Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университеті
Шымкент институты
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты
(1771-1781)
Орындаған: 440-33 тобының студенті Сұлтан Бақыт Ғылыми жетекшісі: Исабек Б. Қ. т. ғ. к. доц. м. а.
Шымкент 2007
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уннверситеті
Шымкент институты
Факультет: Сырттай оқу бөлімі
Кафедра: Қазақстан тарихы
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі
«»200__ж.
Студенттің курстық жобаға (жұмысына)
Т А П С Ы Р М А
(студенттің аты-жөні)
1. Жобаның (жұмыстың) тақырыбы
2. Жобаның (жұмыстың) аяқталу уақыты
3. Жобаға (жұмысқа) керек материалдар
4. Жобаның (жұмыстың) мазмұны (әдебиеттік және патенттік ізденісі, экспериментальдық бөлім, заттың шығу сипаттамасы, эксперименіттің әдістемесі, экспериментальдық материалдарға талдау, қорытынды)
5. Кестелік және графикалық материалдардың тізімі:
6. Әдебиеттер тізімі:
7. Курстық жобаның (жұмыстың) орындалуы туралы график:
8. Тапсырманың берілген уақыты:
Курстық жобаның (жұмыстың) жетекшісі:
(оқытушының аты-жөні, қолы)
9. Тапсырманы алған студент:
(студенттің аты -жөні, қолы)
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент институты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент институты
Факультет
Кафедра
КУРСТЫҚ ЖОБА (ЖҰМЫС)
Тақырыбы
Пәні
Мамандығы
Орындаған:
Қабылдаған:
Шымкент - 2007ж
Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ сырттай оқу бөлімінің 440- 13 тобының студенті Айтпаева Айнұрдың Қазақстан жаца заман тарихы пэні бойынша жазған "Абылай ханның ішкі жэне сыртқы саясаты (1771-1781) " атты курстық жұмысына
П І К І Р
Сұлтан Бақыттың "Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты (1771-1781) " атты курстық жұмысы жан-жақты тиянақталып жазылған.
Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлім 2-тарауға бөлінген.
Бірінші тараудың бірінші мәселесі: "Абылай өмірінің тарихи сабақтастығы ".
Онда жалпы Әбілмәнсүр қалай Абылай болды деген сұраққа жауап таба аласыз.
Бірінші тараудың екінші мәселесі: "1771 жылы Абылайдың хан болып сайлануы ".
Үлкен бедел иесі үш жүздің басын құраған Абылайдың билігінің нығаюы жайында.
Мұнда зерттеу жұмыстары мен әр ғалымның тұжырымдары сілтеме ретінде көрсетілген.
Екінші тараудыц бірінші мәселесі: "Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты ".
Мұнда Қазақ мемлекетін нығайтудағы Абылай ханның жүргізген саясаты. XVIII ғасырдың орта кезінен бастап Абылайдың сырт елдермен мәмілегерлік саясаты.
Екінші тараудың екінші мәселесі: "Сегіз қырлы бір сырлы Абылай ". Абылай өз заманының белгілі күйшісі екенін айту.
Жұмыс жоспар бойынша жүйелі жазылған. Зерттеуші курстық жұмысын зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді орынды пайдалана отырып, тақырыпты жан-жақты қырынан аша білген. Курстық жұмыс қорғауға жіберіледі.
Ғылыми жетекшісі: т. ғ. к., доц. м. а. Исабек Б. Қ.
М а з м ұ н ы
Кіріспе . . .
I - тарау Абылай хан дәуірі.
1. 1 Абылай өмірінің тарихи сабақтастығы . . .
1. 2. 1771 жылы Абылайдың хан болып сайлануы . . .
ІІ - тарау Абылай хан тұсындагы қазақ мемлекетінің саяси
құрылымы 1771-1781 ж.
2. 1. Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты . . .
2. 2. Сегіз қырлы бір сырлы Абылай . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Абылай хан - XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті.
Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра оның өмірі мен қызметі неліктен кеңес тарихнамасында тиісті және әділ бағасын ала алмай келді деген сауалдың қойылуы заңды. Оған жауап беру үшін осы тақырыпқа байланысты құжаттарға, әдебиеттерге талдау жасаған жөн ғой деймін.
Абылай тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын құжаттар орыс архивтерінде. Олар - орыс патшаларының грамоталары мен Указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері, аталмыш органдардың хандармен, сұлтандармен жазысқан хаттары қазақ хандығында болып қайтқан орыс елшілерінің жазбалары. Міне, осындай документтерден тұратын» «Қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген жинақта 500-ден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы саясатынан мағлұмат беретін көптеген жәйттер кездеседі. Әрине, ол құжаттарды жасаған негізінен үкімет мекемелері, патша чиновниктері, ал, олар отарлау әкімшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен жаңағы құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келгенін ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз.
Абылай ханды зерттеуге қазақтың ұлы ағартушы-ғалымы Шоқан
Уәлихановтың жинастырған материалдарының алатын орны ерекше. Онда Абылайдың руы, тегі жөнінде шежіре, оның әйелдерінің аты-жөні, ата тегі және ұрпақтарының тағдыр-талайы жазылған. XIX ғасырдың 60-шы жылдары жазған «Абылай» атты мақаласы бар. Ол негізінде Абылайға арналған тұңғыш ғылыми еңбек. Онда автор өзінің ұлы атасына байланысты көптеген мәліметтер келтірген және олар өз мағынасын осы күнге дейін жойған жоқ.
Қазақ хандықтарының архивтері ертеде-ақ қолды болып әр елдің қоймаларында қалғаны белгілі. Мысалы, Абылай туралы көптеген тарихи деректер көршілес елдердің, атап айтқанда Қытайдың, Иранның, Түркияның, Ауғанстанның архивтерінде, қоймаларында, тіпті АҚШ-тың, Батыс Европа елдерінің кітапханасында зерттеушілерін күтіп жатыр.
Қазақстан еліміз егемендікке қол жеткізіп, өз тарихымызды тарихи шындық тұрғысынан зерттеуге мүмкіндігіміз туды. Абылай хан бейнесі тарихи шындық негізінде сомдалды. Абылай хан тұлғасының 100 теңгелік ұлттық валютамызда бедерленуі - үлкен құрмет белгісі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев ұлы ханымыз Абылай керемет қолбасшы, ақылы терең дипломат деп мақтанышпен жоғары бағалады.
Абылай хан өміріне, қайраткерлік, қолбасшылық, саяси қызметіне шетелдік тарихшылар, зерттеушілер, саясаттанушылар назарын аударды. Мысалы ағылшын зерттеушісі М. Б. Олкот "Абылай - қазақтың соңғы тәуелсіз ханы". Ол хан болу үшін Ресей өкіметіне жүгінген жоқ. Билікті тура өз халқының қолынан алды" деп тұжырымдады.
Тарихнамасы: Абылай хан және оның саясаты жайында бірқатар мәліметтер революцияға дейін басылған энциклопедиялық сөздіктерде, сондай-ақ «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» 2 деген іргелі басылымда кездеседі. Сол басылымның 18-ші томы түгелдей қазақ өлкесіне арналған, мұнда төмендегідей сөздерді оқуға болады:
«Қырғыздардың (қазақтардың - К. Ә. ) арасында кең танымал Абылай
қырғыздарды бөгделердің билігінде қалдырмауға тырысты.
1911 жылы профессорлар Э. Л. Гримм, А. В. Классовский және Г. В. Хлопиннің редакциялауымен Петербургте жарық көрген энциклопедиялық сөздікте Абылай хақында бұдан да кеңірек айтылған. Алайда төңкеріске дейінгі орыс энциклопедияларының ішінде Абылай бабамыз хақында ең көлемді мағлұмат беретіні Брокгауз және Ефрон энциклопедиясы. Онда: «Аблай немесе Абулай - Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің XVIII ғасырдағы ханы, ол 1839 жылы (дәлірек айтқанда 1840 жылы Ресейге мәңгілік боданды болуға ант еткен. Оның қалай қырғыздардың (қазақтардың) ішінен топ жарып шығып хан дәрежесіне көтерілгені, неге оны халық қаһарманы ретінде қырғыздар осы күнге дейін жырлайтындығы жөнінде әр қилы аңыздар бар, алайда отызыншы жылдары ол Орта жүздегі ең басты күш ретінде өзін танытты және онымен қарым-қатынас жасауға болушы еді. Дегенмен, Орта Азиядағы қозғалыстың және Жоңғария мен Кіші Бухарияны қытайлықтардың жаулап алуына байланысты, Абылай өзін Қытай боғдыханына тәуелді екенін мойындаған, боғдыхан болса оған князь атағын берген, Түркістанда 1781 жылы, қайтыс болған» деп жазылған.
Тақырыптың құрылымы: Жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген.
І-тараудың мәселесі: 1. 1. Абылай өмірінің тарихи сабақтастығы.
1. 2. 1771 жылы Абылайдың хан болып сайлануы. ІІ-тараудың мәселесі: 2. 1. Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты.
2. 2. Сегіз қырлы бір сырлы Абылай.
Әр зерттеу жұмыстары мен әр ғалым тұжырымдамасы сілтеме ретінде көрсетілген.
Мақсаты мен міндеті: Жұмыста Қазақ мемлекетін нығайтудағы Абылай ханның жүргізген саясаты. Оның негізгі міндеттеріне келесілер кіреді:
Абылайдың стратегиялық мақсаттарына тоқталу.
Абылай ханның Қытай мен Ресейге бодан бола отырып елді тәуелсіз басқаруы.
Алып империялармен сауда байланыстары.
Хронологиялық шегі: Зерттеу жұмысының кезеңі XVIII ғасырдың 70-жылдарын қамтиды.
- 1771 жылы Абылайдың хан болып сайлануы.
- XVIII ғасырдың орта кезінен бастап Абылайдың сырт елдермен мәмілегерлік саясаты.
- 1778 жылы орыс үкіметінің Абылайға Орта жүз ханы атағын беруі.
1. 1 Абылай өмірінің тарихи сабақтастығы .
Абылай (азаншақырып қойған аты Әбілмансұр) 1711 жылы Түркістан билеушісі Уәлі сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Оның шыққан тегі төре тұқымынан. Арғы атасы атақты Жәңгір хан (1628-1680 ж. ) ұрпағынан. Оның мұрагері - Түркістан әмірі Абылай сұлтан Әбілмансұрдың арғы атасы. Ол өз елін жерін қорғауда аянбай қызмет еткен, жауларына қатігез қаһарлы болғандықтан оны халық арасында «қанішер Абылай» деп атап кеткен көрінеді. Одан туған Уәлі сұлтан (Көркем Уәлі) - Әбімансұрдың әкесі 1723 жылы жаугершілікте қаза табады. Оны өлтірген жаулар сол кездегі ұғым бойынша артында кегін алатын адам қалдырмау үшін үрім-бұтағының бәрін қырған. Тек қана Әбілмансұр тірі қалған. Оны жасынан тәрбиелеген Ораз деген төленгіт өз жанын пида қылып аман алып қалады да жасырын Үргеніш асырады. Кейін, арасына жыл салып баланы ертіп Ораз қалың ел қазақ жүртын іздеп Сары Арқаға тартады. Ал жолаушылар болса әбден арып-шаршап Үйсін Төле бидің ауылына кез болады.
Исі қазаққа аты мәлім Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж. ) жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болған, ел бірлігі үшін аянбай қызмет еткен ірі тарихи түлға. Әбілмансұр сол бидің үйіне келіп одан бас пана беруді өтінеді. Төле би баладан аты-жөнін сұрағанда ол қауіп ойлап атын айтпай «сіз қалай атасаңыз солай болсын» деген көрінеді. Шашы өскен, алба-жұлба киімі бар балаға Төле би атың Сабалақ болсын дейді. Ол баланы қамқорлығына алып түйесін бағуға пайдаланады. Сол кездің өзінде-ақ Сабалақ басқа бақташыларға ұқсамайтын қылықтарымен өзіне Бидің от басының назарын аударады. Абылайдың өмірінің осы кезеңін Күміс көмей Үмбетей жырау:
"Жас күніңде, Абылай,
Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп
Қалың қазақ елім деп
Келмеп пе едің жаяулай
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда,
Жалғызбын деп шошымай
Еш малшыға қосылмай,
Қара жерге отырмай,
Күпіңді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа
Қол аяғың төрт жақта,
Жатушы едің сол шақта . . . 1 » -деп тамаша сипаттаған.
Кейбір деректерге қарағанда Әбілмансұр кейін Қарауыл руынан Дәулетбай деген байдың жылқысын бағады. Бірер жыл өткеннен кейін елде аттан жарияланғанда қалмақпен соғысуға Әбілмансұр да жиналады. Оның ойын құп алған Дәулетбай жылқысынан таңдап ат мінгізеді, Төле би батасын беріп шығарып салады. Жау тілеп екі көзі шоқтай жанған жылқышы келгенде қазақ пен қалмақ екі төбеге ошарылып, ортада Қалдан Сереннің жиені, әскербасы Қонтәжінің ұлы, Шарыш жекпе-жекке батыр сұрап тұр екен. Іркіліп қалған елдің ішінен суырылып шыққан Сабалақ ханнан бата алады да, "абылайлап" Шарышқа қарай тұра шабады. Әудем болмай қостай боп қоқиып тұрған қалмақ батыры төңкеріліп түседі. Қайтар жолда қазақ қаһарманы қарсыласының басын кесіп алып, "жау қашты" деп қалмақтарға қайтадан ат қояды. Не керек осы ұрыста "абылайлап" ұран сап "кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып" дұшпанның іргесін айрандай ірітіп, тозаңдай тоздырады. Бұл жөнінде Шоқан: «Этот-то выбранный конь был тот знаменитый Чалкуйрук (пламя-хвост) первый сподвижник похода молодого султана, Чалкуйрук, на котором Аблай составил себе имя батыра и уважение киргиз»2. (қазақты айтады) -деп жазған.
1. 2. 1771 жылы Абылайдың хан болып сайлануы .
Қазақ халқының тарихына XVIII ғасыр Абылай дәуірі болып кіруіне енді ешкімнің дауы бола қоймас дейміз. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи құылыс кезінде көзге түсті.
VIII ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанда жаңа жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалды Абылай сұтан болатын, ол 1740 жылдың өзінде-ақ, Ш. Уәлихановтың анықтауы бойынша, қазақ даласының ең беделді әміршісі болған еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды.
XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары - төлеңгіттері құқығымен қоныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ калмақтарын талқандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл әкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді.
Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына қол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді эрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол цин императорының өзін «барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы» деп тануына қол жеткізген еді3. »
Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. «Егер . . . бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың. - Ред. ) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менің балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді: алыстағы жаулар үшін бір сан, жақындағылары үшін - мың, ал егер онша көп болмаса -менің ішкі жауларыма қарсы - бес жүз»4. Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз таңдауы бойынша екі-үш жылдан соң алмастырылып отыратын. Әрине бұл талаптар ол кезеңде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралық әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бастартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді.
1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар5, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақкиізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды». Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.
2. 1. Абылайдың ішкі және сыртңы саясаты .
Абылайдың стратегиялық мақсатпен қол күшін сақтап қалуы, екіншіден, Жоңғариямен ұзақ жылғы қиян-кескі ұрыстардан ес жию, "Қазақ ордасының төрт бұрышын түгендеу" Абылайдың көздеген мақсаты болатын6.
Абылай Қытаймен сауда қатынасына ерекше көңіл бөлді. Сол мақсатта Сайрамкөл жағасында Іле цзянцунымен (генерал-губернаторымен) кездесіп, онымен сауда шартын жасасқан"7. Қытай жазба деректеріне сүйенсек, "1757 жылы Абылай ханмен жасасқан келісім бойынша Абылайдың, Әбілпейіздің, Қабанбайдың, Қожабергеннің, Дәулетбайдың сауда тоғанақтары Үрімшіге үзбей келіп, ат, түйе, қой, өгіз өткізіп, оған өздеріне қажетті мақпал, торғын, шай және фарфор ыдыстарын сатып алып қайтқан". Абылайдың өзі бүкіл Шыңжандағы сауданы қыздыруға ұйытқы болып, сауданың 70-80 пайызы осы екі қалада (Құлжа, Шәуешек) тек қазақтармен жасалғандықтан да, тарихта бұл саудалар "Құлжа-қазақ саудасы", "Шәуешек-қазақ саудасы", "Үрімші-қазақ саудасы" деп аталған".
"Екі алып мемлекет Қытай, Ресеймен сауда байланыстарын нығайтқан Абылай хан белгілеген (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының батысынан басталатын) яғни Ертіс өзенінің сол жағын бойлай, шығысқа қарай созылып жатқан сауда жолын халық "Хан жолы" деп атаған. Ел аузында "Шаңды жол", "Абылай жолы" деген аты қалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz