Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары


X-XII ғасырларда қалыптасқан тарихи жағдайлар, феодалдық негіздердің нығаюы, мәдениеттік құрылымдардың шығуы, отырықшы-егіншілікпен айналысу, қалалардын, өсуі, этникалық жағдайдын, күшеюі, Орта Азия, Алдыңғы Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен шаруашылық және мәдени байланыстар Қазақстан жеріндегі халықтар мен тайпалардың рухани мәдениетінің өрлеуіне жағдай жасады.
Қазақстанның оңтүстік өлкелерінің мұсылмандандырылуы, ісләм дінінің терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түрік, руна жазулары ығыстырылып, араб жазуы қалыптасты. Түрік этносының оқшау тілдік топтары мен түрлерінің даму ерекшеліктері айқынырақ көріне түсті. Сонымен бірге XI-XII ғасырлардағы тіл мен әдебиет ескерткіштерінің көпшілігі тайпааралық әдеби тілде жазылып, жалпы түріктік мұра болды.
X-XII ғасырларда түркі ұлыстары ішінде әдебиет пен білім әр түрлі салада өркендеді. Әдебиет, тіл, астрономия, арифметика, философия, тарих және басқа салалардық осы кездің туындылары болғаны бұған айғақ.
Мысалы, орта ғасырларда Мухаммед ибн Муса әл-Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Эли ибн Сина, Әбу Райхан Бируни және басқа көптеген жан-жақты білімді ғалымдар шыққан. "Китоб-маориф", "Китоб үш - Шеһр", т. б. еңбектерімен мәлім болған Абдулла ибн Мусілім Марбази, "Зейнул ахборымен" аты шыққан Әбу Сайд, көп томдық кітап авторы Әбілфазыл Байхаки, "Бұхар тарихын" жазған Наршахи, "Түркістан мемлекетінің, тарихын" жазған Мажиддин сияқты тарихшылардың да осы тұста даңқы шар тарапқа мәлім болған.
Қазақ әдебиетінің тарихында әсіресе Әбу Насыр әл-Фарабидің орны бөлек. Әл-Фараби қазақтың ескі қаласы Отырарда туып-өскен, қыпшақ ұлысынан шыққан, өз заманының жан-жақты білімді адамы. Ол аты бүкіл жер жүзіне әйгілі даңқты ғалым, философ, математик, музыка зеттеуші, әдебиетші, т. б. Оны асқан білімділігі үшін Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атаған.
Ерте орта ғасыр Шығыс елдері оянуға бет алған ұлы өзгерістер мен өрлеу дәуірі болатын. Бұл кез арабтың әдеби тілі әлемдік дәрежеге ие болып, мұсылмандар өлкелеріне кең қанат жая дамыран кезі еді. Үлкенді-кішілі көптеген халықтардан шыққан ұлы ғұламалар, данышпан ақын-жазушылар өз еңбектерін осы араб тілінде жазып қалдырды. Сейтіп, мұсылман дініндегі халықтар түгел қатысып, араб тілінде ұлы мәдениет жасады.
Ғылым, өнер, философия, математика, медицина өркендеді. Араб тіліндегі мәдениет үлгілері кейін пайда болған Еуропа мәдениетінін, қарыштап дамуына эсер етті.
VIII-IX ғасырларда Арон Рашид әл-Мамун заманыңдағы ғылымның ілкі өкілдерінің бірі Мухаммед Хорезми (Хорезмдік математик) Бағдатқа шақырылып, сондағы "Даналық үйінің" қайраткерлері, "Китаб әл мұхтасар" ("Қалпына келтіру, салыстыру тәсілді есеп алгебра кітабы) авторы атанды. Бұл кітап XII ғасырда Еуропа тіліне аударылды.
Фарабиге жалғаса дамыған араб тіліндегі ғылым мен әдебиетте Әбу Әли ибн Сана (Авиценна), Әл-Бируни, Фирдоуси, Низами, Омар Хаям, Насаддин Тусы, Исмаил Жауһари, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни тағы басқа түркі елдерінен шыққан дана адамдар есімдері дүниеге келді. Осылайша Шығыс ілім-білімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дамылсыз өсу үстінде болды.
XIII ғасырға дейінгі Шығыс мәдениеті көптеген басқа елдерге үлгі-өнеге боларлық биік сатыға жеткен. Сол өскелен, өнер-білімнің асқар белін әл-Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы", "Мәселелердің түпкі мазмұны", "Жұлдыз бойынша болжаулар", "Вакуум туралы трактат", Платон, Аристотель, Птолемей, Порфири еңбектеріне түсініктер, таты басқа музыка, әдебиет, медицина, математика, философия саласындары еңбектері танытты.
XII ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың арасында көп тараған Хакім ата (шын аты Сүлеймен Бақырғани) кітаптары. Хакім атаның еңбектерін медреселерде оқу құралы ретінде пайдаланып, онын, әулиелер өміріне байланысты қасіретті хикаяларын шәкірттерге жаттатқан. Хакім ата әйгілі Қожа Ахмет Иассауидің шәкірттерінің бірі ретінде танымал болған. Ұстазының оқуын жалғастырушы дәруіш, XII ғасыр поэзиясын дамытуға өзіндік үлес қосқан, ортағасырлық жазба әдебиетінің, санаулы өкілдерінің бірі Сүлеймен Түркістан қаласында туып, тәлім-тәрбие алған. Кейін өз бетімен ізденіп, көп жерлерді аралап, мұсылман елдерінде, орталық қалаларында болған. Шығыс мәдениетімен жете танысқан. Ұстазы А. Иассауидің ақылымен Самарқан, Бұхар, Хорезм, т. б. қалаларда оқып, рухани жетіліп, білімділер қатарына қосылған.
Хакім ата дана атанып, өмірінің соңғы кездерінде Хорезмде қызмет еткен. Бақырған деп аталған қыстақта тұрып, сонда 1186 жылы 82 жасында дүние салған. Сондықтан оны замандастары Бақырғани деп атаған. Сүлеймен Бақырғанидің тегі қазақтың қоңырат елінен. Ол өзі туып өскен Қаратау мен Сыр өлкесін, халықтың әдет-ғұрыптарын, салт-тұрмыстарын, тарихын жиі әңгімелеп, құнды тарихи мәліметтер қалдырған.
Сүлеймен Бақырғани өлеңдері Қазан мен Ташкент баспаларынан кітап болып шыққан. Олар "Ақырзаман", "Бакырған" деп аталады. Өлең жинақтарында ол өмірдің өткіншілігін сөз етіп, дін жолына, тағдырға мойынсұлуды уағыздаған. Дүниеге, дәулет-дәрежеге қызықпай, құдайға шын ниеттен құлшылық етуге, кедейлерге жәрдем көрсетіп, алғыс алуға үгіттейді.
Хакім ата өлеңдері мазмұны, түрі, тілі жағынан Иассауи шығармаларына ұқсас болып келеді.
АХМЕТ ЖҮГЕНЕКИ
XII ғасыр әдебиеті тарихынан белгілі Ахмет Жүгенекидің толық есімі - Әдиб Ахмет Махмудұлы Иугнәки екен. Жүгенекидің әкесі Махмудтың мекені Түркістан маңы, ақын жанды, пысық адам болған. Ахметтін, туған жері Түркістанға карасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған. Жүгенекидің бізге жеткен шығармасы "Хақиқаттар хадисі" немесе "Шындық сыйы", "Хақиқатта" адамгершілік, әділеттілік, білімділік, ақыл-парасаттылық сияқты өнегелі тәлімдер дәріптеліп, адамшылыққа жат іс-әрекет, мінез-құлықтар сыналады. Білім жөнінде, тіл туралы, сақтық, әдептілік, дүнеқорлық, т. б. мәселер туралы пікір қозғалады.
Ахмет Жүгенекидің "Хақиқаттар хадисі" - дидактикалық сарында жазылған, адамгершілік жүйелерін уағыздайтын дастан 14 тарау, 235 беттен құралады. Алғашқы тараулары аллаға, пайғамбарға, оның төрт сақабасына құлшылық етуден басталады. Төртінші тарауда адамгершілігі зор, әділетті басшы, ақыл иесі, дана, қайырымды шах дәріптеледі. Бесінші және сегізінші тарауларында білімнің пайдасы түсіндіріледі, әділет үшін еңбек ету, тіліне сақ болып, орынсыз сөз айтпай, басқаны жөнсіз тілдемей, сыйластықпен өмір
сүруді уағыздайды.
Кейінгі тарауларда ақыл, парасат дәріптеліп, дүниеқорлық, мал жанды пендешілікті сынға алады. Опасыз, нәтижесіз бос өткен өмірге қарсылық білдіреді. Ахмет Жүгенекидің, кітабы қазақ тілінде 1985 жылы баспадан шықты.
Дастан мазмұны автордың баяндауы бойынша ашылады. Ақын оқиғаны тізбектеп, бір-біріне ұштастыра жырлайды. Ақыл-өсиет, насихат, болжамдар жасайды. Бақыт жолын табу үшін тәкаппарлықтан аулақ, кішіпейіл, жоқ-жетімге, әлсізге қамқор болуды ұсынады. Ұят пен арды жоғары ұстау білімділік, парасаттылық белгісі деп түйіндейді.
Ақын тілі бейнелі, шешендік тіркестер, халықтық мақал-мәтелдер жиі ұшырайды. Теңеу, әсірелеу, салыстыру сияқты поэтикалык, тіл үлгілері көп кездеседі.
АХМЕТ ИАССАУИ
XII ғасырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам маңында өмір сүрген. Әкесі Ибраһим сөз қадірін түсінетін білікті адам болған. Жастайынан жетім қалып жоқшылық тақсіретін шеккен Ахмет туыстарының қолында тәрбиеленді. Иассы қаласында өскендіктен сол қаланың атымен Иассауи атанады. Ахмет Иассауи Бұхар қаласында діни білім алғаннан кейін Түркістанға келіп, сол кезде Орта Азия мен Қазақстанға тарала бастаған мұсылман дінің уағыздауға белсене кіріседі, сопылық жолды ұстанады.
Ахмет Иассауидің бүгінге жеткен шығармасы "Диуани хикмат" - (Даналық жайындағы кітап) деп аталады. Бұл шығарма 4 томдық, өлеңмен жазылған жинақ. Ахмет Иассауи бала күнінен бастап 63 жасқа дейінгі өмірін баян етеді, көрген азабын, шеккен қайғысын тізеді, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандарды, бектерді, қазыларды сынайды, дүниенің жалғандығын айтады. Бұл дүниенің өткіншілігін дәлелдеп, тағдырға сенуге уағыздайды. О дүниенің мәңгілігін жырлайды. "Диуани хикматтан" қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Түркістан қаласына жерленген Ахмет Иассауидің басына XIV ғасырдың аяғында Ақсақ Темір күмбез орнаттырды. Осы ескерткіш тобына мешіт, ісләм дінін жырлаушы атақты ақынның кесенесі, салтанат орындары - Үлкен және Кіші ақсарай, кітапхана, шаруашылық жайлары, құдық, халимхана (ас уй), қоймалар кіреді. Қазандық деп аталатын бөлме ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасиет тұту дәстүрін бейнелесе, мешіт ісләм идеологиясының негізгі символы, ал Үлкен және Кіші ақсарай - мемлекеттік мәселелерді шешетін ақсақалдар алқасы мен қазылық, билік айтатын орын, кітапхана болса діни ағарту орталығы.
Ахмет Иассауи ескерткішінің ені 46, 5 м, ұзындығы 62, 5 м. Осы құрылыстың бір өзіне әр қилы мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме сыйып түр. Ішіне 60 шелек су сиятын, салмағы 2 тонна үлкен қазанда жұма мен дүйсенбі сайын 2, 5 батпан бидай, 2 батпан ет пісірілетін (батпан 7-12 пұт болады) . Тамақ алыстан тәуеп ету үшін келген табынушыларға, софылар мен мүридтерге, мүсәпірлерге, зікір салатын дәруіштерге үлестіріліп беріледі.
Күмбездің сыртқы набаты көк таспен қапталған. Дал ортасында Ахмет Иассауидің құлпытасы орнатылған. Ол ақшыл жасыл, теңбіл түсті яшмамен қапталған. Күлгін көк түсті әшекейлі қабырғалар мешітке ерекше көрік береді. Әр жерде әсемдеу үшін жалатылған алтынның жалт-жұлт еткен қалдығы көзге түседі.
ӘЛ-ФАРАБИ (870-950)
Қазақстан мен Орта Азияның ежелгі ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (толық аты Насыр Мухаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани) қазіргі Түркістан қаласына жақын жерде Арыс пен сырдария өзендерінің құйылысында орналасқан (бұрын үлкен қамал боп, қазір аумақты қорған ретінде сақталған) ежелгі Отырар (арабша Фараб) қаласында қыпшақ ұлысынан шыққан әскер басшы Тархан Мұхаммед Узлағтың отбасында дүниеге келген Әбу Насыр талапты, оқуға жетік болып, әкесінің де, ұстаз тәрбиешілерінің де назарына ілінген. Зерек жас бастапқы тәрбие мектебін абыроймен аяқтап, одан кейін өз бетімен ізденген. Оның бақытына бұл кезде Отырарда бай кітапхана болған. Сол мүмкіншілікті жақсы пайдаланған Әбу Насыр көптеген ғылым саласынан хабардар болып, білімін жетілдіре түскен. Ғылым мен білімге әбден құмартқан ол ер жеткен шағынан бастап бөтен елге саяхат шегеді. Фараби грек, араб тілдерін үйреніп, сол тілдердегі ғылым табыстарын меңгеруге күш салады. Бұхар, Самарқан, Шам, Мысыр, Александрия, т. б. шаһарларын, араб парсы елдерін түгел аралайды. Заманындағы білімді деген ұстаздардан тәлім алып, ғылым-мәдениет орталықтарында болады. Оқи, іздене келе өзінің өмірін, бүкіл тіршілігін сол жолға бағыттауға бел буады. Дүние қызықтарының бәрінен де бой тартады. Не мал жиып, дүние дәулетін танымай, не жар сүйіп, бала қызығын көрмей өтеді. Халық аузында сақталған бір ауыз өлеңінде ол өзінің өмір жолын былайша баяндайды:
"Кешір мені, туған жер, Кешірер мені, ұлыс-ұрпағы,
Сені артқа тастадым, Бақ, байлық, даңқ таппадым.
Кешір мені, туған ел, Кешірер мені, ар-ұжданым,
Жолды алые бастадым, Білім болды баққаным".
Ол ежелгі грек ғылымының небір жетістіктерін, әсіресе ойшыл философтары мен математик, физик, астрономдары Пифагор, Архимед, Аристотель, Евклид, Птоломей шығармаларын сол тілдің өзінде оқып меңгерді. Араб халифаты мен Парсы еліне, Иранға аты әйгілі ғұламалар, ойшылдар, математик ғалымдары шығармаларын, діни мәдениет қауымын танып біледі. Музыка, поэзия саласында да өзіне нәр, білім берер орындарды аралайды. Даңқты Александрия кітапханасынан іздегенін тауып, шөл басқандай болады.
ӘБУ РАЙХАН БИРУНИ МУХАММЕД ИБН АХМЕД (973-1050)
Ежелгі Хорезмнің астанасы - Кият қаласының іргесіндегі ауылда туған Бируни даңқты ғалым, астроном, математик, географ, геолог, философ, филолог, тарихшы, этнограф, дәрігер және ақын болған. Ол ауыл арасында сауатын ашып, өз бетімен ойлы адамдар еңбегін оқиды. 22 жасында әйгілі ғалым ретінде танылған Бируни парсы, араб, грек, үнді тілдерін білген. Оның ұшан-теңіз ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жеткен жок, . Жалпы алғанда ол 150-ден астам кітап жазған. Бируни тұңғыш рет Жердің Күнді айналып қозғалатыны жайында болжам айтты. Планеталардың қозғалу заңдылықтарын анықтады. Оның еңбектері аса мұқият жүргізілген бақылау мен зерттеулерге негізделіп жазылған. Хорезмді жаулап алған Ғазна сұлтаны Махмуд Бируниді тұтқындап, 6 ай түрмеде ұстайды. Оған өзінің атағын шығаратын тарих жазуды ұсынып, көп сыйлық тартады. Бірақ ғалым бұл сыйлықтарды алмайды. Махмуд жайында кітап жазбайды. Шығармаларында сұлтанның саясатын, шалқыншылық әрекетін айыптап отырады. Дәл осылай 33 жыл Ғазнада тұрған, кетуіне рұқсат бермейді. Сөйтіп жүрсе де аса қажырлылықпен еңбак ете береді. Оның қолымен жер глобусының пішіні жасалады және сол кездегі 600-ден астам қаланың координаталары анықталады. Жердің мөлшерін есептеп шығарады. Бируки дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын, денелердің жерге тартылысын Галилейден және Ньютоннан 600 жыл бұрын айтқан. "Ежелгі халықтардың хронологиясы", "Астрономиялық кілті", "Минералдардың сыбағалы салмағын табу ережелері" Бирунидің атақты еңбектері болды.
Бируни шындық пен ақиқатқа қызмет ету, ғылым зор адамгершілікті талап етеді деп жазды. Ол діни соқыр сенімге, халықтар арасындағы жауласушылықта қарсы шығып, достық пен ынтымақты жақтады. Табиғаттану мәселелерінде табанды материалист болды. Ол дүниенің тегі - материя үнемі қозғалыста және өзгерісте болады деп ашып айтқан.
Ел билеушілері Бируниді өз жағына тартуға тырысты. Бірақ ол алтынға да, күміске де қызыққан жоқ. "Күмістің қолдан кететінін, ғылымның мәңгі-бақи қалатынын жұрт біледі. Мен ақындық өмірін негізге аламын да, мәңгі өшпес ғылыми білімді жылтырауық өткінші зерге ешуақытта сатпаймын", - дейді ол.
Бирунидің еңбектері дүние жүзі ғылымы мен әлеуметтік ой-пікірлерінің дамуына баға жетпес үлес қосты.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ХАС ХАЖИП
Қарахандар мемлекетінің астанасы Баласағұнда 1020 жылы туған. Заманында жақсы білім алған ол парсы-тәжік тілдеріндегі әдебиеттерді толық меңгерген.
Жүсіп "Құтадғу білік" ("Құтты білік" - Қалай бақытты болу жайындағы ғылым) деген поэма жазды. Поэма идеалды қоғамдағы түрлі адамдардың мінез-құлқын, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық шығарма. Жүсіптің пікірі бойынша бақытты әрі әділ патшаның ұстайтын негізгі принципі - парасат пен әділ өмір сүруді ұштастыру, қасиетті ата дәстүр, берік заңдарды сақтап отыру. Поэмада уәзірге, қолбасшыға, елшіге, кеңсе хатшысына, қазынашыға, аспазға, шарап құюшыға, ғылымға, тәуіпке, түс жорығышқа, сиқыршыға, жұлдыз санаушыға, саудагерлерге, қолөнершіге, жер айдаушыға, көшпелі мал өсірушіге және басқа да көптеген адамдарға қажетті қасиеттер сипатталады. Поэманың жазылуына Қарахандықтар мемлекетінің іргесін шайқалтқан саяси дүрбелеңдер себеп болуы мүмкін. Жүсіп қоғам үшін түбегейлі моральдық-этикалық негіз қалаудың өте қажеттілігін сезініп, өз халқына осындай ақыл-кеңес берген.
МАХМУД ҚАШҒАРИ
Толық аты-жөні Махмуд ибн әл-Хусейн ибн Мухаммед XI ғасырдағы түркі ғалымы. Әкесі Мухаммед Барысханның әмірі болған. Махмуд туған кезде Қашғарға көшіп келеді. Оның Қашғари атануы осыған байланысты болса керек. Махмуд Қашғарда білім алып, оны кейін Бұхарда, Нишапурда одан әрі жалғастырған. Түркі тілдеріне, фольклоры мен этнографиясына айрықша ден қойып, өз бауырластары мекендеген аймақтарға сапар шекті Түркі сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, аңыз-ертегілерін, әдет-ғұрпын жазып алды. Өзі жинаған материалдардан атақты "Диуан лұғат ат-түрк" (Түркі сөздерінің жинағы) деп аталатын еңбек жазды. Бұл кітап араб тілінде хатқа түскен. "Жинақ" орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың нағыз энциклопедиясы деп атауға болатын, сол кездегі тайпалар жөнінде аса бай, әрі нақты материалдардан тұратын үш томдық еңбек. Қашғаридың еңбегі аталған жерлердегі халық-тардың мәдени байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
А. Н. Кононовтың сөзімен айтқанда: "Түркі тілдерінің сөздігі" - XI ғасырдағы түркілердің өмірі, олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй жануарлары мен территорияларындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік дақылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелері, ай, апта, күн аттары, ауру түрлері мен дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен материалдар туралы, әскери, спорт және Әкімшілік терминологиясы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этникалық терминология туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы көп жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады".
ҚОРҚЫТ АТА
Қорқыт ата қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған атақты ақын, асқан күйші, аты аңызға айналған адам. Жазба деректер бойынша Қорқыт 95 жыл жасаған, өз өмірінде үш ханға уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт кезінде әлеуметтік жора (заң) негізін жасап, оны ата-баба мекенін жерұйық деп білу, оны сыртқы жаудан қорғау, жер-сулы белгілі тәртіппек пайдалану, дау-жанжалды әділ шешу, кінәлы адамды лайықты жазалау сияқты салаларға Оелді. Сондан-ак, халық әскерді сапқа тұрғызғанда ортасын алқа-қотан етіп, екі қанатын оң қол, сол қолға, бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас-той үстінде мүше тарату тәртіптерінің бәрін де Қорқыт жасаған жораларға жатқызады. Ел аузында "Қорқыт айтыпты" деген мәтелдер жиі кездеседі. Мысалы, "Ескі мамық боз болмас, Кәрі дұшпан дос болмас", "Өлген кит тірілмес, өткен қайтіп келмес", "Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан білер, ұзақ жолдың сырын түйе білер", т. б.
Ел аузындағы аңыздарға қарағанда Қорқыт асқан қобызшы, күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші болғандығын ел ішінде сақталған "Қорқыт күйі", "Қорқыт сарыны" атты музыкалық шығармалары дәлелдейді.
Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала жырларында Қорқыт аты олардың үстаз-пірі ретінде жиі айтылады.
"Жыраудын, үлкен пірі Қорқыт ата,
Бата алған барлық бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда", -
деген жыр шумақтары Қорқыт атын халық ғасырлар бойы қастерлеп келгендігін аңғартады. Қорқыттың әдеби-музыкалық мұрасы бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына Қорқыттың мазары Сырдария өзенінің бойында соңғы кезге дейін сақталып келді. Қорқыт ел аузында таралған адыздарда мәңгі өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Аңызда Қорқыт ата желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүииенің төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан көк майса "Қуарып солдым" деп, аспанмен тілдескен асқар тау "Бүрын сәулетті едік, мыжырайып біттік" деп мұдаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса көр қазып жатқандарға кездеседі. Қоркыттың өлімге қарсы ем іздеген әрекетінен ештеме щықпайды. Соңында "Өлмейтін нәрсе жоқ екен" деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезеңін қобыз тартумен өткізеді. Мәңгі өмірді қобыз үнінен іздейді.
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»
Қорқыт ата туралы кітап түркі тілдес елдер арасында кең тараған аңыздар негізінде жазылған шығарма. Қорқыт өмірін әр халық әр түрлі адызға қосып, оны әулие санаған. Көп жасаған, көреген, талай заман сырын таратқан ақыл иесі, дана, ел мұңын шерткен күйші, қобыз өнерінің атасы делінген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz