Балхаш көлі «табиғи парадокс» және оның құрып кету қаупі


Жоспар

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2) Балхаш көлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3) Балхаштың тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4) Балхаш пен оның ихтиофаунасының зерттеу полигонына айналуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5)Балхаш көлі «табиғи парадокс» және оның құрып кету қаупі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6) Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе.

Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.Табиғатты қорғау мемлекет тің басты міндеті,адамзаттың абзал ісі.Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.
Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі,өндіріс орындарының географиялық аумақтарда алдын–ала зерттемей,талғамсыз орналасуы,ядролық,бактериялогиялық, химиялық,ракеталық сынақтарды өткізілуі,үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі,ауылдың жерлердегі жер – суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық. Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті деуге болады.Мәскеу профессоры «Химия қауіпсіздігі» одағының президенті Лев Федорович айтуынша:« Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық аймаққа жатады деді».
Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған мысал ретінде «Тың жерді игеру» желеуімен жүргізілген қате реформаның нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады ( бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып кетті ),батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде, әскери қару – жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде, сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін ғаламат қайғы–қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау,өзен суларының мөлшерден тым көп,ретсіз алынуының нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады.Қазіргі уақытта Каспий теңізіндегі және оның маңындағы мұнай ресурстарын кеңінен игерілуінен, бұрғылау жұмыстарының көптеп жүргізілуінен оның экологиясы өте қауіпті
Қолданылған әдебиеттер.


« Экологиялық бағдарлама ». Алматы. Атамұра. 2004 жыл.

«Қазақстанның Республикасының экологиялық ахуалы және оны мәдени қайта құру негіздері» Жақсыбеков,Әбдіғапшар ,Сейдуллаұлы.

«Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары». Алматы 1991 жыл.

«Қазақстанның қазіргі экологиясы».Нұрихан Нұрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. Мерей. 2002 жыл.

«Қазақстанның биосферасы : жер,су,радиоэкологиялық жағдайы». Нұрихан Құрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. 2001 жыл.

«Экология мен табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. Ғылым. 2004 жыл.

«Экология Казахстана». Панин Михаил Семенович. Семипалатинск.2005 год.


«Экология». Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Алматы. Ғылым 2001 жыл.

Пән: География
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 18 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Жоспар

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

2) Балхаш
көлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
3) Балхаштың
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
4) Балхаш пен оның ихтиофаунасының зерттеу полигонына
айналуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
5)Балхаш көлі табиғи парадокс және оның құрып кету
қаупі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .

6)
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе.

Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді
орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін
қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп,
оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық
зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер
бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып
біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.Табиғатты қорғау
мемлекет тің басты міндеті,адамзаттың абзал ісі.Туған табиғатты сүю өз
Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.
Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі,өндіріс орындарының географиялық
аумақтарда алдын–ала зерттемей,талғамсыз
орналасуы,ядролық,бактериялогиялық, химиялық,ракеталық сынақтарды
өткізілуі,үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі,ауылдың
жерлердегі жер – суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық.
Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті
деуге болады.Мәскеу профессоры Химия қауіпсіздігі одағының президенті Лев
Федорович айтуынша: Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық
аймаққа жатады деді.
Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз
жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер
және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі
ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген
сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда.
Соған мысал ретінде Тың жерді игеру желеуімен жүргізілген қате реформаның
нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады (
бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып
кетті ),батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде,
әскери қару – жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында
және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде,
сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін
ғаламат қайғы–қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және
қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау,өзен суларының мөлшерден
тым көп,ретсіз алынуының нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал
теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады.Қазіргі
уақытта Каспий теңізіндегі және оның маңындағы мұнай ресурстарын кеңінен
игерілуінен, бұрғылау жұмыстарының көптеп жүргізілуінен оның экологиясы өте
қауіпті жағдайда. Соған қоса Каспий теңізінің көтеген фауна өкілдеріне
құрып кету қаупі төніп тұр.
Қазақстанның экологиясындағы су проблемасының орны ерекше.Себебі
атақты ғалымдардың айтуынша алыс емес болашақта адамзат су көзінде
тапшылықты сезінетін болғандықтан су басты ресурстардың біріне айналады,
тіпті су үшін соғыстар кәдімгі үйреншікті көрніске айналуы мүмкін.Ал
Қазақстанның өзінің су ресурстарының проблемаларын қарастырып,оны шешуі
болшақ ұрпақтардың жарқын болашағы үшін өте маңызды.Бұндай міндетті түрде
қарастырылып, шешілуі керек проблемаларға Арал теңізінің,Балхаш көлінің,
Каспий теңізінің өзгеде өзендер мен көлдердің алдында тұрған қайғылы
тағдырларын жатқызса болады.

Негізгі бөлім.

А) Қазақстандағы ең үлкен көл (Каспийді теңіз деп қарастырғанда). Көлемі
18 430 миллион шаршы метрді алып жатыр. Арал мен Каспийден кейінгі Балхаш
көлінің экологиялық жағдайы қуантарлық емес.Адамның қоршаған ортаға
келтіріп жатқан кешірілмес қиянаты,келіп жатқан зияны көбейіп көбейіп отыр.
Балхаш көлінің маңындағы үлкен мыс қорыту зауытының және өзгеде
кәсіпорындардың бұл жердің экологиясына келтірген зардабы орасан зор.Соның
зардыптарынан жергілкті тұрғындар мен Балхаш көлінің аң–құсы қасірет
шегуде. Мысалға 14 жасқа дейінгі балалардың 75%-і,ересек жастардың78%-
і,үлкендердің 64%-і әр түрлі тіс ауруларына шалдыққан, онкологиялық
аурулар,нәрестелердің шетінеп кетуі,құстардың жаппай қырылып қалу кең етек
алған.Балхаштың экологиялық жағдай жылдан–жылға нашарлап барады. Ал ең
қорқынышты ахуалдың бірі–қытайлықтардың Балхаш көлінің нәрі–Іле өзенінің өз
жерінен бастау алатын бөліктерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын (каналдар
салу,жаңа қалалар соғу, өнеркәсіпті дамыту сияқты) бастауы. Егер Қытай
көршіміз,Іле өзенінің 15%-ін бөгеп,сол мөлшердегі суды,Қазақстанға
жібермесе, Балхашта экологиялық апат болуы мүмкін. Соған көл маңындағы, Іле
бойындағы ирригациялық жұмыстарды нақты жүйеде жүргізілмеуі, оның байлығын
( сексеуіл, қамыс және тағы басқа ) керексіз пайдалану, Балхаштағы балықты
заңсыз аулаудың кең етек жайылуы кінәлі. Сол себебті Балхаштың тағдыры тек
Қазақстанның ғана емес, ол Қытайдың көмегіне және Іле өзенінің суын дұрыс
пайдалануына тікелей байланысты.
Ал енді Қазақстанның экологиялық проблемасының бірі болып саналатын
Балхашқа кеңірек тоқталып кетейік.

