Norton Сommander сипаттамасы


Тақырыбы : Norton Commander

I NORTON COMMANDER

Norton Commander DOS үшiн ең үлкен сұранысқа ие және оған өте ыңғайлы программа-қаптама болып келедi. DOS және Windows операциондық жүйелерiн қолданушылар бұл программа-ғаптаманың көмегiне жиi сүйенедi, себебi бұл программаның көмегiмен файлдарды көшiру, каталогтардың құрамын тексеру, программаларды жіктеу жеңiл әрi ыңғайлы, тез орындалады. Бұл операциондық жүйелер үшiн үлгi күнге дейiн бұл программа-қаптамадан ыңғайлы программа ойлап табылған жоқ. Тек Norton Commander версияларының түрленуi арқылы қолданушылар үшiн өте ыңғайлы операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк алуда.

NORTON COMMANDER: ЖАЛПЫ МӘЛIМЕТТЕР

Norton Commander-дiң жалпы қолданылуы

Peter Norton Computing фирмасымен (1992ж. бұл фирма Symantec корпорациясының құрамына енiп кеттi) жасалған Norton Commander программасы DOS операциондық жүйесi үшiн ең сұранысқа ие және ыңғайлы программа-қаптамалардың бiрi болып табылады. Әдетте дәл осы программаның көмегiмен көптеген DOS қолданушылары каталогтардың құрамын тексередi, файлдарды көшiредi, атын өзгертедi, жояды, программаларды жүктейдi және т. б. операцияларды жүзеге асырады. Әрине, бұл операцияларды MS DOS операциондық жүйесiнiң өзiнде бар командалары арқылы да жүзеге асыруға болады, бiрақ Norton Commander бұл операцияларды әлдеқайда ыңғайлы және көзге көрiнетiн тәсiлмен орындауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге Norton Commander DOS-тың барлығ мүмкiндiктерiне шек қоймайды және DOS-тағы сияқты командаларды енгiзуге мүмкiндiк бередi.

Басқа программа-қаптамалар

Norton Commander-дан басқа да программа-қамтамалар бар. Олар: Qdos, PathMinder, XTree, отандық шығарушылардан Volkov Commander, Pie Commander, Victoria, Command Processor және т. б. MS DOS-тың бұрынғы 4. 0 ж„не 5. 0 версияларына өзiнiң Shell программа-қамтамасы да енгiзiлген болатын. Бiрақ бәрiнен де көп қолданылатын және ыңғайлылығы жағынан жоғарыда аталғандардан әлдеқайда жоғары болып келетiн программа-қамтама - Norton Commander программасы.

NORTON COMMANDER-МЕН ЖҰМЫС

ЖАСАУ ҮШIН НЕ ҚАЖЕТ

Norton Commander-дiң модульдiк құрамы керектi дисктiк жадты көлемiн айтарлықтай азайтуға мүмкiндiк бередi - оның компоненттерiнен тек ғана керектiлерiн қалдыруға болады. Norton Commander-дiк азайтылған конфигурациясы оны дискетаға сыйдыруға мүмкiндiк бередi және ол дискетадан жүктеледi. Мұндай амал қатты диск вирусқа ұшыраған кезде немесе iстен шыққан кезде қолдануға өте ыңғайлы.

NORTON COMMANDER-ДIҢ МҮМКIНДIКТЕРI

Norton Commander көптеген функцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, жеке алғанда:

  • дисктегi каталогтардың құрамын көзге көрiнерлiктей етiп жариялау;
  • файлдарды ыңғайлы етiп көшiру, атын өзгерту, жою және т. б. ;
  • дисктегi каталогтар тiзiмiн көрсету(бұл тiзiмде керектi каталогға көшуге, каталогтардың атын өзгертуге, құруға, жоюға болады) ;
  • тексттiк, графикалық және архивтiк файлдарды, таблицалық процессорлардың таблицаларын және ақпараттың базаларды оқуға болады;
  • тексттiк файлдарды редактiлеу;
  • DOS-тың кез-келген командаларын орындау;
  • архивтiк файлдармен каталогтардың тақырыптарымен сияқты етiп оңай жұмыс жасау;
  • бiр клавишаны басу арқылы әрбiр файл типтерi үшiн стандартты амалдарды жүзеге асыру және көптеген т. б. амалдар.

Norton Commander-мен бiрге модем арқылы компьютерлер арасындағы байланыс жасау үшiн, дискеттердi форматтау және көшiру үшiн, компьютер туралы ақпаратты үшiн, дисктi керек емес файлдардан тазарту үшiн керектi программалар қолданылады.

NORTON COMMANDER ПРОГРАММАСЫН ЖІКТЕУ

Norton Commander-дi Жіктеу:

NC командалар қатарымен жүзеге асырылады.

Norton Commander жүктелгеннен кейiн экраннығ үстiңгi бөлiгiнде екi қатарлы сызықтармен қоршалған екi тiкбұрышты терезе шығады. Оның астында әдеттегi DOS-қа шақыру орналасады. Ол жерден DOS-тың әдеттегi командаларын енгiзуге болады. Одан төменде Norton Commander-дiң функционалдың клавишаларының қызметiн баяндайтын қатар орналасқан.

NORTON COMMANDER-ДЕН ШЫҒЫП КЕТУ

Norton Commander-ден шығып кету үшiн F10 клавишасын басу керек. Экран центрiнде Norton Commander-ден шығып кетуге қосымша сұрақ пайда болады. Шығып кету үшiн Enter немесе Y-тi басу қажет. Қарсы жағдайда Esc немесе N клавишасын басу керек.

КӨМЕК АЛУ(ЕНГIЗIЛГЕН АНЫҚТАМА КIТАПШАСЫ)

Экранға Norton Commander-дiң енгiзiлген анықтама кiтапшасын шығару үшiн F1 клавишасын басу қажет. Егер сiз файлдарды оқу немесе редактiлеу режимiнде болсаңыз, экранға клавишалардың қызметi туралы анықтама шығарылады. Басқа жағдайларда болып жатқан жұмыстың режимi туралы анықтама шығарылады. Осылай, егер алдымен F5 клавишасын(файлдарды көшiру), ал содан соң F1 клавишасын басса, экранға файлдарды көшiру туралы мәлiмет шығарылады.

Анықтама кiтапшасынан шығу үшiн Esc клавишасын басу керек.

DOS-ТЫҢ ПРОГРАММАЛАРЫН ЖӘНЕ КОМАНДАЛАРЫН ЖІТЕУ

DOS-тың командасын немесе программасын орындау керек болса, она әдеттегiдей пернетақтадан терiп, Enter-дi басу керек. Орындалғаннан кейiн экранның түрi сол күйiнше қалады.

Көрсетiлген файлдың атын пайдалану

Командалық қатарға Norton Commander-дiң панелiндегi файлды немесе каталогты шығару үшiн Ctrl+Enter клавишалар комбинациясын басу керек. Бұл жағдайда курсор бос қатарды немесе кез-келген символды көрсетiп тұруы қажет:

<> + . , : ;

Бұдан басқа курсордың сол жағында да бос қатар немесе кез-келген символ болуы қажет.

Командалың қатарға алдын енгiзiлген командаларды шығару

Norton Commander командалың қатарға енгiзiлген соңғы 16 команда туралы информацияны сақтайды. Командалық қатарға соңғы орындалған команданы шығару үшiн Ctrl+E клавишалар комбинациясын басу керек. Ctrl+E клавишаларын қайталап басу командалық қатарға алдын орындалған командаларды шығаруға алып келедi. Ал Ctrl+X клавишаларын басу арқылы командалық қатарда түрған командадан кейiн орындалған команданы шығаруа болады.

Командалық қатарға керектi команданы шығарып алғаннан кейiн оны редактiлеп, Enter клавишасын басу арқылы орындауға болады.

Алдын енгiзiлген командалардың тiзiмi

Norton Commander соңғы 16 енгiзiлген команданы еске сақтайды. Олардың тiзiмiн экран бетiне шығару үшiн Alt+F8 клавишалар комбинациясын басу керек. Олардың кез-келгенiн орындау үшiн керектi команданы белгiлеп, Enter клавишасын басу қажет. Алдын енгiзiлген командалардың модификациялық түрiн орындау керек болған жағдайда оны белгiлеп, F4 клавишасын басу керек. Таңдалған команда командалық қатарға енгiзiледi және әрi қарай онымен жұмыс жасауға болады.

МЕНЮ ҚАТАРЫН ҚОЛДАНУ

Norton Commander-дiң басты меню қатары ақпаратты экранда ыңғайлы түрде беруге, Norton Commander-дiң жұмыс режимiн өзгертуге және басқа да iс-әрекеттердi орындауға мүмкiндiк бередi.

Менюмен жұмыс жасау

Меню қатарына кiру үшiн F9 клавишасын басу керек. Экранның үстiңгi бөлiгiне Left, Files, Disk, Commands, Options және Right пункттерiнен тұратын меню қатары шығарылады. Меню пункттерiнiң бiреуi белгiленген болады.

Менюдегi белгiлер

Кейбiр пункттердiң аттарының оң жағында осы дәл осы пункт атқаратын қызметтi атқаратын клавишалар немесе клавишалар комбинациясының белгiлерi тұрады.

Меню пунктiнiң атындағы көп нүктелер

Меню пунктi соңында көп нүктемен аяқталса, онда ол таңдалған жағдайда менюдiң бұл пунктын орындау үшiн керектi параметрлердi сүрайтын қосымша сүрау шығарылады.

Менюден шығып кету

Norton Commander меню қатарынан шығып кету үшiн Esc клавишасын басу жеткiлiктi.

Меню пунктi туралы аныјтама

Менюдiң кез-келген пунктi туралы анықтама алу үшiн сол пункттi белгiлеп, F1 клавишасын басу керек.

II NORTON COMMANDER: ПАНЕЛЬДЕР ЖӘНЕ

УНКЦИОНАЛДЫҢ КЛАВИШАЛАР

NORTON COMMANDER-ДIҢ ПАНЕЛЬДЕРIН БАСҚАРУ

Актив және актив емес панельдер

Экранға Norton Commander-дiң екi панелi шығып тұрса, олардың бiрi актив(немесе белгiленген), ал екiншiсi актив емес болады. Актив панельдiң тақырып қатары қосымша түспен белгiленiп тұрады. Барлық қимылдарды Norton Commander актив панелiнiң iшiнде жүргiзедi.

Панельдердi басқаруға арналған клавишалар

Tab - басқа панельдi актив етiп қою;

Ctrl+O - панельдердi экраннан алып тастау/шығару;

Ctrl+P - актив емес панельдi экраннан алып тастау/шығару;

Ctrl+U - панельдердiң орнын бiр-бiрiмен алмастыру;

Ctrl+F1 - сол жақтағы панельдi экраннан алып тастау/шығару;

Ctrl+F2 - оң жақтағы панельдi экраннан алып тастау/шығару;

Alt+F1 - сол жақтағы панельге басқа дискiнiң тақырыбын шығару;

Alt+F2 - оң жақтақы панельге басқа дискiнiң тақырыбын шығару.

БАСҚА КАТАЛОГҒА ӨТУ

Norton Commander-дiң панелiне басқа каталогтың тақырыбын шығару үшiн төменде келтiрiлген тәсiлдердiң бiреуiн қолдануға болады:

  • панельде каталог тақырыбын белгiлеп, Enter клавишасын басқан кезде Norton Commander сол каталогқа кiрiп, оның тақырыбын шығарады;
  • актив емес панельде актив болып тұрған панельдегi дискке өткен жағдайда актив емес панельде актив болып тұрған панельдегi белгiленген каталогтың тақырыбы шығып тұрады;
  • Alt+F10 клавишалар комбинациясын басып, экранға каталогтар тiзiмiн шығаруға болады. Осы тiзiмде керектi каталогтығ тақырыбын белгiлеп, Enter клавишасын басқан жағдайда панельге осы каталогтың аты шығады;
  • Norton Commander дискiдегi каталогтар тiзiмiн шығаруға мүмкiндiк бередi. Осы тiзiмде курсорды жылжыту арқылы панельге белгiленген каталогтың тақырыбы шығып тұрады.

БАСҚА ДИСККЕ ӨТУ

Norton Commander панелiнде көрсетiлген каталогтың басқа дисктегi тақырыбын шығару үшiн сол жақтағы панель үшiн Alt+F1, оң жақтағы панель үшiн Alt+F2 клавишалар комбинациясын басу керек. Экранға дискiлер тiзiмi шығарылады.

Диск оқылмаған жағдайда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні бойынша лекциялар жинағы
NC жұмыс техникасы. Қолданушы менюімен жұмыс
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
МӘТІНДIК РЕДАКТОР ЖӨНІНДЕ Norton Commander (NC)
Глобальды жүйе
Жергілікті компьютерлік желідегі ақпараттық қорғау ұйымы
Компьютерді жабдықтау программалары
Компьютерлік желілердегі ақпараттық қорғау
Norton Commander программасы
Компьютер жұмысының принципi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz