Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде


Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
1) Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
2) Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру
3) Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста
4) Қазақстан халқының материалдық жағдайы
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕ
1941 жылғы 22 маусымда гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады. Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конглумерат» деп қарастырды.
«Ресейдің кең байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, -алауыздық пен жікке бөлінудің кез кеоген түріне қолдау көрсету болуға тиіс».
Фашистер басып алынған кеңес аумағында Остланд (Белоруссия мен Балтық жағалауы), Украина, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ-Орал рейх-комиссариаттарын құруды жоспарлады. «Ғылыми-зерттеу институты» деген бет-пердені жамылған «Арбайтегемайншафт Туркестан» атты неміс жоғары барлау мектебі болашақтағы «Үлкен Түркістан» отары кариасының жобасын әзірледі.
Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұрстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді.
Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық мақсат та, саяси мақсат та кездеген еді. «Экономикалық жағынан, -деп жазылды 1941 жылғы 2 сәуірдегі меморандумда, бұл аймаққа ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базисін құру міндеті қойылады».
Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халықтарын құлдыққа түсіру-гитлершілдіктің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы жоспары міне осындай болды. Фашистік идеологтар кеңес адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірледі. Социалистік құрылыс шындығы бұл зұлымдық ойлардың тас-талқаның шығарды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Еңбек» ауыл шаруашылық артелінің колхозшысы Рахым Қондыбаев қазақ халқының ой-сезімін мынадай сөздермен білдірді: «Фашистік құзғындар еркіндік сүйгіш халықты құлдыққы түсіруге, жерімізді, малымызды тартып алып, мойнымызға арқан салуға тырысады. Бұлай болмақ емес! Қазақ халқы бойындағы Амангелдінің айбынды рухы өлген жоқ. Біздің даламызда ержүрек жігіттер сен сәйгүлік аттар қашанда бар. Отан соғысында қазақтар құлдыққа түсушілерге қарсы қасық қаны қалғанынша шайқасады деп ант етеміз». Доссор кәсіпшілігінің жұмысшылары мен қызметшілері де өздерінің дүние жүзіндегі тұнгыш социалистік мемлекеттің қасиетті шептерін қорғауға кез келген минутта кірісуге әзір екенің мәлімдеді. «Кеңес халқының социалистік Отан патриоттарының ерік-жігерімен фашистік басқыншылар құртылады», -делінген Ақмола облысы Вишневка селосының еңбекшілері митингісінің қарарында.
Еңбекшілердің Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылу туралы жаппай арыз беруі халық патриотизмінің жарқын көрінісі болды. әскери комиссариаттар мен партия комитеттеріне Қазан революциясы мен азамат соғысының ардагерлері, коммунистер мен комсомолецтер, жасы мен кәсібі әртүрлі адамдар, түрлі ұлттардың өкілдері өтініш берді. «Майданға жіберетін ешкім жоқ (үй ішімізде), --деп жазды өз өтінішінде Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәмәтова, - ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінем». Жалпыға бірдей міндетті әскери іске оқыту өрістетіледі. Республикада екі миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, үцретіліп, майданға аттандырылды. Құрылған бөлімдер мен құрамалар құрамы жағынан көп ұлтты болды. Мәселен, Қазақстандық 36-шы жеке атқыштар бригадасының құрамына 30-дан астам ұлттан шыққан жауынгерлер енді. Шайқасып жатқан армия қатарына 1196164 қазақстандықтар қосылды. әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.
Тылда командалық кадрлар даярлау жоғары қарқынмен жүргізілді: негізінен жау уақытша басып алған ацдандар мен майданға жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27 әскери оқу орны соғыс жылдары ішінле 16 сың офицер даярлап шығарды. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Гвардиялық миномет бөлімдеріне, партизан отрядтарвна, мергендер мектептері мен кустарына, авиадесант бөлімдеріне, Қызыл тулы Балтйқ теңіз флотына жастар арасынан арнайы мобилизация жүргізілді. әскери училищелерге 42 мыңнан астам жас қазақтандық жіберілді. Сол арқылы Қазақстан халықтың өз Отанын қорғауға сақадайсай жоғары әзірлеген қамтамасыз етті.
Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру
Соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Жаңа кәсіпкерлердің, Қарағанды шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа заводының, Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.
Майданға жақын өнірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс аудандарында, оның ішінде 220 завод пен фабриканы, цехтар мен артельдерді Қазақстанға дакөшіріп орналастыру қайта құрудың құрамдас бөлігіне айналды . соғыс барысында республикамызда 20 заод, фабрика, шеберхана, конструкторлық бюро көшірілді.
Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтару салынып жатқан өнеркәсіп кешендерін аяқтау үшін пайдаланылады. мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа заводының жаңа құрылысы Запорожье ферроқорытпа заводының жабдықтарын алды, Алматыдағы автомобиль жөндеу заводының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау заводының цехтары үшін база болды, республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант заводының жабдықтарың алды.
Көшірілген кәсіпорындар негізінде Қазақстанда станок жасау, оқ-дәрі өндіру салалары және басқалары пайда болды.
Өнеркәсіп орындарын көшіру екі рет :1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басында және 1942 жылдың күзінде жүргізілді. 1941 жылы қысқа қарай Қазақстанға майданға жақын өнірлерден -УКСР ден, БКСР ден Ленинград пен Москвадан кәсіпорындар көшіріліп орналастырылды. Ол кезде республикада УКСР ден, Москвадан, Ростовтан, Таганрогтан көшіріліп әкелінген кәсіпорындар мейлінше көп болды.
Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарына мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекарашылар үшырады. Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы оның тегеуірініне төтеп берді. Буг өзеніндегі Брест қамалын қорғаушылар теңдесі жоқ ерлік, қайтпас қайсарлық, жеңіске деген асқан зор ерік-жігер көрсетті, олардың арасында КСРО-ның 30-дан астам ұлттары мен ұлыстарының өкілдері болды.
Тирасполь мұнарасы маңында лейтенант Алексей Наганов взводының жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Қамалды қорғаушы қазақстандықтар В. Фурсов, Қ. Тұрдыев, 204-ші гаубица артиллериялық полкінің комсомол ұйымдастырушысы Ш. Шолтыров және басқа көптеген адамдар қаһармандық пен батылдық көрсетті.
Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-шы атқыштар полкінің солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 жылғы 24 маусымда Литваның Шауляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Ораниебаум алға шебінде жау шабуылына табандылықпен тойтарыс берді.
Бородино селосында неміс болімнің штабында басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде мәнгі сақталды. Оған қаза тапқаннаң кейін Кенес Одағының батыры атағы берілді.
Москва үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кенес Одағының Батыры, белгілі жазушы Б. Момышұлы былай деп жазды : «Біз -кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады . . . біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол -Отанға деген сүйіспеншілік».
Қазақстан халқының материалдық жағдайы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz