Алқа билердің қатысумен сот процесін дамытудың негізгі кезендері және жалпы сипаттамасы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика циклы

Калмуратов Нурбек Табынбайулы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Алқа билердің қатысумен сот процесін дамытудың негізгі кезендері және жалпы сипаттамасы

050301-Құқықтану

Қызылорда, 2008 ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Қылмыстық сот ісін жүргізу және криминалистика циклы

Қорғауға жіберілді:Цикл менгерушісі“”2008ж.:

Қорғауға жіберілді:

Цикл менгерушісі

“”2008ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Алқа билердің қатысумен сот процесін дамытудың негізгі кезендері және жалпы сипаттамасы

5 курс студенті Калмуратов Н. Т.

Ғылыми жетекшіаға оқытушы Муйденова Ә. Қ.

Норма қадағалаушысы

Астана - 2008 ж.

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . .
Кіріспе . . .: 1 - бөлім
: Алқа билер сотының даму тарихы . . .
Кіріспе . . .:
: 1. 1 Алқа билер сотының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы . . .
Кіріспе . . .:
: 1. 2 Қазақ қоғамындағы билердің саяси-құқықтық қызметі. …
Кіріспе . . .:
: 1. 3 Қазақстан Республикасында алқабилер институтының құрылуы . . .
Кіріспе . . .: 2 - бөлім
: Қазақстан Республикасында алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау ерекшеліктері . . .
Кіріспе . . .:
: 2. 1. Сотта алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау тәртібі . . .
Кіріспе . . .:
: 2. 2 Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі талқылау ерекшеліктері . . .
Кіріспе . . .:
: 2. 3 Алқабилердің қатысуымен апелляциялық және қадағалау сатыларында іс жүргізудің ерекшеліктері . . .
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
:


Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабының 2-тармағымен, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» заңының 1-бабының 1-тармақшасына сәйкес республикамызда алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу және алқа билерді сот төрелігіне қатыстыру мәселесі қарастырылған еді. Осыған сәйкес және сот жүйесін әрі қарай реформалау нәтижесінде 16 қантар 2006 жылы «Алқабилер туралы» ҚР заңы қабылданып, ол заңды күшіне 1 қантар 2007 жылдан бастап енді.

Алқабилер институты дегеніміз қылмыстық жауапқа тартылған тұлғаның кінәлі, кінәсіздігін анықтай отырып, заңды басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша шешім шығаратын халық өкілдерінің соты.

Қазақстан Республикасындағы Алқабилер институтының сот ісін жүргізуге қатысудағы маңыздылығы сот әділдігін жүзеге асыруда қоғам тарапынан әділдікті берік ұстауға септігін тигізеді. Жалпы алқабилер қоғамның құқықтың саласынан туындайтын құнды бағыттарды және өзінің тәжірибелерін сотқа әкеледі.

Алқабилер институтының мәні - қарапайым халыққа билік айтқыза отырып, билікке жақындату болып табылады. Сондай-ақ кәсіби емес судьялар болып табылатын алқабилердің сот төрелігі жүзеге асыруға қатысуы сот билігінің сапасын жақсартады.

Сонымен қатар сот билігіне халық өкілдерін тарту, қоғам тарапынан сот билігі жүйесін бақылау, билік пен халық арасындағы байланысты жақындастыру, нығайту мүмкіндіктеріне алқабилер соты жол ашады.

Дипломдық жұмыстың теориялық базасына шетел ғалымдары У. Бернем, В. М. Савицкий, В. Дрожжин, З. М. Черниловский, В. Коган, В. Понкратов, М. Селезневтың, отандық ғалымдар А. Н. Ағыбаев, С. Зиманов, К. Х. Халиков, Қ. Ә. Мәми М. Нарикбаев, Н. Өсерұлы, Т. М. Культелеев, Т. Султанов, М. Г. Масевич, Г. Б. Шокалов және т. б. еңбектері негіз болды.

Жұмыс мақсаты.


1 -бөлім Алқа билер сотының даму тарихы

1. 1 Алқа билер сотының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы

Дауларды соттық жолмен шешу - биліктің орындалу формаларының ең ежелгі және ең қажетті түрлерінің бірі. Мемлекет пайда болғаннан кейін, әділеттілік жоғарғы биліктің басты құралы болды, бұл ежелгі замандарда өзінің әділдігімен ерекшеленді.

