Шу мен вибрацияның адамға әсері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
гоеграфия факультеті
геоморфология және картография кафедрасы
Шу мен вибрацияның адамға әсері
Орындаған: Аимбетов Е.
Тексерген : Азат С.
Алматы 2010 жыл
Мазмұны:
1. Кіріспе;
2. Вибрацияның организмге жалпы әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі;
3. Адам ағзасына шудың әсері;
4. Қортынды ;
5. Негізгі әдебиеттер тізімі;
1. Кіріспе
Вибрацияның организмге жалпы әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі (Милков Л. Е., Рыжкова М. Н., Суворов Г. А және тағы басқалары., 1982) .
Бастапқы көріністері (І деңгей) .
- Ангиодистониялық синдром (церебралды немесе шеткі) ;
- Вегетациялық-вестибулярлы синдром;
- Аяқтың полиневропатиясының сенсорлы синдромы (вегетативті-сенсорлы) .
Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей) .
- Церебралды перифериялық ангио-дистониялық синдром;
- Сенсорлы полиневропатия синдромы қосымша:
А. Полирадикулярлы бұзылыстармен;
Б. Екіншілік бел-сегізкөз түбірлік синдромымен;
В. ЖЖ қызметінің бұзылыстарымен.
Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей) .
- Сенсорлы моторлы полиневропатия синдромы.
- Шеткілік энцефалопатия синдромы.
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады . Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
2. Вибрацияның жергілікті әсеріне байланысты тербеліс ауруының жіктелуі:
Бастапқы көріністер - 1 деңгей
- Саусақтардың ангиоспазмымен, қолдың шеткілік ангиодистониялық синдромы;
- Сенсорлы синдром (қолдың вегетативті сенсорлы полиневропатиясы) ;
Шамалы айқындықтағы көрініс (ІІ деңгей) .
- Саусақтардың жиі ангиоспазмдарымен қолдың шеткілік ангиодистониялық синдромы;
- Қолдың полиневропатиясының вегетативті-сенсорлы синдромы:
- саусақтардың жиі ангиоспазмымен;
- саусақ ұштарындағы тұрақты вегетативті-трофикалық бұзылыстар;
- қолдың тірек қимыл аппаратының дистрофиялық бұзылыстарымен периартроз, артроздар;
- мойын иық плексопатиясы;
- церебралды ангиодистониялық синдром.
Айқын көріністерімен (ІІІ деңгей) .
- Қолдың полиневропатиясының сенсорлы-моторлы синдромы
- синдромы
- Генерализденген акроангиоспазммен полиневропатия синдромы
Тербеліс ауруының клиникасы: Жергілікті вибрацияның әсерінен пайда болған, вибрациялық ауруды 4 кезеңге бөледі. І-кезеңінде, қол саусақтарындағы ауыспалы ауырсынулар, парестезиялар, жансызданулар болады. ІІ-кезеңде, ауырсыну және парестезия сезімдері айқын және тұрақты болады, тамырлар тонусындағы өзгерістер анықталынады, нақты сезімталдықтардың бұзылыстары болады. Вегетативті дисфункция және астения көріністері дамиды. ІІІ-кезеңінде вазомоторлы және трофикалық бұзылыстар айқын болады, ауырсыну ұстамалары, жансыздану және парестезиялар, айқын вазоспазм- саусақтардың ағаруы, аралас бұзылыстар сезімі пайда болады. Вибрациялық сезімталдықтың толығымен жойылуы тән, сіңір рефлекстерінің тежелуі немесе жойылуы тән, артериялды қысымның жоғарлауымен вегетативті дистония, гипергидроз пайда болады. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары анықталынады, рентгенде сүйек және буындардағы өзгерістер анықталынады. ІҮ-кезеңінде, жергілікті органикалық зақымдангулар, мысалы, энцефаломиелопатия дамиды(сирек кездеседі) . Айқын трофикалық және сезімталдықтың бұзылыстары болады. Нерв бағаны бойындағы және саусақтардағы, буындардағы ауырсыну синдромдары тұрақты сипатта болады. Ангиодистониялық криздер қолдың шеткі тамырларын ғана емес, сонымен қатар коронарлы және ми тамырларының аймақтарында қамтиды.
Вибротығыздықтағы бетонмен жұмыс істейтін адамдарда, вибрацияның жергілікті және жалпы әсерлерінен пайда болған, вибрациялық ауру дамиды. Ангиополиневропатия синдромының осы түрі невростения синдромының дамуымен қатар жүріп, гиперстениялық түрін құрайды, ал астения тежелу процестерінің күрт әдсіреуімен жүреді. Шағымдарының ішінде, басының ауырсынуы, бас айналу, сезімталдықтың жоғарлауы, тітіркендіргіштік, аяқтарының сыздап ауырсынуы, жансыздануы, парестезиялары басым болады. Соңғы кезеңдерінде басының аурулары тұрақты және вегетативті криздер(өзін нашар сезіну, тахикардия, ауаның жетіспеушілігі, қоқыныш, терморегуляцияның бұзылыстары) қосылады. Неврологиялық симптомдарға есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы жатады. Сирек табан саусақтарының бозаруымен, диффузды тер бөлінулер байқалады. Аяқтарда симптомдар басымырақ анықталынады: вибрациялық сезімталдықтың бұзылыстары, парестезиялар және т. б. анықталынады. сіңір рефлекстерінің басында кідіруі, соңынан тежелуі дамиды, трофикалық бұзылыстар (табан саусақтарындағы терінің жұқаруы, бұлшық еттердің гипотрофиясы), қан өысымының шамалы жоғарлауы, оның ассиметриясы, ЭКГ өзгерістер болады. ЭЭГ эпилептиформды белсенділік ошақтары анықталынады. айқындылық деңгейлеріне байланысты, кезеңдерге бөледі, ол еңбек ету қабілетінің сараптамасында маңызды.
Жалпы вибрацияның әсерлерінен пайда болған вибрациялық ауру - вестибулопатия (жүйелі емес бастың айналуы) мен бас ауруларымен көрінеді. Естудің және көрудің өзгерістері, бағаналық және жұлындық симптомдар, асқазан-ішек дискинезиясы, іштегі ауырсынулар, арқада көбінесе, бел-сегізкөз аймақтарындағы түбірлік ауырсынулар байқалынады.
Диагностикасы және салыстырмалы диагнозы. Диагнозды қояр алдында ең алдымен кәсіптік анамнезіне, жұмыс орнының санитарлық гигиеналық жағдайына көңіл аударады. Науқасты қазіргі кездегі клиникалық-фармакологиялық әдістермен тексеру керек. Комплексті тексерулердің ерекшеліктері аурудың бастапқы ерте клиникалық көріністерін анықтауда және ағзаның қызметінің мүмкіндіктерін анықтауда маңызды. Қараған кезде қолдың, аяқтың тері жабындыларының түсіне көңіл аударады, терінің температурасын өлшейді; әсресе сезімталдықты тексеруге аса көңіл аударады (вибрациялық, ауырсыну) . Сонымен қатар, сүйек-буын, бұлшық ет және жүрек тамыр жүйесіде тексеріледі. Суық сынамаларын, капилляроскопияны, термометрияны, , электротопометрияны, поликардиографияны қолданады, жүрек тамыр жүйесін тексереді.
Вибрациялық ауруды басқа себептен пайда болған аурулардан ажырату керек (Рейно ауруы, сирингомиелия, вегетативті полиневрит, миозит және т. б) .
Тербеліс ауруының емі. Себебі мен патогенезіндегі факторларды ескере отырып, емді ерте бастау керек. өзін өзі күту, көп физикалық күш түсірмеу, ағзаға вибрацияның әсерін уақытша немесе тұрақты шектеу этиологиялық принциптерді құрайды. Патогенездік ем комплексті болу керек, онда дәрілік және физио емді қолдану керек. Дәрілік заттардың ішінде ганглиблокаторлы заттарды аз мөлшердегі холинолитиктермен және тамырды кеңейтетін препараттармен бірге қолданған нәтижелі. 3-4 күндік үзіліспен, 2-3 курстық емммен, күнара 10 мл 1% бұлшық етке спазмолитинді қолданады. Спазмолитинді бұлшық етке 0, 5% 3-10 мл новокаин ертіндісімен кезектестіріп отырады. Амизилді 0, 001 г таблетка түрінде тағайындайды. Метамизилді ұнтақ түрінде береді 0, 001 г тамақтан соң 10-15 күн бойы. Цинаризин және белласпонмен қосып никотин қышқылын беру жақсы нәтиже көрсеткен. Вегетативті параксизмдер кезінде пирроксанды қолданады. Витаминдік ем көрсетілген.
Физиоем ішінде дәрілік препараттармен (5% новокаин ертіндісі немесе 2% бензогексонидің сулы ертіндісі) қол саусаұтарымен табанға электрофарезді қолданады. Тоқтың күші 10-15 Ма, процедураның ұзақтығы 10-15 минут.
Полиневриттік синдромдар кезінде жоғарғы жиіліктегі электротерапияны қолдану нәтижелі. Сонымен қатар инемен рефлексті ем қолданады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы.
Тербеліс ауруының 1 деңгейінде - динамикада дәрігердің бақылауымен бұрынғы жұмыс орнында жұмысын жалғастрып, белсенді түрде амбулатолрлы ем алады.
Тербеліс ауруының 2 деңгейінде - қолайсыз кәсіптік факторларға байланысты, науқас міндетті түрде жұмыстан шегеріледі. Науқасқа 1-2 айға дейінгі жұмысқа жарамсыздық парағы және санаторлық курорттық ем ұсынылады, сонымен қатар ары қарайғы динимикалық бақылу мен жұмысқа жарамдылық сұрағы шешіледі.
Ауыр жағдайларда, толығымен немесе біраз ғана жұмыс ету қабілетін жоғалтқан болса, науқасты вибрациямен байланысы жоқ жұмысқа орналастырады немесе ДЕСМ бағыттама береді.
Тербеліс ауруының профилактикасы.
- Жұмыстың ұйымдастырылуының дұрыстығы (әр бір сағат сайын 10 минуттық үзіліс, өндірістік жаттығулар, бөлмедегі температура 160С төмен болмау керек) .
- индивидуалды профилактика (жұмысшылардың инструктажы, алақанның беті мен қолға арналған арнайы қолғаптар) .
- цехтардағы профилактикалық медициналық процедуралар (ыстық сумен ванналар, УФС, В1, С1және РР витаминдерін қабылдау) .
Жұмысқа қабылдауға болмайтын көрсеткіштер:
- айқын вегетативті дисфункциялар, шеткі жүйке жүйесінің сүлелі аурулары;
- облитерирлеуші эндартериит, Рейно ауруы, шеткі тамырлардың ангиоспазмы;
- тірек қимыл аппараттарының аурулары, қозғалыс қызметінің бұзылыстарымен;
- кез келген себептен пайда болған вестибулярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары;
- әйел жыныс ағзаларының орналасуларының аномалиялары;
- жоғары және асқынған жақыннан көргіштік(9, 0Д жоғары) ;
- шизофрения және т. б эндогенді психоздар.
Отоларинголог және невропатолог, терапевтердің қатысуымен 12 айда 1 рет кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек.
3. Адам ағзасына шудың әсері
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.
Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең - 16 - 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
«Шулы» мамандығы бар жұмысшылардағы естуді бағалау критерилері. Шудың әсерін зақымдайтын адекватты көрсеткіштерге есту ағзасындағы естудің төмендеуі жатады.
Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын шешу кезінде, «шулы» мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.
Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.
Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:
- Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар медициналық мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
- Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
- Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шулы өндірістерді қараған кезде, медициналық мекемелерде есту ағзасына бастапқы шудың әсерін анқтау үшін қолданылады.
Аудиометриялық тексерулер үшін тондық аудиометрия қолданылады, босағалық деңгейдің экиваленттері ГОСТ 13655-75 деңгейіне сәйкес келеді. Аудиометриядағы тондардың өзгерістері біркелкі және баспалдақты болу керек, 5 Дб артық болмау керек. тексерулер үшін қолданылатын аудиометриялардың ГОСТ 8. 002-71 бойынша мемлекеттік тексеру куәліктері болу керек. Аудиометрияның кезеңді тексерулері жылына бір рет жргізіледі. Тексерулерлер алдында аудиометриялық аппараттың инструкция бойынша дұрыстығын тексеру керек, сонымен қатар кем дегенде 5 адамның «биологиялық» калибровкалары жүргізілді.
Аудометриялық тексерулер мекемелерде жүргізіледі, шулардың деңгейі аспау керек: 1 әдіс үшін - 15 дБА және 50 ДБА; 2 әдіс үшін - 30 дБА және 65 дБА; 3 әдіс үшін 35 дБА және 70 ДБА. Шуды арнайы шумомермен өлшейді оның класы ГОСТ 17187 - 71 бойынша 2 төмен болмау керек. Бөлмеде эксперементті жүргізетін адам және тексерілетін адамнан басқа ешкім болмау керек.
Аудиометриялық тексерулерді 80 дБА жоғары деңгейі бар кәсіпорындарда есту қабілетін қалыптастыру үшін 14 сағат ішінде жүргізеді. Есту босағалырының уақыттық ығысуларын шудың әсері тоқтағаннан кейін 5-ші минутта жүргізеді. Тексерулер кезінде арнайы шарттар бар, ол тексерілуші аудиометрияның панелін көрмеу керек және манипуляцияны жүргізетін адамның түрін көрмеу керек.
Есту босағасын анықтауды келесі келесі дыбыс жиіліктерін өткізу тәртібімен жүргізген дұрыс: 1000, 2000, 3000, 4000, 6000, 8000, 1000, 500, 250 және 125 Гц - 1 әдістер үшін; 1000, 2000, 4000 - 2 әдіс үшін; 1000 және 4000 Гц 3 әдіс үшін.
Есту босағасын анықтау дыбысты ауалық өткізумен арнайы оң және сол құлақтарға сәйкес әрбір құлақтар үшін аудиометр телефондары арқылы анықталынады, ал 1 әдісті қолданған кезде сүйектік телефонды қолданады. Тексерілуші әр жиіліктегі тондардаың естілулерімен таныс болу керек. Дыбыс пайда болған кезде сигнал кнопкасын басады (саусағын көтереді), ол жоғалған кезде кнопканы түсіреді. (саусағын түсіреді) ; жауаптардың дұрыстығын сигналдардың үзілістерімен тексереді.
Егер нәтижесінде 3 сәйкестік болса, есту босағасы осы жиілікте бекітілген болып саналады.
Аудиомериялық тексерулердің ұзақтығы 30 минуттан аспау керек.
Жұмысшылардың есту жағдайлары кереңдікке байланысты анықталады, естудің аудиометриялық тексерулер нәтижесі кестедегі естудің сандық критерилері бойынша анықталады (Остапкович В. Е., Пономарев Н. И., 1977ж) .
Есту қызметтерін бағалау критерилері
Есту ағзаларын шудың әсер ету белгілері
Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит
Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит
Естудің ауқымды түрде төмендеуімен кохлеарлы неврит
10 дейін
11-20
21-30
31-45
50±20
60±20
65±20
70±20
5±1
4±1
2±1
1±0, 5
1 дәрежесі - есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц - тен 50 дБ(±20) ; сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1) .
2 дәрежесі - Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 4 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
3 дәрежесі - Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 21 ден 30 дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 2 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
4 дәрежесі - айқын дәрежелі естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 31 ден 45 дБ жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 1 м (±0, 5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
Ағзаға шудың арнайы емес әсері. Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.
Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа көшеді. Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э. А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л. Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л. Е және т. б., 1978) .
Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде тұрақсыздық байқалынады.
Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.
Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н. Н., 1971ж) . Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М. Е. Хаймович және С. В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған қанның систолалық және минуттық көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.
Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған, арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.
Емі. Шудың себебінен пайда болған кохлеарлы неврит кезінде консервативті емдеу әдісі қолданылады; ол лабиринттің рецепторларының қызметін жақсартуға бағытталған. Емдеу әдістері медикаментозды, физиотерапиялық, дауысты белсендіретін болуы мүмкін, рефлексотерапияда қолданылады.
Кохлеарлы невриті бар науқастарға ототоксикалық әсерлері бар дәрілерді қолдануға болмайды, әсіресе аминогликозид қатарының антибиотиктерін. шудың әсерінен пайда болған кереңдіктің медикаментозды емі кезінде, И. Б. Солдатов және А. Я. Миркин бойынша (1979), төрт енгізгі бағытта әсер беретін дәрілік заттардың комплексін тағайындаған дұрыс: 1) . Жүрек жүйесіне әсер ететін, церебралды және ішкі құлақ артериясындағы қан айналымды жақсартатын; 2) . Жасушалық және тіндік метаболизмге әсер ететін; 3) . Ішкі құлақтың рецепторлы аппаратын тонуста ұстайтын және жүйке импулстарының өтімділігін жақсартатын; 4) . Бас миының үлкен жартысындағы қыртыстағы негізгі жүйке қатынастарының реттелуі. Ұлудың қан айналымын папверин, платифиллин, эуфиллин жақсартады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz