Шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың есебі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Кәсіпорынның қаржы.шаруашылық қызметі және оның негізгі
көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Кәсіпорында есеп саясатын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2. ШЫҒЫНДАР МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН
КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУДЫҢ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.1 Шығын элементтері және баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау бойынша жалпы жағдайлар ... ... 28 2.3 Өндіріс шығындары есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.4 Өндіріс шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3. ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ..48 3.1 Өнім шығаруға кеткен шығынның жалпы сомасын талдау ... ... ... ... ... ...48
3.2 Өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
3.3 Жанама шығындарды талдау және өнімнің өзіндік құнын
төмендетудің резервтерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

Бухгалтерлік есеп, нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие.
Есепке алу мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп елдің экономикалық даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады.
Экономикалық қызметшілер, оның ішінде бірінші кезекте бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатулары және арзандатулары қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықатрын азайтуға,оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге қоршаған ортаны сақтауға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдер өндіретін өндірістерін ұлғайтуға мүдделі.
Кәсіпорында есеп бухгалтерлік есеп жүргізлумен қатар оған талдау жүргізілуі тиіс. Шаруашылық қызметті талдау – мемлекеттік өнеркәсіптерді, министерліктердің ведомствалардың жұмыс істеуін талдау, басқару және оларды жоғары өрлеу тиімділігін кешенді зерттеу болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау жұмыстардың анықтығын және объективті түрде дұрыстығын тексеруде, тек қана талдау емес,сонымен қатар бухгалтерлік және статистикалық есептердің мәліметтері, экономикалық нормативтер, жоспарлы көрсеткіштердің тапсырмасы, техникалық деңгейдің көрсеткіштері және тағы басқалары әсер етеді.
Шаруашылық қызметті талдау жүйесін зерттеу толық және тақырыпты болып бөлінеді. Тақырыпты талдау кезінде өндірістік экономикалық қызметтердің бөлек бағытатры: өндірістік жоспарлардың орындалуы және өнімнің сатылуы, өзіндік құнын көрсеткіштерін төмендету, еңбек ақы төлеу және техникалық жоспарлар мен материалдарды, материалды-техникалық қамту мәселелері қарастырылады.
Сонымен талдай келе өнеркәсіп көптеген салалардың қосындысын құрайды. Бұл салалар бірнеше дамыған мекемелерден, өндірістік құрылымдардан, өнім өндіруге бағыттары және де шикізаттар мен материалдарды, техникалық процесстерді қолданудағы ұқсастықтарымен ерекшеленеді.
Нарық экономикасында салалы өнеркәсіп топтарының ішінде ең қажетті және бірінші орында тұрған сала тамақ өнеркәсібі болып табылады. Тамақ өнеркәсібі әртүрлі салалардың қосындысынан тұрады. Бұл саланың негізгі міндеті –азық-түлікпен тұрғылықты халықты қамтамасыз ету.
Тамақ өнеркәсібінің экономикалық білудегі ең маңыздысы бөлек салалардың өзіне тән есебін тексеру болып табылады. Бұл есептер саланың техникалық ерекшеліктерін, технологиясын мекеменің өнімділігін, оның салалық структурасын және тамақ өнеркәсібінің даму деңгейін қарастыру болып табылады.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 24.06.2002 ж. заң күші бар жарлығы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы № 20 заң күші бар жарлығы. (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулармен).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министерлігінің бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.
4. Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
5. Әбдіманапов А. Бухгалтер және қаржылық есеп принциптері. – Алматы, 2006.
6. Дүйсембаев К.Ш. Аудит негіздері. – Алматы, 1994.
7. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. – Алматы: Экономика, 1998.
8. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Есеп саясаты. – Алматы, 1997.
9. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. – Алматы, 2003.
10. Кеулімжаев Қ.К., Төлегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Құдайбергенов Н.Л. Субъектінің қаржы шаруашылық қызметі бухгелтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. – Алматы: Экономика, 1998.
11. Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, 2000 г.
12. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.
13. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. – Алматы: Изд. «Экономика», 2001. – 290 с.
14. Международные стандарты аудита, март 2002 г.
15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятий. – Алматы: Центраудит–Казахстан, 1998.
16. Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. Финансовый учет на предприятии. – Алматы, 1999.
17. Радостовец В.К. Сквозной пример по бухгалтерскому учету и налоговой отчетности. – Алматы: Центраудит–Казахстан, 1999.
18. Радостовец В.К., Радостовец В.В. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы: Экономика, 2002.
19. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2006.
20. Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерская отчетность, ее виды и назначение. – Алматы: Изд. «LEM» 2001. – 46с.
21. Тасмағанбетов Т.А., Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А., Рабатов О.Ж., Байболтаева Н.Ә., Радостовец В.К. Қаржы есебі. – Алматы: Дәуір, 1998.
22. Тоқсанбай С. Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Дәуір, 1998.
23. Финановый учет на предприятии. Учебник. / Под редакцией Р.М. Рахимбековой. – Алматы: Экономика, 2003. – 474 с.
24. «Подгорный зерносовхоз» АҚ-ның мәліметтері.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі және
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және оның негізгі
көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .8
1.2 Кәсіпорында есеп саясатын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2. ШЫҒЫНДАР МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН
КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУДЫҢ
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
2.1 Шығын элементтері және
баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау бойынша жалпы жағдайлар ... ... 28
2.3 Өндіріс шығындары есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2
2.4 Өндіріс шығындарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.43
3. ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . .48 3.1 Өнім шығаруға кеткен шығынның
жалпы сомасын талдау ... ... ... ... ... ...48
3.2 Өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 52
3.3 Жанама шығындарды талдау және өнімнің өзіндік құнын
төмендетудің резервтерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 57
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..59
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп, нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектілерде ерекше маңызды орынға ие.
Есепке алу мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп елдің экономикалық даму
заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады.
Экономикалық қызметшілер, оның ішінде бірінші кезекте бухгалтерия
қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы
білулері, оларды оңайлатулары және арзандатулары қажет, субъект қызметін
бухгалтерлік және нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықатрын
азайтуға,оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге қоршаған ортаны
сақтауға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдер өндіретін өндірістерін
ұлғайтуға мүдделі.
Кәсіпорында есеп бухгалтерлік есеп жүргізлумен қатар оған талдау
жүргізілуі тиіс. Шаруашылық қызметті талдау – мемлекеттік өнеркәсіптерді,
министерліктердің ведомствалардың жұмыс істеуін талдау, басқару және оларды
жоғары өрлеу тиімділігін кешенді зерттеу болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау жұмыстардың анықтығын және объективті түрде
дұрыстығын тексеруде, тек қана талдау емес,сонымен қатар бухгалтерлік және
статистикалық есептердің мәліметтері, экономикалық нормативтер, жоспарлы
көрсеткіштердің тапсырмасы, техникалық деңгейдің көрсеткіштері және тағы
басқалары әсер етеді.
Шаруашылық қызметті талдау жүйесін зерттеу толық және тақырыпты болып
бөлінеді. Тақырыпты талдау кезінде өндірістік экономикалық қызметтердің
бөлек бағытатры: өндірістік жоспарлардың орындалуы және өнімнің сатылуы,
өзіндік құнын көрсеткіштерін төмендету, еңбек ақы төлеу және техникалық
жоспарлар мен материалдарды, материалды-техникалық қамту мәселелері
қарастырылады.
Сонымен талдай келе өнеркәсіп көптеген салалардың қосындысын құрайды.
Бұл салалар бірнеше дамыған мекемелерден, өндірістік құрылымдардан, өнім
өндіруге бағыттары және де шикізаттар мен материалдарды, техникалық
процесстерді қолданудағы ұқсастықтарымен ерекшеленеді.
Нарық экономикасында салалы өнеркәсіп топтарының ішінде ең қажетті және
бірінші орында тұрған сала тамақ өнеркәсібі болып табылады. Тамақ
өнеркәсібі әртүрлі салалардың қосындысынан тұрады. Бұл саланың негізгі
міндеті –азық-түлікпен тұрғылықты халықты қамтамасыз ету.
Тамақ өнеркәсібінің экономикалық білудегі ең маңыздысы бөлек салалардың
өзіне тән есебін тексеру болып табылады. Бұл есептер саланың техникалық
ерекшеліктерін, технологиясын мекеменің өнімділігін, оның салалық
структурасын және тамақ өнеркәсібінің даму деңгейін қарастыру болып
табылады.
Димплом жұмысының тақырыбы Шығындар мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың есебі деп аталады. Диплом жұмысы Подгорный зерносовхоз
акционерлік қоғамы мәліметтерінің негізінде жазылған.
Қазіргі уақытта нарықтық өтпелі кезеңге байланысты Қазақстан
Республикасының барлық кәсіпорындарының көздеген мақсаты, ол барынша
көбірек пайда табу. Пайда жұмысы өнімнің өзіндік құнын пайдаланудың
теңділігін шешеуге тура байланысты.
Сондықтан диплом жұмысының тақырыбының өзіртілігі ол әрбір кәсіпорын
тиімді жұмыс істеу үшін үнемі өндіріс шығындарына бақылау, есепке алу және
талдап отыруы қажеттігінен шығып отыр.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті, ол жиналған теориялық
және ақпараттық материалдарды пайдалана отырып кәсіпорынның технико-
экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау,анық өнімнің өзіндік құнының
есебін жүргізуді зерттеу. Осы диплом жұмысы кіріспе, үш тараудан, қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Подгорный зерносовхоз АҚ басқару құрылымына, өндіріс
технологиясына, тарихына, 2008–2009ж.ж. техника-экономикалық
көрсеткіштеріне талдау жасалынып және қолданылатын есеп саясаты
қарастырылды.
Өнеркәсіптің қандай цехтары және де қандай өнімді өндіретіні,олардың
жаңа техниканы, технологияны енгізгені туралы, халық шаруашылығындағы орны,
т.с.с. мәселелер қарастырылады. Сонымен бірге осы бөлімде нан зауытының
шаруашылық қызметі, негізгі қызметті, оның өндірістік бағдарламаны және
нанды пісірудің технологиялық процесстері туралы жалпы сипаттама беріледі,
корпорацияның және зауыттың техника-экономикалық көрсеткіштері талданады.
Екінші тарауда өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс
шығынының есебінің әдістері қарастырылады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның өнімінің өзіндік құнына талдау
жасалынды.Талдау объектісі негізінде келесі көрсеткіштер қарастырылды:
• жалпы және әрбір шығын элементтерінің өнімнің өзіндік толық құны;
• өнімнің 1 теңгеге шығатын шығыны.
Тізбектелген ауыстыру әдісін қолданылып 1 теңге өнім шығаруға кеткен
шығынның өзгеруіне әсерін тигізген факторлар анықталды.
Қорытындыда өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі резервтік
көздері көрсетіледі.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

көрсеткіштерін талдау
Подгорный зерносовхоз акционерлік қоғамы 1992 жылы шілде айында
құрылды. Оның құрамында диірмен, бидай сақтайтын орындар, ұнды өлшеп
қаптарға салатын және т.с.с. цехтар болды.
1997 ж. сәуір айындағы санаулар бойынша, акционерлік компанияның
жарғылық қоры 251321,0 мың теңге болды. Оның 99,3 % акциясы ұжымға жатады,
ал 0,7 %-ы мемлекеттің жекешелендіру кезінде аукционға шығарған үлесі болып
табылады.
Подгорный зерносовхоз АҚ көп салалы үлкен өнеркәсіпке айналды.
Сонымен жоғарыда айтылып өткен цехтардан басқа да бөлімдер бар:
• Макарон өнімдерін өндіретін цех. Айлық өндіру көлемі 500 тонна және
көлемі 1400,0 мың теңге. Бұл цех 1993 ж. іске қосылды. Сонымен қатар
Бюллер фирмасының қысқа кесетін макарон өнімдерін шығаратын
торабын құруда. Оның өнімділігі айына 1000 тонна.
• Нан пісіретін 3 наубайханасы бар. Оның өнім өндіру көлемі айына 300
тонна, ақшалай алғанда 5000,0 мың теңге.
• Шұжық өндіру цехы. Өнім көлемі – 100 тонна. Өнімдердің сатылу көлемі
айына 13500,0 теңге құрайды.
• Сауда, құрамында 11 дүкені бар. Тауар айналымы ай сайын 2000,0 мың
теңге. Іске 1994 ж. қосылған.
• Ауылшаруашылық кешен. Қой, жылқы, ірі қара малдарын өсіреді.
• Бидай 6000 тонна, сұлы 1400 тонна, жүгері силосы 10720 тонна, соя
200 тонна және тағы басқа өнімдер.
Негізгі өнім өндіретін өнеркәсіптер мен цехтар Алматы қаласында
орналасқан. Ал дүкендері Алматы обылысында, соның ішінде Талгар,
Еңбекшіқазақ аудандарында.
Қазіргі уақытта кешен Алматы қаласында және Қазақстан Республикасы
нарығында алдынғы орындарды алып отыр. Бұл өнеркәсіп тек ұн шығарумен емес,
сонымен қатар нан және наннан жасалатын өнімдерін, макарон өнімдерін
шығарумен алдыңғы қатарға көрсетілуде.
Осы өнімдерді шығару негізінде екі нан пісіретін өнеркісіп ашылған
болатын. Оның өнімділігі тәулігіне әр түрінен 3 тоннадан өндіріледі.
Подгорный зерносовхоз АҚ Қазақстан Республикасы Президиумының 1996 ж.
20 тамыздағы Жарлығы бойынша Шаруашылық серіктестік туралы заң күшінде
енгізілген.
1-сурет. Подгорный зерносовхоз АҚ-ның басқару құрылымы
Подгорный зерносовхоз АҚ құрылғаннан бері тозығы жетіп ескірген құрал-
жабдықтар жаңартылды. Жаңа технологиямен жұмыс істейтін техникалар, құрал-
жабдықтар бойынша 100-ге жуық әртүрлі өнімдер өндірілуде. Қазіргі уақытта
оның жұмыс істеу қуаты тәулігіне 20–24 тоннаға жетіп отыр. Мұндағы
өндірілген өнімдер – түрлі нан және наннан жасалатын әртүрлі өнімдер.
1997 ж. нан пісіретін орында физикалық тозығы жеткен ФТЛ-2 нан пеші
жаңартылды.
Өнеркәсіпте өте жоғары білімді, тәжірибелі ірі мамандар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты бойынша, нан заводының
лабораториясы 2003 ж. дейін аттестацияланған. Олардың барлық шығаратын
өнімдері жоғары сапалы және тұтынушылардың қалауына өте қолайлы өнімдер.
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның шаруашылық қызметі нан және наннан
жасалатын тоқаш өнімдерін тұтынушыларға сату болып табылады.
1997 ж. нан заводы наурыз айынан бастап, маусым айына дейін нан, наннан
жасалатын әртүрлі тоқаш өнімдері өндірілген. Олар:
І-сортты Жай нан -0,7 кг.
Жоғарғы сортты нан Береке-0,94кг.
Жоғарғы сортты Тоқаш-0,1кг.
Сухар-жоғарғы сортты.
Желтоқсан айында нан заводының цехтары жаңа Армейский сухарь
өндіретін цехтармен толықтырылды. Ол цехтың өнімділігі 15278 кг.құрады,
ақшалай түрде 611,2 мың теңге құрады.
1997 ж. маусым айында жаңа тоқаш пісіретін цехты іске қосты. Осы цехтың
арқасында олардың өнім өндіру көлемі маусым айында 20,3 тоннадан 62,1
тоннаға дейін көтерілді. Сонымен 7 ай ішінде толық өнім көлемі 326 тоннаға
жетті.
1.1-кесте
Подгорный зерносовхоз АҚ-да 2009 ж. наурыз–желтоқсан айларында
нан-бөлке өнімін шығару динамикасы
Өнімділігі (тонна) Ақшалай түрдегі
өнімділігі
№ Айлар Жоспар Есеп беру Орындалу %Сомасы мыңҚҚС есеп
тг сомасы
1 Наурыз 440 312,7 71,1 9169,0 8699,4
2 Сәуір 756 509,3 67,4 1158,9 13893,8
3 Мамыр 729 611,2 83,8 13995,1 16787,3
4 Маусым 756 574,7 76,0 13225,3 15863,9
5 Шілде 870 579,8 66,6 13430,3 16110,2
6 Тамыз 756 581,1 76,9 13021,9 10340,7
7 Қыркүйек 756 606,4 80,2 14251,8 17096
8 Қазан 756 590,7 78,1 14095,4 16907,4
9 Қараша 756 564,7 74,7 13445,6 16128,9
10 Желтоқсан 756 605,0 80,0 14682,7 17613,5
Жылдық 7331 5535,0 75,5 129198,9 155311,1
*АҚ Подгорный зерносовхоздың мәліметтері бойынша
Есеп беру кезеңінің соңында өндірілетін өнім 10 түрлі ассортиментті
құрады.
1. Жоғарғы сортты Жай нан
2. Сопақша келген нан Ерекше жоғарғы сортты
3. Сопақша келген нан Алтын жоғарғы сортты
4. Рогалик Асель І-сортты
5. Қара бидай нандары
6. Кіпіш нандары
7. Новинка тоқашы
8. Жұмагүль тоқашы
9. Әдемі тоқашы
10. Сопақша келген нан.
Өнім өндіру барысында көптеген қажетті шикізат өнімдерін тиімді
пайдалану барлық кәсіпорынның басты мәселесі болып отыр. Осыған орай
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның негізгі мәселелері:
1) Кәсіпорынды техникалық ұйымдастыру есебімен дамыта отырып,
тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес тамақ өнімдерін өндіру және
еңбек өнімділігін арттыруға экономикалық талдау жасау.
2) Экономикалық меңгеру жүзінде оның бағыттары, кәсіпорында
техникалық прогрессті және жаңа техниканы, технологияны осы
салаға енгізуге бағытталған болатын.
3) Шикізат базасын дамыту, оларды қолдануда өндірістік емес
шығындарды қысқарту жолдарын және де белгілі өнім өндіруде
ұтымды, әрі тиімді шикізаттарды таңдау жолдарын қарастыру.
4) Еңбек өнімділігін және өндірілетін нан өнімдерінің сапасын
жоғарылатып, экономикалық меңгеру методтарын дамыту формаларының
тиімділігін қарастыру.
5) Кәсіпорынның ары қарай дамуына әсер ететін еңбек өнімділігін,
өнімнің өзіндік құнын, табысты, өнеркәсіптің рентабельділігін,
өнім көлемін және басқадай экономикалық көрсеткіштердің
шығарылуын, олардың бір-бірімен байланысын көрсететін негізгі
методтарының есебін білу.
6) Өнеркәсіптің экономикалық реттелуіндегі, олардың тиімді жолымен
көтерілуін және осы өнеркәсіпте жұмыс істеу сапасының жоғарлауын
шаруашылық ұйымдастыру есебінің жақсару жолдарының тәсілдерін
қарастыру.
7) Кәсіпорынның әр саласының жоспарлары мен басқару жұмыстарының
негізімен танысу.
Қазіргі уақытта нан заводының даму жолдары, тамақ өнеркәсібінің даму
жолдарымен толығымен ұқсас. Олардың экономикалық реттеу тәсілдерінің даму
жолдары сияқты басқарылуы және жоспарлануы жоғарғы ғылыми-техникалық
процесспен мінезделеді.
Өндірістегі шаруашылық мәселелерді шешуде техникалық инженерлер және
осы өндірісті жүргізушілер мен басқарушы жұмыскерлер үлкен роль атқарады.
Шикізат ресурстарын тиімді қолдану, шығарылған өнімнің сапалылығын
жоғарылатуда немесе дамытуда нан заводы негізгі роль атқаруда.
Осының нәтижесінде нан заводының жоғары өрлеуіне жалпылама болжау
алатын болсақ, ол тұтынушылардың күнделікті сұраныстарына қажетті әртүрлі
және де жоғары сапалы өнімдер өндіру, сонымен қатар өнімдер түрлерін
көбейту, жаңа түрлі өнімдермен толықтыру болып табылады. Айта келе
өнеркәсіпте көптеген өзгерістер енгізу мәселесі шешілуде. Бұл өзгерістерге
байланысты нан заводы көп түрлі өнімдер өндіру және ең басты,
тұтынушылардың қолдануына тиімді етіп өндірістегі кететін шығындарды
азайтып, өнімнің жақсы жерде сақталуын қарастыру мәселесі жүргізілуде.
Подгорный зерносовхоз АҚ тамақ өнеркәсібімен және қоғамдық
тамақтандыру саласымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – шығарған дайын және
жартылай өнімдерін тұрғылықты халыққа ұсыну.
Кәсіпорын өзінің шаруашылық нәтижесінде пайда таба отырып, бірінші
кезекте бюджетпен есеп айырысады, содан кейін алынған несие бойынша
проценттерін өтейді және басқа да қарыздарынан құтылады. Ал қалған қаржы
кәсіпорынның таза пайдасын құрайды және ол резервтік тұтыну, жинақтау
қорларын құруға жұмысалады.Құрылатын әр қорға мөлшерде қаржы жұмсалуы
керектігі құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Рентабельділік көрсеткішінің 2003 ж. салыстырғанда 5,6 %-ға (25,8–20,2)
артуы қаржы-шаруашылық қызметтің тиімді нәтижесін білдіреді.
1.2-кесте
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның 2008–2009 ж.ж. көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өлшем 2008 ж. 2009 ж. Ауытқу
бірлігі (+,-)
1 Өндірілген тауарлы өнім мың тг 692521 1350852 +658331
көлемі
2 Өндірілген өнімнің мың тг 571573 1068679 +497106
өзіндік құны
3 Еңбек ақы қоры мың тг 45806 110017 +64211
4 Жұмыскерлердің тізімдік адам 1159 1412 +253
саны
соның ішінде: адам 726 695 -31
- жұмысшылар саны
5 Орташа айлық еңбек ақы тг 3293 6492 +3199
6 Еңбек өнімділігі мың тг 597,5 956,7 +359,2
7 Негізгі қорлардың орташамың тг 227367 499194 +271827
жылдық құны
8 Қор қайтарылымы тг 3,05 2,71 -0,34
9 Қормен қаруландыру мың тг 196,2 353,5 +157,3
10 Баланстық пайда мың тг 172932 358982 +186050
11 1 тг шаққандағы шығын тг 0,83 0,79 -0,04
12 Таза пайда мың тг 124745 232173 +107428
13 Рентабельдік деңгейі % 21,8 21,7 -0,1
* АҚ Подгорный зерносовхоздың қаржылық есептемелері бойынша
Талдау барысында 2009 ж. Подгорный зерносовхоз АҚ-ның өндірген
өнімінің өзіндік құны 1350852 мың теңгені, ал 2009 ж. 692521 мың теңгені
құрады.
1.3-кесте
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның 2008–2009 жж. шығарылған дайын өнімнің
өзіндік құны
№ Шығын статьялары 2008 ж. 2009 ж.
сомасы, үл.сал., сомасы, үл.сал., %
мың тг % мың тг
1 Шикізат пен материалдар 421213 73,69 790100 73,93
2 Отын 5136 0,9 9621 0,9
3 Электр энергиясы 22291 3,9 41720 3,9
4 Қолданылған суға төленетін4693 0,82 6128 0,57
төлем
5 Еңбек ақы қоры 18120 3,17 34240 3,2
6 Еңбек ақыдан әлеуметтік 5798 1,01 10957 1,02
қорларына аударымдар
7 Амортизация 1276 0,22 2234 0,21
8 Басқа шығындар 93046 16,28 173679 16,25
Барлығы 571573 100 1068679 100

Өнімнің өзіндік құны 2008 ж. 19,6 %-тен 2009 ж. 11,8 %-ке дейін
төмендеді.
Шығын баптарына көңіл аударатын болсақ жалпы өзіндік құнының 73,69 %
Шикізат пен материалдар баптары алып тұрғанына көзіміз жетеді. Шикізатты
көп қолданатын ұн тарту және комбикорм зауыттары, өйткені 2008 ж. ұн тарту
және комбикорм зауыттарында қолданылған шикізат пен материалдар жалпы
кәсіпорын бойынша есептелінген материалдар мен шикізатқа кеткен шығынның
92,98 %-ін құраса, ал 2009 ж. 84,43 %-ін құраған.
Кәсіпорынға шикізат Солтүстік Қазалқстан облысынан жеткізіледі. Оған
әсіресе корпорацияның өндіріс орындарының темір жол бойында орналасуы үлкен
әсерін тигізді.
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның негізгі құралдарының баланстық құны 2008
жылы 227367 мың тг, ал 2009 ж. 499194 мың тг құрады. Кәсіпорындардың
негізгі құрал-жабдықтарының тозуын есептеу мақсатында амортизацияны бір
қалыпты есептеу әдісі қолданылған. Бұл әдіс негізгі құрал-жабдықтардың
тозуы, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға
негізделген және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып
жүрген әдіс.
Әрбір мерзім үшін амортизациялық жарна сомасы амортизациялаушы құнды
(объектінің бастапқы құнынан оның жойылу құнын алып тастағандағы)объектіні
пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептеледі. Амортизациялау нормасы тұрақты
болады.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, ең алдымен, оның жоспары, жасалып
жатқан жұмыстары және басқа да кәсіпорындармен қарым-қатынасы болып
табылады.
Қазіргі уақытта Подгорный зерносовхоз АҚ-ның мақсаты – жаңа
технология бойынша сапалы өнім өндіру.
Оның қазіргі уақыттағы мақсаты – 1-ші және 2-ші сортты нан өнімдерін,
қара бидай нанының сортарын өндіру. Олардың өнімділігінің қуатын тәулігіне
20 тоннаға жеткізу. Сонымен қатар нан пісіретін пештерді жаңарту барысында
екі линиялы Вернер және Пфляйдер жаңа тоқаш цехын енгізу жұмысы
жүргізілуде.
Подгорный зерносовхоз АҚ көптеген ауруханаларды, мектептерді, бала
бақшаларды және т.б. көптеген мекемелерді нан және тоқаш өнімдерімен
қамтамасыз етуде. Жалпы алғанда кәсіпорынның 200-ге жуық клиенті бар.
Бұл заводтың бәсекелестері Алматы нан, Алтын Диірмен кәсіпорындары,
көптеген жеке меншік наубайханалар болып табылады. Бірақ нан заводы
бәсекеге жарамды өнеркәсіптердің бірі.
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның өнім өндіру технологиялық процессі 6
сатыдан тұрады:
1. Шикізаттарды сақтау және қабылдау
2. Шикізаттарды өндіруге дайындау.
3. Жартылай фабрикаттарды дайындау.
4. Қамыр илеу, оларды формаға келтіру және өлшеу.
5. Нанды пісіру.
6. Дайын өнімді сақтау және оларды саудаға шығару.
Технологиялық процесстің құрылымы:
1. Шикізаттарды сақтау және қабылдау.
1.1 Әкелінген шикізаттарды қоймаға сақтау.
2. Шикізаттарды өндіруге дайындау.
2.1 Негізгі және қосымша шикізаттарды өңдеу, оларды өлшеу және
тасымалдау жасау.
2.2 Берілген көрсеткіштер бойынша негізгі және қосымша шикізаттарға
тасымалдау жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау.
3. Жартылай фабрикаттарды дайындау.
3.1 Негізгі және қосымша шикізаттарды өлшеуді және олардың механикалық
өңделуін іске қосу, сонымен қатар биохимиялық микробиологиялық коллоидтың,
іске тағы басқа процесстердің ағымдарының іске асуына нақты жағдайлар
жасау.
3.2 Керекті құралдар арқылы негізгі және қосымша шикізаттардан жартылай
өнім (сұйық, жартылай өнім, қамыр)алу.
4. Қамыр илеу, оларды формаға келтіру және бөлу.
4.1 Қамырдың дұрыс иленгенін және механикалық өнделуін,оның жақсы
көтерілуіне тексеру жүргізу.
4.2 Көрсетілген технологиялық көрсеткіштер бойынша жартылай өнімдерден
нан және тоққаштарды жасайтын қамырды дайындау.
5. Нанды пісіру.
5.1 Жылу физикалық процессінің ағынына және биохимиялық,
микробиологиялық, коллоидтың өзгерістерінің аяқталуына оптималды жағдай
жасау.
5.2 Мемлекеттік стандарт талабына сәйкес берілген көрсеткіштер бойынша
нан және наннан жасалған басқа өнімдер(тоқаш) алу.

6.1 Нан және наннан жасалатын өнімдердің кебуіне қатуына қолайлы жағдай
жасау.
6.2 Мемлекеттік стандарттардың талабына сәйкес нандардың және одан
жасалатын өнімдердің сапалы көрсеткіштерін сақтау.
Маусым айында нан заводы бюджеттік мекемелерге нанды жеткізумен
айналысты. Бірақ бұл жағдай тасымалдау шығын көлемінің жоғарлауына әкеп
соқтырды.
Мамыр–қыркүйек айларында Подгорный зерносовхоз АҚ-на 3 Газель, 3
ИЖ-2715 Москвич автомашиналары әкелінді. Оларды әкелуге байланысты
өнімдерді өткізу жұмысы алға басты. Нан заводы қызмет көрсететін 200-ге
жуық клиенттердің 10 %-і ғана өздері шақырылуымен жұмыс істейді,
қалғандарына нан заводының автокөлік бөлімі қызмет көрсетеді.
Алматының ішіндегі клиенттерге нан заводы ең беделді және сенімді
жабдықтаушы өнеркісіп болып табылады.
1.2 Кәсіпорында есеп саясатын ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Подгорный зерносовхоз АҚ-ның
бухгалтерлік есеп 1С: Бухгалтерия компьютерлік бағдарламасы арқылы
автоматтандырылған. Бухгалтерлік есептің шоттары бойынша аналитикалық есеп
ай сайын карточкаларға баспаланады, қалған мәліметтер электрондық
тасушыларда – дискеталарда сақталады.
Бухгалтерлік есептің міндеттері:
Жедел басқару үшін қажетті, сондай-ақ инвесторлардың, кредиторлардың,
жабдықтаушылардың, сатып алушылардың, салық және басқа да қаржы
органдарының, мүдделі ұйымдар мен тұлғалардың қолдануы үшін қажетті
шаруашылық үдерістер мен қызметтің нәтижелері туралы толық және сенімді
ақпаратты құру.
Мүліктің қолда бары мен қозғалысын, материалдық, еңбек және қаржылық
ресурстарды ұтымды пайдалануды бекітілген нормаларға, нормативтерге,
сметаларға сәйкес бақылауды қамтамасыз ету.
Қаржы-шаруашылық қызметте болатын жағымсыз (негативтік) құбылыстардың алдын
алу, ішкі резервтерді бақылау және анықтау (мобилизациялау).
Есеп саясаты есепті жүргізу және қаржылық есептілікті олардың
принциптері мен негіздеріне сәйкес ашу тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның есеп саясаты №1 Қаржылық есептілікті
табыстау деп аталатын Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ХҚЕС 1)
сәйкес әзірленген және кәсіпорында бүкіл жұмыс істеу кезеңі бойы әрекет
етеді.
Есеп саясаты ҚР-ның 28.02.2007ж. күнгі №234-ІІІ Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік туралы жаңа заңына сәйкес жүзеге асырылады. Оны құрудың
базасы Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттары, оларға
әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ ҚР-да бухгалтерлік есеп жүйесін реттейтін
басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар болып табылады. Есеп саясатында
есепті ұйымдастырудың негізгі ережелері, сондай-ақ ішкі бақылау мен сыртқы
аудитке қойылатын талаптар анықталады.
Есеп саясатын құрудың негізіне келесі принциптер қойылады: есептеу,
үздіксіз қызмет, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, сенімділік,
бейтараптық, сақтық, аяқтаушылық, салыстырмалылық, кезектілік, шынайы және
құштарсыз табыстау.
Подгорный зерносовхоз АҚ-да Типтік жоспардағы синтетикалық шоттар
шегінде фирманың маманданған ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп
шоттарының жұмыс жоспары әзірленген.
Салық есептеулері мен төлемдер Салықтар және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер туралы ҚР салық кодексіне (21.03.2002ж. күнгі №310-
ІІ, №312-ІІ, 23.11.2002ж. күнгі №358-ІІ, 01.01.2004ж., 01.01.2005ж.,
01.01.2006ж., 01.01.2007ж. және 01.01.2008ж. күніне ҚР-ның заңдарымен
енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге) сәйкес жасалады.
Подгорный зерносовхоз АҚ-ның есеп саясатының негізгі шарттары.
Серіктестіктің бухгалтерлік балансы Қаржылық есептілікті табыстау деп
аталатын 1 ХҚЕС-ның талаптарына сәйкес келеді. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді
активтері негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден және
аяқталмаған құрылыстан тұрады, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары жоқ. Ал
қысқа мерзімді активтері тауарлы-материалдық босалқылардан, ақшалай
қаржылардан және дебиторлық қарыздардан тұрады.
Меншікті капитал серістестіктің жарғылық капиталынан тұрады.
Есептік кезең ішінде танылған табыстар мен шығыстардың барлық баптары
есептік кезеңнің таза табысын немесе зиянын анықтаған кезде енгізіледі.
Серіктестік үшін есептік кезең болып, 1 қаңтардан 31 желтоқсанға
дейінгі кезеңді қамтитын күнтізбелік жыл саналады.
Жедел ақпарат үшін қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері ай сайын
есептеп шығарылады. Алдыңғы кезеңдердің қаржылық есептерін жасаған кезде
жіберілген қателерді түзету сомасы есептік кезеңнің табысына немесе зиянына
енгізіледі. Алдыңғы кезеңдерге жататын маңызды қателерді түзету сомасы
есепте бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту жолымен көрсетіледі.
Табыстарды бағалау және тану бөлімінде есеп саясаты Кезеңдегі таза
пайда немесе зиян 8 ХҚЕС-на және Түсім 18 ХҚЕС-на сәйкес жүргізіледі.
Есептеу принципіне сәйкес табыстар олар алынған кезде, ал шығыстар мен
зияндар ақшалай қаржылар алынған немесе төленген кезде емес, олар шегілген
кезде бухгалтерлік есепте танылады және қаржылық есептілікте көрініс
табады. Бірдей мәмілелер немесе оқиғалар бойынша табыстар мен шығыстар
бірдей уақытта танылады.
Негізгі және негізгі емес қызметтен алынған табыстар жиынтық табысты
құрайды. Мәмілелер бойынша келісім-шарттар мен оларға жасалатын
есептеулерге міндетті түрде бас бухгалтер виза қояды. Дайын өнімді
өткізуден түскен табысты есепке алу үшін 6010 Өнім өткізуден және қызмет
көрсетуден түскен табыс шоты қолданылады. Өткізілген өнімнің өзіндік құны
7010 Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
шотында көрініс табады.
Жыл ішінде алынған табысты бөлу құрылтайшылық құжаттарға сәйкес
жүргізіледі. Ұлттық және шетел валютасындағы ақшалай қаржылар 1030
Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар, 1010 Кассадағы ақшалай
қаржылар шоттарында есепке алынады. Операциялық қызметтен болатын ақшалай
қаржылардың қозғалысы тікелей әдіспен ашылады.
Серіктестіктің шетелде валюталық шоты жоқ. Касса қалдығын түгендеу
жоспарлы тексерулер бойынша – есептік айдан кейінгі айдың 1-ші күніне және
жоспардан тыс тексерулер бойынша – кәсіпорын жетекшісінің бұйрығы бойынша
жүргізіледі. Кассалық тәртіпті тексерудің барлығы актпен рәсімделеді.
Негізгі құралдардың есебі Негізгі құралдар 16 ХҚЕС-на сәйкес
жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде негізгі құралдарға
амортизацияға жататын қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық
ативтер жатады.
Амортизация есептеу кезінде негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша
бухгалтерлік есепте құнды бірқалыпты (тік сызықты) есептен шығару әдісі
қолданылады. Салық мақсатында Салық кодексінің 110 Тіркелген активтердің
шекті амортизация нормалары деген бабына сәйкес негізгі құралдар
амортизациясының пайыздық ставкасы қолданылады. Негізгі құралдар 2410
Негізгі құралдар шотында есепке алынады.
Негізгі құралдарды түгендеу 1 қараша күніне жылына бір рет жүргізіледі.
Комиссия серіктестік жетекшісінің бұйрығымен тағайындалады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі құрылған комиссияның жасайтын Негізгі
құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен (үлгі НҚ-1) рәсімделеді, актілерге
берілген объектінің техникалық құжаттары (төлқұжаты) тіркеледі, мынадай
жазу беріледі: Дт 2410, Кт 3310 Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық қарыз немесе 4110 Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз.
Негізгі құралдардың объектілері үшін төленген шоттар бойынша қосылған
құнға салық (ҚҚС) сомасына мынадай бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 1420
ҚҚС, Кт 3310, және есепке алынған ҚҚС: Дт 3130 ҚҚС, Кт 1420 (ғимараттар
мен жеңіл автомобильдерді қоспағанда).
Негізгі құралдардың өткізілген (сатылған) объектісінің баланстық құнына
келесі бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 7410 Активтердің есептен (істен)
шығуы бойынша шығыстар, Кт 2410. Негізгі құралдардың объектісін өткізу
(сату) сәтінде жинақталған тозу сомасына: Дт 2420, Кт 2410.
Негізгі құралдардың есептен шығарылған объектісінің баланстық құнына
келесі шоттар корреспонденциясы жасалады: Дт 7410, Кт 2410, жинақталған
тозу сомасына: Дт 2420, Кт 2410.
Жоюдың нәтижесінде алынған жеке бөлшектердің құнына мынадай
корреспонденция құрылады: Дт 1350 Басқа да босалқылар, Кт 6210
Активтердің есептен (істен) шығуы бойынша табыстар, 6280 Басқа да
табыстар.
Жылдың соңында негізгі құралдарды жоюдың (есептен шығарудың)
нәтижелері есепте келесі түрде көрсетіледі: а) зияндар сомасын есептен
шығару: Дт 5610, 5510, Кт 7410; б) табыстар сомасын есептен шығару: Дт
6210, 6280, Кт 5610, 5510.
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы шотында негізгі құралдардың
бүкіл нормативтік пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде әрбір есептік жылға
амортизациялық аударымдар сомасы есепке алынады және кәсіпорынның шығыстары
ретінде танылады.
Серіктестіктің материалдық емес активтері бағдарламалық қамтамасыз
етуден және техникалық құжаттардан тұрады.
Тауарлы-материалдық босалқылардың есебі Босалқылар 2 ХҚЕС-на сәйкес
және 1300 Босалқылар бөлімшесінің негізгі активті 1310 Шикізат пен
материалдар, 1350 Басқа да босалқылар шоттарында жүргізіледі.
Материалдық босалқылардың қоймаға келіп түсуі мен кіріске алынуы
бойынша келесі бухгалтерлік жазу беріледі: ҚР-да ҚҚС бойынша есепте тұрған
жабдықтаушылардан келіп түскен тауарлы-материалдық құндылықтардың құнына
(ҚҚС қоспағанда): Дт 1310, 1350, Кт 3310, жабдықтаушылардың салықтық шот-
фактураларына енгізілген ҚҚС сомасына: Дт 1420, Кт 3310.
Импортталатын тауарлы-материалдық босалқыларға кеденде төленген ҚҚС
төлем жасалған кезеңде қойылады. Егер салықтық шот-фактуралар жоқ болса,
келіп түскен құндылықтар бойынша ҚҚС сомалары өтеуге қойылмайды.
Серіктестікте тауарлы-материалдық босалқылар орташа құн бойынша
бағаланады. Тауарлы-материалдық босалқылар қозғалысының аналитикалық есебі
материалдық-жауапты тұлғалар бойынша құрылымдық бөлімшелердің шегінде
сандық-сомалық әдіс бойынша жүргізіледі.
Тауарлы-материалдық құндылықтар келіп түскен кезде жабдықтаушылардың
ілеспе құжаттарының (шот-фактуралардың, накладнойлардың (жүкзат
құжаттарының), инвойстардың және т.б.) негізінде жинақтау ведомості
құрылады, онда нақты (іс жүзіндегі) құны, көлік-дайындау шығыстары,
кедендік алым, баж салығы және т.б. есептеледі.
Қоймадағы тауарлы-материалдық босалқыларды жоспарлы түгендеу жылына бір
рет 1 қараша күніне жүргізіледі. Түгендеу комиссиясы Тауарлы-материалдық
құндылықтардың түгендеу тізімдемесін жасайды, онда әрбір материалдық-
жауапты тұлға бойынша жеке-жеке есептеудің негізінде тауарлы-материалдық
құндылықтардың іс жүзіндегі қолда бары көрсетіледі. Тізімдемелердің
негізінде бухгалтер Түгендеу нәтижелерінің салыстыру ведомосін жасайды.
Артық шыққан құндылықтар кіріске алынуы тиіс, оған мынадай бухгалтерлік
жазу беріледі: Дт 1310, 1350, 1330 Тауарлар, Кт 6280 Басқа табыстар,
материалдық құндылықтардың жетіспеушілігін материалдық-жауапты тұлғалардың
есебінен шығарады: Дт 1280 Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыз, Кт
1310, 1350, 1330. Нақты кінәлі тұлғалар анықталған кезде: Дт 1250
Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы, Кт 1310, 1350, 1330.
Өндірістік мақсаттарға жұмсалған материалдарды есептен шығару олардың
нақты өзіндік құны бойынша жүргізіледі және есепте келесі түрде көрініс
табады: Дт 8110 Негізгі өндіріс, Кт 1310, 1350, әкімшілік шығыстарға
жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құны есептен шығарылады: Дт 7210
Әкімшілік шығыстар, Кт 1310, 1350. Көмекші өндірістің материалдарын
есептен шығару олардың нақты өзіндік құны бойынша жүргізіледі және есепте
келесі түрде көрініс табады: Дт 8310 Көмекші өндірістер, Кт 1310, 1350.
Шығындардың есебі әрбір цех бойынша жүргізіледі. Шығындар негізгі
өндіріс шығындарының белгіленген номенклатурасы бойынша есепке алынады.
Өндіріс шығындарын жинақтау 8110 Негізгі өндіріс шотында жүзеге
асырылады.
Подгорный зерносовхоз АҚ-да қаржылық инвестициялар жоқ.
Корпоративтік табыс салығының есебі Пайдаға салықтар 12 ХҚЕС-на
сәйкес жүргізіледі.
Салық заңдарының талаптары бухгалтерлік есептің талаптарынан
ерекшеленеді, осыған байланысты бухгалтерлік табыс пен салық салынатын
табыс арасында айырмашылық туады. Тұрақты айырмашылықтар салық заңдарында
шығыстарды шегерімдерге жатқызуға тиым салынған жағдайда пайда болады.
Оларға жататындар:
а) ҚР Үкіметінің белгілеген нормаларынан асатын іс-сапарлық және
өкілеттік шығыстар;
ә) валюталық шоттар және шетел валютасымен жасалатын операциялар
бойынша бағам айырмашылықтары;
б) бюджетке енгізуге жататын айып санкциялары;
в) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстар;
г) салық заңдарына сәйкес заңды тұлғаларға берілетін салық
жеңілдіктері.
Бухгалтерлік табыс бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес анықталатын
табыстар мен шығыстардың арасындағы айырма ретінде есептеп шығарылады.
Салық салынатын табыс – бұл салық заңдарына сәйкес анықталатын есептік
кезеңдегі табыстың сомасы.
Зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстардың есебі
Зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) бойынша
есеп пен есептілік деген 12 ХҚЕС-на сәйкес келеді. Міндетті зейнетақылық
жарналарды есептеу ҚР Үкіметінің 10.12.1997ж. күнгі №1733 Жарлығына сәйкес
жүргізіледі.
Жинақтау зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақылық жарналардың
есебі әрбір жеке тұлға (қызметкер) бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Мемлекеттік емес өз еркімен ашылатын зейнетақы қорын құру тәртібіне сәйкес
жарналар қызметкер жұмыс істейтін есептік кезең ішінде шығыс ретінде
танылады.
Еңбек ақыны есепке алу үшін 3350 Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді
қарыз шоты қолданылады. Ол негізгі өндіріс жұмысшыларымен есеп айырысу
бойынша 8110 Негізгі өндіріс шотымен, көмекші өндіріс жұмысшыларымен есеп
айырысу бойынша 8310 Көмекші өндірістер шотымен, әкімшілік
қызметкерлерімен есеп айырысу бойынша 7210 Әкімшілік шығыстар шотымен,
тауарларды өткізумен айналысатын қызметкерлермен есеп айырысу бойынша 7110
Өнім өткізу және қызмет көрсету бойынша шығыстар шотымен
корреспонденцияланады. Кәсіпорында еңбек ақыны есептеудің бірнеше түрі бар:
а) кесімді;
ә) мерзімдік;
б) кесімді-сыйлықтық;
в) мерзімдік-сыйлықтық;
г) келісім-шарттардың негізінде еңбек ақы төлеу;
ғ) бір реттік еңбек келісім-шарттарының негізінде еңбек ақы төлеу.
Есеп саясаты келесі жағдайларда өзгертілуі мүмкін:
• ҚР заңдарында өзгерістер болса;
• ҚР-дағы бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесінде өзгерістер
болса;
• кәсіпорын қайта ұйымдастырылса;
• шаруашылық операцияларды, активтерді, меншікті капиталды,
міндеттемелерді, қызметтің нәтижелерін есепке алудың өзге тәсілдерін
қолдану қажет болғанда.
Заңдар немесе кәсіпорынның жұмыс істеу шарттары өзгерген кезде есеп
саясатының жекелеген шарттары түзетуге жатады және пайдаланушының назарына
ұсынылуы тиіс, яғни қызмет жүргізу барысында кәсіпорын есеп саясатына
директормен бекітілген және әрекет күшіндегі есеп саясатының тиісті
бөліміне тіркемелер түрінде рәсімделген экономикалық негізделген өзгерістер
енгізе алады.
ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық есептілік үлгілерін (формаларын)
бекіту туралы жаңа бұйрығына сәйкес жылдық (тоқсандық) қаржылық есептілік
үлгілері ҚР Үкіметінің 28.02.2001ж. күнгі №290 Кейбір акционерлік қоғамдар
мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқаруды
және бақылауды ұйымдастыру бойынша шаралар туралы қаулысының 1
тіркемесінде көрсетілген ұйымдар үшін бекітілді.
Алайда берілген бұйрыққа сәйкес ҚР Қаржы министрінің 24.06.2003ж. күнгі
№241 Қаржылық есептілік үлгілерін (формаларын) бекіту туралы бұйрығы
күшін жойғандықтан, қалған ұйымдар да жұмыс істеу барысында жаңа бекітілген
қаржылық есептілік үлгілерін қолдана алады.
ҚР Қаржы министрлігі мен БИКО Баспа үйінің Горячая линия Минфина
деп аталатын бірлескен жобасы аяқталды, ол бухгалтерлік есеп саласындағы
мамандардың әртүрлі нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылауына
бағытталған, бұл актілердің қабылдануы ҚР-ның 28.02.2007ж. күнгі №234-ІІІ
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы жаңа заңын іске асыру
үшін қажет.
Берілген жобаның шегінде форумға қатысушылардан алынған барлық
ұсыныстар ҚР Қаржы министрлігінің мамандарымен қаралды және назарға алынды,
сонымен бірге нормативтік құжаттардың соңғы варианттарын, соның ішінде жаңа
Типтік шот жоспарын бекіту кезінде ескерілді.
Берілген Типтік шот жоспары бірден қазіргі әрекет етіп отырған екі
құжаттың орнын ауыстырды:
• ҚР Қаржы министрлігінің 18.09.2002ж. күнгі № 438 бұйрығымен бекітілген
бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспары;
• ҚР Қаржы министрлігінің 22.12.2005ж. күнгі № 426 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес өз қаржылық
есептілігін жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс
жоспарын әзірлеу бойынша Нұсқау (негіздеме).
Осылайша, республикамыздың барлық кәсіпорындары 2008ж. бастап барлығы
үшін бірыңғай Типтік шот жоспарының негізінде әзірленген жұмысшы шот
жоспарларын қолданатын болды, бұл ұйым шағын және орта бизнес саласынан ірі
бизнеске көшкен жағдайда оның есеп жүйесін ары қарай қиындықсыз қолдану
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Әрине, әрбір кәсіпорын қызметінің өзіне тән ерекшелігі мен мамандану
бағытына қарай синтетикалық шоттардың бөлімдерін, бөлімшелерін және
топтарын жеткілікті толық және тиянақты жіктеуді негізге ала отырып, өзінің
жұмысшы шот жоспарын әзірлеу қажет болады.
Кәсіпорындар 2007ж. соңына дейін алдағы келесі жылдарға бухгалтерлік
есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеуі және бекітуі, қалдықтарды көшіру
үшін компьютерлік бухгалтерлік бағдарламаларын қайта орнатуы және басқа да
ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізуге тиіс болатын.
Типтік жоспар қаржылық есептіліктің элементтерін құндық түрде
топтастыру және ағымдағы есепке алу үшін арналған.
Типтік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары берілген
Типтік жоспардың тіркемесіне сәйкес үлгі бойынша өтімділігінің төмендеуіне
қарай орналасқан. Типтік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері
төрт таңбадан тұрады. Шоттың бірінші саны қай бөлімге жататындығын,
екіншісі қай бөлімшеге жататындығын, үшіншісі синтетикалық шоттардың қай
тобына жататындығын көрсетеді, төртінші санын ұйым өз бетінше анықтайды.
ҚР-ның заңды актілеріне және құрылтайшылық құжаттарға сәйкес ағымдағы
жетекшілікті және іс жүргізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды
тұлғаның лауазымды тұлғалары өздерінің қажеттіліктеріне қарай операциялар
мен оқиғалардың аналитикалық есебін жүргізудің тәртібін белгілейді.
Сондай-ақ ҚР Қаржы Министрлігі ХҚЕС-на сәйкес № 1 Ұлттық қаржылық
есептілік стандартын (1 ҰҚЕС – ҚР Қаржы Министрінің 21.06.2007ж. күнгі №
218 бұйрығымен бекітілген), № 2 Ұлттық қаржылық есептілік стандартын (2
ҰҚЕС – ҚР Қаржы Министрінің 21.06.2007ж. күнгі № 217 бұйрығымен бекітілген)
және Бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін әзірледі.
1 ҰҚЕС шаруа (фермерлік) қожалықтары мен ауылшаруашылық өнімдерін
өндіруші заңды тұлғалар үшін ҚР салық заңдарына сәйкес, сондай-ақ
жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық тәртібін қолданатын, ҚР-
ның 31.01.2006ж. күнгі № 124 Жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес
анықталатын шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепті
жүргізудің және қаржылық есептілікті құрудың тәртібін анықтау мақсатымен ҚР-
ның Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес
әзірленді.
Берілген стандарттың әрекет күші ҚР-ның Секъюритилендіру туралы
заңына сәйкес құрылған, мемлекеттік реттелуі ҚР Ұлттық Банкімен жүзеге
асырылатын қаржылық ұйымдар мен арнайы қаржылық компанияларға жүрмейді.
2 ҰҚЕС қаржылық есептілікті табыстайтын келесі субъектілердің орындауы
үшін тағайындалған:
• ҚР-ның 31.01.2006ж. күнгі № 124 Жеке кәсіпкерлік туралы заңына
сәйкес анықталатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;
• ҚР заңдарына сәйкес ҚР аумағында тіркелген коммерциялық емес
ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
• жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар
(қазыналық кәсіпорындар).
Берілген стандарттың әрекет күші келесі ұйымдарға жүрмейтіндігін атап
өткен жөн:
• шаруа (фермерлік) қожалықтары мен ауылшаруашылық өнімдерін

жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық тәртібін
қолданатын, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (олар үшін 1 ҰҚЕС
баспаланбаған);

сәйкес анықталатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;
• көпшіліктің мүддесіндегі ұйымға;
• ҚР-ның Секъюритилендіру туралы заңына сәйкес құрылған,
мемлекеттік реттелуі ҚР Ұлттық Банкімен жүзеге асырылатын қаржылық
ұйымдар мен арнайы қаржылық компанияларға.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің ережелері ҚР-ның Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы заңына, Халықаралық және Ұлттық қаржылық
есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген, олар ҚР-ның аумағында жеке
кәсіпкерлер мен ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуінің тәртібін
белгілейді.
Берілген Ережелердің әрекет күші келесі ұйымдарға жүрмейді:

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінің реттелуі ҚР
заңдарына сәйкес ҚР Ұлттық Банкімен жүзеге асырылатын қаржылық
ұйымдар мен арнайы қаржылық компанияларға;
• бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінің реттелуі
мемлекеттік мекемелер үшін арналған ҚР бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есептілік бойынша нормативтік құқықтық актілерімен
анықталатын мемлекеттік мекемелерге;
• ҚР салық заңдарына сәйкес бір реттік талонның немесе патенттің
негізінде арнайы салық тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлерге,
сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық
тәртібін қолданатын, бірақ жалданбалы жұмыскерлердің еңбегін
пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге.
2. ШЫҒЫНДАР МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Шығын элементтері және баптары
Кісіпорынның нарыққа ұсынып отырған дайын өнімінің көлемі, оның өзіндік
құнының құрылымы және экономикалық мағынасы біріншіден, оны өндіруге кеткен
шығын деңгейіне байланысты болса, екіншіден сол өнімнің нарықтағы сатылыу
бағасына байланысты.
Яғни, өнімді өндірумен және сатумен байланысты шығындар кәсіпорынның
тиімді шаруашылық іс әрекет етуіне ықпал ететін негізгі фактор.
Шығындар – кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметтерін жүзеге
асырудағы өндірістік факторлардың шығындарының ақшалай мағынасы.
Олар өнімнің өзіндік құны көрсеткішінде, яғни өнімді өндіру және сату
кезіндегі барлық материалдық шығындар, сонымен қатар еңбек ақы шығындарды
құрамында орын алады.
Әр кәсіпорын рентабельді, яғни тиімді қызмет етуге тырысады. Ал ол үшін
өндіріс шығындарын жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Шығындардың көлемін
бақылап отыру үшін олардың қолданнылып отырған орындары бойынша, өнім
түрлері бойынша,бүкіл кәсіпорын бойынша акпараттар қажет. Ал мұндай
ақпараттарға тек өнім өндіру бойынша технологиялық карталар мен өндірістегі
бақылау-өлшеу қондырғылары негізінде шығарылатын өнім сапасына техникалық
бақылауды ұйымдастыру цехтардың тізімін және өнім түрін анықтап, өндіріс
шығындарының есебі үшін баптар номенклатурасын талдау бойынша шығындарды
есептеу қажет және шығарылған өнім түрі бойынша жанама шығындарды бөлудің
тәсілін, сонымен қатар дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасын анықтау
болып табылады.
Бұның барлығы кәсіпорынның қаржы туралы саясатының құжаттары
бухгалтерия және басқару аппаратының міндетті инструкциясындағы
жұмысшылармен,өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындары
есебі бойынша тізімінде технологиялық құжаттамаларында тіркелуі қажетті.
Тек қана аталған сұрақтарды алдын-ала шешу өндіріс шығындарының негізделген
есебін ұйымдастыруды және кез-келген кәсіпорын жұмысының нақты қаржылық
нәтижесін айқындауға мүмкіншілік береді.
Шығындар есебінде басқарудың күнделікті қажеттері үшін негізгі
ақпараттар қалыптасады. Кәсіпорынның басқару есебі жүйесінде орталық орынды
осы ғана иеленеді.
Өндірісте және өнімді таратуда кәсіпорынның құралдары мен нақты
ресурстар түрлері қолданылады: материалдар, жанармай, энергия, еңбекақы
төлемі, негізгі қорлар, яғни өндіріс процесінде амортизацияланған, ақша
қаражатары және т.б. Өндірістегі шығындардың әрбір түрі шығындардың
бірыңғай түрін немесе ерекше экономикалық элементтерді көрсетеді.Олардың
әрбіреуін жеке (материалдар, жанармай, энергия және т.с.с.) немесе
элементтердің бірыңғай топтары бойынша есептеуге болады. Мысалы, барлық
материалдар шығындарын тұтастай есептеу. Өндіріс бойынша шығындар құрамы
туралы жарғысы және өнімді таратуда өнімнің өзіндік құнының экономикалық
элементтеріне жиі тізімдеу тағайындалған:
• материалдық шығындар (қайтарылған қалдықтардың құнын қоса
есептегенде).
• Еңбекке төлем шығындары.
• әлеуметтік қажеттіліктерге аударым.
• Негізгі құралдар амортизациясы.
• Басқа шығындар.
Бұл айтылғандар Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары үшін
міндетті болып табылады. Сондықтан бухгалтер шығындар элемеонттерінің
әрбіреуіне қандай шығындар қатысты екенін білуі керек. Шығындардың нақты
элементтерінің мазмұны шығындар құрамы туарлы жарғыда тағайындалған. Әрбір
элемент бірыңғай шығындар тобын құрайды және ол шығындардың көлемді негізін
құрайды, яғни олардың әрбіреуіне қатысты болатын. Олардың негізгі
ерекшеліктерін қарастырамыз.
Материалдық шығындарға төмендегілердің құндары қатысты:
а)өнімді қаптау және басқа өндірістік мақсаттарға орта технологиялық
процессті қамтамасыз ету үшін қолданылатын немесе өнім шығаратын, яғни
өндіретін жақтардан алынған шикізат пен материалдар;
б)өнім өндіруде қолданылатын шалафабрикаттар мен сатып алынатын қосымша
бұймдар;
в)негізгі кәсіп түріне жатпайтын, өзінің кәсіпорынның өндірісі немесе
басқа ұйымдармен орындалатын өндірістік, яғни жұмыс және қызмет;
г)табиғи шикізат(суға төлем, ағаш түбіріне және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz