Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
1 Өмірбаяны
2 Қоғамдық.саяси әрекеттері
2.1 Алаш Орда төрағасы
3 Ғылыми әрекеттері
4 Түсініктемелер
5 Тағы қараңыз
6 Сыртқы сілтемелер
2 Қоғамдық.саяси әрекеттері
2.1 Алаш Орда төрағасы
3 Ғылыми әрекеттері
4 Түсініктемелер
5 Тағы қараңыз
6 Сыртқы сілтемелер
1866[1] ж. наурыздың 5[2] бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То¬қы¬рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 ж. Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясынің елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.

Бөкейханов, Әлихан Нұрмұхамедұлы
Қазақша Уикипедияның мағлұматы
Мында өту: шарлау, іздеу
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов
Алаш Орда төрағасы
лауазымына ие болғаны
1917 желтоқсанның 13 — 1920 тамыздың 26
Вице-президентХалел Ғаббасов
(тер)
Ізашары Лауазымы ұйымдастырылған
Алаш партиясы көсемі
Ізабасары Лауазымы ыдыратылған
Дүниеге 1866 наурыздың 5
келгені (142 жаста)
Тоқырауын болысының
7-ші ауылы, Қарқаралы уезі,
Семей облысы, Дала өлкесі
(қазіргі Ақтоғай ауданы,
Қарағанды облысы)
Қайтыс болғаны1937 ж. қыркүйектің 27
(71 жаста)
Мәскеу, Ресей КФСР
Саяси партиясыАлаш партиясы
Діні Ислам
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866—1937) — 19 ғ. соңы мен 20 ғ.
басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы
аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық қозғлысы көсемі және Алаш партиясы, Алаш Орда
үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Мамұны
1 Өмірбаяны
2 Қоғамдық-саяси әрекеттері
2.1 Алаш Орда төрағасы
3 Ғылыми әрекеттері
4 Түсініктемелер
5 Тағы қараңыз
6 Сыртқы сілтемелер
[өңдеу] Өмірбаяны
1866[1] ж. наурыздың 5[2] бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын
болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай
ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 ж. Ақтоғай
аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы
атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Көкжал
Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі
Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына
оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы
мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық
бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да өте
жақсы деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888
жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған
алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен
қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясынің
елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика
факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса
студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің
жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға
жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты
толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына
білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін
көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
[өңдеу] Қоғамдық-саяси әрекеттері
Оңнан солға қарай: Халел Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Әлихан Бөкейханов
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ
даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы
қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси
астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан
біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың
саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
Народная свобода (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ
зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын
ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі
саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының
ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде
шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер)
мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар
өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен
қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын
ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік
думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына
қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала
өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай
Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде,
Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін
қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді.
Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол
үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің
шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік Голос степи, Омич және Иртыш
газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік
Товарищ, кадеттік Речь, Слово гәзеттерінде редакторлық қызмет
атқарды.
1909-17 жж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-14 Қазақ гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге
көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен
Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі
негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы
екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие
алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып,
Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау
керек деп білді.
Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс
істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың
көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ
сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған
жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып,
онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден
қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары
атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы
азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы.
Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты,
Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты,
IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
[өңдеу] Алаш Орда төрағасы
Ә. Бөкейхановтың Жаза кесімі
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша
үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері
қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі
жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан
сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің
құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ
аутономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш
партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл
қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол
алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының
күніндегісі.
1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен
кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай
белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын
тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан
большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында
отырған Әлиханды 1937 ж. тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған
жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.
1989 ж. мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс
құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
[өңдеу] Ғылыми әрекеттері
19 ғ. соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет
атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың
кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық
мүшесі болып сайланды. Әлихан Россия. Жалпы географиялық сипаттама атты
көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде
қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге
де белсене араласа бастайды.
1904 ж. қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина
экспедициясының құрамында болды.
1911-14 жж. Ә. Бөкейханов Жаңа энциклопедиялық сөздіктің 4-21 томдарына
автор ретінде қатысты.
Ә. Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын
зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы,
әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани
тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.
[өңдеу] Түсініктемелер
1. ↑ Өзінің тергеуде берген жауабынан. Туған жылы туралы деректер әр
түрлі. Дегенмен де бұл дерек дұрыс болар дейміз. Себебі оның жасы
туралы келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде
сақталған құжатта Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық
бөлімінде 187879-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ
баласымен бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлихан
училищеге 1878 ж. қыркүйектің 16 түскенде жасы 11-де деп көрсетілген.
Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866
жылға жақын.
2. ↑ Қай мәнербен көрсетілгені белгісіз. Егер бұл ескі мәнербен болса,
жәңа мәнербен бұл наурыздың 27 болады.
Халел Досмұхамедов (1883-1937) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер,
ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы
мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері,
тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек
үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы,
(қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында
дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан
хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы
бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің
даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша
класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын
тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп,
оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел
ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті Фикр (Пікір), Уральский листок
газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп
отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер
партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-
демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев,
М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен
бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге
жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-
орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.
1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл
еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.
1913-18 жылдары Қазақ газетінде Тамыр дәрі хақында, Сары кезік —
сүзек, Жұқпалы ауру хақында сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда
мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. Как бороться с
чумой среди киргизского народа (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба
індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ
съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса
делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен
бірге Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері атты
жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң
жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді.
Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ
съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде
ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі
құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты
бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш
қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша
үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған
тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық
комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес
өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға
ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері
болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде
кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды
қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя
білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде
Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық
құрылым — Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін жариялауға қатысты. Сол жылы
қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын
жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап,
оған Алашорданың батыс бөлімшесі деген ат берді. Осы кезеңде Халел
Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-
жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, Еркін қазақ газетін шығаруға
көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа
өкіметтің жұмысына тартылады.
1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты
жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын
өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін
төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы
болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық
емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты
алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.
Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы
Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы
меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның
дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер
атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат
салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ
тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап
ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады.
Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін
ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра
жүргізуге мәжбүр етті.
Ол Табиғаттану, Жануарлар, Адамның тән тірлігі (қазақша орысша
жаратылыстану сөздігі), Оқушылардың денсаулығын сақтау, Дене бітімі және
оның жұмысы туралы әңгімелер, Сүйектілер туралы т.б. оқулықтар мен
ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар
жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын
зерттеді, Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы, Шернияз шешен,
Алаш не сөз, Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана, Тіллә-
Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі, Диуани
лұғат ат-түрік, Кенесарының соңғы күндері, Қазақ әдебиетінің тарихы
сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. Мұрат ақын сөзі,
Исатай — Махамбет, Аламан жинақтарын шығарды.
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған
Шолпан, Ақ жол, Еңбекші қазақ, Сәуле сияқты газет журнал беттерінде
жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ
қырғыз білім комиссиясы жанынан Сана журналын шығарып, өзі соның
редакторы болған.
1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының
корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту
комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі
Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ
педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін
ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып
тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік
университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының
профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты
кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер
аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім
меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің
орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де
елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі
Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери
трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер
коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған.
Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге
есімі берілген.
Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам
қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда
үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан
шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
1879 жылы мамырдың 12 бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр
болысында (қазіргі Қабанбай ауданы) дүниеге келген.
1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп
шығады. Жыл сайын кластан класқа І-ші дәрежелі марапатпен көшіп, үздік
үлгірім, өнегелі тәртібімен ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны
бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе,
математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады.
Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш
болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға
ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты
институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған күле қарайды.
Өзінің мұғалімі, гимназия директоры М.В.Вахрушевтің көмегімен қазынадан 360
сом жылдық стипендия алып, Петербургке аттанады.
1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы
инженерлерін даярлайтын институтта оқып, мұнда да ол ерен қабілетімен
ұстаздарын таңқалдырып, институтты үздік бағамен бітіреді.
Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол
жылы өткен автономистерінің съезіне қатысып, онда Қазақтар және қоғамдық
қозғалыс деген тақырыпта баяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп,
Министрлер комитеті атына өтініш жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты
принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан
негіздеуге күш салады және басқарудың әскери жүйесінен азаматтық жүйеге
көшуді талап етеді. Жас саясатшының бұл талабының атақты Қарқаралы
петициясы талабымен үндесіп жатуы — халқым деген қазақ азаматтарының әр
жерде жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын көрсетеді.
Институт қабырғасында оқып жүрген кезде-ақ ол туған халқының, мұңын мұңдап,
жоғын жоқтап баспасөзде уытты мақалалар жариялайды және әр түрлі жиындарда
сөз сөйлейді. Осындай бір жиында 1905 жылы 19 қарашада өткен автономшылар
одағының 1 съезінде ол баяндама жасайды. Онда ол былай өткір сөйлейпті:
Қазақтардың жер мәселесі — сөзсіз аса маңызды... Үкіметтің нені көздеп
отырғаны түсінікті: біріншіден, ... қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және
бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды ... қауқарсыз тобырға
айналдыру; үшіншіден, ...ежелгі атақонысынан айыру... қандай қанқұйлы, зымиян
мақсат?!
Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси
өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Ресей ІІ-ші Мемлекеттік
Думасына Жетісу облысынан депутат болып сайланады. Қазақ депутаттарының
Дума трибунасынан Столыпиннің аграрлық саясатын сынаған үндері естіледі,
әсіресе Бақытжан Қаратаевтың жасаған баяндамасы үлкен шу тудырды. Мұның
аяғы 1907 жылдың 3 маусымдағы заң бойынша еркіндікшіл Дума таратылып,
қазақтардың Мемлекеттік Думаға өз өкілдерін сайлау құқығынан айырылуымен
тынады.
ЖОО бітірген соң Орта Азия өңірі мен Жетісу теміржол құрылысында инженер
болып қызмет істейді.
1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген
түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-
әрекеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми
еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол
инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет
етеді.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт
күткен еді. Сондықтан да ол бұл кезде бел шеше қызмет етіп, қоғамдық-саяси
қайраткер ретінде тез танылады. Сол жылы көктемде Уақытша үкіметтің
Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қатар осы үкіметтің Жетісу
облысындағы комиссары болып тағайындалады.
1917 жылы қазан айында Том қаласында өткен Жалпы Сібірлік съезге өзге алаш
қайраткерлерімен бірге қатысып, Сібір кеңесінің құрамына енгізіледі. Сол
жылғы желтоқсанда өткен Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне
сайланып, кейін Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары ретінде көптеген
заң актілеріне қол қояды.
Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлттық-
демократиялық интеллигенция өкілдерімен бірге М. Тынышбаев та жалпыұлттық
Алаш партиясын құруға тікелей араласады.
1917 жылы шілдеде өткен Жалпы қазақтық съезде Жетісу облысынан
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес
мүшесінің бірі болады, Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану
туралы Ереженің жобасын қабылдауға қатысады.
1918 жылы бүкілтүркістандық ІV-ші мұсылмандар съезіне қатысып, онда
жарияланған Түркістан (Қоқан) автономиясының премьер-министрі болып
сайланады.
Түркістан автономиясын Кеңес өкіметі күшпен талқандағаннан кейін М.
Тынышбаев Алашорда қайраткерлерімен бірге сол кезде бірінен соң бірі
құрылып жатқан көптеген әр түрлі үкіметтермен (Уақытша Сібір үкіметі, Уфа
директориясы, Колчак үкіметтері сияқты) келіссөздер жүргізіп, хат-хабар
жазысады, азамат соғысы жылдарында қызылдарға қарсы күреседі. Бірақ одан
күткендей нәтиже болмайтынын көргеннен соң 1920 жылдан бастап, Кеңес
өкіметінің жағына шығып, буржуазиялық маман ретінде Ташкентте,
Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек етеді.
1925-1926 жылдары жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас
инженері болып тұрғанда қаланы сумен қамтамасыз ету жолын және көптеген
жаңа объектілер салу туралы ұсынады.
1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын
салуға қатысады.
Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып
Воронежге жбес жылға жер аударылады.
Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да,
1938 жылы Ташкент түрмесінде атылады.
қ • п • ө
Алаш Орда мүшелері
Мүшелері Жақып Ақбаев · Садық Аманжолов · Отыншы
Әлжанов · Әлихан Бөкейханов · Ахмет Бірімжанов ·
Халел Ғаббасов · Жанша Досмұхамедов · Халел
Досмұхамедов · Әлімхан Ермеков · Бақтыкерей
Құлманов · Базарбай Мәметов · Уәлитхан Танашев ·
Айдархан Тұрлыбаев · Мұхаметжан Тынышбаев ·
Мұстафа Шоқай
Мүшелікке Өмір Алмасов · Молданияз Бекімов · Мұқыш
кандидаттары Боштаев · Нүсіпбек Жақыпбаев · Сейілбек
Жанайдаров · Ережеп Итбаев · Аспандияр Кенжин ·
Сейдәзім Қадырбаев · Есенғали Қасаболатов · Иса
Қашқынбаев · Батырқайыр Ниязов · Сәлімгерей
Нұралыханов · Сатылған Сабатаев · Белек
Солтоноев · Есен Тұрмағамбетов
Алаш Орданың Ахмет Байтұрсынов · Мағжан Жұмабаев · Елдес
оқу комиссиясыныңОмаров · Биахмет Сәрсенов · Телжан Шонанов
мүшелері
Шоқай, Мұстафа (1886—1941) — Алаш қайраткері, түркі халықтарының бірлігінің
жалынды жаршысы. Алашорда үкіметінің мүшесі, публицист-жазушы.
Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс
көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет
демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің
негізін қалаушы.
1890 жылы (екінші бір деректе: 1886 жылы туған) 7 қаңтарда Түркістан
өлкесі, Сырдария облысы, Перовск уезі, Жөлек болысында, осы күнгі Қызылорда
облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының
Торы тармағына жататын Шаты руынан тараған текті әулеттің ұрпағы. Атасы
Торғай датқа Сыр қазақтары орыс патшалығының қол астына кірмей тұрғанда
Хиуа ханының уәлиі болған. Әкесі Шоқай би, арғы әкесі Торғай датқа ел
ішінде атақты адамдар болған. Әкесі Шоқай дала қазақтары арасында ерекше
мәдениетті, елге беделді би болған, отырықшылықпен айналысып, бау бақша
салдырып, егін еккен, кірпіш үй салдырған. Анасы Бақты да текті жердің қызы
екен. Әкесі батыр болыпты. Түркістанды орыс отаршылары жаулап алуға
кіріскенде, Бақты да әкесімен бірге соғысқа қатысып, барлаушылық қызмет
атқарған. Бейбіт күнде өлең жазып, дастандар жырлаған.
Мұстафа сауатын ауылдық мектепте ашып, Ташкент ерлер гимназиясын 1910 жылы
үздік бітіріп, 1910-1917 жылдары Санкт-Петербург университетінің заң
факультетін оқып бітіреді.
Отаршылдықтың өктемдігін, қиянатшыл әділетсіздігін Мұстафа жастайынан көріп
өседі. Өз басы отаршылдықтың өрескел кеудесоқтығымен Ташкентте, өте жақсы
деген бағамен гимназияны аяқтаған кезде бетпе бет кездеседі. Гимназияда
оған берілмекші болған алтын медальді генерал Самсонов бергізбей, одан
төмен оқитын орыс баласына жазады. Бұған күміс медальді ұсынады. Бірақ
Мұстафа медаль алудан мүлде бас тартады.
Мұстафаның терең білім алып, саяси көзқарасының қалыптасуы және қоғамдық
қозғалысқа, халқының азаттығы үшін күреске қатысып шыңдалуы Петербор
университетінің заң факультетінде оқып жүрген кезінен басталады. Ол
гимназияда да, университетте оқып жүргенде де, жергілікті әкімшіліктен
зәбір жапа шегіп келген жерлестерінің атынан арыз жазып, олардың әділдікке
жетуіне көмектеседі, тіпті, кейбір күрделі істер бойынша сенат алдына
мәселелер қоюына тура келеді.
Студент кезінде Мұстафаның алғашқы қоғамдық жұмысы оның 1914 ж. Әлихан
Бөкейханұлы ұсынысымен IV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының
хатшылығы және оның бюросында Түркістанның өкілі болатын. Бұл оның
Ресейдегі қайраткерлермен, Дума депутаттарымен араласуына, іс жүзінде жалпы
мұсылмандық, жалпы түркістандық идеяларды қолдауына алып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz