Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында жалпы мәліметтер (Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)



Мазмұны

І Кіріспе. Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында жалпы
мәліметтер (Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)

ІІ Негізгі бөлім. Балық шаруашылығындағы кәсіби
сөздердің кейбір мәселелері
1. Балық атаулары
2. Ау және оның бөлшектеріне байланысты атаулар
3. Балық мүшелеріне байланысты атаулар
4. Балықтан жасалған тағам атаулары
5. Балқаш, Іле, Каспий балықшылар тіліндегі кәсіби
сөздер және олардың кейбір диалектілік сипаты
А. Балық және олардың мүшелеріне байланысты атаулар
Ә. Ау және оның бөлшектері
Б. Қайық, құрал.сайман атаулары
В. Балық кәсібіне байланысты қолданылатын сөздердің
кейбір грамматикалық ерекшеліктері

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе. Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында
жалпы мәліметтер
(Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)

1960 жылдарға дейін Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі бір аумақ, аудан, не облыс көлемінде ғана қолданылатын, көпшілікке беймәлім, бірақ әдеби тіл терминологиясын байытуға қажетті сөздер арнайы зерттелмей келеді. Осы кезде Ғылым академиясының Тіл білімі институты тұрақты түрде жыл сайын Қазақстанның облыс, аудандарына диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырып, жергілікті халық тілінен балық, мақта, бау-бақша, зергерлік тағы да басқа мамандықтарға байланысты ауталарды жиып-теріп, оларды зерттеуді қолға алды. Кәсіби сөздерді алғашқы зерттеушілер профессор Ж.Досқараев пен Қ.Айтазин болды. Қ.Айтазиннің ғылыми шығармашылық жолы қазақ диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі оның ұстазы Ж.Досқараевтың есімімен байланысты.
Ж.Досқараев пен Қ.Айтазин еңбектерінің басқа зерттеушілерден артықшылығы - балықпен байланысты атаулардың мағыналарын сөзбен сипаттап түсіндірумен ғана шектелмей, объектіге алып отырған заттарды және олардың ұсақ бөлшектерінің суреттерін де келтіріп отыруында. Мұндай иллюстративтік материалдар атаулардың мағынасын аша түсетіні сөзсіз.
Қ.Айтазин 1973 жылы кәсіби сөздерге байланысты зерттеулерін қортындылап кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбектің әдеби тіл лексикасын байытуда маңызы зор болды.
Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым-педагог, доцент Қазтай Айтазин қазақ тілінің әр түрлі мәселелерін зерттеуге арналған елуден аса еңбек жазған, тілдің көптеген салаларына қатысты тың мәселелерді зерттеп, үлкен жұмыстың өнегесін танытқан ғалым.
Оның диалектология мәселелеріне арналған еңбектерімен қатар тастардағы таңба-жазуларды сөз еткен мақалалары да баршылық.
Қ.Айтазин лексикография саласында да өнімді еңбек етті. 1969 жылы басылып шыққан бір томдық және алғашқы томы жарық көріп, кейінгі томдары баспада жатқан "Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі" (80 баспа табақ) атты іргелі еңбекті құрастырушылардың бірі болды.
1994 жылы бірнеше ғалым-педагогтармен (О.Тоққожаева, К.Иманқұлова) бірлесіп жазған "Қазақша-орысша оқу сөздігі" жоғары оқу орындарында көмекші оқу құралы ретінде үнемі пайдаланып жүр.
Тіл мәдениеті мәселелері де ғалымның назарынан тыс қалған жоқ.
Бірақ "Сүйген іс сүйкімді келеді" дегендей ғалымның күш-жігерін сарп етіп, бал арасының гүл шырынын тергендей ізденіп, арнайы шұғылданып, қыруар еңбек еткен саласы лексикология, оның ішінде кәсіби сөздер.
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. "Арыс" басп., А., 2000.
2. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. "Ғылым" басп., А., 1988.
3. Нақысбеков О. Жергілікті халық тіліндегі арық, атыз түрлеріне байланысты қолданылып жүрген сөздер // Қазақ диалектологиясы, 1- шығуы, А., 1965.
4. Тәжімұратов Ә. Қазақ тіліндегі мақта шаруашылығына байланысты кейбір кәсіби сөздер // Қазақ диалектологиясы, 1-шығуы, А., 1965.
5. Досқараев Ж. каспий балықшылар тіліндегі профессионалдық лексиканың материалдары// "Вопросы истории и диалектологии казахского языка", вып.1., Алматы, 1955.
6. Сарыбаев Ш. Батыс Қазақстан экспедициясы материалдарынан. //Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 4-шығуы, 1962.
7. Болатов Ж. Семей облысы диалектілері. //Қазақ тілі тарихы мен диалектологиялық мәселелері. 3-шығуы, 1960.
8. Байжолов Ә. Қостанай қазақтары тіліндегі профессионалдық лексиканың материалдары. //Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. А., 1975.
9. Нақысбеков О. Шу говорының кейбір лексикалық ерекшеліктері. //Қазақ тілі тарихы мен диалектология мәселелері, П., 3-шығуы, 1960.
10. Айтазин Қ. Балық өнеркәсібіне байланысты кейбір кәсіби
сөздер. //Қазақстан мектебі. А., 1968.
11. Айтазин Қ. Балық шаруашылығындағы кәсіби сөздердің кейбір
мәселелері. Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы, А.,
1971, №4.
12. Айтазин Қ. Каспий балықшылар тіліндегі ау, құрал-сайман аттарымен байланысты кәсіби сөздер. Қазақ диалектологиясы. А., 1965.
13. Балқаш, Іле балықшылар тіліндегі кейбір кәсіби сөздер (Сарыбаев Ш. т.б.). //Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы, 5-ші шығуы, А., 1965.
14. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі., А., 1962.
15. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе. Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында жалпы
мәліметтер (Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)
ІІ Негізгі бөлім. Балық шаруашылығындағы кәсіби
сөздердің кейбір мәселелері
1. Балық атаулары
2. Ау және оның бөлшектеріне байланысты атаулар
3. Балық мүшелеріне байланысты атаулар
4. Балықтан жасалған тағам атаулары
5. Балқаш, Іле, Каспий балықшылар тіліндегі кәсіби
сөздер және олардың кейбір диалектілік сипаты
А. Балық және олардың мүшелеріне байланысты атаулар
Ә. Ау және оның бөлшектері
Б. Қайық, құрал-сайман атаулары
В. Балық кәсібіне байланысты қолданылатын сөздердің
кейбір грамматикалық ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І Кіріспе. Кәсіби сөздердің зерттелуі турасында
жалпы мәліметтер
(Қ.Айтазиннің еңбектері жайында)

1960 жылдарға дейін Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі бір аумақ,
аудан, не облыс көлемінде ғана қолданылатын, көпшілікке беймәлім, бірақ
әдеби тіл терминологиясын байытуға қажетті сөздер арнайы зерттелмей келеді.
Осы кезде Ғылым академиясының Тіл білімі институты тұрақты түрде жыл сайын
Қазақстанның облыс, аудандарына диалектологиялық экспедициялар
ұйымдастырып, жергілікті халық тілінен балық, мақта, бау-бақша, зергерлік
тағы да басқа мамандықтарға байланысты ауталарды жиып-теріп, оларды
зерттеуді қолға алды. Кәсіби сөздерді алғашқы зерттеушілер профессор
Ж.Досқараев пен Қ.Айтазин болды. Қ.Айтазиннің ғылыми шығармашылық жолы
қазақ диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі оның ұстазы
Ж.Досқараевтың есімімен байланысты.
Ж.Досқараев пен Қ.Айтазин еңбектерінің басқа зерттеушілерден
артықшылығы - балықпен байланысты атаулардың мағыналарын сөзбен сипаттап
түсіндірумен ғана шектелмей, объектіге алып отырған заттарды және олардың
ұсақ бөлшектерінің суреттерін де келтіріп отыруында. Мұндай иллюстративтік
материалдар атаулардың мағынасын аша түсетіні сөзсіз.
Қ.Айтазин 1973 жылы кәсіби сөздерге байланысты зерттеулерін
қортындылап кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбектің әдеби тіл
лексикасын байытуда маңызы зор болды.
Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым-педагог, доцент Қазтай
Айтазин қазақ тілінің әр түрлі мәселелерін зерттеуге арналған елуден аса
еңбек жазған, тілдің көптеген салаларына қатысты тың мәселелерді зерттеп,
үлкен жұмыстың өнегесін танытқан ғалым.
Оның диалектология мәселелеріне арналған еңбектерімен қатар
тастардағы таңба-жазуларды сөз еткен мақалалары да баршылық.
Қ.Айтазин лексикография саласында да өнімді еңбек етті. 1969 жылы
басылып шыққан бір томдық және алғашқы томы жарық көріп, кейінгі томдары
баспада жатқан "Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі" (80 баспа табақ)
атты іргелі еңбекті құрастырушылардың бірі болды.
1994 жылы бірнеше ғалым-педагогтармен (О.Тоққожаева, К.Иманқұлова)
бірлесіп жазған "Қазақша-орысша оқу сөздігі" жоғары оқу орындарында көмекші
оқу құралы ретінде үнемі пайдаланып жүр.
Тіл мәдениеті мәселелері де ғалымның назарынан тыс қалған жоқ.
Бірақ "Сүйген іс сүйкімді келеді" дегендей ғалымның күш-жігерін сарп
етіп, бал арасының гүл шырынын тергендей ізденіп, арнайы шұғылданып, қыруар
еңбек еткен саласы лексикология, оның ішінде кәсіби сөздер.

ІІ Негізгі бөлім. Балық шаруашылығындағы кәсіби
сөздердің кейбір мәселелері.

Қазақ тілі сөздік құрамының аясы кең. Бұл қазіргі әдеби тілде
қолданылып жүрген сөздерден, сөйлеу тіліндегі лексика мен диалектілік
лексикадан ғана құралмайды. Қоғамдағы әр түрлі топтардың тіліндегі арнаулы
сөздер де ұлттық тілдің сөздік құрамына енеді. Бұған кәсіби сөздің де
өзіндік үлесі бар. Қазақ тіліндегі сөз тудыру заңдары негізінде жасала
отырып, бұл да лексиканың басқа салалары сияқты ұлттық әдеби тілден нәр
алатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Әдетте кәсіби сөздер
жергілікті халық тілінде болғандықтан көп жағдайларды жергілікті говорлық
диалектілік ерекшеліктермен, әсіресе әлеуметтік диалектілермен тығыз
байланыста ұштасып жатады. Белгілі бір говорлардағы лексикалық
өзгешеліктердің қалыптасу себептерінің бірі жергілікті жердегі шаруашылық,
кәсіп түрімен байланысты1. Сөйтіп, олардан да белгілі жерге тән ерекшелік
көрінеді. Арнаулы бір кәсіппен шұғылдану әр жерде кездеседі, бірақ осыған
орай осының өзі де сол кәсіптен туған сөздер бірыңғай болып келе бермейді.
Себебі жергілікті диалектизмдер сияқты, олар да нақты қоғамдық-әлеуметтік
ортада белгілі жағдайда қалыптасады. Мәселен, Арал, Каспий, Балқаш,
Қорғалжын, Алакөл, Зайсан, Сыр бойы маңында балықты кәсіп ету кең тараған.
Бұл қазіргі кезде ірі шаруашылыққа айналып отыр. Бірақ сол жердегі балық
кәсібіне байланысты сөздерде кейбір айырмашылықтар бар екені анық:2

----------------------------------- --
1. Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы. 1971. № 1., 38-бет.
2. Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы. 1971. № 1., 39-41- беттер.
Каспийде Аралда Балқашта
жылым жылым сүзекі, сәкі
қоржын шонтай қалта
сырық сайғау бөреген
көксерке тісті таутан
қаракөз торта вобла

немесе балықшылар арасында жер ыңғайына, қолданысына қарай Арал аймағымен
салыстырғанда Каспий, Зайсан, Балқаш маңында қайық-кеме, ау-құрал, сайман,
т.б. атаулардың орысша аталғандығын байқаймыз3. Мәселен, Аралдағы аушы, ау
қайық, көрінім сөздері Каспий, Зайсан балықшылары лапса, реюшка, закрой
болып айтылса, болмаса белгілі бір жерде қолданылып жүрген сөздер, атаулар
екінші бір жердегі балықшылар тілінен қазақша баламасын табуға болады.
Кәсіби сөздердің терминдік сөздермен ара-қатысы. Қазақ тілінің төл
сөздерінен термин жасауда кәсіби сөздердің маңызы зор. Кәсіби сөздер
терминдік лексиканы қалыптастыруда негізгі арналардың бірі болып табылады.
Мұның өзі кәсіби сөздер мен терминдер сипатындағы жақындыққа байланысты.
Термин ретінде қалыптасып кеткен кәсіби сөздер де белгілі бір ұғымның нақты
дәл мағынасын анықтайды. Бұған қарап екеуінің арасында айырма жоқ, бір екен
деп қарамау керек. Тіліміздегі кәсіби сөздердің бәрі бірдей термин ретінде
қалыптаса бермейді. Олардың ішінде баспасөз арқылы әдеби тілге еніп, ғылыми
ұғымдарды дәлме-дәл білдіру талабына сай келгенде ғана термин бола алады.
Терминдер ғылыми негізде, ал кәсіби сөздер халықтық негізде әртүрлі
кәсіптің (шаруа-
шылықтың) дамуымен байланысты қалыптасып, өркендеп өніп

--------------------------
3. Қ.Айтазин. Кәсіби лексика мәселелері. "Арыс" басп., А., 200, 6-бет.
отырады. Кәсіби сөздер жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің,
шаруашылықтың туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың,
өндіріс-еңбек құралдарының, еңбек өнімінің процесінің атауларын білдіреді.
Мұндай сөздер белгілі бір кәсіппен шұғылданған адамдардың арасында
қолданылады да көбінесе солардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен,
Торғай, Қостанай балықшыларының тіліндегі қылтан, қылағай, қыланбас
(шортанның үлкен-кішілігіне байланысты атауы), түйеқұлақ, құлтабан
(табанның кіші түрі), үйшік (қазаның балық енетін бөлігі) немесе Каспий
балықшылары тіліндегі өттік (қармақтың тілі), бүйек (бірнеше қалытқының
қосындысы), ақаншы (қызыл балық аулаушы), шақа (қорытпаның әлі өсіп
жетілмеген түрі), молда балық (итбалықтың күзетшісі)4, т.б. сөздерді
балықпен кәсіп етпейтін басқа жерлердің адамдары білмейді де, түсінбейді.
Диқаншылыққа байланысты көптеген сөздерді жұрттың бәрі білгенімен, егінжай
кәсібі дамыған оңтүстік аудандардағы ауыздама (арық), әнер (бас арық), жоя
(атыз), жап, қарық, қолшық, жаппай (арықтың түрлері) болмаса, мақта
шаруашылығымен шұғылданатын Шымкент облысының аудандарындағы бүр (қозаның
ең алғашқы түйініңде қоза көсегін орап тұратын жапырақ), гүлше (гүл шығара
бастаған шанақ), шанақ (мақта талшығы жетіліп ашылғанға дейін ыстықтан
қорғап тұратын қалқан), шиіт (мақта тұқымы) т.б. сөздерді әркім, кез келген
адам біле бермейді. Әрине, белгілі кәсіп, шаруашылыққа байланысты сөздердің
бәрін де халыққа түсініксіз деп қарамау керек. Олардың ішінде ежелден
жалпыхалықтық болып, тіпті негізгі сөздік қорға еніп кеткендері де аз емес.
Мысалы: қармақ, шортан, сазан, алабұға, жайын, қайық, ау.

--------------------------
4. Қ.Айтазин. Кәсіби лексика мәселелері. "Арыс" басп., А.,2000, 7-бет. т.б.
Қазақ тілінде кәсіби сөздердің түрі мол. Оларды кәсіптік, өндірістік
сипатына, қолдану жайына қарай екі үлкен салаға бөлуге болады. Олардың бір
саласы әр түрлі шағын кәсіпке, ұсақ мамандыққа (балташылық, зергерлік,
тоқымашылық, т.б.), екінші саласы - ірі кәсіпшілік өндірістік сипат
(егіншілік, диқаншылық, аңшылық, балықшылық, тау-кен және мал
шаруашылығына) байланысты болады.
Қазақстандағы осындай шаруашылықтардың бірі - балық кәсібі.
Негізінен алғанда балық кәсібіндегі топтарды мына төмендегідей етіп бөлуге
болады:
1) балық атаулары: шоқыр, бекіре, қорытпа, айнакөз, таутан, сүйрік, қаяз,
оңғақ, торта, мекіре, көксерке, т.б.;
2) ау және оның бөлшектеріне байланысты атаулар: ақпа, жылым, құйма ау,
сөкі, қабадан ау, қаза, қарашағырмақ, абақ, арқалық, табандық,
ауыртпалық, балдер, бояқ, бетнай, бежнай, т.б.;
3) кеме-қайық және оның бөлшектеріне байланысты атаулар: баркас, жүзбелі
кеме, қодыраң, мотофлюг, реюшка, шаланда, азына, бақалақ, бұлан,
бұғалық, желкен, кінек, күспен, қармандық, ірей, т.б.;
4) балық етінен жасалатын тағам атаулары: бөкпе, бітеу, жаңса, қалқы,
қарма, майқуырдақ, т.б.;
5) табиғат құбылысына және теңіз, көл толқындарына байланысты атаулар:
аждаһа толқын, ақжарма, ақтымық, бұлағай толқын, бітеу толқын, серке
толқын, желауыз, қай, қашын, өр толқын, ұштырма. ығыс, т.б.;
6) балық аулау ұйымдарына және басқару әкімшілікке байланысты атаулар:
ақаншы, атаман, аулау құралын жөндеу цехы, ағаш ыдыс жасау заводы, балық
аулау базасы, балық комбинаты, балық өнеркәсіп басқармасы, мемлекеттік
балық аулау базасы, жүзбелі балық заводы, т.б.;
7) қармақ және оның бөлшектеріне байланысты атаулар: әттік, батырғы, жайма
қармақ, түнемеле қармақ, жебе, жұтпа қармақ, жұбаднай, тастама қармақ,
т.б.;
8) балықтың дене мүшесіне қатысты атаулар: айқұлақ, ақшоғын, бағалдырық,
жалқаяқ, уылдырық, желбезек, тары, қылқан, сағал, торсылдақ, т.б.;
9) ау, сүзекі, жылым тоқуға, тартуға және қармақ салуға қолданылатын жіп,
арқан атауларына байланысты сөздер: аяқ бау, балақ бау, бүйек бау,
жорамал, келен жіп, көнге жіп, қанат арқан, қараошақ, торқа, тізбе,
шаптырма, шыжым, т.б.;
10) балықты тазартуға, өңдеуге, тасымалдауға қажетті құрал-сайман
атаулары: итерқұл, лейке, лөкіш, мардан, мөйке, піспек, себет, тары
шелек, ұшат, шаң, шантақ, т.б.;
11) өзен, көл, теңіз бөлшектеріне және судың тасып қайтуына байланысты
атаулар: арынды ағыс, ақ сең, аша, кілегей, итарқа, қолтық, айлақ, қыл,
қылтақ, мылқау сең, өр суы, жайылма сере, шауыш, т.б.;
12) балық аулауға қажетті кішігірім құрал-сайман атауларына байланысты
сөздер: айдауыш, айналсоқ, ақтаяу, багор, бағай, балдақ, борық, бөреген,
жом, инелік, қада, құр, нарел, қиратпа, шанышқы, темелек, т.б.;
13) жоғарыдағы аталған топтардың қайсысына да болса енгізуге болмайтын,
бірақ балық шаруашылығы кәсібінде қолданылатын: балық байлау, жағу,
жатын, жабық, көңгелеу, қоқандау, желгірту, айқырту, бәймендеп тарту,
татылану, тараштау, көсектей шабу, т.б. сөздерін өз алдына бір топ етіп
атауға болады5.

Кәсіби сөздер тобы әрі қарай зерттеп, белгілі бір жүйеге, қалыпқа
түсіру, түрлі сөздіктерге (терминдік, түсіндірме, екі тілдік: орсыша-
қазақша, қазақша-орысша, диалектологиялық, этимологиялық) материал есебінде
пайдаланумен қатар тіл байлығын жинап пайдаға асыруға толық мүмкіндік
береді. Осы тұрғыдан алып қарағанда халық шаруашылығының жеке салаларында
әдеби тілді байыта түсетін кәсіби сөздерді жиып-терумен қатар оны ғылыми
негізде талдау тіл білімпаздарының төл ісінің бірі болмақ.

---------------------------
5. О.Нақысбеков. Жергілікті халық тіліндегі арық, атыз түрлеріне
байланыс-
ты қолданылып жүрген сөздер Қазақ диалектологиясы, 1-шығуы.
Алматы,
1965, 165-167-беттер;
Ә.Тәжімұратов. Қазақ тіліндегі мақта шаруашылығына байланысты кейбір
кәсіби сөздер Қазақ диалектологиясы, 1-шығуы. Алматы, 1965, 227-бет.
Ж.Досқараев. Арал, Каспий балықшылары тіліндегі профессионалдық
лексиканың материалдары "Вопросы истории и диалектологии казахского
языка", вып. 1. Алматы, 1955., 43-бет.
1. Балық атаулары

Қаракөз - ақ балық (орысша жерех) түстес кішкене балық. Қаракөзді
балықшылар тұтас күйінде кептіріп анда-санда ащылау үшін
пайдаланады. Бұл атау қазақ әдеби тілінде де айтылады: Кабоновский
саусағына ілінген бір қаракөздің желбезегін үлкен мұрнының тұсына
апарып, тыжырына қалды. (Ә.Сәр. "Толқ.туғ." 1965, 198-б).
Қаяз, сүген - Арал теңізіндегі өндірістік мәні зор, аса бағалы
балықтың бірі. Қазір Аралда қаяз тұқымы азайып барады. Каспий
балықшылары тілінде бұл сөз кездеспейді, ал Шу өзенінің бойындағы
тұрғындар тілінде - теңге балық, Сырдарияда - қаяз деп аталады7.
Жайын - басы бақа тәріздес, құйрығы түйенің шөмкісіндей, үсті майда
қабыршақтарымен жабылған, ауызға таяу жерде бір-екі тал қылы бар, іші
шығыңқы балық. Бұл көбіне Арал теңізінің маңайындағы көлдерде кездеседі.
Аралда жайынның орташасын - лақа, кішісін - ләпші деп атаса, Каспий,
Орал бойында - лашық деп атайды. Қарақалпақша - лақа, ал Ташкент облысының
Хорезм говорында - лаққа болып аталады8.
Қызылқанат - торта (орысша вобла) тәріздес кіші, денесі ұсақ
қабыршақтарымен жабылған, еті тікенді балық. Қызылқанатты тар көз аумен
ұстаймыз. (АОМ) Өндірістік мәні аз, бағасы арзан. Аралда кейде қылауыз
деп те атайды. Балқаш, Арал, Каспий балықшылары

-----------------------------
7. Нақысбеков О. Шу говорының кейбір лексикалық ерекшеліктері. Қазақ тілі

тарих мен диалектологиясының мәселелері. 1960, 3-шығуы. 135-бет.
8. Сарыбаве Ш. Батыс Қазақстан экспедициясы материалдарынан. Қазақ
тілі
тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 4-шығуы, 1962, 40- бет.
және қарақалпақша да осылай аталынады. Бұндай атаудың біркелкі
болуының басты себебі - қанатының қызғылттау болуы деп ойлаймыз. Атына сай
қанаты да қоңыр қызғылт. Міне, сондықтан қызылқанат аталып кеткен9.
Табан - денесі жалпақ, іші шығыңқы, үсті ірі қабыршақтармен
тұтас жабылған, түсі әр түрлі болып келетін балық. Табан көбіне тұщы
суларда кездеседі. Оның түсіне қарай сары табан, ақ табан деп атайды. Табан
- өте жуас, баяу қозғалатын балық. Осыған орай ел аузында: Одан соңғы
біреуі табан балық, қамшыласаң жүрмейтін шабан балық. Қанжығаңыз қанды екен
бүгін аздар табан жүре бастапты. (Х.Есенжанов. "Ақ жайық", І. 1958, 272-
б.). Кейде балықшылар (Арал, Ырғыз, Торғай, т.б.) табан сөзіне балық сөзін
тіркеп табан балық деп те атайды. Үйіңізге асымдық табан балық ала кетіңіз.
Бір қызығы, көл жағасындағы шұқанақ атаулы табан балыққа толып қалады
("Жұлдыз", 1964, 11, 101 б.)

-----------------------------
9. Сарыбаве Ш. Батыс Қазақстан экспедициясы материалдарынан. Қазақ
тілі
тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 4-шығуы, 1962, 43- бет.
2. Ау және оның бөлшектеріне байланысты атаулар

Сүзгі - теңіз бен көлдерде қолданылатын балық аулау құралының ең үлкен
түрі (үлкен ау). Зайсан балықшылары сүзгі ау деп те атайды. Жалпы бұл әр
жерлерде әр түрлі айтылумен қатар баспа беттерінде де бір ізділік жоқ.
Балқашта - сүзекі, сөкі. Еңбегіміз еш кетпес үшін балықтың топталып жүрген
жерін барлап, біліп, сүзекі тартуды дағдыға айналдырдық. ("Жетісу", 1965,
11 июль). Сөкі қанатының бір ұшын Битан Төлеуов тартты да, енді бір ұшын
Қалы Тілеубаев сүйреп барады ("Жетісу", 24 апрель, 81". Құсмұрында
(Қостанай) - сүзгі, қол сүзгі, ат сүзгі болып айтылады. Жалпы құрлысы
жағынан ұқсас, бірақ көлемі жағынан өзіндік айырмашылықтар бар. Сүзгі -
жалпы атауы. Серғали Құсмұрынның сортаң суымен ара-тұра аузын шайып қойып,
сүзгінің алдыңғы жағына көз тастады ("Жұлдыз", 1964, 11, 101 б.). Қол сүзгі
- 7-8 адам бірігіп көл жағасының тайыздау жерінен жаяу жүріп тартатын
ұзындығы - 500м, ені 300 метрдей шағын сүзгі. Қол сүзгімен балықты жаздың
шілде күндері аулаймыз. Ат сүзгі - бұл қысы, жазы бірдей тартылатын
ұзындығы 1000-1500 м, ені 500-600 метрдей үлкен ау. Бұрын қазақтар
техниканың жоқ уақытында атпен тартатын болғандықтан балықшылар арасында
ат сүзгі болып аталып кеткен10.
Арал, Каспий, Ырғыз балықшыларының тілінде - жылым. Ешман бригада мүшелерін
жинап алып, жылымды енді қай көлге түсіру туралы ақылдасты. Біз бұл
бригадаға жылымды судан шығарып жатқан кезде бардық ("Батыс Қазақстан",
1963, 25 май)11.
--------------------------
10. Болатов Ж. Семей облысы диалектілері. - Қазақ тілі тарих мен
диалектоло-
гиясының мәселелері. 1960, 3-шығуы. 84-бет.
11. Болатов Ж. Семей облысы диалектілері. - Қазақ тілі тарих мен
диалектоло-
гиясының мәселелері. 1960, 3-шығуы. 91-бет.
Сүзгі төмендегідей бөлшектерден тұрады:
1. Тор - фабрикадан не қолдан кереге көз тәрізді тоқып жасалған зат. Бұл
сүзгінің ең негізі бөлігі. Тор көзінің мөлшері ауланатын балықтың
ыңғайына қарай үлкен не кіші болып жасалынады.
2. Арқалық - тордың үстіңгі арқаны. Балқаш, Зайсан көлінің балықшылары
жаға, жаға арқан деп атайды. Негізгі күш арқалық пен табандыққа түседі
(АОМ).
3. Табандық - тордың астыңғы арқаны. Балқаш, Зайсанда - етек, етек арқан.
4. Абақ - сүзгінің екі қанатының басына көлденең байланатын бір метр
шамасындай түзу ағаш. Абақ мұз астында сүзгіні жылжытқанда қанаттың
оралып, шатасып қалмауы үшін байланады. Каспий, Балқаш, Зайсанда -
кілаш.
Ал, кілаш сөзін Балқаш балықшылары кейде қанат мағынасында
да қолданады.
5. Қалта (орысша матня) - сүзгінің балық жиналатын жері. Сүзгінің балығын
қалтадан аламыз (ЗОМ). Бұл атау әр жерде әр түрлі
қолданады. Каспийде - қоржын, құрсақ. Балқашта - түбек, қалта.
Аралда - шонтай.
6. Прауад - сүзгінің қалтаға (матня) таяу, жақын жері. Бұл қанатқа
қарағанда енді болады. Парауадта балық көрінгені, қалтада балық мол
болғаны (БОМ). Аралда - шештік.
7. Қанат - сүзгінің екі қапталы. Қалта шештік арқылы қанатқа бекітіледі.
Қанаттың негізгі қызметі балықты үркіте отырып ауға жию.
8. Қанат арқан - қанат басындағы кілашқа (абақ) байланатын ұзындығы 80-100
метрдей жуан кендір жіп.
9. Шаптырма - қанат арқанның ұшына жалғанатын 500-600 метрдей жіңішкелеу
кендір жіп. Қанат арқанға шаптырма байланды ма? (АОМ). Балқаш, Зайсанда
- өрез, Каспийде - урез.
10. Шыжым - шаптырмаға жалғанатын жіңішке капрон жіп. Бұл сүзгі
қанатын мұз астынан жылжытып отыруға қажетті нәрсеге байлау
үшін тағылады.
11. Нәрел - ұзындығы 4-5 метрдей түзу сырық. Қуанышбай нәрелге шыжымды
байлап болысымен ойыққа сүңгітіп жіберді (БОМ). Каспий - прогон, сырық,
прогон сырық. Аралда - прогон. Балқашта
- нәрел, бөреген. Зайсанда - сырық болып айтылады12.

Бөгеу ау - бұрын өзенді жерлерде Зайсан балықшылары қолданған аудың бір
түрі. Өзеннің енсіздеу жерін жағасы мен етегі бірдей тар көз аумен бөгеп,
балықтарды бір жерге жинауды қамтамасыз етеді де, жиналған балықты сүзгі
аумен сүзіп алады. Бөгеу ау құрылған жерінде бір-екі айдай уақыт тұрады
(ЗОМ).
Құрма ау - (орысша ставный невод) Каспий теңізінде қолданатын өте үлкен
теңіз ауы13.

----------------------
12. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. 1988, 14-бет.
13. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. 1988, 17-бет.
3. Балық мүшелеріне байланысты атаулар

Айқұлақ - балықтың желбезегін жауып тұратын, жарты ай тәріздес сүйек.
Балық дем алғанда айқұлақ бір көтеріліп, қайта жабылып қозғалып тұрады
(ЗОМ). Айқұлақ сөзі Тобыл балықшыларының тілінде желбезек, қарақалпақ
қазақтарының тілінде бауыр қанаты мағынасында қолданылады. Бұны Балқашта -
бағалдырық, Каспий, Арал, Ырғызда - жақ сүйек деп әр түрлі атайды14.
Желбезек (орысша жабры) балықтың жақ сүйегінің астына орналасқан тыныс
алу мүшесі. Әбден дағдыланған шебер қолдар ұстай алғанда-ақ желбезекке
ілігіп, дереу екінші қолмен балықтың ішін жарып кеп жіберді ("Жұлдыз",
1964, № 7, 127 б.), Арал, Каспий,
Балқашта - желбезек, айғұлақ, Зайсанда - көмей, обаған, Тобылда - айғұлақ,
зелбезек деп аталады.
Жалқаяқ - қызыл балық түрлерінің (қорытпа, бекіре, шортан, қаяз,
сүген, т.б.) ішінен шығатын уылдырықты тазартқанда бөлініп шығатын, жеуге
жарамсыз қалдық. Уылдырықты (икра) жалқаяқтан тазарпайынша жеуге болмайды.
Екінші бір балықшы оны тар көз темір торға салып жалқаяқ қосшасынан айырады
("Жұлдыз", 1964, № 7, 127-б.).
Жұтқын - Каспий балықшыларының тілінде балықтың қарны мағынасында
қолданылады.
Қалаш - жайынның әр жерлерінде ұшырайтын кішкене қанаттары. Қалашсыз
лақа (сомик) болмайды (АОМ). Каспийде - қалаш, қанат, құйрық қалаш,
арқақалаш деп түрлендіріп айта береді.

-----------------------
14. Байжолов Ә. Қостанай қазақтары тіліндегі профессионалдық лексиканың
материалдары. Қазақ ССР академиясының хабарлары. 1975, 35-бет.
Босанып кетпек боп көп туласа керек, қанаттарын да жадыраға орап
алыпты (Ә.Сәр. "Толқ. туғ." 1965, 57-б.).
Қылқан - алабұға, сазан, қарабалық, таутан, торта, табан сияқты
балықтардың етінің арасында кездесетін ұсақ сүйектері.
Қайраннан алған шабақтай,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем!
(Махамбет)
Торсылдақ - (орысша плавательный пузырь) балықтың ішкі мүшесі.
Торсылдақ балықтың жеңіл жүруіне септігін тигізеді ғой деп ойлаймыз (АОМ).
Өзбек тілінде - балық пуфаги (Рус.-узб. сл., 1954, 681).
Шоғал - балықтың жыныстық тұқымы. Бұл тек еркек балықтарда ғана
ұшырайды. Шоғалдың үлкендігі уылдырықтан гөрі кішілеу, ақ түсті екі бөлініп
балықтың ішкі қабырғасын алып жатады. Балықтың ішін жарғанда шоғал шықса
оның еркек (аталық) екенін бірден білеміз (АОМ). Бұл сөз Зайсан, Балқаш,
Каспий, Ырғыз, Торғай, Шалқар, т.б. балықшыларының тілінде кездеспейді.

4. Балықтан жасалатын тағам атаулары

Бөкпен - балықтың майлы сорпасына пияз, бұрыш, қосып, нан турап
бөктіріп істейтін тамақ. Бөкпен әрі дәмді, әрі қуаты күшті болады.
Балықшылар ұзақ сапарға шыққанда бөкпенді жиі жасайды.
Бөрек - қайнап піскен балықты қылқанынан (қылтан) азартып, етінің
үстіне ұсақтап нан турап, бұрыш пен пияз қосып істейтін тамақтың бір түрі.
Бітеу - балықтан жасалған тағамның бір түрі. Балықшылар балықтың
сыртқы қабыршағын аршып, ішін жарып, балық ішіндегі торсылдақ, уылдырық,
ішек-қарнын түгел алып тастап, оның орнына нан, картоп, пияз салып табаға
бөлмей-жармай тұтас пісіруді бітеу деп атайды. Табаға салынып бітеу піскен
балықтың сүйегіне дейін жұмсақ болып балқып кетеді.
Жаңса - жайын балықтың семіз, майлы, тәтті, дәмді еті. (Жайынның
құйрыққа таяу жерінің еті). Арал балықшылары арасында - "Жаңса жеген
жатпас" деген мақал бар, әрине, бұл да жаңсаның сүйкімді, тағамдық жұғымы
мол екенін байқатады.
Қалқы - балық етінен жасалатын тағамның бір түрі. Дайындау әдісі:
балық еті бір қайнағаннан кейін, оның сүйектерін алып тастап, үстіне нан
(қамыр) салып тағы бір қайнатып пісіреді. Оны пияз, бұрыш, тұз (тұзды
молдау етіп салады) салынып жасалған тұздыққа батырып ет сияқты қолмен
жейді.
Қарма - балықтан істелетін тамақ атауы. Қарманы даярлаудың екі әдісі
бар. Бірінші: балықтың ішіндегісін алып, сыртын қырып тазалайды да, оған
май қосып, қарып пісіреді. Екінші: балықтың қабыршағын қырып, тазартып,
ішін жарып, торсылдақ, шек-қарнын, уылдырығын алып тастап қазанға қуырып,
келіге түйіп жасайды. Бұл әдісті Ырғыз, Торғай балықшылары қолданады.
Балықшылар бұрын қарманы көп жеген (Ыр., Тор.). Егіншілік, балықпен
шұғылданатын Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кейбір аудандарында
(Торғай, Жанкелдин, Қарабқтақ, Арал, Қазалы, т.б.) тұратын тұрғын
қазақтардың тілінде "балықшының баласы қарма жейді, Егіншінің баласы жарма
жейді" деген мақал да бар. Кейбір аудан тұрғындар тілінде қарма сөзі
қазанға пісірілген нан [16] немесе бидай, жүгеріні қуырыпдиірменге тартқан
жарма [17] деген атауларды білдіреді15.
Мипалау - балық етінен жасалған тамақ, балықты тазартып, суға салып
қайнатады да піскеннен кейін балықтың қылтанынан (қылқан) тазартып, етін
өте ұсақтап майдалап турап, үстіне бұрыш салып, май құйып жасайды. Бұны
Балқаш балықшылары сүйкімді, сіңімді тағам деп есептейді. Жамилаш, бүгін
қонақ балаға мипалау жасап бер (БОМ).
Май қуырдақ - балық етін, балықтың өз майына қуырып пісіретін тағам16.

Балық өнеркәсібіне байланысты кәсіби сөздердің кейбірін ғана сөз
еттік. Біздің қолымызда бұлардан басқа да мыңнан астам сөз бар.
Көпшілігінің әдеби тілде баламасы жоқ. Сондықтан оларды түрлі сөздіктерге
пайдаланып, әдеби тіліміздің қорына енгізу керек.

--------------------
15. Ж.Досқараев, Қ.Досмамбетов. Қазалы ауданында тұратын жергілікті
халықтың
тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер.-Қазақ ССР Ғылым
академиясының
хабарлары, филология мен өнертану сериясы, 1962, 1(20)-шығуы, 19-бет.
16. Ж.Болатов. Семей облысы Көкпекті, Ақсуат аудандарында тұратын қазақтар-
дың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы. - Қазақ тілі
тарихы мен
диалектологиясының мәселелері. 1960, 3-шығуы, 84-бет.
5. Балқаш, Іле, Каспий балықшылар тіліндегі кәсіби сөздер және олардың
кейбір диалектілік сипаты.

Іле өзенінің бойындағы балықшылар мен Балқаш көлінің балықшылар
тілінің арасында кейбір айырмашылықтар бар. Мәселен, Іле балықшыларының
тіліндегі шош (тайыз суда қайық жүргізуге қажетті ағаш), бөтеге (уылдырық),
балбер (қалтқы), бөйек (ау басына қойылатын белгі), ақ балық, ақ қайран
(қарабалықтың түрлері) сөздері Балқаш балықшылары тілінде таяу, тары,
қалқан, қарауыл, ақ балық, ақ қайран (теңіз алабұғасының түрлері) түрінде
қолданылады.
Материал, негізінен алғанда, Балқаш көлінің солтүстік-батыс
жағалауында орналасқан Қарағанды облысының Балқаш ауданына қарасты "Қызыл
қазақ" колхозынан (жер ата Тасарал), Іле өзенінің Балқаш көліне құятын
сағасына орналасқан Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты "1-Балқаш"
колхозынан жиналды. Бұл аталған колхоздардың негізгі тұрғындары - қазақтар.
Этнотобы жағынан басым көпшілігі арғындар17.

----------------------
17. ҚазССР Ғылым Академиясының хабарлары, 1966, № 8, 39-бет.
А. Балық және олардың мүшелеріне байланысты атаулар

Ақ балық - Іле бойының балықшылары қарабалықтың денесі қарая түседі.
Балық басының көк болуына байланысты балықшылар көкбас деп атайды. Ал басқа
балықтың түрлері бұлай аталмайды. Салмағы 6-8 кг, еті дәмді, сүйегі ірі
болады. Көкбас өте сирек кездесетін балықтың тұқымы.
Қарабалық (ор. маринка) - арқа жоны қара, бауыры ақшыл, денесі
ұзынша, ұсақ қабыршақтармен жабылған жұмырлау келген балықтың бір түрі.
Бұны балықшылар көкбас деп атайды.Балқаш көлі мен Іле өзенінен ең көп
ауланатын өндірістік мәні бар балықтың бірі. "Қызыл қазақ" колхозы жылына
қарабалық бойынша берілген тапсырманы асыра орындайды, бұл балықты ақ
балық, ақ қайран, көкбас, шүрегей деп әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымы
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Кәсіби сөздердің әдеби тілге қатысы жайында
Жақты сөйлемдер
Қазақ тіліндегі түбірге сіңіскен көне жұрнақтар
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Пәндер