Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1.2
I Банктің теориялық негіздері.
1.1.Банктің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.3.
1.2.Банктің мәні,түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.6
1.3.Банктің нарықтық экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.9
II Қазақстан Республикасындағы банк ісі.
2.1.Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы ... .10.12
2.2.Екі деңгейлі банк жүйесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32.33
III Қазақстан Республикасындағы банк ісін жетілдіру мәселелері.
3.1.Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... 34.37
3.2.1995.2005жж. аралығында Қазақстанның банктік жүйесін реформалау бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38.39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Кіріспе
Банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама – ақшаларды құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады.Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады. Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқада қаржылық қызметтер.Банктердің ақша қаражаттары оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады. Экокномика мен тұрғындарды несиелендіру – банктік қызметтің ерекше оьлысына және ьанктердің активтік операцияларына жатады. Осыған байланысты банктер несиелік институттарға жатады. Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен несие алушының арасында біріншінің екіншіге ақша қаражаттарын төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен беруі бойынша қарым-қатынасы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Баян Көшенова, "Ақша,несие,банктер,валюта қатынастары" Алматы 2000ж.
1) С.Аманжолов, "Қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және банк жүйесін
реформалау" Ақиқат – 1996ж.
2) "Қазақстанның банк секторы,даму кезеңдері және қазіргі жай күйі"
(Егемен Қазақстан 2000 – 24 наурыз)
3) С.Мақыш "Коммерциялық банктің қаржылық қызметін басқару"
(Экономика негіздері – 2005)
4) Белгібаева Құралай,Мұханбетова Сабира "Қаржы және Банк
статистикасы"
5) Мақыш Серік Биханұлы, "Банк ісі" Алматы Қазақ университеті – 2004ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ
"Экономикалық теория" кафедрасы
----------------------------------- ----------------------------------- ------
----------------------------------- --------------------------
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі
операциялары.
Орындаған:
Қабылдаған:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 1-2
I Банктің теориялық негіздері.
1.1.Банктің пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3 .
1.2.Банктің
мәні,түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .3-6
1.3.Банктің нарықтық экономикадағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-9
II Қазақстан Республикасындағы банк ісі.
2.1.Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы ... .10-12
2.2.Екі деңгейлі банк жүйесін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32-33 III
Қазақстан Республикасындағы банк ісін жетілдіру мәселелері.
3.1.Банктік жүйеде реформа жүргізудің
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... 34-37
3.2.1995-2005жж. аралығында Қазақстанның банктік жүйесін реформалау
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 38-39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..40
Кіріспе
Банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан
ерекшелейтін сипаттама – ақшаларды құру несиелік жүйенің икемділігімен
іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша
бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады,
сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін
қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар,
банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің
банктегі өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады.Банктің
орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті
ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады. Банктің
негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика
мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен
жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқада қаржылық қызметтер.Банктердің
ақша қаражаттары оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту
жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады. Экокномика мен
тұрғындарды несиелендіру – банктік қызметтің ерекше оьлысына және
ьанктердің активтік операцияларына жатады. Осыған байланысты банктер
несиелік институттарға жатады. Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен
несие алушының арасында біріншінің екіншіге ақша қаражаттарын төлемділік,
мерзімділік және қайтарымдылық шартымен беруі бойынша қарым-қатынасы.
I Банктің теориялық негіздері.
1.1. .Банктің пайда болу тарихы
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы
өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен
ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың
уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға
айналдырды.Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру
және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап
іздестірейік. "Банк" деген ұғым италян сөзі "bank" – орындық, "айырбас
орындығы – айырбас орны" дегенді білдіреді.Тарихта банктің ең жай қызметі,
мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі
VIII-V ғғ. Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшанынесиеге алып ертедегі
Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту
кезінде тауар-ақша айналысы және және несие қатынастарының ауқымы тарылып,
VII-XIV ғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк
ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия,
Германия,Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия
болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флореннция мен Венецияда
1587 ж. Айырбас ісінің негізінде , яғни әр түрлі елдер мен қалалардың
ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны
сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп
айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір
шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол сондай
негізде Амстердамда (1609ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл
банк ісінің анайы тұрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға
қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама
айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған
жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің , өнеркәсіп және
сауда капиталдарының қажеттіліктерінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың
ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысумен несиенің маңызын
арттырады. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша
түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны
ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: "Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша мезанизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі..."[40; 442.].
Сонымен қатар банктер "несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды
да" басқарады . Өйткені банктер фирмалар мен табыстары сияқты уақытша бос
ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін
ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде
капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
1.2. Банктің мәні, түрлері,атқаратын қызметтері.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар
жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие беруші қатынастарын ұйымдастырумен
ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал
кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары
жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін
негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз кпиталына
айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу.Банк - әр түрлі шаруашылық субъектілерінің төлем
айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы
клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік
чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға
(шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк
әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі
Қазақстанда – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі деп
аталады.Мемлекеттің орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша
бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк
жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі
банк жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инновациялық,
ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін
қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа
банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді
және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке
алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Коммерциялық банк – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа
тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың
басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие
мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар
жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық
банктердің негізгі мақсаты - неғұрлым жоғары пайда табу.
1.3. Банктің нарықтық экономикадағы ролі.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына
береді,ақшалай есеп айырысу жүргіжеді және экономика үшін басқа да көптген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар
мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк
депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға
жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты
қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық
ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Қаржылық-несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі ролі.
Қаржылық институттар: банктер, сақтандыру
компаниялары, зейнетақылық қорлар, инвестициялық
қорлар
Ақша қаражаттарының
жабдықтаушылары:
(фирмалар, компаниялар,
үкімет, жеке тұлғалар)
Ақша қаражаттарын
пайдаланушылар: (фирмалар,
компаниялар, үкімет, жеке
тұлғалар)
Қысқа мерзімді капиталдардың
қаржылық нарығы (ақшалай нарық),
ұзақ мерзімді капиталдар нарығы
(бағалы қағаздар нарығы)
Депозит түрінде және басқа жол- Займдар, жеке салымдар және келі-
Мен берілетін ақша қаражаттары бойынша берілетін ақшалай қара-
Тікелей инвестициялар жолымен Нарықта акциялар, облигациялар
акциялар, облигациялар және және басқа да қаржы құралдарын
басқа да қаржы құралдарын сатып сату арқылы алынған ақша қара-
алу арқылы ұсынылатын ақша қаражаттары
қаражаттары
Әртүрлі көздерден ақша кпиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әртүрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін
ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың
дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер момполистерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен
шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе
"ертегідей күшке" ие бола отырып "нақты өндіріске ең қауіпті түрде
араласуы" мүмкін. К.Маркс келесіде "Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда
мен өнеркәсіпке билік етуіне" назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің
орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішгірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына
жетудің қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін
орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда
көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық
қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде
өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді
пайдланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы (жергілікті билік органдарынан
рұқсат алуды талап етеді), өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік
дәрежесінің төмен болуы.
II. Қазақстан Республикасындағы банк ісі.
2.1.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі
болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан
территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-
ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда
кеш қалыптаса бастап, өз баму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы
банктер XVIII ғ. Екінші жартысында мемлекеттік ( қазыналық) банк түрінде
пайда болып,, XIX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен
мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
• мемлекеттік банк (1860ж. Құрылған);
• қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
• көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44
банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32),
несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен
қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын
тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері
болды.
1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекеттік
монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер
мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындакооперативтік, жеке, мемлекеттік-
капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер
құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп
банкі құрылды.
1924 ж. Акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның
акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-
ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын
және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да
мемлекттік банк, Өнеркәсіп банкі, сауда банкі және ауылшаруашылық банкі
болды. Сондай-ақ орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк
(Всекобанк) және акционерлік , салалық , аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия)
банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу
қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің
"Несие жүйесін құру принциптері туралы" қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін
тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған
банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқығы
жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да
ажыратылды. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп
пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді.
Қысқа мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың
тоқсандық жоспарларына жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік
несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне
айналды.
1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің
дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы еді. Бұл кезде 1929 ж. Қабылданған халық
шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді
индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай
жоспар бойынша орталықтан қаржыландыруы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын
қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық
салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын
өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әртүрлі несие мекемелері орындай
алмады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары бірінен –бірі
коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк
бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып
алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі
несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен
қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін
тудырды.
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол
жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды, Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік
сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке,
ал бөлшек саудада 86,5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және
ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару
жүзеге аса бастады. 1928 ж. Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші
бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді.
Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық
есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына
есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек
банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық
шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне
тиді.
2.2.Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру.
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж.
Жеотоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған "Банктер және банк
қызметі туралы" Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі
деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірініші) деңгейдегі банк – ҚазКСР-
ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық
банктер жүйесі.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ
Кеңес социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие
ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады.
Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып
саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және
біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның
айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие
қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге,
республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы
бар.
Мемлекеттік банк осы заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары
кеңесіне есеп береді. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы.
Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді.
Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп
жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктерөз жұмысында
осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін
басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді.
Коммерциялықбанктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке
және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан
заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық – Ұлттық банктен басқа)
капиталы толығынанүкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың
басымбөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар
мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызметістеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке,
мемлекеттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік. Қосылып құрылғанбанктермен
олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген
Заңда.
Сөйтіп тәуелсіз ҚазақстанРеспубликасының банк жүйесінің қалыптасуы мен
даму жолдарын кестеде өрнектелгендей шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге
болады.
Бірінші кезең, 1917 ж. Мен 1930 ж. Аралығы – патшалық Ресейден қалған
банк жүйесін жаңадан қалыптастыру,бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен
несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930 ж. Мен 1987 ж аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі
әмбебап қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде
эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекетік маманданған
банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі "банктердің банкісі"
ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер
шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған
банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге
1990 ж. Баында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк
жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық
қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және
дамуы.
Қазірігі уақытта экономикасы нарықтыұқ типпен дамыған мемлекеттердің
барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі
өрістеуде. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже
шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал
екінші деңгейінде клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер
орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі
ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды
және халықты несиелейтін крммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан
мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-
есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктерөз
жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен
ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді.

заңдарына сай
1-кесте
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға 1930-1987 жж. 1988-1990 жж. 1991 жылдан
дейінгі банк (Одақтық бір (Одақтық бір бастап (дербес
жүйесі деңгейлі банк деңгейлі екі деңгейлі банк
жүйесі) маманданған жүйесі)
банктер жүйесі)
Ресей 1КСРО Мембанкі 1 Банк жүйесін 1. Егемен Қазақс
мемлекеттік банкі(оның ішінде КСРОқайта ұйымдастырутанда өзінің банк
және көптеген Мемлекеттік еңбек: КСРО Мембанкі жүйсінің құрылуы.
несие-банк жинақ кассалары және маманданған Екі деңгейлі банк
мекемелері жүйесі) банктер: КСРО жүйесі – Ұлттық
2КСРО мемлекеттікӨнеркәсіп құрылысбанк және
Құрылыс банкі банкі. коммерциялық
3 КСРО Сыртқы КСРО банктер.
сауда банкі. Агроөнеркәсіп
банкі.
КСРО Тұрғын
үй-әлеуметтік
банкі.
КСРО Жинақ банкі.
КСРО
Сыртқы-эконом
банкі.
2.Жаңадан
кооперативтік
және коммерциялық
банктердің құрыла
бастауы
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан
соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңсесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал
1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол
республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк , өз
қызметінің Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа
алады.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылықесеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден
салығынтөлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және
одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға
құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет
Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер
өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы
органдарының Ұлттық банк пеноның құрылымдық бөлімшелерінің заңды
қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір
банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.
Ол нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник
Национального Банка Казахстана" атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз
етеді;
• несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып
алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және
басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттықбанк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға
мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді,
чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік
бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық
және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу
және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің
нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін
анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын, теңге мен тиындардың пішіні (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның
қома-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін
жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несие ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесудің өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы
министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz