін тиімді орындау және оның ішінде қылмыстық процестің барысына қатысушы мүдделі тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап етіледі. Бұл іс жүзінде орын алуы үшін, қоғамға жат құбылыс - қылмысқа, оны тергеуге және алдын алуға қатысты барлық мәселелер кешенді түрде ғылыми зерттелуі қажет.

Қазіргі таңда баршамыз өмір сүріп отырған қоғамымызда құқықтық мемлекет құрылды. Құқықтық мемлекетте заңның үстем болатындығы барлығымызға белгілі. Яғни, Ата заңымызда көрсетілген әрбір адам және азаматтың, құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, өмірлері мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде заңның үстемдігінің қосар үлесі шексіз.

Қоғамда мемлекет, қоғам, құқық, адамның жеке басы туралы түсініктер жөнінде пікірлер өзгеріп жатқанда, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыспен күресу рөлі күшейе түспек. Сондықтан алға негізгі мақсат қойылған, яғни құқықтық мемлекет құрып, осы мемлекетте қылмысты болдырмау, алдын алу, ізін кесу жолдарын қарастыру болып табылады. Осылайша қылмыспен күресу бүкіл қоғамымыздың ең басқа өзекті мәселелерінің бірі болып қалмақ.

Жалпы, қылмыстық іс қозғау - процестегі күрделі қызметтердің бірі. Бұлай дейтініміз оның құрамына қылмыстық факт туралы арызды қабылдау, оны тексеру, ол бойынша процессуалдық шешім қабылдау, сонымен бірге қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексерудегі әрекеттер мен қатынастар жатады. Дегенмен оның күрделі екендігіне қарамастан, заң әдебиеттерінде ол қызметті қылмыстық процестің жеке дара, бөлек сатысы деп санауға болмайды деген пікірлер де айтылды. Бірақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сай қылмыстық іс қозғауға қатысты жеке тарау мен арнайы баптар көзделген. Сондықтан да қазіргі таңда қылмыстық іс қозғау процестің дербес сатысы болатындығына күмән жоқ.

Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы, тергеуші, прокуратура, сот және анықтау органдарының қызметтері жариялы құқықтық сипатта болады. Қылмыс - құқық бұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі. Сондай-ақ, ол жеке тұлғаға, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, мемлекетке күрделі зиян келтіреді. Ол мемлекеттің өкілетті органдарына қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген шараларды қолдануын міндеттейді.

1995 жылдың 30 тамызында өзіне қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын ала тергеу жүргізетін арнайы органдар туралы бап енгізген Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы [1], 1995 жылдың 6 қазанында "Қазақстан Республикасында анықтау мен алдын ала тергеуді жүргізетін органдар туралы", 1997 жылдың 23 желтоқсанында "Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің" [2] қабылдануы құқықтық мемлекет құруға өз үлестерін қосты.

Өз кезегінде өмір сүріп, қылмыспен күресудің белгілі бір этапын өткізген мемлекеттік тергеу комитеті туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев:

- «Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуы қылмысқа қарсы тұратын жаңа жүйенің қалыптасуының бастамасы» [3, 1], - деген.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік тергеу комитетінің таратылуы және жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес енді алдын ала тергеу мен анықтауды ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары және қаржы полиция органдары жүргізуі алдын ала тергеу мен анықтау арасындағы елеулі сұрақтарға қайта айналып соғуға негіз береді. 1997 жылға дейін қоғамда қылмыстық іс жүргізу аясында билік жүргізіп келген 1959 жылғы ҚазКСР-інің қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің қабылдануы негізінде күшін жойып енді алдын ала тергеу мен анықтау жүргізудің тәртібі, жүргізетін органдар шеңбері кеңейіп құқықтық реформалаудың жаңа бір кезеңі басталды.

ҚР ҚІЖК-і қабылданғалы бері оған 8-заңмен өзгертулер енгізілгенмен қоғамның күннен күнге жаңаруына байланысты онда қаралатын мәселелер баршылық.

70 жыл бойы тоталитарлық жүйеде жұмыс істеп келген қылмыстық іс жүргізу 1997 жылы жаңа ҚІЖК-інің қабылдануымен жаңа бір серпіліс пен дамудың кезеңіне деп келді. Сондай-ақ өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғанына 15 жылдан асқан біздің еліміздің процессуалдық заңдылығы үлкен жетістіктерге жетуде. Бірақ қоғамның қайта жаңару мен даму кезеңінде қылмыстық іс бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің де жаңа көріністерден көрінуі заңдылық және керек дүние. Осыған байланысты бұл стадияда негзгі процессуалдық функциялардан басқа (қылмыстарды ашу, қылмысты жасаған адамды әшкерелеу және т. б. ), айыпталушыны тергеуден және соттан жалтармауын, қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру, мүліктің тәркілену мүмкіндігін ішінара қамтамасыз етуші функциялар да атқарылады. Бұдан біз аталған стадияның қылмыстық іс жүргізудің өзге стадияларының ішіндегі негізгісі, маңыздысы және аса өзектісі деп көрсете аламыз. Бүгінгі таңда бұл стадияны реттеуші нормалар да көптеген өзгертулер мен толықтыруларды күтуде. Атап айтсақ, жоғарыда айтылған айыпталушының тергеуден және соттан жалтармауы осы стадияда оған қатысты қылмыстық қудалауды жүргізуші органмен белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мәжбүрлеу шараларының бір түрі бұлтартпау шаралары, соның ішінде қамауға алудың санкциялануына қатысты Қазақстан республикасының Конституциясының 16-бабының 2-бөлігіне өткен жылы санкция тек сотпен беріледі деп өзгерту енгізілген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының ҚІЖК өзгертулер мен толықтыруларды болжайды.

Сол себепті мен осы бітіру жұмысының тақырыбы ретінде «Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы» мәселесін алдым. Бұл бітіру жұмысында мен алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасына тоқталып, олардың негізгі ұқсастығы, айырмашылығы мен қарама қайшылықтарын қарастырамын. Бұл еңбекті жазуда мен негізінен Қазақстан мен алыс-жақын шетел заңгерлерінің, профессорлардың, заң ғылымы доктарларының және заң ғылымы кандидаттарының ғылыми еңбектері мен диссертациялары пайдаландым.

Дипломдық жұмыстың алдын ала тергеу қылмыстық процестің дербес сатысы екендігін, ондағы қолданылатын дәлелдемелердің түрлері мен жүзеге асырылатын дәлелдеу қызметінің маңызы, мазмұны мен ерекшелігінің түсініктері мен негіздерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеудегі үлесі өте зор болып табылады. Сонымен бірге бұл жұмыс мемлекетіміздің осы тұрғыдағы проблемаларды шешуге қосылған үлкен үлесі болып табылады.

Зерттеу барысында мынандай ғылыми нәтижелер алынды:

Алдын ала тергеу сатысының алдағы уақытта процестің дербес сатысы ретінде қалуы және оның болашақта жойылып кетпеуіне байланысты іс шаралар айқындалған.

ҚІЖК-де көрсетілген анықтау органының алдын ала тергеу жүргізу құқығы алынып тасталуы керек. Бұл алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті тұлға тергеушінің мәртебесіне кедергі келтіреді және тергеудегі тек тергеуші жүргізу керек қағидасына қайшы.

Егер анықтау органында алдын ала тергеу жүргізу құқығы қалдырылған жағдайда, анықтау органымен алдын ала тергеу жүргізу туралы шешімді тергеушімен не прокурормен анықтау органы ұсынған материалдар негізінде қабылдануы керек. Ал шешім материал келіп түскен кезден бастап 24 сағат ішінде қабылдануы керек.

Анықтау органы мен алдын ала тергеу жүргізу қалдырылған жағдайда оның негіздері заңда жеке-жеке нақтылап көрсетілуі тиіс. Бұл дегеніміз анықтау органы бастығы мен анықтаушының өз өкілеттігін асыра пайдалануының алдын алады.

Бітіру жұмысы мына жоспарда жазылған:

Кіріспе.

1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы.

1. 1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы түсінігі, мәні мен маңызы;

2. Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы сипаттамасы.

2. 1. Тергеу алдын ала тергеудің негізгі түрі ретінде;

2. 2. Анықтау алдын ала тергеудің ерекше түрі ретінде;

2. 3. Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау;

2. 4. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау;

3. Анықтау мен алдын ала тергеу айырмашылықтары.

Қорытынды.

Еліміздің Конституциясы құқықтық мемлекет құрып, қоғамдағы қылмыспен күресудің рөлі мен орнын айқындап береді.

Қазір біздің мемлекетіміз алға қарай дамып келеді, яғни заман, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан қылмыстық әрекеттермен байланыстыруға болады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы үздіксіз алға ілгерлеуде. Оған енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізуде.

Қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, әсіресе, кейінгі жылдары дамып келе жатқан демократиялық құрылым, қылмыстық ізге түсу органдарының рөлін бұрынғыдан да күшейтіп, оның құқығын көтере түсуде. Осы айтылған мәселелер, тақырыптың өзектілігін, құндылығын көрсетеді.

Алынған зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық іс жүргізу кодексіне, жедел-іздестіру қызметі туралы, ұлттық қауіпсіздік органдары туралы, ішкі істер органдары туралы және басқа да заңдарға, ғылыми еңбектерге, іс тәжірибелік деректерге негізделген. Нақты тақырып бойынша М. С. Строгович, Н. В. Жогин, Ф. Н. Фаткуллин, Е. Е. Ерешев, М. Ч. Қоғамов, В. Чистяков, Т. Е. Сарсембаев, О. Л. Васильев және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, сыни тұрғыда баға берілген.

Әрбір ғылыми нәтижеге негіздеме ретінде ізденуші белгілі заңгер ғалымдардың ой-тұжырымдарын, нормативтік құжаттарды негізге алып, кейбір ғалымдардың көзқарасына талдау жасап, қолданыстағы заң нормаларына терең ғылыми талдау нәтижесінде жаңа ғылыми ұсыныстарға қол жеткізген.

1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу стадиясының жалпы сипаттамасы.

1. 1. Қылмыстық іс жүргізудегі алдын ала тергеу жүргізу стадиясының жалпы түсінігі, мәні және маңызы.

ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 16-тармағына сәйкес «алдын ала тергеу» («алдын ала іздестіру») - бұл уәкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

ҚР ҚІЖК-і 7-бабының 15-тармағына сәйкес «анықтау» - бұл анықтау органдарының осы кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайдының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

Қылмыстық іс жүргізу барысы бірнеше, әрқайсысының жеке маңызы бар кезеңдерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процестің стадиялары деп аталады.

Стадиялардың әрқайсысы мынадай белгілермен сипатталады:

  1. Әр стадия іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде қылмыстық істер жүргізу кодексінде арнайы белгіленген;
  2. Әр стадияның жеке маңызы және өзіне тән міндеттері бар;
  3. Әр стадияның мәнін құрайтын іс-әрекеттер заңмен реттелген және бұл іс-әрекеттердің субъектлері көрсетілген;
  4. Әр стадия - оның нәтижесін қорытындылайтын процессуалдық шешім қабылдаумен аяқталады.

Қылмыстық процестің стадияларына мыналар жатады:

  1. қылмыстық істі қозғау; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5) апелляциялық тәртіппен істерді қарау (апелляциялық өндіріс) ; 6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі (қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу) сотқа дейінгі стадиялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу стадиялары деп қаралады.

Аталған іс жүргізудің кезеңдері қылмыстық процестің негізгі стадиялары болып табылады (бұлардан басқа ерекше стадиялар да бар, олар жөнінде кейінірек айтылады) . Бірақ, әр қылмыстық істің негізгі алты стадиядан бірдей өтуі міндетті емес. Мәселен, қылмыстық іс қозғалған жағдайдың өзінде, одан кейін алдын ала тергеу жүргізудің барысында бұл іс заңды түрде қысқартылуы мүмкін. Олай болса, мұндай жеке жағдайда, қылмыстық іс жүргізу сотқа дейінгі стдадиялардан өтіп аяқталады. Немесе, қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарып, ал бұл үкімге апелляциялық шағым берілмеген өндіріс қажет болмайды.

Кез келген қылмыстық істі сот отырысында талқылап және сол іс бойынша шешім шығару үшін, алдын-ала заңмен көрсетілген тәртіппен және жолмен дәлелдемелерді жинап, қылмыс істеген адамның ізіне түсіп, оны айыпкер ретінде жауапқа тартып, оның тергеу мен соттан қашып кетпеуіне жағдай жасау керек. Өйткені осы алдын ала жасалған әрекет негізінде сот талқылауы орынды және оның шешімі заңды әрі негізді болмақ.

Жоғарыда көрсетілген екі стадияның алғашқысы сотқа дейінгі іс жүргізу істі сот отырысында талқылап, мәні бойынша шешім шығару үшін алдын-ала заңмен көрсетілген тәртіппен жүргізілетін тергеу әрекетінің негізін құрайды. Бұлай дейтін себебіміз осы стадияда алдын-ала тергеу әрекеттерінің барлық процессуалдық міндеттері орындалады.

Ал енді осы Алдын-ала тергеудің анықтамасына тоқталайық. Отандық немесе ресейлік авторлар өз еңбектерінде алдын-ала тергеуге әр түрлі түсініктеме береді. Т. Е. Сарсенбаев, А. Л. Хан сотқа дейінгі іс жүргізу бұл Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалды заңдылығына сәйкес қылмыстық іс қозғау стадиясынан кейінгі, сотта істі қараудың алдындағы қылмыстық процестің стадиясы деп атаса [4, 25], Р. Х. Якупов алдын ала тергеу дегеніміз негізсіз айып тағудан арашалау және кінәсізді ақтап шығуға, қылмыспен бұзылған азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қылмысты ашу мен қылмыскерді ұстау және жауапқа тартуға бағытталған тергеушінің процессуалды заңдармен реттелетін мемлекеттік қызметі деп түсінік береді [5, 226] . Алдын ала тергеу дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты прокурордың қадағалауы жүйесінде жүзеге асырылатын тергеуші мен анықтама органының қызметі [6, 26] .

Профессор Е. Е. Ерешевтің пікірінше қылмыстарды тергеу - әр қылмысты тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында жүргізілетін тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізудің екі нысаны бар: 1) анықтау, 2) алдын ала тергеу. Заңға сәйкес, қылмыстардың басым көпшілігігінде және ауыр түрлері бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі. Сондықтан алдын ала тергеу - қылмыстық істерді тергеудің негізгі нысаны ретінде қаралады. Заңда көрсетілген ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар бойынша анықтау жүргізу қолданылады. Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер және Қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізетін органдар: ішкі істер органдары, қаржы полициясы органдары, әділет органдары, шекара бөлімдерінің командирлері және т. б. Бұл органдар әрқайсысы өз мекемесінің қызмет саласына сәйкес қылмыстар бойынша анықтау жүргізеді. Осы мемлекеттік органдардың анықтау қызметінің атқаратын лауазымды адамы анықтаушы деп аталады.

Алдын ала тергеу жүргізудің нәтижесінде қылмыс жасаған адам анықталып, ол әшкереленген болса, онда тергеуші айыптау қорытындысын жазып (анықтау жүргізілген жағдайда анықтаушы айыптау хаттамасын жазады), онымен бірге қылмыстық істің барлық материалдары тиісті прокурорға беріледі. Прокурор істің материалдарын жан-жақты тексеру арқылы айыпталушы сотқа беруге жатады деп тапса, ол бұл жөнінде қаулы шығарып, істі негізінен шешу үшін тиісті бірінші сатының сотына жібереді [7, 10] .

Алдын ала тергеу дегеніміз алдын ала тергеу органдары мен анықтау органдарының қылмысты тез және толық ашу дәлелдемелерді табу, жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану, қылмыстық істі жан-жақты толық объективті түрде зерттеу, қылмыс жасаған адамдарды табу, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайды анықтау, қылмыспен келген материалдық зардапты толықтыруды қамтамасыз етуге бағытталған ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетін қызметі.

Сондай-ақ ҚР ҚІЖК сотқа дейінгі іс жүргізуге былай деп анықтама береді: қылмыстық іс қозғаннан бастап оны мәні бойынша іс жүргізу, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдарын дайындау [8, 81] .

Алдын ала тергеу қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу, оларды айыпталушы ретінде тану, қылмыстардың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау, оның жасалуына әсер еткен себептер мен жағдайларды табу мен жою, сондай-ақ қылмыспен келтірілген зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау мақсатында, солардың негізінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталатын дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша прокурордың қадағалауымен жүзеге асырылатын анықтау органдарының және тергеушінің қызметін білдіреді [9, 281] .

А. И. Трусов, Н. Ф. Гуценко осы әрекеттердің жүзеге асырылуы барысында шешілетін мәселелерге байланысты, әдетте олар екі жеке топты құрады деп көрсеткен. Олар:

1. Зерттеу сипатындағы тергеу әрекеттері, солар арқылы анықтау органдары, тергеуші немесе прокурор алдын ала тәртіпте (сотқа дейін) дәлелдемелерді табумен, бекітумен және зерттеумен байланысты мәселелерді шешеді (жауап алу, беттестіру, тану үшін көрсету, тінту, алу, тексеру, куәландыру, сараптама тағайындау) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдары
Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Алдын ала тергеу мен анықтаудың арақатынасы
Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Тергеу жұмысының психологиялық ерекшеліктері
Қылмыстық құқық институтындағы себепті байланыстың ерекшелігі
Қылмыстық іс жүргізу жүйесіндегі сот тергеуі
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz