Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 . 4
1. Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жүргізудің мәні ... ..
1.1. Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8 . 9
1.2 Жас мүгедектерді мектепке дейін және мектептен тыс тәрбиелеу ... 10 . 12
2.Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 . 20
2.1. Жас мүгедектердің мәселелерін шешу тәсілдері ... ... ... .21 . 22
2.2 Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы ... ... . 23 . 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

Елдің реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде мллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технолгияларын жасау қажет.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік жұмысқа әсер ететін және адамдардың, топтар мен бөліктердің қызығушылықтарын, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық қиын жағдайларға байланысы халықтың аз бөлігінің ғана қызығушылықтарын қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік қорғауды теңдестірудің қажеті жоқ. Әлеуметтік қорғауды қазіргі кезде халықтың көптеген бөлігі қажет етеді және де ол халықтың көп бөлігіне қатысты нақты жүзеге асады немесе әлеуметтік қорғау қоғамның аз қорғалған «әлсіз» бөліктеріне ұсынылады.
Жоғарыда аталғандай әлеуметтік аясаттың, әлеуметтік қызметтің және әлеуметтік қорғаудың ең басты объектілерінің бірі болып мүгедектік мәселесі саналады.
Қазақстанда 368,2 мың барлық санаттағы мүгедектер тұрады, оның ішінде әйелдер 211 мың, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 49,8 мың, бала күнінен мүгедектер 58,8 мың. Мүгедектік және мүгедектер мәселесінің тиімді шешілуі «мүгедек» және «мүгедектік» ұғымдарына көзқарастар бірлігінің қалыптасуын талап етеді.
Әрбір елдегі еңбекке қабілетсіз азаматтар мемлекеттің қорғау субъектісін құрайды, ал әлеуметтік саясатты өз қызметінің басты бұрышына қоятын мемлекеттер тән.
Мемлекеттің мүгедектерге қатысты негізігі міндетіне оларды материалды қолдау( зейнетақы, жәрдемақы, жеңілдіктер т.б.) жатады.Алайда еңбекке жарамсыз азаматтар тек материалдық қолдауды ғана қажет етпейді. Оларға физикалық, психологиялық, ұйымдық және тағы басқа көмектерді көрсету де маңызды рөл атқарады.

1) Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
2) Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000
3) Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
4) Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект.-Алматы,1997
5) Интернет көздері www.google.kz
6) www.rambler.ru
7) Әлеуметтік статистика: Оқулық / корреспондент-мүшесі И.И. Елисееваның ред.-М: Қаржы және статистика,1997. 270-2890-бб.
8) Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова г. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» Алматы,2005
9) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы» туралы Заңы 2005ж 28 маусым
10) «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан республикасының 1997жылғы 20 маусымдағы №136-1Заңы
11) Қазақстан Республикасында « Мүгедектігі бойынша, Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-1
12) Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы .
13) Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
14) Жұмағұлов Ғ.Б. Ахметов А. Ахметова г. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» Алматы,2005
15) “Егеменді Қазақстан” 2006 жыл, 16 тамыз.
16) “Социальная работа: теория и пркатика”, Холостова. Москва 2004 г.
17) 2005-2007 жылдардағы Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту Бағдарламасы
18) ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңы”– 2001 жыл, 17 шілде
19) Әлібаев А.Б. Қазақстанның зейнетақы реформасы: Алматы, 1998
20) Межибовская И.В. Қазақстан Республикасындағы мүгедегектерді әлеуметтік-еңбек тұрғысында қатарға қосу: теориялық-құқықтық аспект.-Алматы,1997

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Экономиканы мемлекеттік реттеу
кафедрасы
Тақырыбы: Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Оқытушы: Жумаксанова К.М.
Студент: Лебаев
Н.
Тобы: 212
Жұмыстың
бағалануы:
Алматы 2008
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3 – 4
1. Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жүргізудің мәні ... ..
1.1. Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8 – 9
1.2 Жас мүгедектерді мектепке дейін және мектептен тыс тәрбиелеу ... 10 –
12
2.Қазақстан Республикасындағы жас мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 – 20
2.1. Жас мүгедектердің мәселелерін шешу тәсілдері ... ... ... .21 – 22
2.2 Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы ... ... . 23
– 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Елдің реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы
кезінде мллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар,
босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде
әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен
әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз
тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт
өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына
беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың
ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технолгияларын
жасау қажет.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік жұмысқа әсер ететін және
адамдардың, топтар мен бөліктердің қызығушылықтарын, олардың құқықтары мен
еркіндіктерін қорғайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық
қиын жағдайларға байланысы халықтың аз бөлігінің ғана қызығушылықтарын
қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік қорғауды теңдестірудің қажеті жоқ.
Әлеуметтік қорғауды қазіргі кезде халықтың көптеген бөлігі қажет етеді және
де ол халықтың көп бөлігіне қатысты нақты жүзеге асады немесе әлеуметтік
қорғау қоғамның аз қорғалған әлсіз бөліктеріне ұсынылады.
Жоғарыда аталғандай әлеуметтік аясаттың, әлеуметтік қызметтің және
әлеуметтік қорғаудың ең басты объектілерінің бірі болып мүгедектік мәселесі
саналады.
Қазақстанда 368,2 мың барлық санаттағы мүгедектер тұрады, оның ішінде
әйелдер 211 мың, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 49,8 мың, бала күнінен
мүгедектер 58,8 мың. Мүгедектік және мүгедектер мәселесінің тиімді шешілуі
мүгедек және мүгедектік ұғымдарына көзқарастар бірлігінің қалыптасуын
талап етеді.
Әрбір елдегі еңбекке қабілетсіз азаматтар мемлекеттің қорғау
субъектісін құрайды, ал әлеуметтік саясатты өз қызметінің басты бұрышына
қоятын мемлекеттер тән.
Мемлекеттің мүгедектерге қатысты негізігі міндетіне оларды материалды
қолдау( зейнетақы, жәрдемақы, жеңілдіктер т.б.) жатады.Алайда еңбекке
жарамсыз азаматтар тек материалдық қолдауды ғана қажет етпейді. Оларға
физикалық, психологиялық, ұйымдық және тағы басқа көмектерді көрсету де
маңызды рөл атқарады.
Осы уақытта дейін Қазақстан Республикасында мүгедектерге әлеуметтік
көмек көбінесе интернат үйлерінде көрсетілді.Еңбекке жарамсыз азаматтарға
көрсетілетін медико-әлеуметтік көмектің мұндай қалыптасқан дәстүрлі түрінің
жағымды жақтарымен қатар теріс жақтары да бар (бірсарынды өмір салты,
ересек мүгедек үшін өмір стереотипін өзгерту қажеттілігі және т.б.( Осындай
жағдайлар интернат үйлерін мүгедектер үшін аз тартымды етеді, сондықтан
олар интернат үйіне көшуге асықпайды. Ал үйреншікті үй жағдайында көп
уақытқа қалу мүмкіндігі әлеуметтік қорғау мекемесінің жүйесіндегі
әлеуметтік жұмысшы қызметінің пайда болуымен туындады. Дәл осы нақты
тұлғалар еңбекке жарамсыз азаматтар әрдайым қажет ететін әлеуметтік-
тұрмыстық қызмет көрсетеді. Мүгедектерге әлеуметтік көмек дамуының
бастапқы кезеңдерінде үйде қызмет көрсетуге көп көңіл бөлінді. Осы
жағдайлармен байланысты әлеуметтік жұмысшының мамандандырылған сипаттамасы
жасалды, оның лауазымдық міндеттері анықталды. Сонымен бірге нақты
әлеуметтік көмекті интернат үйінде тұратын мүгедектерде қажет етеді. Соңғы
уақытқа дейін бұл мекемелердегі медико- әлеуметтік көмекті ұйымдастыру
тікелей медицина жұмысшыларына жүктелді, олар медициналық қызмет көрсету
ұйымына зиян келтіретін, интернат үйлерінде мүгедектердің әлеуметтік-
тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-жағдайлық бейімделуі
бойынша қызметтер атқарады. Көрсетілген жағдайларға байланысты интернат
үйлеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің қызмет аясын бейнелеу және соның
негізінде осы сала қызметкерлерін Қазақстан Республикасы еңбек және
әлеуметтік қорғау министрлігінің стационарлы мекемелеріне енгізудің
мақсатқа сәйкестілігін көрсету қажеттілігі туындады.Стационарлы мекемелерде
тұрмайтын еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің
қазіргі даму кезеңінде әлеуметтік жұмысшылардың қызметі әлеуметтік-
тұрмыстық қызмет көрсетуге негізделеді. Соның арасында олардың қызметтері
анағұрлым кең әлеуметтік қызметкерлердің арнайы білім беру институттарын
құру өлшемі бойынша еңбекке қабілетсіз азаматтар едәуір мамандандырылған
және түрліше әлеуметтік көмек пен қолдау алуына мүмкіндігі жоғары.
Мүгедектігі бар адам қоғам өмірінің барлық салаларын қатысуға теңдей құқық
алады. Тең құқық әлеуметтік қызмет жүйелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ал
әлеуметтік қызмет жүйелері шектелген мүмкіндіктерді теңестіреді және олар
физикалық, психологиялық, сенсорлы, мәдени, заңдылықты және тағы басқа
кедергілерге негізделген. Мұндай кедергілер мүгедектігі бар адамға,
қоғамның басқа мүшелері сияқты негіздерде, қоғамда өз орнын табуға
мүмкіндік бермейді. Мүгедектік- бұл соншалықты медициналық мәселе емес, ең
алдымен-теңсіз мүмкіндіктер мәселесі.
1.Жас мүгедектермен әлеуметтік жүргізудің мәні
Мүгедектік мәселесі, ал жайлы ұғым социология және әлеуметтік жұмыста
басты зерттелу және талқылану тақырыбы болып табылады. Мүгедектік
сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады, бұл мүгедек
деп танылған адамның қабілетсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай
да бір жалпы-қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік
қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер
тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау
көрсетіледі.
Мүгедек-Қазақстан Республикасы Мүгедектердің әлеуметтік
қорғалғандығы туралы заңында айтылғандай-сырқат, жарақат, зақымдану
салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны
әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын, ағза қызметінің күшті
бұзылуынан денсаулығы бұзылған адам.
Өмір сүру шектеулігі-бұл адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өзіндік
қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу
және еңбек қызметімен айналысу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай немесе
толық жоғалтуы.
Соқыр, саңырау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған, жартылай немесе
толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайынан күшті
ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып танылады. Сонымен қатар
мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырмасы жоқ, бірақ сау
адам істейтін әртүрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар
адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық
жұмысты орындай алмайды, бірақ ми қызметі жақсы жұмыс істейді.
Өркениетті қоғамның қалыптасуы жолында мүгедектік ұғымы айрықша
өзгереді:экономикалық дамуы және тарихи- ұлттық дәстүрлеріне байланысты
әрбір мемлекеттің заңдылықтары мен ұғымдарында әр түрлі болуы жалғасып
келеді.Алайда бір ұғым барлық елде және әрқашаннан сақталып келеді- мүгедек-
қосымша әлеуметтік назарды қажет ететін азамат.
Егер мүгедекті барлық көзқарастан қарастырсақ, онда оның басым жағы-бұл
мүгедектігі бар адамға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі. Мүгедектер
және мүгедектік мәселесінің практикалық жағын қарастыру негізінде, берілген
анықтама азаматтық-құқықтық қатынастарда қабылданған түсінік болып
табылатынын еске алу қажет. Мүгедек термині заңдылықты актілерде
бекітілген, оның заңдық анықтамасы берілген, және оның басқамен ауыстыру
құқық көз қарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.
Барлық мүгедектер әртүрлі негіздер бойынша бірнеше топқа бөлінеді.Жасы
бойынша –мүгедек бала, ересек мүгедектер. Мүгедектіктің пайда болуы
бойынша: -бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы
сырқаттар мүгедегі. Еңбекке қабілеттілігі деңгейі бойынша-еңбекке жарамды
және жарамды емес мүгедектер, I топ мүгедектері (еңбекке жарамсыз), II топ
мүгедектері (уақытша еңбекке жарамсыз немесе шектелген сфераларда еңбекке
жарамды), III топ мүгедектері (сақтандырылған еңбек жағдайларында еңбекке
жарамсыз).
Сырқат сипаты бойынша-қозғала алатын, аз қозғалатын және қозғала
алмайтын топтағы мүгедектер.
Қазақстан Республикасында мүгедектікті өмір сүру шектеулігіне сәйкес үш
топқа бөледі.
I топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің ең
жоғарғы дәрежесі анықталған тұлғаларға беріледі.
II топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің
орташа дәрежесі анықталғанда беріледі.
III топ мүгедектігі жеңіл шектеулер анықталғанда беріледі.
Топтардың сандық анықтамаларының әлеуметтік рөлі мүгедектерді қорғау
өлшемінің әртүрлі қажеттілік деңгейінде тұрады. Топтардың анықтамасына
сәйкес мүгедектерге жеңілдіктер бекітіледі және заңды белгіленеді.
Жеңілдіктер зейнетақының әртүрлі көлемімен, мүгедектіктің ауыр тобындағы
мүгедектерге жоғары мөлшердегі жәрдемақымен, компенсациямен, дәрімен
қамсыздандырумен және т.б. көрсетіледі. Реформалық кезеңге дейін еңбекке
қабілетті және еңбекке қабілетсіз деген түрлерге де бөлінген. Мүгедектік
бойынша мемлекеттік әлеуметтік тегін көмектің көлемін, түрін және оның
қаржылану көзін анықтау үшін өмір сүру шектеулігінің көріну дәрежесінен
қатар мүгедектікке әкелуші себептер де маңызды орын алады. Мүгедектік
себептері жағдайдың тууына негізгі жауапкершілікпен кім көтеретінін
көрсетеді, алайда мұны заңгерлік жауапкершілік деп атауға болмайды.
Әлеуметтік қорғау органдары мүгедектіктің тобын ғана емес, сонымен қатар
оның себептерін де тіркейді. Мемлекеттік қайнар көздерден қаржыландыру
көлемін есептеу үшін көп жағдайда негіз болатын статистикалық формаларда
мүгедектер саны туралы ақпараттар мүгедектік себептері тұрғысынан
келтіріледі.
Ережеге сәйкес барлық мүгедектер келесі түрлерге бөлінеді:
♦ еңбектік міндеттерді орындау барысында мүгедектік алған, еңбек
зақымы және кәсіби ауру мүгедектері;
♦ туылғанда және 18 жасқа дейін мүгедектік алған бала кезінен болған
мүгедек;
♦ әскери қызмет және әскери міндеттерді орындау кезінде мүгедектік
алған әскери қызмет мүгедегі;
♦ жалпы аурудан немесе жарақаттан мүгедек болған, жалпы ауру
мүгедектері.
Ресми бекітілген мүгедектік себептері:
- жалпы ауру;
- еңбектік зақым;
- кәсіби ауру;
- бала кезден туған мүгедектік;
- жарақат негізінен болған мүгедектік;
- әскери жарақат және ауру.
Кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасы заңдылығымен басқа да
себептер бекітілуі мүмкін.
Жалпы аурулар негізінде туған мүгедектік еңбектік қызмет немесе
жұмыстан, оқудан кеткен кезде әртүрлі аурулар мен зақымдардың негізінде
туған, бірақ кәсіби ауруға, өндірістегі зақымға, Қарулы Күштерде өткізілген
кезеңдегі ауруларға тікелей тәуелділікте тұрмаған кезде туған мүгедектік
кезінде белгіленеді.
Осындай жағдайда мүгедектік кезінде жауапкершіліктің көп бөлігі ересек
жастағы, өз өмірінің жағдайын өз бетінше анықтайтын, өз денсаулығын күтетін
және сәйкес әрекет пен өмір көрінісін таңдайтын, азаматтың өзінде болады.
Бұл мемлекет немесе қоғам тарапынан ең төменгі көлемде тегін әлеуметтік
көмек, әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.
Бала кезінде пайда болған мүгедектік ауру немесе зақымдану әсерінен
бала кезінде,18 жасқа дейін пайда болған кезде белгіленеді. Бала кезінде
пайда болған мүгедектік көрсетілген жастан жоғарыларға да белгіленуі
мүмкін, сонымен қатар бала кезінде немесе туылған кезде әртүрлі себептермен
пайда болған еңбекке қабілеттілігін жоғалту белгілері бар мүгедектерге
белгіленеді.
1.1 Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Психологиялық құбылыс мүгедектің тұлғалық-психологиялық бейімделуі
ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды-
психологиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер мен зейнеткерлер
халықтың аз ынталанған тобына жатады және қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік
әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл, ең алдымен, мүгедектікке әкелген, аурумен
шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан
басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалмағандығы, көп мөлшерде, олардың
қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын
психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер
мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады.
Мүгедектер әлемі өз алдына бейнелі. Бұл жердің өз белгілері, өз
бағалауы, өз заңдары бар. Мүгедекке көмектесу-бұл ең алдымен оның әлемін,
назар аудару және жүрек қарым-қатынастарын қажет ететін адам әлемін түсіну
және қабылдау.
Әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен технологиясы ғана емес, оның
психологиялық көрнекілігі де маңызды. Көмекші кәсіптер (әлеуметік жұмыс
және кеңестік психология сияқты) үшін ең дәл келетін, жарияланған болып
адамгершілік тәсіл болып табылады.Осы тәсілге сәйкес, адамның қалыпты өмір
сүруі және оның жоғары бағалануын қалыптастыру үшін тұлғаның позитивті
дамуының ішкі ресурстарының белсенденуі, адамгершілік және таңдау
мүмкіндігі қажет.
Жас мүгедек адамның кәсіби өзін-өзі анықтауындағы қиындықтар өз күшіне
сенімсіздік және жасқаншақтықпен шақырылса, олардың кәсіби мағыналылығы
тұрғысынан өз ерекшеліктерін дұрыс бағалау мен саналауға көмек көрсету
ерекше мағына алады. Дұрыс нәтиже болып мүгедек адамда өзінің жеке кәсіби
жолын сапалы және өз бетімен жоспарлау қабілетін, сонымен қатар оның жүзеге
асу жолдарын анықтау қабілетін қалыптастыру саналады.
Психологиялық көзқарастан мүгедек адамдарға отбасында жие кездесетін екі
шектеуді бейтараптандыру өте маңызды:
Бірі, оны, өмір сүруін күрделендіретін және жеке тірі қалуын
қиындықтатын, мысал ретінде қабылдау, екіншісі, отбасының барлық
мүшелерінің назары аударылады және ол үлкен қамқоршылыққа тап болады.
Әлеуметтік жұмысшы әртүрлі рөлдерде шыға отырып (яғни кеңесші,
қызығушылықтарды қорғаушы, көмекші және т.б.) туындаған мәселелерді шешуге,
қабілетсіз туысқанына дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру және толығымен,
отбасының ішкі қарым-қытнасын бір қалыпқа келтіруге көмек бере алады.
Отбасымен жеке жұмыс жүргізумен қатар, топтық жиналыстар өткізе отырып,
көмек бере алады.
Осындай, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың бірі
Қазақстан Республикасы мүгедектерін реабилитациялаудың (оңалту) 2002-2005
жылдарға арналған Бағдарламасы.Бұл Бағдарлама ҚР Үкімет жарлығымен 2001 ж.
29 желтоқсанда 1758-ші нөмірде қабылданды.
Бағдарламаны негізгі мақсаты- мүгедектерді оңалту жүйесін жасау, олардың
қоғаммен жан-жақты араласуы үшін мүмкіндіктер жасау, тәуелсіз өмір салты
үшін жағдайды қамтамасыз ету, мүгедектік деңгейін төмендету.
Бағдарлама міндеттері:
● мүгедектік төмендеуін қамтамасыз ететін жағдай тудыру:
●мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын өңдеу және жүзеге асыруды
қамтамасыз ету, онымен қоса оларды медициналық, әлеуметтік және кәсіби
оңалту бойынша кепілдендірілген оңалту және басқа да техникалық құралдар
және қызметтермен қамтамасыз ету;
● мүгедектердің кешенді оңалту дамуы, тордың дамуы және оңалту
мекемелердің материалды-техникалық негізін бекіту бойынша тәжірибелік іс-
шараларды ұйымдастыру;
● денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,
денешынықтыру және спорт жүйелерінде мүгедектер үшін іс-шаралар мен
қызметтер қатары мен көлемін кеңейту;
● мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша білім беру, денсаулық сақтау,
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денешынықтыру және спорт жүйелерін
ұйымдастыру жұмысының түрі мен әдісін дамыту.
● мүгедектерге өз шығармашылық потенциялын қолдануға, әнмен,
әдебиетпен, театрмен және басқа да өнер түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер
беру мақсатымен оларды кәсіби дайындау іс-шараларын жүзеге асыру.
Сонымен, мүмкіншілігі шектеулі адамдармен әлеуметтік жұмыс, оларды
қайта қапына келтірудегі мемлекеттің рөлі өз мақсатында физикалық және ең
бастысы, әлеуметтік және психолгиялық игіліктерді қамтиды.
2. Жас мүгедектерді мектепке дейін және мектептен тыс тәрбиелеу
Мүгедек балалардың жан-жақты және үйлесімді жетілуі, олардың бойында
қоғамдық белсенділікті, еңбекке құштарлықты, ғылымға, техникаға, өнер мен
спортқа бейімділікті қалыптастыру және оларға қажетті сауықтыру көмегін
көрсету мақсатында мектепке дейінгі жалпы типтегі балалар мекемелерінде
мүгедек балаларға арналған барлық жағдай жасалады. Денсаулығы мектепке
дейінгі жалпы типтегі мекемелерде болуға жарамайтын мүгедек балалар үшін
мектепке дейінгі арнаулы мекемелер құрылады. Мүгедек балалардың мектептен
тыс тәрбие алуға қол жеткізуіне білім беру орындары, басқа да мемлекеттік
органдар жауапты болады.
Мүгедектердің білім алуы
Мүгедектердің орта, арнаулы орта және жоғарғы білім алуы жалпы типтегі
оқу орындарында, ал қажетті жағдайларда арнаулы оқу орындарында жүзеге
асырылады.
Сабақтар стационарлы емдік-профилактикалық немесе сауықтыру мекемелерінде
емдеу курстарынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін де дәл солай
ұйымдастырылады.
Мүгедектер басқа теңдес шарттар жағдайында оқуға түсу емтихандарын сәтті
тапсыратын болса, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарына түсу үшін
артықша құқыққа ие болады.
Күндізгі оқу бөлімдерінде үлгерімді оқитын мүгедектерге, алатын
жәрдемақы, зейнетақысы мөлшеріне қарамастан, стипендия төленеді.
Мемлекет мүгедектерді оқыту мен кәсіби тұрғыда даярлау үшін арнайы
педагогикалық кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді. Стационарлық мекемелерде
тұрақты болатын мүгедек балалар үшін сол мекеме әлеуметтік-тұрмыстық және
еңбектік бейімделумен тығыз байланысты түрде үзіліссіз тәрбиелеп-оқытуды
қамтамасыз етеді. Мүгедектерді кәсіби даярлау мен олардың біліктілігін
арттыру оқу орындары мен басқа да ұйымдарда (арнаулы немесе жалпы типтегі)
әлеуметтік көмек мекемелерімен бірлесіп, мүгедектерді сауықтырудың жеке
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ым-ишара тілі мемлекет тарапынан адамдар арасындағы қатынастың, білім
алудың және тілмаштық қызмет көрсетудің құралы ретінде мойындалады.
Көзінің мүкісі бар адамдар Брайль жүйесі немесе басқа жаңа жүйе бойынша
оқумен, аудиоқұралдарды және ірі қаріптерді пайдаланумен қамтамасыз
етіледі. Ақыл-ойында кемістіктер бар адамдар үшін тілді оңай түсінуге
үйрету жүйесі ұйымдастырылады.
Тілінің мүкісі бар адамдарға барлық заманауи қатынас құралдары беріледі.
Мүгедектердің еңбек ету, жұмысқа тұру және жұмыспен қамтылу құқығы бар.
Егер еңбектің мүгедектердің жалпы жағдайына пайдасы тиетін болса және
оған аптасына 16 сағаттан кем емес уақыт жұмсалса, заңдық негізде
мүгедектердің еңбек ету құқығы іске асырылады.
Мүгедектердің шығармашылық және өндірістік қабілеттерін пайдалану
мақсатында, сонымен қатар, сауықтырудың жеке бағдарламалары ескеріле
отырып, мүгедектерге қалыпты еңбек жағдайларындағы мекемелерде,
мамандандырылған мекемелерде, мүгедектер еңбегі қолданылатын цехтар мен
учаскелерде жұмыс істеу және заң тыйым салмайтын кәсіпкерлік пен басқа да
еңбек түрімен айналысу құқығы беріледі.
Мемлекет жас мүгедек-мамандардың жұмысқа тұруына көмектеседі.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі арнаулы шаралар мүгедектердің
жұмысқа тұруын қамтамасыз етуге және мүгедектер еңбегін пайдалану үшін
жұмыс орындарын ашқан (соның ішінде мамандандырылғандарын) жұмыс
берушілерге жеңілдіктер жасау мен қаржылық көмек көрсету міндеттемелерін
заңнамалық негізде бекітуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды.
Мүгедектің денсаулығы оның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі жасайтын
немесе басқа адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігіне қауіп
төндіретін жағдайлардан басқа кезде онымен еңбек келісімшартын жасаудан
немесе қызметін жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушінің ықтиярымен
жұмыстан босатуға, мүгедек адамды өз келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға
мүгедектік мотивтері бойынша рұқсат етілмейді.
Тиісті мекемеде қандай да бір сауықтырудан өтіп жатқан адамды, онда қанша
уақыт болғанына қарамастан, жұмыс берушінің өз ықтиярымен жұмыстан
шығаруына рұқсат етілмейді.
Жұмыс берушінің кінәсінан мүгедектікке ұшыраған қызметкерге шеккен зияны
барлық жағдайда, жан мен тән күйзелісі түрінде көрініс тапқан моральдық
залалдың өтемақысына қоса толықтай төленеді.
Мемлекеттік органдар тарапынан мүгедектерді олардың қоғамдық
бірлестіктерінің қатысуымен жұмыспен қамту мақсатында жұмыс берушілер үшін
қызметкерлері санының бес пайызынан кем емес (егер қызметкерлер саны 20
адамнан кем болмаса) мөлшерде мүгедектерге арналған броньдалған жұмыс
орындарының нормативі бекітіледі.
Жұмыс орындарын броньдаудың нормативтерін бекіту тәртібі және
мүгедектерге арналған жұмыс орындарын броньдау жөніндегі тапсырмаларды
орындамағаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі заңмен белгіленеді.
Жұмыс берушілер мүгедектердің сұраныстары мен еңбекпен қамту органдарының
жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып, мүгедектердің еңбегін пайдалануға
арналған мамандандырылған мекемелер, цехтар мен учаскелер ашады.Сонымен
бірге олар мүгедектерге арналған жұмыс орындары үшін алынған арнаулы
жабдықтарға жұмсалған шығындарды халықты еңбекпен қамтудың тиісті
бағдарламаларында сол мақсат үшін қарастырылған қаражат шегінде өздері
көтеріп алады.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған мамандандырылған мекемелер,
цехтар мен учаскелер ашу облыстық жұмысқа орналастыру орындары (Астана және
Алматы қ-ры) бағдарламаларында қарастырылады. Мүгедектердің қоғамдық
бірлестіктерінің мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін мамандандырылған
кәсіпорындары құрылады.
Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер мен мамандандырылған
кәсіпорындары бар мүгедектер бірлестіктерінің салық төлеуде жеңілдіктерді
пайдалануы және материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуының тәртібі мен
шарттары заңдармен бекітіледі.
Мүгедектердің еңбегін қорғау
Жұмыс берушілер жұмыс істейтін мүгедектерге еңбек ету және демалыс
үшін жеке сауықтыру бағдарламаларына сәйкес қажетті жағдайлар жасайды.
Ұжымдық немесе еңбек келісімшарттарында белгіленген еңбек шарттары, соның
ішінде еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының тәртібі, еңбек
және әлеуметтік демалыстар мерзімінің ұзақтығы басқа қызметкерлермен
салыстырғанда мүгедектердің жағдайын қиындатуға немесе құқықтарын шектеуге
тиісті емес.
Жүмыс берушіге мүгедектің денсаулық жағдайына байланысты оның орындайтын
нормасын азайту құқы беріледі .
Мүгедектерді қосымша жұмыстарға, демалыс күндері мен түнгі уақытта,
демалыс ретінде белгіленген мереке күндерінде жұмысқа шығару тек қана
олардың өз келісімдерімен және ондай жұмыстар медициналық шешім бойынша
оларға тыйым салынбаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Мүгедектерге қысқартылған (аптасына 35 сағаттан көп емес) жұмыс уақыты
белгіленеді, ал күнделікті жұмыс уақыты (ауысымы) жеті сағаттан аспайды.
Мүгедектер бірлестігінің оқу-өндірістік мекемелерінде, сондай-ақ,
мүгедектер еңбегін пайдалануға арналған басқа да мамандандырылған
мекемелерде, цехтарда, учаскелерде жұмыс істейтін мүгедектер еңбек
өнімділігі мен біліктілігінің дәрежесіне қарамастан, жұмыста қалдырылудың
артықша құқына ие болатын болады.
Жұмысқа қабылдану кезінде мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.
Бірдей жұмыс өнімділігі мен біліктілігі жағдайында қызметкерлер санының
немесе штатының қысқаруы кезінде мүгедектер жұмыста қалудың артықша құқына
ие болады.
Мүгедектерге ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен кем емес еңбек демалысы
беріледі.
2. Қазақстан Республикасында жас мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру
шаралары
Тұрғын үйлерді мүгедектердің қол жеткізуі мен пайдалануына лайықтау.
Мүгедектер немесе құрамында мүгедек мүшесі бар отбасылар тұратын тұрғын
үйлер жеке сауықтыру бағдарламаларына сәйкес арнаулы құралдар және асай-
мүсейлермен жабдықталады. Айтылған тұрғын үйлерді иелігінде тұрғын үй қоры
бар жергілікті өкілдік және атқарушы орындар, басқа да заңды тұлғалар
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жабдықтайды. Айтылмыш
шаралардың қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл
мақсатқа, сонымен қатар, қоғамдық қайырымдылық ұйымдарының қаражаты да
жұмсалатын болады. Қозғалыс көліктері мен маршруттарды мүгедектердің
пайдалануына лайықтау: Мемлекеттік басқарудың тиісті республикалық
орындары мүгедектердің пайдалануы үшін көліктер шығару және оларды қайта
жабдықтау бағдарламаларын олардың іске асырылуының қағидаттары мен қосымша
талаптарын ескере отырып жасайтын болады. Бағдарламаларда мыналар
қарастырылады:
- мүгедектер еркін қол жеткізе алуы тиіс негізгі теміржол, автобус
стансаларының, өзен порттарының, аэропорттардың қайта жабдықталу
мерзімі;
- мүгедектерді, соның ішінде мүгедектер арбасымен жүретіндерді
тасымалдайтын көліктерге арналған асай-мүсейлер;
- берілген бағыт графигімен қозғалатын арнаулы маршруттар;
- мүгедектердің талабы бойынша тоқтайтын көлік аялдамалары;
- мүгедектерге арналған өткелдер;
- мүгедектердің автомобильдерін қоюға арналған орындар; - жаяулар
өткелдеріндегі.арнаулы бағдаршамдар.
Мүгедектерге әлеуметтік көмек Мүгедектер мен мүгедек балалары бар
отбасылар халықтың ең кедей тобына айналды. Мүгедектікке төленетін
жәрдемақылар көлемі мүгедектердің жай ғана қалыпты өмір сүруіне жетпейтіні
өз алдына, оларды күнкөріс үшін жанкешті күреске мәжбүрлейді. Бұндай жағдай
әсіресе халықтың балалары бар азаматтық топтары мен мүгедектер отбасыларына
тән. Жәрдемақы тек коммуналдық қызмет төлемдері мен тым жұпыны азық-
түлікке ғана әрең жетеді. Сондықтан мемлекет мүгедектердің ақшалай
әлеуметтік жәрдем (зейнетақылар, жәрдемақылар, бір жолғы төлемақылар) мен
автомобильдер, орынтақ-арбалар, протездік-ортопедтік бұйымдар, арнаулы
қаріптері, дыбысұлғайтқыш аппаратурасы мен сигнализаторы бар баспа өнімдері
қатарлы техникалық құралдармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілуіне,
сонымен қатар, мүгедектерді сауықтыру және оларға тұрмыстық қызмет
саласында көмек беру арқылы кепілдік береді. Мүгедектікке төленетін
жәрдемақы мөлшері сол өңірдегі күнкөріс минимумынан төмен емес деңгейде
бекітіледі. Мүгедектік алған кезде асырауында еңбекке жарамсыз азаматтар
мен балалары болған жандарға асыраушылық жүктемесі үшін үстеме ақы
белгіленеді. Соғыс мүгедектері және Чернобыль АЭС-сы апаты салдарынан
мүгедектікке ұшыраған адамдар заңнамалық тұрғыда бекітілген қосымша
өтемақылар мен жеңілдіктерді пайдаланатын болады. Мүгедектерге әлеуметтік
көмек республикалық және жергілікті бюджеттің, ұйымдардың қаржысы, қайыр-
садақалар, қайырымдылық көмектері, сонымен қатар, халықаралық қорлардың
қаржысы және заңнама тыйым салмайтын басқа да қаражаттар есебінен
жасалады.Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетумен байланысты шараларды
қаржыландыратын жұмыс берушілерге салық салуда Қазақстан Республикасы
заңнамасы анықтайтын тәртіп пен шарттар бойынша жеңілдіктер жасалады.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң мына тәрізді басты міндеттерді
орындайды:
1) жұмыс істегісі келетін және істей алатын мүгедектердің жұмысының
болуы;
2) білім алуы;
3) жұмыс істей алмайтын және істеуге жағдайы жоқтардың лайықты атаулы
әлеуметтік көмек алуы;
Бұл кезде еңбек нарығы жұмысқа тұруға деген ынтаны арттыру тәрізді
мақсаттарға қол жеткізуге лайықты жағдай тудыратын болады;
әділеттілік, яғни, жұмыс орындарына қол жеткізу және дайындықта
мүгедектерді қоса барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктер беру, бірдей жұмыс
үшін бірдей еңбекақы төлеу;
барлық азаматтардың, соның ішінде мүгедектердің толық, өнімді және ерікті
таңдалған жұмыс алуы;
мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөле отырып, негізгі еңбек
құқықтары мен қорғауларының қамтамасыз етілуі.
Еңбекпен айналысуға және жұмысқа тұруға мүмкіндігі жоқ барлық
мүгедектерге бюджеттен қаржыландырылатын жалпылама базалық қолдау жүйесіне
этаппен көшу арқылы жәрдемақы, әлеуметтік қызмет және медициналық қызмет
көрсету түріндегі лайықты әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы беріледі.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау үш құрылымнан тұратын болады: мүгедектікке
төленетін мемлекеттік жәрдемақы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің
әлеуметтік төлемдері және ерікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz