Құқықтық іс-жүргізу


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қаулы
Қаулы - алқалылық негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындауы міндеттеледі.
Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомстваларды ең маңызды мәселелр бойынша алдын ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді.
Қаулы мен шешім тілдік құрылымы жағынан ұқсас.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық баспа орталығы - Қазстатақпарат республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі- Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын.
Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
Статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату;
Статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер;
Маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады.
3. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996ж. N 29, 256 - құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 414 - жол алынып тасталсын:
мынадай мазмұнындағы бөліммен және реттік нөмірі 480 және 481 - жолдармен толықтырылсын:
4. «Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық баспа орталығы - Қазстатақпарат республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) .
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Шарт
Ғылым мен өнідірістің арасындағы байланысты тығыз, әрі жан-жақты дамыта беру мақсатында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті мен
(мекеменің аты)
мына мәселелер жөнінде келісті:
І. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1. Оқу жоспарына сәйкес
/мекеменің аты/
аударма бөлімінің студенттерін өндірістік практикаға жібереді.
2. Қазақ филологиясы факультеті практиканы жүргізу барысында жан-жақты ғылыми - әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
3. Аударматану ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгілердің студенттердің курс жұмыстарына қосалқы жетекші болуына жағдай жасайды.
4. Аударматану ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамадармен тәлімгерлердің университеттің қазақ филологиясы факультетіндегі 0, 5 және 0, 25 жүктемелерін қосымша жұмыс атқаруына мүмкіндік береді.
ІІ. өзіне мынадай міндеттемелер
/мекеменің аты/
алады:
- Өндірістік практиканың - мамандануы сапалы өтуіне жағдай жасайды.
- Практикаға жіберілген студенттерді білікті мамандар мен тәлімгерге бекітіп береді.
- Практикадан етіп жүрген маманданушы студенттердің таңдаулы жұмыстарын /аудармаларын/ басылымдарда жариялауға ықпал етеді.
басшысы мен жетекші маман
/мекеменің аты/
тәлімгерлеріне студенттердің мамандауына ықпал жасағаны үшін университет тарапынан сағаттық көлемде өтемақы төленеді.
Маманданушы студенттің өндірістік практика кезінде жасаған жұмысы /аудармасы/ екі дана етіліп жасалады. Оның жұмысына маман- төлемгердің қолы қойылған мінездеме - баға беріледіғ бұл құжаттардың бір данасы университетке жіберіледі, екінші данасы
сақталады.
Осы ШАРТ 5 жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың бірі Шартты тоқтату туралы мәлімдемесе, оның күші тағы да 5 жылға өздігінен ұзартылады.
Шарт 199__ қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік
университетінің ректоры
басшысы
/мекеменің аты/
Келісім шарт
Келісім шарт - жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқытары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде кәуландырылатын ресми құжат.
Шарттың (келісім шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (Тараптар) немесе Тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
- Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz