Етістіктер



Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Етістік жіктелмейді, көпше түрі болмайды. Мысалы: mi faras - мен істеп жатырмын, la patro faras - әкем істеп жатыр, ni faras - біз істеп жатырмыз.
Осы шақ -as жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: mi faras мен істеп жатырмын.
Өткен шақтың жалғауы - is. Мысалы :li faris - ол істеді.
Келер шақ – os жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: li faros - ол істейді.
Шартты райдың жалғауы - us . Мысалы: li farus - ол істесе.
Бұйрық райдың жалғауы - u: Мысалы: faru - істе, істеңіз
Тұйық етістік – I жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: fari - істеу.
Есімше мен көсемше:
Осы шақтың жалғауы - ant Мысалы: faranta - істейтін,farante – істеп.
Өткен шақтың жалғауы –int. Мысалы:farinta - істеген.
Келер шақтың жалғауы - ont. Мысалы:faronta – істегелі.
Ырықсыз етістің осы шағы – at жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: farata - істелетін.
Ырықсыз етістің өткен шағы –it жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: farita - істелген.
Ырықсыз етістің келер шағы – ot жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: farota - істелер.
Ырықсыз етістің әр түрлері est- деген етістік және ырықсыз етіс осы шағының есімшесі арқылы жасалады. Мысалы: ŝi est/as am/at/a de ĉiuj – ол бәрі адамдармен жақсы кәрінеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Етістіктің шақтары
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және
қарымы ең кең грамматикалық категория.

Етістік жіктелмейді, көпше түрі болмайды. Мысалы: mi faras - мен істеп
жатырмын, la patro faras - әкем істеп жатыр, ni faras - біз істеп
жатырмыз.

Осы шақ -as жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: mi faras мен істеп
жатырмын.

Өткен шақтың жалғауы - is. Мысалы :li faris - ол істеді.
Келер шақ – os жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: li faros - ол істейді.

Шартты райдың жалғауы - us . Мысалы: li farus - ол істесе.
Бұйрық райдың жалғауы - u: Мысалы: faru - істе, істеңіз
Тұйық етістік – I жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: fari - істеу.

Есімше мен көсемше:

Осы шақтың жалғауы - ant Мысалы: faranta - істейтін,farante – істеп.

Өткен шақтың жалғауы –int. Мысалы:farinta - істеген.

Келер шақтың жалғауы - ont. Мысалы:faronta – істегелі.

Ырықсыз етістің осы шағы – at жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: farata -
істелетін.

Ырықсыз етістің өткен шағы –it жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: farita
- істелген.

Ырықсыз етістің келер шағы – ot жалғауы арқылы жасалады. Мысалы:
farota - істелер.

Ырықсыз етістің әр түрлері est- деген етістік және ырықсыз етіс осы
шағының есімшесі арқылы жасалады. Мысалы: ŝi estas amata de ĉiuj – ол
бәрі адамдармен жақсы кәрінеді.

Жалаң етісітіктер

Жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы
жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Жалаң етістіктер
мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала,
сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. т.

Түбір етістіктер

Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек,
қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге
болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба,
ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай,
де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз,
жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып
отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол
себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз
есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға
болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің
ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай
(бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ тоқта
(тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла),
шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып
жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер
мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып
бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.

Туынды етістіктер

Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы
жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және
жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла
береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та,
іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.

Есім негізді етістіктер

Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын
етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын
есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
1. -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;
2. -лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;
3. -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;
4. -лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;
5. -а (-е) жұрнағы;
6. -ай (-ей, -й) жұрнағы;
7. -қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;
8. -ар (-ер, -р) жұрнағы;
9. -ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;
10. -ық (ік) жұрнағы;
11. -сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;
12. -сын (-сін) жұрнағы;
13. -сыра (-сіре) жұрнағы;
14. -ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы;
15. -ырай (-ірей) жұрнағы;
16. тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен
етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз
жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:
o -ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т.
б.)
o -шы, -ші
o -ан, -ен, -ын, -ін, -н
o -ырқа, -ірке
o -ырқан, -іркен
o -ына, -іне
o -қа, -ке, -ға, -ге
o -ди, -тый, -ти

Етістік негізді етістіктер

Бұл салаға етістік негіздерінен арнааулы жұрнақтар арқылы жасалатын
туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай
екі салаға бөлуге болады.
• Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына
амалдың жиілену, еселену, қайталану, үстемелену, солғындау сипаттарын
білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады, олар, шартты түрде,
амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады.
1. -ла (-ле, -да, -де, -та, -те)
2. -қыла (-кіле, -ғыла, -гіле)
3. -мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле)
4. -ғышта (-қышта, -кіште, гіште)
5. -ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре)
6. -ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре)
7. -ыстрыр (-істір, -стыр, -стір)
• Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың
субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар
етіс жұрнақтары деп аталады. Ерекшелігіне қарай, бұл жұрнақтар етіс
категориясының арнаулы формалары болып саналады да, етістердің
көрсеткіштері делініп танылады.
1. -ыс (-іс, е)
2. -т
3. -тыр (-тір, -дыр, -дір)
4. -қыз (-ғыз, -кіз, -гіз)
5. -ыл (-іл, -л)
6. -ын (-ін, -н)

Күрделі етістіктер

Күрделі етістіктердің түрлері:
• Құранды етістік
• Құрама етістік
• Сараламалы етістік
• Суреттеме етістік
• Тұрақты етістік

Құранды етістік

Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті
(көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде
қызмет етеді.
Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.

Құрама етістік

Бұл етістіктердің әрбір компонентінде өзді-өзіне дербес лексикалық
мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-
бірімен парапар я тең түседі.
Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып
кет, ала кет, келіп кет т. б.

Сараламалы етсітік

Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады.
Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған
қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен соңғы көмекші
етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша
грмматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші
етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да,
өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері
де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я
өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды
білдіреді.
Мысалы: айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып
көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғасыз баяндауыштың ерекшелігі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Етістік категориялары
Әкім Таразидің Қорқау жұлдыз романы
Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
Жалаң түбір тұлғалы салт етістіктердің семантикасы
Пәндер