Адамзат тарихында сот әділдігін жүзеге асыруды демократия принциптерінің негізінде жүргізу, яғни халық өкілдерін қатыстыру, Ежелгі Грециядан бастау алады. Ежелгі Грецияда соттардың алғашқы түрлерінің бірі - бассилейлер - рубасы соты болды, ол тұрғындар арасында шексіз билікке ие болды. Бұл соттың кейінгі дамыған түрлері - ареопаг пен гелиаст.

Ареопаг сотының 51 мүшесі ақсүйектер болды, бұған патшаның өзі (архонт) төрағалық етті.

Афинада ерекше сот - «он бірдің алқасы» болды, мұнда толық құрамды іс қаралып, үкім орындалған. Ал еркін тұрғындар үшін - гелиастар соты құрылған. Сот төрешісі еркін тұрғындар арасынан жребия арқылы таңдалып отырған. Сөйтіп, жыл сайын, алты мың адам сайлауға түсіп, солардың әрқайсысының құрамынан 501 адамнан келетін он екі сот құрылымы құрылған. Олар өзінің қызметіне кіріспес бұрын, ант қабылдаған, яғни сотты халықтың шешімімен заңдары арқылы жүргізу, айыпталушы мен жәбірленушіні бірдей дәрежеде тыңдау және т. б. Сонымен қатар, анттың құрамында «сыйлықтарды жекелей және біреу арқылы қабылдамау» туралы тармақтары болды.

Әрбір нақты істі қарауға ең білікті арнайы лауазымды, сайланбалы сановниктер - фесмофеттертөрағалық еткен. Мысалы, полемархтың етуімен - шетелдіктердің істері қаралса, стратегтердің төрағалық етуімен - әскери қылмыстар қаралған.

Архонт тараптардан түскен арыз-шағымдарды қарағаннан кейін, істі қарауға шешім қабылдау үшін дәлелдерді жинауға рұқсат бергеннен кейін, Афина сотында істі қарау процесі бірнеше стадиялардан өткен. Ал, маңызды істерді қарауға, Афинаның халық жиналысы арнайы он айыптаушыны тағайындаған, мұнымен бірге соттық сайыстарға қорғаушы - араторлар қатысқан.

Қарама-қарсы жақтар - айыптаушы және айыпталушы - және араторлар ант қабылдаған. Онда: біріншіден айыптау негізделген; екіншіден, ол жалған; үшіншіден, шындыққа сәйкес сөйлеуі туралы айтылған. Сотта хатшы айыптау актісімен таныстырып, тараптардың қатысуымен айыпталушыға түсініктеме бергеннен кейін, сөз оның өкілдеріне берілген.

Сотта сөз сөйлеуге айыптаушы мен қорғаушыға бірдей уақыт берілген. Сондықтан сот ораторлары іс бойынша нақты қысқа және нұсқа сөйлеуге тиіс болды. Тараптардың шақыртуымен сотқа шақыртылған куәгерлер, келмей қалған жағдайда, олардан штраф алынған. Сонымен бірге, куәгерлер ант берген. Ал, ант бермеген куәгерлердің сөзінің ешбір дәлелдемелік күші болмаған. Құл-куәгерлерді сот болып жатқан аланда қинап, сөйлететін болған және де, бұл сөздердің қағаз бетіне түсірілуі талап етілген. Дәстүр бойынша, әрбір куәгер, өз сөздерін қысқаша түрде қағазға түсіріп, алдын ала сотқа тапсырған.

Айыптаушының сөзінен кейін, әдетте, қорғаушылар тыңдалған. Оппонентке өз қарсыласының сөзін бөлуге, не тоқтатуға рұқсат берілмеген. Ол тек қана сұрақтарға жауап берген, және оны тек қана сот төрағасы тоқтата алатын болған.

Қорғау да осы ретпен жүргізілген. Айыптаушы мен айыпталушы дауды өздері жүргізген, пренияны басқарушы болмаған. Процесс басталмас бұрын, дайындаушылар арнайы сот сөзін дайындап, оны қатысушылар жаттап, жатқа айтатын болған. Айыптаушы мен қорғаушы сот прениясына заңдылыққа сәйкес, сұрақтар қою арқылы белсене қатысқан. Ораторларға уақытты су сағаттары бойынша берген. Су бір ыдыстан келесі бір ыдысқа құйылып біткенге дейін, олардың сөйлеуге мүмкіндігі болған. Ал іс өте маңызды болса, су сағаттарынсыз, яғни уақытқа шектеу қоймай, сот өтетін болған. Сот процесінде, тек қана айыптаушы ғана айыпталушыға сұрақ қойып, оны өз қалауынша сұрап, кінәсін мойындату үшін түрлі қулықтарға бара алатын болған. Сот процесі аяқталған кейін, гелиастар айыпталушының кінәлілігі және кінәсіздігі жөнінде мәселе қозғайды; олардың әрқайсысы екі тастан алады: ақ және қара. Біріншісі кінәсіз болғанда, ал екіншісі кінәлі болғанда қолданылады. Тастар арнайы ыдысқа салынған. Қара тастарды көпшілік алдында тақтайға қойып санаған. Егер қара тастар көп болса, сот төрағалары берілетін жазаны мөлшерлеп тағайындаған.

Айта кететіні , гелиэидің шешімі нақты, әрі соңғы шешім болған және одан кейін қайта қаралуға жатпаған. Бірақ, егер де айыпталушы түрлі себептерді пайдаланып (жарты куәгерлер өтірік айтса, немесе келмеген куәгерле келген жағдайда) жаңа процесті бастаса, гелиәйдің шешімі жойылатын болған.

Ақталған жағдайда, сот төрағалары айыптаушының әрекеті жөнінде мәселе қозғалған. Егер сот төрағаларының бестен бір бөлігі айыптаушының ісін негізсіз деп тапса, ол тек қана штрафпен құтылған, ал егер негізсіз кінә тағып, немесе жала жапса, айыптаушыға сот процесіне қатысуға тыйым салған.

Ежелгі Римде , республикаға дейінгі кезеңде, сот билігі патшаға бағынған; патшадан кейін республиканы басқару екі консулға өткен; ал олардан кейін б. ғ. д. IV ғасырда сенат тағайындалған жоғарғы сот сановниктері преторларға өткен.

Республикалық периодта, көптеген процестер тікелей халық жиналысы, яғни центуриатты комициидің ықпалымен өтетін болған. Комиссияда тек қана республиканың қызметкерлерінің, яғни преторларға, халық трибуналарына, квесторларға тиісті істер қаралған. Процесс айыптау негізінде жүрген. Құлдардың куәгерлері қинаумен дәлелденіп отырған. Жаза көпшілік дауыспен айтылған.

Мұндағы сот процесінің ерекшелігі, ол екі стадиядан өткен: алдын - ала тергеу және істің сотта қаралуы. Алдын - ала тергеуді арнайы сот магистраты - претор жүргізген, ол айыптаушының талаптарын бағалап, сот шешіміне қажетті құжаттарды жинаған. Егер претордың ойынша жиналған құжаттар жеткілікті болса, онда ол істі бірнеше сот төрағаларынан тұратын сотқа тапсырған. Сот төрағаларының арнайы практикасы болған. Алқабилер сотына кіру мүмкіншілігіне ие адамдардың тізімін, жылда, претор жасаған. Бұл тізімге, әдетте қаланың құрметті тұрғындары кірген, олар қызметтеріне кіріспес бұрын, өз міндеттерін заңдылықтарға сәйкес, адал және әділ орындайтыны туралы ант берген.

Б. ғ. д. II ғасырдың басында соттың жаңа формасы - тұрақты комиссия, яғни квестия пайда болды. Комиссияның мүшелері болып сенаторлар саналды. Бұл сот - қызметтегі қылмыстарды қарады. Мұндай істің айыптаушысы ретінде Римнің әрбір тұрғыны шыға алды, оған тек претордың рұқсаты қажет болды. Екі жақтың сотқа келуі міндетті болды. Қорғаушылар қызметін, әдетте ораторлар атқарды. Сот процесі алқа заседательдерінің және қарсылық білдіруге құқығы бар тараптардың тізімін анықтаудан басталды. Айыптаушы мен айыпталушы кондидаттар ұсынуға және оларға қарсылық білдіруге тең құқылы болды. Алқа заседательдері дәлелдемелерді еркін түрде бағалаған. Соттың ашық және жариялы өтуі қатаң түрде сақталған. Сот отырысы айыптаушының сөзінен басталып, сотталушы мен қорғаушының сөзімен жалғасқан. Содан кейін екі жақтың айтыс-прениясы өтіп, онда дәлелдемелер келтіріліп, куәгерлердің сөздері тыңдалып, айыпталушының жақсы мінездері айтылған. Куәгерлерден кейін, қорғаушылар немесе басқа да өкілдер сөйлеген, ең соңында алқа заседательдері айыпталушының кінәлілігі және кінәсіздігі жөнінде кеңесу бөлмесінде келіскен. Олардың шығарған үкімі тақтайшаға бір сөзбен, яғни «босатамын», «айыптаймын» немесе «жазалаймын» деп жазылған. Претор дауыстарды санап, нәтижелерді соңынан дауыстап оқыған. Сот комиссиясының үкімі соңғы болып есептеліп, ешқандай талқылауға жатпаған. Сот үкімінің орындалуын, арнайы тағайындалған сот орындаушылары орындаған.

Римде таптық күрестің жандануы (құлдар ревалюциясы) өмірге әскери диктатураны әкелді. Цезарь алқа заседательдеріне үлкен мүліктік шектеу қойып, олардың арасындағы кедейшілікті, тіпті кейіннен орта тапты да ығыстырды.

Әділеттілікті шешуде маңызды орынды, принципс жанындағы жеке кеңес және император әскерінің басшысы алды.

Сөйтіп, империяның аяғында, Римнің сот жүйесінде барлық демократиялық белгілер жоғалды. Қылмыстың өсуі - сот жүйесінің қарапайым түрін, жылдам қалыптастыру қажеттігін тудырды. Нәтижесінде, жеке қылмыс түрлеріне қатысты тұрақты қылмыстың комиссиялар, және ауыр қылмыстарға байланысты экстроординарлы комиссиялар құрылды. Бүкіл сот жүйесін жүргізу, апелляциялық комиссияның қызметін орындайтын императордың қарамағына көшті.

Ортағасырлық дәуірде алқабилер сотының рөлін, бір жағынан, шіркеу соттары, екінші жағынан - феодалдардан құрылған синьорлар атқарды. Феодалдар арасындағы тартысты шешудің негізгі формасы болып, соғыс саналды. Кейіннен, феодал басқарған «тең соттары» (суды равных) пайда болды. Олар істі феодалдың дәстүрлерге сәйкес шешіп, онда тергеудің айыптауға бейім инквизициялық формасы қолданды.

Феодалдық процестің үш кезеңін бөліп қарастыруға болды:

  1. Ерте феодалдық процесс, б. ғ. д. XI ғасырда пайда болды. Мұнда, мемлекет қылмыскерді ешқашан қылмысы үшін жазалаған жоқ, оны жәбірленушінің өзі шешуге мәжбүр болған. Мұнда жәбіленуші, соттан айыпталушымен жекпе-жек шайқасқа түсуін сұраған. Кейде процестің өтуіне қанағаттанбаған жәбірленуші, шайқасқа соттың өзінде шақырған. Жәбірленуші мен айыпталушы арасындағы дауды шешудің тағы бір жолы-су, от және ыстық темірменсынау болған.
  2. Каноникалық (шіркеулік) процесс. Мұнда процесті жүргізу шіркеу басшыларына тапсырылды. Бастапқы кезде, мұнда шіркеу істері қаралса, кейіннен шіркеу қызметкерлер ісімен қатар, дінге сенбеушілердің де ісі қаралған. Сот билігін сол уақытта, епископтар (папа наместниктері) басқарса, кейіннен оларды, XIV ғасырда папа нунциялары ауыстырды. Алдын ала тергеуді жүргізу үшін, епископ оқиға болған жерге архидьяконды жіберген. Істі бастауға себеп ретінде, адамдардың айтқан әңгімесі де жеткілікті болған. Бұл тергеу, айыпталушының қатысуынсыз жүргізілді. Егер нунций дәлелдемелерді тапқан жағдайда, ал тергеуге әңгіме жеткізуші тұлғаны, одан кейін айыпталушыны шақырған. Сот процесі жабық түрде өткен. Шіркеу өкілі, кейдеәңгіме жеткізуші тұлғаларды таныстырмайтын. Қылмыстық істі қозғауға жеткізілген әңгімеден басқа, үнсіздікте негіз болған. Процесте әңгіме жеткізуші құрметті және маңызды орынды иеленген. Айыпталушының өзін-өзі қорғауға және кінәсіздік презумпциясын дәлелдеуге де құқығы болмаған.

Қылмыскерлерден жауап қинау арқылы алынды. Қианаудың екі түрі болды:

негізгі - кінәлімен мойындату мақсатында;

қосымша - айыпталушының жақтастарын анықтау үшін;

Инквизитор шығарған үкім, дәл сол уақытта орындалуға тиіс болды. Мұндағы негізгі жаза - өлім жазасы.

  1. Инквизиция - мемлекеттік институт ретінде.

Мемлекеттік инквизиция - бұл мемлекеттің өзі айналысатын сот істері. Бұл кезеңге тән басты ерекшелік болып - дәлелдердің үстіртін қаралуы болды. Оның мәні - іске қатысты барлық дәлелдемелердің алдын-ала бағаланылуы болды. Ал, жүзпайыздық дәлел, яғни «дәлелдің патшайымы» болып, айыпталушының өз кінәсін мойындауы болды. Ата-анасының куәгер болуы кінәліліктің ½ бөлігін, шіркеу қызметкері мен дворянинні кінәлілігі ¼ бөлігін құрады. Сот бұл бөліктерді жинастырып қосқан кезінде, бір немесе одан да үлкен бүтіндер шыққанда, онда айыптау үкімін, ал аз мәнге ие болғанда, ақтау үкімін шығарған. Ал, егер ай ыпталушы өз кінәсін бірден мойындаған жағдайда, сот басқа дәлелдемелерді зерттемей, айптау үкімін шығарған.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардан байқағанымыз, алқабилер сотының тарихы, өте ерте заманнан басталады. Америка Құрама штаттарының Уэйни қаласындағы, Мемлекеттік университетінің профессоры У. Бернэм өзінің «Алқабилер соты» атты еңбегінде, алқабилер соттының 869 жылы Францияда Ақкөңіл жанды Людовик королінің билігі кезінде пайда болғанын дәлелдейді. Көп уақыттан кейін, яғни 1066 жылы нормандардың басып кіруінен кейін, алқабилер соты Англияға жеткізілді. Онда ол, XII ғасырдың басына қарай, Англияның заң жүйесінің бір бөлігі ретінде қалыптасты. Оған дейін, Англияда «Құдай соты», «жекпе-жек» деп аталатын соттардың ортағасырлық түрі болған.

Кароль мен кароль соттарынан толықтай тәуелсіз, әрі әділ өткізілетін алқабилер соттары, тек XV ғасырда қалыптасты. Америка Құрама Штатына бұл соттарды, ағылшын колонистері әкелді.

В. М. Савицкидің пікірінше, алқабилер соты шын мәнінде, алғашында XII - XV ғасырда пайда болған.

Алғашқы кезде алқа заседательдері ретінде куәгерлер шыққан, олар адалдық антын қабылдаған, (осыдан «присяжный» сөзі шығады) соның негізінде маманданған сот төрағасы, үкім шығарып отырған. Кейіннен, алқа заседательдері «факт судьялары» деп аталып, яғни олар бұл кезде тек айыпталушының кінәлілігін және кінәсіздігі жөнінде шешім қабылдаса, ал жазаны кәсіпқой сот төрағасы тағайындаған.

Сонымен, алқабилер сотының отаны Англия саналғанмен өзінің қазіргі белгілерін ол, 1789 жылы Француз буржуазиялық революциясынан кейін алған.

Ағылшын және Француз үлгілеріне қарап, Ресейде алқабилер соттары, XIX ғасырдың аяғында II Александр патшаның жүргізген реформалары кезінде пайда болған. Бұл сот 1864 жылы сот жарғыларының негізінде жұмыс істейді.

Алғашында алқа соттары 1866 жылы 23 сәуірде, Мәскеуде кейіннен Петербургте пайда болды. Бұл соттар Ресейде жылдам тарап, 1866 мен 1883 жылдары аралығында, олардың саны 59-ға жеткен.

Бұл кезеңдерде алқабилер соты қылмысы үшін арнайы атақтан, шеннен және байлықтан шектетуді көздейтін істерді қараған. Құқық қабілеттілігін шектеу - каторгалық жұмыстарға салу, жер аудару және түрмеге қамау арқылы жүргізілген.

Алқабилер қараған істер ашық түрде өткізілетін болған. Тек құдайды жамандаған және әйел намысын қорлайтын істерді ғана жабық түрде жүргізген. Іс - құрамында төрағасы және 12 алқа заседательдері бар сотта қаралған.

Сот тергеуі басталмастан 3 апта бұрын ашық жиналыста 30 негізгі және 6 қосымша алқа заседательдері сайланып, оларға сот отырысы өтетін орыны мен уақыт алдын-ала хабарланатын болған. Егер алқа заседателі сот отырысына себепсіз келмей қалған жағдайда, оған ақшалай түрде штраф салынған.

Кейіннен, жребия арқылы 12 негізгі және 2 қосымша алқа заседательдері сайланған.

1917 жылғы Октябрь революциясынан кейін, №1 сот декреті арқылы алқа соттары жойылады. Ресейде 1993 жылы ғана алқа соттары қайта қалпына келтірілді: 1993 жылдың қараша айында - Ставропольск өлкесінде, Мәскеу, Рязан, Саратов облыстарында; 1994 жылдың қаңтар айында - Алтай және Краснодар өлкесінде Растов және Ульянов облыстарында алқабилер соттары қайта қалпына келтірілді.

1. 2 Қазақ қоғамындағы билердің саяси-құқықтық қызметі

Ортағасырлық қазақ қоғамында Дала заңдары негізгі заңдар болып қалыптасып, оның сақтаушысы, жүзеге асырушылары болып билер танылды. Қазіргі уақыттағы классикалық алқабилер сотының элементтерін құрайтын билер соты б. э XIII ғасырынан XIX ғасырға дейін, яғни 6, 5 ғасыр өмір сүрген.

Қазақ қоғамындағы билердің ел ішіндегі саяси-құқықтық қызметі негізінен ел бірлігін, тыныштығын, өзара ауызбіршілігін сақтауға негізделген еді. Сонымен қатар, билер қазақ халқының кең пейіл, кешірімді екендіктерін пайдаланып, «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп екі дауласушы жақты татуластыруға, сол арқылы ел бірлігін сақтауға көбірек назар аударылған. Осы көздеген мақсатына жету үшін би ел ішінде кем дегенде үш функцияны атқарды. Олар: біріншіден, би-ру басы, екіншіден би-жергілікті жердегі әкімшілік биліктің өкілі, үшіншіден, би-судьяның міндетін атқарды. Ол қызметтердің қайсысы да билерден үлкен дарындылықты, қабілеттілікті талап еткен.

Ру басы ретінде би ру ішіндегі, ауыл арасындағы кіші гірім кикілжін, өкпе, реніштерді үлкен дауға айналдырмай сот заматта-ақ даудың басын ашы беріп отырған. Сонымен қатар, билер қоғамда сот (судья) қызметін де атқарды. Билер мал дауы, жер дауы, жесір дауы, құн дауы кезінде кесім айтып, билік шешім шығарып отырды. Билер қазақ қоғамында әдет-ғұрып құқығын сақтаушылар қызметін де атқарды. Бұл жөнінде зерттеушілер мынадай пікір айтады: . . . «Билер қазақ қоғамында сот (судья) қызметін атқарды. Соған байланысты бұлар өз дәуіріндегі заң ережелерін есте сақтай білген. Қазақ қоғамында заңдардың ұмыт болудан сақтап, олардың таралу мен қолданылуына әсер ететін, арнайы кәсітенген адамдар болған. Олар ел ішінде «каста» деп аталып, олардың қызметін билер атқарған». (Сілтеме қажет)

Билердің келесі функциясы бұл жергілікті жердің әкімшілік өкілі ретінде жыл сайын хан шақыратын құрылтайларға қатысып отыруы. Бізге қазақ халқының тарихынан мұндай құрылтайлардың екі түрі белгілі. Біріншісі, жоғары билік жүргізу кеңесі Тағанақ кеңесі деп аталса, ал екіншісі, Тұрылтай кеңесі деп аталады. Тағанақ кеңесі жылына бір рет өткізіліп отырылған. Оның ауқымы кең, қатысатын адамы мол болған. Оған ханға қарасты елдің басты басты ру басылары, билер, қол басылар, жыраулар қатысқан. Онда хандықтың ірі-ірі мемлекеттік істері талқыланып, ел ішіндегі үлкен дау-дамайлар жөнінде шешім жасалатын болған, ондағы жұмыстар, халықтың соғыс дайындығы талқыланып, соған сәйкес жарғылар қабылданған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
ҚР-ның сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі және қалыптасу кезендері
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары
Қазақстан Республикасында сот билігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz