Бату хан



Кіріспе


І тарау
Батудың қолбасшылық дарынының қалыптасуына отбасының әсері

ІІ тарау
Батудың жеті жылдық жорығы және Алтын Орданың құрылуы


Қорытынды
Әлемге аты аңызға айналған Шыңғыс ханңың жүргізген жаулаушылақ жорықтары, бағындырған мемлекеттері, заңдары мен өсиеттері қазіргі таңда жан-жақты зерттеліп, жаңа қырынан танылып жатыр. Сонымен қатар Шыңғыс хан жаулап алған жерлердің тарихына өшпес із қалдырып, сол кезеңнен бастап монғол халқын бүкіл әлемге танытып мойындатқан ұлы хақан болатын.
Ал оның балалары мен немере, шөберелері монғол империясын бүкіл әлемге танытты. Атап айтсақ, баласы Үгедей әке жолын жалғастырушы, Батый Монғолдарды бүкіл Европаға танытты, Қытайда Құбылай, Иранда Хулагу монғол билігін бүкіл әлемге мойындатқан болатын.
Өзектілігі. Шыңғыс хан, Бату хан, Ақсақ Темір орта ғасырлар тарихында жүргізген жаулаушылық жорықтарымен және дарынды қолбасшылық қабілеттерімен тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар. Ал еліміздің тәуелсіздік алуымен бұрынғы кеңестік біржақты зерттеулермен шектелмей, төл тарихымыз кең көлемде зерттеліп, тарихи шындықтар жаңа қырынан танылып жатыр. Осы тұста Шыңғыс ханның немересі Батудың Батыс жорығы нәтижесінде Жошы ұлысының қалыптасу процесі аяқталып, Жошы ұлысы империя құрамындағы жаңа мемлекеттік сипатқа ие болғаны белгілі. Бату хан әкесі мен атасының орындалмаған арманын жүзеге асырды, низамдарын бұлжытпай орындады. “Алтын Орда ” мемлекетін құрды, ал Алтын Орда Жошы ұлысының бір бөлігі, оны Жошы ұлысынан бөліп қарастыра алмаймыз. Жошы ұлысының құрамына кірген тайпалар кейін Қазақ хандығы қалыптасу кезінде Қазақ хандығына кіргені белгілі. Олай болса төл тарихымызды зерттеу қазіргі өзекеті мәселелердің бірі болып табылады.
Бату ханның орыс жұртына жасаған жорығы орыс тарихшы шығармаларында аса жыртқыштықпен жасалған шабуыл ретінде көрсетіледі. Орыстарға ойран салушы Бату хан болып табылады, ал олардың өз кінәсі бүркемелеулі күйінде қалады. Батудың Еуропаға жасаған жорығын тек біржақты қарауға болмайды, себебі, орыс княздіктері жіберген қателіктері көзге айқын түседі. Олардың бір орталыққа жұмылып әрекет жүргізбей, өз жауларын жете бағаламағаны көрінеді.
Батыйдың Европаға жеріне жасаған жорығы бытырадай шашыраған орыс княздіктерінің басын қосып, болашақта тас-түйін қара күш болып қалыптасуына осы жорықтың зор ықпалы болғаны сөзсіз. Менің осы тақырып төңірегінде негізгі өзекті мәселем, бұл Батыйдың нағыз бейнесін қолда бар дерек көздерін пайдалана отырып тарихи шындықты шамам келгенше қалыптастыру, сонымен қатар Жошының Қыпшақ мемлекетіндегі әскери оң қанаты болған Батудың орыстардың тарихы мен Алтын Орданың тарихына тигізген әсерін қарастыру, емес Қазақ тарихындағы ролін айқындау және Жошы ұлысында Батудың қайталанбас орны бар ұлы тұлға екенін зерттеу негізгі өзекті мәселем болып табылады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І тарау
Батудың қолбасшылық дарынының қалыптасуына отбасының әсері

ІІ тарау
Батудың жеті жылдық жорығы және Алтын Орданың құрылуы

Қорытынды

Кіріспе

Әлемге аты аңызға айналған Шыңғыс ханңың жүргізген жаулаушылақ
жорықтары, бағындырған мемлекеттері, заңдары мен өсиеттері қазіргі таңда
жан-жақты зерттеліп, жаңа қырынан танылып жатыр. Сонымен қатар Шыңғыс хан
жаулап алған жерлердің тарихына өшпес із қалдырып, сол кезеңнен бастап
монғол халқын бүкіл әлемге танытып мойындатқан ұлы хақан болатын.
Ал оның балалары мен немере, шөберелері монғол империясын бүкіл
әлемге танытты. Атап айтсақ, баласы Үгедей әке жолын жалғастырушы, Батый
Монғолдарды бүкіл Европаға танытты, Қытайда Құбылай, Иранда Хулагу монғол
билігін бүкіл әлемге мойындатқан болатын.
Өзектілігі. Шыңғыс хан, Бату хан, Ақсақ Темір орта ғасырлар
тарихында жүргізген жаулаушылық жорықтарымен және дарынды қолбасшылық
қабілеттерімен тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар. Ал еліміздің
тәуелсіздік алуымен бұрынғы кеңестік біржақты зерттеулермен шектелмей, төл
тарихымыз кең көлемде зерттеліп, тарихи шындықтар жаңа қырынан танылып
жатыр. Осы тұста Шыңғыс ханның немересі Батудың Батыс жорығы нәтижесінде
Жошы ұлысының қалыптасу процесі аяқталып, Жошы ұлысы империя құрамындағы
жаңа мемлекеттік сипатқа ие болғаны белгілі. Бату хан әкесі мен атасының
орындалмаған арманын жүзеге асырды, низамдарын бұлжытпай орындады. “Алтын
Орда ” мемлекетін құрды, ал Алтын Орда Жошы ұлысының бір бөлігі, оны Жошы
ұлысынан бөліп қарастыра алмаймыз. Жошы ұлысының құрамына кірген тайпалар
кейін Қазақ хандығы қалыптасу кезінде Қазақ хандығына кіргені белгілі. Олай
болса төл тарихымызды зерттеу қазіргі өзекеті мәселелердің бірі болып
табылады.
Бату ханның орыс жұртына жасаған жорығы орыс тарихшы шығармаларында
аса жыртқыштықпен жасалған шабуыл ретінде көрсетіледі. Орыстарға ойран
салушы Бату хан болып табылады, ал олардың өз кінәсі бүркемелеулі күйінде
қалады. Батудың Еуропаға жасаған жорығын тек біржақты қарауға болмайды,
себебі, орыс княздіктері жіберген қателіктері көзге айқын түседі. Олардың
бір орталыққа жұмылып әрекет жүргізбей, өз жауларын жете бағаламағаны
көрінеді.
Батыйдың Европаға жеріне жасаған жорығы бытырадай шашыраған орыс
княздіктерінің басын қосып, болашақта тас-түйін қара күш болып қалыптасуына
осы жорықтың зор ықпалы болғаны сөзсіз. Менің осы тақырып төңірегінде
негізгі өзекті мәселем, бұл Батыйдың нағыз бейнесін қолда бар дерек
көздерін пайдалана отырып тарихи шындықты шамам келгенше қалыптастыру,
сонымен қатар Жошының Қыпшақ мемлекетіндегі әскери оң қанаты болған Батудың
орыстардың тарихы мен Алтын Орданың тарихына тигізген әсерін қарастыру,
емес Қазақ тарихындағы ролін айқындау және Жошы ұлысында Батудың
қайталанбас орны бар ұлы тұлға екенін зерттеу негізгі өзекті мәселем болып
табылады.
Тарихнамасы. Жалпы Шыңғыс хан өмір сүрген дәуірге байланысты
дерек көздері баршылық, алайда біз қарастырып отырған Батый мен әкесі
Жошының өміріне байланысты дерек көздері айтарлықтай көп емес. Олардың
қатарына араб, парсы, қытай, орыс тарихшыларының деректерін жатқызуға
болады. Атап айтқанда, Рашид-ад Диннің “Сборник летописей”, Өтеміс қажының
“Шыңыснаме”, Монғолдың құпия шежіресі, Алтын шежіре, Джувейнидің,
Жузжайнидің, Әбу-л – Ғазидің, Қ.Жалайридің “Жылнамалар жинағы”, Әбілғазының
“Түрік шежіресі”, В.Тизенгаузин “Сборник материалов относящихся к истории
Золотой Орды” еңбектері, сонымен қатар европалық В. Рубрук, П.Карпини,
М.Поло еңбектері біздің қолымызда бар негізгі дерек көздері болып табылады.
Осы тұста орыс зерттеушілерінің қарастырып отырған мәселеге байланысты
зерттеулері: Н.М.Карамзин, В.В.Бартольд,Л.Гумилев, Б.Д Греков А.Ю.
Якубовский, С.А.Козин, Федоров-Давыдов еңбектерінде Алтын Орданың тарихтағы
ролі мен Батыйдың тарихи бейнесі туралы зерттеулер жасалған. Осы
еңбектердің Алтын Орданың тарихи ролі туралы және Батудың жүргізген
жорықтары жайында әртүрі қорытындылар жасалған. П.Н.Савицкийдің бұл
жөнінде былай деп жазды: “О роли золотоордынских царей как оберегетелей
русского единства не должны забывать те, кому близки проблемы единение
русских племен и земель”[1].
Гумилевтің ойынша, орыс қалаларының негізгі ойрандауының себебі, қала
басшыларының, кеңесші-боярлардың қорғанысты дұрыс ұйымдастыра алмауы,
олардың арасында бірліктің болмауы болып табылады. Бұл жайында Ризаэдин
Фәхретдин былай дейді: “Шын мәнісінде, Шыңғыс хан мен Бату ханның сабақтары
және Алтын Орданың әсері сол Русьті кейінгі құрылған Ресейге айналдырды.[2]
Осы жоғарыда келтірілген дерек көздері мен зерттеулерге төменіректе
толығырақ тоқталатын боламыз.
Міндетім. Жошы ханның ерте дүниеден өтуіне байланысты оның орнына
ұлы Бату тағайындалған болатын. Осы тұста Жошының дүниеден өтуі, Батыйдың
таққа отыруы,жүргізген жорықтары жөнінде де бірнеше тарихи дерек көздері
сақталған және олардың арасында күмән тудыратын жайттар да кездеседі. Ол
мәліметтерге төменірек тоқталатын боламыз. Сонымен қатар Батудың Қазақ
халқымен байланысының қандай дәрежеде болғаны жалпы өзі бағындарған
мемлекттер өмірінде қандай із қалдырғаны және Батудың бейнесін тарихи
әдебеттерде қалай сипаттағаны жөнінде жан-жаты қарастыратын боламын.
Мақсатым. Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы, Жошы, 24 жылдық жорық жолында
60 қамал бұзып, 200-ге жуық қала, қамалдарды қолға түсірген танымал
қолбасшы болған. Осы тұста Жошы өміріне де тоқталып кетуіміз қажет. Себебі
Батудың болашақ қолбасшылық қабілетінің танылуына әкесі мен өске ортасы
елеулі ықпал жасайтыны белгілі. Мен өз жұмысымда Батудың Европаға жорығы
батыс тарихшылары жан-жақты қарастырған, бұл тарихи оқиғалар барысына
тоқталу біз қарастырып отырған тарихи кезеңге жатпайды. Ал Бату қазақ
даласында ер жетті, өзі түркіленген монғол болды, оның анасы қоңырат және
Қыпшақ даласында ер жетті. Әкесі Жошы ұлысының алып жатқан территориясының
ауқымды бір бөлігі Қазақстан териториясы осы Батудың Еуропа жеріне
жүрігзген жорығынан кейін беки түсіп, болашақ Қазақ хандығының құрылуына
өзіндік әсер еткенін жан-жақты зерттеулер көздерін талдау арқылы қарастыру
негізгі мақсатым болып табылады.

І тарау. Батудың қолбасшылық дарынының қалыптасуына отбасының әсері

Шыңғыс ханның ғұрыпқа бағынып, өзі тірі кезінде ұлдары мен басқа
туыстарына үлес тағайындады. Оның ұлдарының әрқайсысының тарихта алатын
орны ерекше. Осы тұста, деректемелерде Шыңғыс ханның тірі кезінде әр ұлына
“жұрт” деп аталатын ерекше жерлер бөліп бергендігі айтылады.[3]
Қолда бар материалдарға қарап қаншалық пікір түюге болатынына
сүйенсек, бірінші болып Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бөлінді. 1207-1208
жылдары Жошы Енисей қырғыздары мен Сібірдің оңтүстігінің басқа да “орман
халықтарын ” бағындырған кезде, делінеді “Аса құнды аңыз” деп айтылған
монғол хроникасында, әкесі халқының бәрін оған сыйлайды. Кейін келе, Шыңғыс
хан Орта Азияны бағындырғаннан кейін Жошы үлесі құрамына Ертістен Қойлық
пен Хорезмнің шекарасынан батысқа қарай Жувейнидің айтуы бойынша “татар
аттарының тұяғы жеткен шекке дейінгі”, яғни Еділ болгарлары патшалығының
шекарасына дейін созылдыған.
Жалпы Батудың зор қолбасшы ретінде танылуына оның өскен ортасы мен
әкесі, Жошының, әсері де зор болғанын ескеруіміз қажет. Менің ойымша,
Батуға сипаттама берместен бұрын оның әкесі мен туыстары туралы да сөз
айтып кеткен жөн сияқты.
Алтын Орда – Еуразия далаларында ХІІІ ғасырда пайда болды, Шыңғыс хан
ұрпағы мемлекеті. Оның құрылу тарихы Жошының үлес иелігімен байланысты.
Жошы хан тарихын зерттеу өте құнды және маңызды проблема болып табылады.
Жошы әкесінің солтүстік Қытайға, Орта Азияға жорықтарына қатысты, сондай-ақ
Шыңғыс ханның бұйрықтары мен жарлықтары бойынша бірқатар тапсырмалар
орындады, бұлардың қатарында 1207-1208 жылдар Енисей Қырғыздарын және
Сібірдің оңтүстігінің “орман халықтарын” бағындыру болды. 1216 жылы Шығыс
Дешті Қыпшаққа ол жерге Батыс Манғолиядан қашып барған Шыңғыс хан руының
қаскөй жаулары меркіттерге қарсы жорық болып еді, Жошының барлық жорықтыры
жеңіспен аяқталып отырды. Осылай 1220-жылдың басына дейін басына дейін
жалғасқан Орта Азияға соғыс науқаны тәмамдалды. Шыңғыс хан 1224 жылдары
ұлдарымен Монғолияға оралды, бірақ бұлардың арасында Жошы болған жоқ. Ол
өзіне ұнаған қыпшақ даласында өз ұлыс иелігін басқару қамымен шұғылдану
үшін қалды, әрі әкесінің жорықтарына қатыспады.
Сонымен, соңғы ғылыми ізденістерге сүйенсек, Шыңғыс ханның тұңғыш
ұлы, Жошы, 24 жылдық жорық жолында 60 қамал бұзып, 200-ге жуық қала,
қамалдарды қолға түсірген танымал қолбасшы[4] болған. Жошының Орыс жұртына
тигізген саяси ықпалы жайлы ағылшын тарихшысы Чарльз Гальпериннің “Орыс
және Алтын Орда: ортағасырлық орыс тарихындағы монғолдардың монғолдардың
үлесі ” атты еңбегінде біршама толық талдаған. Ал Астрахан, Қырым, Қасым,
Ноғай Ордасы, Өзбек және Қазақ мемлекеті осынау Жошының туындысы.
Жошы оның әйгілі хан ұлдарының өмірбаяны, атқарған ісі әйгілі
әкесінің көлеңкесінде қалып келді. Жошы хан құрған қыпшақ хандығы өз алдына
ұлы держава.
Рашид ад-Диннің айтуы бойынша Жошы Ордасы “Ертіс өңірінде болған”.
Тарихшы Шыңғыс хан ұрпағы Әбу-л-Ғазидің пайымдауынша, “Жошының резиденциясы
Дешті қыпшақта орналасты және бұл орын Көк Орда” деп аталды. Рашид ад-
Диннің және “Муииз әл-Ансабтың ” , беймәлім автордың айтуына сүйенсек,
Шыңғыс хан Жошыға төрт тайпадан тұратын: сиджиут, кингит, хушун және аралат
тайпаларынан төрт мың адамды бөліп берген. Жошының қыпшақты ұнатқаны
соншалық делінеді деректемелерде, бұл елді күйзелістен құтқаруды
ұйғарған.[5]
Жошыға жалпы сипаттама беретін болсақ, мұсылман деректерінде де, қытай
деректерінде де Жошы “Қызуқанды адам, өте-мөте өжет әрі шебер жауынгер
болған ”, делінеді. Жошы хан батыл, қайратты, сабырлы және жомарт,
қайырымды, кішіпейіл адам еді. Шыңғыс ханның бүкіл майдандағы қимылын
басқаратын Сүбедейдің жеңімпаздығы мен батырлығы Жошы белгілеген жобаны
жүзеге асырып отыруына тікелей байланысты болатын.
Тегінде Шыңғыс хан патшалық аңшылық ісін меңгеруді Жошыға нақ осы
себепті жүктеген болса керек. Ол заманда мұның өзі жауапты әрі маңызды іс
болатын. Монғол мемлекетінде қаумалап аң аулау ермек қана емес еді, ең
алдымен бұл азық-түлік қорын толықтыру көзі болатын, бұған қоса, тағы бір
маңызды мәні - әскери соғыс өнеріне машықтанатын.
Келтірілген мәліметтер бойынша, Жошының дарынды қолбасшы болғанын және
аз өмірі ішінде ешбір жеңіліссіз жүргізген соғыстарын ескерсек, Батудың
бойындағы қолбасшылық қабілеті атасы мен әкесінен дарығанын және Еуропаға
жорық жасау барысында дарынды қолбасшы болуы осыған байланысты болса керек.

Жошының өз ұлысын басқаруы кезінде қандай оқиғалар болғаны туралы
мәлімет жоқ. Мұның есесіне деректер Жошының туған кезіндегі және өмірінің
соңындағы жағдайлар егжей-тегжейімен сипатталады.
... Бұл арада Шыңғыс ханның ұрпағы Әбу-л-Ғази былай деп қосады:
“Ұлын көріп Тимучин:
- Бізге джучи келді ғой, - деп қуанады ”, монғолдар күтпеген жерден және
алғаш келген қонақты джуджи деп атаған. Осы жағдайға орайлас бұл ұдға Джучи
деген ат қойылады.
Бірде Жошы мен оның інісі Шағатайдың арасында арпалыс тура әскери
кеңесте және әкесінің көз алдында болады. Парсы жазушысы Жүзжанидың
“Табакат и-Насирде” хабарлайтынындай, Шыңғыс хан мен Жошы ғұмырының соңғы
жылдарына дейін әкесі мен ұлы арасында қақтығыс болған. Жошы хан Шыңғыс
ханның үлкен ұлы. Анасы – Бөрте Фогин деген әйел. Жошы – күтпеген,
ойламаған жерден келген қонақ, мүсәпірдеген сөз. Бала немесе сүйкімді деген
мағынада да қолданылады. Шыңғыс хан әскер жинақтаған кезде Жошы хан көп күш-
жігер жұмсап, көзге түскендіктен, әкесі кейін Дешті-Қыпшақтың ханы етіп
тағайындайды. Дешті-Қыпшаққа Қазан, Қырым, Қазақ даласы қарайтын.
Қарақорым қаласынан шыққан Жошы хан бастаған Шыңғыс хан әскері әуелі осы
қыпшақ түріктерін бағындырды.
Шыңғыс хан балалары да, қыпшақтар да көшпелі қауым болғандықтан,
мемлекеттің шекарасы анық белгіленбеді. Бұхар әмірлігінен бастап, бүкіл
қыпшақ және бұлғар халықтары, бүгінгі Ресей мемлекетінің оңтүстік бөлігі
осы мемлекеттің жері болып есептелінді.
Осы ұлы мемлекетті Шыңғыс хан баласы Жошы ханға және оның әулеттеріне
береді. Сол себепті, “Жошы алған”, “Жошы ұлысы” деп атап кетті. Бату ханға
қараған жерлер “Бату елі” немесе “алтын Орда” делінеді.
Алтын Орда әуелі көшпелі тайпалар мемлекеті болғанымен, кейін
мәдениеті дамып, ұйымдық тәртібі күшейеді.
Кейбір тарихшылар қыпшақ және жалпы солтүстік түріктермен соғысқанда
Жошы Шыңғыс ханнан рұқсат алмаған еді деп әңгімелейді.
Шыңғыс хан Қарақорым қаласына қайтарда және қайтып барғаннан кейін де
Дешті-Қыпшақ министрлігіне адам жіберіп, Жошы ханды Қарақорымға келуге
шақырады. Бірақ ол өзінің денсаулығының нашарлауы себептен бара алмайтынын
айтып адам жібереді. Әбілғазының “Түрік шежіресі ”атты кітабында: “Жошы
хан Қарақорым қаласына әкесінің қарауына барды. Шыңғыс хан да ұлын көріп,
сөйлесіп, разы болып, содан соң отаны Дешті Қыпшаққа ерекше құрметпен
шығырып солады. Көп уақыт өтпей Жошы хан қайтыс болады”- дейді [6].
Келесі бір деректерде Жошы хан Қарақорымға әкесінің қарауына қайтпау
үшін денсаулығын сылтау етті. Шындығнда сау саламат орнында отыр деген
хабарды естіп, Шыңғыс хан қатты ашулынды, ашу үстінде Жошыны жазалауға
әскер жібермек болды. Осы кезде Жошының қайтыс болған жөнінде хабар келді.
Менің ойымша, Жошының аң аулау кезінде қайтыс болғаны дұрыс деп
есептеймін, бұған Әбілғазының жазған еңбегімен қатар ел арасында кең
таралғын Ақсақ киік күйінің шығу тарихының өзі зор маңызы бар деп
есептеймін. Егер Шыңғыс ханның өз ұлдарына қалдырған өсиетін, заң
жинақтарын, ақыл кеңестерін ескерсек, Жошының әкесінің тілін алмағандықтан
бағынбай кетті деген пікірмен келісуге болмайды. Алайда Шағатаймен үнемі
болып тұратын қақтығыстарды ескермеуге болмайды, сол себептен де Шыңғыс
ханның Ұлы хақан тағын Жошыға ұсынбауы осылай түсіндіруге болады, ол
бұрынан келе жатқан араздықты өршітіп алудан қорыққан болған болар. Осы
тұста Батудың Европаға жорығы аяқталған кездің өзінде той үстінде Бури мен
Күйік екеуінің араздасып қалғаны туралы ұлы ханға жіберген хатында
баяндалған.[7] Осы мәселе сол кездегі Жошының дүниеге келуімен байланысты
деп жазылған.
Жошы хан 1227 жылы Шыңғыс ханнан 6 ай бұрын қайтыс болған. Жасы 30 бен
40 шамасында еді.
Ертеректегі деректемелер бойынша Жошы Ертістің жоғары бойында
жерленген. ХVІ ғасыр авторы Хафиз и-Таным келтірген аңыз бойынша, Жошының
мазары Орталық Қазақстанда Сарысу алқабында Сарайлы өзеніне жақын Теріс-
Кендірлік өзенінен біршама солтүстікке қарайлы өңірде болған.
Жошы хан және оның ұрпақтары қазақ мемлекетін құрып, қазақты ұлт
ретінде, қазақ елін қалыптастырды[8] – дейді З.Қинаятұлы өз еңбегінде.
Егер Жошы хан қазақ мемлекетін қалыптастыруға негіз жасаған болса,
оның ұлы Батудың да қазақ тарихына елеулі ықпалы бар, олай дейтін себебім,
Бату әке жолын жалғыстырушы, ол құрған империяда қазақ этносын
қалыптастырған жалайыр, қоңырат, найман, қыпшақ, т.б. тайпалар енді,
олардың тілі қыпшақ тілі болды. әдет-ғұрып, тәлім-тәрбие тәртіп-заңы ортақ
болды. “Шыңғыс ханның түрікі халқының басын біріктіргенін, қазақтыңұлт
ретінде қалыптасу процесіне оң ықпал еткенін, Орта Азия территориясындағы
мемлекеттердің қалыптасу процесін жеделдеткені белгілі.. Ал Батудың
мемлекеті қыпшақ тілді, халқының көпшілігінің діні Ислам болған және Бату
қазақ жерінде ер жеткен. [9]” Ол ай болса келтірілген мәліметтер бойынша
Батудың нағыз тарихи бейнесін аша білу қазақ халқы тарихы қаншалықты маңызы
бар екенін көрдік. Осы тұста Батудың еңбегін ертеректе ата-бабаларымыз
бағалап, жыр жолдарына қосып жүрген. Оған дәлел Батудың түрікше аты “Сайын”
болатын. Сайын – жайсаң, құрметті, өте жақсы деген мағына беретін. Осыған
байланысты ертеректе “Ер Сайын” жыры айтылып жүрген. Бірақ бұл жыржың
қазіргі таңда нақты мазмұны жоқ болғандықтан кесіп айта алмаймыз. Олай
болса Батудың тарихи бейнесін дұрыс талдап, аша білуіміз керек. Батуды орыс
тарихшылары жан-жақты зерттеулер жүргізді, орыс зерттеулерінде Батудың
Европаға жасаған жорығы аса жыртқыштықпен суреттелген, монғол әскерлерін
варварларға теңестірген. Бірақ біз тек біржақты зерттеулерге сүйенбей,
тарихи дерек көздерін саралап, оның шынайы бейнесін дұрыс ашып, шынайы
тарихты қалыптастыра білуіміз қажет. Соғыс алаңында мейірімділік
танылмайтыны белгілі, сонымен қатар монғолдардың талаптарын орындаудан бас
тартқан орыс жұртына Бату хан асқан қаталдықпен қарады. Ол кезеңде
монғолдарға төтеп бере алатын күш болмаған және осы тұста орыс жұртының да
батылдықпен қорғанғанын ұмытпаумыз қажет. Бату туралы тарихи зерттеулер
елімізде өте аз, сондықтан әлі де сыры ашылмаған құпиялар көзі көп,
сондықтан отандық тарихи зерттеушілер осы мәселені тұсында біршама
зерттеулер жүргізуі керек.
Қорыта келгенде Дешті Қыпшақты 1223-1225 жылдары басқарды. Бірақ ол өз
артыннан текті ұрпақ қалдырып, Алтын Орда мемлектінің негізін
қалыптастырды. Аз өмірінің ішінде соғыста қолбасшылық дарынымен көзге түсе
білді, ал Бату әке жолын жалғастырушы, Шыңғыс хан құрған имперяны Европаға
танытып, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ұлы қолбасшылардың бірі ретінде
тануымызға болады.
Жошы ханның өзінің балаларына, яғни Батудың балалық шағын бірге
өткізген туыстарына тоқталып өтсем, Қ. Жалайыридың “Жылнымалар жинағы”
дерегі бойынша: Жошы хан Шыңғыс ханның үлкен ұлы еді, барлық ұлдарыннан
Фужин бегі атты қыз мұнан үлкен еді. Қоңырат қауым Иди ноянның қызы Бөрте
Фужиннен төрт ұл, бес қыз бар еді. Үлкен ұлы әйгілі Жошы хан еді. Шыңғыс
хан Оң ханның ағасы Жакамбудың қызын Жошы ханға алып берген еді. Аты
Бектумыш хатун еді. Жошы ханның барлық қатындарынан сол үлкен еді.
Хатундары және кумалары өте көп еді. Оғландары көп еді. Ұлының есебі жоқ
еді. Шексіз көп болып өсті. Ондай хикаяттар бар: Жошы ханның қырыққа жақын
ұлы бар еді деп айтады. Немересінің есебі жоқ еді, бірақ алайда Жошы ханның
мәлім әрі мәшһүр аттары белгілі он төрт ұлының аттары, яғни даңқы шыққандар
мыналар: Біріншісі Орда, екіншісі Бату, үшіншісі Берке, төртіншісі
Беркежар, бесіншісі Шайбан, алтыншысы Таңғұт, жетіншісі Бууал, сегізіншісі
Жылауқұн, тоғызыншысы Санқұр, оныншысы Шымбай, он біріншісі Мұхаммед, он
екіншісі Удур, он үшіншісі Тоқа Темір, он төртіншісі Самқұм[10].
Батуды көптеген әдебиеттер де әртүрлі жазады, кейбір деректерде оны
Орда Еженмен бір анадан туған деп көрсетсе, кейбір деректерде ол екеуінің
анасын екі бөлек екені айтылады. Өтеміс Қажы еңбегінде ол екеуін бір анадан
туылған деп көрсетсе, ал Рашид ад-Диннің еңбегінде Орда Ежен Жошының үлкен
қатыны қоңырат руынан Сартақтан туылған десе, ал Батуды Қоңырат руынан
Ильчи ноянның қызы Уки-фудждан туылған деп көрсеткен.
Жошы алғаш 1197 жылы 17-18 жас шамасында Керейт Жақамбының қызы
Никтимиш-фуджинмен бас қосып,өз шаңырағын көтереді. Араға екі жыл салып,
Орда Еженнің анасы, Қоңырат қызы Сартақты, және екі жылдан соң нағашысы
Алшы ноянның қызы Үкі-Фуджинді айттырады. Тарихшы шежірешілер Баты хан осы
Үкі-фуджиннен туды деп жазады[11].
З.Қинаятұлы қарастырып отырған мәселеге өз еңбегінде былай деп
көрсеткен: Тулуйдің бәйбішесі Соркуктан-хатун және Жошының бас бәйбішесі
Жошының бас бәйбішесі Никтимиш-фуджинмен туысады. Баты хан Тулудың
бәйбішесін ерекше сыйлап, одан туған Мөңке ханмен етене жақын болуына
қарағанда, Баты хан Үкі-фуджиннен емес, Никтимиш-фуджинен туылуы
мумкін.[12]
Менің ойымша, Бату хан мен Орда Еженнің бір анадан туылғаны туралы
мәселе әлі де болса зерттеуді қажет етеді себебі, осы мәселеге байланысты
басқа дерек көздері мен зерттеулерде мәліметтер аздық етеді, тың дерек
көздерінен бұл мәселе әлі де толығырақ қарастыруды қажет етеді. Осы мәселе
тарихшылар назарын талап ететін тақырыптардың бірі деп есептеймін.
Әбу-л-Ғазиде әңгімесінде : Жошы ауырып жатқан кезде делінеді онда,
Шыңғыс хан әлі тірі болатын, ол немересі Батуды өз ордасына шақырып алып,
“Әкеңнің билігін өзің қолыңа ал да, ол жетпеген жерлерге аттан” деген,
Сайын хан әскер жинап жүрген уақытта Шыңғыс хан қайтыс болады.
Батудың таққа отыру кезінде болған оқиғаларды әртүрлі түрде келтіреді,
Өтеміс Қажының “Шыңғыс Наме ” еңбегінде бұл былай суреттеледі: Жошы
өлгеннен кейін оның тұңғыш ұлы Орда Ежен мен Екінші ұлы Бату арасында хан
болу керектігі жөнінде дау шығып, ағайында екеуі бір-біріне билікті
ұсынады. Ақырында олар Шыңғыс ханға барып, одан өздеріне төрелік айтуын
сұрайды: “Бір анадан туған екі ұл және басқа анадан туған 17 ұл, бәрі
бірге Ұлы ханның қабылдауында болады. Олар өздерінің ханына қызметке
келген кезде, ол үш үй : алтын босағалы ақ үйді – Сайын ханға, Күміс
босағалы көк үйді – Еженге , болат босағалы боз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғысханның алтын әулеті
Алтын орданың құрылуы және қалыптасуы
Бату, Батый, Сайын хан
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
Шыңғыс ханның Орта азияға және Батыс мемлекеттеріне жорықтары
Моңғол жорықтары
Батудың (батый) орыс жеріне жорығы
Алтын Орданың құрылуы және тарихы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы туралы мағлұматтар
Монғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттердің саяси-құқықтық жағдайы
Пәндер