Бұхар жыраудың билік шешімдері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Бұхар жыраудың билік шешімдері»

Орындағын: 4 курс студенті Базаргалиев Қ.

Ғылыми жетекші: з. ғ. к., доцентАхатов У. А.

Норма бақылаушы з. ғ. к., доцент Қуандықов Б. Ж.

Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен

қорғауға жіберілді, т. ғ. к., В. В.

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 1
КІРІСПЕ . . .: XVІІ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XVІІІ ҒАСЫР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ . . .
3: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасыр аралығындағы қазақ еліндегі саяси жағдай . . .
3: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Бұқар Қалқаманұлының өмірбаяны және қайраткерлігінің басты кезеңдері . . .
3: 23
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Бұқар жыраудың би, әрі хан кеңесшісі ретіндегі қызметі . . .
3: 37
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 2
КІРІСПЕ . . .: БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ . . .
3: 46
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Бұқар жыраудың ел бірлігі, дін және сот әділдігін жүзеге асыруға байланысты ойлары . . .
3: 46
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Бұқар жыраудың сырт елдермен қарым-қатынас жасауға байланысты көзқарастары . . .
3: 48
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Бұқар жыраудың заң түзу ісіне қатысуы және ұстанымдары . . .
3: 52
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 3
КІРІСПЕ . . .: БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ БИЛІК ШЕШІМДЕРІ . . .
3: 62
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Бұқар жыраудың билік шешімдерінің ерекшеліктері . . .
3: 62
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Бұқар жырау және құн дауы . . .
3: 66
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .: Бұқар жырау және мал-мүлік дауы . . .
3: 74
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 79
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 81
:
КІРІСПЕ . . .:
3:


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың түпкі мақсаты Қазақстанда өзіндік бет-бейнесі бар ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру болып табылады.

Бұл асқақ мұраттарға жету жолында мемлекетіміздің болашақтағы саяси дамуындағы тарихи сабақтастықтың сақталуының мәні мен маңызын еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің баяндамалары мен әр жылғы халыққа Жолдауларында негізгі бағыт ретінде әрқашан атап көрсетіп отырды. Президент Абылайханға арналған салтанатты мерейтойдағы (2002 ж. ) баяндамасында «Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың» [1] деген болса, 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз елімізде Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды жалғастыра беретін боламыз. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени-тарихи белгілері мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз қажет» [2] деп атап өтуі қазіргі ұлттық мемлекетіміздің шынайы тәуелсіздікке бет бұрған шағында халқымыздың тарихи зердесін жаңартып, өткен тарихымыздың қойнауындағы саяси-құқықтық мұраларымызды түбегейлі жан-жақты пайымдап, бүгінгі күн мен болашақтың кәдесіне жаратуды меңзейтіндей.

Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын негізге ала отырып, таяудағы он жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды көздеп, осы мақсатқа өзінің барлық ресурсын жұмылдыру үрдісін бастады. Бүгінгі таңда жүріп жатқан әлемдегі жаһандану үрдісіндегі жан-жақты қатал бәсекелестік тұсында ұлтымыздың өз ерекшеліктерін сақтап, бәсекелестікке төтеп бере алуы да халықтың ұлттық санасын жаңғыртуға тікелей байланысты.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес мемлекет ретінде қалыптасуы қоғамдық өмірдегі күрделі мәселелерді шешуді алдына міндет етіп қойып отыр. Сондай күрделі мәселелердің қатарына өткен тарихымыздың белесті жолдарында мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, қазақ халқының тарих сахнасынан жоғалып кетпеуі үшін бел шеше күрескен тұлғалардың қызметі мен қайраткерлігіне ден қойып, қайта танып, оны болашақ ұрпақтың бойына жаңа лебізбен қабылдату болып отыр. Бұл істерді шешуде еліміздің заң ғылымының атқаратын орны ерекше болып табылады. Отандық заң ғылымында дәстүрлі қазақ қоғамының негізін құраған құқықтық мұралар мен қоғам қайраткерлерінің мемлекеттік-құқықтық қызметі мен саяси-құқықтық ойлары әлі өз деңгейінде толыққанды бағасын ала қойған жоқ. Оның ішінде Қазақстанның саяси-құқықтық ой тарихы мәселелерінің қаймағы бұзылмаған қалпында тұр. Ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс осы бағыттағы атқарылар шаралардың кішігірім бір қадамындай.

Қазақстан Ресей бодандығы мен Кеңес өкіметі тұсында әлемдік өркениет дамуында өзіндік лайықты орнын алуға негіз болатын, айшықты белгілерінің бірі болып саналатын дәстүрлі құқықтық жүйесінен, болмысынан еріксіз айырылғанын білеміз.

Ал еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері бұл олқылықтардың орны толтырылып, қоғам өмірінде жаңа бетбұрыстар жасалуда. Соңғы кездегі бұл тың серпілістер қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық жүйенің тетіктері мен институттарын, осы жүйеге өміршеңдік сипат, демократиялық ажар бере білген билердің және хандардың т. б. қызметтерін жаңа көзқарас тұрғысынан ой елегінен өткізуге жол ашуда.

Елімізді болашақта айбарлы да, ажарлы, өркениетті елдердің қатарынан көру үшін азаматтардың бойына отанды, елді қадір тұту, қастерлеу сезімдерін орнықтыруымыз қажет. Осындай ұлттық деңгейдегі маңызды істе, мақтанышпен сөз ете алатын өткен тарихымыздың белестерінен айбынды айбарымен, асқаралы рухымен менмұндалап тұрған шоқ жұлдыздарымыздың іргелісі, ел мен жер тағдыры таразы басына түскен шақта ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білген аяулы азамат, өз бойында ақындық пен батырлықты, жыраулық пен шешендікті тоғыстырып, абыроймен билік айтқан, ақылымен, айбынымен ханға кеңес берген, мемлекеттік идеологияны қалыптастырушы абыз дәрежесіне дейін көтерілген ірі мемлекеттік қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі мен өскен ортасын, саяси қайраткерлігінің қырларын, саяси-құқықтық тағлымын танудың өзіндік орны бар екендігі анық. Сонымен қатар елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаны тиісті деңгейде жүзеге асыру үшін тарих көшіндегі өткенімізді тануға бет бұрған абзал. Өйткені Бұқар жыраудың мемлекеттік қызметінің өзегін, оның негізін елінің бірлігі мен баяндылығы үшін жүргізген билік жолы құрады.

Сонымен қатар Бұқар жыраудың саяси-құқықтық көзқарастарының, мемлекеттік қызметінің мәнін тану бізге бүгінгі таңда жер-жерлерде жандануға дайын ұлттық құқықтық болмыстың көріністерін, деңгейін тануға мүмкіндік береді.

Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін дәстүрлі қазақ қоғамындағы би институтының табиғаты, билердің қызметі мен олардың билік шешімдерінің мазмұны құрайды.

Зерттеу пәні. Бұқар жырау Қалқаманұлының би әрі хан кеңесшісі ретіндегі қызметі, оның өскен ортасы, жыраудың қазақ еліндегі билік жүргізуге, сыртқы саясат мәселесіне қатысты көзқарастары, құн дауы, мал-мүлік дауына қатысты билік шешімдері зерттеудің нақты пәнін құрайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты Бұқар жыраудың саяси-құқықтық көзқарастары мен билік шешімдерін кешенді түрде жан-жақты зерттеу және оның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуында алатын орнын айқындау.

Осы мақсатқа жету үшін біз төмендегі міндеттерді шешуді өзіміздің алдымызға қойып отырмыз:

  • ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ еліндегі саяси жағдай мен жалпы билер институтының дамуының негізгі сипатын айқындау;
  • Бұқар Қалқаманұлының өмірінің негізгі кезеңдері мен қайраткер ретінде қалыптасуының басты бағыттарын, оның би ретінде қалыптасуын, әрі хан кеңесшісі ретіндегі қызметін талдау;
  • Бұқар жыраудың қазақ қоғамында қалыптасқан саяси биліктің бітім-болмысы туралы ұстанымдарының ерекшеліктерін айқындау және оның саяси- құқықтық көзқарастарының қазақ қоғамындағы биліктаныммен ара байланысын ашу;
  • Бұқар жыраудың ел бірлігін, дін және сот әділдігін жүзеге асыруға байланысты, сырт елдермен қарым-қатынас жасауға байланысты көзқарастарын жеке алып талдау;
  • Бұқар жыраудың билік шешімдерінің ерекшеліктерін айқындау, оның қазақ қоғамындағы құн дауына, мал-мүлік дауына байланысты айтқан шешімдерін нақты алып саралау.

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмыста жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық, синтездеу, тарихи салыстырмалы, функционалды т. б. әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста алғаш рет қазақтың белгілі жырауы, әрі биі Бұқар Қалқаманұлының өмірбаяны мен қайраткерлігінің басты кезеңдері, оның би әрі хан кеңесшісі ретіндегі қызметі, билік ісіне байланысты көзқарастарының ерекшеліктері, нақты айтқанда, ел бірлігін сақтауға, дін мәселесіне қатысты және сот әділдігін жүзеге асыруға байланысты көзқарастары, қазақ қоғамындағы заң түзу ісіне қатысу нысандары және оның билік шешімдері талданып, белгілі деңгейде оларды бағалауға ұмтылыстар жасалынды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 XVІІ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XVІІІ ҒАСЫР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

1. 1 XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасыр аралығындағы қазақ еліндегі саяси жағдай

Бұқар Қалқаманұлы белгілі кезеңде және тиісті ортада өмір сүріп, қоғамдық-саяси өмірге араласып, елі қадір тұтар тұлғаға айналғаны белгілі. Сондықтан да Бұқар жыраудың өмір сүрген ортасы және оның қайраткер ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамның тыныс-тіршілігін білу оны тануға апаратын негізгі жолдардың бірі болып табылады.

Әрбір тұлға белгілі қоғамда өмір сүргендіктен, сол қоғамның талаптары алға тартатын саяси-әлеуметтік оқиғалар желісінен тыс қалуы мүмкін емес. Тарихи тұлғаны немесе белгілі саяси қайраткерді қалыптастыратын орта және оның көзқарастарының жүйесі де сол қоғамда қалыптасқан жағдайлардан тыс орнығуы мүмкін емес. Белгілі тұлғаның өмір сүрген кезеңінің хал-ахуалын тану арқылы ғана қайраткердің көзқарастарының ішіне бүккен сырын аша аламыз. Бұл белгілі қоғам қайраткерін зерттеуде негіз тұтар әдістемелік бағана.

Бұқар жырау өмір сүрген кезең қазақтың басында «боз торғай жұмыртқалаған» мамыражай уақытқа жатпайды. Бұл кезең қазақтың әр қырлы қоғамдық даму өмірін көрсететін, ішкі қайшылықтары мен кішігірім өрлеуі бар дәуірге тең кезең болатын. Жырау өмірінің алғашқы тұсында батыстағы Ресейдің бармақ батыруы әлі сезіле қоймаған болса, жырау өмірінің екінші жартысында Ресейдің қазақ үшін шынайы қауіпке айналғандығы айқын байқалады. Оны жыраудың көптеген өлеңдерінің желісінен аңғаруға болады. Бұқар жырау қазақ үшін батыста Ресейді қауіпті деп бағаласа, Шығыста Қытайдан сақтануға шақырды. Данагөй жырау Қытай елінің өте жымысқы саясатының мақсатын тереңнен ұғынған болатын. Міне, қазақтың белгілі ақылгөй жырауы Бұхар Қалқаманұлының өмірі мен қызметі осындай саяси жағдайлар кезеңіне тұспа-тұс келеді. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы ішкі саяси тартыстардың да жыраудың көз қырынан таса қалмағаны белгілі.

Қазақ-жоңғар жанжалының бастауы әріден тамыр тартады. Бұл екі халық бірімен-бірі әр уақытта жаугершілікте болған жоқ. Тағдыр қосқан көрші болғандықтан ара-кідік құдалықтың жолын жасап, ауық-ауық біріне-бірі қонаққа барып, мамыражай бейбіт өмір кешкен тұстары да болған. Және де екі ел арасындағы текетіресте біреуінің жеңісімен аяқталып отырмаған. Бірде біреуінің мерейі үстем болса, ал енді бірде екіншісі жеңіс тойын тойлап жататын. Екі елдің қарым-қатынасын сипаттайтын бізге жеткен мағлұматтарды саралап қарайтын болсақ, екі ел арасындағы қатынастар Батыр қонтайшы, Халдан Бошақты, Сыбан Рабтан және Қалдан Серен тұсында өте үлкен текетіреске, бітпес жаулыққа ұласқанын көреміз. Жалпы «жоңғар» деген сөз монғол тілінде «сол қанат», «сол қол» деген мағына береді. Бұл батыс Монғолияны мекен еткен тайпалардың атауы. Ойрат тайпалары туралы деректер бізге XІІІ ғасырдан белгілі. Кезінде осы ойрат тайпалары Шыңғыс ханның әскерінің құрамына кіріп, оның сол қанатын құраған. Міне, «жоңғар» сөзі осы уақыттан бастап тарих сахнасына шығады. Әрине оларды барлығы дерлік бұлай атамаған. Ойраттар түрікше «қалмақ» деген атпен белгілі болатын. Ал қытайлықтар оларды «элюттар»деген көрінеді.

XІV ғасырда бірнеше монғол тайпалары «ойрат одағының» құрамына біріге бастайды. Бұл одақтың негізін батыс монғолдық торғауыт, шорыс, құшыт, дербіт тайпалары құраған. Ал жоңғар хандығы XVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмірге келеді.

Жоңғар хандығының нақты өмірге келуін ғылымда 1635 жыл деп есептейді. Осы тұста билік басына Қара-Құл тайшының баласы Батыр қонтайшы келеді. Бұл қазақ-жоңғар кикілжіңінің жаңа дәуірінің басталғанын білдіреді. Өйткені ол уақытқа дейінгі қазақ-жоңғар арасындағы талас-тартыс бір жүйелілікке, мақсаттылық сипатқа ие болмаған еді. Батыр қонтайшының қазақ еліне деген көз алартуы мақсатты, соңғы ниеті әбден айқын, тіс батырудың бастауы болатын. Батырдың тұсында жоңғарлар қазақ еліне бірнеше мәрте шапқыншылықтар жасайды. Оның біріншісі 1635 жылы болды [2, 271 б. ] . Бұл шайқасты толыққанды сипаттайтын, оның соңы немен аяқталғандығы туралы толық дерек жоқ. Бірақ та оның аяғы жоңғарлардың мерейінің үстем болғандығын аңғартатындай. Осы 1635 жылдары басталған жоңғар шабуылы кейін де жалғасып отырған. 1640 жылғы Батырдың қалың қолына Жалаңтөс Баһадүр 30 мың әскермен күйрете соққы береді [3, 432 б. ] . Кезінде Жалаңтөске «аталық» атағы осы жоңғарлармен ұрыста көзге түскені үшін берілген болатын. Батыр қонтайшы тұсындағы екінші бір жойқын соғыс 1643 жылы болды. Батыр бұл жорыққа 50 мыңдай әскер жиыстырған. Жәңгір мен қонтайшы арасындағы бұл шайқас, аңызға сүйенсек, жоңғар Алатауындағы Орбұлақ деген жерде болғанға ұқсайды. Осы шайқаста қара-құрым жоңғар қолына Жәңгірдің арқасында қазақ қолы төтеп беріп, жеңіске жетеді. Неге десеңіз Жәңгір сұлтанда небәрі 600 қарулы атты әскер ғана болған [3, 433 б. ] және де олардың арасында Ағынтай, Қарасай сияқты дүлдүлдер жанқиярлықпен соғысқан болатын. Бұл оқиғаны тарихшы Ә. Хасенов қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің алғашқы ерлік беттері ретінде бағалайды. Батыр қазақтардан әбүйірі айрандай төгілген бұл жеңілісінің есесін қайтармақ ниетпен, 1646 жылы қайтадан қазақтарға жорық жасайды [4, 52 б. ] . Осы соғыстан кейін қазақ пен жоңғар арасында қысқа уақытқа бейбітшілік орнағандай болады. Бірақ бұл көпке созылмайды. 1652 жылы ол қазақ еліне қайта соғыс бастайды. Бұл жолы Батыр қазақтарды жеңген, бірақ бұл оның қазақтарды ақырғы рет жеңуі еді. Осы шайқастан кейін бір жыл өткен соң ол қайтыс болады. Оның орнын баласы Сеңген басады. Көп ұзамай ол да ел ішіндегі билікке таластың құрбаны болып кетеді. Орнына інісі Қалдан-Бошақты ел тізгінін ұстайды. Қалдан Бошақтының тұсында Қазақстанның оңтүстік аумағындағы керуен жолындағы қалалар дүркін-дүркін шабуылдарға ұшырайды.

1635 жылы құрылған Жоңғар мемлекеті тарихи тұрғыдан алғанда жоңғарлардың екінші саяси одағы (мемлекеттік бірлестігі) еді. Жоңғарлардың мемлекеттік тұрғыдан алғаш рет ұйымдасуы XV ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1420 жылы орын алды. Осы жылы Тоған хан « . . . бүкіл ойрат жұртын бір байрақ астына келтірген» [5, 72 б. ] - дейді М. Мағауин. Ойрат одағының құрамына шорас, дүрбіт, торғауыт және хошауыт тайпалары кірді. Бұлар батыс Монғолияның белді тайпалары еді. Демек, ойрат одағын батыс монғол тайпаларының бірлестігі десе де болады. «Слова калмаки, ойраты, элюты, а также термин джунгары (собственно: люди «левой стороны», «левого крыла») - это разные названия западномонгольских племен чорос, хошоут, торгоут, дэрбэт, - которые во второй половине XІV в. составили «ойратский союз» племен, вышли из под власти всемонгольского хана и стали управляться своими предводителями (тайши) » [6, с. 305] - деп жазады С. Г. Кляшторный мен Т. И. Султанов.

Алғашқы ойрат одағы дәуірінде (1420-1627жж. ) қазақтар мен қалмақтар арасындағы әскери қақтығыстарда негізінен қазақ жасақтарының жеңіске жетіп отырғанын байқаймыз. Ал, Тәуекел хан тұсында (1584-1598 жж. ) тіптен қалмақтардың бір бөлігінің қазақ хандығына бағынғандығы тарихи деректерде көрініс тапқан. XVІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының тарихын зерттеуші М. Х. Абусеитова Тәуекел ханның бұл кезде қалмақтарға үстемдік жүргізгендігін айта келіп, ойын былай қорытады: « . . . казахскому хану Товаккулу в то время удалось поставить своего брата над небольшой частью калмаков, кочевавших в непосредственной близости от казахов. Это могла быть та часть калмаков, которые обитали в районах центрального и северного Казахстана» [7, с. 64] . Тәуекел хан кезінде ойраттармен соғыста қол жеткізген жеңістер оның інісі Есімхан (1598-1628 жж. ) билікке келген кезде одан әрі жалғасқаны байқалады. Қазақ пен жоңғар арасындағы бұл қақтығыстар алғашқы ойрат ордасының Есімхан тұсында (1627ж. ) толық талқандалып ыдырауымен аяқталады.

Алғашқы ойрат одағының екі жүз жылдай уақыт өмір сүріп, 1627 ж. ыдырағандығы жәйлі тарихи деректер жетерлік және олар бұл оқиғаның ақиқаттығына күмән келтірмейді. « . . . В 1627 г. расстроился ойратский союз: калмыки ушли на запад, хошоуты - в Тибет, а зюнгары (чоросы) остались в Джунгарии» [8, с. 288] - дейді Қазақстан тарихының мамандары. М. Мағауин ойрат одағының 1627 ж. ыдырауын қалмақтардың «ақтабан шұбырындысы» еді деген ой айтады. «1627-1628 жылдары әуелгі ойрат одағының ыдырауын қалмақтың ақтабан-шұбырындысы деп атауға болар еді» - деп өз ойын аса бір шеберлікпен және қисынды уәждермен былай жалғастырады: «Қазақ ордасының ұлы жеңісі бүкіл Жетісу, Ертіс пен Жоңғар өңіріндегі түбегейлі үстемдікке жол ашқан еді, осы уақытқа дейін тура жүз жылға созылған ойрат соғысы біржола тәмамдалуға тиіс еді. Бірақ дәл осы кезде қатаған Тұрсын ханның дербес саясаты нәтижесінде Қазақ ордасында сұрапыл азамат соғысы басталады. Қуат-күші бойына сыймаған алаш ұлының өзара қырқысы кезінде жарақ асынған аламанның үштен бірі болмаса да, оның төрттен бірі жер жастанады. Қазақ ордасының қарымы қысқарады, жауынгер жұрттың серпіні азаяды, алаш рухы еріксіз тұншығады. Нәтижесінде ойрат рулары уақыт ұтып, еркін тыныс алады, ес жиып, ежелгі ерлік дәстүрін табады, жаңа ұрпақ өсіріп, ұлыс болашағы жолындағы күрестің жаңа тәсілдерін қарастыра бастайды» [5, 81 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Xvii ғасырдың екінші жартысы мен xviii ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал жайлы
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Бұқар жырау толғаулары
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Нар заман мен зар заман поэзиясында тарихи оқиғалардың көрініс беруі
Бұқар жырау шығармашылығындағы заман бейнесі
Әнет шешеннің халық жадында сақталған өнегелі сөздері
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz