Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны



Кіріспе
Еңбек ресурстары қозғалысының әлеуметтік.экономикалық бет алыстары
Қазақстан республикасындағы көші.қон үдерістерін талдау.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.
Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-

Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік.
Монография:
1 Нарық экономикасы жағдайындағы халықтың көшіп-қонуы. – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2006. – 203 б.
Оқу-әдістемелік басылымдар:
2 Еңбек нарығы экономикасы. Алматы: КазНАУ, 2004 ж. – 37 б.
3 Менеджмент. Алматы: КазНАУ, 2006г. – 67 б. (Авторлықпен Аманчиева А.Р.).
4 Менеджмент и организация агробизнеса. Типовая учебная программа. Алматы: КазНАУ, 2003 г. (в авторском коллективе).
5 Экономика и менеджмент. Типовая учебная программа, для магистрантов. Алматы: КазНАУ (в соавторстве)
Мақалалар:
а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитеті басылымға рұхсат етілген
6 Көшіп – келушілердің бейімделу жолдарын жақсарту. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №4 (6), 2007 ж. – 111 б.
7 Сыртқы көшіп – қонуды мемлекеттік реттеу. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №2 (4), 2007 ж. – 16 б.
8 Әлеуметтік салаға көшіп - қонудың әсері. - Алматы: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Ізденістер, нәтижелер №1, 2007 ж. 202 б.
9 Совершенствование менеджмента и его влияние на стабилизацию миграционных процессов в Казахстане.–Алматы: Ізденіс №2(1), 2007 ж.–47 б.
10 Иммиграцияның еңбек нарығына әсері. – Алматы: Аграрлық нарық проблемалары №2.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономиканы мемлекеттік
реттеу

кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі
психологиялық жұмыстың мазмұны

Оқытушы: Бердімұратова
Қ.Қ
Студент: Сүгірбеков С.Т
Мамандығы:
Әлеуметтік жұмыс
Тобы: 312

Алматы, 2008
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында
болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің
шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз
әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі
бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық
экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге
дейін төмендеуі мүмкін.
     Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен
өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті
емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып
келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты
мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға
шығады.  
     Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың
ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-
қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның
осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне
көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден
соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл
жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр  —  басты себеп
ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым
қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен
қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен
құралдарына дейінгі  экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі
өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке
алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-
     
     Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс
саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала
отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың
өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің
нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек
бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық
байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым
экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың
көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-
қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге
асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық
жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық
үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін  талдап-зерделейтін
болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын
көрер едік.
      Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың қозғалу процесі түріндегі көші-қон
процесі өндіріс факторларының орын ауысуы теориясымен тығыз байланысты
болады, сол себепті де, уақыт бойынша ресурстардың өзгеруі шеңберінде адам
капиталының қозғалыстарының себептерін талдаудың қарапайым үлгісі ретінде
қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік категория ретінде көші-қон сандық
мәліметтерді бақылап отыру және адамдардың кеңістік пен уақыт бойынша
қозғалыс үрдістері дегенді ғана білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде
адамдардың орын ауыстыруын талдау осындай қозғалыстардың салдарын талдауда
үлкен мәнге ие болады. Бұндай салдарлар кейде аса үлкен болады, соған
сәйкес қазіргі заманғы геоэкономикалық кеңістікте еңбек ресурстарының орын
ауыстыруларына көп санды шектеулер қойылады — барлық елдер дерлік
иммиграцияға шектеулер қояды, олар миграцияны капиталдың ауысуы түріндегі
экономикалық процесс ретінде қарастырады, өздерінің қарамағындағы ең өнімді
ресурс ретінде қарайды, себебі, экономист-ғалымдар басқа кез келген
ресурстар тек адамдардың көмегімен пайдаланылуы мүмкін екенін әлдеқашан
дәлелдеп шыққан. Адамдарсыз, олардың өндірістік процестерге қатысуынсыз
табиғи ресурстар да, заттанған капитал да (негізгі қорлар) және көптеген
технологиялық процестер де іске аспай қалады, яғни ресурстардың басқа
түрлерінің тиімді пайдаланылуы адам еңбегінің сапасына, санына және
тиімділігіне тәуелді болады, дегенмен, егер адам капиталы жетіспейтін
болса, капиталдың басқа түрлерін жоғары деңгейде тиімді пайдалану мүмкін
болмай қалады. Бұл ереже геоэкономикалық кеңістіктегі капиталдың қозғалысын
бағалаудың қажеттігімен қоса алғанда адам ресурстарының саны мен сапасының
өзгеруін бағалаудың және оның әрбір мемлекеттің болашағына тигізетін
салдарын бағалаудың әдісі ретінде көші-қонды экономикалық тұрғыдан
талдаудың қажеттігін туғызады. Бұл жағдайда экономика ғылымдарының
обьективтік заңдылықтары бойынша Жер (Т) мен еңбек (L) шектеулі мөлшердегі
бірден-бір ресурстардың түрлері болып табылады. Сонымен қандайда бір ел
басқа жағдайлардың бәрі тең болғанда қандайда бір өнімнің түрін өзінде
жоғарыда аталып өтілген ресурстар жеткілікті болған жағдайда ғана өндіре
алады деп болжамдалады. Бір жағынан осы факторлардың бар болуы және сол
экономикадағы өнімді өндірудің ара қатынасы елдің өндірістік функциясы [Q
(T, L)] деп аталады, оның шамасы 1 суретте көрсетілгендей түрде ғана
өзгереді. 
      Q өнімі                                        Шекті еңбек өнімі, MPL
      а) Еңбек  L                                               б) Еңбек  L
      Ескерту  —  автор теориялық көздер бойынша жүйелеп шыққан
     Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар
болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны
жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге  әкеліп соқты. халықтың
көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі
позицияларға топтастыруға болады:
- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;
- халықтың жылжымалылығының формасы;
       - халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық
қозғалысының формасы.
     Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда
бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау
үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон
дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады.
ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері,
әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол
себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті
жоқтығы назарға алынады.
1. кесте -  Ғалымдардың көші-қонға қазіргі заман тұрғысынан көзқарастары
Көші-қонның себептері Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері
Көшіріп-қоныстандырудан Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары
түсетін экономикалық азаматтардың кетуінен келетін шығындар
тиімділіктерді іздестіру
Пайдалы қызметтерді Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта
іздестіру бөлісуден келетін шығындар
Психологиялық факторлар Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы
Тілге байланысты кедергілер Әлеуметтік желілер мен делдалдардың
арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы,
қоғамдағы тұрақсыздық
Әлеуметтік көмекті пайдалану Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы,
мүмкіндігінің болмауы қоғамдық  құрылымдар үшін өндіріс
факторлары ретіндегі адамдардың азаюы
      Ескерту  — автордың өзі дайындаған

 
     Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып
табылады:
1. өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар);

2. қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық
және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар). 
      Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам
бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек.
Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын
бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық,
этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып,
бес тобын көрсетеді.
     Көші-қон факторларының бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның
табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін
қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-
қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды
реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық,
этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана
басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық,
әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.  
 
 
ХКҚ жалпы факторлары
Эконономикалық
Әлеуметтік
Табиғи климаттық
Этникалық
Демографикалық
Моралды психологиялы
Еңбек ресурстары қозғалысының әлеуметтік-экономикалық бет алыстары.
      Ғаламдық БЕН-ның қалыптасуында төмендегідей қатысушылар белсенді рөл
атқарды: іс-жүзінде осы нарықтың құрылуының бастамашысы болған трансұлттық
корпорациялар (ТҰК); біліктілігі жоғары қызметкерлерді тартуда бір-бірімен
бәсекелескен ұлттық мемлекеттер; білім беру және біліктілік стандарттарын
бірыңғайлауды жүргізіп отырған мемлекеттердің аймақтық бірлестіктері;
халықаралық келісімдер мен ұйымдар, мысалы, соңғы уақыттары белсенділігі
күшейіп бара жатқан БСҰ. БҰҰ, ХҚҚҰ, ХЕҰ сияқты ұйымдар ХВҚ, ХБ даму
агенттері және басқалары ғаламдық БЕН-ның әрекетінің теріс салдарларын
жоюға және оның беріп отыған артықшылықтарын пайдалануға жәрдемдесетін
әрқилы бағдарламалар жасалуда. Соңғы кездері осы нарыққа шығу және өз
ұлттық даму мақсаттары үшін ең үлкен артықшылықтарды алу стратегиясын жасап
жатқан білікті жұмыс күшін экспорттаушы елдер белсенді рөл атқара бастады.
      БЕН қалыптастырудағы БСҰ-ның рөлі оның білікті мигранттардың қоныс
ауыстыруларын реттеуде келешекте ең тиімді болуы мүмкін әдістерді
көрсетуінде болып отыр. БСҰ-ның ағымдағы раундында қызмет көрсетудің
төртінші әдісі деп аталатынды қарауы ғаламдық еңбек нарығы шеңберінде
халықаралық жылжымалылықты көбейту бағытындағы аса сенімді, бірақ шектелген
қадам болып отыр. Қызмет көрсетудің бұл түрін БСҰ келісімнің қатысушысы
болған қандай да бір елдің қызмет ұсынушысының сол елдің жеке тұлғаларының
келісімнің қатысушысы болған басқа бір елдің аумағында коммерциялық қатысуы
арқылы қызмет көрсетуі ретінде анықталады (жеке тұлғалардың орын
ауыстыруы). Қызмет көрсететін кез келген тұлға қызмет ұсынушы деп
есептелетіндіктен, мұндай жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші дербес
кәсіпкерлерді де, қызмет ұсынушы компаниялардың қызметкерлерін де жатқызуға
болады. БСҰ жеке қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын
ауыстырулары] үшін қолайлырақ жағдайларды жасауды жоспарлап отыр. Басқа үш
әдісіне енетіндер: І режим – халықаралық жеткізулер (қызмет импорты); ІІ
режим – шетелдегі тұтыну (туризм және шетелде оқу); ІІІ режим –
коммерциялық қатысу (шетелдік бөлімшелер арқылы қызмет көрсету). Қызмет
көрсету саудасының 25 % жуығы халықаралық жеткізулерге; 20 %  -
шетелдегі тұтынуға; 50 %  - коммерциялық қатысуға тиесілі болады.
Қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстыруларына (ІV режим)
қызмет көрсету саудасының 1 %-дан сәл артығырағы тиесілі болады.  Бірқатар
жағдайларда бір қызмет түрін көрсету жеткізудің әрқилы әдістерімен ізбе-із 
жүзеге асырылуы мүмкін. Айталық, тіпті бір контрактінің шеңберіндегі
консультациялық қызмет көрсету алдымен трансшекаралық түрде, кейін –
консультанттың тапсырыс берушіге баруы, ең соңында – тапсырыс берушінің
консультантқа баруы түрінде жүзеге асуы мүмкін. 
 
Халықаралық білім беру бағдарламалары 
Бір қатар елдердің жан басына шаққандағы табысы, экономикалық жағдайы,
әлеуметтік өмір сұру деңгейі   
 
БСҰ және оның іс-әрекетінің үдерісі 
Жұмысшылардың қозғалуы
Шет елде білім алу
Жаһанданудағы еңбек нарқының мамандануы
ТҰК және оның сұранымы: жұмыс бабында карьералық өсудегі білімді пайдалануы
Халықаралық ұйымдар (ХҰҚҚ, ХҰЕ, БҰҰ)
Елдер арасындағы бәсекелестік және мамандар ұшін күрес
Мемлекеттердің аймақтық бірігуі, заңдар, мөлшерлер (нормативы), талаптар
Ғылыми-техникалыќ прогресс, мамандарға қажеттілік
     Ескерту – іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған.
     БЕН қалыптасуының тағы бір факторы ұлттық мемлекеттердің мамандарды
тарту үшін өзара бәсекеге түсуі. Дамыған елдер, әдетте, ақпараттық
технологияларға байланысты кейбір секторларда (Франция, Германия,
Голландия, Ирландия, Канада, Австралия, АҚШ, Дания) және денсаулық сақтау
саласында (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Дания, Ирландия, Голландия) жоғары
білікті мамандарды тарту үшін өзара жиі бәсекелестікке түсе бастады
     Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін тарту үшін үкіметтер
пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге болады:
1. жоғары білікті мигрантарды тарту үшін пайдаланылатын Германиядағы
жасыл карталар және АҚШ-тағы Н-1В, Н-1С визалары тәрізді арнайы
схемалар; Канада мен Австралияның жоғары білікті жұмысшылардың уақытша
және тұрақты миграциясы бағдарламалары; Ұлыбританияның жоғары білікті
мигрантарға арналған бағдарламасы.
2. шетел жұмысшыларының еңбек нарығына тез енуін қамтамасыз ету
мақсатында жұмысқа рұқсат алу процедурасын қарапайымдау немесе одан
толық азат ету.
3. Табысы жоғары шетел жұмысшыларына салынатын салықтың салмағын
жеңілдету үшін жасалған салықтық ынталандырулар (мысалы, Скандинавия
елдерінде). Жоғары білікті жұмысшыларды және шетелдік қаржы салымдарын
тарту үшін қолданылатын дербес салықтық ынталандырулар көптеген
елдерде бірнеше жылдардан бері бар (Дания, Голландия).
4. Бұрын елде жұмыс істеп кеткен жоғары білікті эмигранттардың елге
қайтуын қолдау (мысалы, Ирландия). 
 
      Кесте 2 – Шет елдегі көшіп-қонуды реттеудің тәсілдері. 
Елдер Реттеудің тәсілдері Реттеудің нәтижесі
Германия Жасыл карта Білікті мамандардың келуін
жоғарлату
АҚШ Н – 1В, Н-1С визалары Шектелген келулер
Канада Уақытша және тұрақты Таңдау жоғары кәсіпті
Австралия көшіп-қону бағдарламасы жұмысшылар жағында
Ұлыбритания Жеңілдетілген немесе Тек қана жоғары кәсіпті
босатылған процедурасы мамандар үшін
бойынша жұмысқа орналасу
Скандинавиялық Салық қызықтырулары Салық мөлшерлерінің азаюы
елдер
Дания Жекелеген табыстың жоғары Бірнеше мамандықтарды
Голландия өсуі таңдауы
Ирландия Келушілерді марапаттау Табыстың экономикалық өсуі
Қытай Сыртқа кету стратегиясы Шетелге оқуға қызықтырулар
Жапония Елдің ішінде оқыту Көшіп-қонудағы тұрақтылық
Қазақстан Оралмандарды тарту Жоғары мамандарды елге
шақыру және оралмандарды
елге қайтару
     Ескерту – іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған

 
      Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау.
      Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік
қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси
жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы  көші-қон
үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер 
енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы
халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени
іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Ол, сондай-
ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы
елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына
іссапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.
      Елдің ашық болуы саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты
көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс
ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне
әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне
байланысты тұрғылықты емес халықтың көшіп кетуі ұлғайды.  Негізгі көші-қон
ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия,
Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды. Айталық, 1991-2001 жылдардағы
халықаралық көші-қон бойынша республикаға 788,2 мың адам көшіп келді,
2757,8 мың адам республикадан көшіп кетті. Көші-қонның теріс сальдосы
1969,8 мың адамды құрады. Көші-қонның теріс сальдосының ең көп болған
шыңы 1994 жылмен тұспа-тұс келді, бұл кездері елден жарты миллионға жуық
адам кетті, 70 мыңнан сәл астам адам көшіп келді. 
      3- кесте - Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп-қону үдерісінің
динамикасы. 
Жылдар Барлық көшіп-қонушыға қатысушылар, мың. адам
Көшіп-кетушілерКөшіп-келушілер Көшіп-қону
сальдосы
1995 309,6 71,1 - 238,5
1996 229,4 53,9 - 175,5
1997 299,5 38,1 - 261,4
1998 243,6 40,6 - 203,0
1999 164,9 41,3 - 123,6
Барлығы 1995-1999 1247,0 245,0 - 1002,0
ж.ж.
Орташа жылдық 249,4 49,0 - 200,4
2000 155,8 47,5 - 108,3
2001 141,7 53,5 - 88,2
2002 120,2 58,2 - 62,0
2003 73,9 65,6 - 8,3
2004 65,5 68,3 2,8
Барлығы 2000-2004 557,1 293,1 - 264,0
ж.ж.
Орташа жылдық 111,4 58,6 - 52,8
2005 74,8 52,1 22,7
2006 68,3 65,5 2,8
      Ескерту- ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп жүйеленген

 
      3 кестеге қарап, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа шығатын
адамдар саны азайды, (бірінші рет соңғы 40- жылдың ішінде), сырттан
келушілермен салыстырғанда. Статитстикалық мәліметтерге қарап баға берсек,
1206,7 мың орыс, 531,2 мың неміс, 177,5 мың украйндар кеткен, сонымен қатар
осы аралық ішінде 171,8 мың қазақ көшіп кетті.
      Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық
факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай
табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл
тұрғындарыныкінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай
жағдай 2001-2005 жылдарда да   сақталып отыр және ол төмендегідей
себептермен түсіндіріледі:
      1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып
істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79
%; ал ауылда — 57-60 %); 
      2) әдетте, мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және
басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін
айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының
23%-ын құрайды (ал қалада — 30%).
      4 - кесте - Қазақстандағы халықтың орташа айлық еңбек ақысы 2001-2005
жылдар
Экономика саласы 2001 2002 2003 2004 2005
Өндіріс  23,76 26,23 30,3 36,2 40,9
Ауыл шаруашылығы          
17,3 20,3 23,13 28,33 34,1
Сауда 15,4 18,9 22,8 27,6 33,6
Байланыс және көлік          
24,4 29,0 34,1 41,6 49,0
Мемлекеттік басқару          
15,0 16,9 18,0 26,0 31,1
      Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

 
      4 – кестеден көріп тұрғанымыздай, Қазақстанның экономикасы
тұрақтанған кезден бастап,  ауыл шаруашылығындағы орташа айлық еңбек ақысы
өндіріспен салыстырғанда 15-17 % кем болды, ал ел бойынша орташа 16,3% -
ға  кем болды. Осы көрсеткіш табысқа да байланысты және күн көру
қажеттілігіне де сақталып отыр. Келесі кестеде.
          5 - кесте  – Табыс, Қазақстандағы күн көруге байланысты (айлық
орташа жан басына шаққанда, теңге)
Тұратын жері 2001 2002 2003 2004 2005
Қалалық жер 6787 7799 8999 9860 11504
Ауылдық жер          
4477 4989 5828 6560 7599
      Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

 
      5 - кестеден көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі,
қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды.
      Сондай-ақ Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да
өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді (1989
жылғы 1 км2 5,95 адамнан 1999 жылғы – 5,49 адамға). Республиканың халық ең
тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы
Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында да, сондай-ақ Орталық
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Әйел құқығын қорғаудың жалпы сипаттамасы
Көші - қонның шарықтау шегі
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі туралы
Әлеуметтік басқарудың пәні мен объектісі
Отбасы және бала тәрбиесі
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Пәндер