Сайлау құқығы және оның негізгі қағидалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Қазақ гуманитарлық Заң университеті

Алматы заң академиясы.

Әкімшілік және конституциялық құқық кафедрасы

Курстық жұмыс.

Тақырыбы: Сайлау құқығы және оның негізгі қағидалары.

Орындған : Қожыбанов А.

Тексерген: Қанағатова Қ. М.

Алматы 2004.

Жоспар

Кіріспе.

  1. Қазақстан Республикасындағы сайлау.
  2. Сайлау жүйесінің түсінігі.
  3. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының негізгі қағидалары және оның ерекшеліктері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Сайлау билікті өкілеттіліктерді үлестірудің ерекше бір механизмі ретінде саясат саласында кең етек жая бастады. билікті үлестіру кезінде сайлаудан басқа тағайындау тәсілі, билікті мұра етіп қалдыру тәсілдері де қолданылады.

Билікті мұра ретінде қалдыру саяси қызмет тәжірибесінің, әдет-ғұрпының, білімінің тұйықталуына әкеліп соқтыратыны анық.

Құқықтық әдебиеттерде "сайлау" тар мағынамен қатар, кең мағынада да қолданылады. Бірінші жағдай бойынша сайлау белгіліі бір территориядағы азаматтардың ұсынылған кандидатураларға дауыс беруі жатқызылады. Ал екінші мағына бойынша сөз қозғайтын болсақ, әр мандатқа екі немесе одан да көп кандидатуралар ұмтылуы мүмкін мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру тәсілін атауға болады.

Қазіргі заманда сайлау өте кең етек алған және ол сан қырлы болып табылады. Сайлау арқылы жария биліктің әрқилы органдары - парламент, мемлекет басшылары, кейде үкімет те, жергілікті сот органдары құрылады.

Сайлау арқылы халық өз өкілдерін анықтайды және өздерінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асыруға мандат береді, яғни бұл дегеніміз билікке заңды сипат беру болып табылады.

Бұл курстық жұмыс негізінде келесідей сұрақтарға, яғни сайлау ұғымы, Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің түсінігі және де сайлаудың, оның ішіндегі Қазақстан Республикасындағы сайлаудың басты-басты қағидалары қандай деген сұрақтарға жауап алуға болады.


1. Қазақстан Республикасындағы сайлау.

Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Маслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі мен қағидалары бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғарғы нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрады.

Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдарын құруға тікелей әсер ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріп отырады.

Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының кодексінен басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995жыл 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңыы деп атауын өзгертті (Аталған заңға сәйкес Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы № 222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы № 285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы № 375-1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) .

Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып бөлінеді.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы - Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілді органдарына (Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі, Маслихаттар депутаттығына) және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүше болып сайлану құқығы.

Белсенді сайлау құқығын реттейтін бақа қосымша талаптар да бар. Бұл талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға жас шамасы цензі, отырықшылдық цензі, білім цензі, мүліктік цензі жатады. Мысалға жас шамасы цензі Президенттіке, Парламент, Маслихат депутатығына кандидаттарға қатысты белгіленеді: Қазақстан Республикасының Президентінің жасы қырықтан асқан Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Праламент Сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Парламент Мәжілісінің депутатығына кандидат үшін жиырма бес жастық, Маслихат депутаттығына канидаттар үшін жиырма жастық жас цензі белгіленген.

Сайлау төте және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент Сенаты депутататры сайланады. төте сайлау жолымен Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және Маслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады.

Сайлаудың көмегімен халық өзінің өкілдерін анықтайды және өз құқықтарын жүзеге асыру үшін оған белгілі бір мандат береді, яғни сайлау билікке заңдылық сипатын береді. Олар сайлаушылардың мүдделерін білдіреді. Оларды жүргізу барысында әртүрлі саяси күштердің мүдделері, көзқарастары мен идеяларының соқтығысуы орын алып жатады.

Сайлау құқығы сайлаумен және оны өткізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. 1

Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес сайлау құқығы билік органдарын қалыптастырудағы айлаумен қатар, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау кезіндегі ерік білдіруіне бостандық берілуін де реттейді.

Қазақстанның әрекеттегі құқығының, оның ішіндегі негізгісі болып табылатын - конституциялық құқықтың құрамдас бір бөлігі бола отырып, сайлау құығы өзіндік бір институт құрайды және мемлекеттің демократиялық сипатын анықтайтын қоғамдық қатынастарды ретейді.

Жалпыға бірдей сайлау құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығының сайлау құқығы бар деген белгілі бір талаптар кейбір әлеуметтік себептерге байланысты қажет болып табылады.

2. Сайлау жүйесінің түсінігі.

Дүние жүзі мемлекеттіерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажорлық екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алған мандаттар арарсындағы тепе-теңдік қағидасы негізінде құрылады. Тепе-теңдік жүйесінің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет. Әлбетте, аумақтық сайлау округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық өзгертуге болады. Екінші - тепе-тең жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін кемінде қалыптасқан екі партияның болуы қажет. Осыған орай, Қазақстанда әлі де саяси партиялар әлсіз және азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан тыс тұруына байланысты, тепе-тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ.

Мажорлық сайлау жүйесінің: абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да азазматтардың 50 проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі; 2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.

Мажорлық жүйе бойынша сайланушы қай сайлау округінен шыққанына қарай отырып, сол округтің бекіткен сайлаушылардың көпшілік даусын алған сайланушы сайланады.

Абсолюттік көпшілігі бар мажоритарлық жүйеге сәйкес сайланған болып, заңда көрсетілген тиісті дауыс жинаған кандидат табылады. Абсолюттік көпшілік дауысты (50 процент + 1) талап ететін сайлау жүйесі көп елдерде етек алған.

Мысалы, өкілді органдарға А, Б, В деген 3 кандидат өз кандидатурасын ұсынып шықты; барлық үш кандидаттарға берілген 9000 дауыстан: А - 4600; Б - 2500; В - 1100 дауыс жинаған делік. Сайланған кандидат ретінде А табылады, өйткені ол сайлаушылардың абсолюттік көпшілік даусын жинаған болып табылады.

Егер бұл жағдайда бірінші турда ешкімсайлауда жеңіске жетпеген болса, онда сайлаудың екінші туры өткізіледі, бірақ бұл жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көбірек дауыс жинаған екі кандидат қана сайлауға түседі.

Біршама көпшілігі бар мажоритарлық жүйе бойынша сайланған болып болып біршама көбірек дауыс жинаған кандидат табылады.

Мажорлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 25 процентен астамы дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.

Қазақстан Республикасында абсолюттік көпшіліктің мажорлық сайлау жүйесі қабылданған. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп Қазақстан Республикасы Конституциясының және Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығында көзделгендей Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Маслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де, сондай-ақ жанама да сайлайтын сайлау тәртібі түсініледі.

Президентті, Парламент депутаттарын және жергілікті өкілді органдарды сайлаудың аталған тәртібі конституциялық-құқықтық нормаларымен белгіленеді, олар өз жиынтығында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін құрайтын конституциялық-құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының бір бөлігі болып табылады. Олар Қазақстан Республикасының Президентін, Мәжіліс депутаттары мен Сенат депутаттарының бір бөлігін, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарда реттейді. Аталған қырдағы "сайлау құқығы" ұғымы конституциялық құқықтың аса маңызды институты ұғымы кәмелетке жеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының субъективтік сайлау құқығы мағынасында қолданылады.

Сайлау жүйесі - азаматтардың сайлану құқығын жүзеге асыратын; депутаттардың және басқа да сайланған тұлғалардың өз әрекеттері үшін сайлаушылардың алдындағы жауапкершілік белгілейтін қағидалары бекітетін заң нормаларының жиынтығы болып табылады. Сайлау жүйесі сайлауды өткізу мен ұйымдастыру процесінде пайда болатын қатынастарды реттейді.

Сайлау жүйесі түсінігінің астарынан, сонымен қатар сайлау нәтижесіне байланысты кандидаттардың арасында мандатты үлестіру тәсілін де түсінуіміз керек.

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі кезінде дауыс беруді есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:

1. егер дауыс беруге сайлаушылардың не Парламент Сенатының депутаттатрын сайлаған кезде сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі;

2. дауыс берудің бірінші турында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентінен астам дауысын жинаған;

басқа кандидатпен салыстырғанда қайтадан түскен кезде сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процетінен астамы болуға тиіс дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) көп санын алған;

бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу процентінен астам даусын жинаса ол кандидат сайланған болып есептеледі.

Маслихат депутаттарын сайланған кезде дауыстарды есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:

1. егер дауыс беруге сайлаушылардың елу процентінен астамы қатысса сайлау өткен болып есептеледі;

2. егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамы қатысса, ал қайтадан дауыс берген кезде - басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылардың елу процентінен астамы болуға тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.

Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 7 қазан 1998 жылы заң қабылданған кейін аралас сайлау жүйесі қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентін, Сенат депутаттатры, Маслихаттың және Мәжілістің 67 депутатын сайлау кезінде екінші тур өткізу мүмкіндігін ескере отырып мажоритарлық жүйе қолданылады. Праламент Мәжілісінің қалған 10 депутатын сайлау кезінде пропорционалдық сайлау жүйесі қолданылады.

3. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының негізгі қағидалары және оның ерекшеліктері.

Сайлау құығы қағидалары Конституцияға және Республиканың сайлау заңдарына бекітілген.

Негізгі қағида жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігі болып табылады (Конституциялық заңның 4-бабы) . Сонымен бірге жалпыға бірдейлік қағидасы тиісті сайланбалы органға сайлану мүмкіндігін білдіреді. Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол берілмейді. Сайлау құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімінен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарға қатысты қолданылады. Олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы лауазымдарға сайлана алмайды.

Сайлау құқығының теңдігі қағидасы сайлаушылар кез келген сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады дегенді білдіреді (сайлау туралы конституциялық заңның 5 бабы) . Тең сайлау құқығы сондай-ақ Парламент, Маслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде қатыса алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі және ол өзі дауыс беруге міндетті.

Қазақстан Республикасы азаматтары тең сайлау құқығын иелене отырып, сайлауға қатысады. Президент пен барлық деңгейдегі депутаттарды сайлаушылар теңдей негізде сайлауға қатысады және оның әрбіреуі бір ғана дауысқа ие. Сайлау құқығының теңдігінің бірінші элементі - әрбір сайлаушыда бір ғана дауыстың болуы. Тең сайлау құқығының екінші бір элементі - теңдей негізде сайлау құқығының болуы. Бұл бір сайлаушының екінші бір сайлаушының алдында ешқандай да бір артықшылыққа ие болмайтындығымен қамтамасыз етіледі (мысалы, әкімшілік аумақтық бөліністі ескере отырып халықтың саны бойынша сайлау округтері құрылады), сонымен қатар азаматтардың сайлау құқығы бірдей негізде заңмен қорғалады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезінде әрбір қатысушы теңдей сайлау құқығына және теңдей дауыс санына ие. Теңдей сайлау құқығы сонымен қатар кандидаттардың да теңдей негізде сайлауға құқықтары бао екендігін білдіреді. Теңдей сайлау құқығы қағидасының сақталмауы түгелдей сайлауды жарамсыз деп тануға негіз болады. 2

Жалпыға тән сайлау құқығы қағидасын қамтамасыз ету үшінсайлаушылар мен сайланушыларының тізімі жасалады. Президент, Парламент Мәжілісі, Маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде учаскелік сайлау комиссиялары әр учаске бойынша сайлаушылардың тізімін жасайды. Сайлаушылар ретінде нақты бір учаскеде тұратын, 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматтары танылады.

Төте сайлау құқығы қағидасы қағидасы Президентті, Парламент Мәжілісі, Маслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі бақару органдары мүшелерін сайлаған кезде қолданылады, оларды азаматтар тікелей сайлайды (Сайлау туралы Заңның 6 бабы) .

Жанама сайлау құқығы қағидасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттатрын сайлаған кезде қолданылады. Парламент Сенаты депутаттарын таңдаушылар сайлайды. Таңдаушылар тиісті облыстық, астананың және Республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті басқару органдарының (Маслихаттардың) барлық депутаттары болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау құқығының түсінігі және оның қағидалары
Шетел конституциялық заңнамаларындағы сайлау құқығы және сайлау жүйелерінің негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасы сайлау құқығы және сайлау жүйесі
Халықаралық құқықтың түсінігі
Шетелдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
Саяси жүйе жайлы
«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу құралы
Конституциялық құқықтың пәні
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz