Ауыспалы шабындық


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АУЫСПАЛЫ ШАБЫНДЫҚ

Шөптесінді жыл сайын бір мезгілде пішенге шабу келесі жылы оның өнімін төмендетеді. Сондай-ақ өсімдіктердің тіршілік ету жолдары бұзылады. Олар толық пісен-жетілмейді, көпжылдық шөп тамырының астында қоректік заттар жиналмайды. келесі жылы қайта көктеп шыққан өскігдер нашар өсіп, бара-бара құрып кетеді. Сондықтан да өсімдіктерді ерте орып тастамас үшін ауыспалы шабындық енгізу керек. Ауыспалы шабындықта белгілі жүйеге сәйкес жыл сайын пішен шабу мерзімі өзгеріп отырады және шабындықта агротехникалық күтіп-баптау жұмыстары ескеріліп отырады. Ауыспалы шабыңдық енгізу пішен өніміне байланысты болады. Шалғын жерді теңдей етіп 4-7 мөлтекке бөледі. Бұл мөлтектерді өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңдеріне сәйкес жыл сайы» алмастырып шауып алып отырады. Мысалы шабындықта астық. тұқымдас өсімдіктер мол болған жағдайда пішенге масақтана бастағанда (МБ) тұқымы пісіп-жетілу кезеңдерінде (М) шабады. Тағы бір ескеретін жай әр мөлтектегі өсімдіктер 4-7 жыл ішінде бір рет тұқым шашады.

Қорыта келгенде ауыспалы шабындық - шабындықты тиімді пайдаланудың ең негізгі басты жолы болып табылады.

Пішен дайындау

Пішен дайындаудың негізгі техвологиялық операцнялары - ору, жаныштау, салу, шөмелелеу кемесе тікелей тиеу, тасымалдау және одан әрі кептіріп, не кептірмей-ақ қоймаға жинау.

Шөпті құрғату кезіндегі басты назар аударатын нәрсе - онын қоректік заттарын барынша сақтау болуға тиіс. Өсімдік жапырақтары неғұрлым көп болса, бұл оның соғұрлым бағалы азық екенін дәлелдейтін көрсеткіш бола алады. Бұл тек пішенге арналған өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары жедел келтіріліп, өнім ысырапсыз жиналғанда ғана қол жететін нәтиже. Өсімдіктер суармалы және жағдайында 70-80 процент ылғал ұстайды да, ол орылған және келтірілген кезде шөп бойында физиологиялық микробиолгиялық процестердің нәтижесінде жақса сақталуына септігін тигізеді. Өсімдіктің қоректік заттар ысырабын азайтып азық сапасын жақсарту үшін ең алдымен көк шөпті кептіру процесін жеделдету керек.

Сонымен шабылған шөптің кебу дәрежесі тез араның ішінде 17-18 процентке жетуі керек. Шөл далада дестеде жатып кебеді немесе жартылай дегдітіп, арнаулы кептіргіш агрегаттармен қосымша кептіруге болады. Мұңда мал астына жылы ауа жіберіп кептіреді.

Қорыта келгенде орылған шөпті кептіру кезінде бір-бірімен тығыз байланысқан екі физиологиялық және биохимиялық процесс жүреді. Оның біріншісі физиологиялық және биохимиялық процесс, яғни аш зат алмасу, екіншісі биохимияльгқ немесе автолиз процесі.

Біріншісінде, яғни аш зат алнасу кезінде орылған өсімдік денесіне су және минералды заттардың елуі доғарылады, бірақ көміртегі, сутегі, оттегі және басқа ассимиляциялық жағдайлардың жүру бұзылмайды. Әсіресе жас өсімдіктерде қоректік заттардың түзілуінен оның ыдырауы артығырақ болады. Содан ауадан топыраққа қоректік заттардың ыдырай бастауын аш зат алмасу деп атайды. Ол тірі шабылған өсімдікте 40-50 процент ылғал қалғанша жүреді. Осы физиологиялық және биохимиялық процесс кезінде 50 процентке дейін каротин жоғалады. Өсімдіктің тыныс алу кезінде суға еритін углеводтар 20 процентке азаяды. Оған қоса белоктік азоттың саны кемиді.

Автолиз - тек қана өсімдіктің өлі клеткаларында жүретін биохимиялық процесс. Көпшілік ферменттер бұзылмай әсер ету тіршілігін сақтап, қоректік заттардың ыдырауы жалғаса береді, Негізінен белок жоғалады, амин қышқылы, крахмал, жай және қос қанаттар ыдырайды. Сонымен автолиз кезінде белоктік азот 25 процентке дейін азаяды. Орылған шөп ылғалы мол, аш зат алмасуы және нақ автолиз болған жағдайда азотты заттар бұзылып, аммиак және органикалық қышқылға айналады. Кейін органикалық қышқылға және углеводтар көмір қышқыл газы мен суға дейін бұзылады. Осы екі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер нәтнжесінде алынған пішенде шикі протеин мөлшері төмендеп, азықтық құрытылуы және биологиялық құндылығы кемиді. Осыған орай пішенді кептіру кезінде автолиз кезеңінің ұзақтығын қысқарту параларын ойластыру керек.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысына көз салсақ, пішен шабуға қолайлы ауа райында орылған шөптік ылғалдылығы 80-90 проценттен 45-55 процентке дейін кему үшін 5-8 сағат уақыт қажет, ал 45-55 проценттен 18-20 процентке дейін (нақ осы кезде автолиз процесі жүреді) кему үшін 1-1, 5 тәулік керек екен.

Шөп кептіруді жеделдетудің маңызды тәсілдерінің бірі - ала құла кебуге елеулі дәрежеде жол бермейтін сабақты жаныштау тәсілі болып табылады. Пішенді жанышып, таптау оның кебуін 2-3 есе тездетіп, жай кептірген кездегімен салыстырғанда, протейн ысырабын 2 есе азайтады. Шөп жинау - бір-бірімен тығыз сабақтас бірнеше жұмыстың жиынтығынан тұратын күрделі процесс. Соның бірі - дұрыс атқарылмаса бүкіл жиын-терін жұмысының нәтижесіне нұқсан келеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысының колхоздары мен совхоздары өз тәжірибелеріне пішенді орумен бір сәтте дестеге салу тәсілін қолдануда. Бұл жұмыс КВ-3, 0 ротациялы шөп шапқыш-жаныштауышпен атқарылады. Бұл агрегатгар қолдан себілген және табиғи шөптердің сабағын жаныштаумен бір сәтте орылып жанышталған шөпті дестеге сала алады. Мұндай жағдайда қоректік заттар күн көзінен өте жақсы қарғанады. Оның үстіне тығыз дестеге жанышталып түсірілген шөптердің жаңбыр үштен бірінен төрттен біріне дейін ғана өткенмен, толық сулай алмайды. Итарқа етіп дестеленген шөптің қоректік заттарын жаңбыр толық шайып кетпейді.

Көпшілік жағдайда пішенді бір сәтте шауып, дестеге салуға мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да кейбір жекелеген жағдайларда орылған көк балаусаны дестеге жинай жүріп кептіруге тура келеді. Орылған көк шөпті ауа райына қарай шабындық та екі күнге дейін қалдырған жөн, ал күн көзі ашық болғанда 3-4 сағаттан кейін-ақ дестелеп тастау керек.

Шабылып тасталған көк шөп дестеге ГПТ-14, 5 маркалы тырмамен және ГВК-6А маркалы десте аударғыш дөңгелекті ашалары бар құралмен салынады, сүйреткісі және шөп аударғыш дөңгелектері бар агрегат. Оның қос қапталындағы секциялары қамти алмаған орталықтағы шөптерді осы аударғыш түсті дөңгелектері іліп әкетеді.

Пішеннің дестеде жатып қалу мерзімін қысқарту үшін екі мәрте жннау әдісін қолданып, дестедегі жартылай кепкен шөпті жинап алысымен желдеткішпен толық кептірген дұрыс.

Көпжылдық екпе шөптер мен табиғи шөптер пішенінің өнімі мен сапасы оны тек дер кезінде орып алуға ғана емес, сонымен бірге дұрыс жинау жұмыстары технологиясы негізінде жүргізілген жиын-терін шаралары комплексіне де байланысты.

Қазіргі қолда бар пішен орып, жинау машиналары жиын-терін жұмыстарының барлығын толық механикаландыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Алматы облысының Қаскелен ауданындағы «Ақсай» оқу-тәжірибе шаруашылығында жоңышқа орып, жинауға ротациялы КПРН-3 маркалы шөп шапқыш-жаныштауыш пайдаланылып, жоңышқаны орумен бір сәтте дестеге салу жұмыстары қатар атқарылып жүр. Ал салынған дестелер ПС-1, 6 престен-жинауышпен жиналады. Осы шаруашылықтың тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мұндай жағдайда жұғымды шөп ысырабы күрт кеміп, еңбек өнімділігі, кәдуілгі жинаумен салыстырғанда, едәуір арта түседі.

Қуатты желдеткіш қондырғылармен толық кептіру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастырудың жұмыстары
Ауыспалы егісті жобалау
Жерге орналастыруды жобалау
Агрономиялық терминдерді пайдалана отырып ауыспалы егістерді жіктеу
Табиғи жайылымдар, ауыспалы жайылымдар
Ауыстырмалы шабындықтарды ұйымдастырудың теоретикалық негіздері
«Жамбыл» ЖШС жері егістік алқаптарының пішіні және көлемін қайта орналастыруын анықтау
Ауыспалы егістерде топырақтағы органикалық заттардың баланысын есептеу
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Табиғи жайылымдар, ауыспалы жайылымдар. Табиғи жайылымның өнімділігін арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz