Қазақстан тарихы: мәдениеттің басты аспектілері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ:

МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТЫ АСПЕКТІЛЕРІ

Қарағанды 2005

Ежелгі Қазақстанның мӘдениеті.

Қазіргі Қазақстанның территориясында, басқа аймақтардағы сияқты тас дәуірінің өзінде адам өмір сүрген. Бұл туралы алғашқы адамдардың ежелгі тұрақтарының Қаратау жотасының ауданында, Есіл бастауларында, Сарысудың ортаңғы ағысында, Балқаш өңірінде, Маңғышлақта табылған археологиялық олжалары куәландырады. Климат жағдайларының өзгеруіне қарай, өсімдіктер мен жануарлар әлемдері және ежелгі адамдардың өмірінің жағдайлары, олардың еңбек қарулары мен жұмыстары өзгерді. Сондай-ақ адамның жергілікті табиғи жағдайларға бейімделген физикалық типі жетілдірілді. Сонымен бірге материалдық мәдениеттің бастапқы нысаны болған тасты өңдеу техникасы жетілдірілді. Ежелгі адамдардың күнделікті өміріне тас балталар, теселер, дән үккіштер, келілер өндірілді. Олар отты, садақты және жебелерді қолдана бастады. Ежелгі адамдар терімшілік пен аң аулаудан қарабайырлық егіншілікке және мал шаруашылығына, яғни өндіруші шаруашылыққа біртіндеп өте бастады.

Еңбектің тас құралдары - бұл Қазақстан территориясының ежелгі жұрттарының материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оларды археологтар ұзақ, тынымсыз еңбек етудің нәтижесінде тапты. Бұл - Қаратау тауларындағы палеолит дәуірінің ескерткіштері, Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтары. Орталық Қазақстанда - сарыарқаның солтүстік-шығысында Құдайкөл тұрағы, Жезқазған маңындағы Жаман Айбат тұрағы, Қарағанды облысының Жезді ауданындағы Обалысай, Шығыс Қазақстанда - Қолқұтты өзенінің жағасындағы тұрақ, Оңтүстік Қазақстан облысында - Арыстанды өзенінің жағасындағы Қарасу тұрақ шатқалындағы тұрақ, Батыс Қазақстанда - Маңғышлақ түбегіндегі тұрақ және т. б.

Неолит дәуірінде ежелгі адамдар Қазақстанның ауқымды территориясының көптеген аудандарын мекендеді. Мұнда ежелгі адамдардың тіршілік әрекеті туралы куәландыратын, неолит пен энеолит дәуірінің жүздеген ескерткіштертері байқалған. Жаңа дәуірде материалдық мәдениет аса сапалы сатыға көтерілді. Сүйектен, тастан жасалған бұйымдар - қырғыштар, призмалық және қарындаш тәрізді нуклеустар, тілімшелер, тескіштер, үскіріктер, пышақтар, жебелердің микролитикалық ұшықтары - Қазақстанның ежелгі жұрттарының еңбек қарулары мен еңбек ету сипатында елеулі ілгерілеушілік болғаны туралы айтады. Бұл туралы тоқымашылықтың, қышшылық және тау-кен ісінің қарапайым түрлерінің жандануы да айтады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда неолит пен энеолит дәуірінің 600-ден астам ескерткіштері белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысында бұл - Қараүңгір тұрағы, Атырау облысында Құлсары тұрағы, Шығыс Қазақстан облысында - Қызыл Су тұрағы, Солтүстік Қазақстанда - Пеньки тұрағы. Қазақстандық неолит сондай-ақ Маңғышлақта қалыптасты - Сенек тұрағы, Бұзаушы түбегінде - Шебер тұрағы.

Қазақстан территориясында табиғи және географиялық жағдайларының арқасында біртекті материалдық мәдениет қалыптасты. Неолит дәуірі бірнеше археологиялық мәдениеттермен белгілі. Батыс Қазақстанда бұл - кельтеминар мәдениеті, Ақмола облысында - атбасар және маханжар мәдениеті.

Энеолит дәуірінде Қазақстанның ежелгі жұрттары металды меңгерді және мыстан қарулар жасады. Археологиялық ескерткіштер түбі жайпақ, бай өрнектелген қышпен берілген. Егіншілік және мал шаруашылығы аймақтарында еңбектің мыс қаруларын ендіру өндірісте елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Энеолит дәуірінде ежелгі адамдар жаңа мыс қарулармен қатар күнделікті өмірде сыналған тас қаруларды пайдалануды жалғастырды. Тас өндірісте жоғары деңгейде басым болуын жалғастырды. Қазақстанда энеолит Көкшетау облысындағы Ботай разъезі бойынша аталған, Ботай мәдениетімен ұсынылған және уақыты біздің эрамызға дейінгі Ш-П мыңжылдығымен айқындалады.

Сонымен, тас ғасырда ежелгі адамдар орасан үлкен климаттық кеңістіктерді игерді, аң аулауға арналған қарулар жасап, оларды жетілдірді, жануарлардың терілерін өңдеді. Сол дәуірдің адамдарымен жасалған барлық заттар материалдық мәдениеттің бастауы болды.

ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ

Біздің эрамызға дейінгі ІІ мыңжылдықтың бірінші-екінші тоқсанының межесінде Еуразия далаларында мыс пен қалайының қорытпасы - қоланы алу технологиясы ойлап табылды. Б. э. дейінгі ІІ және және кейінгі 1- мыңжылдықтар тарихта «қола ғасыр» атауын иеленді.

Қола дәуірінде Оңтүстік-Батыс Сібір, Орал маңы, Қазақстан, Орта Азия аймақтарына нағыз төл мәдениетін қалдырған, туыстас тайпалар орналастырылды. Ғылымда ол «андронов» деген шартты атауға ие болды. Бұл атау Оңтүстік Сібірде, Минусинск қазаншұңқырында, Ачинск қаласының маңында Андроново селосының жанындағы бірінші моланың қазбалары бойынша берілді. Осыған ұқсас жерлеулер Батыс Қазақстанда да байқалды, ғалымдар андронов мәдениетінің ескерткіштері ауқымды территорияда - шығыстағы Минусинсктен батыстағы Оралға дейін таралғанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда, Орта Азияда табылды.

Андронов мәдениеті бақташылық мал шаруашылығы едәуір басым және металлургия өндірісі елеулі дамыған кешенді мал шаруашылығымен және егіншілікпен сипатталады. Еңбектің металл қаруларының өзгеше кескін үйлесімі болды. Бұл - сырты салпаң төлкелі балталар, негізі ойылған пышақтар, найзалар мен жебелердің өзіндік ұштықтары, білезіктер, айналар, моншақтар мен әр түрлі алқалар. Андроновшылар көршілес тайпалардан жерлеу ғұрпы, қышы, металл бұйымдары мен әшекейлерінің пішіні бойынша ерекшеленді. Жерлеу ғимараттарын андроновшылар әр түрлі кескін үйлесімдік тік бұрышты, дөңгелек, сопақ тас қоршаулар мен қорғандық үйінділер түрінде тұрғызды. Олар өлген тайпаластарын не жаққан, не жиырылған қалыпта, тас тақталардан жасалған «жәшіктерде» немесе тік бұрышты қазылған шұңқырларда, бір бүйіріне жатқызып ерекше тәсілмен жерлеген. Қыштан бұйымдар қолмен жасалды. Андроновшылар алдыңғы кезеңнің түбі домалақ ыдыстарын түбі жалпақ орнықты ыдыспен ауыстырды. Ыдыстың сыртқы беті күрделі геометриялық өрнекпен безендірілді, ол ирек немесе майда қалыппен салынған. Андроновшылар әшекейлерінің пішіні ерекше болды. Алтын жапырақтан жасалған сырғалар бір жарым айналымға оралған болатын. Бас киім мен үстіге киетін киім әшекейлерінің пішіні «көзілдірік тәрізді» аспалар және шекпелі өрнекті таналар түрінде болды. Білезіктердің ұштары спираль тәрізді оралған болды. Әшекейлер мен балшықтан жасалған ыдыстардың жасалу техникасы андроновшылар мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Археологиялық деректер көзі бойынша андроновшылар басым көпшілігінде отырықшылық өмір салтын жүргізді. Поселоктар мен молалар кең жайылмалық шалғындары бар өзендердің жағасында орналасты. Андроновшылар 6-10-20 тұрғын жайларда шағын топтармен тұрды. Андроновшылар отбасыларының тұрғын жайлары шаруашылыққа арналған әр түрлі қосымша құрылыстары мен малға арналған қашалары бар үлкен жертөлелер болды.

Кеш қола дәуірінде (б. э. дейінгі ІІ аяғы және 1 мыңжылдықтың басы) дәстүрлі андронов мәдениетінде жаңа элементтер пайда болды. Өлікті кәдімгі жиырылған қалпында жатқызатын жерлеу ғұрпында өлікті екі аяғын созып арқасымен жатқан қалпында жерлеу кездесе бастады. Қыш пен оның өрнегінің түрі өзгертілді, «жұмырланған қыш» пайда болды. Егіншіліктегі еңбек қаруларының саны әдәуір қысқарды. Бұл климаттың құрғақтығына байланысты болды да, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік берді. Бұл уақытта андронов тайпалары шөл және шөлейт аймақтарды біртіндеп игере бастады. Үй маңындағы, бақташылық мал шаруашылығы шаруашылықтың жаңа түрі - көшпенді мал шаруашылығына ауыса бастады. Жайылмалық шалғындардағы поселоктар қыстақтарға айналды, ал егіншілік біртіндеп көмекші шаруашылық сипатын иелене бастады. Мал шаруашылығында ұзақ өтулерге төзімді және жыл бойы аяғынан жайылуда болатын жылқылар мен қойлардың саны біртіндеп ұлғайды.

Ғалымдардың арасында андронов мәдениетін жаратушылардың этникалық тиесілігі туралы бірнеше пікірлер бар. Біреулері оларды фин-угор этникалық тобына жатқызады, басқалары андронов тайпаларының түркі тілдестігі туралы болжамды айтады. Алайда ғалымдардың көпшілігі андронов мәдениетін танушылар үнді-иран тайпалары болған деп есептейді. Бұл тұжырым үнді-ирандар - Авесте, Ригведа, Атхарвадеда, Яджурведа, Шатанахтаның ежелгі жазбаша ескерткіштерін және топонимиканың, ономастиканың, археологиялық материалдардың басқа деректерін талдау негізінде жасалды.

Кеш қола дәуірінде кешенді мал шаруашылығы-егіншілік андронов мәдениеті көшпенді беғазы-дәндібай мәдениетімен ауыстырылды. Бұл мәдениетке тән сипат, бір жағынан - андронов дәстүрлерінің сақталуы, екінші жағынан, жерлеу ғимараттарының ерекше түрінің, өзіндік жерлеу ғұрпының, балшықтан жасалған ыдыстардың жаңа пішіндерінің пайда болуы. Жерлеуде өліктің жиырылған қалыпта орналасуымен қатар, арқасымен созылып жатқан қалыптар да кездеседі. Жерлеудің мұндай ғұрпы кейінірек ерте темір дәуірінде Қазақстанның мал шаруашылығымен айналысатын тайпаларында таралды.

Дәндібай-беғазы мәдениетінің ескерткіштері Шет ауданында Ақсу-Аюлы ІІ, Қарқалы 1-ІІІ молаларымен, Беғазы, Дәндібай сағаналарымен, Ұлытай, Шортанды бұлақ қоныстарының және көптеген басқалардың молаларымен берілген.

Мысалы, Ақсу-Аюлы ІІ кешеніндегі ең үлкен қорғанның биіктігі 2 метр, диаметрі 30 метр. Топырақ үйіндісінің астында бір-біріне салынған төрт тас ғимарат, төрт үлкен тақтадан жасалған көлемді тас жәшік болған. Тас жәшікте адамның созылған қалпындағы қаңқасы болды. Дәндібай-беғазы мәдениетінің басқа жерлеулерінде өліктің созылған қалпында жатуы дәстүрлі андроновтық жиырылған қалыппен сәйкес келеді.

Дәндібай-беғазы мәдениетінің балшықтан жасалған ыдысы аласа, мойыны қысқа, бүйірлері қатты дөңес шар пішінді. Ою-өрнек техникасы көлденең бітелген ірі ирек қалыппен көрсетілген. Қыштан жасалған ыдыстың пішіні біршама төзіп, біртіндеп қозғалмалы өмір салтына бейімделді. Құрбандық тас жәшіктердегі үй жануарлары сүйектерінің көп саны кеш қола дәуірі тайпаларының шаруашылық қызметінің біртіндеп өзгергені туралы айтады. Бұл дәуірдің молаларында көптеген тұрмыс заттары, әшекейлер, қарулар болды. Жерлеу ғұрыптары бойынша қоғамдағы мүліктік теңсіздіктің пайда болуымен байланысты өзгерістер анықталды.

Орталық Қазақстанның кеш қола дәуірінің тайпалары өзінің дамуында Оңтүстік Орал (замарк мәдениеті), Алтай мен Енисей (қарасу мәдениеті) тайпаларымен өзара байланыста болған. Олардың туысқандық байланысы материалдық мәдениеттің заттарымен, яғни қыш бұйымдармен, қола қарулармен, тұрмыс нәрселерімен және әшекейлермен, металл өндірумен және балқытумен расталады. Тайпалар тығыз мәдени және экономикалық байланыста болды. Осы мәдени айырбаста Алтай, Сібір, Оралдың ар жағындағы тайпалардың қарым-қатынасында маңызды делдал болған, қазақстандық палеометалл (мыс, қалайы, алтын) үлкен роль атқарды.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің тайпалары оның өзіндік мәдениетімен бірге Қазақстанның далаларында ерте темір дәуірінде қалыптасқан жаңа этномәдени түзілімдердің құрама бөліктерінің бірі болды.

САҚ-САРМАТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ

Б. э. дейінгі 1 мыңжылдықта, ерте темір дәуірінде, Еуразия даласының территориясында скиф-сақ тайпалары орналасқан. Орталық Қазақстандағы сақ мәдениетінің көрнекті ескерткіштері Тасмола қонысының молалары, шатырсыз пирамидалар және Жетісудағы Есік қорғаны, Зайсан қазаншұңқырындағы және Оңтүстік Алтай тауларындағы шымкенттік жерлеу орындары, Оңтүстік Қазақстандағы Ұйғарақ және Тегіскен молалары, Арал маңындағы ескерткіштер және т. б. болып табылады.

Сақтардың жерлеу орындарына жерлеудің қорғандық ғұрпы тән. Олар ретсіз немесе созылған тізбектермен орналасқан, екі-үш үйіндіден бірнеше ондаған үйінділерге дейін топтармен орналасқан. Сонымен, Орталық Қазақстанның тасмола мәдениетінің қорғандары, Жетісу қорғандары меридиандық тізбектерге созылған. Іленің сол жағалауындағы Жуантөбе моласы - 300 қорғаннан, Талас өзеніндегі Бекқара моласы 500 қорғаннан тұрады. Көптеген жерлерде биіктігі 20 метрге дейінгі, диаметрі 100 метр және одан артық «патшалық» қорғандар кездеседі. Мысалы, Іленің оң жағалауындағы атақты Бесшатыр моласы 31 қорғаннан тұрады, олардың арасында биіктігі 17 метр және диаметрі 104 метр Үлкен Бесшатыр қорғаны ерекшеленіп тұр. Оның үйіндісі қиылған конус пішінді, жалпақ шыңының диаметрі 32 метрді құрайды. Кейбір қорғандардың ерекшелігі - оларда жерлеудің тастан салынған ғимараттарының созылған күрделі кешенінің бар болуы. Мұндай қорғандар Бұғылы, Қызыларай, Баянауыл, Тасмола, Қарамұрын және т. б. тауларының алдында шоғырланған.

Сондай-ақ жерлеу атрибутикасы да күрделенді. Қарудан, киімнен және қоса жүретін нәрселерден басқа, өлген адамға ат (жылқы) арнау ғұрпы кеңінен таралды. Жерлеудің бұл ғұрпымен сақ тайпаларының өмірінде жылқының атқаратын ролінің артуын атап көрсетеді.

Сақ тайпаларының шаруашылық-мәдени қызметі көне жазба көздерінен бастап қазіргі көздерге шейін бейнеленді. Сақ тайпалары шөп пен судың молшылығына қарай малдарымен бірге бір жерден екінші жерге ауысады. Тұрақты бір жерді мекендемейді. Дөңгелек киіз үйлерде тұрады, олардан шыға беріс шығысқа қаратылған. Етпен қоректенеді, қымыз ішеді. Еңкейген кәрісінен соңғы бағынышты адамға шейін әрқайсысы өзінің малын өзі бағады және өз мүлкінің қамын ойлайды.

Сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің бір бөлігі тұрғын жай болып табылады. Олар алдыңғы көшпенді тайпалар ойлап тапқан киіз үйді жетілдірді. Көне тарихшылар Геродот, Гиппократ сақтар ақ киізбен жабылған, ағаштан салынған тұрғын жайларда тұрған деп айтқан. Маусым сайын көшпенділер төрт және алты доңғалақты арбалардағы тұрғын жайды пайдаланған. Археологиялық деректер бойынша, қазақстандық сақтар сондай-ақ стационарлық тұрғын жайларда - оңтүстікте саманды кірпіштен, солтүстік пен шығыста - бөренелерден (ағаш кесінділерінен) қаланған тұрғын жайларда өмір сүрген. Археологтардың айтуы бойынша, жертөлелер мен ағаш кесінділері домалақ және күмбез тәрізді қақпақтарымен, киіз үй пішінді болған. Олардың эволюциясы бір жағдайда - конус тәрізді киіз үйдің, екінші жағдайда сфералық қақпақты киіз үйдің жасалуына әкелді. Сонымен, атап айтқанда көшпенді сәулет өнері өзінің бастауын киіз үй тәрізді тұрғын жайлардан алады.

Сақтардың киімінің пішіні туралы тарихшы Геродот, олар тығыз киізден жасалған төбесі үшкір бас киімдер киген деп айтады. Көрнекті түрде олар Персеполедегі Ксеркс сарайының бедерлі кескіндерінде және Пасаргадыдағы Дәрия мазарында ұсынылған. Онда сақтар төбесі үшкір биік бас киімде, белдікпен байланған, денеге жабысып тұратын тізеге дейін келетін кеудешеде, тар шалбарда және өкшесіз аяқ киімде көрсетілген, белдіктің оң жағына -қанжар, сол жағына садақ ілінген.

Есік қорғанында табылған олжа ғалымдардың «Алтын адам» деп аталатын ақсүйек сақтың мерекелік киімін барлық атрибуттарымен бірге қайта жасауға мүмкіндік берді. Оның басында биік (65-70 см), конус пішінді, төменгі жағы үш құлақ бөрік тәрізді бас киім болды, ол әр түрлі аңдарды, құстарды, ағаштарды бейнелейтін, алтын тілімшелермен және қаңылтыр белгілермен әшекейленген. Мойнын жолбарыстың басы түрінде ұштықтары бар алтын әшекей әшекейлеген, сол жақ құлағының сырғалығында - зерленген және көгілдір түсті асыл тасты алқалармен әшекейленген алтын сырға. «Алтын адам» матадан тіккен көйлек, оның сыртына жолбарыстың басы түріндегі алтын қаңылтыр белгілермен және үш жапырақты өсімдік пішінді белгілермен көмкерілген былғарыдан тіккен қысқа шекпен киген. Шекпен он алты ауқымды қаңылтыр белгілермен, аңдар стилінде орындалған жапсырмалармен жарқырап тұрған, әшекейленген белдікпен белбеуленген. Белдіктің оң жағында қызыл қынаптағы темір семсер ілінген, сол жағында - жылқы мен бұлан бейнеленген алтын тілімше-жапсырмалармен көмкерілген, қынапқа салынған темір қанжар. Шалбардың тігісі ұсақ алтын қаңылтыр белгілермен тігілген және ол шекпендегі сияқты алтын қаңылтыр белгілермен әшекейленген, қонышы биік етіктің ішіне салынған. Тұтас алғанда, ақсүйек сақтың барлық киімі 4 мыңға жуық қаңылтыр белгілермен және тілімшелермен қапталған. Бұл иерархиялық сатының жоғарғы сатысында тұрған ақсүйек сақтың киімі болғаны күмәнсіз.

Таулы Алтай сақтарының қорғандары, мәңгі тоңының арқасында матадан, киізден, теріден, былғарыдан және т. б. тігілген киімдер жинағын сақтап қалған.

Жерлеу ғұрыптары бойынша ғалымдар сақтарда ата-бабаларға, отбасылық-ру қасиеттілеріне, қамқоршыларға табыну болған деген тұжырым жасады. Осы табынудың бастаулары өлген руластарының өлмейтіндігіне, о дүниенің бар екендігіне сенуге негізделген. Сондықтан зиратқа өлген адаммен бірге оның қоғамдағы жағдайына лайықтап заттарын қоса салған. Сақ қоғамының ерекше ақсүйек өкілдері үшін өлікті бальзамдауды және мумиялауды қолданған.

Сақ тайпаларының табынуы отты, жылқыны, күн мен басқа аспан қасиеттілерін құрметтеумен байланысты. Көне жазба көздері бойынша кейбір сақ тайпаларының басты құрметтейтін құдайы күн болған, онымен аспан отына табыну тығыз байланысты болған. Отқа табыну өзінің шығу тегін күнге табынудан бастайды және Еуразияның көптеген көшпенді тайпаларында кеңінен таралған.

Сақтар уақытында анимизм, тотемизм, магия сияқты діни көзқарастардың болуы жалғасқан. Тотемизм және магия фактілері тұмарларда, бой тұмарларда және көз моншақтарда сақталған. Сақтардың түсінігі бойынша, олардың руы немесе тайпасы мифтік жануарлардан пайда болған. Олар жануарлардың пішінінде көрініс тапқан. Шайқастарда көмектессін деп - қаруларды, олар оны ұрыста тіс батпайтындай ету үшін, аттың ер жүгенін жануарлармен безендірген. Тотем-жануарлар сақтардың ғылымда «аң стилі» атанған өнерінде ашық көрініс тапты. Бұл стиль б. э. дейінгі VІІ-VІ ғғ. . Еуразия даласының көшпенді халықтарында кеңінен таралды.

Қолданбалы өнердің заттары алғашқы рет - Скифияда (Қара теңіз маңында), содан кейін Сібірде табылды және ғылымда скиф-сібірлік аң стилі деген шартты атауды алды. Оның тақырыбы аңдардың, жануарлар мен мифтік зооморфтық құбыжықтардың бейнесі болды. Жануарлар мен құстардың шағын бейнесі қазандар мен құрбандық табақтарын, қылыштар мен қанжарларды қорамсақтар мен балталарды, ат жүгені мен айналарды, киім мен туларды әшекейлеу үшін пайдаланылды. Сақ шеберлерінің шығармашылығы қоршаған жануарлар әлемінің нақты бейнелерімен өзара тығыз байланыста болды. Аңдардың бейнесі негізінде - қола мен алтыннан, сирек түрде сүйектен, мүйізден, ағаш пен темірден орындалған. Сақ шеберлерінің қолданбалы өнері және олардың «аң стилінде» орындалған бұйымдары әлем мәдениетінің жауһары болып табылады.

Сақ мәдениетінің жоғары деңгейі туралы жазудың таралу фактілері куәландырады. Мысалы, сол «Алтын адам» табылған Есік қорғанында көптеген ыдыстар табылды. Бір күміс ыдыста белгісіз руна тәрізді алфавиттік жазудың 26 таңбадан тұратын екі жолдық жазбасы сақталған. Өкінішке орай, бұл жазба әлі күнге дейін оқылмаған. Ғалымдар ежелгі сақтар б. э. дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ жазуды білуі мүмкін деп болжайды.

Сақ қоғамы ежелгі өркениеттер: Қытаймен, Мидиямен, Ассириямен, Алдыңғы Азиямен, Жерорта теңізінің елдерімен тығыз байланыста болған. «Ұлы Жібек жолы» арқылы сақтар оның бойын мекендеген халықтармен саудалық байланыста болған. Осы өркениеттер мен халықтардың сақ тайпаларының мәдениетіне әсер еткеніне күмән жоқ.

Ежелгі үйсіндердің мәдениеті Жетісудағы қоныстар мен молалардың қазбаларымен берілген. Оларды зерделеу ғалымдардың үйсін тайпаларының бар материалдық мәдениетін құрастыруға мүмкіндік берді.

Үйсіндер кешенді мал және егін шаруашылығымен айналысты. Жетісудың табиғи жағдайлары олардың далалардан тау бөктеріне және биік тау шалғындарына көшуіне мүмкіндік берді. Тұрақты қоныстанған жерлерде үйсіндер өңделмеген кірпіш пен тастан тұрғын жайдың стационарлық түрлерін салды. Тұрғын жай қосымша құрылыстары мен малға арналған қашалары бар бір үлкен бөлмеден тұрды. Жазда үйсіндер киіз үйлерде өмір сүрді. Ет-сүт өнімдерімен қоректенді, нан пісірді, көкөністер мен жемістер өсірді.

Қоныстардан алыс емес жерде рулық зираттар болды. Өлген тайпаластарын бүйір жағы тереңдетілген шұңқырларда жерлеген. Өлікті осы шұңқырға ұйықтап жатқан адамның қалпында, басын батысқа қаратып жатқызған. Жерлеу ғұрпы марқұмның қоғамдағы жағдайына тең, қажетті атрибутикасымен қоса болған.

Үйсіндер тау-кен ісін, тоқыманы, жіп иіруді, тас өңдеуді жақсы білген, сондай-ақ үй кәсіптері мен қолөнері дамыған. Зергерлік бұйымдар асыл және жартылай асыл тастармен әшекейленген. Үйсін шеберлері түрлі-түсті тастар - сердоликтің, бирюзаның, гранаттың құпияларын білген. Бұрғылау жолымен моншақтар жасалған.

Үйсін мәдениеті дамуының жоғары деңгейі туралы Алматының маңындағы Қарғалы шатқалында байқалған алтын бұйымдар айқын көрініс болады. Онда жүздеген әр түрлі әшекейлер табылған. Олардың арасында екі өркешті түйелердің мүсіндері салынған екі жүзік, тау ешкісінің он пішіні, тышқан бейнеленген сырғалар, көптеген қаңылтыр белгілер бар. Барлық бұйымдар алтыннан жасалған және бирюзамен безендірілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
Философияның мәдениеттегі орны және ролі
Өркениеттер мен мәдениеттегі ғылым мен философияның байланысы
Саяси құндылықтар жүйесі
Мәдениет нысандары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, технология
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz