Тергеулік куәландыру


Тергеулік куәландыру

Жоспар

Кіріспе . . . 3-6

1 тарау. Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері

1. 1. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері . . . 7-16

1. 2. Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері . . . 17-24

2 тарау. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық

2. 1. Оқиға болған жерді қарау тактикасы . . . 25-45

2. 2. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары . . . 46-55

Қорытынды . . . 56-57

Пайдаланылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі . . . 58-59

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуенттік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.

Елбасымыздың, 6 ақпан 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, құқық қорғау және сот жүйесі саласында қазақстандықтардың құқықтарының әлі де болса тиімді қорғалуын қамтамасыз етуі турасында баса айтылып өтті.

Бұл бағыттағы іс - әрекет құқық бұзушылықтардың алдын алу болуға тиіс екендігін көрсетіп, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын әзірлеуді, оны Парламентке енгізу қажеттігін атап айтты. Жасалынатын шаралардың басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелерін арттыруы, яғни халыққа қызмет көрсетуі тиіс екендігін нақтылап көрсетті1.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкісаяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда ішкі істер органдарына маңызды сенім білдірілген 2.

Республикамызда қылмыстылыққа қарсы қаншама іс-шаралар жүргізілгенменде жеке адамдарға қарсы қылмыстардың саны кемімей отыр. Оның ішінде атап өтетін болсақ, кісі өлтіру, денеге жарақаттар салу, зорлау және нәсіпқорлық сипаттағы қылмыстарға және т. б. көптеген қылмыстардың түрі.

Мұның ішінде менің назар аударғым келіп отырғаны кісі өлтіру қылмыстарын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін жүргізудің өзекті мәселелері. Яғни, тәжірибе көрсеткендей бұл қылмыстың түрлерін тергеу барысында оқиға болған жерді қарау маңызды рөл атқарады. Себебі ары қарай қылмыстардың нәтижелі аяқталынуы қылмыскердің тиісті жазасын алуы осы тергеу әрекетіне тікелей байланысты. Егерде кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп немесе үстірт жүргізілсе, оқиға орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді және басқа да айғақтарды табуға мүмкіндік болмайды 3.

Тәжірибе көрсеткендей, тергеушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі, оқиға болған жерде қарау тергеу әрекетін төменгі сапада жүргізуі қылмыскерлерді жауаптылықтан бой тасалап қашып кетуіне негізгі себеп болады. Сол себепті менің тақырыбымның өзектілігі, қылмыстар бойынша алдын ала тергеу болғанда ешқашандай маңыздылығын жоғалтпайды.

Тек қана кісі өлтіру қылмыстарын ғана емес сол сияқты басқа да қылмыстық істерді тергеу бойынша, бұл тергеу әрекетінің маңызы өте жоғары. Себебі қылмыскерлер қандай да бір қылмыстарды жасау бұрын алдын ала дайындық шараларын жүргізіп, қылмыс жасаған соң да іздерін жасырып кету әрекеттерін ойластырады. Дегенмен де тергеуші қылмыс орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді шебер түрде тауып, оны дәлелдеме ретінде қылмыскерді ұстап, табуда қолдана білуі қажет. қылмыстар қаншалықты ойластырылып, жоспарлы түрде жасалғанымен де міндетті түрде қылмыс орнында қандай да болмасын із қалдырылады. Мұндай оқиға орындарында тергеуші жедел тергеу тобын басқарып, қылмыс орнына тек қана тиісті тұлғалардың ғана кіруіне рұқсат беріп, шебер түрде басқара білуі тиіс. Оқиға орнына бөгде тұлғалардың кіруі ол қылмыс орнындағы дәлелдемелік іздері әкеп жоюға соқтырады4.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшелігі бұл оқиға болған жер, яғни кісі мәйіті табылған жер осы оқиғаның орын алған немесе қылмыстың тікелей орны ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Себебі көптеген жағдайларда кісінің мәйіті табылған жер қылмыстың тікелей орны болып табылмайды. Осындай мәселелерді толық шешу үшін кісі мәйіті табылған жерді де қылмыстың тікелей жасалған орны ретінде мұқият және арнайы мамандардың көмегімен жүргізу қажет.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың тағы бір ерекшелігі оның қайталанбастығы, яғни қайта орнына келтіру мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Дегенмен де осыған қарамастан мұндай қылмыстың түрлері бойынша оқиға болған орындарына қайталап қараулар жүргізіледі. Мұндай қайта қараулар кезінде барлық оқиға жағдайлары күрделі өзгеріске түскен жағдайларды ұсынады. Сол себепті, қайта қарау нәтижелерімен бастапқы қарау нәтижелерін салыстыруға болмайды.

Жоғарыда көрсетілгендер тақырыпты, сондай-ақ біліктілік және бітірушілік жұмысының бағытын, пәнін таңдауға себеп болды.

Диплом жұмысының мақсаттары және міндеттері . Жұмыстың мақсаты қылмыстарды тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тактикасын жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жинақтау және өңдеумен қортындыланады.

Диплом жұмысының мақсаты келесідей тапсырмаларды қоюды және шешуді ұсынады:

- тергеулік қараудың және куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері.

-қарау тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық-криминалистикалық ережелері.

- оқиға болған жерді қарау тактикасы.

- тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шараларын қарастыруды.

Жұмыстың объектісі болып қылмыс оқиға болған және куәландыру тергеу әрекетіне тартылған тұлға табылады.

Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Зерттеудің методологиялық негізін жалпығылыми диалектикалық таным әдісі құрайды. Сонымен қатар, логикалық, жүйелік-құрылымдылық, әлеументтік талдау, сондай-ақ криминалистиканың арнайы әдістері, бақылау тәсілдері, кеңейтілген және статистикалық сипаттық әдістері қолданылады.

Жұмыс ғылыми-монографиялық материалдарды оқуға және қолдануға, сонымен қатар тиісті құқықтық қайнаркөздерді талдауға негізделген. Ол бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясы, нормативтік қайнакөздер (заңдар, Президент Жарлықтары), Жоғарғы сот Пленумының шешімдері, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ведомствалық нормативтік актілері.

1. Тарау. Тергеулік куәландырудың түсінігі, тактикалық криминалистикалық және процессуалдық ережелері

  1. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері.

Тергеулік куәландыру қылмыс іздерін сондай ақ қылмыстық іс үшін маңызды мән жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі. Тексеруді арыз не хабар келіп түскен анықтау органының тергеушісі, ал ол жоқ болған жағдайдаанықтаушы не лауазымы жоғары қызметкер жүргізеді.

Тергеу куәландырудың мақсаты - іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту5.

Заттай дәлелдемелер - бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің объектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстың “тілсіз куәгерлері” деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистикалық жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

Қылмыстың ашылмауының негізгі себептерінің бірі - оқиға орнын сапасыз және ұкыпсыз қарау. Нәтижесінде қылмысты ашудың кілті болып табылатын маңызды дәлелдемелер жоғалып қалады .

Тергеулік қарау негіздері ҚР ҚІЖК-нің 222-бабында көзделген. Қылмысқа карсы күресу тәжірибесі көрсеткендей, тергеу қарауы:

-оқиға жағдайын және оның мән-жайларын ұғынуға, қылмыскер әрекеттерін түсінуге;

-жасалған қылмыс іздерін тауып, бекітуге;

-дәлелдемелер алудың басқа да көздерін айқындауға;

-тергеу және жедел іздестіру версияларын ұсыну үшін мәліметтер жинауға;

-шұғыл (кідіртуге болмайтын) тергеу және жедел әрекеттерінің жоспарын белгілеуге;

-сараптамалық зерттеуге қажетті заттай дәлелдемелерді және іздерді алуға бағытталған.

Қайта қарау, яғни, бір объектіні қайталап тексеру мынандай жағдайларда: бірінші қарау қолайсыз жағдайларда (қараңғыда, жаңбыр астында, түтін ішінде және т. б. ) жүргізілгенде, мәселен, аталған жағдайлардың себебінен криминалистикалық маңызы бар іздер мен заттар табылмағанда немесе қарау сапасыз жүргізілгенде, яғни маңызды мән-жайлар анықталмағанда, мамандар қатыспағанда т. б. қажет болады.

Жұмыстың көлемі бойынша негізгі және қосымша тергеулік қарау болады. Қосымша қарау, тергеу барысында жеке объектілер қаралмағаны немесе егжей-тегжейлі қаралмағаны анықталғанда, жүргізіледі6.

Жедел қызмет мүмкіншіліктерін пайдалану оқиға сипаты туралы, оған қатысты тұлғалар туралы, кылмыстық іс үшін маңызды объектілердің орны және белгілері туралы қосымша мәлімет алу үшін қажет. Егер оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерді “ізін суытпай” іздестіру мүмкіндігі бар екендігі анықталса, ол іздеуді жедел қызметкерлер жүргізеді. Жедел бөлімшелер күштері мен құралдарын пайдалану қылмыс туралы қосымша мәліметтерді, атап айтқанда, қалай және қашан болғаны, кім кінәлі, себептері, қылмысқа қатысушылар, кімге және қандай зиян келтірілгені, оқиға туралы кім білетіндігі т. б. туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Қаралып жатқан объектілерді ұстай білудің криминалистикалық ережелерін сақтап қарау - қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөлуді; мамандар білімін, мәселен, жарушы техниктің, радиоактивті материалдармен жұмыс істейтін маманның білімін пайдалануды; жарылғыш заттарды табу үшін қарауға іздеуші итімен бірге кинологты уақытында қарастыруды; криминалисикалық тәсілдер мен әдістерді сауатты қолдануды көздейді7.

Қарауға қатысушылар. Тергеуші, полиция қызметкерлері мен мамандардан басқа, қарауға қатысатын басқа тұлғаларға - куәлар және сонда қарау жүргізілетін мекемелер, мен коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдардың өкілдері жатады. Куәгерлердің қатысуы ҚР ҚІЖК-нің 222-бабымен реттеледі8.

Жетуі қиын және тиісті байланыс құралдары жоқ жерде қарау, сонымен қатар оны жүргізу адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, карау куәгерлердің қатысуынсыз жүргізіледі де, ол туралы хатгамада көрсетіледі.

Мекеме өкілдері қатысуының негіздері: олар қажетті құжаттарды көрсетіп, түсініктеме бере алады, қажетті жерге апарып, бөлменің есігін ашып бере алады, сонымен қатар қосалқы жұмыстарды ұйымдастыра алады.

Жәбірленушілер, куәгерлер, сезіктілер, айыпкерлер - қарауға қатысушы тұлғалардың келесі бір тобы. Олар болған оқиғаның мән-жайы туралы хабардар болғандықтан пайдалы болуы мүмкін.

ҚР ҚІЖК-нің 227-бабына сәйкес толтырылған хаттамада қарау әрекеттерінің тәртібі және қарау барысында айқындалған маңызды мән-жайлар баяндалады. Хатгаманың суреттелінетін бөлігі - оқиға орнының шеңберімен бірге оның жалпы сипаттамасын қамтиды.

Сарапшының немесе дәрігердің қатысуы тергеушінің мәйітті өзі қарау міндетінен босатпайды, өйткені қараудың барысы мен нәти-желеріне ол жауапты болады. Қараудың мақсаты - өлу уақыты мен өлтіру тәсілін анықтау; тергеушідегі іске қатысты тұлғалар туралы мәлімет алу, ал кей жағдайларда жәбірленушінің жеке басын анықтау9 120 б.

Қарау келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

Қоршаған орта және табылған күйінде жатқан мәйіттің температурасы анықталады. Оның жынысы, жасы, бойы, дене кұрылысы, толықтығы, шашының түсі көрсетіледі. Одан кейін ауызша бейнелеу әдістемесі бойынша мөйіт жоғарыдан төменге дейін сипатталады. Белгісіз азаматтың мәйітін қарау барысында оның сыртқы бейнесі егжей-тегжейлі бекітіледі.

Жақын орналасқан бағдарларға қатысты мәйіттің кейпі мен қалпы, сонымен қатар мәйіт дақтары, сүйрету белгілері және т. б. бекітіледі.

Мәйіттің бетін, қолдарын, аяқтарын жөне денесінің ашық жерлерін қарағанда:

а) көзінің қарасының, шынайнасының, ылғал қабығының жағдайлары;

ә) денесінде зақымдардың, шашыраған қанның болуы, олардың орналасуы мен бағыты;

б) табиғи тесіктердің жағдайы, қол-аяқтарында, саусақ арасында, тырнақ астында және шаштарында кірдің болуы;

в) денесінің ашық және жабық жерлерінің суу деңгейі;

г) басқа да мөйіт дақтары түстерінің өзгеруі;

ғ) әр түрлі бұлшық еттерінің сіресіп қалу қалпы;

д) мәйіт үстінде және киімінде жәндіктердің, құрт-қүмырсқа, көбелектердің, личинкалардың болуы, олар көп жиналған жерлер зертгеліп бекітіледі.

Одан кейін мәйіттің үстінде және жанында жатқан заттарды, жатқан орнын, сонымен қатар оның денесіндегі және киіміндегі топырақпен салыстыру үшін жердегі топырақты қарайды 10.

Киім мен аяқкиімді қарау барысында олардың сыртқы қалпы, қалтаның іші, фабрикалық маркалары мен таңбалары, нөмірлері; жазулары, кию және кірлену деңгейі бекітіледі. Киім мен аяқкиімдері кір, топырақ, ерекшеліктерімен, жардағы бояумен жөне қоршаған ортаның басқа да объектілерімен салыстырылады. Мәйіттің іш киімі және оның зақымдары сипатталады. Егер мәйітті жалаңаш түрде қарауға жағдай болмаса, оны егжей-тегжейлі қарау үшін мәйітханаға жібереді.

Егер мәйітте жарақат болса, олардың орналасу орны, саны, түрі мен түсі, жарақат шетгерінің сипаты анықталып, бекітіледі.

Егер өлген адамның кім екені белгісіз болса, оны міндетгі түрде дактилоскопиялайды, одан кейін жуындырған соң таныту фотосуретінің ерекшеліктері бойынша суретке түсіреді.

Мәйіттің жеке ерекшеліктерін: тыртықтары, татуировкалары, меңдері, т. б. ірі масштабты суретке түсіріледі 11.

Куәландыру. Куәландырудың тактикалық әдістері мен этикалық негіздері.

Куаландырылушы тұлғаның денесінде табылған кез келген ізді, дақты, зат бөлшегін дәйекті түрде сипаттап, өлшеп, фотосуретке түсіру немесе суретін салу қажет. Қаралуға жататын объектінің ерекшелігі (адам денесі) мен денсаулыққа зиянды немесе қорлайтын әрекеттерге тыйым салатын заң нормалары іздерді және ерекше белгілерді анықтау мен бекітудің ғылыми-техникалық және тактикалық әдістерінің өз алдына ерекшелігін анықтайды.

Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі - адамдарды куәландыру. Қылмыстық істерді тергеу үстінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің киімінде, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды заңда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып қарауға тура келеді.

Өзіндік міндеті бойынша және қарау үстінде қолданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі.

Куәландыру жүргізу туралы тергеуші сезікті, айыпталушы үшін міндетті болып табылатын қаулы шығарады.

Аталған істер бойынша куәландыру жәбірленушінің немесе сезіктінің денесінде немесе киімінде әртүрлі жарақаттар мен қанның іздері қалған жағдайда жүргізіледі.

Куәландырғанда ең алдымен куәландырылатын тұлғаның киіміне қарау жүргізіледі, содан кейін денесінің ашық бөліктеріне қарау жүргізіледі.

Киімдегі жарақаттарға және қан дақтарына көңіл аударылады. Қан іздерін тырнақ астынан, шаш арасынан, құлақ ойыстарынан және т. б. бөліктерден іздеу керек.

Куәландырылатын тұлғаның жәбірленушімен контактіде болғанын сараптамалық жолмен анықтауға мүмкіндік беретін микрообъектілерді табуға да көңіл бөлу керек. Бұл микрообъектілерді табу үшін лабороториялық жағдайда, арнайы құралдарды пайдалана отырып, маманның көмегімен заттарға қайта тексеру жүргізуге болады. Бұлай тексеру жүргізу үшін және алда сараптамалық зерттеу жүргізу үшін киімдер мен заттар айналыстан алынады және жеке-жеке буып-түйіледі. Куәландыру барысында дененің, киімнің жалпы бөліктерін және табылған іздерді фотосуретке түсіріп отыруға болады. Фотосуреттер кесте ретінде хаттамаға қоса тіркеледі.

Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер қолданылады.

Айтайық, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның үстінде киген киімдері қаралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба, тағы басқа да ерекше белгілердің бар жоғы анықталады. Киімін қарап болғаннан кейін, оның денесі қаралады. Киімге қарау жүргізуде астарына, қалталарына, тігістеріне және басқа да жерлеріне, яғни қанның сақталып қалатын жерлеріне көңіл аударылады. Бұл жағдайда маманның көмегін пайдаланған да дұрыс.

Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау үстінде жалаңаштандыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жалаңаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек.

Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жұмыстардың бәрі моральдық нормаларға сай болуы тиіс.

Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның үстінде бір ерекше белгілер, дақ және басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші қылмыскердің сол жақ иығында қал, ал кеудесінде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені баяндалды.

Тергеудің бастапқы кезеңінде ұсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде жәбірленушінің айтқанындай қылмыскердің иығында қал, кеудесінде татуировка бар екені анықталды.

Сонымен куәландырудың қорытындысы істі дер кезінде ашуға өте құнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды.

Куәландыру сонымен қатар сот-медициналық сараптаманың бір ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін қарағанда арнайы медициналық білім қолданылып, олардың денесінде бар жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай куәландыру сараптамалық зерттеудің бір түрі болып саналады. Мұндай зерттеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады:

а) куәландырған адамның денесінде, қай жерінде, қандай жарақаттар бар;

ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны және олардың жалпы ауырлығының дәрежесі;

б) бұрын операция жасалған басқа куәландырушының денесінде оның белгісі бар ма?

Егер де жай қарау арқылы бұл сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот-медициналық сараптама тағайындалады.

Куәландырылушының денесін зерттеудің негізгі әдістемесі - жай ғана бақылау, және “құрал” ретінде көру мүшелері қызмет етеді. Куәландыру кезінде криминалистикалық техниканы қолдану анағұрлым күшті әсер береді.

Куәландыру барысында табылған іздер мен ерекше белгілер хаттама толтыру, фотоға түсіру, дененің сызбасын сызу, көлемді көшірмелер дайындау жолдарымен бекітіледі. Іздер мен заттай дәлелдемелерді хаттамада дәйекті түрде сипаттап қана қоймай, оларды қылмыстық іс құжаттарына тіркеу үшін түпнұсқа күйінде алу керек.

Куәландыру тергеулік қараудың ерекше түрі болып табылады. Оның мақсаты айыпкердің, сезіктінің, куәгердің немесе жәбірленушінің денесіндегі қылмыс іздерін, жеке белгілерін, зақымдарын анықтау, мастық күйін және қылмыстық іс үшін маңызды басқа да мән-жайларды айқындау. Куәландыру денені мәжбүрлеп жалаңаштаумен байланысты болып, жеке тұлғаның құқықтарын белгілі бір деңгейде қозғайтын болғандықтан, заң куәландыратын тұлға үшін міндетті болатын арнайы қаулы шығаруды талап етеді. Егер куәландыру толық жалаңаштауды талап етсе, куәгерлердің жынысы сол түлғамен бірдей болуы керек. Тергеуші басқа жынысты тұлғаның жалаңаш денесін қарамайды, оның нұсқауы бойынша аталған қарауды куәгерлердің көзінше дәрігер жүргізеді.

Сонымен тергеулік куәландыру мынандай мәселелерді анықтайды:

  • Куәландырушының денесінде ерекше белгілер бар ма, атап айтқанда қандай және қай жерінде;
  • Оның денесінде қандай да бір зақымдалған жер бар ма және қай жерінде;
  • Денеде немесе киімде оқиға орнынан ілесіп келген немесе алып келген куәландыруға қызмет ететін бөлшектер немесе басқа да заттар бар ма;
  • Денеде немесе киімде оның кәсіби бұйымдарында және т. б. айғақ болатын куәландыру белгілері бар ма.

Тергеуші анықталған фактілерді дәрігер мен куәгерлердің сөздері бойынша хаттамаға енгізеді. (ҚР ҚІЖК-нің 227-бабы) .

Куәландырудың барысында хатгама мен оның қосымшаларында куәландырылатын тұлғаның денесіндегі:

а) қылмыстық әрекеттің барысында немесе сонымен байланысты жағдайларда алынған зақымдардың;

ә) ерекше белгілердің;

б) қылмыстық іске қатысты мән-жайлар барысында куәландырылатын тұлға ұстаған объектілердің іздерінің болуы айқындалып, бекітіледі12 .

Бұл іздерге қан, топырақ, бояу, майлайтын заттар, ерін далабы, ұрық, шаш, мата талшықтары, микробөлшектер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Қылмыс туралы оқиға болған жерді қарауда тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Оқиға болған жерді қарау
Денсаулыққа қасақана зардап келтіруді тергеу
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы іске қатыстырылатын аудар¬машы ұғымын жан-жақты ашу
Криминалистикалық тактика білім жүйесінде. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz