Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


1 ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Вексель туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.3 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы және оны қолдану
барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА.ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ

2.1 «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық жағдайын мен қолма.қолсыз есеп айырысуы сараптына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы қолма.қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақшаайналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады.
Өз кезегінде вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. /1/
Вексельдің экономикалық мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі болуында.
Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ вексельмен операцияларды Ұлттық Банктер де және коммерциялық банктерде іске асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің өзара айырмашылықтары және олардың қызмет ету ерекшеліктерінің маңызы мен мәні талқылауды қажет етеді.
Сонымен мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңдағы экономикалық қатынастарда есеп айырысудың формаларының бірі болып табылатын «Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы» деп алдым. Өйткені вексель қолма-қолсыз төлем құралы ретінде айналыстағы қолма-қол ақшалардың артық өсіміне шектеулер қояды. Сондықтан вексель айналысының дамуы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына өз үлесін қосады.
Мен бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме келесілерді жатқызамын:
• Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі жалпы экономикалық сипатын ашу;
• Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері мен жіктелу құрылымын талдау;
• Вексельдің банкте қолданылуын жан-жақты талдау;
1. Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы 1997 ж.
28 сәуiрдегі N 97-1 Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы
3. Баян Көшенова, Оқу құралы Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
4. С.Б. Мақыш, Оқу құралы “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2005 ж. – 248 бет.
5. Миркин Я.М. / Ценные бумаги и фондовой рынок. Москва 1995г.
6. Көшенова Б.А. / Бағалы қағаздар нарығы : Оқу құралы – Алматы: Экономика – 1999г.
7. Ценные бумаги. / Колесникова В.И. Торканов В.С. Москва 1998г.
8. «Деньги, кредит, банки» Учебник Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, Москва: 1999г.
9. Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
10. С.Кабашев «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2010. 58-61 стр.
11. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
12. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 3 - 2011 г. 1-6 стр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Вексель туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.3 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы және оны қолдану
барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Халық Банк АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп
айырысуы сараптына талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...17
2.2 Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамы қолма-қолсыз
есеп айырысуыдың электронды нысандарының қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 32

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..36

КІРІСПЕ

Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша
айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын
реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру
саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақшаайналысында несиелік
ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер.
Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып
табылады.
Өз кезегінде вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем
міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының ҚР-дағы
вексель айналысы туралы (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы
қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді
борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни
вексель иемденушіге береді. 1
Вексельдің экономикалық мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем
уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель
берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі
болуында.
Вексель нарықтық экономикалық қатынастарда тауар-ақша қатынастарын
және коммерциялық несиені дамытудағы басты құрал болып табылады. сондықтан
елдің экономикасының тиімді өсуін ынталандыру үшін вексельдік несие
ақшаларды дамытудың Қазақстан үшін маңызы жоғары болып отыр. Сондай-ақ
вексельмен операцияларды Ұлттық Банктер де және коммерциялық банктерде іске
асырады. Ол туралы жұмыс барысында тоқталамыз.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі,
вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында
пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің
өзара айырмашылықтары және олардың қызмет ету ерекшеліктерінің маңызы мен
мәні талқылауды қажет етеді.
Сонымен мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңдағы экономикалық
қатынастарда есеп айырысудың формаларының бірі болып табылатын Вексель
айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы деп алдым. Өйткені вексель
қолма-қолсыз төлем құралы ретінде айналыстағы қолма-қол ақшалардың артық
өсіміне шектеулер қояды. Сондықтан вексель айналысының дамуы Қазақстан
экономикасының тұрақты дамуына өз үлесін қосады.
Мен бұл тақырыпты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме келесілерді
жатқызамын:
• Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі жалпы экономикалық сипатын
ашу;
• Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері мен жіктелу құрылымын талдау;
• Вексельдің банкте қолданылуын жан-жақты талдау;
• Қазақстандағы вексель және вексель айналысына қатысты құқықтық
заңдарға талдау жасау;
• Сонымен қатар Қазақстандағы вексель айналысының және оның
қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму болашағын анықтау болып
табылады.

1 ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ

1.1 Вексель туралы жалпы түсінік

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және
басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне
қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді
сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім
несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі –
вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы – вексель болып табылады. А.А. Фелдманның
айтуынша: вексель – мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы
төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған
қарыздық міндеттемелерінің бірі. Д.М. Мажитов, осы айтылған вексельге
берген анықтамасын қолдай отырып вексель – бұл белгіленген мерзім
аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан
талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме деп атады.
3, 45-46 б.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні –
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі,
вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына
немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем
қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк
сатып алады.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған
елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде
электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың
ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша
айналымының 20-25% құрайды). 6, 47 б.
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым
қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол
үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар
ақша айналымын жеделдетеді.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық
қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша
қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін
таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім.
Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның
маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель
берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады.
Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және
басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель
алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды,
оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде
бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және
сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты
орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
• Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не
мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
• Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына
қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
• Үшіншіден, вексельді айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа
адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы
ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол
себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды. 4, 9-10 б.
Сонымен мен бірінші бөлімде вексельдің экономикалық мәні мен маңызына
тоқтала келе, келесі екінші бөлімде вексельдің негізгі түрлері мен олардың
жіктемесін талдап өтпекшімін.

1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі

Классикалық вексель айналымының негізін коммерциялық вексель құрайды.
Қазақстан тәжірибесінде негізінен қолданылатын вексельдің түрлеріне – жай
және аудармалы вексель жатады. Дамыған Жапония және Франция елдерінде
аудармалы вексельді белсенді түрде қолданылады.
ҚР-дағы вексель айналысы туралы (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес
жай және аудармалы вексельді қарастырайық. 1
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

1
2
3
4

Сурет-1 – Жай вексельдің айналысы*

1. Вексельді тауар сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші – вексель
иемденушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді
(вексель берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынып
отырады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді, яғни
вексельді өтейді;
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара әрекет
жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай ақ белгіленген
уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (яғни
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Акцепт – есеп айырысуда төлеушінің (акцептанттың) өз қарызын төлеуге
жазбаша берген келісімі, демек акцепт есеп айырысудың бір түрі. 4, 46 б.
Аудармалы вексельдің айналысын келесі суреттен көре көре аламыз:

6

5

3 4 8 7

2

1

Сурет-2 – Аударым вексельдің айналысы*

2-ші суреттегі:
1. вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) яғни қарызға тауарды
және траттаны (аудармалы вексельді) береді;
2. төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп оны вексель берушіге
(трассанқа) қайтарады.
3. вексель беруші (трассант) акцепттелген вексеьді ремитентке –
аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
4. ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемдерді өтеуге жіберіп
отырады;
5. трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге
вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
6. ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7. несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне
жібереді;
8. ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір формасына жатады. Себебі,
вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында
пайдаланатын вексельдің түрлеріне қатысты жай және аудармалы вексельдің
өзара айырмашылықтары бар.
Бұл айырмашылықтарға келесілер жатады:
• Жай вексель – бұл қарапайым түрдегі борышқордың борыштық қолхаты, яғни
төлеуге берген сөзі. Аудармалы вексель – бұл кредитордың қарыз алушыға
төлеушіге тиісті ақшалай қаражатын ремитентке төлеуі туралы ұсынысын
білдіреді;
• Жай вексельде екі тұлға қатынасады: вексель беруші (қарыз алушы) және
вексель ұстаушы (кредитор). Аудармалы вексельде кемінде үші немесе
одан көп тұлға қатынасады: вексель беруші (кредитор) – трассант,
төлеуші (борышқор) – трассат, вексель ұстаушы – ремитент;
• Жай вексельде вексель беруші – бұл вексель ұстаушыға қатысы бойынша
төлеуші немесе вексель ұстаушының үкімі бойынша үшінші бір тұлғаға
қатысты алғанда ол әрдайым вексельдегі қарызды өзі төлейді. Сондықтан
да бұл жерде вексельді акцептеу қажет етілмейді.
• Аудармалы вексельде вексель беруші – бұл кредитор, бірақ та ол, өзінің
борышқорына қарызды өзіне емес, яғни өзі борышқор болып табылатын
үшінші бір тұлғаға (вексель ұстаушыға) төленуіне ұсынысын жасайды.
Бұл дегеніміз ол өзінің қарызын өзі төлемейді, бірақта ол төлемді оның
өтініші басқа бір тұлға жасайды. Аудармалы вексель арқылы қарызды
төлеу басқа тұлғаға өтеді.

Кесте 1- Вексельдің жіктелуі

Белгілеріне Вексельдің атауы Сипаттамалар
байланысты жіктеу
Алынған табысына Дисконттық Номиналдық құнынан төмен сатып
байланысты алынатын вексель.
Пайыздық Номиналы бойынша сатып алынатын
вексель табыс алу үшін ұсынады.
Мерзіміне қарай Қысқа мерзімді айға дейін
Орта мерзімді айдан 1 жылға дейін
Ұзақ мерзімді 1 жылдан жоғары

Қатысушылардың Жай Вексельді ұстаушыға вексельде
санына байланысты көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта немесе талап етуге
байланысты төлеу құралы, вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген
міндеттемесі;
Аудармалы Вексель берушінің (трассанттың)
қарызды алушыға (трассатқа) белгілі
соманы белгіленген мерзімде үшінші
бір тұлғаға (ремитентке) төлеу
туралы бұйрығын білдіреді.
Мақсатына, мәміленіңКоммерциялық Сатып алу – сату мәмілесі негізінде
сипатына және туындайтын вексель.
қамтамасыз етілуіне Банктік Банктердің түрлі банктік
қарай операцияларды жүзеге асырғандағы
дәлелдейтін вексельді айтамыз.
Қаржылық Мәні банктердің қаражатты тартуы.
Қазынашылық Өзінің шығынын өтеу үшін мемлекеттің
айналымға шығарған вексельі.
Қамтамасыз етілмеген вексель.
Кезікпе Қамтамасыз етілмеген вексель.
Фиктивті Кейіннен банкте оларды есепке алу
Бронзалық мақсатында бір-біріне беріледі.
Достық
Төлем мерзіміне Ұсынуы бойынша Ұсынған кезде төленеді, бір жыл
байланысты ішінде төлеуге ұсынылуы керек,
вексель беруші бұл мерзімді
Нақты күні қысқартуы мүмкін.
көрсетілген Вексельді нақты төлеу күні
Ұсынылғаннан көрсетіледі.
кейін нақты бір Акцепт күні немесе наразылық
күнде білдірген күн бойынша анықталады.
Рәсімдеудің Жарамды Вексельдің реквизиттері көрсетіледі.
дұрыстығына қарай Жарамсыз Вексель ережесінің орындалмауы.

Осыдан келіп, оның аудармалы деге наты туындайды. Вексель берушінің
міндеті мынадай бір өзіндік шартты көздейді Егер де төлеуші төлемесе, мен
төлеймін деген сипатқа ие. Соған сәйкес аудармалы вексельдің бет жағында
төлеушінің қолы түрінде акцептің болуы талап етіледі.
Аударым векселiнде мыналар болуға тиiс:
1) құжат мәтiнiнiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлде
айтылған "вексель" атауы;
2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;
3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы;
4) төлем мерзiмiн көрсету;
5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету;
6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның атауы;
7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету;
8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.
Сонымен бірінші тарауды қорытындылайтын болсақ, қолма-қолсыз есеп
айырысу формасы бола отыра, қарыз міндеттемесін білдіреді. Вексель
нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу
болып табылады. Сондай-ақ мен бұл тарауда вексельдің негізгі түрлері мен
олардың жіктемесін қарастырып өттім. Енді жұмыстың келесі тарауында
вексель айналысы мен оның Қазақстандағы даму болашағын талдау болып
табылады.

1.3 Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы және оны қолдану
барысы

Бұл Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы
бiрыңғай заңды белгiлейтiн конвенцияға, Аударым және жай вексельдер туралы
заңдардың кейбiр үйлеспеушiлiктерiн шешу мақсатын көздейтiн конвенция мен
Аударым және жай вексельдерге қатысты елтаңба алымы жөнiндегi конвенцияға
сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейдi және төлем
құралы мен несие қаражаты ретiнде вексельдiң қызметiн белгiлейдi.
Аударым векселi вексель берушiнiң бұйрығымен ақы төленуге тиiс деп
берiлуi мүмкiн. 1
• Ол вексель берушiнiң өзiне берiлуi мүмкiн.
• Ол үшiншi тұлғаның есебiнен берiлуi мүмкiн.
Аударым векселi үшiншi тұлғаның тұрғылықты жерiнде немесе төлеушiнiң
тұрғылықты жерiнде немесе басқа бiр жерде төленуге тиiс болуы мүмкiн.
Ұсынылған мерзiмде немесе ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге
тиiстi аударым векселiнде вексель берушi вексель сомасына процент есептеуге
шарт қоя алады. Мұнан басқа аударым вексельдерiнде мұндай шарт жазылмаған
деп есептеледi.
Вексельде проценттiк ставка көрсетiлуге тиiс; мұндай нұсқау болмаған
жағдайда, шарт жазылмаған деп есептеледi. Егер де басқа күн көрсетiлмесе,
проценттер аударым векселi жасалған күннен бастап есептеледi және
векселiндегi сома жазбаша да, цифрмен де жазылса, бұл жазбалардың арасында
қайшылықтар болған жағдайда вексель жазбаша көрсетiлген сомада күшiнде
болады. Егер аударым векселiнде сома жазбаша түрде не цифрмен бiрнеше рет
көрсетiлсе, бұл жазбалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель
тек аз сомаға ғана күшiнде болады.
Егер аударым векселiнде аударым векселi бойынша мiндеттi бола алмайтын
тұлғаның қолы, жалған қолдар немесе ойдан шығарылған адамдардың қолдары
болса, немесе оған қол қойғандарды барлық басқа негiзде мiндеттей алмайтын,
немесе бiреудiң атынан қол қойылса, басқалардың қойған қолдары дегенмен де
күшiн жоймайды. Вексельге қойылмаған қолдың орыны аударым векселiне өз
қолын қойып куәландырушы адамның еркiн бiлдiретiн ресми түрде куәландырып
жазған өтiнiшi арқылы ғана толтырылуы мүмкiн.
Тұлға атынан iс-әрекет жасауға уәкiлдiк берiлмеген, тұлғаның өкiлi
ретiнде аударма векселiне қол қойған әрбiр адам вексель бойынша тарап
ретiнде мiндеттi болады және, егер ол вексельдi төлеген болса, өкiл ретiнде
көрсетiлген адамның құқығындай құқықтарға ие болады. Өзiнiң өкiлеттiгiн
асыра пайдаланған өкiл де дәл осындай жағдайда болады. Вексель берушi
акцепт үшiн де, төлем үшiн де жауап бередi. Оның өзiне акцепт үшiн
жауапкершiлiк алмауына болады; оның төлем үшiн жауапкершiлiктi алмауының
әрбiр жағдайы жазылмаған деп саналады. Әрбiр аударым векселi, тiптi ол
бұйрық туралы нұсқаусыз берiлсе де, индоссамент арқылы берiлуi мүмкiн.
Егер вексель берушi аударым векселiнде "бұйрыққа емес" деген сөздi
немесе қандай да бiр соған тең мағынадағы сөздi жазатын болса, құжатты
нысаны ғана сақталып және жай цессия нәтижелерiмен берiлуi мүмкiн. Төлемшi
вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне де қарамастан, тiптi соның
пайдасына немесе вексель берушiнiң пайдасына не вексель бойынша мiндеттi
қандай да бiр басқа тұлғаның пайдасына индоссамент жасалуы мүмкiн. Бұл
тұлғалар өз кезегiнде вексельдi индоссация жасай алады.
Индоссамент жай және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс. Оны
шектейтiн шарттың кез-келгенi жазылмаған деп есептеледi. Iшiнара
индоссамент жарамсыз болады. Индоссамент көрсетушiге бланктiк индоссамент
күшiнде болады. Индоссамент аударым векселiне немесе соған қосымша параққа
(аллонжға) жазылуға тиiс. Индоссамент өз пайдасына индоссамент жазылған
тұлғаның нұсқауы көрсетiлмеуi мүмкiн немесе онда бiр индоссанттың ғана
қойған қолы болуы тиiс (бланктiк индоссамент). Бұл соңғы жағдайда
индоссамент өз күшiнде болуы үшiн ол аударым векселiнiң сырт жағына немесе
аллонжға жазылуға тиiс. Индоссаментке аударым векселiнен туындайтын барлық
құқық берiледi. Егер индоссамент бланктiк индоссамент болса, вексель
ұстаушы:
1) бланктi не өзiнiң атынан немесе басқа бiр тұлғаның атынан
толтыра алады;
2) өз кезегiнде вексельдi бланк арқылы немесе қандай да басқа бiр
тұлғаның атына индоссациялай алады;
3) вексельдi бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшiншi
тұлғаға бере алады. 1
Аударым векселi кiмнiң қолында болса, тiптi соңғы индоссамент бланктi
индоссамент болғанның өзiнде, егер ол өз құқығын индоссаменттердiң үздiксiз
қатарына негiздей алса, сол тұлға заңды вексель ұстаушы деп қарастырылады.
Бұл орайда сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған болып есептеледi.
Бланктiк индоссаменттен кейiн басқа индоссамент болған кезде, соңғысына қол
қойған тұлға бланктiк индоссамент бойынша вексельдi сатып алған деп
есептеледi.
Вексель берушi қандай да болсын аударым векселiнде мерзiмi белгiленген
немесе белгiленбеген вексельдiң акцептке табыс етiлуге тиiстiлiгiн шарт
етiп қоя алады. Егер үшiншi бiреуде төленуге тиiс болатын аударым векселi
туралы, немесе төлем төлеушiнiң тұратын жерiнен басқа жерде төленуге тиiс
вексель туралы, немесе ұсыну бойынша белгiлi бiр уақыттан кейiн төленетiн
вексель туралы сөз болып отырмаса, ол вексельде оны акцептке ұсынуға тыйым
сала алады. Ол акцептке белгiленген мерзiмнен бұрын орын алуға болмайтынын
да шарт етiп қоя алады. Егер вексель берушi вексельдi ғана акцептеуге
болмайды деп жарияламаған болса, әрбiр индоссат вексель мерзiмiн белгiлеп
немесе оны белгiлемей вексельдi акцептке ұсынуға тиiс екенiн шарт етiп қоя
алады. Ұсынудан кейiнгi белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым
вексельдерi берiлген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде акцептке табыс етiлуге
тиiс.
Вексель берушi бұл соңғы мерзiмдi қысқартуы немесе неғұрлым ұзағырақ
мерзiмдi белгiлеуi мүмкiн. Индоссанттардың бұл мерзiмдi қысқартуы мүмкiн.
Төлем төлеушi бiрiншi ұсынудан кейiн вексельдi келесi күнi өзiне қайталап
ұсынуды талап ете алады. Мүдделi адамдар, наразылықта айтылған талап
орындалмаған жағдайда ғана ол талаптың орындалмағанына сiлтеме жасай алады.
Вексель ұстаушы акцептке ұсынылған вексельдi төлем төлеушiге беруге
мiндеттi емес. Аударым векселiнде акцепт белгiленедi. Ол "акцептелген"
деген сөзбен немесе басқа бiр сондай мағынадағы сөзбен бiлдiрiледi; оған
төлем төлеушi қол қояды. Вексельдiң бет жағына төлем төлеушiнiң қойған жай
қолы акцепт күшiн алады.
Егер вексель ұсынудан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiс болса
немесе ерекше жағдайға байланысты белгiлi бiр мерзiмде акцептке ұсынылуға
тиiс болса, акцептке оның берiлген күнi қойылуға тиiс, бұл орайда вексель
ұстаушы оның ұсынылатын күнмен көрсетiлуiн талап етпеуi керек. Күнi
көрсетiлмеген жағдайда вексель ұстаушы индоссанттарға қарсы және вексель
берушiге қарсы өзiнiң регресс құқығын сақтап қалу үшiн бұл олқылықты
мезгiлiнде наразылық жасаумен куәландыруға тиiс. Акцепт жай және ешқандай
шарт қойылмаған болуға тиiс, алайда төлем төлеушi оны соманың бiр бөлiгiмен
шектей алады.
Акцептпен аударым векселiнiң мазмұнына жасалған қандай да болмасын
өзге өзгерiс акцепт жасамаудан бас тартумен бара-бар болады. Алайда
акцептант өз акцептiнiң мазмұнына сәйкес жауап бередi. Егер вексель берушi
аударым векселiнде төлем төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге төлем жасайтын
жердi көрсетсе, бұл орайда төлем жасалуға тиiс үшiншi тұлғаны көрсетпеген
болса, төлем төлеушi мұндай тұлғаны акцепт жасалған кезде көрсете алады.
Мұндай нұсқау болмаған жағдайда, акцептант төлемдi төлем төленетiн жерде
өзi жасауға мiндеттендi деп ұйғарылады. Егер вексель төлем төлеушiнiң
тұрғылықты жерiнде төленуге жататын болса, соңғысы акцепте сол жердегi
төлем жасалуы тиiс болатын қандай да бiр мекен-жайды көрсете алады.
Төлем төлеушi акцепт арқылы аударым векселiн мерзiмiнде төлеуге өзiне
мiндеттеме қабылдайды. Егер аударым векселiне акцептi туралы жазба жасаған
төлем төлеушi оны вексель қайтарылғанға дейiн сызып тастаған болса, акцепт
жасаудан бас тартылды деп есептеледi. Өзгеше дәлелденбейтiн болғандықтан,
сызып тастау құжатты қайтарып бергенге дейiн жасалған деп есептеледi.
Алайда, егер төлем төлеушi өзiнiң акцептi туралы вексель ұстаушыға
немесе қол қойғандардың әлде бiреуiне жазбаша хабарласа, онда өз акцептiнiң
шарттарына сәйкес олардың алдында мiндеттi болып табылады.

Жай вексель мыналардан тұрады: 1
1) мәтiннiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлдегi "вексель"
атауы;
2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уәде;
3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi;
4) төлем жасалуы тиiс орынның көрсетiлуi;
5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс тұлғаның атауы;
6) вексельдiң жасалған күнi мен орнының көрсетiлуi;
7) құжатты берушiнiң (вексель берушiнiң) қойған қолы.

Алдыңғы бапта көрсетiлгендердiң қандай болса да бiрi жоқ құжат,
төмендегi абзацтарда белгiленген жағдайларды қоспағанда, жай вексельдiң
күшiне ие бола алмайды.
Төлем мерзiмi көрсетiлмеген жай вексель ұсыну бойынша төленуге тиiстi
вексель ретiнде қарастырылады.
Ерекше нұсқау болмаған жағдайда, құжат жасалған жер төлем төленетiн жер
және сонымен бiрге вексель берушiнiң тұрғылықты жерi деп есептеледi.
Жасалған жерi көрсетiлмеген жай вексель - вексель берушiнiң атауымен
қатар көрсетiлген жерде қол қойылған деп қарастырылады.

Жай вексельге, бұл құжаттың табиғатына қайшы келмейтiндiктен, аударым
векселiне қатысты және:
индоссаментке төлем мерзiмiне төлемге
акцептемеген немесе төлем төлемеген жағдайда талап қоюға делдалдық
тәртiбiмен төлем төлеуге көшiрмелерге өзгерiстерге мерзiмi өтуге жұмыс
iстелмейтiн күндерге, мерзiмдердi есептеуге және жеңiлдiк берiлген күндерге
тыйым салуға қатысты қаулылар қолданылады.
2010 жылы KASE - да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу –
сату операцияларының көлемі жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын
қосқанда 631,8 млрд.теңге (4754,2 млн.долл) асқан жоқ және 2009 жылмен
салыстырғанда 16,1% төмендеді. Ал 2009 жылы сәйкесінше мемлекеттік бағалы
қағаздардар операцияларының көлемі 753,1 млрд.теңге (5558,6 млн.долл)
құрады. Кестеде 2010 жылдың әрбір айына мемлекеттік бағалы қағаздарады
сатып алу-сату келісімдерінің көлемі және айналым құрылымы сонымен қатар
2009 жылдың берілген мәліметтерімен салыстыру көрсетіледі.
2010 жылы желтоқсанда KASE – да мемлекеттік бағалы қағаздарды
сатып алу – сату секторында жалпы сомасы 40 467,0 млн. теңге (302,5 млн.
долл) болатын 155 келісімдер тіркелген.
Екінші ретті нарықтың сатып алу – сату секторында жалпы сомасы
22 655,3 млн. теңге болатын 111 келісім тіркелген, 2009 жылы қараша айында
12,2% төмендеді.

Кесте 1 - 2010 жылдағы мемелекеттік бағалы қағаздардың биржалық
нарығы, млн.теңге

Айлар МБҚ биржалық нарық секторы Барлығы
Бірінші ретті Екінші ретті нарық,
орналастыру сатып алу-сату
Қаңтар 22 190,0 47 121,1 69 311,1
Ақпан 18 777,1 25 390,6 44 167,7
Наурыз 16 000,0 37 133,5 53 133,5
Сәуір 14 000,0 33 954,5 47 954,5
Мамыр 16 000,0 58 262,90 74 262,90
Маусым 18 000,0 40 905,60 58 905,60
Шілде 0 41 835,20 41 835,20
Тамыз 0 52 129,90 52 129,90
Қыркүйек 0 59 189,60 59 189,60
Қазан 0 64 584,6 64 584,6
Қараша 0 25 808,8 25 808,8
Желтоқсан 17 811,7 22 655,3 40 467,0
Барлығы 122 778,9 508 971,60 631 750,50
2005 жылдың
қаңтар-желтоқсаны
0 753 102,8 753 102,8
Тренд х 0,68 0,84

Екінші ретті нарықтың сатып алу-сату операцияларының өзгеру
динамикасын көрсек, қыркүйек, қазан айларында өскенін содан кейін кемігенін
байқаймыз.

Кесте 6 - Қазақстандық қор биржасындағы келісімдердің көлемі мен үлесі
(АҚШ млн.долл.) [1]

2007 2008 2009 2010
көлемі үлесі көлемі үлесі көлемі
ТМ LM “Темірлизинг”АҚ 34 218,00 4 579,60 13 7,54 -
CCBN “Банк Центр 32 926,80 4 414,00 37 7,25 0
Кредит” АҚ
HSBKp1 “Қазақстанның 32 049,40 4 285,80 5 7,06 2,44
халықтық
жинақтаушы банкі”
KZCR “ТНК” Казхром” АҚ 19 827,20 2 656,90 5 4,37 0
ASFib7 “Астана - Финанс”АҚ 16 339,00 2 189,30 43 3,6 -3,65
TEBNp “Темірбанк” АҚ 16 187,10 2 163,70 34 3,57 -1,61
ALKSb “АЛМАТЫ КУС”АҚ 16 125,50 2 154,20 15 3,55 -2,07
BTAib8 “БТА Ипотека” АҚ 14 9801,20 2 004,60 7 3,3 13
KZTC “KazTransCom” АҚ 12 904,10 1 728,90 4 2,84 -
KKAGb“Қазақстанқағазы”АҚ 11 984,80 1 604,50 8 2,64 0,17
Барлығы 207 542,10 27 781,50 171 45,72
Барлық МЕБҚ 453 794,30 60 736,30 682 100

- кестедегі бағалы қағаздар келісім көлемінің кемуі бойынша орналасқан,
доллор түрінде. “p”-артықшылықты акциялар; “b”- облигация; “e”-
еврооблигация; қалғаны жай атаулы акция.

2. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНА ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Халық Банк АҚ қаржылық жағдайын мен қолма-қолсыз есеп
айырысуы сараптына талдау

Бұл тарауда Қазақстан Халық Банкі АҚ қолма-қолсыз есеп айырысуының
ұйымдастырылуына, олардың мемлекеттік бюджеттегі үлестері, қолма-қолсыз
есеп айырысуының бақылау-экономикалық қызметі, соның ішінде ақша-несиелік
саясатты қаталдату Ұлттық Банктің мөлшерінің нарық мөлшеріне әсердің
бағытын өзгеруді қарастырады, яғни коммерциялық банктердің қолма-қолсыз
ақшалар қызметтін атқаруы қолма-қолсыз ақшалар механизмді үнемі
жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін
қолма-қолсыз ақшалардың әдістері мен формаларын енгізуді, қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысу операцияларына талдау жасалады.
“Қазақстан Халық жинақ Банкі” АҚ- өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан
астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса
ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша
сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
Банктердің кредиттік портфелінің құрылымында 2011 жылғы 1 тамыздағы
жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі- 61,2%, күмәнді- 36,8%,
үмітсіз -2,0% болды. 2001 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша стандартты
кредиттердің үлесі – 61,1%, күмәнді- 36,4%, үмітсіз- 2,5% болды (кесте 1).

Кесте 1
Қазақстан Халық Банк АҚ 2009-2011 жылдардағы қолма -қолсыз есеп
айырысуының ұйымдастырылуына жасалған жарнама қызметінің шығыны

(млн. тенге)
2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл
Жарнама түрлері
млн.тг. % млн.тг. % млн.тг.
%
Сыртқы жарнама 0,8 20 1,056 22 1,98 33
Радио 0,532 13,3 0,648 13,5 0,75 12,5
Теледидарға 1,26 28,5 1,44 30 0,84 14
Прессаға 0,6 18 0,456 9,5 0,45 7,5
ВСЕГО 3,192 79,8 3,6 75 4,06 67

Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы 2002 жылғы 1
тамыздағы жағдай бойынша өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 49,3%-
ке өсіп, 253,1 млрд.теңге болды. Шығыстар сомасы өткен жылдың осындай
кезеңімен салыстырғанда 48,1%- ке өсіп, 208,9 млрд.теңге болды.
Қазіргі уақытта құрылымды реформа қаржылық сектордың барлық
сегменттерінде орындалған. Қазақстанның банк жүйесі негізгі банк
жұмыстарының халықарарлық стандарттарына негізделген. Елде инфрақұрылымы
дамыған қаржы нарықтары қызмет көрсетеді.

Кесте 2
Қазақстан Халық Банкі АҚ 2011 жалғы қолма -қолсыз есеп айырысуының
ұйымдастырылуына жасалған сыртқы жарнама қызметінің шығыны
(АҚШ доллары)
Банк Мекен жайы Жарнама түріКөлемі Жалға Бір айдағы
салынатын сомасы
салығы
Қазақстан Аэропорт Биллборд 5*15 м $ 800 $800
Халық Банкі
Аблай Хан Биллборд 3*9 м $250 $250
данғылы
Республикадалайтбокс 120*180 см $50 $50
нғылы

2010 жылдың 29- қантарында Ұлттық Банктің Басқармасы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банктің 2010-2011 жылдардың арасындағы ақша- қолма-
қолсыз есеп айырысу саясаттың негізгі бағыттарын анықтады.
Банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу бойынша экономикаға негізгі қарызы
бір тоқсанның ішінде 2,3%-ға (жыл ішінде 6%) өсіп 1036,6 млрд. тенге (7,46
млрд. АҚШ долл) болды.
Сонымен қатар ұлттық валютада берілген қолма-қолсыз есеп қарқыны шетел
валютасындағы қолма-қолсыз ақшалар қарқынынан артық болды. Жыл ішінде
ұлттық валютадағы қолма-қолсыз ақшалар мөлшері 5,2% өсіп 484,6 млрд.
тенгеге жетті, ал шетел валютасындағы қолма-қолсыз ақшалар мөлшері 0,1%
кеміп 552,1 млрд. тенге болды. Нәтижесінде тенгедегі несиелердің үлесі
45,4%-дан 46,7%-дейін өсті. (6,7,8 суреттер)

Сурет 6. 2011 жылдағы ұлттық және шетел валютадағы қолма-қолсыз есеп
айырысу мөлшерінің салыстырмалы өсуі (млрд. тенге)

Сурет 7,8. ҚР банктердің 2011 жыл ішінеде қолма-қолсыз ақшалар мөлшерінің
өзгеруі.(пайыз)

Жыл аяғында банктердегі қолма-қолсыз ақшалар есеп айырысуы саны 35-ке
жетті. Соның ішінде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық
кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің мүшелерінің саны арта түсті (18-ден 22-
ге дейін).Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз ақшалар қызметтін атқаруы
қолма-қолсыз ақшалар механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің
қарапайым техникасын қамтамасыз ететін қолма-қолсыз ақшалардың әдістері мен
формаларын енгізуді, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу операциялардың
еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.Жыл ішінде ұзақ мерзімді қолма-
қолсыз ақшалармен есеп айырысу көрсеткіші 4,5% өсіп, 669,3 млрд. тенге
құрады, сол уақыт ішінде қысқа мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп
айырысу мөлшері 1,4% кеміп, 367,3 млрд. тенге болды. Сонымен жыл ішінде
ұзақ мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу үлесі 63,2%-дан 64,6%-ға
дейін өсті (сурет 9).

Сурет 9. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қолма-қолсыз ақшалармен
есеп айырысу салыстырмалы өсуі (млрд. тенге)

Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы", "Қазақстан
Республикасыңдағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдарымен, сондай-ақ
Ұлттық банкімен 1994 ж. 11- ақпанында бекітілген "Қазақстан Республикасы
экономикасын қысқа мерзімді несиелеу" ережесімен реттеледі және жүзеге
асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түрлеріне қатысты.
Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вексельдің түрлері және вексель айналысы
Вексельдің экономикалық мәні, түрлері және вексельдің қолданылуы
Жай вексельдің айналысы
Ақша айналысы және оның дамуы
Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Бағалы қағаздар нарығы және оның экономикада қалыптасуы
Несиелік ақшалар және оның түрлері
Азаматтық құқық объект жүйесіндегі бағалы қағаздар
Пәндер