Б) Ал,Балқаштың пайда болу тарихы,оның ата тегі ерекше.
Геологиялық тарихтың кейінгі кезеңінде Тәңір тау (Тянь-Шань)
әлі жоқ кезде,қазіргі Балқаш-Алакөл ойысының ауданы тегіс таулардан
тұратын. Сол дәуірде Орталық Азияның климаты ыстық әрі ылғалды
болуына себепті бұл аумақта етегін қырыққұлақ басқан қылқан
жапырақты ну ормандар таралады. Басарал аралындағы ақ түсті
каолинді саз балшықтар Балқаш тарихының сол өте ертедегі
кезеңінен тікелей куәлік етеді.Кейінірек осыдан 2,5 млн.жыл бұрын жер
қыртысының дифферциялық тектоникалық қозғалыстары басталады да,
жердің алғашқы бетінде бірінші әжімдер - болашақ тау жоталары
пайда болады.Осылайша Шу-Балқаш суайырғының күмбезі көтерілді.
Солтүстік Балқаштың жатық шоқылары қалыптаса бастайды және қазіргі
кездегі Жоңғар Алатауының орнында төбешіктер пайда болды. Климатта
өзгеріске ұшырады:ылғалдылығы азайып континентальдылығы арта түсті.
Аумақтың ландшафты Африка саванналарының түріне өтті.
Бір жарым млн.жыл бұрын Шу-Іле суайырғы мен Солтүстік Балқаш
өңірінің ұсақ шоқылары шапшаң өсе бастады.Жер бетінің жеке бір
орында бұлайша көтерілуі, оның басқа бір жерін төмендеуге мәжбүр
етті.Осылайша Алакөл ойысы пайда болды,ол көтерілген барлық таулардың
ортасынан тау аралық Эмел (Еміл) ойысы ерекшеленеді. Пайда болған
таулар мен алғашқы пра-көлдердің жағдайлары өте тұрақсыз еді. Балқаш
ойысының шарасы (табаны) әлі дайын емес еді, сондықтан да алғашқы тау
өзендері суларын қоршаған төбелерден шығысқа, Алакөл және Эмел (Еміл)
ойысына қарай ағызды. Сол замандағы климат суықтығы мен континентальдығы
өсе түсуімен сипатталады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де
климаттың салдарынан өзгеріп отырды: кең аңғарларда шамшат ормандары
шуласа, төбелер мен өзен аралықтарында тау пісте, лаврлар өсіп жатты.

Климаттың жалғасқан суықтауымен континентальдылығының күшеюі
суайрықтардағы далалардың кеңеюінеалып келді,бірақ бұл процесс Алакөл
мен Балқаш ойыстарында орын алады. Мұндағы климат жазды ыстық және
аясыз қысымен ерекшеленетін субтропикалық күйінде қалды. Оған Кеңтүбек
түбегінен табылған саванналық-далалық ландшафтарын мекендеген Іле түйе
құсы жұмыртқасының қауызы дәлел болды.
Жер қыртысының жаңа қозғалыстары Солтүстік Балқаш өңірінде ұсақ
шоқылы жер бедерінің қалыптасуына алып келсе,Жоңғар Алатауында
жекелеген таулар мен тау аралық ойыстар жүйесін
қалыптастырды.Кішігірім төбелер Хантәңірі секілді төбелері көк
тіреген шындармен алмасты. Олар осыдан 500 мың жыл бұрын бірінші
мұзқұрсануға ұласты. Мұзқұрсанудың соңынан Алатау өзендерінің
ағындысы күрт өсті, мұздық суларының қуатты ағындары тау
беткейлерін бұза бастады және ысырындыларымен аумақтың бедерін
айтарлықтай дәрежеде өңдеуден өткізді. Атропогеннің ортасында (осыдан
200 мың жыл бұрын) Орталық Азияның таулары әлдеқашан түбегейлі
қалыптасып болды, жалпы ауытқуы 1000-2000 м аралығындағы олардың
тоқтаусыз көтерілуі (жылына 2,5 м жылдамдықпен) уақытша өзен, көл
және ойыстар пайда болуымен ұласып отырды. Өз кезегінде олардың
пайда болуынан жоқ болуы тез өтетін. Көтерілген тауарлар күшті тау
ағындарымен араласып отырды. Дәл осы кезде пра-Балқаш ойысы пайда
болады және әсіресе оның батыс бөлігі өзен сулармен толыса
бастайды.
Орта антропогеннің екінші жартысында (шамамен 100 мың жыл
бұрын) Тәңіртау тауларының күшті мұзқұрсануы өтеді де,ал оның соңын
ала – күшті жылыну басталды. Мұздықтардың қарқынды еруін шақырған су
ағындары қазіргі Балқаштың бесігі болған Балқаш-Алакөл ойысын және
шағын-шағын уақытша көлдерді ернеулерінен асыра толтырды. Ертедегі
Балқаштың тайыз су батыс бөлігі, ойымызша, оқта-текте ғана
толтырылып отырған және мүмкін көлге ат берген шексіз батпақ
иеліктерінен тұрды.
Балқаштың одан бергі антропогендік тарихын бірінен соң бірі
кезектесіп алмасып тұрған трансгрессия мен регрессия фазалары
түрінде көзге елестеуге болады. Балқаштың деңгейінің ең жоғарғы
көтерілуі мен төмендеуінің 7 кезеңін бөліп қарауға болады. Көл
тарихы таулық мұзқұрсану мен мұнда жатқан неотектоникалық процесстермен
тығыз байланысты. Жер қыртысының қозғалысы, таулардың түзілуі,
климаттың өзгеруі, мұздықтардың пайда болуы мен еруі тау көлдерінің
бірнеше қайта пайда болуы және бұзылуы, өзен ағындысының
қалыптасуы және өзендердің ұзаруы сияқты күрделі табиғат процестері
Балқаштың пайда болуына алып келді. Ғалымдар Балқаш-Алакөл ойысының
тұтас палеотарихында ежелгі көл шұңқырлар орындары өзгермегенін
дәлелдеп шықты. Тек жағаларының сұлбасы ғана өзгеріп отырған.
Балқаш өңірінің дүниесі қатал да әсем. Жазда мұнда құмды және
шаңды дауылдары патшалық құрса, ал қыста қарлы борандар
құтырады. 480С құбыжық ыстық және жауын-шашынсыз жаз. Мұндай
климаттық жағдайлар бұл өлкеде тіршілік болмайтындай көрсетеді.
Алайда, олай емес. Табиғат бізге нешінші рет екені белгісіз,
өсімдік пен жануарлар дүниесінің бейімделуге деген таңғажайып
мүмкіндіктерін көрсетумен келеді. Мүмкін сондықтан да Балқаш
өңірінің кез келген мекендеушісімен (сорақ немесе жыңғыл тоғайы,
немесе кішкене кесіртке т.б.) кездесу таң қалдыруынан танбайды.

В) Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі
Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл
шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді.Климаттың қайталай
ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және
көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға
толыуын алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер
түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында
Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (
ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір
шешімге келген жоқ ) кездесетін.
Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай жас көлдің кәрі мекендеушісі
балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған
болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының
тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.
Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі)
қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін
белгісіз.Мүмкін,ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен
шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа
жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы
балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының
жұмбақтарымен үндес.
Балқаштың және оның салаларының аборигендері не тұқы
тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма),вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына
жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін
өзендермен жеткен деп есептелінеді.Көлемі аса зор болған ежелгі
Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын
осылай түсіндіреді.Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен
балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды.

Орта Азия мен Қазақстанда шармай мен көкбастың бірнеше түрі
кездеседі.Бұл балықтарды мамандар тұқы балықтардың ерекше кіші
тұқымдастары – ажыраған құсақтарға жатқызады.Бұл тұқысдамтар өзінің атын
балықтың анальдық тесігінің екі жағын ала орналасқан екі қатар
үлкейген теңгешелері – ажырауға қатысты алған.Қызықты ерекшелік:
бұл балықтардың ұрғашысы еркегінен әлдеқайда ірі болып келеді.Кейбір
зерттеушілер Қазақстанда шармайдың (қарабалық) 5 түрі бар десе,ал
өзгелері 2 түрін – кәдісге және Балқаш шармайына бөліп қарайды.Балқаш
шармайы екі түрге – Іле және балқаш шармайына бөлінеді. Мойындау
керек: кейбір суқоймалардағы балықтардың биологиясын аз білетініміз
сонша, олар адам ықпалымен өзгеру жылдамдығы шапшаңдап, тіпті
бұл жануарлардың кейбір нысандары оларды жан-жақты
зерттегенше жойылып кетті!
Балқаштың өзінде бірнеше экологиялық нысандармен ерекшеленетін,
қазір кездеспейтін Балқаш шармайы тіршілік ететін. Іле, Қаратал,
Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінің және көлдің өзге де салаларының
төменгі ағысында Балқаш шармайы оны тау етегі зонасында толық
алмастыратын. Іле шармайымен қатар жүретін.Ағыстың жоғарғы жағында
жалаңаш көкбас, ал тау ағындарының басында – теңгелі көкбас
тіршілік ететін.
Шармайдың ең ірі экземплярының тұрқы 80 см-ге жетіп,салмағы
10 кг-нан асатын, Шармайдың денесі типтік өзендік балықтардың
нысанында жіне тегіс сары жасыл қола түстес болып келеді.
Ұзындығы бойынша түрлер ажыратылатын екі жұп мұрты бар, шармайдың
денесінде дұрыс орналасқан теңге қатарлары болмайды. Бұл сипат
теңгешілердің ұзындықтары түрлі өлшемде болуымен айқындалады. Алайда, ел
таңқалдыратыны шармай мен жалаңаш көкбастың уылдықытары аса улы.
Уылдырық шашар уақыт таянған сайын уылдырықтағы удың шоғырлануы
күшейе түседі. Бұрынырақ бұл балықтардың құрсақ терісіне төселген
көмірдей қап-қара төсеніші улы деп қате есептеліп келді.
Бәрібір,шармайды улы уылдырығы да сақтап қала алмады.
Оның жойылып кетуіне себеп, көлге бәсекелес балықтардың
жіберілуі, бейбіт көлде жыртқыштардың пайда болуы және ірірек
ұрғашы балықтардың көбірек аулау,болып табылады. Өкінішке
орай,Оңтүстік Қазақстан үшін шармай және көкбас атаулары бұл
жерлердің ескі тұрғындарының естеліктеріне тақырып болатын аңыз
болып қана қалды. Өз кезінде шармай тұран жолбарысы, алматы
апорты немесе Алатаудың қарлы шыңдары сияқты өлкенің символы
болған жоқ па еді.
Жалаңаш және теңгешелі көкбастар - шармайға қарағанда ұсақ түрлер.
Жалаңаш көкбастың теңгешелері кеуде жүзбеқанаттарының артында, бүйір
қапталын бойлай, ажырау мен құрсағында орналасқан. Теңгешелі көкбас
тұтас теңгеше басқан болып келеді,алайда олар біркелкі
орналаспаған,дұрыс қатарлар түзбейді,ал теңгешелері бір-біріне
асылмайды. Жалаңаш көкбастың тұрқы мен салмағы кейде балықшы
үшін әжептеуір болып саналатын мөлшерде болуы мүмкін,сондықтан да
жергілікті балықшылар ірі балықтарды көкірегін кере форель
(патшабалық) деп атайды.Патриот балықшыны мұртшаларының, тістерінің, майлы
жүзбеқанаттарының болуы немесе болмауы, теңгешелерінің саны немесе түсі
қызықтырмайды! Көлдің таулық немесе жазықтық салаларында жалаңаш
көкбастан өзге талма балық пен голецтердің бірнеше түрлері
тіршілік етеді. Балқаш алабының өзендік бөлігінде қарапайым
талма балықтардың бірнеше түршелері тіршілік етеді:
қарапайым,Зайсан,Балқаш және Жетісу талма балықтары. Бұл балықтардың
денесі ұсақ теңгешелер басқан және түрлі өлшемдегі дақтар
немесе жолақтармен әшекейленген. Әсіресе,Зайсан талма балығы үйлену
киіміндей әсем. Еркек балықтың негізгі түсі - тік жолақпен
өрнектелген жасыл қола түс; құрсағы мен анальдық жүзбеқанаты қызыл, ал
кеуде жүзбеқанаттары сүттей ақ жолақпен қоршалған.Талма балықтардың
бәрі бүгінге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып қалып отыр.
Жалаңашбалықтар - өзенде жасаушылар. Бұл балықтарды оның аузының
айналасында 3 жұп мұртшаларынан, ұзын әрі жіңішке құйрық сабағынан
және дененсіндегі теңгешелерінің болмауынан жеңіл ажыратуға болады.
Әрбір жалаңаш балықтың қайталанбас түсі бар. Кез келген нысандағы
және орындағы күңгірт дақтардан тұрады. Дақтары мүлде бірдей
бірнеше экземплярларды табу өте қиын. Сондықтан да жалаңаш
балықтарды жүйелеу мәселесі міне жүз жыл бойы ихтолог ғалымдарды
ұйықтатпайды, себебі жалаңаш балықтың Қазақстанда сегіз әлде
он бір, жалпы қанша түрі бар екенін ешкім де дәл білмейді.
Жалаңаш балықтың әдеттегі ұзындығы - оттық қораптан шай
қасықтың ұзындығына дейін. Бұрын Балқаш пен Алакөлде ұзындығы 22
см-ге жететін аса зор жалаңаш балықтар кездесетін! Олар аса
салпы ерін балықтар түріне жататын. Бүгінде көлде жалаңаш балықтар
қалған жоқ: олар жыртқыштарға ұнағанға ұқсайды.
Осымен Іле-Балқаш алқабының алабының аборигендік ихтифаунасының
құрамы жөніндегі әңгімені аяқтауға болар еді, егер зардапты көп
көрген көл үлкен өзгеріс дәуірін бастан кешпесе. ХХ-ғасырдың
басында сазан Балқашқа түсіп, онда тіршілік үшін тамаша жағдай
табады.
1929 жылы Түрксіб құрылысшылары аягөз өзеніне Ертіс алабынан
сібір тарақ балығын жібереді. 1945 жылға қарай бұл шағын ғана,
үйір сүйгіш тұқы балық тұқымдастарына жататын балық алапқа
түгелдей таралып үлгіреді.
Халықтан шыққан жерсідіргіштер суқоймалардың фаунасының
қалыптасу мәселелерімен айналысатын ихтиологар мен гидробиологтарға
көптеген бас қатыратын жұмбақтар жасырды деуге болады. Алайда,
олардың әрекеттері балқаштың ихтифаунасын реконструкциялау бойынша ресми
жұмыстармен салыстырғанда ауызға алуға келмейді. Кеңес өкіметі
орныққан соң, табиғаттан қайырымдылық күтуді қажет деп таппаған
мемлекет, табиғатты өзгерту туралы курсты ашық деп жариялады.
Осылайша далада қолдан жасалған теңіздер, ал шөлде өзендер пайда
болды. Балықтар құри бастады, ал дала ландшафтары егістікке
айналды.
Жануарлар әлемі де естен шығарылған жоқ. Алайда, аңдардың
ішінде де, құстар арасында да су қоймалар бастан кешірген
радикалды өзгерістер мысалын табу қиын. Тек Орта Азияның
суқоймалары ғана су экожүйесінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу
полигонына айналдырылды. Ал Балқаш көлі табиғатты батыл өзгертушілердің
сәтсіздіктері мен қателіктерінен тұратын хрестоматиялық мысалға айналды.
Бірінші рет Балқашқа жоспарлы түрде балық жіберу балықтардың
бағалы түрлерінің реалын кеңейту мақсатында жүргізілді. 1930-1931
жж. Іле өзеніне Арал каязының жынысы жетілмеген бірнеше мың
данасы жіберілді. Арал каязы - ірі, тұқы тұқымдас тұщы су балығы.
Ал 1933-1934 жж. –ересек Арал шоқырының бірнеше жүздеген данасы
жіберілді. Шоқыр өтпелі бекіре балықтарына жатады және Балқаш
өңірінің тұрғындары ғылыми атаулардың бастарын ауыртып жатпай жай
ғана бекіре деп жиі айтады. Балқаштағы шоқыр жиырма жасар
шағында ұзындығы бір жарым метрге,салмағы 20 кгшамасына жетеді. Оған
уылдырық шашу үшін тасты,малатасты грунт пен ағыс қажет. Мұндай
уылдырық,шашатын орындардың көпшілігі бұрын Іле өзенінің қапшағай
шатқалынан өтер тұста болатын. Бүгін каяз бен шоқыр Қазақстанның
Қызыл кітабының мекендеушілері.Себеп - Сырдария мен Іле өзендерінде
жүргізілген су құрылыстары.
1948 жылы Алматының балық шаруашылығының суқоймаларына Зайсан
көлінен ойғақ балығын жіберу сәятсіз аяқталады. Оңғақ - көлдер мен
ағысы шабан, арнасы балдыр басқан өзендер мекендеушісі.Оңғақтың
денесінің нысаны мөңке балыққа, ал түсімен – шармайға, жұқа әрі
ұсақ теңгешелермен - форельге ( патшабалық ),ал дәмдік сапасы жөнінен
оңғақ балыққа тең келері жоқ. Оның еті семіз, өте нәзік, аздап
тәтті, қантамырларының қалың желісінен сәл қызғылт реңкте. Оңғақты
Еуропада өте бағалайды және оның тұқы балықтан шабан өссе де ,балық
өсіретін шаруашылықтары өсіруге ұмтылуда. Балқаштағы оңғақтың таралу
аясы өте тар.
1950-1960 жж.арасында алдымен Қаратал өзеніне, соңынан Тоқырауын мен
Іле өзендеріне Алтай өлкесі мен Қостанай облыстарына бозша мөңке
жіберілді. Бүгін бұл тұқы тұқымдастардың күй талғамайтын өкілі
Балқаш алқабында барлық жерде кездеседі: атыраулық көлдерден өзен-
салалардың таулықтелімдеріне дейін. Бозша мөңке - ғажайып балық.
Ол оттек тапшылығы мен ластанған суға да шыдамды, денесінің бір
бөлігінің мұздануын және тіпті суқойманың қысқа мерзімге құрғауын
да көтереді. Қазақстанның кейбір көлдеріндегі тіршілік жағдайы
соншалықты қатал болғандықтан оларда тек мөңке балық қана өседі. Сол
себепі мөңке балық суқойманың жағдайының биоиндикаторы болып
есептелінеді. Бозша мөңкенің Балқашта пайда болуы мен оның көптеп
өсіп-өнуінің өзі экологтар үшін судың ластану белгісі болып
табылады.
Бозша мекенің кейбір түрлері көбеюдің балықтар арасындағы сирек
кездесетін тәсілі – гиногенезді пайдаланады. Ниногенетикалық
популяцияарда барлығы дерлік ұрғашы, олар уылдырықты туыс түрлермен
бірге шашады. Дегенмен олардың ұрпақтарында буданның пайда болуы
мүмкін емес. Барлық шабақтар тек мөңке болып шығады және түгелдей
дерлік ұрғашы мөңке.
Арал теңізінен Балқашқа 1949 ж. табан балықты жіберу тәжірибесі
табысты өтті. Өкінішке орай, табысты сол кездің өзінде ғалымдар
бұл ғылыми тұрғыдан негізделмеген шешімге қарсы болды және оның
мақсатқа сай екендігіне күмән білдірді, алайда олардың пікірлеріне
ешкім құлақ та аспады. Табан балық жаңа орынды өте жақсы
игерді де өзінің санын жылдам көбейтуге кірісті. Дәл осы
табанды көлге жіберумен мамандар көлден шармайдың ығыстырылып
шығарылуы мен сазан санының кеми бастауын байланыстырады.
1957ж. Балқашқа көксеркені жібереді. Көксеркеге дейінгі
кезеңде Балқашта типтік жыртқыш балықтар болған емес. Тек
шырмайдың аса ірі экземплярлары ғана кейде жыртқыштықпен
айналысатын. Көксеркені жіберу бағалы емес ихтифаунамен-жалаңаш
балықтармен және алабұғамен күресу керектігімен негізделеді. Балқаш
алабұғасын Қызыл Кітапқа енгізу - бұл есептеулердің дұрыстығы мен
дәлдігінің дәлелі!
Балықтардың жаңа түрлерін жерсіндірудегі табыс күткендегіден
асып түсті: ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың құрып кету себептері
Балхаш көл
Балхаш көлінің даму тарихы мен экологиялық жағдайы
Арал, каспий және балхаш проблемалары
Туберкулез қоздырғышы,оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
Нашақорлық, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
Балқаш көлі
Балхаш 1 станцияның жұмысын ұйымдастыру
Резервуарларды жөндеу, құрып орнату
Жер сiлкiнiсiнiң қаупi кезiнде
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь