Арнайы субъектісінің мәні, ұғымы, белгілері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Арнайы субъектісінің мәні ұғымы белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Қылмыстық заң және қылмыстың арнаулы субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі деп заңмен белгіленген белгілі бір жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке адам танылады. Бірақ та практика көрсеткеніндей субъектінің аталған белгілері аталған қылмысты жасағандығы белгілі бір адамдарды жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз болуда. Сол себепті заңшығарушы қылмыстық-құқықтық нормалардың архитоконикасын жасай отыра, субъектінің арнаулы белгілерін көрсетеді. Осы белгілерге сәйкес қылмысты жасаған жауапты адамдардың шегі анықталады. Сол себепті, біз аталған белгілерді, яғни арнаулы субъектіні айтамыз.
Заңшығарушы осындай нақты қылмыстық-құқықтық нормаларды анықтау барысында К.Маркс айтқандай, заңшығарушы “заңдарды жасамайды, ойлап таппайды, тек қана формулировкасын жасайды” – деп айтылады. А.А. Герцензонның айтуынша заңдарды модельдеу нақты шынайылықтан алынған сол немесе басқа да тәжірибелік мәліметтерге жүгіне отырып, негізделуі тиіс,- деді .
Қылмыстық-құқықтық нормаларды зерделеу көрсеткеніндей қылмыс субъектілерінің мүмкіндігін шектейтін құрамдарды құрастыру барысында заңшығарушы сол немесе басқа да нормалар жекелеген объективті белгілеріне ие бола отырып, бұзатындығын көрсетеді (мысалы, лауазымды қылмыстарды тек лауазымды адамдарды жасау мүмкіндігі немесе әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілерді жасауы және т.б.). Бірақ та аталған белгілер субъективті сәттерді ескере отырып қылмыс немесе терісқылық жасалғандығын айыруға мүмкінді береді.

1. ҚР Қылмыстық Кодексіне түсінік. –А.2001ж.
2. Мемлекеттік қызмет туралы. “ҚР заңы” 23 шілде 1999ж.
3.А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. –А., “жеті дарғы”, 1999.
4. R.Mavrach Zipt. H. Op cit -S. 474.
5.Ю.С. Богомяков. Уголовно-правовая невменямость: критерии и признаки // Совесткое государство и право. 1989. №4. –С.103.
6. Б.А. Протченко. Понятие невменяемости в Совестком уголовном праве // Правоведение 1987. №4, -С.84-85.
7. Судебная психиатрия. Учебник. /Под ред. Г.В.Морозова. –М., 1986. –С.3-4.
8. А.А. Жижиленко. Спорные вопросы, уменьшенной вменямости и уголовный кодекс РСФСР /Право и жизнь. 1924. №7-8. –С.47.
9. Д.А. Аменицкий. К вопросу о принудительном лечении и о социально опасных духовно больных и психопатах // Душевно-больные правонарушители и принудлительное лечение. /Под ред. П.Б.Ганушкино. –М., 1929. –С.36-37.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Арнайы субъектісінің мәні ұғымы
белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...4
2. Қылмыстық заң және қылмыстың арнаулы
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі деп заңмен белгіленген
белгілі бір жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке адам танылады. Бірақ та
практика көрсеткеніндей субъектінің аталған белгілері аталған қылмысты
жасағандығы белгілі бір адамдарды жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз
болуда. Сол себепті заңшығарушы қылмыстық-құқықтық нормалардың
архитоконикасын жасай отыра, субъектінің арнаулы белгілерін көрсетеді. Осы
белгілерге сәйкес қылмысты жасаған жауапты адамдардың шегі анықталады. Сол
себепті, біз аталған белгілерді, яғни арнаулы субъектіні айтамыз.
Заңшығарушы осындай нақты қылмыстық-құқықтық нормаларды анықтау
барысында К.Маркс айтқандай, заңшығарушы “заңдарды жасамайды, ойлап
таппайды, тек қана формулировкасын жасайды” – деп айтылады. А.А.
Герцензонның айтуынша заңдарды модельдеу нақты шынайылықтан алынған сол
немесе басқа да тәжірибелік мәліметтерге жүгіне отырып, негізделуі тиіс,-
деді .
Қылмыстық-құқықтық нормаларды зерделеу көрсеткеніндей қылмыс
субъектілерінің мүмкіндігін шектейтін құрамдарды құрастыру барысында
заңшығарушы сол немесе басқа да нормалар жекелеген объективті белгілеріне
ие бола отырып, бұзатындығын көрсетеді (мысалы, лауазымды қылмыстарды тек
лауазымды адамдарды жасау мүмкіндігі немесе әскери қылмыстарды тек әскери
қызметшілерді жасауы және т.б.). Бірақ та аталған белгілер субъективті
сәттерді ескере отырып қылмыс немесе терісқылық жасалғандығын айыруға
мүмкінді береді.
І.Негізгі бөлім
1. Арнайы субъектісінің мәні ұғымы белгілері
Арнаулы субъектінің ұғымын анықтау, нақты қылмыстық-құқылық нормаларды
қабылдау тақырыптың басқа да мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу үшін
алғышарт болады. Қылмыстың арнаулы субъектісі мәселесін қарастыру барысында
философиялық көзқарастар тұрғысынан қаралғаны жөн.
Д.А. Керимов құқықтық біртұтастық деп - белгілі бір деңгейде өзара
біріктірілген тиісті компоненттердің бірлігі және олардың табиғаты және
сипатына байланысты салыстырмалы тұрақты ұйымдарды құрайды,- деді 25.
Елдегі заңдылықты қатаң және бұлжытпай орындау заңшығарушы қылмыстарды
жасау барысында жауаптылықты туындатуды көздейді. Бірақ та қылмыстылықпен
күресу тарихы көрсеткеніндей тәжірибелі әрқашанда қанағаттандырды деп айта
алмайық, өйткені қылмыстар әртүрлі санаттағы адамдармен жасалады.
Жалпы гнесологиялық жоспар тұрғысынан субъектінің ұғымына байланысты,
соның ізінше жалпы субъект түсінігі пайда болды. Бұл түсінік алдыңғы ұғымға
қарағанда жасаған қылмысы үшін адамдардың шегін шектейді.
Аталған шектеу негізінде арнаулы субъектінің ұғымына негізделген.
Мүмкіндікті субъектілердің шеңберін шектеу екі жолдармен жүрген. Бір
жағынан ол (мүмкіндікті субъектілердің шеңберін шектеді), өзінің сипаты
бойынша объективті, мазмұнды болды, басқалай жағынан оны формальды,
субъективті деп айтуға болады. Алғашқысы ретінде қылмыс жасау мүмкіндігі
белгілі бір санаттағы адамдар, мысалы 18 жасқа толған ер адам, ҚР азаматы,
дәрігер т.б. Екіншіге мысал ретінде оның әлеуметке ақрсы қызметін ескеретін
субъектіні шектейтін нақты құрамдар.
Бұрынғы көрсетілгендей біртұтастық, өзінің бір бөлігі болған жағдайда,
яғни біртұтастық орын алған кезде туындайды. Біз қарастырылп жатқан
мәселеде бұл өзара байланыс арнаулы субъектінің біртұтастық ретіндегі
ұғымынан, өйткені арнаулы субъект ұғымы өзінің түрлері арқылы шынайы
нақтылықтан, мысалы, әскери қызметшінің, лауазымды адамның, аса қауіпті
рецидивистік қылмыс жасауы. Аталған жағдайда арнайы субъект ұғымы жалпы
ретінде өзінің бөлігінен, түрлерінен және т.б. көрініс табады.
Басқа жағынан бұл түрлер өзінің жиынтығы жағынан арнаулы субъектінің
ұғымын біртұтастық ретінде қалыптастырады, өйткені ол нақты қылмыстар үшін
жауапкершілік туындататын адамдардың шеңберін шектейді. Тиісінше, арнаулы
субъект ұғымы және олардың түрлері философиялық категориялардың нақты
көрінісі болып табылады.
Сонымен бірге арнаулы субъектінің түрлерінің өзіндік ереркшеліктері
болады. Заңи әдебиеттерде бұл мәселе өзінің шешімін тапқан жоқ. Арнаулы
субъектілер түрерін топатстыру негізіне бір жағынан арнаулы субъектінің
барлық түрлерін қарастыратын, екінші жағынан – ерекше жеке белгілерін,
кінәлінің тұлғасының қасиетін, олардың көмегімен қылмыс жасаған адамды
қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Көрсетілген топтастырулардың
шарттылығын ескере отыра, шынайы мынадай белгілерді, арнаулы субъектінің
қасиетін қарастыра отыра біз мынаны анықтаймыз.
Ф.Энгельстің атап көрсеткенінідей, диалектика абсолютті нақты ажыратушы
линияларды білмейді деді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отыра, арнаулы
субъектінің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
-белгілі бір құқықтық жағдайларға ие тұлғалар; КСРО азаматтары,
азаматтығы жоқ адамдар, тұлғалар, әсери қызметшілер, әскери міндеттілер,
ата-аналары, қорғаншылары, балалары, куәгерлер, жәбірленушілер, сарапшылар,
аудармашылар, қамаудағы адамдар, сотталушылар және т.б.
-Адамның қасиеттерін белгілі бір демографиялық (физикалық) қасиеттер.
-Ерекше еңбек шарттары сипаттағы атқаратын жұмыстар; лауазымды адамдар,
дәрігерлер және басқа да медицина қызметкерлері;
-Қылмысты қайталап жасаған адамдар.
Бірақ та арнаулы субъектінің кейбір түрлері “автономды”, “дербестік”
сипатқа ие, мысалы, лауазымды адамның ұғымы өзінің түрлеріне (бөлігін)
қатысты ұғымды білдіреді.
Қылмыстық заңдарда, заңи әдебиеттерде, сот тергеу тәжірибесінде
лауазымды адам ұғымы ең күрделі және маңызды мәселе ретінде қарастырылады.
Лауазымды адамның осыған ұқсас ұғымдары бұрынғы және қазіргі заңи
әдебиеттерде де берілген. Бірақ та бірқатар ҚК-де лауазымды тұлғаны
анықтауға байланысты ерекшеліктер бар.
Лауазымды тұлғалар ұйымдастырушылық-бөлуді атқарумен немесе әкімшілік-
шаруашылық міндеттерді атқарумен байланысты деп бөлінеді.
Ұйымдастырушылық бөлу міндеттері деп адамдарды, жұмыс учаскелерін,
өндірістік процесті басқарумен байланысты фунцияларды түсінеміз.
Олар мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар немесе жекелеген учаскелердің
қызметін басқарумен байланысты.
Лауазымды адамдардың аталған санаттары мысалы, мекеме, ұйым және
кәсіпорын басшылары, олардың орынбасарлары, бастық (бөлім меңгерушілері,
сектор, цех, учаске және басқа ұйымдастырушылық-құрылымдық бөлімдерінің,
аға инженерлер және т.б. меңгерушілері).
Әкімшілік-шаруашылық міндеттері ретінде тікелей мүлікпен байланысты,
өндірістік процестерді басшылыққа алу, материалдық мүліктерді тиеумен
байланысты қызметтер кіреді.
Мемлекеттік аппарат ұғымын тар және кең мағынада түсінуге болады. Тар
мағынада мемлекеттік аппаратқа атқару - басқару аппаратын немесе
мемлекеттік басқару органдарын жатқызамыз.
Кең мағынада мемлекеттік аппарат ұғымына мемлекеттің барлық тетіктері:
а) мемлекеттік билік (жоғары және жергілікті өкілді органдар);
ә) мемлекеттік басқару (атқару-басқару қызметін жүзеге асыратын
органдар);
б) әділсоттылық;
в) прокуратура;
г) халықтық бақылау органдары жатқызылады.
Мемлекеттік аппаратпен қатар елдің саяси, шаруашылық және мәдени
өмірінде қоғамдық ұйымдар (кәсіпорындар, кооперациялар, жастар одағы және
ұйымдары, спорттық, қорғаныс, мәдени, техникалық, ғылыми қоғамдар және
т.б.) маңызды орынға ие.
Қоғамдық ұйымдардың өзінің міндеттерін жетістікпен атқаруы үшін,
олардың жетекшілері және басқа да қызметкерлері (мысалы, басқарма
төрағалары, олардың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, аға инспекторлар
және т.б.) ұйымдастырушылық - шаруашылық немесе жедел-басқару құзіретін
иеленеді, яғни лауазымды адамдар – мемлекеттік аппарат қызметкерлері
құзіретімен бірдей әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңының 7-бабына
сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің құрамына саяси және әкімшілік лауазымдар
кіреді.
Саяси лауазымдарға саяси мемлекеттік қызметшілер иеленетін лауазымдар
кіреді. Саяси лауазымдарға ҚР Президенті, ҚР Парламент Палаталарымен және
Парламент төрағаларының палаталары, олардың орынбасарлары және
Конституцияға сәйкес Президенттің және Үкіметтің өкілі болып танылатындар
жатқызылады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаты айқындалады.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің реестрі уәкілетті органның ұсынысымен
Қазақстан Республикасы Президентімен бекітіледі 26.
Арнайы уәкілеттік деп штатты лауазымды иеленбейтін, белгілі бір
ұйымдастырушылық – бөлу немесе әкімшілік-шаруашылық құзіреттерді жүзеге
асыратын билік өкілдері жатқызылады. Ол арнайы құқықтық актімен (бұйрықпен,
еңбек шартымен, сенімхатпен, қоғамдық ұйымдармен) немесе ауызша нысанда
негізделіп жасалады. Бұл жерде өкілеттілік белгілі бір уақытқа немесе
белгілі бір тапсырмаға беріледі.
Лауазымды тұлғалардың ішінде билік өкілдері ерекше топтағы құрамды
құрайды. Сондықтан да заңи әдебиеттерде билік өкілінің ұғымы әртүрлі
беріледі. Бірақ та оның мәні мынаған келіп саяды. өзінің қызметіне
байланысты өзіне бағынышты жұмыскерлеріне биліктік құзіреттерді жүзеге
асыратын адамдар танылады, немесе әкімшілік бағыныстағы адамдар танылады.
Осыған байланысты билік өкілдерінің міндетті белгісі ретінде билік
құзіреттерін жүзеге асыруды ұғынамыз).
Билік құзіреттері өкілеттілік сипатымен анықталады, олар қызметтік
құзіретіне байланысты билік өкілеттігіне ие. Осыған байланысты билік
өкілдері мемлекеттік аппаратын әртүрлі қызмет салаларында жүзеге асыра
береді. Мысалы, балық қорғау шаруашылығының жұмыскерлері балық ресурстарын
қорғау кезінде туындайтын қатынастар шеңберін реттейді.
Осыған сай сот органдарының сот орындаушылары билік өкілдері ретінде
сот үкімдерін және шешімдерін атқаруды жүзеге асырады. Сонымен билік өкілі
билік құзіреті жүзеге асыру барысында лауазымды тұлға болып танылады.
Ереже бойынша лауазымды адамдар ретінде мемлекеттік қызметте тұрған
адамдарды санаймыз, бірақ та кейбір жағдайларда билік өкілдері – лауазымды
адам болмауы да мүмкін. Мысалы, қатардағы жұмыскерлер (постылы полиция).
Сондықтан В.Ф. Кириченко мемлекеттік билік немесе басқарудың қатардағы
жұмыскерлері билік және басқару органдарының құрамына кірмесе де лауазымды
тұлғалар болып танылады, өйткені олар құқықтық салдарды туындататын өнімдер
береді немесе әрекеттер жасайды.
Бірақ та өзінің қызметтік қатынастарында мемлекеттік билік органдарының
жұмыскерлері немесе мемлекеттік басқарудың қатардағы жұмысшылар
қарастырылады, өйткені бұл салада олар құқықтық салдарға алып келетін
шешімдер қабылдай алмайды 27, -деді.
Заңи әдебиеттерде билік өкілдері ұйымдастырушылық бөлу сипатындағы
құзіретін де жүзеге асыра бастады. Бірақ та ереже билік өкілдерінің
қатардағы жұмыскерлеріне жүрмейді.
Мемлекеттік немесе қоғамдық аппараттың қызметкерлері көлемі және
сипатына қарай үш топқа бөлінеді:
1) лауазымды адамдар;
2) билік өкілдері;
3) қосымша – техникалық жұмыскерлер.
Билік өкілдерімен бірге лауазымды адамдар қатарына өзінің қызметіне
байланысты құқықтық қатынастарды туындататын, өзгертетін немесе тоқтату
мүмкіндігі бар және құқықтық маңызға ие қызметшілердің санаттары
жатқызылады.
Қосымша-техникалық персоналдарға мемлекеттік қызметшілердің едәуір
бөлігі жатқызылады. Бұл адамдар әкімшілік-шаруашылық немесе
ұйымдастырушылық бөлу өкілеттіктеріне ие емес. Мысалы, мақтаны сұрыптау
машинасының операторы т.т.
Р.Орымбаевтың пікірінше, барлық қызметшілерді, атап айтқанда
куръерлерді, лаборанттарды лауазымды адамдарға жатқызу дұрыс емес. Олардың
жұмысының міндетіне: анықтамаларды дайындау, статистикалық есептілік,
әртүрлі мәліметтер, рәсімдеу, жіберу және т.б. жатады. Олар дайындаған
құжаттар, анықтамалар, мәліметтер, хаттар заңмен немесе лауазымды адамның
құқықтық актісінің рәсімдеуінсіз заңдық күші болмайды. Тиісінше осындай
қосымша – техникалық жұмыскерелер лауазымды адамдардың өкілеттіктеріне ие
емес.
Сонымен бірге бұрынғы ҚазССР ҚК-де лауазымды адам ұғымының анықтамасын
сот тергеу тәжірибесінде, әсіресе мемлекеттік немесе қоғамдық
кәсіпорындарды,мекемелер немесе ұйымдарда ажырату кезінде белгілі бір бір
қиындықтар тудырады. Осындай қателік жағдаймен мемлекеттік немесе қоғамдық
аппараттың қатардағы жұмыскерлері лауазымды адамдармен бірдей
жауапкершілікке тартылады. Мұндай қателесулер сот-тергеу тәжірибесінде
көптеп кездеседі. Қазіргі кезде сот-тергеу практикасында лауазымды адамдар
ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындарда, мекемелерде немесе
ұйымдарда ұйымдастырушылық-бөлу және әкімшілік-шаруашылық құзіретті
атқаратын адамдар ғана емес, өзінің қызметтік жағдайына байланысты құқықтық
маңызды құзіреттерді атқаратын адамдар танылады. Сот тәжірибесінде осындай
лауазымдық адамдардың қатарына референттер, инспекторлар, консультанттар,
тауартанушылар, дүкен сатушылары, жоғары оқу орнының оқытушылары,
дәрігерлерді де жатқызады. Бұл адамдар ұйымдастырушылық-бөлу немесе
әкімшілік-шаруашылық құзіретіне ие емес, бірақ та олар мемлекет немесе
қоғамдық ұйымдардың атынан әрекет жасай отырып, белгілі құқықтар мен
міндеттерді туындатады. Мысалы, институтқа кезінде жоғарғы оқу орнының
ұстазы баға қою арқылы оқуға қабылдайды. Өзінің қызметтік жағдайына
байланысты студенттердің құқықтарын немесе міндетін туындататын, тоқтататын
немесе өзгертетін құқықтармен міндеттерге ие болады.
Аталған түсінікке байланысты лауазымды адамның түсінігі көпжылғы сот-
тәжірибесінде анықталған анықтамаға сай келеді. Сонымен бірге адамды
лауазымды тұлға деп тану үшін ол лауазымды тұрақты немесе уақытша
иеленгендігі немесе ұйымдастырушылық – бөлу немесе әкімшілік-шаруашылық
міндеттеріне байланысты анықтамайтындығы даусыз.
Қылмыстық құқықтағы маңызды мәселелердің қатарына қылмыстық жауаптылық
мәселелері жатқызылады. Қылмыстық-құқықтық ғылымында шешілетін мәселелердің
қатарына қылмыс құрамының ұғымы жатқызылады.
Қоғамға қауіптілігінің маңыздылығы шамалылығына қарай белгілі бір
әрекет (әрекетсіздік) болып танылатындар қылмысқа жатқызылмайды.
Тиісінше қылмысты әрекет (әрекетсіздік) деп тану үшін қоғамға қауіпті
және құқыққа қайшы болуы тиіс. Сондықтан қылмыс ретінде кез келген іс-
әрекет, егер ол қылмыстық заңмен көзделінсе қылмыс деп танылады.
Заңи әдебиеттерде көпшілігі қылмыстық құрамды қылмыстың жауапкершілігі
ретінде таниды. Бұл тұжырым белгілі бір деңгейде жұмыс істеп тұрған
қылмыстық заң үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға бірден бір негіз болып
табылады. Кейбір авторлар болса, қылмыстық жауапкершілік негізі ретінде
қылмыс құрамымен бірге қылмыскердің тұлғасын да жатқызады.
Арнаулы субъектімен қылмысқа қатысудың жауаптылығының мәселесі күрделі
және өзекті. Аталған мәселеге байланысты қылмыстық құқықта қарама-қайшы
бірнеше мәселе бар. Ол лауазымды қылмыстардың мысалымен көрініс тапты.
А.А. Пионтковский болса ұқсас қылмыс құрамдарын талдау барысында
қызметтік және қоғамдық парызды орындамау ажырамас бірлікте көрсетілуі тиіс
28, -деді.
Лауазымды адамдардың ерекше қызметтік парызы Конституцияға сәйкес
ерекше жалпы парыз жағдайында, заңды орындау, еңбек тәртібіне бағыну,
қоғамдық парызды атқару және қоғамды сыйлау.
Аталған мәселені шешу үшін арнаулы субъектінің заңдылық сипаттамасына
байланысты жеке түрде қаралып шешілуі қажет. Аталған концепцияның мәні
арнаулы субъектіні нақты түрде бөліп көрсету.
Техникалық жұмыскерлерді лауазымды адам деп тану лауазымды адамның
міндеттерін атқарумен байланысты танылады. Әдебиеттерде бұл мәселе бірқатар
криминалистермен әртүрлі көзқарастарда қаралуда. Бұл көзқарасқа қарсы
шығатындардың пікірінше лауазымды тұлғаның ұғымын кеңейтіп жібереді дейді.
Бірақта ғалымдардың көпшілігі мұнымен келіспейді. Егер техникалық
жұмыскерлер белгілі бір уақыт кезінде мекеме, кәсіпорын немесе ұйымның
алдында тұрған белгілі бір міндеттерге сәйкес әкімшілік-шаруашылық, жедел-
бөлу, бақылау тексеру және басқа да сипаттағы істерді атқарса лауазымды
адамдармен бірдей саналады.
Техникалық жұмыскерлерге әкімшілік, шаруашылық бөлу және басқа да
қызметтік функцияларды атқара отыра лауазымды адамдардың өкілеттігіне ие
болады. Белгілі бір берілген өкілеттік шеңберінде және белгілі бір уақыт
кезінде ол лауазымды адамның қызметін атқарады. Олардың қызмет бойынша
өкімі оған бағынышты адамдарға міндетті, лауазымды жағдайына формальды
түрде иеленіп отырса да, олардың құзыреті бірдей.
Мемлекеттік ұйымға, мекемеге немесе кәсіпорынға лауазымды адамның
қызметін атқаратын мұндай жұмыскерлер, штат бойынша лауазымдық құзыретін
атқаратын лауазымды құзіретін атқаратын лауазымды тұлғалардан еш
айырмашылығы жоқ.
Аталған ережелерден лауазымдық құзіретін иеленетін адамдардың
жауаптылық мәселесі шешіледі. Сонымен бірге қорғаушылар сарапшылар
лауазымды адамдар ретінде танылады, бірақ та олар жария құқықтық сипаттағы
функцияларды атқармауы да мүмкін. Сондықтан олардың кәсіби және қызметтік
әрекеті лауазымды адамдардың қатарына жатқызылмайды. Адвокат лауазымды
тұлға болып танылуы мүмкін, егер ол коллегия мүшесі ретінде лауазым
иеленсе, ол сарапшы – егер ол сараптама мекемесінде лауазымды иеленіп
отырса.
Дәрігерлер және педагогтар белгілі бір мекемелерде және ұйымдарда
лауазымдарды иеленеді. Олардың қызметі, ең алдымен ұйымдастырушылық –бөлу
сипатында. Сондықтан оларды лауазымды адамдар қатарына жатқызу мәселесі
жоққа шығарылайды. Қорғаншылар, қамқоршылар, куәлер, айғақтар, аудармашылар
лауазымды тұлғалар болып танылмайды. Лауазымды тұлғалардың қатарына
жатқызылмауының себебі олардың іс-әрекеті лауазымды қызметті атқарушымен
байланысты емес пе деп ойлаймыз. Ал лауазымдық жағдайын пайдалана отыра,
олар Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке
тартылады.
Заңи әдебиеттер, сонымен бірге лауазымды адамның ұғымы лауазымды
қылмыстар субъектісі ұғымымен ұқсас па. Аталған мәселеге байланысты заңи
әдебиеттерде біріңғай көзқарастар жоқ. Заңгер ғалымдардың бір тобы
лауазымды қылмыстар субъектісінің ұғымы лауазымды адамдарға қарағанда
кеңірек дейді, келесі көзқарастағылар болса, осы түсініктердің анықтамасы
тең дәрежеде деп қарастырып, лауазымды қылмыс субъектісінің ұғымы лауазымды
адамның ұғымына қарағанда тар деп көрсетеді.
В.С. Орловтың ойынша лауазымды қылмыстар субъектісінің ұғымы лауазымды
адамдардың ұғымынан кең емес. Лауазымды қылмыстардың субъектісі болып
лауазымды адамдар танылады. Бұл жалпы қағидадан ауытқуға болмайды және
барлығымыз заңды басшылыққа алады.
Кез келген лауазымды тұлға, лауазымды қылмыстардың субъектісі бола ма,
нақтырақ айтқанда жалпы лауазымды қылмыстар, мысалы, билікті теріс
пайдалану, асыра пайдалану және әрекетсіздік туарлы заңи әдебиеттерде
көптеген көзқарастар бар. Бірқатар авторлардың пікірінше көрсетілген
лауазымды қылмыстардың субъектісі болып кез келген лауазымды адам емес,
елеулі өкілеттіктерге ие адамдар танылады. Практика көрсеткеніндей өзінің
қызметтік жағдайын немесе билікті теріс пайдалана алады, тек белгілі
өкілеттіктерді иеленген, сондай-ақ осындай уәкілеттіккке ие емес лауазымды
адамдарда жатқызылады. Олардың арасында өзінің қылмыстық әрекеттерімен
мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметіне үлкен шығын келтіреді, басқалары
аздаған шығын келтіреді. Бұл мән-жайлар жаза шарасына ықпал етеді. Аталған
мәселені шешу қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған орын, уақыты және барлық
мән-жайларымен анықталады.
Қылмыстық заң бойынша арнаулы субъектінің едәуір бөлігін әскери
қылмыстар құрайды. Әскери қылмыстар басқа қылмыстарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктері бар.
Әскерде қызмет атқару әскери қызметтен және запастағы әскери
қызметшілерден тұрады. ҚР “Жаппай әскери міндеттілік” туралы Заңына сәйкес
әскери қызметін атқарған, кадрлық бөлімдерде қызмет атқаратындар әскери
қызметшілер деп танылады. Запаста әскери қызметін атқарып жатқан әскери
қызметшілер запастағы әскери қызметішлер деп танылады. Тиісінше әскери
қызметші және әскери міндетті деген ұғымдар өзара ұқсас емес. Бұл әскери
қылмыстарды сол немесе басқаларын субъекті деп тану әрқалай шешіледі.
Әскери қызметшілер әскериқызметшілердің субъектісі болып тек натқы қызмет
атқару уақытында ғана танылады, керісінше, запастағы әскери міндеттілер оқу
және тексеру жиылыстарында қатысады.
Әскери қызметшілер және запастағы әскери міндеттілер әскери
қылмыстардың субъектісі болып әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін
қоғамдық қатынастар ретінде танимыз. Қызметінен немесе шақырулардан тыс
әскериқызметшілер және запастағы әскериқызметшілер жалпы негіздерде
жауаптылыққа тартылып субъект бола алмайды.
Әскери қылмыстардың Жарғысына сәйкес Қазақстан Рсепубликасының
әскериқызметшілері ҚР аумағынан тыс әскери қылмыстарды жасағаны үшін ғана
емес, сондай-ақ еліміздің қарулы күштерінің басқа мемлекеттің аумағында
орналасқанына қарамастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілері заң және соттың
алдында, өздерінің жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жуапкершілікке
тартылады.
Арнаулы субъектінің ішінде кең қамтитын субъектілердің қатарына
көліктің қалыпты жұмысын бұзатын қылмыстар да кіреді. Көлік бұл шаруашылық
қатынастарда маңызды орынға ие болатын звенолардың қатарына жатады.
Тікелей алып қараған кезде осы тұрғыдан қылмыстардың субъектісі болып
теміржол немесе су көлігінің жұмыскерлері табылады. Бірақ та қажеттілікке
байланысты осыған ұқсас автокөліктегі қылмыс құрамдарындағы жұмыскерлерді
автокөліктің еңбек тәртібін бұзуға байланысты да жатқызады.
Автокөліктегі еңбек тәртібін бұзумен байланысты қылмыстрдың өзіндік
ерекшелігі бар. Аталған субъектілерге байланысты заңгерлердің арасында
ортақ көзқарас жоқ. Соған байлангысты көптеген заңгерлер көлік саласында
жасалынған қылмыстардың субъектісінің анықтамасын беруге талпыныстар
жасауда. Басқалары, керісінше көрсетілген бап бойынша қылмыстық субъектісі
болып көлік жұмыскерлері табылады дейді.
Кейбір ғалымдар болса, бұл барлық анықтамалар көліктегі еңбек тәртібін
бұзуға байланысты көлік жұмыскерлері болып табылады. Аталған түсініктерден
шығатын қорытынды қарастырылып жатқан қылмыстардың субъектісі борлып
көліктің кез келген жұмыскерлері танылады. Аталған бапқа сәйкес теміржол
және су көлігі жұмыскерлері еңбек тәртібін бұзуға байланысты, қылмыстың
субъектісі блып танылады.
Сондықтан да, еңбек тәртібін бұзуға байланысты көлік, теміржол, өзен
және теңіз тасымалдауымен байланысты жұмыскерлер ғана табылады.
Темір жол және су көлігінің жекелеген жұмыскерлері қозғалыспен немесе
тасымалмен байланысты болса да, еңбек тәртібін бұза отырып, тиісінше
көліктік қылмыстар үшін жауап береді. Көлік жұмыскерлерінің аталған
санатына ҚР темір жол, теңіз және өзен кемелерін техникалық экплуатациялау
Ережелеріне сәйкес істелінген жөндеудің саласын бағалауға байланысты
міндеті жүктелетін жұмысшылар жатады.
Көліктің осы тобының еңбек қызметі тікелей болмаса да, жанама түрде
темір жол және су көлігі қозғалысымен байланысты. Сапасыз жөндеу жұмыстарын
жүргізе отыра, аталған топтың жұмыскерлері міндеттерді орындауға байланысты
адал емес қарауы арқылы, көліктегі қозғалыстың қауіпсіздігіне қауіп
тудырады, тиісінше жоғарыда келтірілген әрекеттер бойынша зардап келтіреді.
Қозғалыспен байланысты көлік жұмыскерлерінің шеңберін анықтау
барысында, тек ҚР темір жолдарын техникалық эксплуатациялау, ҚР өзен және
теңіз флоты Ережелерін ғана емес, сонымен бірге тиісті теміржол және су
көлігі жұмыскерлерін медициналық куәландыру Ережелерін де басшылыққа алады.
Кейбір жағдайларда медициналық куәландыру Ережесі, қозғалыспен немесе
тасымалдаумен байланысты жұмыскерлердң шеңберін техникалық эксплуатациялау
Ережесімен салыстырғанда кең тұрғыда кеңейтіп көрсетеді.
Сонымен бірге көлік жұмыскерлеріне, подъезді жолдарды және аталған
жолдар қозғалысын эксплуатациялаумен тікелей байланысты өндірістік
кәсіпорындардың жұмыскерлері де жатқызылады. Көліктің аталған санаттағы
жұмыскерлері көліктегі еңбек тәртібін бұзуға байланысты субъект ретінде
қарастырылады, егер олардың әрекеті көрсетілген зардаптарға алып келсе.
Теңіз және су флоты органдарында қызметте тұрмаған су көлігі
жұмыскерлерінің жауаптылығы мәселесі де осыған ұқсас тұрғыда шешіледі.
Көптеген мемлекеттік немесе жеке және қоғамдық ұйымдарға тиесілі су көлігі
жұмыскерлері, көлік жұмыскерлерімен бірдей аталған бассейндегі флот
қозғалысы қауіпсіздігінің тиісті ережесін сақтауға міндетті. Сондықтан
оларды қарастырып жатқан қылмыстардың субъектісі ретінде танимыз.
Тиісінше қозғалыс және тасымалдаумен тығыз байланысты көлік
жұмыскерлерімен субъектілер шеңберін шектеу дұрыс емес. Олардың қатарына:
машинистер, от жағатындар, станция бастықтары, стрелочниктер, штурмандар,
сондай-ақ тауарлық аулалардың жүк өлшейтіндері, егер де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz