Windows операциялық жүйе


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Windows операциялық жүйе
Жоспар:
Кіріспе: Операциялық жүйелер
Негізгі бөлім:
а) Windows 95 операциялық жүйесінің негізгі объектілері
б) Тышқанды қолдану
в) Пернелер қолдану
г) Windows-та жұмыс істеу
д) Бумалар, таңбашалар құру
Қорытынды: Windows 95 операциялық жүйесінің маңызы
Кіріспе
Операциялық жүйелер компьютердің барлық компоненттерін, программалық қамтамасыздандыруды басқару үшін қажет Ол адам мен компьютер арсындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді, яғни операциялық жүйе - бұл компьютер қосылған кезде жүктелетін және оның барлық жұмысын және құрылғыларын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе адамның компьютердің электрондық компоненттерімен, программалармен арнайы байланыстырғыш. Ол арқылы адам программаларды қосып, олардан және оларға ақпарат алады, программалардың жұмысын басқара алады, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгерте алады. Дербес компьютермен жұмыс істеу операциялық жүйемен жұмыс істеумен тең. Қазіргі кезде адамдар негізінен Microsoft компаниясы шығаратын Windows операциялық жүйелермен жұмыс істейді. Олар: Windows95, Windows98, Windows2000, Windows xp Professional, Windows xp home edition және т. б
Windows 95 операциялық жүйесінің негізгі объектілері жұмыс үстелі және терезе ұғымы болып табылады.
Іске қосу
Windows 95 операциялық жүйесі компьютермен бірге автоматты түрде іске қосылады.
Шығу Пуск батырмасын басып, экранға бас меню тізімі шығады. Жұмыс аяқтау (завершение работы) деген соңғы бөлімін таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Компьтерді өшіру (выключить компьтер) деген терезе ашылады. Иә (да) батырмасыншертіп, біраздан соң компьютерді өшіруге болады деген жазу шығады.
Windows 95 операциялық жүйесінің объектілері
- Суретшелер
- Бумалар
- Фаилдар
- Менің компьютерім
- Есептер тақтасы
- Қоржын
- Бас батырма (Пуск) Жібер
- Суретшелер компьютерде қолданылатын объектілер белгісі. Физикалық құрылғылар да (диск), логикалық құрылғылар да (фаил), құжаттар да, қолданбалы программалар да және т. б да объектілер болып саналады.
- Бумалар объектілерді топтастыру үшін қолданылады, топтастыру құжаттарды реттеуге керек. Мысалы: ойындарда, іс-қағаздарды, хаттарды бөлек бумаларға сақтасақ, іздеу оңай болады.
- Есептер тақтасы экранның төмен жағында орналасқан жатық жол, ол арқылы керектіні тез табуға болады.
- Менің компьютерім - компьютердің барлық жарақтарын көруге болады, бумаға орналаспай жеке тұрады.
- Пуск батырмасы программаны шақыру үшін және компьютерді өшіру үшін қолданылады.
- Фаилдар. компьютерде өңделетін кез-келген информация жазылатын дискідегі атауы бар орынды фаил дейді. Таңба немесе символ түрінде берілген кез-келген ақпарат информация деп аталады, яғни компьютерде кез-келген программа, құжат (мәтін, сурет, музыка, клипы, кино және т. б) фаил түрінде жазылады. Бума сақталмаған фаилдар жұмыс үстелінде жеке таңбашамен көрсетіледі.
- Бас меню. Пуск батырмасын шертсек, бас меню тізімі ашылады, ол арқылы компьтердегі барлық программаларды шақыруға жол ашылады.
Бас меню келесі жолдардан тұрады
- Программалар (программы) бөлімінді қабаттасқан менюлер орналасқан. Мысалы Windows 95-пен бірге тағайындалатын қолданбалы программалар стандартты (Accessories) деген жеке менюде жинақталған. Бұл бөлім арқылы компьютерде барлық қолданбалы программаларды шақыруға болады.
- Құжаттар (Документы) Бұл тізімде біз жұмыс істеген соңғы 15 құжат тізімі көрсетіледі, шертсек, құжат өңдейтін программа қоса шақырылады. Windows-та мәтін, сурет, музыка немесе кино және т. б барлық фаилдар құжат деп аталады.
- Баптау (настройка) Компьтердегі құрылғыларды және программаларды тағайындауға қолданылады.
- Іздеу (поиск) Керек фаилды іздеу үшін қолданылатын команда фаил аттары ағылшын әріптермен берілуі керек
- Анықтама (справка) Windows 95-тің анықтама жүйесін шақырады.
- Орындау (выполнить) Windows 95 операциялық жүйесінде тағайыедалмаған программаларды орындау үшін керек. Жаңа программаларды қондырғанда осы жол таңдалады.
- Жұмыс аяқтау (завершение работы) Компьютерді осы команда арқылы өшіру қажет, сонда операциялық жүйе барлық құжаттар мен программаларды жауып, жұмысын дұрыс аяқтайды. Басқа жағдайда операциялық жүйенің жұмысы қиындайды, тіпті істен щығуы да мүмкін.
- Терезелер (окна) терезе ұғымы өте ыңғайлы, әр құжат өз терезесінде ашылады, сол сбепті бір мезгілде бірнеше құжатпен жұмыс істеуге болады, керек құжатқа өту үшін терезесін шертеміз, терезе тақырыбы көк түске боялып, басқа терезелердің бетіне шығады. Терезе (окно) менюнің командалары арқылы экранда терезелер орналасуын реттуге болады.
Windows 95 операциялық жүйесінде терезе түсінігі өте маңызды қызмет атқарады.
Терезе элементтері:
- тақырып жолы
- Жиек
3) Айналым жолақтары
4) Терезе батырмалары
5) Жүйелік меню батырмалары
6) меню жолы
7) саймандар тақтасы
8) жағдай жолы
9) жұмыс алаңы
10) екі жақты сілтемелі бағыттауыш батырмалары мазмұн бойынша экрандап қозғалады.
- Тақырып жолындажүйелік батырма, терезе аты, терезе батырмалары орналасады. Терезе аты ретінде қолданбалы программаның, құжаттың, буманың, каталогнемесе фаилдың аты көрсетіледі.
Біз жұмыс істеп жатқан терезенің тақырыбы көк түске боялады, ол «екпінді» немесе «ағымдық» деп аталады, екпінді емес терезелер тақырыбы сұр түсті болады; терезені басқа жерге жылжыту үшін, курсорды тақырып жолына қойып, «сүйретеді».
- Жиек. Терезе жиектері (жақтаулары) терезе шекарасын құрайды, ол қозғалмалы. Курсорды терезе жиегінің сызығына немесе бұрышына қойса, курсор екіжақты сілтемеге айналады, сол кезде тышқан пернесін басып тұрып, өз керегінізше «тартып», терезе мөлшерін өзгертуге болады. Терезе бұрыштары терезенің ені мен биіктігін қатар өзгерту үшін қолданылады.
- Айналым жолақтарыЕгер мазмұн терезеге сыймаса, терезе жиегінде екі түрлі айналым жолақтары пайда болады: тік және жатық
- Көру бағыттауышы терезеге сыймаған информацияны көруге арналады
- Жүгіргіш, информацияны жоғары және төмен жылжытады
- Көрудің тік сызғышы терезеге сыймаса информацияны тік бағыт бойынша қозғалтады
- Көрудің жатық сызғышы, терезеге сыймаса информацияны жатық бағыт бойынша қозғалтады.
- Екі жақты сілтемелі бағыттауыш батырмалары, мазмұн бойынша экрандап қозғалтады.
Жүгіргіш терезе мазмұны бойымен тез қозғалу үшін керек. Екі жақты сілтемелі бағыттауыш батырмаларын экрандап қозғалу, көру бағыттауыш батырмаларын жай қозғалу, жолақтың бос жерін шерту парақтап қоғалу үшін қолданылады. Бір қалыпты қозғалу үшін жүгіргішті «сүйрету» керек.
4) Терезе батырмалары тақырып жолының оң жағында орналасады. Батырмалар төрт түлі болады, шерту арқылы келесі амалдар орындалады:
Жабу - терезе жабылады
Ашу - терезе экранға толық ашылады
Жинақтау - терезе мөлшері жинақталады
Жинау - терезені жаппай, уақытша жинайды, терезе таңбашаға айналады.
5) Жүйелік меню Терезе тақырыбының сол жағында орналасады. Шертсек, жүйелік меню пайда болады. Бұл менюдің әр бөлімі бізге таныс:
Программа терезесінде Жабу командасының тұсында Alt+F4 пернелер комбинациясы көрсетілген. Alt пернесін жібермей басып тұрып, F4 пернесін қоса басу керек. Сонда бұл пернелеркомбинациясы барлық програмаларды жабады.
6) Меню жолы Меню жолы терезе мазмұнына байланысты болады.
Негізгі менюлер:
Фаил, түзету, Түр және ? (көмек) командалары, басқа менюлер программа қызметіне байланысты өзгеріп отырады.
Фаил менюі фаилмен жүргізілетін ашу, жабу, сақтау, құру, амалдарын орындауға арналады.
Түзету менюінде құжат фаилдарын редакциялау жүргізіледі.
Түр менюі режимдер тағайындауға, терезені реттеуге арналған.
? менюі анықтама жүйесін шақырады.
7) Саймандар тақтасы Меню жолындағы анағұрлым маңызы командала қолдануға ыңғайлы болу үшін батырмалар ретінде Саймандар тақтасында орналасады. Егер экранда саймандар тақтасы көрінбесе, Түр менюінде Саймандар тақтасы деген жолды шерту керек.
8) Жағдай жолы терезенің төменгі жағында орналасады. Онда кейбір мағлұматтар орналасады. Егер ол жол Сізге пайдалы болмаса, Түр менюіде Жағдай жолы бөлімінде жалаушаны алып тастау керек, ол үшін сол жолды шертсек жеткілікті болады.
9) Жұыс алаңы Информациямен (құжат, сурет, кесте т. б) жұмыс істеуге арналған терезенің негізгі бөлігін жұмыс алаңы деп атайды
Тышқанды қолдану
Windows-пен жұмыс істегенде манипулятор тышқанды қолданған ыңғайлы. Пернетақта курсорынан айырмашылығы тышқан көрсеткішінің курсоры бағыттауыш сызық немесе тік сызық түрінде болады және жыпылықтамайды. Тышқанды үстелдің үстімен қозғағанда көрсеткіш экранда қозғалады. Тышқанның екі пернесі болады, сол жақ және оң жақ, сыртқы түрі тышқанға ұқсайтын болғандықтан mouse-тышқан деп аталып кеткен. Тышқанды басыңыз дегенде - сол жақ пернесін бас деген сөз, оң жақ пернесін басу керек болса әдетте оны оң жақ пернесін басыңыз деп ашы айтады. Тышқан пернесін әдетте тез басып, жібере салу керек болған соң шертіңіз деп те айтады, егер шертіңіз десе - тышқанның сол жақ пернесін басып тез жібере салуды айтады. Сонымен:
Шерту -тышқан батырмасын тез басы, жібере салу.
Екі рет шерту - тышқан батырмасын тез екі рет басып, жылжытпай жібере салуды айтады.
Тасу, жылжыту, сүйрету -
- Көрсеткішпен экрандағы керек элементті көрсету керек.
- Содан соң тышқан пернесін жібермей басып тұрып;
- тышқанды үстелде жылжыту арқылы, экранда көрсеткішпен бірге элементті жылжытып қажет жерге апару керек.
- тышқан пернесін жібере салу керек
Назар аударыңыз! Тышқан көрсеткішін объектіге қойып, оң жақ пернесін шертсеңіз әр объектіге қатысты өз жанама менюі пайда болады.
Тышқан манипуляторын терезе мазмұны бойынша тез қозғалу, алыс қашықтықты белгілеу үшін қолданған ыңғайлы, дәл белгілеу үшін пернетақтаның бағыттауыш пернелерін қолдану керек.
Егер тышқан істен шығып қалса, пернетақтапернелері арқылы жұмыс істеуге болады.
Пернелер қолдану
Терезе таңдау - Alt+Tab
Объект таңдау - бағыттауыш пернелері ақылы курсорды объектіге қою қажет
Екпінді ету - таңдалған объектіні екпінді ету үшін Enter пернесін басу керек
Меню жолы - Alt пернесін басып меню жолына шығамыз
Орындау - бағыттауыш пернелері арқылы, курсорды керек менюге қойып, Enter пернесін басып, керек команданы орындауға болады.
Жүйелік менюге Alt+Space пернелерін басып шығамыз. Бағыттауыш пернелері арқылы терезе көлемін өзгертіп, пернесін басу арқылы оны тағайындауға болады.
Жабу
-Alt+ F4 пернелер комбинациясы арқылы терезелерді жауып, программаларды аяқтауға болады.
Windows-та жұмыс істеу
Windows-та кез-келген әрекеттер командалар арөылы орындалады, командалар тізімі меню деп аталады. Меню жолында командалар орналасады, ол әр программа үшін басқаша болуы мүмкін. Менюдің бөлімдері (командалары) ө алдына меню құрауы мүмкін, ол екінші менюдеп аталады, оның өз командалары болады.
Барлық қолданбалы программалар терезесінің бастапқы жолында меню жолы тұрады. Барлық Windows программаларында Файл, Түзету (правка), Түр (вид), Көмек (?) менюі бар.
Меню командаларын орындау өте оңай, керек командаға курсор апарып, тышқан пернесімен шертіп отырсақ болғаны. Кез-келген объектімен (фаил, сурет т. б) жұмыс істеу үшін алдымен керек объектіні тышқанмен шертіп белгілеп аласыз.
Жылжыту және көшіру амалын орныдау үшін керек фаилды (немесе кез-келген басқа объектіні) алдымен буферге алу (сақтау) керек, одан кейін Түзету меюінде Қою(вставить) командасы арқылы керек жерге қоя саласыз. Жылжыту амалын орындау үшін буферге аларда Тузету менюінде Қию (вырезать) командасын қолдану керек, ол кезде фаил ескі орнында да сақталады.
Буфер дегеніміз жедел жадта орналасқан аралық жад, ол Windows-та барлық программалар үшін ортақ. Бір программадан басқа программаға кез-келген объектіні (сурет, фрагмент, мәтін) көшіру үшін объектіні алдымен буферге сақтап (көшіру командасын орындау керек), буферден керек программаға қоя салуға болады (қою командасы арқылы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz