Visual Basic


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Колледж

«Бағдарламалау» пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Visual Basic

Орындаған: «Ақпараттық жүйелер» мамандығының

3 курс студенті Кеңесбек А. К.

Тексерген: Тұрарбек Ә. Т.

Алматы, 2006 жыл

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Visual Basic программалау ортасы

1. 1. Visual Basic программасындағы IDE - интегралды ортасы және менюі . . . 4

1. 2. Visual Basic программалау тіліндегі мәліметтер типтері. Логикалық және құрама операторлар . . . 15

1. 3 Visual Basic тілінде Интернетке бағдарланған

қосымшалар құру . . . 27

2. Visual Basic ортасында программалау

2. 1. Visual Basic ортасында әрекеттер мен қасиеттерді орнату . . . 28

2. 2 Visual Basic тіліндегі массивтер мен процедуралар. . 30

2. 3. Visual Basic тілінде Active X-ті қолдану . . . 31

Қорытынды . . . 32

Әдебиеттер тізімі . . . 33

Кіріспе

Қазіргі кезде бірнеше жүзден астам командалар мен функциялар және қызметші сөздер бар. Олардың көпшілігі Windows жүйесін пайдаланудағы графикалық интерфейспен тығыз байланысты. Жаңадан үйренушінің өзі де бірнеше қызметші сөздерді білгеннің өзінде- ақ бірталай көріністер жасай алады. Ал маманданған программа құрушыларға күрделі есептерді шешу үшін мүмкіндік мол.

Visual Basic тілін компьютерге алғаш жүктегенде Project Wizard-тың New Project - сұхбат терезесі ашылады.

Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады. Терезе үш бөлімнен тұрады: New (Жаңа жобалар), Existing (Бар жобалар) және Resent (Алдында ғана қолданылған жобалар) . Егер пайдаланушы New бөлімін таңдаса, Visual Basic тілінің бастама қосымшасын көре алады. New бөлімінде мынадай жобалар шаблоны бар:

  • Standard EXE ( Стандартты exe типті файлы)
  • ActiveX EXE (ActiveX-тің exe типті файлы)
  • ActiveX DLL (ActiveX-тің DLL кітапханасы)
  • ActiveX Control (ActiveX-тің басқарушы элементі)
  • VB Application Wizard (Visual Basic тілінің қосымшалар шебері)
  • Data Project (Деректер қорының проектісі)
  • IIS Application (IIS-тің қосымшасы)
  • ADD -in (қосымшасы)
  • ActiveX Document DLL (ActiveX құжатының DLL кітапханасы)
  • ActiveX Document EXE (ActiveX құжатының exe түріндегі файлы)
  • DHTML Application (DHTML қосымшасы)

Көптеген жағдайда Standard EXE шаблоны қолданылады.

Existing бөлімінде бұрыннан бар Жобаларды таңдауға болады. Бұл Visual Basic-тің құрамына кіретін мысалдар немесе алдын- ала жұмыс істелінетін Жобалар болуы мүмкін. Visual Basic тілінде программа құру үшін осы бөлімдегі айтылған мәселелерге баса назар аудару қажет.

1. Visual Basic программалау ортасы

1. 1. Visual Basic программасындағы IDE - интегралды ортасы

Visual Basic тілінің ең маңызды ортасы - IDE - интегралды ртасы. Онда функциялар жиыны біріктірілген. Сонымен бірге түзету, қатені тексеру, тоқтату жұмыстары бір ортада жүргізіледі, ал саймандар бірігіп жұмыс істеу интегралды ортасын құрайды (IDE, Integrated Development Environment ) .

IDE мынадай бірнеше компоненттерден тұрады:

  • Бас меню;
  • Саймандар қатары (тақтасы) ;
  • Жоба терезесі;
  • Қасиеттер терезесі;
  • Басқару элементтері тақтасы;
  • Форма конструкторы.

Бас меню . Бас меню Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан. Ол Windows қосымшаларының меню қатарына ұқсас. Бас менюмен жұмыс істеу ортасында программа құру үшін көп мүмкіндік береді. Оның сол жағында ең бірінші File менюі орналасқан. Ол файлдармен жұмыс істеу арқылы қосымша құруға арналған. Онда жаңа файл құру, бұрын құрылған файлды ашу, баспаға шығару және Жобаны сақтау жұмыстары атқарылады.

Edit менюі . Бұл жерде стандартты операциялар буферлік алмасумен орындалады - қиып алу, көшірмесіе алу және қою. Олар тек программаның фрагменттеріне ғана емес, сонымен қатар басқару элементтеріне де қолданылады.

View менюінде барлық компоненттер мен саймандарды көру мүмкіндігі режимі қосылады немесе алынады. Сондай-ақ, формаларды және программалық модульдерді, көмекші объектілерді де көруге болады.

Project менюі . Бұл жерде формаларды, программалық модульдерді, қолданушы басқару элементтерін, қасиеттер бетін және ActiveX компоненттерін басқа Жобалардан қосу немесе алып тастау операциялары атқарылады.

Format менюінің командалары элементтердің және формалардың өлшемімен орналасуын анықтайды.

Debug менюінің командалары арқылы қосымшаны іске қосуға немесе тоқтатуға, көру үшін объектілерді таңдауға және басқа да операцияларды орындауға болады. Олар қосымшаның жұмысын бақылауға көмектеседі.

Run менюінде процедураны қосуға және атрибуттың мәнін беруге болады.

Add-Ins менюінде құрушы деп аталатын қосымша утилиті орналасқан. Сонымен қатар, онда Visual Data Manager және Add-In Manager командалары бар. Visual Data Manager - қарапайым, бірақ өте қажетті құрал. Ол қосымшаны Microsoft Access форматында проектілеуді толықтыруға арналған. Add-Ins менюі көмегімен басқа да құрушы объектілер таңдап алынады. Add-In Manager Window менюі IDE-терезелер құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жабылған форманың таңбаларын өзгертуге болады. Бұл менюдің ең маңызды бөлігі - тізім. Тізім төменгі жағында орналасады. Тізім IDE ортасында ашылған терезенің біреуіне оңай және тез ауысуға мүмкіндік береді.

Help менюі - екінші ақпараттар тобының қайнар көзі. Ол пайдаланушыға қажетті нұсқауларды береді.

Саймандар тақтасы. Visual Basic тілінде бас менюдің астында саймандар тақтасы орналасқан. Ол ең қажетті командаларды тез орындауға ыңғайлы. Егер тышқан курсорын сайман белгісіне алып барсақ, ол кішкене көтеріледі де, сол сайман жөнінде мағлұмат береді.

Саймандар тақтасы төмендегідей саймандардан тұрады:”Стандартты exe-файл”типіндегі Жоба құру, Project Wizard шебері, Модуль қосу, Форманы қосу, Меню редакторы, Жобаны ашу, Жобаны сақтау, Қиып алу, Көшірмесін алу, Орнату, Іздеу, Доғару, Қайта келу, Программаны қосу, Программаны үзу, Программаны аяқтау, Жоба терезесі, Қасиеттер терезесі, Форманың макеттік терезесі, Объектілерді көру терезесі, Элементтер тақтасы, Берілгендерді көру терезесі.

Жоба терезесі. Экранның оң жағында Жоба терезесі бекітілген. Ол әртүрлі құрушы Жобадан ақпаратты тез алуға арналған - формалардан, кластардан, модульдерден тұрады. Қосымшаны құрайтын барлық объектілер Жобада біріктірілген. Жобаны ары қарай сақтау, қолдану, форматтау, іске қосу үшін Visual Basic файлға жобаны басқалардан ажыратуға арналған стандартты VBA тіркеуін қолданады. ( Visual Basic Project сөзінен қысқартылған) .

Егер Жоба терезесінде тышқанның оң жақ батырмасы басылса, осы терезеге байланысты жанама меню командалары ашылады.

Қасиеттер терезесі. Жгоба терезесінің астында қасиеттер терезесі орналасқан. Ол жерде әртүрлі айқындалған объектілердің атрибуттары (немесе қасиеттері) көрсетіледі. Әрбір форма қосымшадағы объект ретінде саналады, ал әрбір басқарушы элемент осы формадағы объект деп есептелінеді. Барлық объектілердің Visual Basic-те өзіндік атрибуттары бар, айталық - түсі және өлшемі. Кейбір атрибуттар объектінің сыртқы түрін ғана емес, сонымен қатар орналасу тәртібін де өзгертеді. Бұл атрибуттар - қасиеттер деп аталады. Форма және осы формадағы әрбір басқарушы элемент қасиеттер терезесінде көрінеді. Көптеген қасиеттер өзінің атына байланысты мағына береді, ал олардың кейбіреулері сирек қолданылады.

Басқарушы элементтер тақтасы. Компоненттер басқарушы элементтер тақтасын құрайды. Олардан құралатын қосымша интерфейс жасалады. General тақтасындағы барлық элементтер объектілерге сай келеді, оларды құрылған қосымшаның формасында орналастыруға болады. Мұндай объектілер басқарушы элементтер деп аталады. Олардың көп бөлігі Visual Basic тілінің ажырамас бөлігі ретінде саналып стандартты элементтер деп аталады.

Форма сипаттамасы.

Visual Basic тілінде пайдаланушы жұмыс істейтін ең басты объект - форма, ол қосымшаның негізін құрайды. Ол форма терезесі деп аталады. Экранға ақпарат шығаратын кез келген қосымша форманың негізінде құрылады. Visual Basic тілін үйрену барысында көптеген өосымшаларда бірлік форма қолданылады. Программалау дағдысы қалыптасқаннан кейін, үлкен қосымша құра бастағанда құжат деп аталатын бірнеше формамен жұмыс орындалады.

Форма терезесінің элементтеріне түсініктеме берейік:

Терезе шекарасы. Терезе шекарасы формаға керекті икемділік дәрежесін береді. Форманың типіне қарай шекарасын белгілеуге, масштабын өзгертуге болады. Бұл мүмкіндіктер Border Style қасиетінің көмегімен жүзеге асады.

Басы. Терезенің басы немесе тақырып қатары деп форма терезесінің жоғарғы жағындағы түсті жолақты айтады. Басы - бұл экранда терезені жылжыту үшін қолданылады.

Атау. Атау - ол тақырып қатарында шығатын мәтін. Атауға қосымшаның аты, форманың немесе ақпараттың ағымдағы жағдайы туралы кішкене сипаттамасы жазылуы мүмкін.

Терезе менюі. Терезе менюінде форманы қалпына келтіруге, басқаша орналастыру, үлкейту, кішірейту, бүктеу, жабу тәрізді амалдарды орындауға болады.

Жинақтау батырмасы. Бұл батырма ағымдағы форманы жабады, яғнм жұмыс істеу орнын уақытша алады.

Үлкейту, кішірейту немесе ашу батырмасы. Үлкейту, кішірейту батырмасында екі функция бар. Егер форма қалыпты жағдайда тұрса, онда бұл батырманы басу ағымдағы форманы экран терезесі көлемінде шығарады немесе бастапқы стандартты қалпына келтіреді.

Жабу батырмасы. Бұл батырманың негізгі жұмысы ағымдағы терезені жабу. Егер терезе менюі жоқ болса, онда жабу батырмасы да пайда болмайды.

Пайдалануға болатын қаріп түрлерін тексеру .

Кез келген мәтін бірыңғай бір түстегі қаріптердің (Font) көмегімен жасалады. Windows операциялық жүйесі қаріптердің бірнеше жүздеген түрлерімен қоса, олардың әртүрлі мөлшерлерін (True Type) пайдалана алады.

Программаға керекті шрифтерді орындаушы жүйеден немее принтерден ғана анықтай алады. Printer және Screen объектілерінің Fonts деп аталатын қасиеттері бар. Осы қасиет арқылы шақырылатын қаріптер тізімін принтерге немесе экранға пайдалануға болады. Ал жүйедегі принтер үшін пайдаланылатын қаріптердің түрлерін Visual Basic программалау тілі арқылы анықтауды төмендегідей программалық жолдарды жазу арқылы анықтауға болады:

Private Sub Form Load()

Dim i As Integer, flag As Boolean

For i=1 To Printer. FontCount - 1

flag = StrComp(Font. Name, Printer. Fonts(i), 1)

If flag = True Then Debug. Print “Сәйкес әріптер табылды. ”

Exit For

End If

Next i

End Sub

Меню және саймандар тақтасы. Меню құру объектісі.

Visual Basic тілінде меню құру үшін меню құру редакторы қолданылады. Оның формада орналасқан кез келген басқа элементтен айырмашылығы жоқ . Егер меню командасы элемент тақтасында болмаса, оны Visual Basic тілінің құралдар тақтасындағы батырма немесе меню командасыменқосуға болады және осы құралдар көмегімен меню жасалынады.

Меню элементінде бірнеше қасиеттер бар және ол бір оқиғаны сипаттайды, бірақ онда бірде-бір әрекет жоқ . Формада элемент менюін орнату үшін, форманы екпінді жасау керек. Ол үшін оны белгілеп алып, Tools→Menu Editor командасын орындап немесе саймандар тақтасындағы меню редакторы арқылы қосуға болады.

Менюді құру редакторда орындалады. Меню бір немесе бірнеше жоғарғы деңгейдегі командадан тұрады. Әрбір команда бір немесе бірнеше ішкі командадан тұрады. Менюде ажыратқышты қосуға болады, өзара байланысқан командаларды топтағанда нәтижесінде бір меню элементінің орнына бірнеше серия пайда болады. Әрбір меню тақырыбы және әрбір команда жеке қасиеттер жиынтығы мен Click оқиғасынан тұратын жеке элементтердан құралады.

Меню қасиеті.

Осы тақырыпта берілген қасиеттерді конструктор режимінде орындауға болады, бірақ олармен жұмыс істеу меню редакторы арқылы жүзеге асады. Менюдің төмендегідей қасиеттері бар:

  • Appearance
  • Index
  • Caption
  • Checked
  • Enabled
  • Name
  • Parent
  • Help Context ID
  • Shortcut
  • Tag
  • Visible
  • Window List

Ерекше жазумен көрсетілген қасиеттерге түсінік берейік:

  • Caption қасиеті менюдегі команда мәтінін анықтайды, ол менюде бейнеленеді. ”Амперсенд”(&) символы команданы пернелер тақтасынан көрсетілген символдар комбинациясы арқылы тез шақыруға арналған
  • Checked қасиеті маркерді команда қасына қосады (немесе алып тастайды) . Оның көмегімен команданың екпінді күйін өзгертуге болады.
  • Егер ағымдағы менюдің жанама командасының мағынасы болмаса, онда оның Enabled қасиетіне False мәні беріледі. Бұл қасиеттің мәнін, сондай-ақ программа орындау кезінде де өзгертуге болады.
  • Менюдің керек емес командасын тоқтатудың орнына, Visible қасиетің пайдалануға және оны жасыруға болады.
  • Name қасиеті, ол бірінші орында айқындалуы тиіс. Келісім бойынша, меню элементтерінің аты mnu префиксінен басталады.
  • Shortcut қасиеті акселератор - бұл команданы перне арқылы шақыру әрекетін береді.

Саймандар тақтасының құрылуы.

Саймандар тақтасы менюді толықтыру және оның жұмысын тездету үшін пайдаланылады. Жобалау кезінде де саймандар тақтасының қалыпты түрін қолдану керек. Сондай-ақ, ол кез келген пайдаланушыға түсінікті болуы үшін, батырмалардың стандартты мөлшерін, түрін пайдаланған жөн. Саймандар тақтасын құрмас бұрын, алдымен оларды орнатушы компонентті басқару элементтерінің тақтасына орналастырып алу қажет.

  1. Егер қажет компонент жоқ болса, онда басқару элементтері тақтасында тышқанның оң жағын басып, ашылған жанама менюден Components командасын таңдаңыз. Экранда Components сұхбат терезесі пайда болысымен Microsoft Windows Controls 6. 0 жолына жалауша қойыңыз.
  2. Пайда болған басқару элементін формаға орналастырып, Name қасиетіне TbrToolbar, ал Align-ге 1-VbAlignTon мәндерін беріңіз.
  3. Қасиеттер терезесіндегі (Custom) қасиетін басыңыз.
  4. Ашылған Properti Pages терезесінің Buttons бетін таңдаңыз.
  5. Бірінші батырманы формаға орналастыру үшін InsertButton батырмасын басыңыз.
  6. Style тізімін ашып, одан 3-TbrSeperator жолын таңдаңыз.

Модульдер және кластар.

Модуль дегеніміз программалық кодпен жазылған ASCII мәтіндік файлы. Мұнда программада қолданылатын өзара байланысқан процедураларды топтауға болады.

Жүйелі ұйымдастыру программалау тілін оқытуды жеңілдетеді. Visual Basic тілінде де программа құру үшін - модуль класы, немесе жай класс қажет.

Кластар объектілі - бағдарланған программанің негізгі құраушы блоктары болып табылатын - модельдер, бұл жағдайда программа өзара байланысқан объектілер түрінде сипатталады. Класс тек программаның функционалдық тәсілінің жартысын жеке объект ретінде бөліп қана қоймай, сонымен қатар базалық модульдердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Программаның бір бөлігін қорғап, қалғанын программа еркіне беруге болады. Бұл процесс инкапсуляция деп аталады.

Өзара байланысқан әрекеттерді орындау үшін кластарда да қасиеттер, әрекеттер және оқиғалар бар. Жақсы жобаланған класс программа бөлігі болып табылады. Бұл класты бір жобадан басқасына орналастырғанда, ол ешқандай өзгертулерсіз қалыпты жағдайда жұмыс істейді дегенді білдіреді.

Модульдер жеке файлдарда болғандықтан, оларды бірден бірнеше жобаға қосуға болады. Осындай әдіспен жазылған кодты қайтадан қолдану мүмкіндігі туады.

Модульдер құру.

Программалық модульге жаңа процедураны қосу үшін келесі команданы : Tools→AddProcedure орындаңыз және AddProcedure сұхбат терезесінен керекті өлшемдерді таңдап алыңыз. Бұл командаға тек программаның ашық терезесінде ғана қол жеткізуге болады.

Модульдерді сақтайтын каталог құрғаннан кейін, бірінші модуль жазуды қарастырайық. Модульді құру төмендегідей жүзеге асырылады:

  1. File→NewProject командасы арқылы жаңа жоба құрыңыз.
  2. Жоба терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, Add→Module командасын орындаңыз.
  3. Add Module сұхбат терезесінде Module таңбасын таңдаңыз. Open батырмасын басыңыз- жобада бос модуль құрылады.
  4. Қасиеттер терезесінде Name қасиетіне жаңадан құрылған модульдің мәні ретінде My Library мәнін беріңіз.
  5. File→ SaveMy Library командасы арқылы файлды сақтаңыз, немесе Ctrl+S пернелерінің комбинациясын пайдаланыңыз. Ашылған SaveFileAs сұхбат терезесінде Codelib каталогында алдыңғы бөлімде құрылған файлды сақтаңыз. Осылайша программалық кітапханада алғашқы модуль құрылады.

Процедуралар.

Процедуралар - қажетті аргументтерді қабылдап, программалық кодты орындап және берілетін аргументтердің мәнін өзгертеді. Аргументтер деп процедураларға берілетін айнымалыларды айтады.

Процедура кодты бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді. Бірдей мысалдарды орындау кезінде, программаның қажетті жеріне әрбір жолды қайталап енгізіп отырмай, бір процедура құрып, соны программаның орындалу барысында керегіне қарай шақыруына болады. Бұл енгізілетін мәтін көлемін кішірейтумен қатар, процедураны шақырған сайын оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Функциялар.

Функция көп жағдайда процедураға ұқсас. Тек бір ғана айырмашылығы - ол шақыру кезінде мәнді қайтарады. Функция аргумент деп аталатын, мәліметтердің объектілерінің біреуін немесе бірнешеуін қабылдайды және олармен бірқатар әрекеттер орындайды. Оның нәтижесі функциямен қайтарылады. Функцияның жұмысын нақты мысал арқылы беру түсінікті болады. Кубтық түбірді есептейтін функция мысалын қарастырайық. Ол үшін:

  1. File→New Project командасы арқылы жаңа жоба құрыңыз.
  2. Егер My Library модулі жобада болмаса, оны қосыңыз. Ол үшін жоба терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, Add Module командасын жанама менюден орындаңыз.
  3. Add Module диалог терезесі шыққанда, Existingбөлігіне өтіңіз, My Library. Bas файлын тауыпмодульді жобаға қосу үшін Open батырмасын басыңыз.
  4. Жоба терезесінде My Library файлын тышқанмен екі рет белгілеңіз. Программа терезесі ашылады. (General) (Declarations) секциясына келесі фрагментті қосыңыз.

Public Function Cube Root

Visual Basic жүйесі автоматты түрде келесі шаблонды құрады.

Public Function Cube Root ()

End Function

5. Келесі фрагментті шаблонға қойыңыз:

Public Function Cube Root (x as Double ) As Double

If x =0 Then

Cube Rot = 0

Exit Function

End If

Cube Root =10* ((Log (Abs(x) ) /Log(10) ) /3

If x <0 Then

Cube Root = Cube Root

End If

End Function

6. File→ Save My Library командасын орындаңыз.

Берілген мысалды талдаудың алдында, жоғарыда келтірілген кодты қарастырайық. Функция Х аргументін алып, оның кубтық түбірін есептейді. Тип мәні, функциясымен қайтарылатын, As қызметші сөзінен кейін функция тақырыбында көрсетіледі. Функция мәтіні End Sub емес, End Function командасымен жабылады. Cube Root айнымалысының мәні берілетін үш жолға назар аударыңыз. Функция мәні айнымалы түрінде қайтарылады, аты функция атымен сәйкес келеді. Аргументті өңдеу алдында алынған мәліметті тексеру керек. Алдымен аргументтің 0-ге тең болатынын тексереміз, егер аргумент 0-ге тең болса, онда кубтық түбір де 0-ге тең. Сондықтан біз Cube Root айнымалысына бірден қайтарылатын мән беріп, функцияның мәнін аламыз. Функция жұмысын аяқтау үшін Exit Function командасы қолданылады.

Public және Private қызметші сөздері.

Бұл қызметші сөздер процедураның көріну алаңын анықтайды. Private қызметші сөзі процедураға жол ашады, тек модуль деңгейінде - бұл онымен сол формада неесе модульде болатын тек объект жұмыс істей алатынын білдіреді. Public қызметші сөзімен хабарланған процедураға және функцияға жобаның барлық деңгейінде қол жеткізуге болады. Яғни, глобальді көріну аймағы бар. Көріну аймағы программаның функционалды мүмкіндіктерін тұрғызғанда маңызды. Келесіде біз неге және қалай болатынын көреміз.

Жабық процедура (Private)

Программалық модульдер процедуралардан тұрады. Олар форманың және ондағы бар элементтің жұмысын қамтамасыз етеді. Алдыңғы мысалдарда форма үшін процедура оқиғаларында, Private қызметші сөзі Sub қызметші сөзінің алдында кездесетін. Private қызметші сөзі процедураны сипаттайды, ол басқа процедураларға қайда хабарланғанына байланысты сол формада немесе модульде орналаса алады. Ондац процедуралар жабық процедуралар деп аталады, өйткені оны формадан тыс жерде шақыруға болмайды.

Ашық процедуралар (Public)

Кейбір жағдайда процедура формадан тыс жерде пайдаланатындай болуы керек. Сіз жеке қосымшаңыздың формасына саймандар тақтасына батырма орнатқыңыз келеді. Мүмкін болатын жағдайдың бірі - процедураны программалық модульге орнату кез келген форма, элемент немесе процедура оған қол жеткізе алады. Басқа вариант - процедураны өзі жататын модульде қалдыру және хабарлау алдында Public қызметші сөзін көрсету өажет. Бұл жағдайда да процедураны сіздің қосымшаңыздағы басқа компоненттер үшін пайдалануға болады.

Әрекеттер.

Класс әрекеті, модуль процедуралар сияқты қызметке ие. Әрекет атында көріну аймағына байланысты Private немесе Public модификаторы болуы мүмкін. Ашық әрекеті кластың программалық интерфейсін құрады және программа онымен ешқандай шектеусіз жұмыс істей алады. Жабық әрекеті ішкі операцияларды, кластан тыс жерлерде пайдалануға болмайтын орындарда қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Visual Basic-та инженерлік калькулятор жүйесін құру
Visual Basic программалу тілі
Жоба терезенің астында
VISUAL BASIC басты элементтерімен танысу
Visual basic тілінде программалау негіздері
Visual Basic-те стандартты қосымшаларды дайындау
Жоба және пішін терезесі
Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы
Визуал бейсик ортасында файл және каталогтармен жұмыс
Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz