Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және жоспарлау



Кіріспе
1 Визаның теориялық негіздері
1.1 Виза түсінігі, мәні және мазмұны 5
1.2 Виза түрлері 7
1.3 Қазақстан Республикасындағы визаны алу ерекшеліктері 13

2 Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және жоспарлау
2.1 Визалық және визалық емес елдер 16
2.2 Визалық елдерге саяхаттарды ұйымдастыру 18
2.3 Визалық емес елдерге саяхаттарды ұйымдастыру 20

3 Визалық қарым.қатынас келешегі
3.1 Қазақстанның сыртқы туристік 23
3.2 Қазақстандағы визалық қызметтерді мемлекеттік реттеу 25
Қорытынды
28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
30
Туризм адамның ежелден бері пайдаланып келе жатқан кәсіпкерлігінің бір түрі. Бірақ туризмнің әлеуметтік-экономикалық сала ретінде мойындалғанына көп болған жоқ. Әр түрлі факторлардың кешені ретінде, туризм дүниежүзілік қоғамның жан-жақты дамуына әсер етеді. 1980 жылы Манильде өткен халықаралық конференцияда туризмнің кең ауқымды мағынасы анықталды, туризм-халықтың өмір сүруінде маңызды орын алатын, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, экономикалық салаларға әсер ететін, сондай-ақ халықаралық қатынастарда маңызды орын алатын кәсіпкерліктің бір түрі ретінде танылды.
Қазақстан Республикасы визасы төлқұжатқа немесе Қазақстан Республикасына танылатын өзге, жеке басты куәландыратын құжатқа жапсырылады және келу үшін жарамды, сонымен бірге Қазақстан Республикасына келу және болу, сондай-ақ одан кету немесе Қазақстан Республикасы аумағын транзитпен өту үшін жарамды болады.
Қазақстан Республикасының визасын алу үшін шетел азаматтары өзінің отырған елінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық /консулдық мекемесіне төлқұжатын (немесе халықаралық жол жүру құжатын), толтырылған визалық сауалнамасымен (осы жерден алуға болады) және фотосуретімен ҚР СІМ КҚД визалық қолдау нөмірінің белгісімен шақыру хатының көшірмесін беріп хабарласуы керек. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 6 айдан кейін бітуі керек. Өзге құжаттарды ұсыну қажеттігін консул орында анықтайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының бір реттік дипломатиялық, қызметтік, іскер, жеке меншік және туристік визаларын ресімдеу кезінде ҚР СІМ шақырулары мен нұсқауларын міндетті көрсету қажеттілігінен босатылған азаматтардың экономикасы дамыған және саяси тұрақты мемлекеттерінің тізімін көрсете кетсек оларға мына елдер жатады: Австралия, Австрия Республикасы , Бельгия Корольдігі, Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның Құрама Корольдігі , Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Малайзия Федерациясы, Монако Княздігі, Нидерланды Корольдігі, Жаңа Зеландия, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі, Жапония, Сауд Аравия Корольдігі, Словац Республикасы , Венгер Республикасы, Польша Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль Мемлекеті, Хорватия Республикасы, Чеш Республикасы , Румыния, Болгария Республикасы, Кипр Республикасы, Мальта Республикасы, Словения Республикасы, Литва Республикасы, Латвия Республикасы, Эстон Республикасы, Сұлтанат Оман.
1. Туризм маркетингі - Ө.Ж. Үстенова, М.Р. Смыков, Б.Б. Жүнісбекова. Алматы - 247 б
2. Туризмология негіздері – Ж.Н.Алиев -171 б
3. География туризма: история, теория, методы, практика - С.Р. Ердавлетов - 235 б
4. История туризма -С.Р. Ердавлетов – 195 б
5. Международный туризм -А.Ю. Александрова -283 б
6. Энциклопедия туриста – Масква -254 б
7. Организация международного туризма - В.С. Сенин -236 б
8. Экономика и организация международного туризма – Е.К.Астанова, Е.П.Станев – 217 б
9. Выезжающему за границу. Справочник. – М.: Вече, 1997 - 569 б
10. Путеводитель – Страны мира, М., 2002г. – 397 б
11. « Горы, море и традиции » Правда 1989 Ландабасо А – 367 б
12. Все страны мира. Т.К.Варламова – Москва , 2008г – 328 б

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Басқару
факультеті

Маркетинг
және коммерция кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Туристік бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау пәні бойынша

Тақырыбы: Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және
жоспарлау

Орындаған:
Туризм мамандығының
3 курс
студенті (303 топ) Майбек А
Тексерген:
оқытушы Нұрахова Б.Ж.

Алматы 2010 жыл

Мазмұны

беттер

Кіріспе
1 Визаның теориялық негіздері
1.1 Виза түсінігі, мәні және мазмұны 5
1.2 Виза түрлері 7
1.3 Қазақстан Республикасындағы визаны алу ерекшеліктері 13

2 Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және
жоспарлау
2.1 Визалық және визалық емес елдер 16
2.2 Визалық елдерге саяхаттарды ұйымдастыру 18
2.3 Визалық емес елдерге саяхаттарды ұйымдастыру 20

3 Визалық қарым-қатынас келешегі
3.1 Қазақстанның сыртқы туристік 23
3.2 Қазақстандағы визалық қызметтерді мемлекеттік реттеу 25
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Туризм адамның ежелден бері пайдаланып келе жатқан кәсіпкерлігінің бір
түрі. Бірақ туризмнің әлеуметтік-экономикалық сала ретінде мойындалғанына
көп болған жоқ. Әр түрлі факторлардың кешені ретінде, туризм дүниежүзілік
қоғамның жан-жақты дамуына әсер етеді. 1980 жылы Манильде өткен
халықаралық конференцияда туризмнің кең ауқымды мағынасы анықталды, туризм-
халықтың өмір сүруінде маңызды орын алатын, әлеуметтік, мәдени, ғылыми,
экономикалық салаларға әсер ететін, сондай-ақ халықаралық қатынастарда
маңызды орын алатын кәсіпкерліктің бір түрі ретінде танылды.
Қазақстан Республикасы визасы төлқұжатқа немесе Қазақстан
Республикасына танылатын өзге, жеке басты куәландыратын құжатқа жапсырылады
және келу үшін жарамды, сонымен бірге Қазақстан Республикасына келу және
болу, сондай-ақ одан кету немесе Қазақстан Республикасы аумағын транзитпен
өту үшін жарамды болады.
Қазақстан Республикасының визасын алу үшін шетел азаматтары өзінің
отырған елінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық консулдық
мекемесіне төлқұжатын (немесе халықаралық жол жүру құжатын), толтырылған
визалық сауалнамасымен (осы жерден алуға болады) және фотосуретімен ҚР СІМ
КҚД визалық қолдау нөмірінің белгісімен шақыру хатының көшірмесін беріп
хабарласуы керек. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолданылу
мерзімі аяқталғаннан кейін 6 айдан кейін бітуі керек. Өзге құжаттарды ұсыну
қажеттігін консул орында анықтайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының бір реттік дипломатиялық,
қызметтік, іскер, жеке меншік және туристік визаларын ресімдеу кезінде ҚР
СІМ шақырулары мен нұсқауларын міндетті көрсету қажеттілігінен босатылған
азаматтардың экономикасы дамыған және саяси тұрақты мемлекеттерінің тізімін
көрсете кетсек оларға мына елдер жатады: Австралия, Австрия Республикасы ,
Бельгия Корольдігі, Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның Құрама
Корольдігі , Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Ирландия Республикасы,
Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада,
Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Малайзия Федерациясы,
Монако Княздігі, Нидерланды Корольдігі, Жаңа Зеландия, Норвегия
Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Америка Құрама
Штаттары, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Германия
Федеративтік Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі,
Жапония, Сауд Аравия Корольдігі, Словац Республикасы , Венгер Республикасы,
Польша Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль Мемлекеті,
Хорватия Республикасы, Чеш Республикасы , Румыния, Болгария Республикасы,
Кипр Республикасы, Мальта Республикасы, Словения Республикасы, Литва
Республикасы, Латвия Республикасы, Эстон Республикасы, Сұлтанат Оман.
Жалпы, визаға қатысты оның бірнеше қыры бар. Тек посткеңестік елдерге
виза алу қиын деуге болмайды. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында болған Балтық
жағалауы, Грузия секілді елдер үшін шенген визасын алу соншалықты күрделі
емес. Ал Африканың бірқатар елдері, Иран секілді елдің саяси топтарына
виза, тіпті берілмейді. Бұл жерде Еуропа елдері ғана емес, Американың
өзінің алға тартатын уәжі - мемлекеттің өзінің қауіпсіздігін сақтауы,
миграциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді талаптар үдесінен шығу.
Сонымен қатар елдер арасында визаға қатысты белгілі бір талаптарды жүзеге
асыру, яғни ел мен ел арасындағы қатынастарды жолға қою деген болады.
Мысалы, біз шетелдік азаматқа біздің елге келгеннен кейін 2-3 күнде белгілі
бір мерзімге дейін визамен қамтамасыз ететін болсақ, сол азаматтардың
елдері де сондай жағдай жасауы тиіс.
Көптеген елдерде туризм ішкі орта өнімді реттеуде, сыртқы сауда
балансын қамтамасыз ету мен бос жұмыс орыдарын ұсынуда маңызды орын
алады. Ол экономиканың мына салаларына: көлік және байланыс,
құрылыс, ауыл шаруашылығына үлкен әсер етеді, яғни әлеуметтік экономикалық
дамуға катализатор ретінде қызмет атқарады. Өз кезегінде туризмнің дамуына
әр түрлі факторлар әсер етеді: демографиялық, табиғи-географиялық,
әлеуметтік-экономикалық, тарихи, саяси-құқықтық. Туризмнің мәні валюталық
түсімнің көзі ретінде, халықаралық келісімдердің кеңеюінде әрдайым өсуде.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы виза түрлері және визаны
қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
Курстық жұмыс міндеттері: Қазақстан Республикасындағы визалық
қызметтің мәнін толығымен түсіндіру.

1 Визаның теориялық негіздері

1.1 Виза түсінігі, мәні және мазмұны

Виза бұл – белгілі бір елді аумаққа уақытша кіруге құқық беретін,
мемлекеттің ресми өкіметі шығарған тиісті белгісі бар(штамп, марка және
жапсырма т.б) төлқұжат немесе шетел азаматтарының басқа құжаттары.
Iшкi шекаралық талаптардың алынып тасталынуы 130 мемлекет азаматтарына
(олардың арасында Қазақстан да бар) Шенгендiк визаның берiлу тәртiптерiн
жеңiлдеттi. Шенгендiк визаның түрлерi бiрнеше: А категориялы виза – визада
көрсетiлген мерзiм iшiнде бiр рет, екi рет немесе бiрнеше рет транзиттiк
әуежай аймағында болуға және транзиттiк аймақ шеңберiнен шықпауға
мiндеттейдi. В категориялы виза – рұхсат етiлген мерзiм iшiнде шенгендiк
аймақ арқылы үшiншi бiр мемлекетке бiр, екi немесе бiрнеше рет өтуге
болады. Ескеретiн жайт, визаның мұндай түрiне ие жолаушы шенгендiк аймақта
5 күннен артық бола алмайды. С1 категориялы виза – Шенгендiк келiсiмге қол
қойған мемлекеттерге бiр, екi немесе бiрнеше рет енуге мүмкiндiк бередi.
Мерзiм ұзақтығы 30 күннен жарты жылға дейiн. С2 категориялы виза – 31
күннен 90 күнге дейiн Шенгендiк аймақта бiр, екi немесе бiрнеше рет келуге
жағдай жасайды. С3 категориялы виза Шенген ережелерiн қабылдаған елдерде 90
күнге дейiн өмiр сүруге рұхсат бередi және визаның заңдық күшi 1 жылға
дейiн берiледi. С4 категориялы виза 3 ай (90 күн) уақыт аралығында бiрнеше
рет сапар шегуге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар визаның мерзiмi 1 жыл, екi
немесе 5 жылға дейiн созылады. А, В және С1 категориялы визалар 5 адамнан
50 адамға дейiнгi топтарға бiрге берiледi.
Шенген визасына қол жеткізу аспандағы айға сапар шегу үшін алатын
рұқсат қағазбен бірдей болып тұрғаны рас. Жалпы, шенген дегеніміздің
мағынасы еркін жүріп- тұру дегенді білдірсе керек. Ал енді осы шенгендік
аймақ болып есептелетін Еуропа елдері посткеңестік елдер үшін сол еркін
жүріп-тұруға шлагбаум қойып тастап отыр. Шлагбауммен тек банкте қомақты
қаржы жинағы, басында кепілдікке қояр үйі барлар ғана өте алады. Оны кәрі
құрлыққа іскерлік сапармен емес, өз бетінше саяхаттап барып қайтқысы келген
банкте қомақты салымы жоқтардың бәрі де бастарынан өткеріп, маңдайы тасқа
тіреліп жүр.
Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да
құжаттары жоғалған жағдайда, сондай-ақ заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп
бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім
қабылданған жағдайда берілетін шығу визасын қоспағанда барлық санаттағы
бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Шетелдік мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық (ДВ),
қызметтік (ҚВ), іскерлік (ІСВ), жеке (ЖСВ) туристік (ТСВ) визалар 30
тәулікке дейінгі мерзімге беріледі. [1, 26-29]
Шетелдіктің жеке санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының
жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.
Шет мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар (ТСВ) 60
тәулік мерзімге дейін беріледі.
Туристік санатындағы (ТСВ) бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында
бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімге келу
құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Тұрақты тұруға арналған (ТТВ) бір және екі мәртелік визалар 90
тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Бір, екі және үш мәртелік транзиттік (ТВ) санатындағы визалар әр
жолы 5 тәулік ішінде бір бағытта транзитпен өту жағдайында 90 тәулікке
дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасында болу құқығымен беріледі.
Қазақстан Республикасына іссапармен келетін және болуы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдаєы № 836 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота
белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі
бойынша реттелетін тұлғаларды қоспағанда, шетелдіктің іскерлік
санатындағы көп мәртелік визасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында
болуының жалпы мерзімі бір жылда 120 тәуліктен аспауы қажет.
Қабылданған ережелер Қазақстан Республикасының аумағына кәсіпкерлік,
еңбек және басқа да төленетін іскерлік әрекеттермен айналысуға келетін
шетел азаматтарының ағымын қысқарту үшін шектеу қоюға бағытталған. Бұған
қоса, құжатта қабылданған жаңа қағидалар шетел азаматтарының турист
ретінде, жеке сапармен, сонымен қатар, инвестициялық іс-әрекетпен айналысу
үшін келуге қолайлы жағдай туғызуды көздейді, деді Консулдық қызмет
департаментінің директоры.
Бір атап өтерлігі, бұл ережелерге алғашқы рет визаның “миссионерлік”
және “сыртқа шығу” секілді екі жаңа санаты енгізілген екен. “Миссионерлік
виза” – елімізге діни-ағартушылық мақсат үшін келетін шетелдік азаматтарға
белгілі бір мерзімге дейін беріледі. Ал “сыртқа шығу” визасы Қазақстанда
тұрақты түрде қоныстанған шетел азаматтарына, сондай-ақ шетелге тұрақты
түрде тұруға кететін және Қазақстан жерінде өз құжаттарын жоғалтып алған
азаматтарға беріледі, деді Көші-қон басқармасының бастығы.
Iшкi шекаралық талаптардың алынып тасталынуы 130 мемлекет азаматтарына
(олардың арасында Қазақстан да бар) Шенгендiк визаның берiлу тәртiптерiн
жеңiлдеттi. Шенгендiк визаның түрлерi бiрнеше: А категориялы виза – визада
көрсетiлген мерзiм iшiнде бiр рет, екi рет немесе бiрнеше рет транзиттiк
әуежай аймағында болуға және транзиттiк аймақ шеңберiнен шықпауға
мiндеттейдi. В категориялы виза – рұхсат етiлген мерзiм iшiнде шенгендiк
аймақ арқылы үшiншi бiр мемлекетке бiр, екi немесе бiрнеше рет өтуге
болады. Ескеретiн жайт, визаның мұндай түрiне ие жолаушы шенгендiк аймақта
5 күннен артық бола алмайды. С1 категориялы виза – Шенгендiк келiсiмге қол
қойған мемлекеттерге бiр, екi немесе бiрнеше рет енуге мүмкiндiк бередi.
Мерзiм ұзақтығы 30 күннен жарты жылға дейiн. С2 категориялы виза – 31
күннен 90 күнге дейiн Шенгендiк аймақта бiр, екi немесе бiрнеше рет келуге
жағдай жасайды. С3 категориялы виза Шенген ережелерiн қабылдаған елдерде 90
күнге дейiн өмiр сүруге рұхсат бередi және визаның заңдық күшi 1 жылға
дейiн берiледi. С4 категориялы виза 3 ай (90 күн) уақыт аралығында бiрнеше
рет сапар шегуге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар визаның мерзiмi 1 жыл, екi
немесе 5 жылға дейiн созылады. А, В және С1 категориялы визалар 5 адамнан
50 адамға дейiнгi топтарға бiрге берiледi.[2, 55-61]

1.2 Виза түрлері

Визаның төмендегідей түрлері бар:
1. Дипломаттық визалар(ДВ):
-Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан
Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық
агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларына
және олардың отбасыларының мүшелеріне;
- Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық
паспорттардың иелеріне;
- Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың
паспорттарының иелеріне;
-Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне
және олардың отбасыларының мүшелеріне;
-шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы
мүшелеріне;
-дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің,
үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасының мүшелеріне, сонымен қатар
дипломаттық паспорттардың иелері – шетел ресми делегациясының мүшелеріне
және олармен бірге жүретін адамдарға;
-курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы
дипломаттық паспорттардың иелері – дипломаттық курьерлерге;
-Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы
мүшелеріне;
-Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті
консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Дипломаттық визалар төмендегі тұлғаларға берілмейді:
1) дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында
дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға;
2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ болған
жағдайда.
Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға
беріледі.
Қызметтік виза (ҚВ):
Дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар
паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық
паспорт иелеріне;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік
паспорт иелеріне;
ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін
адамдарға;
Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет
мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік - техникалық және қызмет
көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің
консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы
мүшелеріне;
дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егер
дипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда;
Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті
Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан
Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының және Қазақстан
Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы
Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, Қазақстан
Республикасының орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға;
Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін шет
мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;
Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің,
консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан
Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға;
Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы
негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдеріне беріледі.
Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға
беріледі.
2. Инвесторлық визалар (ИНВ)
Инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының экономикасын
инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буындарының
басшылары мен өкілдеріне, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасының
мүшелеріне беріледі.
Бір мәртелік инвесторлық визалар шетелдіктерге ҚР СІМ басшылығының
нұсқауы бойынша, не болмаса ҚР шетелдегі мекемелері басшыларының келісімі
бойынша шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің
қолдаухаты болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының аумағына
кіруге шектеу жоқтығы алдын ала тексеріліп, шақыру қағазсыз, өтініш
білдірілген күні беріледі, кейін виза берілген фактісі ҚР СІМ-ге хабардар
етіледі.
АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттары бойынша АӨҚО
қатысушыларына 30 тәулік мерзімге дейін бір мәртелік инвесторлық визаларды
өтініш жасаған күні беруге болады.
Көп мәртелік инвесторлық визалар АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті
органның қолдаухаты және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген
паспорттық деректері бар АӨҚО-ға қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және
эмитенттер) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына,
АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сонымен қатар
олардың отбасының мүшелеріне беріледі. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті
органның қолдаухаттарының ұлттық қауіпсіздік органдарында келісілуі 3 жұмыс
күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көп мәртелік инвесторлық
визалар беру барысында ҚР СІМ - нің келісімі талап етіледі.
Инвесторлық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға
беріледі.
3.Іскерлік виза (ІСВ): Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына
келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:
- іссапар;
- келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және
аудиторлық қызметтер көрсету;
-конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге,
концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;
-мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу
бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан
басқа;
-халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;
- Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААЎ) куәлігі жоқ кезекті
және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поез
бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;
-гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;
- жоғарғы оғу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;
- жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
-Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды
тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.
Іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып
табылады:
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік
емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық
өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық
ұйымдардың шақыруы;
-елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша
өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған
жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ - нің нұсқауысыз.
Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мјрте келуге және шығуға
беріледі.
4. Жеке виза (ЖСВ). Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке сапар
бойынша келетін шетелдіктерге төмендегі құжаттардың біреуінің негізінде
беріледі:
- ҚР ІІМ берген шақыру қағазы;
- Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық
өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың
шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету
мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесуге келетін шетел
азаматтары үшін ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл
(қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алуға кандидат ретінде
консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасы
облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларының
шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;
- Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе
олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін шетелдіктердің растайтын
құжаттары қоса берілген жазбаша өтініштері;
- Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары қоса
берілген (ұлттық паспорттағы Қазақстан Республикасында тұрєандығы туралы
бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан
Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаты, Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтамасы немесе Қазақстан
Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы анықтамасы) шетелдіктердің
жазбаша өтініштері;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды немесе
тұруға ықтиярхатты алуға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары
болған жағдайда) жазбаша өтініштері;
- шет елдер азаматтарының жазбаша өтініштері;
- шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе
ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін Қазақстан
Республикасы азаматтарының ҚР СІМ-мен келісілген жазбаша өтініштері.
Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.
5.Туристік виза (ТСВ). Туристік виза Қазақстан Республикасына турист
ретінде келетін шетелдіктерге беріледі.
- Туристік виза туроператорлық, турагенттік қызметті жүзеге асыру,
туризм инструкторы қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар Қазақстан
Республикасының туристік мекемесінің шетелдікті қабылдауын растауы және ҚР
СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.
- Шет елдердің азаматтарына және ұлты қазақ шетелдіктерге (қазақ
ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жазбаша өтініштері немесе
шетел туристік мекемелерінің өтініштері негізінде бір және екі мәртелік
туристік визалар беріледі.
Туристік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге беріледі.
6. Миссионерлік виза (МИВ). Миссионерлік виза Қазақстан Республикасына
діни-ағартушылық қызмет атқаруға келетін шетелдіктерге беріледі.
- Миссионерлік визалар Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген
діни қоғамның діни қоғамдармен байланыс жөніндегі уәкілетті органмен
келісілген шақыруы негізінде беріледі.
Миссионерлік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге
беріледі.
7. Оқуға арналған виза (ОУВ). Оқуға арналған визалар:
- Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу
орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініші негізінде ресімделген, ҚР СІМ-
нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасындағы жоғарғы
және орта оқу орындарына түсу үшін немесе осы оқу орындарында оқу үшін
келген;
- Ќазақстан Республикасына іс-тәжірибеден, тағылымдамадан өту үшін –
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген шет мемлекеттердің
заңды тұлғаларының, дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің,
ҚР-да тіркелген халықаралық ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде келген;
- Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу
орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініштері негізінде – Қазақстан
Республикасына уақытша келіп, оқу орындарына түскен ұлты қазақ (қазақ
ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) шетелдіктерге беріледі.
Оқуға санатындағы визалар бір, екі және көп мәрте келуге және кетуге
беріледі.
8. Емделуге арналған виза Емделуге арналған визалар:
- Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген медициналық
мекемелердің немесе ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша өтініштері
негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан
Республикасына емделу, медициналық тексерілу және консультациялар үшін
келетін шетелдіктерге;
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты
емделу қажет болған жағдайда – жеке және заңды тұлғалардың жазбаша
өтініштері негізінде, медициналық мекемелер берген осы емделудің қажеттігін
растайтын құжаттары болған жағдайда;
- Қазақстанға емделуге келген тұлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге
– Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің немесе ҚР ДМ-
нің жазбаша өтініштері негізінде беріледі.
Емделуге арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге
беріледі.
9. Жұмысқа арналған виза . Жұмысқа арналған визалар:
- Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге – ҚР СІМ-нің
визалық қолдауы негізінде, шетелдік жұмыс көшін тартуға рұқсаты мен ҚР-да
тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініші болған жағдайда;
- Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге олардан
Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істеуге
арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда – Қазақстан
Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде;
- Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың асырауындағы жұмыс
істемейтін отбасы мүшелеріне, визадағы жұмысқа құқығы жоқ деген жазуды
көрсете отырып – Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген
заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, аталған тұлғалармен туысқандығын
растайтын құжаттары, сондай-ақ Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың
жұмысқа арналған визасының көшірмесі негізінде беріледі.
Жұмысқа арналған визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және
кетуге беріледі.
10. Тұрақты тұруға арналған виза . Тұрақты тұруға арналған визалар:
- Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін шетелдіктерге – ҚР
ҰҚК және уәкілетті органдармен келісілген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы
болған жағдайда, жеке жазбаша өтініштері негізінде;
- Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты
тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктерге –басқа мемлекеттердің
азаматтарының және ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын
растайтын құжаттары болса) жеке жазбаша өтініштері негізінде;
- Қазақстан Республикасында саяси баспана немесе босқын мәртебесін
беру туралы қолдаухатпен өтініш білдірген шетелдіктерге беріледі.
Тұрақты тұруға арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге
беріледі.
11. Шығу визасы :
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге – ішкі
істер органдарының рұқсаты негізінде;
- Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да
құжаттары жоғалған жағдайда – шет мемлекеттердің дипломаттық
өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің жазбаша өтініштері және тұрақты
тұратын мемлекетке қайту туралы куәлігі негізінде;
- заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан
Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда
– шетелдікті шығару туралы соттың шешімі негізінде беріледі. Осы санаттағы
визалар тек кетуге ғана беріледі.
12. Транзиттік виза (ТВ) :
- Транзиттік визалар өшінші елге кіруге құқық беретін жол жүру
құжаттары, ресімделген визасы немесе өзге де жарамды құжаттары бар, визасыз
Қазақстан Республикасы аумағында транзитке құқығы жоқ шетелдіктердің
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтулері үшін беріледі.
- Қазақстан Республикасы аумағынан шектес мемлекетке жеке автокөлігімен
өтетін шетелдіктерге жоғарыдағы көрсетілген құжаттар, жүргізуші куәлігі
және автокөлікке тиісті құжаттары болған жағдайда беріледі. [3, 41-47б]

1.3 Қазақстан Республикасындағы визаны алу ерекшеліктері

ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан
Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды
көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән
келтірмейтін болса беріледі.
Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 6
айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет.
Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан
өтуге рұқсат беретін басқа құжаттарында ескертілмеген тазартулар мен
түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған
жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның
шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы
себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді
хабардар етулері қажет.
ҚР-дың шетелдердегі мекемелері осы Ережелерде қарастырылған негіздер
болған жағдайда, шығу (ШЖВ) санатындағы визалардан басқа барлық санаттағы
бастапқы визаларды береді.
Дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) санаттарындағы бір мәртелік ҚР
визаларын 2-ші қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру
қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен
қарастырылған талаптарды сақтай отырып, заңды тұлғалардың жазбаша
өтініштері бойынша беруге болады.
Іскерлік (ІСВ) және жеке (ЖСВ) санаттарындағы бір мәртелік визаларын ҚР
2-ші қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және
ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды
сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша
беруге болады.
Туристік санатындағы бір және екі мәртелік ҚР визалары 2-қосымшада
көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің
визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай
отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беріледі.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағаны кіруіне кедергі
жасайтын негіздер болған жағдайда, соның ішінде визалық қолдауы бар болса,
ҚР визалары берілмейді, сондай-ақ ресімделген ҚР визасы Қазақстан
Республикасына кіруге негіз болып табылмайды.
Визаларды беру, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық шарттарда өзге ережелер белгіленбесе, мемлекеттік баж және
консулдық алымдар сомалары төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
ҚР СІМ-нің визалық қолдауы бойынша берілген, бірақ пайдаланылмаған
визаның орнына қайталама виза беруге ҚР СІМ-нің қосымша келісімі қажет. ҚР-
дың шет елдердегі мекемелерінің сұратуында визаны пайдаланбау себебі
көрсетілуі тиіс.
Визаның мерзімін ұзарту үшін бұрын бастапқы визаны алу үшін шақыруды
ресімдеген заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген
шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері,
халықаралық ұйымдар ғана өтініш бере алады. Өзге заңды және жеке
тұлғалардың өтініштері қаралмайды.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық
шарттарда өзге тәртіп белгіленбеген болса, виза ресімдегені, соның ішінде
оның қолданыс мерзімін ұзарту және қалпына келтіру үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым және мемлекеттік баж
алынады.
ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдердегі мекемелері немесе ҚР ІІМ берген визадан
қате табылса, сол санаты мен мәртелігі сақталып, қайталама виза консулдық
алым немесе мемлекеттік баж салығы алынбай беріледі.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағаны кіруіне кедергі
жасайтын негіздер болған жағдайда, соның ішінде визалық қолдауы бар болса,
ҚР визалары берілмейді, сондай-ақ ресімделген ҚР визасы Қазақстан
Республикасына кіруге негіз болып табылмайды.
Визаларды беруді:
1) шетелде – Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан
әрі – ҚР шетелдердегі мекемелері);
2) Қазақстан Республикасының аумағында:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет
департаменті (бұдан әрі – ҚР СІМ);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полициясы
комитетінің көші-қон полициясы басқармасы және Астана, Алматы қалаларының
және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы
басқармалары (бұдан әрі – ҚР ІІМ) жүргізеді.
Визалардың ұзартылуын ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының визаларын (бұдан әрі – ҚР визалары) беруге
төмендегі құжаттар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан
Республикасында тіркелген шет мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің,
консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың осы Ережелердің 1-ші
қосымшасына сәйкес жазбаша өтініштері;
2) Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен және тұрақты тұруға
келген, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдіктерге арналған ішкі істер органдарының рұқсаты;
3) Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру үшін
ҚР СІМ-не ұсынылған жазбаша өтініштері;
4) Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін
уәкілетті органның (бұдан әрі – АӨҚО) Қазақстан Республикасының аумағына
қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге виза
беруге байланысты қолдаухаты.
Қазақстан республикасында визаларды беру ережелері Шетелдіктердің
Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi
атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136
қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және
болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібінің 10-
тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасына кіретін,
Қазақстан Республикасынан шығатын, Қазақстан Республикасында болатын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін
шетелдіктерге виза беру тәртібін белгілейді.[4, 62-67]
Визаларды беруді:
1) шетелде – Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан
әрі – ҚР шетелдердегі мекемелері);
2) Қазақстан Республикасының аумағында.
Визалық емес елдерге кеесілерді жатқыза аламыз. Визасыз бірнеше күнге
немесе айға дейін шет мемлекетте бола алады.
Шығу (ШЖВ) визалары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдіктерге – 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі;
Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да
құжаттары жоғалған шетелдіктерге – 30 тәулікке дейінгі, бірақ тұрақты
тұратын мемлекетке қайтару туралы куәлігінде көрсетілген мерзімнен аспайтын
мерзімге сонымен қатар, заңнамаєа сәйкес белгіленген тәртіп бойынша
Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім
қабылданған шетелдіктерге – шығу үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге немесе
Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы соттың
қаулысында көрсетілген мерзімге беріледі.
ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан
Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды
көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән
келтірмейтін болса беріледі.
2 Визалық және визалық емес елдер

2.1 Визалық және визалық емес елдер

Коста-Рика 30 күнге дейін
Куба 30 күнге дейін
Намибия 3 айға дейін
Никарагуа 90 күнге дейін
Ниуэ 30 күнге дейін
Кука аралы 31 күнге дейін (қонақ үйді брондау қағазы керек)
Перу 90 күнге дейін
Румыния 90 күнге дейін (ваучер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік бизнесті жоспарлау
Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері
Туристік формалдылықтар
TOP MEDIA туристік фирмасының маркетингі
Туристік фирма қызметінің анализі
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері
Маркетингтік стратегияны анықтау
Туристік фирма ұсынатын қызметтер спектрі
ЖШС «Holiday tour» туристік фирмасы
«Туристік қызметтер менеджментінің ерекшеліктері («ABDI Travel» ЖШС-ның материалдары негізінде)»
Пәндер