Төрт түлік (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тақпақтар)


Төрт түліктің ішіндегі ең ірісі және жер бетіндегі денеісі едәуір үлкен, ауыр салмақтыжануарлардың бірі – түйе. Үлкен түйенің салмағы шамамен 650-690 килограмм. Пілден әлдеқайда биік те, салмақты мамонттар бірнеше мыңдаған жылдар бұрын жер бетінде тіршілік еткен. Мамонтты қазақтар «зіл» деген. «Зілдей болып» деген мәтел содан қалса керек. Түйе арқасына май жинайды, оны «өркеш» деп атайды. Қазақстанда бір өркешті және екі өркешті түйелер өсіріледі. Бір өркешті түйе «нар» деп, екі өркештісі – «айыр түйе» деп аталады. Қазақстанда айыр өркешті түйе көбірек өсіріледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан аймақтары айыр түйе шаруашылықтарымен шұғылданады.
Түйе суға аузы тие қалса, 10 минутта 123 литр, яғни 12 шелек суды әп-сәтте сіміреді.Тіпті 200 литр суды бір ғана тыныстап, ішіп қоятын түйелер де болады екен.Сондайақ түйе жазда 4 күндей, қыста 8-12 күндей су ішпей, шөлге шыдайды. Түйенің бойы - 80 – 210см, тұрқы – 250-360см.
Құйрығының ұзындығы 50 – 58 см жетеді. Денесі ірі, көмбіс болса да, түйе 30-35 жыл ғана тіршілік етеді.
Айыр түйе 13 айда, ал нар – 14 айда бір бота туады.
Түйе – көнтабанды жануар. Піл еттұмсықты жануар болса да, оның табанының құрылысы түйеге ұқсайды. Табаны көлемді болған соң құмды және батпақты жермен жеңіл жүре алады. Сөйтіп түйе – құмға, піл батпаққа батып қалмай, еркін жүреді.
Түйе – күй талғамайтын, басқа жануарлар жей алмайтын тікенекті, қатты өсімдіктермен қоректенетін, күйіс қайыратын жануар. Түйе топтасып жүреді. Түйе тобы «келе» деп аталады. Түйе – терлемейтін хайуанат.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 17 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




М а қ а л-м ә т е л д е р

Есің кетсе - ешкі жи,
Ешкі жиып,есің жи.

Ешкіні түлен түрткенде
Шопанның таяғына сүйкенер.

Лақпын деп ойлайды
Тоқал ешкі.

Сақал текеде бар.

Ешкі қырыққан сайын өледі,
Ер жігіт ұялған сайын өледі.

Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.

Жаман теке сүзіскек,
Жаман жігіт ұрысқақ..

Қотыр теке қора бұзар.

Ешкі сойғанның екі заты бар:
Мүйізі пышаққа сап,
Мосысына қап.

Қой семізі- қойшыдан.

Қой төлемі- қозы.

Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.

Қой көрмеген, қой көрсе,
Қуалап жүріп өлтірер.

Семіздікті қой көтерер.

Қарақұрт жесе,қой семірер.

Қой шелді болмай,
Төлді болмайды.

Қойдай қоңыр,
Қозыдай момын.

Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.

Мал өсірсең- қой өсір,
Өнімі оның көл- көсір.
Қошқар соймай, қой сойсам,
Жасық дерсің.
Қой соймай, қошқар сойсам,
Сасық дейсің.

Палуан болар баланың
Етек, жеңі кең келер.
Қошқар болар қозының
Маңдай жағы дөң келер.

Қойшы қошқарын мақтайды
Тентек шоқпарын мақтайды.

Жетім қозы – тас бауыр
Түңілер де, отығар.

Сиырлы кісі-сыйлы кісі,
Түйелі кісі-күйлі кісі.

Сиырлының үйі-айран,
Сиырсыздың үйі сырдан.

Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.

Өгізге туған күн,
Бұзауға да туады.

Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.

Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.

Буаз бие тебіспейді,
Буаз сиыр сүзіспейді.

Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ,
Өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ.

Ж ұ м б а қ т а р

Маң-маң басып келеді,
т апырақтап желеді.
Мойны – ұзын, үсті- тау,
Ертеден елге бел еді. (Түйе)

Тауға таяқ қыстырдым. (Түйенің мұрнындағы)

Таптым, таптым тап жорға,
табаны жалпақ боз жорға . (Түйе)

Төребайдың төрт баласы төбелесіп келеді.
Егеубайдың екі баласы ерегісіп келеді. (Түйенің төрт аяғы және екі өркеші)

Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма. (Мінген ат)

Мінсең – желдей жүйткиді,
Көңілің таудай өседі.
Алып ұшар алысқа,
Ер қанаты деседі. (Ат)

Қамыс құлақ, дара тұяқ,
Ұзын құйрық , жалы бар.
Ер- қанаты аталатын,
Айтшы қандай жануар? (Ат)

Тай құлынды кім білмейді?
Бие, байтал тағы бар.
Айғыр, тұлпар, дүлдүлдердің
Жалпы атауын табындар.(Жылқы)

Екі ошаққа бір көсеу. (Сиырдың танауы мен тілі)

Төрт бұлағы – сүт.
Баға білсең – құт. (Сиыр)

Қисық ағашқа қар жұқпас. (Сиырдың мүйізі)

Шайнаңдайды сағыз,
Сүттің кені нағыз. (Сиыр)

Еті дәмді, сүті қою- қорғасын,
Өзі момын, өнімі мол болған соң.
Құрметтейді басын тартып қонаққа
Бұл қай түлік?
Жалған жауап болмасын! (Қой)

Халық сенген, жылға енген,
Бойы аласа, өнімі тамаша.
Сүтін ішіп, етін жейсің.
Ал мұны қай түлік дейсің? (Қой)

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Төлі – егіз,
Өзі – семіз,
Айтшы, кәне,
Қай түлік дейміз? (Қой)

Басында екі таяғы,
Сидаңдаған аяғы.
Құйрығы келте, тынымсыз
Қоймен бірге жаяды. (Ешкі)

Селтең- селтең құлағы,
Орнықпаған тұрағы.
Ойнақтайды секеңдеп,
Шештің мұны не екен деп? (Ешкі)

Көтере алмай ішкен суын,
Күшеніп жатыр,
Жаңғыртып қамыс нуын. (Әупілдек)

Жанды “сағат”,
Айғай салады. (Есек)

Шұбарала дүлей,
Шұбатылған үрей. (Жылан)

Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)

Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)

Жазыңда қаңғиды,
Қысыңда қалғиды. (Аю)

Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу. (Түлкі)

Адам пішіндес,
Айтсаң, түсінбес.
Киім тоқымас,
Кітап оқымас. (Маймыл)

Төрт түлік мал туралы өлеңдер.
Е ш к і

Ешкі қойды бастаған,
Қойды артына тастаған.
Ешкі деген жануар,
Сойса саны қалақтай,
Сауса сүті бұлақтай.
Тастан тасқа секіріп,
Ойнағанын қайтерсің!
Тентектігін текесі
Қоймағанын қайтерсің.
Қойға қасқыр шапқанда,
Көрегенін қайтерсің.
Орма құлақ ор ешкі
Салпаң құлақ сары ешкі!

Т ү й е

Мал ішінде киелі,
Асыл туған сүйегі.
Тұра келсем орнымнан,
Төбем көкке тиеді.
Жүнім жұртқа өтімді,
Үнім азан секілді.
Жатқан кезде төбедей,
Жүрген кезде кемедей.
Екі өркешім баладай,
Омырауым даладай.
Терім қалың құйқалы,
Сүтім қою шипалы.
Келбетіміз келісті,
Үлпілдеген желісті.
Маң- маң басып ырғалған,
Бота көзі нұрланған.
Сенемін деп бойыма,
Жылдан- дағы құр қалғам.
Сортаң жерді мекендеп,
Жантақ тәтті екен деп,
Соза- соза мойнымыз,
Өсті ұзарып бекем боп.
Жұрттан биік өресі,
Көкке жеткен төбесі,
Алып тұрқы денесі,
Желкілдеген шудасы,
Боз даланың кемесі.
Доға мойын майтабан,
Төрт түліктің төресі.
Мөлтілдетіп көзімді,
Таныстырдым өзімді.
Қысты күні қаһарлы,
Жазда шөлге төзімді.
Ойсылқара баласы,
Түлік басы- Түйемін!
С и ыр
Өлеңді жерде семірген,
Сілекейі шұбырған.
Бөріге бұзау бермеген,
Шиырып құйрық сермеген.
Баға жетпес құны бар,
Сала құлаш тілі бар.
Таусылмайтын құты бар,
Шелек- шелек сүті бар.
Қос бүйірі ыңқылдап,
Тұяқтары сыртылдап,
Қырық күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын толғанда,
Оқалақтап жүгірген,
Аш күзендей бүгілген.
Ойпаң жерде секірген,
Өзін білмей өкірген.
Екі көзі аларған,
Жер тарпыған сүзеген,
Шалшық кешкен тізеден.
Салбыраған әукесі,
Мұңды жердің еркесі,
Зеңгі баба баласы,
Сиыр деген – мен болам!

Қ о й

Мінезі жұмсақ жайдары,
Білмейтін қулық –айланы.
Бітпейтін сауық-сайраны,
Қызмет етіп келеміз,
Адамға әркез пайдалы.
Жастанса – жұмсақ торқамыз,
Тамсана – тәтті сорпамыз.
Қырғанына мәз болған,
Қарнында кетер қолқамыз,
Қасқырдан ғана қорқамыз.
Торқадан киген тоны бар,
Май басқан құйрық, жоны бар.
Атадан қалған жолы бар.
Семіздікті көтерген,
Ыстық жерде жөтелген.
Шұрайлы алқап өрісі,
Шапқанда қырдың бөрісі,
Жыртылған дал-дал терісі.
Төрт түліктің момыны,
Өзгеден бөлек орыны.
Қошқар Ата баласы,
Қасиетті Қой балам!
Түйе, Жылқы Сиыр, Қой – төрт түлік осы, біліп қой!

Ең зор түлік – түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң, сүтім- шұбат,
Дертке дауа, жанға қуат.
Қу тышқанға алдандым,
Жыл басынан құр қалдым.

Арғымақ, тұлпар – жылқымын,
Мақтанымын жұртымның.
Ерге – қанат тұлпар мен,
Қай түлік келер маған тең?!
Сүтім - қымыз, етім - ем,
Білесің бе оны сен?

Мінезім жайлы – сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім -дәмді, сүтім – бал,
Сырымды менің ұғып ал:
Қажет болса сүт, қаймақ,
Балауса шөп бер, сиыр бақ.

Қой-ешкі – бір түлікпіз,
Бірге өстік, еш күдіксіз.
Теріміз - тон, былғары,
Жүніміз – киім, тұр әне.
Еті -тәтті, сүті бал
Қой-ешкі – ең құнды мал.

Т ү л і к т і ң б е л г і с і

Түйе – Байлық,

Қой - Мырзалық,

Ешкі – Жеңілдік,

Жылқы – Сәндік,

Сиыр – Ақтық.

Т ү л і к и е л е р і

Жылқы иесі – Қамбар Ата
Сиыр иесі – Зеңгі Баба
Түйе иесі – Ойсылқара
Қой иесі – Шопан Ата
Ешкі иесі – Шекшек Ата

Т ү л і к т і қ ұ р м е т т е у

Кендірмен байлама,

Жыңғылмен айдама,

Кендірмен байласаң,

Жыңғылмен айдасаң,

Мал бітер деп ойлама.

Т ү й е – түлік төресі

Төрт түліктің ішіндегі ең ірісі және жер бетіндегі денеісі едәуір
үлкен, ауыр салмақтыжануарлардың бірі – түйе. Үлкен түйенің салмағы шамамен
650-690 килограмм. Пілден әлдеқайда биік те, салмақты мамонттар бірнеше
мыңдаған жылдар бұрын жер бетінде тіршілік еткен. Мамонтты қазақтар зіл
деген. Зілдей болып деген мәтел содан қалса керек. Түйе арқасына май
жинайды, оны өркеш деп атайды. Қазақстанда бір өркешті және екі өркешті
түйелер өсіріледі. Бір өркешті түйе нар деп, екі өркештісі – айыр түйе
деп аталады. Қазақстанда айыр өркешті түйе көбірек өсіріледі. Маңғыстау,
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл,
Алматы, Шығыс Қазақстан аймақтары айыр түйе шаруашылықтарымен шұғылданады.
Түйе суға аузы тие қалса, 10 минутта 123 литр, яғни 12 шелек суды әп-сәтте
сіміреді.Тіпті 200 литр суды бір ғана тыныстап, ішіп қоятын түйелер де
болады екен.Сондайақ түйе жазда 4 күндей, қыста 8-12 күндей су ішпей, шөлге
шыдайды. Түйенің бойы - 80 – 210см, тұрқы – 250-360см.
Құйрығының ұзындығы 50 – 58 см жетеді. Денесі ірі, көмбіс болса да, түйе
30-35 жыл ғана тіршілік етеді.
Айыр түйе 13 айда, ал нар – 14 айда бір бота туады.
Түйе – көнтабанды жануар. Піл еттұмсықты жануар болса да, оның табанының
құрылысы түйеге ұқсайды. Табаны көлемді болған соң құмды және батпақты
жермен жеңіл жүре алады. Сөйтіп түйе – құмға, піл батпаққа батып қалмай,
еркін жүреді.
Түйе – күй талғамайтын, басқа жануарлар жей алмайтын тікенекті, қатты
өсімдіктермен қоректенетін, күйіс қайыратын жануар. Түйе топтасып ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Мақал - мәтелдер
Мақал – мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Төрт түлік
Мақал-мәтелдер – халық даналығы
Қазақ халқы және төрт түлік мал
Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі
Мақал-мәтелдер құрамындағы сан есімдердің этнолингвистикалық сипаты
Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал – мәтелдер
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь