Ислам діні мен мәдениеті



1. Кіріспе
Ислам діні дегеніміз не?
2. Негізгі бөлім
a) Ислам қоғам өмірінде
b) Пайғамбарлар және олардың уағыздары
c) Ислам түсініктері
d) Ислам мәдениеті және өркениеті
e) Ислам мәдениетіндегі зиянды ағымдар
3. Қорытынды бөлім
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мұсылмандардың сенімінде Ислам адамзатқа жіберілген соңғы илаһи дін. Осы тұрғыдан адамды жетілдірген және құтылуға қол жеткізген тамаша негіздерді қамтиды. Яғни, өткен замандарда бұрынғы пайғамбарлар тарапынан жүздеген жылдар бойы жіберілген «бұрынғы уахидің» бүкіл жолдарын және көріністерін исламнан көруге болады.
Аллаһ алғашқы адамның жер бетінде пайда болуымен қатар адамзатқа тура жол көрсету үшін елшілерін (пайғамбарлар) жіберген. Бірақ, адамдар уақыт өте келе және әр түрлі себептермен Алланың көрсеткен «тура жолынан» тайып, басқа жолдарға бет бұрған. Адамзатты қайтадан «дұрыс және тура жолға» түсіру мақсатында адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Мұхаммед, соңғы илаһи Кітап – Құран, ал соңғы қасиетті хабар Исламият болып табылады.
Кең пейілді Аллаһ Құранда өзі риза болған және қабылдаған жалғыз дін Ислам діні ислам діні екендігін айтады: «Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. Кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады.» (Әлі Ғымран, 3/19,85)
Сондықтан, илаһи діндердің ортақ атауы – Ислам. Яғни, Ислам басынан бастап соңғы пайғамбар Мұхаммедке дейін барлық пайғамбарларға берілген ортақ илаһи хабар және адамзаттың алғашқы және соңғы діні.
Дәуіт, Мұса және Иса пайғамбарларға уахи етілген алдыңғы үш илаһи кітап Зебур (псалтырь Давида), Тәурат және Інжіл уақыт өте келе ұмтылып, адамдар тарапынан өзгертілген. Яғни, қазіргі кездегі Тәурат және Інжілдер кейбір дін адамдарының сөздерімен толықтырылып, кейбіріне қарсы көптеген пікір айтылған, сол туралы сенімдер мен түсініктемелер де бар. Оларда кейбір пайғамбарлар тіпті ауызға алынбайтын түсініктемелер мен оқиғалармен бірге кейбір әзиздер мен Қасиетті Кітапты жазушылардың өмірі туралы хикаялар және пайғамбарлар жайында әңгімелер де орын алған.
Кітабы бұзылып өзгертілген болса, шүбәсіз дін де бұзылып өзгертіледі.
Олай болса, Ислам тікелей илаһи уахиге негізделеді. Ал, илаһи уахи илаһи сөздерді қамтитын беттер және кітаптармен түрленеді. Илаһи кітаптардың соңғысы Мұхаммед Пайғамбарға уахи етілген Құран болып табылады.
Құран әрі жазбаша әрі ауызша түрде үйретіліп сақталған. Осы күнге дейін бір сөзі де, тіпті түсініктемесі де еш өзгертілместен, түпнұсқасы күйінде оқылып келген және өзі арқылы ғибадат етілген. Құранның субъектісі Аллаһ, тұлғасы – адам және қоғам, ал объектісі – құлшылық пе иман. Сондықтан, Ислам және оның негізі болып табылатын Құран бір жағынан адамның Алламен байланысын және қарым-қатынасын, екінші жағынан адам-қоғам байланысын реттеуді мақсат етіп ұсынады. Бүкіл адамзатқа бағытталады; белгілі бір тарихи оқиға немесе кезеңмен шектелмейді не болмаса белгілі бір адам қауымына тәе емес.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1. Кіріспе
Ислам діні дегеніміз не?
2. Негізгі бөлім
a) Ислам қоғам өмірінде
b) Пайғамбарлар және олардың уағыздары
c) Ислам түсініктері
d) Ислам мәдениеті және өркениеті
e) Ислам мәдениетіндегі зиянды ағымдар
3. Қорытынды бөлім
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Ислам дегеніміз не?
Мұсылмандардың сенімінде Ислам адамзатқа жіберілген соңғы илаһи дін.
Осы тұрғыдан адамды жетілдірген және құтылуға қол жеткізген тамаша
негіздерді қамтиды. Яғни, өткен замандарда бұрынғы пайғамбарлар тарапынан
жүздеген жылдар бойы жіберілген бұрынғы уахидің бүкіл жолдарын және
көріністерін исламнан көруге болады.
Аллаһ алғашқы адамның жер бетінде пайда болуымен қатар адамзатқа тура
жол көрсету үшін елшілерін (пайғамбарлар) жіберген. Бірақ, адамдар уақыт
өте келе және әр түрлі себептермен Алланың көрсеткен тура жолынан тайып,
басқа жолдарға бет бұрған. Адамзатты қайтадан дұрыс және тура жолға
түсіру мақсатында адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Мұхаммед, соңғы
илаһи Кітап – Құран, ал соңғы қасиетті хабар Исламият болып табылады.
Кең пейілді Аллаһ Құранда өзі риза болған және қабылдаған жалғыз дін
Ислам діні ислам діні екендігін айтады: Алланың қасында шынайы дін Ислам.
Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы
күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе,
күдіксіз Алла тез есеп көруші. Кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте одан
қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады. (Әлі Ғымран,
319,85)
Сондықтан, илаһи діндердің ортақ атауы – Ислам. Яғни, Ислам басынан
бастап соңғы пайғамбар Мұхаммедке дейін барлық пайғамбарларға берілген
ортақ илаһи хабар және адамзаттың алғашқы және соңғы діні.
Дәуіт, Мұса және Иса пайғамбарларға уахи етілген алдыңғы үш илаһи кітап
Зебур (псалтырь Давида), Тәурат және Інжіл уақыт өте келе ұмтылып, адамдар
тарапынан өзгертілген. Яғни, қазіргі кездегі Тәурат және Інжілдер кейбір
дін адамдарының сөздерімен толықтырылып, кейбіріне қарсы көптеген пікір
айтылған, сол туралы сенімдер мен түсініктемелер де бар. Оларда кейбір
пайғамбарлар тіпті ауызға алынбайтын түсініктемелер мен оқиғалармен бірге
кейбір әзиздер мен Қасиетті Кітапты жазушылардың өмірі туралы хикаялар және
пайғамбарлар жайында әңгімелер де орын алған.
Кітабы бұзылып өзгертілген болса, шүбәсіз дін де бұзылып өзгертіледі.
Олай болса, Ислам тікелей илаһи уахиге негізделеді. Ал, илаһи уахи
илаһи сөздерді қамтитын беттер және кітаптармен түрленеді. Илаһи
кітаптардың соңғысы Мұхаммед Пайғамбарға уахи етілген Құран болып табылады.
Құран әрі жазбаша әрі ауызша түрде үйретіліп сақталған. Осы күнге дейін
бір сөзі де, тіпті түсініктемесі де еш өзгертілместен, түпнұсқасы күйінде
оқылып келген және өзі арқылы ғибадат етілген. Құранның субъектісі Аллаһ,
тұлғасы – адам және қоғам, ал объектісі – құлшылық пе иман. Сондықтан,
Ислам және оның негізі болып табылатын Құран бір жағынан адамның Алламен
байланысын және қарым-қатынасын, екінші жағынан адам-қоғам байланысын
реттеуді мақсат етіп ұсынады. Бүкіл адамзатқа бағытталады; белгілі бір
тарихи оқиға немесе кезеңмен шектелмейді не болмаса белгілі бір адам
қауымына тәе емес.
Ислам уағыздары жалпыға бірдей. Мейлі сенсін, мейлі сенбесін, қаласа
сенбеген жағдайда сенген сияқты болып көрінсін; Яғни, мүмин болсын немесе
кәпір және мүнафык (исламды қабылдаған сияқты болып көрінгенмен, оған
сенбейтін адам) болсын, адамзаттың барлығы Ислам дінінің адамы. Сонымен
бірге оны басынан өткізген әрбір адам мұсылман болып табылады.
Исламият – адамзат тарихында жіберілген илаһи діндердің ең жетілгені
және ең соңғысы. Бүкіл адамзаттың діні; бүкіл адамзаттың рух және дене
тұрғысынан жетілуін, алаңсыз өмір сүруін және бақытты болуын, дүниелік және
ақыреттік өмірде азат болуды мақсат тұтады.
Ислам пайда болған күннен бастап, жолынан адасқандарға, әлеуметтік,
экономикалық және мәдени проблемаларға байланысты шарасыз күйге түскендерге
нұрландырушы, тыныштық және бақыт әкелуші бұйрықтарын ұсынған; ауруларға
шипа, адасқандарға дауа болған. Сол себептен адамзат тарихында бұрын-соңды
болмаған қарқынмен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған; ірі мәдениет пен
өркениет ошақтарының пайда болуына түрткі болады. Осы орайда, ислам
мәдениеті шығыс және батыс мәдениеті мен өрениеттерінде өз таңбасын
қалдырды деуге болады.
Орта дәуір кезеңдерінде Арап түбегінің солтүстігі мен шығысын басып алу
әрекеті Хижаз аймағында өмір сүретін белгілі бір мөлшердегі сахабалардың
(Пайғамбарымызға сеніп, оның сұхбатына тым болмағанда бір рет қатысып, оны
көзімен көрген мұсылманды айтады) әр түрлі елдерге таралуына себеп болды.
Олардың арасындағы ғалым сахабалардың саны көп емес еді. Бірақ ғалым сахаба
болсын немесе қарапайым сахаба болсын, олар барған жерлерінде
адамгершілігімен үлгі болды, әр түрлі әлеуметтік ортаға және оқушыларға кез
болды. Адамдар кейбір сұрақтар мен мәселелердің шешімін таба алмағандықтан,
оларға келіп, маңайларында тыңдаушылар ортасын қалыптастырды.
Міне, осы жағдайлардың табиғи нәтижесі ретінде алғашқы екі жүз жылда
ірі ғылым орталықтарында Исламияттың бұйрықтарын жүзеге асыруда, түсінігін
қалыптастыруда және жорамалдауда айырмашылықтары бар және мезхеп-партиясы
деп аталатын бірнеше саяси, діни және философиялық мектептер құрылды.
Шапқыншылықтардың нәтижесінде Ислам мемлекетінің қарамағына кіретін
елдерде әр сала бойынша қайта құру іс-шаралары байқалды. Әсіресе, Парсы
және Византия мемлекеттерінің билігіндегі Сирия, Мысыр, Ирак және Солтүстік
Африка сияқты аймақтарда, Түркістан және Қорасан секілді елді мекендерде
жаңа дін мен ескі мәдениеттер қақтығысқа ұшырады. Бұл қақтығысулар және
шиеленісулер, қоғамдану және таралу оқиғалары жаңа және шиеленіскен бір
діни мәдениеттің пайда болуына түрткі болды.
Осыған орай, басқыншылардың әрекетін, Ислам және мұсылмандар тұрғысынан
жаңа хабардың және мәдениеттің адамзатқа берілуін әр түрлі діндер,
мәдениеттер және өркениеттер арқылы берілуі ретінде бағалауға болады.

Ислам қоғам өмірінде
Исламият жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыс-
ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған
ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып,
қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.
Ислам ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Ақыл мен ғылым
негіздеріне сүйенеді.
Ислам – жүйелі және әлемдік өркениет діні. Жұмыс істеп, табысқа қол
жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық елшісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді,
ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда
заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде
көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән
беріледі.
Ислам рух және дене арқылы жетілген, көзі ашық, саналы, адамгершілікті
және тәрбиелі қоғамның қалыптасуын қалайды. Ал осындай бір қоғамның бұ
дүниеде және ақыретте бақытты болуын қамтамасыз ету болса, оның соңғы
мақсаты.
Исламият түсінуге жеңіл дін. Сенім, ғибадат және мораль негіздері
бойынша да қарапайым және жалпыға бірдей. Мұсылман болуды, Алланың бар
екендігін және жалғыз екендігін растау негізіне сүйенеді. Алланың бар және
жалғыз екндігіне иман еткен, Хз. Мұхаммедтің пайғамбарлығын қабылдаған, оны
растайтын әрбір адам Мұсылман сипатына ие болады.
Исламият – монотеизм діні; әлемнің және бүкіл жаратылғандардың
Жаратушысы – Аллаға сену; бұ дүниедегі өмірдің өтпелі және ақыреттегі
өмірдің мәңгілік екндігін, Алла алдында есеп беру, Кітап, Мизан (бұл
дүниедегі жақсылықтары мен жамандықтарының таразыға түсуі), Жәннат және
Жаһаннамның ақиқат екендігін қабылдау, илаһи бұйрықтарға және тыйымдарға
мойынсұну, барлығына бірдей әділеттілікпен қарау негіздері бойынша
құрылған. Яғни Kelime-i Tevhid-ті мойындаған және құптаған әрбір адамзат
баласы ислам дініне кірді және мұсылман үмбеттің жеке тұлғасы болды деп
есептеледі. Сонымен қатар адамдық жауапкершілік жүктелген және құлшылық ету
міндетін қабылдаған болады.
Исламият – соңғы дін. Сенім, ғибадат және мораль негіздері бойынша
жалпыға ортақ; сондықтан бүкіл адамзаттың діні болып есептеледі. Құранда
былай деп бұйырылады: (Мұхаммед Ғ.С.): Әй адам баласы! Мен барлығыңа
алланың елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі оған тән. Ол
тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген
сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол
табасыңдарде. (Ағфар сүресі, 158).
Ей, Мұхаммед! Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп
қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (Сәбә сүресі,28).
Осы ерекшеліктері себебінен ислам дінінің үкімдері қиямет күніне дейін
күшін және жарамдылығын сақтайды. Соңғы дін болғандықтан да оның үкімдерін
жоятын басқа дін болмайды.

Пайғамбарлар және олардың уағыздары
Кең пейілді Аллаһ бұйрықтарын адамдардың арасынан таңдап алған
пайғамбар арқылы таратты. Алғашқы пайғамбар Адамнан кейінгі тарихи
кезеңде аттары белгілі және белгісіз көптеген пайғамбарлар келді. Соңғы рет
Ислам діні туралы баяндау және үйрету міндеті пайғамбар Мұхаммедке берілді.

Пайғамбарлар – Алланың бұйрықтарына сай өмір сүру түрін жеке тұлға және
қоғам деңгейінде құру міндетін мойнына алғандар. Олар Аллаға және ақырет
күніне сенетін, жақсылықты насихаттайтын және жамандықтан қорғайтын Қоғам
қалыптастыру үшін әрекет еткен.
Пайғамбарлар Алланың елшілері. Аллаһ тарапынан іріктеліп алынады және
қажеттілікке қарай міндет жүктеледі. Яғни, кең пейілді жаратушы әр түрлі
ұлттарды тек өзіне ғана сенуге және бой ұсынуға, басқа адам
қауымдастықтарымен жақсы қарым-қатынаста болуға және бейбітшілікте өмір
сүруге уағыздау үшін пайғамбарларды жіберіп отырған.
Мінекей, Мұхаммед осы пайғамбарлардың ең соңғысы болуымен қатар оның
әкелген Исламдық діни хабары алдындағы пайғамбарлардың хабарының орнын
алды. Ол Орта дәуір кезеңінде Ислам төңкерісін жүзеге асырып, әлемде
үлгілі үмбет қоғам қалыптастырғаннан кейін өмірімен және адамдарымен қош
айтысады.
Мұсылман дегеніміз – Алладан басқа илах жоқ және Мұхаммед Алланың
елшісі,- (шахадат калимасы) деп айтқан адам. Осы сеніммен бірге мұсылман
тең құқық пен жаупкершілікке ие қоғам мүшесі болып табылады.
Жауапкершіліктерінің ең бастысы Аллаға иман ету және бұйрықтарын егжей-
тегжейлі білуі керек. Бұл сонымен бірге, адамның жаратылу мақсаты мен
өмірде болуының себебі. Адамдарды және жындарды бізге құлшылық етсін деп
жараттық (Зәрят сүресі, 56)аяты осыны үйретеді.
Аланың бұйрықтары адам өмірін бар жағынан қамтиды және түрлендіреді.
Тәңірі – адамның қарым-қатынасын, сенім, ғибадат және ахлак негіздерін
анықтайды. Кең пейілді Алланың Хз. Мұхаммедке жіберген уахилерінің рет-
ретімен жинақталған түрі болып табылатын Құран Кәрім сенім, ғибадат және
ахлак негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірген. Ал Хз. Мұхаммедтің сүннеті осы
негіздердің өмірге үйлесімділігін қамтамасыз еткен және Мүминдер қоғамына
қатысты үлгісін жан-жақты қалыптастырған. Яғни, сүннет Құранның
түсініктемесі, Исламның түсініктемесі және жүзеге асырылуы.
Осылайша Құран және Сүннет мұсылман қоғамының діни негіздерінің,
қасиетті мәтіндерінің пайда болуына әсер етті. Ал мұсылман ғалымдар бұл екі
негізде орын алған шындықтарды реттеген және жүйелеп бөлген, түсініктеме
берген және түсінуге болатындай тілде адамдарға ұсынған.
Ислам әкелген иман, ғибадат және ахлак негіздері біртұтас, бір-бірін
толықтыратын сипатта. Сенім болмаса ғибадат түсінігі болмайды. Ғибадаттың
әсерлі және пайдалы болуы да алдымен мүминнің адамгершілігіне байланысты.
Ал ахлактың негізі – сенім, ғибадат және қайырымды іс-әрекет. Мұсылман
адам, міне, осы үш құндылыққа бірдей ие. Кең пейілді Алла Аср сүресінде
былай деп бұйырады: Заманға серт, негізінен адам баласы зиянда. Бірақ
сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп,
сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды. (Ғасыр сүресі).
Осыған орай, сенім және ғибадаттың ахлакпен теңестірілуі, қайырымды
істермен нығайлылуы керек. Сондай-ақ, дін мүминнің шын ықыласпен және
иманмен кең пейілді Алланың бұйрықтарына берілуін түсіндіреді.
өзіндік ерекшелігі бар Ислам кезеңінде барлық нәрсе Құран арқылы мәнді
және Ислами сипатқа ие болды. Құран Кәрімнің жеке адамдар мен қоғамға
әкелгендері егемен (тәуелсіз) болып есептеледі. Саясаттан басқаруға,
саудадан экономикаға дейінгі әр іс ислам дінінің адамзатқа әкелген
құндылықтардың арқасында жүзеге асырылады.
Бақыт кезеңінде мұсылман қауым Алланың Кітабы және Пайғамбардың
Сүннетінің жетекшілігінде мәселелерді шешуге, бірлік пен тұтастықта өмір
сүруге тырысты. Ислам Пайғамбарды Хз. Мұхаммедтің оларға қалдырған тәжрибе
мирасы немесе тәжрибе аманаты араларындағы түсініспеушіліктерді және
проблемаларды даусыз жолдармен нәтижелендіруде үлгі етті және негіз
болды.
Сондай-ақ, лә илаһа иллаллаһ мұхаммедән расулаллаһ негізіне сүйенетін
дін уағызының арқасында қалыптасқан дін және сенім туыстығы - олардың
әлеуметтік, экономикалық, мәдени тұрғыдан өмір жолдарын реттейтін,
тыныштықта және сенімділікпен өмір сүрулерін қамтамасыз ететін тағы бір
фактор еді.
Сонымен бірге, олардың өмірінде жан-жақты әсерін тигізетін салт-
дәстүрлер, ескі сенімдер мен әдеттер сияқты маңызды нәрселер де уақыт өте
келе Ислам негізінде ысылып, соның ішінде үндестік тапқан және олармен
біте қайнасып кеткен. Бұлар нәтижеде не ислами не исламнан басқа нәрсе
емес, бірақ исламданған немесе исламдандырылған. Яғни жергілікті және
мәні жоқ ерекшеліктерін исламға енгізіп, өмір сүретін элементтер.
Мұсылман халықтардың мәдениеті мен өркениеттерін қарастыратын болсақ,
Аср-ы Саадеттен (Бақыт Кезеңі) кейінгі мұсылман топтардың және қоғамдардың
негізінде исламданған сипатында болғандығы байқалады. Яғни, Хз.Мұхаммед
және Үлгілі басқарушылар (Hulefậ-i rậşidin) кезеңіндегі саф (таза) және
дара сенімді мұсылман қоғамның орнын жергілікті және салт-дәстүр
ерекшеліктері, мәдени құндылықтарын ислами қалыпта өмір сүрдірген
Исламданған қоғам басты.
Бұл жағдай Жалғыздық кезеңіндегі саф ислам түсінігі және өмір сүру
түрімен Аралас кезеңдегі дәстүрлі ислам түсінігі және өмір сүру түрі
арасындағы айырмашылыққа байланысты.
Хз. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін (632) мұсылман қоғам саяси
күреске аяқ басты, үкімет болу күресін басынан кешірді. Алғашында
мұсылман қоғамды басқаратын кісінің жеке басы мәселесінде түсінбеушілік
болды. Кімнің мемлекет басшысы болатыны және саяси күштің кімнің қолына
берілетіндігі жөніндегі мәселелерде пайда болған осы алғашқы
түсініспеушілік басынан бастап осы күнге дейін мұсылмандар арасында
әлеуметтік, мәдени және ұлттық бөлінулерге себепші болды. Ехл-и Суннет,
Хаваридж, Шиа т.б. атаулармен аталатын және әр түрлі тақырыпшалармен
түсіндірілген діни-саяси қалыптасулар (мехзептер) мен әр түрлі саяси
түсініктер пайда болды.
Сол кездегі мәдениет пен өркениетті де исламданған сөзі арқылы
түсіндіруге болады. Әлеуметтік және қоғамдық тұрғыдағы исламдану қоғамдық
және ұғымдық, ой және пікір тұрғысынан исламданумен бірге келді. Мысалы,
халифат басқаруынан исламның өзінде болмаған басқаруға өтті.
Сасанид және Византия империяларының бірнеше басқару және саяси
ұйымдары алынды, уақыт өте келе исламдандырылды. Бұған мысал ретінде
уәзірлікті және т.б. алуға болады.
Мұсылман мемлекеттердің ұлғаюына және дамуына параллель ислами дәстүр,
бір жағынан жаңа мұсылман қоғамдары арасында дамыса, бір жағынан жергілікті
салт-дәстүрлер және әр түрлі мәдениеттердің ықпалында болды. Ислам әсіресе
жаулап алу кезеңдерінде көп бағыттағы мәдениет ортасында болды. Бірақ,
ислам дінінің дәстүрі әр түрлілігіне және ықпалдарға қарамастан, әр кезеңде
белгілі бір тұтастықты сақтады. Мұсылмандарды жүздеген жылдар бойы қиын
жағдайда қалдырмаған және жоғары мәдениет құруларын қамтамасыз еткен де,
міне, осы діни бірлік болды.Өйткені, ислам мәдениеті мен өркениеті барлық
жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам мәдениетi және Ұлы Дала ойшылдары
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Ислам мәдениеттері
Ислам мәдениеті мен ғылымы
Ислам діні және Қазақстан мәдениеті
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
Тарих сахнасында Ислам мәдениеті мен ғылымының орны
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Пәндер