Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері


Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері
Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізі мәдениет әлеуметтік типтерге көшейік. Меселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени әлеуметтік тип ғыоымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесін гөрі, өмір идеяларын жалпылаудің тәжирибесіне жақын.
Архаикалық тип. Мәдени идентификация адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам тұғанынан құндылықтар жүсейін, әдетте сол қүйінде дайын қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратын ескерген жөн. Этномәдени сана “біз және біз емес” деген ажыратушылық оппозицияға негізделеген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып этностың түп тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл - жағымды әрі қажетті талап. Өзін сийламаған, басқаны да сийламайды.
Алайда этномәдени ментальдықтың әсіре бейнелген типтері бар. Олардың бірі - архаизм. Архаизм- мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде “дәстұршілік”, “ортодокстық”, “фундаменталисттік”, “партикулярлық” сияқты белгілерді де қосады, Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты басатауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан алғанда адамдың шғырмашылығы, жасампаздығы жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір бірімен тайталаста болады. Архаистік бағдар тұралы бірнеше деректер келтірдік.
Бұл мәселені А. Тойнби жан жақты қарастырған. Оның пікірі бойынша архаистік мәдени бағдар мінез құлық бітімдеріне, өнерде, тілде, дінде, экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Алмания тарихындағы тевтонизм таза қнды арийлі кидеялары мен фашисттік корпоративтік мемлекет құру тәжирибесі, Израильдегі өлі тіл ивритті тірілту әрекеті, Үндістандағы сансткритті қалпына келтіру талпыныстары, Рим императоры Августың христиандықты көне тайпалық діндермен алмастыруға тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылды.
Фундаменталисттік дұниетаным тіршіліктің негізі принциптеріне сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялік ілімі бойынша табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе дегенерацияға үшырайды. Ал кибернетик Росс Эшби жабық және кесімді ұйімдастырылған жұйелерде энтропия артып, қоллапстық қалып тауді дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар деушілердің де табылуы мүмкін. Алайда мәдениет Бүкіл әлемдік заңдылықтардан тыс болатын “мәңгі двигатель” емес.
Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқлған өтпелі кезендерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт санынан өткен ұйлесімді құндылқтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, огның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.
Қазіргі Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандағы айқындалды және төл мәдениеті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтіліс қалыптаса бастады. Бірақ азматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілік пен шаанизмге қайтып келу, дұниежүзілік тарихты шежірешілдікпен ауыстыру осы архаизмның көріністеріне жатады.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан адам-отбасы-мәдени шағын топ- этномәдениет-үлкен өркениет-адамзат. Бұл жерде формалық логикадағы ұғымның мазмұны мен колемінің кері қатынасы заңды әрекет етеді. Яғни ең мағыналы мәдени тұлға адам болып табылады. ұғымдардың көлемі кеңейе берген сайын комплиментарлықтың денгейі де азайта түседі. Енді архаистік нұсқаны келтірейік қауым мұшесі- ата баласы-ру-тайпа-жүз-ұлт. Ары қарай байланыстың ықтимал дәрежесі төмен. Бұл жүйенің басқа адамдары ассимиляциялау қабылеттілігі де жеткіліксіз. Түрік халықтарының тарихынан инкорпорациялық деңгейі жоғары болған этностардың санының тез өскенін байқаймыз. Бұл да әскеретін жайт. Әсіресе дәстұршіліктің көріністеріне қазақтің және әр жүздің ханын сайлау, шариғат пен қазалық салтты қалпыа келтіру, батыстық киым үлгілеріне тежеу сияқты пікірлерді үсыну жатады.
Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәтүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, қүнделікті өмірде ұлттқ мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады.
Мәңгүрттік тип- дәстүршлдің қарама қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалаумен қабылдаса, мәңгүттік - сыртқы құштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық зомбылықтың әсерінен айірілады. Әдетті бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.
Мысалы Ресей импреиясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:
- Халықтың өзін өзі басқару жүйесын отарлық әкімшілікпен алмастыру
- Салт дәстұр мен руханилықтың тамырына балта шабу
- Миссионерлік әрекет төлтума жазбаша мәдениетті щектеу алфавитты алмастыру орыстандыру орыс мекетептерін ашу
- “Бұратана” халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап күделікті тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті қайтадан игеру.
Осыдан келіп “мәңгүртсың” деп быреуды айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр.
Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмды алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде біздің республикалық басылымдардағы кездесетін мынандай пайымдаулардың төркінін көз салайық:
- қазақ тілі қөпшелелік үрдістен қалған реликт
- қөпшелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, “мәдениет” деген сөз арабша “қала” мағынасын білдіреді, сондықтан оны тек отырқшылардың үлесі деп жариялау
- “Психологиялық зерттеулер” республикада екі тип бар екендігін көрсетеді: біріншіден психодиагностикаға икемды “еуропаортандрылған” тип, екіншісі- этноорталықтық мінез құлыққа және дінге бағдарланған “ортодоксты-азиялық” тип
- Түрік халықтарының мәдени мүрасының түбынде арийлық архетип жатырб олардың мәдени жетістіктері ирандық “баулудың” нәтижесінде қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамызда ақ нәсілдік тип басым болғанб сондықтан олар арийлар деп жариялауда кездеседі. Бір тілдік топтың әртүрлі нәсілдерін құралау мүмкіндігін ескерген жөн.
Мәңгүрттік менталитеттің өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті өмірден де аңғаруға болады. Кейде мәңгүрттік мәдени типтен маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. оның үстіне маргиналдар қатрына ана тілінен білмейтындерды де қосады. Сонымен маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?
Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латн тілінен - “шетте болушы” деп аударалады. Р. парк маргиналдар мен мінез құлқына тынымсыздық, агрессиялық, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, өліара мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.
Әдетте маргиналдық ұғыммен қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық қатынастағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша айтқанда, маргиналдар- не қоғамдан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.
Ескі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшыырап, бұрынғы насаналар мен мұраттар маргиналдардың саны артады. Мысалы, ауыл селодан қалаға қоныс аударғандарды алып қарайық. Кеңес Одағы кезінде бұл процесс қанша дегенмен мемлекет бақылауында болды. Транзитік қоғамда нарықтық қатынастардың енуіне байланысты ауылдық жердің көптеген тұрғындары кәдуілгі ұйреншіті мәдени ортаны тастап, қалаларға келді. Ал қалалық мәдениет пен өмір салтына олар онша икемделе алмай, маргиналдың санын көбейтті.
Француз ғалымы А. Фарждың пікірі бойынша маргиналдың алдында екі дол тұр:
- барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып, өзінше жаңа бір субмәдениетті қалыптастыру;
- біртіндеп заңдылық аймағынан шеттелеу
... жалғасыӘрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтын қоғам тас джунгдилердегі адасып жүргендердың санын көбейтпеуге ұмтылуы қажет. бұл жерде мәдени адаптациялық жұйелердың қызметының маңызы бар. Өйткені, басқа мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерініің ғасырлар бойы қалыптасқан басқа мәдеениеттермен қарым-қатынасқа тұсу тетіктерінен айырылып қалады. Мәдени адаптацияны аккультурациялық, процестермен теңестыру дурыс емес. Резервациялар мен фильтрациялық ұжымдарда кұшпен орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде адамдық абырой мен намыс аяққа тапталып, рухани азғындау өріс жаяды.
Қазіргі кездерде өркениетті елдерде бұрынғы жоғры мәдениетке күшпен еңгізу бағдарламасының орнына “мәдениеттер сұхбаты” идеясы ұсынылып отыр. Быр ескере кететін жайт: мәдениеттанушылар “жоғары және төменгі” деген бөлуден мәдениеттердың тең қалыпты принципын қолдауға көшті.
Еуразиялық тип. Бұл типті негіздеуден бұрын, қазыргі кезде өтімді бір теория- С. Хантингонның “Өркениеттер жан жалы” ілімінің бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әр түрлі суперөркениеттердың шекаралық аймағы тұрақсызлықпен жанжалдардың ықтимал ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің геомәдени кеңістігі боынша конфуцийлік және проваславиелік өркениеттердің ортасында орналасқан. Алйда ТМД-нің кейбір мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстанда қағамдық саяси тұрақтылық пен келісушіліктің мығым екендігі белгілі.
Мұны көптеген факторлармен түсіндіруге болады. Олардың арасында мәдени фактордың да алтын орны ерекше. Біздің пікрімізше, қазыргы Қазақстан Республикасының ішкі жағдайын анықтайтын маңызды және аумақты мәдени топқа еуразиялік менталитет өкілдері жатады.
Қазақстандағы Ресей ықпалы республикадағы ұлкен славяндық топтың барлығымен ғана емес, қазақ халқының ұзақ жылдар бойы Ресейдің қол астында болуына қатысты. Отаршылықтың қазақ мәдениетіне тигізген теріс әсерлері жөнінде осыған дейін жеткілікті айттық. Алайда, бірнеше ғасырлар бойы бірге өмір сұрудің нәтижесінде қазақ халқының мәдени құрылымына біраз өзгерістер болады. Бұл процесс ең алдымен тілді қамтыды және орыс тілді қазақтар мәселесін тудырды. Белгілі елтанушы М. Тәтімовтың дерктеріне сүйенсек, 1992 жылы қазақтардың 25% қазақша сөйлесуден қалған. Жеке қалаларда бұл процент тым жоғары: Алматыда -85, Қостанайда- 75, Қарағандыда- 80 процент.
Әрине демографиялік және тілдік факторлардың этномәдениетке тигізетін әсері мол. Алайда, тілден айырылдың деп бұл үлкен топты ұлттық мәдениет аймағынан шығарып тастаған да дұрыс емес. Мысалы, шотландтар мен ирландтар ағылшын тілнде сөйлегенімен ұлттық менталитенінен айырылған жоқ. Осы сияқты республикадағы орыстілді қазақтардың және басқа да мүсылман халықтарынынң бірталайы ұлттық салт дәстұр
мен діни - мәдениет өрісінен алыстап кеткен жоқ. Және мәселе сан-мөлшер мен ұлес тұралы болып отырған жоқ.
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы мәдени жүйесінде 3 бөліктің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оларға төлтума дәстүрлі мәдениет және батыстық әсер жатады. Еуразиялық мәдени тип дәстұрлі мәдениетті батыстық өркениет жетістіктерімен ұштастыра білген. Арнаулы зерттеулер қазақтардың мәдени диалогқа икемді екендігін көрсетеді. Бұл тұралы Абай да жеткілікті айтқан. Тек “дәстүрлі адам” прогрестің антиподтың антиподы деп қарастырған жасандылық.
Еуразиялік мәдени тип, Гегельдің тілімен айтқанда “айырылған санаға” жатады, ол батыс пен шығыстың арасында аутқып жұреды. Бұл дәстұрдің ескі ұлгісін Ұлы Жибек жолы мәдениетінен де көруге болады. Бырақ еуразиялық мәдениетті тек батыс пен шығыстың ортасындағы буферлік аймақ ретінде қарастыру да сыңаржақтылықтың бір түрі. Өйткені бұл жерде бір адамзат тарихындағы екі суперөркениеттің жай қарым қатынасын емес, олардың тұтастану ұлғысының қалыптасуының куәсы болып отырмыз.
XXІ ғасырдың қарсаңіна мәдениеттердің ұлы тоғысуы, сұхбаттасуы және тұтастануы басты тенденцияға айналды. біз шынында да, біртектес адамдық мәдениеттің аймағына ене бастадық. Нәсілдік, отаршылдық, саяси-идеологиялык жікшілден “бұкіладамдық ұйге” көшу басталды. Бұл мәселе қазақ мәдениеті ұшын де өте актульды болып табылады. Ішкі жікшіддіктен аылу, әлемдегі өркениетті елдермен жақндасу, халықаралық қатынастардың тұлғасына айналу қазақ мәдениетіне жоғары талаптарды қояды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz