Алашорда
Жүрегімнің терең бір түкпірінен қайнап шығып жатқан осынау өлең жолдары - XX ғасырдың бас кезінде барша қазақ халқының бақыты үшін атойлап атқа мінген "Алаш" партиясының, "Алаш орда" өкіметінің саяси және рухани көсемдерінің рухына бағышталған еді.
Ұлтымыздың осынау бір туар перзенттерінің сол бір дүрбелеңге толы алай-дүлей заманда халқы үшін қандай қиындықтан да қаймықпай, басып өткен "тар жол, тайғақ кешу" жолдары - тәуелсіз Қаазақстанның бүгінгі биліктің барлық сатыларында ел басқарып отырғандар мен ғылым мен өнер саласында тер төгіп жүргендерге, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Тәуелсіздіктің біздің халқымызға арзанға түспегеніне - әне, сол бір қызыл империя жендеттері қолынан қыршындарынан қиылған ары да, жаны да таза боздақтарымыздың қасіретті тағдырлары куә.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Мұхаметжан Тынышбай, Халел Досмұхамет, Жаһанша Досмұхаммет, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабай, т.б. жүздеген ұлт көсемдері - сол дәуірдегі Ресей боданындағы азаттық таңын асыға күткен барша түрік халықтарының ортасынан шыққан ұлы тұлғалар болатын.
Осы арада басын ашып алатын бір нәрсе - олар бір ғана қазақтың емес, барша тілі бір, діні бір қандастарының бақыты үшін күрескен, бір ғасырда бір-ақ рет туатын жалынды азаматтар екенін ашып ашық айтатын уақыт әлде-қашан жетті. Азаттық үшін күрес сол кезеңде әсіресе қазақтан шыққан зиялылардың маңдайына ғана жазылғандай көрінеді маған. Түріктілдес халықтардың ішінде көне түрік тілін, бар түріктің қара шаңырағын қанша ғасыр өтсе де сол қалпында сақтап келген біз - ұлы даланың ұлы перзенттері қазақтар екені де өтірік емес.
XX ғасыр басындағы саяси күресте де суырылып алға шыққан біздің ұлттың өкілдері болуы кездейсоқтық болмаса керек. Бір замандарда дүниені тітіреткен: Сақ, Скиф дәуірінен - Анахарсис, Томирис, Шырақ, Зарина, т.б. және Ғұн дәуірінен - Мөде қаған, Еділ патша, т.б. және Көк Түрік заманынан - Бумын қаған, Естеми хан, Білге қаған, Кұлтегін, т.б. сондай-ақ, Хан Абылай, Хан Кене, Сырым Датұлы, Жанғожа батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Махамбет, Исатай, Сыздық батырлар сияқты арғы ата-бабаларымыздың асыл қаны біздің қазаққа ғана дарығандай.

Қайран елдің мөлтілдеп жас көзінде,
Сына түскен сын сәтте тас төзімге.
Бір топ ұлан "Алаш!" деп суырылды
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде.
Ғаламат күш тереңде тұнып келді,
Сай тасындай кілең ер іріктелді.
Абылайдың ақ туын арқаланып,
Тұңғыш "Алаш ордаға " біріккен-ді.
Бірдеңені сезгендей дала тынған,
Көз шалады бүркіттің қанатын қан...
Жарқылдады Алтайдан найзағайлар
Ер Түріктің тегінен жаратылған.
Аз уақытқа халқымның бағы жанды-ай,
Болашақтың атады таңы қандай?..
Ұл шыққын-ды: Әлихан, Ахметтей,
Міржақып пен Мұстафа, Мағжандай...
Бар қазақтан арыстар - алдасыңдар,
Бәріңніңде бүгіннен жалғасың бар.
Бақытжан мен Райымжан, Тұрағұлдар,
Халел, Жаһанша, Қошкелер, қайдасыңдар?
Уақыт жылжып, өткен күн алыстады,
Отқа өртенді арыстар намыстары.
Сендерді іздеп, бұл қазақ алаңдауда,
Қайдасыңдар, Алаштың арыстары?
Бір, бір нары қазақтың - шет күндерде,
Шыңдарына Алтайдың шөктіңдер ме?
Күннен туған кілең ер отқа оранып,
Күнге сапар шынымен шектіңдер ме?
Құм болғанын көргенде кектің демде,
Көлдей-көлдей көз жасын төктіңдер де,
Әділеттік таба алмай алты Алаштан
Көкбөріге айналып кеттіңдер ме?...
Туған ұлттың жүргенде қозғап қалін,
Қия жолдан сан рет озды аттарың.
Ел болғанын көре алмай бұл қазақтың
Кеттіңдер ме, арманда боздақтарым!?
Жүрегімнің терең бір түкпірінен қайнап шығып жатқан осынау өлең жолдары
- XX ғасырдың бас кезінде барша қазақ халқының бақыты үшін атойлап атқа
мінген "Алаш" партиясының, "Алаш орда" өкіметінің саяси және рухани
көсемдерінің рухына бағышталған еді.
Ұлтымыздың осынау бір туар перзенттерінің сол бір дүрбелеңге толы алай-
дүлей заманда халқы үшін қандай қиындықтан да қаймықпай, басып өткен "тар
жол, тайғақ кешу" жолдары - тәуелсіз Қаазақстанның бүгінгі биліктің барлық
сатыларында ел басқарып отырғандар мен ғылым мен өнер саласында тер төгіп
жүргендерге, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс.
Тәуелсіздіктің біздің халқымызға арзанға түспегеніне - әне, сол бір қызыл
империя жендеттері қолынан қыршындарынан қиылған ары да, жаны да таза
боздақтарымыздың қасіретті тағдырлары куә.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Мұхаметжан Тынышбай,
Халел Досмұхамет, Жаһанша Досмұхаммет, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабай, т.б.
жүздеген ұлт көсемдері - сол дәуірдегі Ресей боданындағы азаттық таңын
асыға күткен барша түрік халықтарының ортасынан шыққан ұлы тұлғалар
болатын.
Осы арада басын ашып алатын бір нәрсе - олар бір ғана қазақтың емес,
барша тілі бір, діні бір қандастарының бақыты үшін күрескен, бір ғасырда
бір-ақ рет туатын жалынды азаматтар екенін ашып ашық айтатын уақыт әлде-
қашан жетті. Азаттық үшін күрес сол кезеңде әсіресе қазақтан шыққан
зиялылардың маңдайына ғана жазылғандай көрінеді маған. Түріктілдес
халықтардың ішінде көне түрік тілін, бар түріктің қара шаңырағын қанша
ғасыр өтсе де сол қалпында сақтап келген біз - ұлы даланың ұлы перзенттері
қазақтар екені де өтірік емес.
XX ғасыр басындағы саяси күресте де суырылып алға шыққан біздің ұлттың
өкілдері болуы кездейсоқтық болмаса керек. Бір замандарда дүниені
тітіреткен: Сақ, Скиф дәуірінен - Анахарсис, Томирис, Шырақ, Зарина, т.б.
және Ғұн дәуірінен - Мөде қаған, Еділ патша, т.б. және Көк Түрік заманынан -
Бумын қаған, Естеми хан, Білге қаған, Кұлтегін, т.б. сондай-ақ, Хан
Абылай, Хан Кене, Сырым Датұлы, Жанғожа батыр, Қабанбай, Бөгенбай,
Махамбет, Исатай, Сыздық батырлар сияқты арғы ата-бабаларымыздың асыл қаны
біздің қазаққа ғана дарығандай.
Оған дәлел - Кіндік Азия бойынша сол өткен ғасырдың 20-жылдарындағы
саяси күреске қатысқандардың 90 проценттен астамы қазақ ұлтынан болғаны
ақиқат.
XX ғасыр басында Орталық Азия бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған
саясиұйымның басы-қасында тағы да қазақ топырағынан шыққан осынау ұлы
тұлғалар болды. Кіндік Азияда қазақтан басқа бір де бір ұлт өкілдері -
мұндай саяси бірлікке қол жеткізе алмаған еді. Яғни, қазақ ұлтынан шыққан
зиялыларымыз сол кезеңде бұл өлкеде саяси күрес көшінің басында тұрғаны
өтірік емес.
"Алаш орда" үкіметі 1917 жылы құрылды. Орталығы - Батыс Қазақстанда
және Семей қаласында болды. Әлихан Бөкейхан бастаған "Алаш" көсемдері билік
басына келісімен Қазақ елінің дербес мемлекет болуы үшін көптеген жұмыстар
атқарды.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Елдос Ғұмар,
Тұрмұхамед Жәжібай, Абдулхамит Бірімжан қол қойған "Алашорда" бағдарламасы
небары он парагрфтан тұрады екен. Бағдарламаның әр параграфы көтеріп тұрған
жүктің салмақтылығының өзін бүгінгі мыңдаған атан түйе әзер көтеріп жүрер
еді.
Мәселен, осы Бағдарламаның 3 параграфында: сөз, баспасөз, бірлестіктер
бостандығы, 4 параграфында: діннің мемлекеттен бөлек болуы, 10
параграфында: жердің ең алдымен тұрғылықты қазақ халқына әділ бөлініп
беруі... сияқты бүгінге дейін,Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғанына 11
жылдан асса да әліге дейін өзекті мәселе болып келе жатқан Жерге арналуынан-
ақ, көзі ашық азамат көп нәрсені аңғарары даусыз.
"Алаш орда" көсемдерінің туған халқының көсегесін қайтсем көгертем
деген жанкештіліктерінен бүгінгі билік тұтқасында отырғандардың үлгі алар
жағы көп-ақ. Бір өкініштісі, ұлттық идеологиядан іргесін аулақ салған
тәуелсіз Қазақстанның қазіргі атқамінерлерінің "Алаш орда"-ның осы
Бағдарламасын қайта бір рет зерделеп оқып шығуды қойып, "Алаш" деген сөзден
әлі күнге дейін аттарын ала қашуларын қоймауында дер едім.
Бітпейтін дауға айналған "Жер туралы" Кодекстің асығыс қабылдануы -
кешегі халқымыздың тәуелсіздігі жолында қасық қандары қалғанша күрескен
және ұлт жолында құрбан болған алаштық ардагерлеріміздің сол бір аттың
жалында, түйенің қомында жүріп қабылдаған ұлттық Бағдарламасының тарихи
маңызын әлі күнге дейін зерделеп, зерттеп оқымауларында дер едім.
Асылы, ұлтты сүюді, ұлтқа қызмет етуді біз ең алдымен "Алаш орда"
көсемдерінен үйренгеніміз абзал. Өткен ғасырдың 20-жылдарында олар айтқан,
олар қалдырған Бағдарлама әлі де күшін жойған жоқ деп түсінуіміз керек.
Сол жердің тұрғылықты халқы және иесі саналатын өз ұлтыңды дәл "Алаш"
көсемдері сияқты жан-тәніңмен сүймей, ол елді "бақытқа" жеткізем деу - құр
әурешілік. Жетпіс жылға созылған кеңестік-тоталитарлық жүйе және ұзақ
жылдар соларға қалтқысыз қызмет көрсетіп келген, біртіндеп ұлтсызданып,
керісінше қатты интернационалданған бүгінгі ұрпақтың қазірге дейін
"қазағым" деген сөзге ауыздары бармай отырған тұста - ұлтқа қалтқысыз
қызмет ету туралы әңгіме қозғаудың өзі артық сияқты ма деп қаламын кейде.
Бірақ, жағдай осылай екен деп, үндемей қалу, бұғып қалу- ұлтқа жасалған
қастандықпен бірдей деп түсіну керек.
Осы 17 жылдың ішінде басқасын айтпағанның өзінде бір ғана мемлекеттік
тілдің мәртебесін дұрыстап көтеруге батылымыз жетпей отырған шамада -
"Алаш" көсемдеріндей ұлтты сүю және оған аянбай қызмет ету жөнінде айтудың
өзін артық санау - болашақ алдында кешірілмейтін күнәға бату деп ұғу керек.
Бірақ, жағдай осылай екен деп, жұмған аузымызды ашпай, бұғып отыра
берсек, жағдай түзелудің орнына күн сайын кері кетіп бара жатыр. Бұл арада
әңгіме - тек қанаҰлттық Рух төңірегінде өрбіп отырғанын қайталап еске сала
кеткім келеді.
Осындайда сол бір арманда кеткен "Алаш" көсемдері сияқты қазір бізде
нағыз ұлт зиялысы бар ма деген заңды сұрақ туындайды?
Бір кезде бұл сұраққа Мұстафа Шоқай бабамыз Батыста эмиграцияда жүріп-
ақ жауап іздеген болатын. Толық жауап таппай, ұлы тұлғаның қатты қиналғанын
жақсы білеміз. Ол кезде Қазақстан сияқты ұлт мемлекеттері кеңестік темір
тордың ішінде қайғыдан қан жұтып отырған кез еді. Соның өзінде ұлы бабамыз
осындай батыл ойларға барған болатын. Ал, тәуелсіз мемлекет болып отырған
уақытта ұлт туралы ойлауға қорқып, бұрын Ресейден, соңғы кезде АКШ-тан
сескенетін тағы бір жаман мінез тауып алғандаймыз.
Ұлт мәселесіне келгенде неге кегежеміз кері тартып тұрады? Жоқ, біздің
қазақ екеніміз, өзіміздің тіліміз, дініміз, мемлекетіміз бар екені өтірік
пе?
Ал, қазір ше, қазір де жағдай содан көп өзгеріп кете қойған жоқ. Құлдық
психологияда қалыптасқан Мұстафа Шоқайдың бүгінгі ұрпақтары, олардан шыққан
оқығандар, атқамінерлер меніңше "Ұлт Зиялысы" деген мәртебелі атқа ие бола
алмайтын сияқты.
"Ұлт Зиялысы" деген аса мәртбелі атаққа ие болу үшін, осыдан үміткер
(егер де ортамыздан ондай адам табылса алдымен?) әрқайсымыз ең алдымен,
ештеңеден қорқып, үрікпей, жалтақтамай -
ұлтымызды сүюіміз керек жә не барлық мүмкіндікті пайдаланып, ең
бірінші туған ұлтымызға қалтқысыз қызмет ете алатындай биік Ұлттық Рухқа
қол жеткізуіміз керек!
"Алаш" көсемдерінің жазып кеткен еңбектерін қайталап оқыған сайын, олар
айтқан әрбір сөздің астарынан өздерін дүниеге әкелген ұлтқа деген шексіз
сүйіспеншіліктерін тұла бойыммен сезінген сайын - әзірге "Нағыз Ұлт
Зиялылары" деп осыларды айту керек деген бір ғана тұжырымға тіреле беремін.
"Болмасаң да ұқсап бақ" деп ұлы Абай айтқандай, тым құрыса неге
осыларұстанған бағытқа еліктемейміз, шіркін-ау! Құлдық психологияны
бойымыздан лақтырып тастап, неге бетімізді өз ұлтымызға бұрмаймыз? Бізде
осы ұлттық намыс деген бар ма өзі? Соншама бүгежектейтіндей бізге не
болған?
Соңғы кездері таяқты өзіміздің ішімізден шыққан, негізінен биліктің
жайлы орнын, бизнестің майлы орнын иемденіп отырған атысшыл, орысшыл, бір
ауыз қазақша білмейтін, білгілері келмейтін, оған намыстанбайтын дүбәрә
қара орыстарымыздан көп жейтін болып отырмыз. Оларды өз ұлтына қарсы
айтақтап салып отырғандардың кім екенін біз жақсы білеміз.
Бүгіндері әлемнің озық мемлекеттері дәрежесіне көтерілген: Жапония,
Қытай, Түркия, т.б. елдердің мұндай биікке көтеріліп отыруларының басты
себебінің ең бастыұшы - олардың өз ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігінде
жатқанын біле тұрып, білгіміздің келмейтін себебін мен өз басым түсіне
алмадым. Өз ұлтыңмен мақтануға арланатындай, біз қазақтар өзі әлемдегі ең
сорлы халық болғанымыз ба?
Елдің бәрі аннан қашқан, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz