Алматының көрнекі орындары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбайұлы ескерткіші

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай (Ибрагим) Құнанбаевқа (1845-1904) ескерткіш 1961 жылы Ленин даңғылында (Достық даңғылы) орнатылды.
Абайдың қола мүсіні мүсінші Х. Е. Наурызбаевтың үлгісі бойынша құйылған. Қордайдың қызыл гранитінен көп қырлы етіп орнатылған тұғыр сәулетші И. И. Белоцерковскийдің жобасы бойынша жасалған. Тұғырдың бет жағында металл пластинада «Абай (Ибрагим) Құнанбаев. 1845-1904» деген жазу жазылған. Ескерткіштің биіктігі 14 м. Сол қолында қолтығына қыса ұстаған кітап, оң қолы желбегей жабылған шапанының шалғайында, ақынның терең ой үстінде келе жатқан сәті бейнеленген.

Абай ескерткіші Жеке адамға қойылған алғашқы көлемді ескерткіш. Осы алаңға кейін салынған Республика сарайы, «Арман» кинотеатры, Қазақстан қонақ үйін жобалаған сәулетшілер де Абай ескерткішінің тасаланып қалмауын көздеді. Нәтижесінде қазір бұл алаң тек Абай ескерткіші емес тұтас архитектуралық ансамбльдің көрнекті үлгісі болып тұр.

Қазақстан қонақ үйі

Қазақстан қонақ үйі 1977ж. салынған, (Жобаның авторлары: Ю. Г. Ратушный, Л. Л. Ухоботов, А. Е. Анчугов, В. Б. Каштанов, инженерлер А. К. Деев, Н. Л. Матвиец, Т. Жүнісов, Ә. Тәтіғұлов; суретшілері М. С. Кенбаев, Н. В. Цивчинский) архитекторлық ансамбльдер шоғырланған Абай және Достық даңғылының түйіскен жерінен бой көтерді. «Қазақстан» мейманханасы - бұрынғы КСРО-да жер сілкінісі байқалып тұратын өңірде салынған ең биік ғимарат.
Оның инженерлік құрылымы сәтті ойластырылып, онда құрылыс ісі мен техникасының ең ірі жетістіктері қолданылған. Эллипске ұқсаған тұтас темір-бетонды мұнара ғимарат өзегін құрайды. Оған бөлме ұяларының монолитті диафрагмалары орнатылған. Терең көмілген іргетас (жер бетінен 10 м) ғимараттың жер сілкінісіне төзімді болуын қамтамасыз еткен. Әсем эркерлер, негізгі көлемнің вертикаль бөліктерге бунақталуы, анодталған алюминиймен қапталған аспалы жеңіл панельдер - жалпы ғимарат тұлғасын сымбаттандыра түседі. Ғимаратты сәулеттеу ісінде ұлутас, мәрмәр, гранит, коврал сияқты құрылыс материалдары қолданылды. Жобалық есебі аса күрделі де көлемді құрылыс сырт қарағанға жеңіл, еңселі тұрпатқа ие болған, төбесіне тізіле тартылған эркер жарықтары әсем ғимараттың айшықты тәжі іспетті.

«Қазақстан» - қонақ үй, Алматы қаласының орталығында орналасқан Республикалық дәрежедегі жоғары кластық мейменхана. Достық даңғылының бойында орналасқан зәулім ғимарат айналасындағы қоғамдық құрылыстармен жарасымдылық тапқан. 1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі 2 қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету(пошта, телеграф, жинақ кассалры, медициналық жәрдем, жолаушылар кассасы, «Интурист» бюросы, т. б. ) бөлмелер орналасқан.

Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т. б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталық, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған холл - вестибюль мен әр қабатта арнайы жабдықталған мүйістер бар. Ғимараттың оңтүстік павильонында 4 банкет залы бар мейманахана орналасқан. Ең жоғарғы қабатта қала келбеті айқын көрінетін «Космос» кафесі жұмыс істейді.

«Қазақстан » мейманханасын жобалап, салған 1 топ архитекторлар, инженер - конструкторлар мен құрылысшылар Қазақстан Республикасының Шоқан Уалиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Көк төбе

Көктөбе - қаланың оң жағымен ұштасып жатқан биік жер. Оның биіктігі 1070 метр. Жоғарыда төменгі жақты бақылайтын алаң бар. Көктөбе - түнгі қаланы көріп, тамашалуға болатын ең қолайлы орын. Оған аспалы жол арқылы баруға болады. Алматының оңтүстік-шығыс жағына шектес жайласқан бөктерлі аласа массив. Көктөбе төңірегіне далалық ландшафт тән. Демалыс зоналарының бірі. Көктөбеде радио-телевизия хабарларын тарататын мұнара, демалыс зонасы, 1980 жылы қалаға кірген тұрғын ауданы бар. Көктөбе Алматының ең әсем жерлерiнiң бiрi. Соңғы жылдардағы әр түрлi коттедждердiң қаптап кетуi тұрғындар үшiн де, таудың өзiне және оның айналасындағы стратегиялық нысандарға да қауiп туғыза бастады. 2004 жылы Көктөбеде бiрнеше рет тау жыныстарының жылжуы орын алып, қала өкiмет орындары оны төтенше жағдай аймағы деп жариялады. Сол жылы 22-27 метр тереңдiкке дейiн қада қағылып, батыс жақ тау беткейлерiн бекiту шаралары жүргiзiлдi. Көктөбенi абаттандыру мен қайта жаңғыртудың Бас жоспарына сәйкес бүгiнгi таңда шығыс жақ беткейдi бекiтiп, нығыздау жұмыстары жүргiзiлуде. Диаметрi 630 миллиметрлiк 23 метрлiк тереңдiкте барлығы 61 ұңғыма қазылуы тиiс. Мамандардың айтуынша, бүгiнде 35 ұңғыма қазылып, 17 құйматас құйылды. Тау беткейлерiн бекiту жөнiндегi барлық жұмыстар осы жылғы қазанның 15-iне дейiн аяқталуы тиiс. Нұрсұлтан Назарбаев Көктөбе мен Медеу табиғи саябағының аумақтарындағы құрылыстардың сейсмикалық қуатын арттыру жөнiндегi кешендi шараларға ерекше ден қойды.

Республика сарайы

1970 жылы салынған. Жобаның авторлары: сәулетшілер Н. И. Рипинский, В. Н. Ким, А. П. Соколов, В. Ю. Алле, Л. Л. Ухоботов, Ю. Г. Ратушный; инженерлер Б. Н. Делов, В. И. Кукушкин, В. Д. Сушенцев. 1971 жылы Ленин атындағы сарайды тұрғызған жоба авторлары мен құрылысшыларына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1991 жылы желтоқсанда Республика Сарайы болып атауы өзгерді.

Іргесі қаланғанына 30 жылдан астам уақыт болған 3000 адам еркін сиятын Республика сарайы - еліміздегі ең үлкен көрермен залы бар өнер ордасы. Содан да болар, өнер иелерінің басым көпшілігі осы жерде концерт өткізуге ынтық. Сондықтан да Республика сарайына сұраныс өте жоғары. Сұраныс жоғары болған жерде бағаның да қымбат болары даусыз. Мысалы, сіз Республика сарайында өз кешіңізді өткізем десеңіз, ең кемі 750 мың теңге санап беруіңіз қажет. Бұл тек бір күнге жалға алу құнының ең төменгі мөлшері ғана. Бұған қоса сахнаны безендіруге қосымша тағы пұл төлейсіз. «Бұл - отандық әртістерге арналған баға. Егер қалалық әкімшіліктен нұсқау болса, біз мұны 500 мың теңгеге дейін түсіреміз. Ол үшін Алматы қалалық қаржы департаментінің арнайы рұқсаты керек. Өйткені бұл ғимарат әкімшілік балансында» - дейді Республика сарайы директорының орынбасары Талғат Жұмабеков. Ал шетелдік өнер адамдары кем дегенде 1 миллион теңге төлейді. Алғашқыда «е, бәсе» деп қаласыз. Алайда концерт билеттері бағасының жер мен көктей екендігіне көзіңіз жетсе, ойланып қалатыныңыз анық. Сөзім дәлелді болу үшін мысал келтірейін. Желтоқсан айы - әр түрлі кештер мен мәдени шаралар өткізуге таптырмайтын ай. Өнер ұжымдарының Тәуелсіздік пен Жаңа жылға арналған жылдық қорытынды концерттері дерлік Республика сарайында өтеді. Мысалы, биыл 16 желтоқсанда «Күлкі керуені» сахнаға шықса, 17-сі Нұрлан Өнербаев «Көктемді сағыну» атты ән кешін өткізді. Содан соң Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер көрсетіп, 22 желтоқсан күні «Ән мен әнші» - кезек алды.
«Күлкі керуенін» алдыңғы қатардан тамашалағыңыз келсе, 2000 теңге төлейсіз. Соңғы орындар 500 теңге. Ал Нұрлан Өнербаевтың ән кешіндегі билет бағасы 1000-3000 теңге аралығында болды. Енді елімізде өз концерттерін өткізуге аса құмар ресейлік әншілер өз өнерлерін қалай бағалайтынына назар аударайық. 23 желтоқсан күні Алматыға ресейлік жас әнші Дима Билан келмекші. 6 қатарға дейінгі билеттердің бағасы 20 мың теңге! Ортаңғы орындар 10 мың теңге болса, ең соңғы қатардағы орын құны 5 мың. Ал касса жанындағы алыпсатарлар әрбір билетке тағы 3 мың теңге қосып, саудалап жатыр. Айырмашылық 10 есе! Бір айырмашылығы, олар біздің өнерпаздарға қарағанда бар-жоғы 250 мың теңге ғана артық төлейді. Егер Республика сарайына 3000 адам сыяды деп есептеп, әрбір билеттің құны орташа есеппен 10 мың теңге деп алайық. 30 миллион теңге болады екен. Олар осы соманың тек 1 миллион теңгесін ғана Республика сарайының қоржынында қалдырып, қалғанын өзінің қалтасына басып кете барады. Қашанда АҚШ долларына шағатын әдетіміз емес пе? Бұл - шамамен 225 мың АҚШ доллары! Соның 25 мыңын әр түрлі шығындар деп есептегеннің өзінде 200 мың доллар таза табыс бар. Оған қоса ресейлік әншілерге отандық кәсіпкерлер демеушілік жасайды. Жол ақысын толық мойындарына алып, қаламыздағы ең қымбат қонақүйлерге тегін орналастырады. Түнгі клубтар олардың қосымша қаржы табуына толық мүмкіндік туғызады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық демеуші болатыны тағы бар. Тегін жарнама жасап, телеарналар бір тиын алмай кештерін түсіріп береді. Соңында оларға мұндай жақсылықтың неліктен жасалып жатқанын білмей, қалың көпшілік қала береді. Ең құрығанда, Республика сарайын жалға алу бағасын бірнеше есе өсірсек те олардың мұрты қисая қоймайтыны анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Тарихи - мәдени мұраларды қорғау және пайдалану
Алматы қаласының қазіргі экономикалық жағдайы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Қала саябақтары
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Қоғамның мәдени дамуындағы жаңа бетбұрыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz