Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ғылымдар жүйесіндегі өзін.өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу түсінігінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.11.
2.2. Өзін.өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің педагогикалық және философиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.14.
2.3. Абай мұрасының жастардың өзін.өзі тәрбиелеуі мен қайта тәрбиелеуіне ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.16. 2.4. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы өзін .өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.21.
2.5. Қиын балалардың өзін .өзі тәрбиелеуі мен оларды қайта тәрбиелеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.24.
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25.
IV. Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру саласымен қатар ғылымдар жүйесіне жалпы тәрбиелеу, соның ішінде өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу мәселелері өзекті болып отыр. Себебі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу жұмыстарына соңғы жылдары ғана көңіл бөлініп келеді.
Жаңа типтегі оқу жүйесінің мақсаты - студенттерге білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен қатар өмірдегі өз орнын анықтай алатын, сапалы білім арқылы мүмкіндіктерін жүзеге асыратын, үнемі даму үстінде өз-өзін өмір бойы оқуға, жетілдіріп отыруға қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Сондықтан бүгінгі күні жоғарғы оқу орнындағы оқу тәрбие үрдісі студенттердің өзін-өзі жан-жақты жетілдіру, өзінің қоғамдағы орны мен даму деңгейін айқындау, өзінің ішкі сезімдері мен сапалы қасиетерін өзі тану, тәрбиелеу, қабылдау, сыртқы ортамен сарапқа сала отырып дамытуға бағытталуы қажет.
Менің осы тақырыпты таңдаған себебім өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу мәселесі әлі толық зерттелмеді және көптеген енгізулерді қажет етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу арқылы білім беруді жүзеге асырушы субьектінің Ш.А.Амонашвили, В.В.Сериков еңбектерінде тұлға ретінде өзін тану үшін, өз құндылық бағдарын таңдап алу керек, білім әлеміне ену, ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің шығармашылық тәсілдерін меңгеру оның өзіндік «Мендік» рефлексивтік дүниесін ашуға ықпал етеді делінген. Педагогика мен психология ғылымында теориялық әдістемелік еңбектерімен қатар, аталмыш мәселенің нақты практикалық аспектілеріне қатысты, психологиялық кеңес беру, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу және оқыту саласында нақты шұғылданып жүрген мамандардың зерттеулері аз емес. Өзін-өзі танудың және тұлға дамуының жалпы теориалық методологиялық аспектілерн талдайтын еңбектер (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, П.Р.Чамата, И.И.Чеснокова, В.С.Мерлин, В.С.Мухина, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Спиркин, И.С.Кон, А. Н.Леонтьев, Е.В.Шорохова).
С.А.Назарбаеваның басшылығымен қазақстандық ғалымдар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан ұрпағының ішкі жан дүниесінің бай рухани болмысының жоғары дамуына терең жол ашатын «Өзін-өзі тану» пәнінің тәжірибелік бағдарламасының негізін қалады. Көптеген қазақстандық ғалымдар Х.Т.Шерьязданова, Т.А.Левченко, М.Х.Балтабаев, А.А.Семченко, Е.Е.Бурова, Л.К.Көмекбаева, З.Б.Мадалиева, А.Н.Нысабаев, Г.ГСоловьева өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі тану және тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу мәселесі бағдарламасының негізін қалауға ат салысты.
Зерттеудің мақсаты: Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің теориялық алғышарттарын қарастыру.
1.Орлов Ю.М. Самопознание и самовоспитание характера : Беседа психолога со старшеклассниками: Кн. для учащихся. –М.:Просвищение, 1987.-224 с.
2. Педагогика. Под редакцией П.И. Пидкасистого. -
М.: Росс.пед. агенство, 1996.-602с.
3.Пидкатистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся Педагогика.М.: 1972.-528с
4. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения . М.: 1964 – 482с
5. Скаткин М.Н. Проблемы современный дидактики .М.: 1980 г.
6. Талызина Н.Ф Формирование познавательный деятельности младших школьников . М- Просвещение , 1988 г.
7. ҚоянбаевЖ.Б.,Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 1998 ж.
8.Педагогика/Абай атындағы Алматы мемлекттік педагогикалық университеті, педагогика кафедрасының авторлар ұжымы , Алматы, 2003.
9. игенбаева Б. Қ. Мен –адаммын. //Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы:Дәуір, 2000,111 б.
10.Қалиұлы С. “ Қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен теориясы” Алматы “ Білім” 2003ж.
11.Назарбаева С.А.Познать себя и сделать мир лучше:Выдержки из пресс. Конф. Президента фонда «Бөбек» о новом школьном предмете «Самопознание»/Записала Н. Тодорова/ Казахст.Правда -2001. 18сент.
12.Тойлыбаев Б. Өзін-өзі тәрбиелеудің философиялық негіздері \\ Ізденіс\\ 2005ж.№1
13.Педагогика-психологиядан терминологиялық сөздік Алматы, 2004.
14.Серікбаева Қ. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні \\Саясат \\ 2003ж№10
15.И.Р.Халитова. Абай мұрасының жастарды өзін-өзі тәрбиеленуіндегі ықпалы. \\ Открытая школа\\ 2004 ж №1
16. Ысқақова Б. Дидактикалық материал үлгілері// Бастауыш сынып //2004
17.Смагулов Е .Ж Развитие самостоятельности мышления в процессе решения простых задач .// Бастауыш мектеп// 2003 № 10
18.Құнантаева К. Халитова И. Қазақ мектебіне негіз іздегенде.// Қазақстан мектебі //1993 ж.
19.ҚазҰУ Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы,№18.
20.Қазақ тәлім тәрбие тұжырымдамасы.Алматы, «Қазақстан мұғалімі» 1993,5-ақпан.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ғылымдар жүйесіндегі өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу түсінігінің
мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-11.
2.2. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің педагогикалық және
философиялық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .12-14.
2.3. Абай мұрасының жастардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен қайта тәрбиелеуіне
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-16. 2.4. Жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуындағы өзін -өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..17-21.
2.5. Қиын балалардың өзін -өзі тәрбиелеуі мен оларды қайта тәрбиелеу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-24.
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5.
IV. Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .26.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім
беру саласымен қатар ғылымдар жүйесіне жалпы тәрбиелеу, соның ішінде өзін-
өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу мәселелері өзекті болып отыр. Себебі
адамның өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу жұмыстарына соңғы жылдары
ғана көңіл бөлініп келеді.
Жаңа типтегі оқу жүйесінің мақсаты - студенттерге білім, білік,
дағдылар жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен қатар өмірдегі өз
орнын анықтай алатын, сапалы білім арқылы мүмкіндіктерін жүзеге
асыратын, үнемі даму үстінде өз-өзін өмір бойы оқуға, жетілдіріп
отыруға қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Сондықтан бүгінгі күні жоғарғы оқу орнындағы оқу тәрбие үрдісі
студенттердің өзін-өзі жан-жақты жетілдіру, өзінің қоғамдағы орны
мен даму деңгейін айқындау, өзінің ішкі сезімдері мен сапалы
қасиетерін өзі тану, тәрбиелеу, қабылдау, сыртқы ортамен сарапқа сала
отырып дамытуға бағытталуы қажет.
Менің осы тақырыпты таңдаған себебім өзін өзі тәрбиелеу мен қайта
тәрбиелеу мәселесі әлі толық зерттелмеді және көптеген енгізулерді қажет
етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу арқылы білім беруді жүзеге асырушы
субьектінің Ш.А.Амонашвили, В.В.Сериков еңбектерінде тұлға ретінде
өзін тану үшін, өз құндылық бағдарын таңдап алу керек, білім
әлеміне ену, ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің шығармашылық
тәсілдерін меңгеру оның өзіндік Мендік рефлексивтік дүниесін ашуға
ықпал етеді делінген. Педагогика мен психология ғылымында теориялық
әдістемелік еңбектерімен қатар, аталмыш мәселенің нақты практикалық
аспектілеріне қатысты, психологиялық кеңес беру, өзін-өзі тәрбиелеу,
қайта тәрбиелеу және оқыту саласында нақты шұғылданып жүрген
мамандардың зерттеулері аз емес. Өзін-өзі танудың және тұлға дамуының
жалпы теориалық методологиялық аспектілерн талдайтын еңбектер
(Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, П.Р.Чамата, И.И.Чеснокова,
В.С.Мерлин, В.С.Мухина, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Спиркин, И.С.Кон, А.
Н.Леонтьев, Е.В.Шорохова).
С.А.Назарбаеваның басшылығымен қазақстандық ғалымдар әлемдік
тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан ұрпағының ішкі жан дүниесінің бай
рухани болмысының жоғары дамуына терең жол ашатын Өзін-өзі тану
пәнінің тәжірибелік бағдарламасының негізін қалады. Көптеген
қазақстандық ғалымдар Х.Т.Шерьязданова, Т.А.Левченко, М.Х.Балтабаев,
А.А.Семченко, Е.Е.Бурова, Л.К.Көмекбаева, З.Б.Мадалиева, А.Н.Нысабаев,
Г.ГСоловьева өз еңбектерінде тұлғаның өзін-өзі тану және тәрбиелеу,
қайта тәрбиелеу мәселесі бағдарламасының негізін қалауға ат салысты.
Зерттеудің мақсаты: Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің
теориялық алғышарттарын қарастыру.

Зертеудің міндеттері :
- Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу түсінігінің мағынасын,
мазмұнын, маңызын ашып көрсету;
- Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің түрлеріне талдау
жасау;
- Берілген мәселеге қатысты Абай мұрасының ықпалын қарастыру;
Зерттеудің объектісі: Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
процестері.
Зерттеудің пәні : Өзін өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
процесіндегі оқу процесінің мүмкіндіктері.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,қорытынды бөлімнен және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Кіріспе
Баланың тұлға ретінде дамуы өзін-өзі тәрбиелеу деген
педагогикалық терминді қажет етеді. Оның негізі болып тәрбиеленушінің
өзі болып табылады. Өсіп келе жатқан бала педагог арқылы
тәрбиеленіп, әрі қарай өзін-өзі жетілдіруге көшеді. Өзін-өзі тәрбиелеу
тәрбиеленушінің субъективтілігін көрсетеді. Кешегі ересектермен
тәрбиеленген бала, бүгін эмансипацияланған және өзінің Менін өзін-
өзі тәбиелеудің объектісіне айналдырған.
Эмансипация (латынша тәуелділіктен босану)-балада ерте кезден
көрінеді:ол екі жасында қасықты алып Мен өзім! деп айтады,бес
жасында өзін көтерткізбейді,өз бөлмесінің есігін жауып, жалғыздыққа
кетеді, Не істейтінімді және қалай өмір сүретінімді өзім білемін!
деп жариялайды.
Бұл заңды құбылыс субъектіге өзіне-өзі тәрбиеші болуына
мүмкіндік береді. Тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеуге әкеледі,яғни
біріншісі екіншісінің сапасын көрсетеді. Педагог баланы өзін-өзі
тәрбиелеудің бірінші белгісі пайда болғанда жалғыз қалдырады деп
айтуға болмайды. Педагог тәрбиенің заңдылықтарымен қатар өзін-өзі
тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдерін білу керек, осыған
орай мынадай педагогикалық терминдер пайда болады: өзін-өзі
бақылау, өзін-өзібағалау, өзін-өзі тану, өзіне-өзі бұйыру, өзін-
өзі сендіру, өзін-өзі дамыту.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын дамыту үшін, әр адам өзінің түрлі
қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қойған талаптарды
ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатын қабілетке ие болуы тиіс.
Әлеуметтік тұрғыдан кәмелетке толған адам өз кемшіліктерін, жеке
басының мәдениетінің төмендігін, тәрбиесінің нашарлығын, мұндағы барлық
жауапкершілікті мұғалім мен ата-анаға үйіп-төгіп, өзін судан таза етіп
көрсетуге хақысы жоқ. Әр адам жан дүниесі даму жолының күрделі
соқпақтарынан дербес өтіп, өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс. Кімде-кем жақын
адамдарына бақыт әкелгісі келсе, кімде-кім оқуда, еңбекте табысқа жеткісі
келсе, отбасылық өмірде бақытты жан болғысы келсе, сол адам өз бетімен өзін-
өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның жеке басын жетілдіре түсу жолындағы жеке
әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағыт-бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни
оның кім болғысы келетініне тәуелді. Мұндай әрекет, әсіресе балғын шақта
аса маңызды. Осы кезде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты – адамның өзіндік
санасын қауырт дами бастайды. Өзіндік сананың маңызды бөлшегі адамның өзін-
өзі бағалай алуы болып табылады. Бұл осы ұғымның дәл мағынасына сәйкес
немесе көтеріңкі, не өте төмен болып келуі мүкін.
Өзін-өзі қастерлей білу адамның жеке басының құнды болуы үшін аса
қажет сипат.
Өзін-өзі дамытуға аса құштарлық, өзінің әлсіз жақтарын жеңіп, жетпей
жатқан қабілетінің олпы-солпы жақтарын жетістіруге бар күшін жұмсау,
ақырында көздеген мақсатына жету, әсіресе тұлғаның жарық дүниені тікелей
көріп, естуден түрлі себептермен айырылған адамдарға таңқаларлықтай
дамыған.
Сонымен қатар, педагогикалық терминдерінің ішінде қайта тәрбиелеу
термині де кіреді. Қайта- деген сөздің өзі бір нәрсені өзгерту,
жаңарту, қайта бастау , қазіргідей емес басқаша жасау дегенді
білдіреді. Қайта тәрбиелеу түсінігін әлеуметті қолдау таппаған мінез-
құлық туралы, тұлға қасиеттері туралы айтылғанда қолданады. Мысалға,
бала ерішік, қатал, физикалық және рухани түрде таза емес. Жағымсыз
қасиеттерді жағымдылармен, яғни еңбекқорлық, ұқыптылық, шынайылық сияқты
қасиеттермен ауыстыру қажет. Бірақ бұл ұсыныстың өзі тығырыққа
тірейді: егер баланы адамгершілікке үйретсек, онда ол сыпайы және
ұстамды болады; егер еңбексүйгішттікті қалыптастырсақ, жалқаулық туралы
айтудың керегі де жоқ. Бұндай жағдайда қайта тәрбиелеу туралы
айтуға болады ма? Балаға қарым- қатынас кезінде жетпеген қасиеттер
қалыптасады. Осылайша, қайта тәрбиелеауге біздің педагогикалық
логикамызда орын қалмайды.
Тәрбие үрдісіндегі өзін -өзі қайта тәрбиелеу проблемасы
педагогтка ғылымындағы өте күрделі мәселеге саналады. Оқушының әдеп
тағылымдарын сақтамауы, мінез- құлқұнда ортаға үйлесімсіздік, іс
-әрекетіндегі қоғамдық талаптарға сәйкесе бермейтін оғаш сәттерін
түзеу үшін қайта тәрбиелеу деп атап жүрген мәселенің мұғалімдерді
ерекше толғандырады. Кейде мінезі солай болса, не істерсің Сүтпен
берілген мінез сүйекпен кетеді дейтіндер де бар. Бірақ ол олай
емес. Әрбір тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ендеше қоғамдағы
заңдылықтарды сақтап, ондағы әдеп тағылымдарын орындау керек. Онсыз
болмайды, өйткені тұлға ортадан бөлініп, мүлдем сырттап қалуы
ықтимал, ал қоғамнан, ортадан жырақ кетпеуді халық қолдағандықтан
жалғыз жүріп жол іздегенше, көппен жүріп адас деп түйіндеу
жасайды. Әрине, мұнда сыңаржақ түсініктің салқыны болуыда мүмкін, бірақ
қазірде қиын бала деп жүрген тұлғаларды қайта тәрбиелеудің және сол
тұлғаның өзін -өзі тәрбиелеудің заңдылықтарына мойын ұсынып, іс
-әрекетке кірістіруде педагогикалық тұжырымдарға мән беру керек.
Мектеп жағдайында қайта тәрбиелеу керек дегендердің қатарына
үлгерімі төмен, немесе оқуға ықылас көрсетпейтін мінез –құлқы ереқше,
шадыр, ызақор т.б балаларды жатқызады. Ал оларды жөндеу ниетіндегі адам
алдымен сол ауытқушылықтардың себеп-салдарын айқындап алуға тиіс. Ауытқуға
әсер еткен жанұялық жағдай ма, әл де әлеуметтік топтардың мектеп
тәрбиесіндегі кері әсері ме, жүйке ауруының салдары ма т.б себептерді білу
керек.

2.1. Ғылымдар жүйесіндегі өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
түсінігінің мәні
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды
қасиеттерін жетілдіру жөніндегі саналы, мақсатты іс-әрекеті. Өзін-өзі
тәрбиелеу элементтері мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Бұл кезде
бала өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін түсінбейді. Бірақ өзінің мінез-
құлқының үлкендерге ұнайтын-ұнамайтынын ұғынады. Өзін-өзі тану, өзін-өзі
бағалау және өз қылықтарын талдау жеткіншек алды жаста байқала бастайды.
Жеткілікті әлеуметтік тәжірибенің және психологиялық дайындықтың жоқтығынан
жасөспірімдер өз қылықтарының мотивтерін түсіне бермейді. Сондықтан
үлкендердің көмегінсіз өзін-өзі тәрбиелей алмайды. Оларда міндетті түрде
педагогикалық жетекшілік қажет. Жеке адамдық қасиеттер едәуір дәрежеде
қалыптасқан жасөспірімідік жаста оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу жеткіншек
алды жасқа қарағанда мақсатты және сапалы түрде болады. Оқушылардың өзін-
өзі тәрбиелеу – адамның моральдық қасиеттерінің бір түрі. Адам өзінің іс-
әрекетін, ақыл-санасын іштей бақылап, бағыттап отыруы, өзін-өзі бақылау
арқылы жаман әдеттерден тыйылып, жақсы әдеттерін, жағымды мінез-құлқын
дамытып жетілдіреді. Өзін-өзі бақылау, тәрбиелеп жетілдіру үшін еркін берік
ұстауы, ұстамдылығы, саналы әрекеті қажет.
Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы субъектісіне айналады. Ол
педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық
қасиететрін өзі жетілдіруге және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының
іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер қоршаған ортамен
шын өзара қатынас барысында жүреді.
Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға
ықпал етеді. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін
есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие
міндеттерін шешуде кемшіліктер жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы
кемшіліктердің орнын толтырады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін
есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нысандары тіпті кіші мектеп жасындағы
оқушылар бойынан байқалады.
Жасөспірімдік шақта бала өз беттілікке ұмтылуын байқатады, ел
тәрбиенің пәрменсіз объектісі болғысы келмейді.
Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-
өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты, шындыққа жуық құруға
мүмкіндік береді. Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады. Бұған
өзінің өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді.
Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім
ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндетті түрде жүзеге асыруы
керек: оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі
ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық
құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыртастыру үшін олардың
адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын
дамытудағы өз жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Оқушылар,
әсіресе жасөспірімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз тұлғасында сапалық
қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы хабарларды қызыға
қабылдайды. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен,
мақсатты, сырттан басқарусыз, дұрыс шешу бірігіне ие болады, өзбеттілікке
өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.
Әлеуметтік және материалдық ортада өмір сүре отырып, қоршаған
ортасында адамдармен және табиғатпен өзара әрекеттестікке түсіп, қоғамдық
өндіріске қатысып, адам өзін көптеген қасиеттері мен сипаттарының үлкен
спектрмен өзін-өзі басқаратын күрделі жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл жүйе
жеке, дара тұлға болып табылады.
Жеке тұлғаның объективті көрінісі қоршаған ортасымен барлық өзара
әрекеттестікте көрінеді. Субъективті түрде ол адамның өзінің Менінің
өмірде және қоғамда өзі секілдінің (яғни, өзіндік сана-сезімнің) барын
саналы түрде сезінуі барысында танылады.
Тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани негізі, ол мынадай әр қилы
қасиеттер жүйесінде көрінеді:
1. Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
2. Қоршаған ортасымен қарым-қатынасы және өзіне деген қатынасының
жүйесі;
3. Әлеуметтік рөлді ойнаудағы іс-әрекеттер жүйесі, мінез-құлқының
көрінісі;
4. Қоршаған ортаны саналы түрде жете түсінуі және өзін сол ортада
көруі,
5. Қажеттіліктер жүйесі;
6. Қабілеттер, шығармашылық мүмкіндіктерінің жиынтығы;
7. Сыртқы жағдайларға т.б. жауап беру жиынтығы.
Осының бәрі жеке тұлғаның жалпы мазмұнын құрайды. Бала өмірінде жеке тұлға
болып қалыптасу үшін тек педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара қарым-
қатынас пен өзара әрекеттестік қана емес, оның бойында өзін-өзі дамытуға,
өзін-өзі тәрбиелеуге, өз бетінше білім алуға деген ұмтылысты тудыратын ішкі
белсенділік болуы қажет. Орыс педагогы, әрі психологы П.Ф.Каптерев
Адамдардың көпшілігі біреудің оқытуы арқылы, немесе дамытқандығының
әсерінен емес, керісінше, өз бетінше оқып, өзін-өзі дамытқан адамдар, -
деген.
Өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталынған жеке тұлғаның белсенділігін
қарастыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеу турасында айтылған біршама
филисофиялық – педагогикалық тұжырымдарды кездестіруге болады. Бұл
түсінікті дұрыс ұғыну үшін әуелі оны шынайы көріністерден ада, яғни өзін-
өзі тазартуы сияқты қарастыратын идеялистік тұжырымдарды сынауға тура
келеді. Бұндай түсініктерді тіпті қазіргі кейбір философтар мен
психологтардың пікірлерінен де көруге болады. Олардың еңбектерінде өзін-өзі
тәрбиелеу қоғамдық жағдайлар мен ондағы тәрбиеге мүлдем тәуелсіз, өзінше
бір жеке, автономды деп түсіндіріліп, адам баласын қоғамның жоғары
дәрежесіне көтеретін құрал ретінде қарастырылады. Мәселен,А. Журавлев
адамның қоғамдық жағдайларға тәуелсіз күш еркіндігін уағыздаса, Р.Гаудик
жеке тұлға қоғамдық жағдайларға тәуелсіз адам баласының өз ықтиярымен
істеп, өзін-өзі тәрбиелеуінің нәтижесі деп санайды.
Өзін-өзі тәрбиелеудің әрекетті болуы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына
септігін тигізеді. Адам өз алдына өзімді-өзім тәрбиелеймін деген мақсат
қоймаған күннің өзінде де, өзіне тән жеке дара қасиеттерін қоршаған
ортасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсуі барысында, не болмаса
мәдениеттің, тағы да басқа факторлардың әсерінен өзгертуі мүмкін. Сондықтан
өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны өзгертуге әкеліп соқса да, кез келген өзін-
өзі өзгертуді өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны өзгертуге әкеліп соқса, кез
келге өһзін-өзі өзгертуді өзін-өзі тәрбиелеу екен дей беруге болмайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін анықтау үшін алдымен осы процестің
мақсатқа бағытталған сипатын ескеру керек. Мақсат адам іс-әрекетіндегі
қажетті жағдайлардың бірі болғандықтан, бұнда да негізгі рөл атқарады.
Яғни, мақсат қана адам әрекетінің әдісі мен сипатын заң секілді анықтайды
да, өзіне ерікті бағындырады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мен өз бетімен жұмыс істеу түсініктерін салыстыра
қарау әдепкіде қисынды көрінеді. Бірақ адам іс-әрекет барыснда өз тұлғасын
өзгертеді, өзін-өзі тәрбиелейді, қайта тәрбиеленеді, ал өз бетімен жұмыс
істеу әрдайым өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттала бермейді және өз бетінше күш
жігерін билеуі арқылы өзгертілген тұлға өзін-өзі тәрбиелеу болып
саналмайды. Неше түрлі бағытқа бағытталған адамның іс-әрекеті өзін
тәрбиелеуге адам ұмтыла ма, жоқ па оған қарамй-ақ оның тұлғалығында көрініс
беріп отырады.
А.Г. Ковальев өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін басқаша түсіндіреді:
Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – жеке тұлғаның қазіргі және болашақтағы іс-
әрекетінің жемісті болуы үшін өз бойындағы жаңа қасиеттерді қалыптастыру
мен жетілдіру мақсатында өзімен жүйелі, жоспарлы, саналы түрде жұмыс
істеуі. Бұл анықтамасында ол өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатқа бағытталған
сипаты осы процестің негізін дұрыс бейнелеу үшін әрине, орынды түрде
берген, бірақ А.Г. Ковальев өзін-өзі тәрбиелеу түсінігіне, менің
пайымдауымша, болмашы көрсеткіштерді, атап айтқанда, өзін-өзі тәрбиелеудің
құрамына жүйелі және жоспарлы түрде өз бетімен жұмыс істеуін қосқан.
Сондықтан да, оның берген анықтамасы әлі де жеткіліксіз, нақты түрде
берілеген деп айта алмаймыз. Себебі өзін-өзі тәрбиелеу әрқашанда жүйелі
және алдын-ала құрылған жоспармен іске аса бермейді. Бұның біршама
себептері бар. Біріншіден, адамның әлдебір қасиеттерін тәрбиелеуге, не
болмаса кейбір кемшіліктерін жөндеуге жұмсаған іс-әрекеті оны қоршаған
жағдайларға байланысты.
Кейбір авторлар өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін адамның санасының дұрыс
бағаның болуы деп санайды. Мәселен, А.Я.Арет былай деп жазады: Өзін-өзі
тәрбиелеу дегеніміз – бұл адамның өзі немесе ұжымның көмегі арқылы өзінің
жағымды қасиеттерін дамытуды және де жағымсыз қасиеттерін өзгертуі. Бірақ
та өзін-өзі бағалау шынайы қалыптасып жатқан қасиеттердің объективті
маңыздылығымен ұдайы сәйкес келе бермейді. Тіпті кейде сол қасиеттерді
басқа адамдар жағымсыз деп тануы да мүмкін. Негізнен, А.И. Кочетовтың
тұжырымына сенсек, өзін-өзі тәрбиелеудің жағымсыз мотивтері болмайды, егер
өзін-өзі дамытудың жағымсыз сипаты болса, онда бұл тұлғаның өзін-өзі
тәрбиелеуі емес, жоғалтуы, бұзуы.
Олай болса, өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – адамның өз бойындағы
жағымсыз қасиеттерін жеңіп, жағымды қасиеттерін жетілдіру және дағдыға
айналдыру жолындағы жүйелі де, саналы іс-әрекеті.
Өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттілігі мен оны сәтті орындап шығуы туралы
шешім қабылдаудың маңызды алғышарты тұлғаның өз мінез-құлқы, қасиеттерін
объективті түрде сынап, бағалау қабілеті, шынайы мақсат пен әрекет
бағдарламасын құруы болып табылады.
Құлықтық тәрбиенің түпкі мақсаты-тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі
жетілдіруге деген қажеттілікті тудыру. Ал бұндай қажеттілік өзін-өзі байқау
мен бағалай алу қабілеті дағдыланып, басқа адамдардың қылықтарын түсініп,
қоғам талаптарына сәйкес өз мінез-құлқын үйлестіре білгенде ғана қоғамдық
еңбек пен оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
Тұлғаның өз бетімен қабылдаған шешімдерін тұрақты орындауы,
күнделікті іс-әрекетіндегі кездескен қиыншылықтарды жеңу, өзіне көп не аз
мөлшерде болсын талап қоюы өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді. Өзін-өзі
тәрбиелеудің алғашқы элементтері мектеп жасына дейінгі сәбилер мен естияр
балалрда байқалады. Бұл кезеңде баланың өз қылығына қоршаған ортасындағы
ересек адамдар негативті реакция берген жағдайда ғана оны өзгертуге деген
талпынысы пайда болады. Бұл уақыттағы процестің басты ерекшелігі сол, бала
мінез-құлықтың нақты формасын, яғни тұлғалық қасиеттерін емес, тек сыртқы
көріністерін өзгертуге ниеттенеді. Себебі психологтардың пайымдауынша, сәби
өз бойындағы тұлғалық қасиеттерін саналы түрде сезіне бермейді. Сондықтан
өзін-өзі тәрбиелеуді тудыратын түрткілерді – олардың іс-әрекетіндегі, яғни
ойын ойнау барысындағы еріктерін өзін-өзі ұстай алуын дамыту керек. Сонымен
қоса, сәбилерді өздігімен жұмыс істей алуға қолайлы формада үйрету керек.
Себебі мінездік қалыптар жеткілікті деңгейде қалыптасқан жаөспірімдік
кезеңде ол қажетіне жарайды. Жасөспірімдік кезеңнің басты ерекшелігі тұлға
ересек адамдарға еліктеп, өз қылықтарын түсінуге, өз ісінің дұрыстығын
дәлелдеуге ұмтылады, яғни жеке қылықтары арқылы қасиеттерін танытады.
Осылайша, өзін-өзі тәрбиелеудің алғашқы міндеттері алдынан шығады.
Бұл кезеңде педагогтың жұмысы да маңызды рөл атқарады, ол оқушыларды өз
күшіне сенуге, алдына қойған мақсаттарын іске асыра алатындығына сендіруге
тиіс. Сонымен қатар, ол баланың парасатты талпынысына сенуі керек және
қалыптасып өсіп келе жатқан тұлғаға құрметпен қарап, өз талабын оған
сәйкестендіруі орынды болмақ. Ол үшін оқушыға үйде, не мектепте болсын өзін-
өзі тәрбиелеудің әр алуан формалары мен әдістерін (өзін-өзі сынау, өзін
иландыру, өз еркін бағындыру, басқа бір адамның жағдайына эмоционалды –
ойша ауысым жасай білу т.б.) таныстыру керек.
Қайта тәрбиелеу ұғымына тоқталатын болсам, П.И. Пидкасистыйдың
пайымдауынша Қайта тәрбиелеу - өткен педагогикалық кездің термині,
яғни бала педагогтың әрекеттестік объектісі бола отырып, қасиеттерді
ұстаушы ретінде көрінеді. Жағымсыз қасиеттерді алып тастау, жою,
өлтіру керек деп, ал жағымдыларды – егер бала магнитофон сияқты
болса, оған педагог қажетті таза жазулармен касета салып, ал нашар
жазулармен жазылған касетаны алып тастау сияқты жойылғандардың орнына
қалыптастыру деп көрсетеді.
Тәрбиелеу табиғаты туралы бұндай педагогикалық көзқарастар
бөлімдері әлі күнге дейін педагогткалық практикада айтылады, ол
медициналық аналогияға теңеледі: педагог хирург сияқты скальпельмен
организмдегі керек еместі алып тастап немесе ауру органды
саумен ауыстырады.
Қазіргі кездегі педагогикалық ойлар және гуманистік психология
баланың индивидуалдығын сыйлау, оның қалыптасу, даму тарихын есептеу
принциптерін атап көрсетеді. Осы жаңа гуманистік позициялардан қайта
тәрбиелеутермині өткен шақта қалады. Бірақ, XIX-ғасырдың аяғы мен XX-
ғасырдың бірінші жартысының ойшылдары педагогтың позитивті
позициясына акцент жасады, оның барлық күші тұлғада құндылықтарды
қалыптастыруға бағытталуы қажет. К.Д.Ушинский, мысалға, жағымсыз әдеттер
жақсы әдеттердің қалыптасуымен жойылады деп санады. Ауыр тағдырлы
және күрделі әлеуметтік ауытқушылықтар бар балалармен жұмыс
істейтін А.С.Макаренко , әрбір баланы қалыпты адамдық жағдайда
тәрбиелеуге болады деп есептеді.
Жеткіншекті өздігінен жұмыс істеуге итермелейтін өзін-өзі
тәрбиелеудің ішкі стимулдарына ( ұжым алдындағы міндеті, әртүрлі есеп
берулер мен жарыстар т.б.) сүйене отырып, амалдар жүйесін ұйымдастыру
қажет. Сонымен бірге ересек адамның сөздері ықпалды болып және ол өзін-өзі
сендірумен, мақұлдаумен үйлесе, үлкен әсер тигізері хақ.
Тәрбиелеуші бірте-бірте есейген сайын өзін-өзі тәрбиелеу өз
қылықтарын сынаудан, кемшіліктерін білуден басталатындығын және оған ұзақ
мерзім мен көптеген күш-жігердің оған ұзақ мерзім мен көптеген күш-жігердің
қажет екендігін түсінеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты балаға жас үстіне
жас қосынған сайын күрделеніп, өзгере түседі. Мәселен, балаң жаста білімін
толықтырып отырған дүниеге деген көзқарасының қалыптасу процесі және өзін-
өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу арасындағы байланыстың нығая түсуі
қарқынды жүреді. Яғни әлеуметтік рөл мен қоршаған ортасымен өзара қарым-
қатынас түрі өзгеріп, тәжірибе жинақтала бастайды, сонымен қоса бұл кезеңде
адам тек қылығымен ғана емес, жеке қасиеттерімен де тұлғалығын толық
сипаттай алмайтындығын бағамдайды.
Балаң жастағы бала үшін өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі мотиві өзіңді-
өзің жаса, әлеуметтік және кәсіптік қарым-қатынасты толық өзін жүзеге
асыруға деген қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы кезеңдегі
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге деген қызығушылығын педагог қолдай отырып, өз
тәрбиеленушілерінің құлықтық тәрбиеге деген сенімдерін бекітеді. Олар
еріктің, өзін ұстай білудің қандай да бір көзге көрінетін нәтижесіне жетуге
тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеумен айналысып жүрген тәрбиелнушіні педагог
бақылау жүргізе отырып, өзінің өмірлік тәжірибесімен ортақтастырылады. Бұл
кезеңде негізінен өнегелік мәні бар, идеялылыққа, жоғары мәдени
құндылықтарға толы әдебиеттер үлкен рөл атқарады. Тәрбиеленуші үшін өмірлік
міндеттерді шешуге реализмнің көп мөлшерде болуы, олардың іске асырудағы
сәттілік пен сәтсіздік басты фактор болып саналады. Сондықтан да,
психологтар осы кезеңдегі жастардың жұмыс жасауын саналы түрде сезінген
өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.
Сонымен қоса, тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеу
мен ұжымдық іс-әрекетті ұштастыра отырып біршама жетістіктерге жетуге
болады. Себебі әрбір индивидтің өз қабілеттерін жан-жақты дамытуы осы
жерден басталды.
Орысша педагогикалық сөздікте қайта тәрбиелеу деп –
тәрбиеленушіге әсер ету арқылы тұлғадағы жағымсыз қасиеттерді жою немесе
түзеуден тұратын жүйе аталады. Қайта тәрбиелеу пенитенциарлық
педагогиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қайта тәрбиелеу мен түзету
ұғымдары мағынасы бойынша жақын, олар синонимдер ретінде
қарастырылады,бірақ мамандар олардың ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Түзету – бұл тұлғадағы рухани ауытқушылықтарды алып тастау және мақсатты
тәрбие жүйесінің әсерімен оны қоғамдық нормаға алып келу.Түзету –
қайта тәбиелеудің нәтижесі. Қайта тәрбиелеу іс -әрекеттен,
тәрбиелеуден, тәрбиеленушіден ,ал тузету -іс-әрекет пен тәрбиеленушіден
тұрады деген қөзқарастар да бар. Бірақ түзету де, қайта тәрбиелеу де
тәбиешінің тәрбиелеленушіге өзара әрекетінсіз мүмкін емес.
Ресейде қайта тәрбиелеу мәселесін 20-30-шы жылдарда
Ю.Б.Бехтерев, М.Н. Гарнет, А.С. Макаренко,С.В. Познышев, Б.С. Уветский,
Е.Г.Ширдинт т.б. зерттей бастады. Көптеген мамандар мынандай
қорытындыға келді: қайта тәрбиелеу – бұл қоршаған орта ерекшеліктері
мен педагогикалық шешімдер деңгейін көрсететін спецификалық тәрбие
процесі.Қайта тәрбиелеудің мақсаті, талаптары, құралдары мен әдістері
тәрбиелеудің ортақ жағдайымен анықталады.

2.2. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің педагогикалық және
философиялық негізі.

Тәрбие үрдісіндегі тұлғалық кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал
етеін факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Тәрбиедегі
даналық сол, оған тәрбиеленушінің өздерін бірге ақылдасып шешу. Бұндағы
көздейтін негізгі мақсат, тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі міндеттерімен ұштастыра жүргізу. Осындай
жұмыстардың негізінде жалпы тәрбиелік мақсат пен міндеттер өз нәтижесін
береді.
Өзін -өзі тәрбиелеу ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және
интеллектуалдық жетілу формасында көрінеді. Тұлғаның рухани жан дүниесі
байып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген сайын олар мінез-
құлқындағы кемшіліктерге, жолдастары мен ұстаздары және ата-анасы,
туысқандары мен араларындағы қарым-қатынасқа сын көзбен қарай бастайды.
Әдетте өзін-өзі тәрбиелеу процесі жеткіншек шағынан басату алады.
Осы кезеңде олардың қылықтарында үлкендерге еліктеу, бой түзеу, өз бетінше
әрекет жасау, өздерін көрсетуге ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы
артады. Есейген сайын өздері мен жолдастарының қылықтарына сын көзбен
қарап, баға беруге, білгендері мен оқығандарын талқыға салуға, өздері
оқыған әдеби кітаптағы кейіпкерлері мен көгілдір экраннан көрген жағымды
бейнелерге ұқсауға тырысу басымырақ келеді.
Өзін -өзі тәрбиелеуді өзіңді-өзің саналы, жоспарлы, жүйелі түрде
қолға алу деп түсіндіруге болады. Ол жеке тұлғаның өзіне қоятын талаптар
жүйесін қамтиды, өз кезегінде бұлар қоғамның талаптарына тәуелді келеді.
Бұндай өзара қатынас, тәрбие жұмысының мақсатын нәтижелі етіп ұйымдастыруда
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен өзара әрекетін жандандырады,
тұлғаның саналы әрекеті мен белсенділігін, құштарлығын дамытады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеуде міндетті түрде
қоғамдық әлеуметтік түрткі болуы керек. Түрткі – тұлғаның мақсатқа жетуде,
оны саналы әрекетке жетелейді.
Өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар тұлғаның өзінің қажетсіну
сезімінің пайда болуының мәні зор. Түрткімен мен қажетсіну сезімінің пайда
болуының мәні зор. Түрткі мен қажетсіну - өзін-өзі тәрбиелеудің және қайта
тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі
шарт, мотив пен қажетсінуді қамтамасыз ету. Олай болмаған жағдайда, өзін-
өзі тәрбиелеуде де қайта тәрбиелеуде де нәтиже болмақ емес. Сонымен бірге
жас және дара ерекшеліктерні ескеру міндетті.
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу мәселесіне қатысы бар негізгі
философиялық идеялардың бірі - өздігінен қозғалу идеясы болып табылады.
Философияда өздігінен қозғалу концепциясы қозғалушы затта, дамушы құбылыста
жататын қозғалыс түрі деп түсінеді. Өздігінен қозғалу концепциясы қозғалушы
затқа қатысты қандай да бір сырттай, оған байланыссыз және онымен
субъектімен объектінің қатынасы ретіндегі қозғалыс көзін анықтайтын сыртқы
түрткі концепциясына қарсы тұрады. Өздігінен қозғалу идеясы қозғалушы
затта белсенді субъект белгілерінің болуын талап етеді. Өздігінен қозғалу
концепциясының қалыптасу жолдары мынандай: спионзалық идея causa sut
(себебі оның өзінде); өзі әрекет ететін, өзі анықтайтын субстанция
ретіндегі лейбництік монада принціпі; аспанның, жердің және адамның
дамуының канттық идеясы; Ф.Шеллинг философиясындағы эволюция идеясы;
Гегельдің идеалистік диалектика идеясы.
Философияда өздігінен қозғалу концепциясы бір жағынан материалистік
дүниетанымымен, ал екінші жағынан қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі
ретіндегі дамудың диалектикалық концепциясымен байланысты. Біз үшін
өздігінен қозғалу концепциясының құнды болуының себебі адам индивидтің
қозғалу формаларының бірі ретіндегі өзін-өзі тәрбиелеуді анықтағанда ол бұл
қозғалыстың дамуының көздерін сырттан емес, адамның өзінен, адам индивидіне
тән ішкі қарама-қайшылықтардың күресі ретіндегі осы көзді түсінуге
бағдарлайды.
Идеялардың екінші тобы қатынастарымен, қарым-қатынаспен, іс-әрекетпен
және өзара әсерлесумен байланысты. Қатынас философияда барлық құбылыстардың
өзара байланысының мезеті ретінде ұсынылады. Кез-келген заттың өмір сүруі,
оның өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері, дамуы оның объективтік дүниенің
басқа заттарына қатынасының бүкіл жиынтығына байланысты қандай да бір
құбылыстың дамуынан оның басқа құбылыстарға қатынасы өзгереді, бір қатынас
жойылып екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің әдісі мен мәні
Тәрбие процесінің мәні
Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері
Мектептегі тәрбие жұмысы
Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші ролі
Тәрбие процесінде өзін - өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Қиын баланы қайта тәрбиелеу
Өзін-өзі тәрбиелеу жайында
Ұжымда оқушылардың дамуы және өзін-өзі бағалау
Өзін - өзі тәрбиелеу әдістері
Пәндер